Программалау тілдері жоғары оқу орындарына арналған оқулық



жүктеу 2,9 Mb.
Pdf просмотр
бет12/82
Дата19.11.2018
өлшемі2,9 Mb.
#20460
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82

 
27 
арқылы ӛңделгеннен кейін барып қана жҧмыс істеуге дайын болады. Осы сәтте 
компьютерде программаның екі нҧсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік 
тілдегі  алғашқы  жазылған  нҧсқасы,  ал  екіншісі  –  объектілік  кодтағы  машина 
кодында жазылған программа. Есептің нәтижесін тек машиналық кодта жазыл-
ған  программа  арқылы  аламыз,  ал  программаны  тҥзету  қажет  болғанда  оның 
алғашқы нҧсқасы ӛңделіп, оны қайта тҥрлендіру сатысы жҥзеге асырылады. 
Әртҥрлі  процессорлар  типтерінің  машиналық  командалары  да  әртҥрлі 
болады.  Егер  программалау  тілі  нақты  бір  процессор  типінің  ерекшеліктерін 
есепке ала отырып жҧмыс істейтін болса, онда ол тӛменгі деңгейдегі програм-
малау  тілі  деп  аталады.  Ең  тӛменгі  деңгейдегі  программалау  тілі  ассемблер 
болып  саналады,  ол  машиналық  кодтың  әрбір  командасын  мнемоника  деп 
аталатын  арнайы  символдық  белгілермен  жазып  шығады.  Тӛменгі  деңгейдегі 
программалау  тілдері  кӛмегімен  ӛте  тиімді  және  ықшам  программалар  жаса-
лады,  мҧнда  программалаушы  процессордың  барлық  мҥмкіндіктерін  толық 
пайдалана  алады.  Процессорлардың  әртҥрлі  модельдерінің  ӛз  ассемблерлері 
болатындықтан,  мҧнда  жазылған  программа  тек  осы  ортада  ғана  орындалуы 
тиіс.  Сондықтан  мҧндай  тілдер  шағын  жҥйелік  программалар  мен  драйверлер 
жазуға ыңғайлы болып табылады.   
Жоғары  деңгейдегі  программалау  тілдері  нақты  бір  компьютерлік  архитек-
тура ерекшеліктерін есепке алмай жҧмыс істейді, сондықтан олар процессорға 
сәйкес  транслятор  жазылған  басқа  компьютерлерге  оңай  кӛшіріледі.  Жоғары 
деңгейдегі  программалау  тілдерінде  программа  жазу  машиналық  тілдерге 
қарағанда анағҧрлым жеңіл.  
Жоғары деңгейдегі программалау тілдері: 
1.  Фортран  –  ӛткен  ғасырдың  50-жылдары  инженерлік  және  техникалық 
есептерді  шығаруға  арналған  тіл  ретінде  жасалған,  машиналық  тілге  компи-
лятор  арқылы  аударылатын  алғашқы  тіл.  Мҧнда  программалаудың  бірсыпыра 
маңызды тҥсініктері жҥзеге асырылған еді. Осы тілде статистикалық есептерге 
арналған  қарапайым  кешендерден  бастап,  жер  серіктерін  басқаруға  арналған 
есептерге  дейін  кӛптеген  кітапханалық  программалар  жасалған  болатын, 
сондықтан ол кӛптеген мекемелерде осы кезге дейін пайдаланылып келеді.  
2.  Кобол  –  ӛткен  ғасырдағы  60-жылдардың  басында  жасалған,  экономи-
калық есептер шығаруда қолданылатын, машиналық тілге компилятор арқылы 
аударылатын тіл. Коболда сыртқы мәлімет сақтау қҧрылғыларында сақталатын 
кӛлемді мәліметтерді ӛңдеудің қуатты мҥмкіндіктері жҥзеге асырылды.  
3.  Паскаль  –  1970-жылдардың  аяғында  швейцар  математигі  Никлаус 
Вирттің программалауды ҥйрету мақсатында қолдану ҥшін арнайы жасаған тілі. 
Ол  адамның    алгоритмдік  ойлау  қабілетін  қалыптастыратын,  кӛпшілікке 
тҥсінікті  қысқа  программа  жазуға  қолайлы,  алгоритмдеудің  негізгі  тәсілдерін 
кӛрсетуге және де ірі жобаларды да жҥзеге асыра алатын тіл болды. 
4.  Бейсик – бҧл да ӛткен ғасырдың 60-жылдары программалауды ҥйренуші-
лерге арналып жасалған қарапайым тіл болды. Бҧған да арнайы компиляторлар 
мен интерпретаторлар жасалып, ол кӛпшілікке кең тараған, игеруге жеңіл прог-
раммалау тілдерінің бірі болды. 


 
28 
5.  С – 1970-жылдары шықты, ол, алдымен, кӛпшілікке арналып жасалмаған 
тіл  еді.  С  нақты  процессорға  тәуелді  емес,  қысқа,  әрі  тиімді  программалар 
жасайтын  ассемблер  орнына  пайдалану  ҥшін  жоспарланған  тіл  болатын.  С 
тілінің кӛптеген қасиеттері Паскаль тіліне ҧқсас болғанымен, оның компьютер 
жадымен  тікелей  жҧмыс  істей  алатын  жаңа  мҥмкіндіктері  бар  еді.  Осы  тілде 
кӛптеген қолданбалы және жҥйелік программалармен қатар Unix операциялық 
жҥйесі де жазылып шыққан болатын. 
6.  С++  –  объектіге  бағытталған  С  тілінің  кеңейтілген  тҥрі,  оны  1980-жылы 
басында Бьярн Страуструп жасап шығарды. Ол алдымен «кластары бар С тілі» 
деген атпен С тілінің жетілдірілген нҧсқасы ретінде шыққан еді, 1983 ж. ол С++ 
деп  аталды.  Объектіге  бағытталған  программалау  дегеніміз  –  тіл  объектілері 
сҧраныс  арқылы  байланысып,  бір-бірінен  жауап  ала  отырып,  ӛзінің  ішкі 
айнымалылар  мәнін  ӛзгертуі  жолымен,  яғни  бір-бірімен  байланысқан  объекті-
лердің сипатталуы  арқылы жҥзеге  асырылатын  тіл.  Мҧндай  тілдердің ерекше-
лігі  мҧралау  қасиетінің  болуы,  сатылы  тҥрде  бір  объектінің  қасиеттері  екінші 
бір  объектілерге  беріліп  отырады.  Оларда  мәліметтер  инкапсуляцияланады 
(жасырылады), мҧраланады және абстракциялық  қасиеттерге ие бола алады.  
7.  Java  тілін  1990-жылдары  басында  С++  тілін  негізге  ала  отырып,  Sun 
компаниясы шығарды. Ол С++ тілінен тӛменгі деңгейдегі мҥмкіндіктерді алып 
тастап,  қолданбалы  программалар  жасауды  оңайлату  мақсатында  жасалды. 
Тілдің  басты  ерекшелігі  –  оның  машиналық  кодқа  тҥрленбей,  бірден 
платформалы-тәуелсіз  байт-кодқа  (әр  команда  бір  байт  орын  алады)  тҥрленуі 
болды. Осындай код  виртуалды Java-машина (JVM) интерпретаторы кӛмегімен 
орындалатын болды. 
Бақылау сұрақтары  
1.  Алгоритм  және  программа  дегеніміз  не,  олардың  қандай  ұқсастықтары  мен  
айырмашылықтары бар? 
2. Компьютерде орындалатын алгоритмдердің қандай қасиеттері болады? 
3. Алгоритмдерді ӛрнектеу жолдары. 
4. Компьютерде есеп шығару кезеңдері. 
5. Алгоритм схемаларының әртүрлі блоктары, олардың бейнеленуі, байланыстары. 
6. Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер ерекшеліктері. 
7. Қадамдық циклдер және олардың орындалу жолдары. 
8.  Программалау  тілі  және  машиналық  тіл  түсініктері.  Олардың  айырмашылығы 
мен ұқсастығы. 
9. Транслятор, интерпретатор, компилятор ұғымдары.  
10. Тӛменгі және жоғары деңгейдегі программалау тілдері дегеніміз не? 
11. Паскаль тілін қай жылы кім, қандай мақсатта қолдану үшін жасады?  
      С, С++  тілдерін  ше? 
12. Бейсик, Фортран, Java тілдері қайда пайдаланылады? 
Тапсырмалар 
1Ӛмірде кездесетін және ӛздеріңе белгілі бірнеше алгоритмді мысалға келтіріңдер 
2Берілген формулалар бойынша y-тің мәндерін есептеу алгоритмін қҧрыңдар:  
а) = (5x
2
-4)( x
2
+7); 


жүктеу 2,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау