Программа развития Жамбылской области


-2013 жылдардағы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу серпіні



жүктеу 4,24 Mb.
бет9/19
Дата15.11.2018
өлшемі4,24 Mb.
#20362
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

2008-2013 жылдардағы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу серпіні
10 сурет


2008-2013 жылдардағы кен өндіру саласы және кеніштерді игеру өнімдері негізгі түрлерін өндіру динамикасының өзгеруін көріп отырмыз (6 кесте), 2009 жылы облыста көмір (9,6%-ға), табиғи газ (4,6%-ға) өндіру артқан, 2010 жылы – әк тас және гипс (18,4%-ға), табиғи құм (6 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (2,4 есеге), фосфат шикізаты (1,7 есеге), 2011 жылы әк тас және гипс (1,5 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (1,6 есеге), ұнқталған фосфат шикізаты (1,4 есеге), ұсақталған фосфат шикізаты (1,5 есеге), 2012 жылы табиғи құм (1,1 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (1,5 есеге), ұнтақталған фосфат шикізаты (3,4%), ұсақ ұнтақталған фосфат шикізаты (4,0%), 2013 жылы газ конденсаты (2,8%-ға), алтын құрамды кен (8,8 есеге), мыс кені (2,4 есеге), әктас және гипс (1,1 есеге), табиғи құм (2,5 есеге), саз жене ақ саз (1,9 есеге), ескерткіштерге арналған тас (1,9 есеге), ұнтақталған фосфат шикізаты (1,1 есе).
2008-2013 жылдардағы кен өндіру өнеркәсібі және кеніштерді игеру саласы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру динамикасы

6 кесте

Өнім атауы

өлшем бірлігі

жылдар

2008

2009

2010

2011

2012

2013

Көмір және лигнит өндіру




тас көмір

мың тн

324,0

355,0

375,0

281,0

80,0

80,0

Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру




газ конденсаты

мың тн

26,3

26,0

24,2

21,9

21,3

21,9

табиғи газ

млн.текшем

338,4

354,0

344,1

326,5

324,1

321,8

Басқа салалар




әктас және гипс

млн. тн

1,7

0,9

1,0

1,6

1,5

1,7

табиғи құм

мың

текше м


53,6

29,7

171,8

122,2

137,5

348,4

тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас

мың

текше м


838,6

553,6

1309,6

2128,5

3160,4

2495,2

ұнтақталған фосфат шикізаты

мың тн

207,0

74,8

148,1

211,2

218,3

247,5

ұсақталған фосфат шикізаты

-/-

154,4

84,9

124,4

185,6

193,1

147,0

2015 жылы Индустриаландыру картасы аясында Жамбыл облысының Нарқызыл кен орнынан барит кенін өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту кешені - «КазБарит» ЖШС инвестициялық жобасын іске асыру жоспарлануда.



Электрмен қамтамасыз ету, газ,бу беру және ауаны баптау

Өнеркәсіптің жалпы көлемінің 17,2%-ын құрайтын электрмен қамтамасыз ету, газ,бу беру және ауаны баптауда сұраныстың төмендеуінен 2009 жылы электр қуатын өндіру 65,3%-ға, жылу энергиясын беру – 7,3%-ға қысқарды.

2009 жылы өндіріс көлемі 19,9 млрд. теңгені (НКИ - 55,6%), 2010 жылы 18,3 млрд. теңге (80,7%) құрады (11 сурет). Электр қуатын өндіру, беру және таратудың 29,4%-ға қысқаруы есебінен 2010 жылы жұмыстың және қызмет көрсетудің өндіріс көлемі 19,2%-ға төмендеген.
2008-2013 жылдардағы

электрмен жабдықтау, газ,бу беру және ауаны баптау серпіні

7 кесте


Өнім атауы

Өлшем бірлігі

жылдар

2008

2009

2010

2011

2012

2013

Электр қуаты

млн. кВт /сағ

4388,7

1523,6

632,1

1057,7

1564,9

1801,9

Жылу энергиясы

мың Гкал

1 986,3

1936,0

2053,7

2272,0

2836,2

1951,0

2011 жылы жұмысты, қызметті өндіру көлемі 26,6 млрд. теңгені құрады, НКИ-125,9%, электр қуатын өндіру 1,7 есеге өсіп, 1057,7 млн. кВт/сағ құрады, жылу энергиясын – 1,1 есеге (2272,0 мың Гкал) артты. 2012 жылы – 21,8%-ға (31,9 млрд.теңге), электр энергиясы – 48%-ға, жылу – 24,8% өскен, 2013 жылы – салада төмендеу 1,3% (37,7 млрд. теңге), жылу энергиясында төмендеу – 31,2%, электр энергиясында өсім – 1,1 есе.


2008-2013 жылдардағы электрмен жабдықтау,

газ,бу беру және ауаны баптау серпіні

11 сурет

Облыста өнеркәсіптің дамуы кәсіпорындардың электр қуатымен қамтылуынан тікелей байланысты. Бүгінгі күні облыста өндірілетін электр қуаты қажеттіліктің 30%-ға жуығын қамтамасыз етеді, қалған қажеттілік солтүстік өңірлердің есебінен қамтамасыз етіледі. Облыста тұрақты және үзіліссіз электр қуатын беріп отыру ағымдағы кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі болып қалуда. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-нің (өңірдегі ең қуатты энергия көзі) өнімінің шығыны жоғары, сондықтан да оның киловаттының бағасы көтерме нарықтағы бағаға қарағанда барынша қымбат. Электр қуатының жеткіліксіздігі өнеркәсіптің дамуына қатты әсер етуде.

Жамбыл облысы электр қуатын өндірудің төмен деңгейімен сипатталады, электр қуатын магистралды тасымалдаумен және диспетчерлеумен айналысатын «КЕГОК» АҚ өңірлік филиалы Шымкент қаласында орналасқан.

Жамбыл облысындағы электр қуатының жеткіліксіздігі, бір жағынан, облыс экономикасының электр сыйымдылығының жоғарылығына және халықтың тұрмыстық қажеттілікке электр энергиясын пайдалану үлесінің жоғарылығына, ал екінші жағынан, энергия көздерінің тиімсіз құрылымына, өзіндік электр энергиясын өндірудің бәсекеге қабілетсіздігіне байланысты.

Энергетика саласындағы энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу бойынша негізгі іс-шаралар мыналар:

• электр және жылу энергияларын бірлесе өндіруді қамтамасыз ететін жабдықтарды кең көлемді ендіруге негізделген өндіру қуаттарын техникалық қайта жарақтандыру, газ нығыздау жабдықтарын ендіру;

• энергетикалық баланс құрылымын өзгерту және оны әртараптандыруды арттыру – көмір мен мазутты жағудың алдыңғы қатарлы және экологиялық таза технологияларын пайдалануға дайындау, отын мен энергия көздерінің қайта жаңғыртылған және дәстүрлі емес түрлерін қолдану мен дамытуға бағыттау;

• электр тарату желісі мен кіші стансалардың жаңаларын салу және қолда барларын қайта жаңғырту, электр энергиясын беру мен таратудағы шығынды төмендету мақсатында есепке алудың (АСКУЭ) қазіргі заманғы жүйесін енгізу.

Индустриаландыру Картасының аясында 2013 жылы 2 инвестициялық жоба енгізілді «Компания A & T - энерго» ЖШС – Тасөткел су қоймасындағы шағын ГЭС, қуаттылығы жылына 9,2 млн. мВт; «ЭнергоСтройПроект» ЖШС – Қарқыстақ өзеніндегі шағын ГЭС, қуаттылығы – 10,13 млн. кВт/сағ. 2014 жылы «Vista International» ЖШС – Қордай жел-электростанциясының құрылысы және іске қосу инвестжобасын іске асыру жоспарлануда.


Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 2009 жылы 1,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2008 жылғы деңгейден 37,6%-ға кем. 2010 жылы жұмыс пен қызметті өндіру көлемінің өсімі жинау, өңдеу және қалдықтарды жою қызметтері көлемінің 2,6 есеге өсуінің есебінен 26,3% құрады (1,5 млрд. теңге).

2011 жылы табиғи суды беру қызметінің 5,1%-ға төмендеуінің есебінен жұмыс пен қызметті өндіру көлемі 1,9%-ға (1,6 млрд. теңге) төмендеді.

2012 жылы қалдықтарды жою - 1,7 есеге, су - 7,2%-ға, кәріз жүйесі - 5,9%-ға өсуінің нәтижесінде салада өндіріс көлемі 1,3 есеге өскен (2,1 млрд.теңге).

Салада жұмыстар, жұмыс, қызметтер өндірісінің көлемі 2013 жылы суды өңдеу және бөлу, жинақтау бойынша көлемнің – 1,7%-ға (суды есепке алу құралдарын орнату, «Теміржолсу Тараз» ЖШС-гі және «Теміржолсу Шу» ЖШС-гі кәсіпорындарының бірігуі) және қалдықтарды жинау, өңдеу және жою – 17,1%-ға төмендеуі есебінен НКИ-87,4%, 2,6 млрд.теңгені, құрады.


Өнеркәсіп саласындағы мәселелер

  • негізгі өндірістік қорларды жаңарту деңгейнің төмендігімен олардың тозуының жоғары деңгейі;

  • облыста шикізаттың кокс және аммиак сияқты негізгі түрлері өндірісінің болмауы шығындардың өсуіне әсер етеді;

  • өнеркәсіп салаларының жоғары энергия сыйымдылығы;

  • қайта өндіретін қуаттарды жаңғыртудың төмен деңгейі;

  • білікті кадрлардың және инновациялық менеджмент саласында кадрлардың жетіспеушілігі;

  • өзіндік электроэнергиясының тапшылығы.


Индустриалды-инновациялық даму

Индустриалдандыру картасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар жарлықтарын күші жойылған деп тану туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №302 Қаулысына сәйкес Өңірлік Индустриалдандыру картасы әзірленді, ол облыс әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №156 қаулысымен бекітілді.

Облыста Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына сәйкес экономика салаларын әртараптандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Облыс кәсіпорындарында жаңа өнім түрлері игерілуде, жаңа технология желісі ендірілуде, қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығару артуда. Өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік желісін компьютерлеу процестерін кең қолдануда және өндірісте жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануда.

Сонымен 2010-2014 жылдары индустриаландыру Картасының шеңберінде облыста 113,4 млрд.теңге сомасында инвестиция салынған 29 жаңа өндірістер соғылды. 4455 жұмыс орындары құрылды.



жүктеу 4,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау