Программа развития Жамбылской области



жүктеу 4,24 Mb.
бет2/19
Дата15.11.2018
өлшемі4,24 Mb.
#20362
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

2.2.1. Экономикалық даму

Аумақтың экономикасының жалпы сипаттамасы


Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімі 2010 жылы ағымдағы бағамен 446,4 млрд. теңгені, 2011 жылы – 634,3 млрд. теңгені, 2012 жылы – 763,9 млрд. теңгені, 2013 жылы - 864,0 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің нақты өзгеру индексі 2010 жылы алдыңғы жылға 107,6%-ды, 2011 жылы – 112,9%-ды, 2012 жылы - 109,8%-ды, 2013 жылы - 107,3%-ды құрады (ҚР -106,0%).

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші бойынша Жамбыл облысы ҚР-ның өзге өңірлерінен арасында 15-16 орындарда тұр. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2010 жылы 429 мың теңгені және 2011 жылы – 603,3 мың теңгені, 2012 жылы - 718,7 мың теңгені, 2013 жылы – 802,1 мың теңгені құрады, орташа республикалық халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2010 жылы 1336,5 мың теңгені, 2011 жылы – 1665,1 мың теңгені, 2012 жылы -1807,3 мың теңгені, 2013 жылы - 2004,1 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміндегі Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің үлес салмағы 2010 жылы 2,1%-ды, 2011 жылы – 2,3%-ды, 2012 жылы – 2,5%-ды, 2013 жылы - 2,5%-ды құрады. Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің төмен үлес салмағы өңірдің табиғи-өндірістік әлеуетіне, сонымен бірге ауыл шаруашылығындағы өз бетінше жұмыспен қамтылудың басымды үлесіне (онда еңбек өнімділігің өсімі қиындатылған), мұнай және газ ірі кен орындарының жоқтығына (Маңғыстау және Атырау облыстарымен салыстырғанда) байланысты.


1 кесте




2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

ЖӨӨ

үлес салм., %

ЖӨӨ

үлес салм., %

ЖӨӨ

үлес салм., %

ЖӨӨ

үлес салм., %

Облыс бойынша барлығы

446399,3

100

634251,9

100

763861,8

100

863986,6

100

ауыл шаруашылығы

43927,7

9,8

60116,8

9,5

67770,9

8,9

78526,9

9,1

өнеркәсіп

78345,7

17,6

117322,8

18,5

120754,9

15,8

147805,4

17,1

құрылыс

40992,9

9,2

56010,5

8,8

93383,6

12,2

100481,7

11,6

сауда

44102,2

9,9

75922,0

12,0

85979,9

11,2

96044

11,1

көлік

45901,1

10,3

68179,0

10,7

84886,5

11,1

103544,9

12,0

байланыс

6391,2

1,4

5443,7

0,8

6574,0

0,9

6679,0

0,8

басқалар

186738,5

41,8

251257,1

39,7

304512,0

39,9

330904,7

38,3

ЖӨӨ құрылымында 2010 жылы өнеркәсіп үлесіне 17,6%, 2011 жылы – 18,5%, 2012 жылы - 15,8%, 2013 жылы - 17,1%, ауыл шаруашылығының үлесіне тиісінше – 9,8%, 9,5%, 8,9% және 9,1%, саудаға – 9,9%, 12,0%, 11,2% және 11,1%, көлікке – 10,3%, 10,7%, 11,1% және 12%, байланысқа – 1,4%, 0,8%, 0,9% және 0,8%, құрылыстың үлесіне – 9,2%, 8,8%, 12,2% және 11,6%, басқа салаларға - 41,8%, 39,7%, 39,9% және 38,3% сәйкес келді.

ЖӨӨ құрылымында 2010 жылдан бастап көлік және сауда қызметтерінің өсімі байқалуда. Аталған өсімге мемлекеттік және жеке секторлардағы тұтынудың өсімімен қамтамасыз етілген ішкі нарықтағы тауарларға және қызметке сұраныстың ұлғаюы, халық кірісінің өсімі, әкімшілік кедергілердің қысқаруы, кәсіпкерлер белсенділігінің іскерлік өсімі, Кедендік Кеңес елдерімен өзара сауда себеп болды.

Өңірлік экспорт

Сауда саясатын тиімді жүргізу өңірді аумақтық дамытудың, халықтың тұрмысын жақсартудың маңызды бөлігі болып табылады.

Жамбыл облысы Қазақстан Республикасындағы жалпы экспорттың 0,2%-ын және импорттың 1,4%-ын құрайды. Жамбыл облысының импорты мен экспорты шамамен 51,0%-ы ТМД елдеріне келеді. Маңызды сауда серіктестері – Бразилия, Түркия, Өзбекстан. Әсіресе Қытай елімен сауда айналымы жылдам өсуде.

2011 жылы экспортқа бағытталған салалардағы өндіріс өсімі сыртқы сауда айналымының артуына ықпал еткен, бұл 2010 жылдың тиісті кезеңіне 11,0%-ға ұлғайып, 574,7 млн. АҚШ долларын құраған. Тауарлар экспорты 4,3%-ға (276,2 млн. АҚШ доллары), импорты – 18,0%-ға (298,5 млн. АҚШ доллары) артқан. Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасып, 22,3 млн. АҚШ долларын құраған. Өсім гипс экспортының 1,5 есеге, қант – 6 есеге, тас көмір – 3,9 есеге, әк – 2,7 есеге, аммоний нитраты – 2,4 есеге, мазут – 1,2 есеге, барий сульфаты – 1,4 есеге ұлғаюына; картоп импортының 1,9 есеге, пияз – 1,9 есеге, бұрыш – 6,4 есеге, қант шикізаты – 1,2 есеге, алма – 1,9 есеге, жүзім – 2,7 есеге артуына байланысты қамтамасыз етілген.


Дегенмен, 2012 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы жылдық мөлшерде 2011 жылмен салыстырғанда 23,4%-ға азайып, 441,9 млн. АҚШ долларын құраған, 148,1 млн. АҚШ долларының тауары экспортталып, жылдық мөлшерде 46,4%-ға қысқарған, импортталғаны – 293,9 млн. АҚШ доллары (1,5%-ға). Сауда балансының сальдосы теріс қалыптасқан – 145,9 млн. АҚШ доллары.

Сонымен қатар, экспорттың жалпы көлемінде мына тауарлар бойынша жылдық өсім байқалады: мазут – 4,5 есеге (13,9 млн. АҚШ доллары), пияз – 2,7 есеге (2,5 млн. АҚШ доллары), минералды тыңайтқыштар – 2,5 есеге (4,0 млн. АҚШ доллары), бидай – 2,4 есеге (6,4 млн. АҚШ доллары), қож және өзге күл – 1,3 есеге (3,5 млн. АҚШ доллары), алтын – 1,5 есеге (62,5 млн. АҚШ доллары), барий сульфаты – 1,7 есеге (24,8 млн. АҚШ доллары).



2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыстың сыртқы сауда айналымының өсімі байқалады және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша 1,4 есеге артып, 600,5 млн. АҚШ долларын құраған (республика бойынша сыртқы сауданың жалпы көлемінің 0,6%-ы), оның ішінде тауарлар экспорты – 175,6 млн. АҚШ доллары (1,2 есеге), импорт – 424,9 млн. АҚШ доллары (1,4 есеге).

Экспорттың географиясы кеңейген. Облыстың негізгі сауда әріптестері ТМД елдері болып табылады, олардың үлесі жалпы сыртқы сауда айналымының 45,8%-ын, ал, алыс шет елдердікі – 54,2%-ын құрайды. Есепті кезеңде тауарларды сатып алушылар – Швейцария (жалпы экспорт көлемінің 24%-ы), Қырғызстан (19,3%), Қытай (18,7%), Түрікменстан (10,0%), Әзірбайжан (7,7%), Түркия (6%), Өзбекстан (5,5%), өзге елдер (8,8%) болған.



жүктеу 4,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау