Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқу барысында студенттер типтерді, мәліметтер сипаттамасын,
оларға қолданылатын амалдарды, тіл операторларын, объектілі-бағытталған бағдарламалау
принциптерін, қосымшаларды ӛңдеу үшін кластарды қолдануды, файлдармен жұмыс
жасауды, графикалық интерфейсті тұрғызу принциптерін, графикалық примитивтерді,
қосымшалардың апплетке түрленуін білулері қажет.
Постреквизиттері: Web технологиялар, Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдары
IP3305.1 Интернет программалау, 3 кредит
Пререквизиттері: "Интернет программалау" пәні «Ақпараттану», «Алгоритмдер, деректер
құрылымы және программалау», «Программалау технологиясы», «Объектілі-бағытталған
бағдарламалау» пәндері негізінде қаланады.
Оқыту мақсаты: «Интернет программалау» пәнін оқу барысында студенттер қазіргі
технологияларды қолдану арқылы WEB-қосымшаларын жобалау әдістерін, Интернет
ауқымды желісін қолдана отырып, қолданбалы есептерді шешу үшін қазіргі бағдарламалық
инструментарийді қолдана білуден, интернет-программалаудың дамуының қазіргі
тенденциялары және жетістіктері туралы мүмкіндіктерден компетентті болуы керек.
Қысқаша мазмұны: Пән бойынша Интернет қосымшаларын құру негіздері оқытылады.
Программалық құрал-жабдықтардың жіктелуі. Интернет қосымшаларының құрылымы.
Клиент және сервер жағында орындалатын қосымшалар. Қолданушы интерфейсін,
навигацияны құру. Сервердің қолданбалы программалармен әрекеттесу интерфейсі. Шлюз-
программалар. Белгілеу тілдері мен HTML, XML, JS, VBS, PERL, PHP скриптілік тілдерінің
синтаксисі. Мәліметтерді серверге, жазба мәліметтерін серверге, жазба мәліметтерін
сервердің мәліметтер базасына жіберу операциясын орындайды, сұраныстар мен жауаптарды
қалыптастырады, сыртқы компоненттерді қосады. Web– программалаудың даму
тенденциялары.
Күтілетін нәтижелер: Серверге мәліметтді жіберу, серверге мәліметтерді жазу, мәліметтер
базасы серверіне мәліметтерді жазу, сұраныс пен жауаптарды қалыптастыру, сыртқы
компонеттерді қосу операцияларын іске асыру.
Постреквизиттері: Web технология, Компьютерлік желілер.
TBA3305.2 Бизнес-сараптама теориясы, 3 кредит
Пререквизиттер: Мәліметтер базасының жүйелері, ақпараттық жүйелердің
архитектурасының және дизайн негіздері
Білім беру мақсаттары: Негізгі білімді және дағдыларын алу үшін бизнес проблемалары
мен ұсыныстарды анықтау мақсатында ұйымның қажеттіліктерін шешу үшін Бизнес-
сараптаманың талдау әдістерін пайдалану.
Қысқаша мазмұны: Курста тапсырыс берушінің бизнес қажеттіліктеріне сараптауды
дайындау бойынша тақырыбты кең шолуың ұсыну, шешімнің тұжырымдамасын
қалыптастыру және процестер мен құрылымдардың модельдерін құру арқылы жоба үшін
техникалық тапсырманы әзірлеу, пайдаланушылық интерфейсті прототиптерді және
қолдану сценарийлерді пайдалану, сондай-ақ, консалтингтің программалық қамтамасуды
іске асыру.
Күтілетін нәтижелер: Проблеманы бизнес талаптарына сәйкес және мүмкіндіктерін түсіну
қабілетіне ие болу және ұйымдарға ӛз мақсаттарына жету үшін оңтайлы әдіспен іске қосуға
ұсынылған шешімдерді тұжырымдау.
Постреквизиттер: дипломдық жобалау, магистратураның пәндері
SPO3216 Жүйелік программалық қамтама, 3 кредит
Пререквизиттері: Ақпараттық жүйелердің негіздері, Алгоритмдер, деректер құрылымы
және программалау
Оқыту мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты ақпараттық жүйелерде операциялық жүйелерді
таңдау мен қолдануға қажетті жүйелік программалық қамтама облысындағы арнайы
білімдерді қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Жүйелік программалық қамтаманың негізгі есептері мен құрамы.
Операциялық жүйелер жүйелік программалық қамтаманың негізгі элементі ретінде.
Операциялық жүйелердің негізгі есептері. Файлдық жүйелер. Қатты дисктің логикалық
құрылымы. Енгізу – шығару жүйесі. Операциялық орта, есептеуіш процесс, ресурс,
процестермен операциялар. Жадыны басқару. Асинхронды параллель процесстер. Тұйыққа
тірелу. Тұйыққа тірелумен күрес. ОЖ сәулеті және қолданбалы бағдарламалау
интерфейстері. Дербес компьютерлердің (ДК) қазіргі кездегі операциялық жүйелері, даму
тенденциялары.
Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер операциялық жүйелердің
тағайындалуы мен функцияларын, олардың классификациясын, операциялық жүйелерді
ұйымдастыру негіздерін, командалық тілдер негізінде ЭЕМ-мен сұхбат ұйымдастыруды, жиі
қолданылатын файлдық жүйелердің жұмыс істеу принципі мен ақпаратты сақтау үшін
тасымалдаушыда олармен ұйымдастырылған құрылымды білуі керек.
Постреквизиттері: Ақпараттық жүйелердің программалық құралдары, Ақпараттық
жүйелерді жобалау.
OSL3216.1 Linux операциялық жүйесі, 3 кредит
Пререквизиттері: «Информатика»
Оқыту мақсаты: "Linux операциялық жүйесі" пәні Linux операциялық жүйесін қолдану
саласындағы арнайы білімді қалыптастыруға негізделген.
Қысқаша мазмұны: Linux-ің пайда болу тарихы. Дистрибутивтері. Негізгі салыстырмалы
сипаттамалары. Қатты дисктің логикалық құрылымы. MBR- дисктер. Бӛлімдер кестесі. Linux
жүктеуіштері. Ядро архитектурасы. Linux файлдық жүйелері. ext2 файлдық жүйесі. Процестерді
басқару. Процестердің орындалуын жоспарлау. Командалық файлдар. Жадыны басқару.
Үзілістер. Үзілістерді ӛңдеу. Енгізу/шығару операцияларын басқару. Ядроны синхрондау.
Процестердің ӛзара әрекеттесуі. Желілерді құру.
Күтілетін нәтижелер: Берілген курсты оқу нәтижесінде студенттер Linux ОЖ
архитектурасы туралы, ресурстарды басқарумен байланысты негізгі процестер туралы
түсінік қалыптастыруы керек, әкімшілендірудің қарапайым есептерін шеше білуі тиіс.
Постреквизиттері: «Ақпараттық жүйелерді жобалау», «Ақпарат қауіпсіздігі және ақпаратты
қорғау».
OS3216.2 Операциялық жүйелер, 3 кредит
Пререквизиттері: «Ақпараттану», «Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау»,
«Программалау технологиясы», программаларды жазу үшін кез келген жоғары деңгейлі
программалау тілдерінің біреуі.
Оқыту мақсаты: Бұл курс операциялық жүйенің жобалау және іске асыру туралы түсінік
беретін кіріспе курсы болып табылады. Операциялық жүйе пайдаланушы бағдарламалары
және олармен жұмыс істейтін компьютерлік аппараттық құралдары арасындағы белгілі,
достық және тиімді интерфейспен қамтамасыз етеді. Операциялық жүйесі ресурстартардың
(мысалы, дискілер, желі және процессор сияқты) кӛптеген түрлі бағдарламаларға (мысалы,
файл қызмет, процестер іске қосу және тоқтату мүмкіндігі және принтерге қол жеткізу)
қажетті жалпы қызметтерді бірге қолдануға қамтамасыз ететін ортақ қызметтерді
қамтамасыз ету үшін жауапты болып табылады және жеке бағдарламаларды бір-бірінен
қорғайды. Курс соңғы елу жылдағы операциялық жүйелердің эволюциясы туралы қысқаша
тарихынан басталады, содан кейін операциялық жүйелердің негізгі компоненттерін
қамтитын болады. Бұл талқылау операциялық жүйенің жобалауы және іске асыру кезіндегі
функционалы мен ӛнімділік арасындағы ымырасын сияқты маңызды мәселелерді қамтитын
болады. Үдерісті басқару (процестер, ағын, CPU жоспарлау, синхрондау және тұйық), жады