Программа Форма ф со пгу 18. 2/06


Теориялық курстың мазмұны



жүктеу 0,87 Mb.
бет4/4
Дата06.02.2018
өлшемі0,87 Mb.
#8824
түріРабочая программа
1   2   3   4



2.1 Теориялық курстың мазмұны
Тақырып 1. Кіріспе. «Электрмеханикалық және электртехникалық жабдықтар» пәнінің зерттеу объектілері болып үрдістер, технологиялар, электр энергиясын басқа түріне түрлендіру үшін өндірісте қолданылатын қондырғылар және материалдар табылады, сонымен бірге жұмыс шарттары және тұтынушылардың электр энергия жүйесіне қоятын талаптары. Пән жеке бөлімдермен оқытылады, бұл теорияны, жұмыс принциптерін, қондырғының құрылысы және электр энергияның түрлену технологиясын ретпен оқуға мүмкіндік береді.

Тақырып 2. Электрмеханика. Энергияның электрмеханикалық және электрлік түрленуі. Электр энергияның негізі электр машиналар. Тұрақты және айнымалы тоқтағы электр машиналардың қолдану аумағы. Техникалық прогресстегі электрмашина құрылысының маңызды ролі.

Энергияның түрлену үрдісінің математикалық көрсетілуі. Жалпыланған электрмеханикалық түрлендіргіш. Тұрақты және айнымалы тоқтағы қозғалтқыштардың электрмеханикалық қасиеттері. Энергияның түрлену режимдері.

Электрмеханотроника – электрмеханикалық, электрондық және компьютерлік құрылғылардың бір жүйеге қосылуы. Электрмеханотронды жүйелердің құрылғысы және құру принциптері, түрлері, пайдалану аймағы. Энергияның электрмеханикалық түрлену үрдісін басқару.

Тақырып 3. Электрлік оқшаулама және кабельді техника.

Электрлік оқшаулама. Электртехникалық өнімдермен конструкциялардың өндірісіндегі электрлі оқшауламалы материалдардың маңызы. Диэлектриктер және басқарылатын диэлектриктер, электрфизикалық сипаттамалар бойынша классификациялау. Электрлі оқшауламаның жұмыс шарты. Оқшауламаға әсер ететін жүктемелердің классификациясы; электрлік, температуралық, механикалық және басқалары.

Жоғары вольтты оқшауламалы конструкциялар. Жоғары вольтты изолятордың, электр машиналардың, трансформаторлардың, конденсаторлардың классификациясы және оларға қойылатын талаптар.

Кабельді өнімдер электрмагниттік энергияны тасымалдау құралы ретінде. Конструктивті элементтер құрамы бойынша, оқшаулама материалы бойынша, белгіленуі және пайдалану аумағы бойынша кабельдердің классификациясы. Кабельдердегі электрлік, жылулық және магниттік өрістер. Кабельдердегі пайдаланатын материалдар.



Тақырып 4. Электртехникалық қондырғылар және жүйелер.

Электртермиялық құрылғылардағы жылу тасымалдау теорияларының негіздері. Жылу техникалық құралдар.

Физика-техникалық негіздер және кедергілердің электртермиялық құрылғылардың классификациясы.

Индукциялық қызудың физикалық негізі, индукциялық қондырғылар классификациясы. Индукциялық қондырғылардың қорек көзі. Индукциялық қондырғылардың автоматты басқару жүйесі. Диэлектриктерді жоғары жиілікпен қыздырудың физикалық негізі. Диэлектриктерді қыздыру қондырғысы және сүлбесін тұрғызу принципі.

Электрдоғалық разрядтың қасиеті және теориялық негізі. Электр доғаның тұрақтылығы және параметрлерін реттеу. Доғалық пештердің классификациясы. Доға пештерінің негізгі электржабдықтары. Доға пештерінің сипаттамалары және жұмыс режимдері. Электрлік доғамен дәнекерлеу қондырғысы. Доғалық қондырғыларды автоматты басқару.

Электролиздің физикалық және энергетикалық негіздері. Электролизді өндірістік қондырғылар. Металдарды электрхимиялық және электрфизикалық өңдеу тәсілдері. Электргидравликалық өңдеу қондырғылары. Ультрадыбысты электртехнологиялық қондырғылар. Ямагнитті және магнитті импульсты өңдеу құралдары.

Төмен температуралы плазма алу үшін қондырғы және олардың қолдану аумағы. Плазмалық өндірістік қондырғылар. Электронды-сәулелі қыздыру қондырғылары. Оптикалық кванттық генераторлар (лазерлер). Электронды-ионды технология. Электростатикалық өндірістік қондырғылар.

Тақырып 5. Жарықтехникасы және жарық көздері.

Спектрлі оптикалық аумағының сәуле шашуы. Материалдардың оптикалық және жарық техникалық смпаттамалары. Жылулық, люминесцентті және еріксіз сәуле шығару. Жарық өрісінің және жарық векторының интегралды сипаттамасы. Сәуле шығаруды түрлендірудің негізгі заңдары. Түс және түсті есептеу.

Геометриялық оптиканың негізгі заңдары. Фотометрияның метрологиялық негіздері. Сәуле шығаруды қабылдағыштар және фотометриялық қондырғылардың оптикалық жүйесі. Фотометрияның әдістері.

Сәуле шығару көздері. Оптикалық сәуле шығарудың жылулық көздері. Оптикалық сәуле газоразрядты көздері. Жарықтың импульсті көздері. Лазерлер.

Жарық аспаптары. Элементарлы шағылысу теориясы. Жарық аспаптарының жарық күшінің қисығы.

Жіберуді реттеуші аппараттар. Газоразрядты лампалардың электр тізбегінің элементі ретіндегі сипаттамасы. Жұмыс режимін тұрақтандыру шарты. Газоразрядты лампалардың жұмысын тұрақтандыру және жағу сүлбесі.

Жарықтехникалық қондырғылар. Жарықтандырушы қондырғыларды нормалау. Жарық беру сапасы. Жарықтехникалық есептеудің негізгі ережелері.

Жарық беруші тораптың конструктивті орындалуы және қоректендіруші сұлбасы. Жарық беруші қондырғыларды пайдалану.

Өндірістік ғимараттардың өндірістік бөлмелерін жарықтандыру. Қоғамдық ғимараттарды жарықтандыру. Қалалық сыртқы жарықтандыру және ғимарат сыртындағы жарықтандыру жұмыстары. Спорттық және ойын-сауық ғимараттарды жарықтандыру.

Барлық ауа райы жағдайында ұшу, қону және жүргізу қамтамасыз ету үшін жарықдабылды қондырғылар. Аэродромдардың жарықдабылды жүйесінің электржабдықтары.



Тақырып 6. Технологиялық кешендердің автоматизациясы және электржетегі.

Электржетектің қызметі және оған қойылатын талаптар. Автоматтандырылған электржетектің құрылымдық сұлбасы. Электржетектердің классификациясы.

Электржетекке әсер ететін, момент және күш. Электржетектегі қозғалтқыштар және өндірістік механизмдердің сипаттамасы. Электржетектің механикалық бөлігінің кеңейтілген есептік сұлбасы. Электржетектің қозғалыс теңдеуі. Электрмеханикалық жүйелердің статикалық және динамикалық қасиеттері.

Электржетектің координаттарын реттеу. Реттелетін электржетектің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері. Тұрақты және айнымалы тоқтағы қозғалтқыштарды реттеудің әдістері. Өндірістік механизмдер үшін электржетек жүйесін таңдау. Электрмеханикалық жүйелерді автоматты түрде басқару. Басқарудың релелік-түйіспелік сұлбасы. Автоматты басқарудың тұйықталған сызықты және сызықты емес жүйелері.

Электрмеханикалық жүйелердің энергетикасы. Энергия шығыны және реактивті қуатты пайдалану. Шығынды төмендету тәсілдері. Электржетектің жұмыс режимдері. Ұзақ, қысқашауақыт және қайталау-қысқашауақыт жұмыс режимдері үшін қозғалтқыштар қуатын таңдау.

Автоматтандырылған электржетектердің қазіргі заманғы жүйелері және олардың даму келешегі. Тұрақты және айнымалы тоқтағы машиналарды басқаратын күштік түрлендіргіш қондырғылар. Электржетектерді электронды және компьютерлік басқару.

Электрлік көлік. Қалалық электрлік көлік, метрополитен. Өндірістік электрлік көлік.
2.2 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тақырып 2. АҚ жұмыс істеу принципі мен құрылымы. Айналмалы магниттік өріс. Фаза және индукциялық реттегіш. Кернеу теңдеуі. Келтірілген ротор. Алмастыру сұлбасы. Жұмыс режимдері, векторлық және энергетикалық диаграммалар. Электромагниттік момент. Жасанды және механикалық сипаттамалар. Терең пазды және екі клеткалы АҚ. АҚ іске қосу тәсілдері. ҚТ роторлы және фазалық роторлы АҚ айналу жылдамдығын реттеу. СҚ құрылғысы және жұмыс істеу принципі. Іске қосу тәсілдері. U- бейнелеу және бұрыштық сипаттамалар.

Тақырып 3. Кабельдің электрлік және жылулық есебі. Кабельдер мен сымдардың диагностикалау және сынақтан өткізу әдістері. Кабельдердің қимасын анықтау. Кабель маркаларын оқып білу.

Тақырып 4. Тұрақты тоқтағы доғаны зерттеу. ДБП тиімді жұмыс режимін анықтау. ДБП электрлік жалғау сызбасы. ДБП алмастыру сызбасы. Шеңберлік диаграмманы құрастыру үшін қажетті берілгендерді есептеу. Шеңберлік диаграмманы құрастыру. ДБП электрлік және жұмыстық сипаттамасын құрастыру үшін қажетті есептеулер. ДБП тиімді жұмыс режимін анықтау бойынша қорытынды жасау. Қыздыру үшін индукторды есептеу. Доғалық дәнекерлеудің қорек көзі.

Тақырып 5. Жарықтанудың негізгі есептеу әдістері. Сәуле шығаруды түрлендірудің негізгі заңдары. Жарық техникасындағы жаңа энергия үнемдеуші технология. Электродсыз люминесценті лампа. Интегралданған жоғары жарықтың фонары. Жарықшығарушы диодтар.

Тақырып 6. ТТҚ құрылғысы және жұмыс істеу принципі. Іске қосу тәсілдері. Жылдамдықты реттеу тәсілдері. Параллельді қоздырулы қозғалтқыштар. Аралас қоздырулы қозғалтқыштар. Вентильдік қозғалтқыштар.
2.3 СӨЖ мазмұны




Тақырыптың атауы

Есеп беру түрі

Бақылау формасы және түрі

Сағат көлемі

1

Дәрістерге, тәжірибелерге дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

30/60


2

Бақылау шараларына дайындалу




1МБ, 2МБ

70/45


3

Аудиториялық сабақтарға кірмеген материалдарды оқу

Конспект

Бақылау сұрақтарына жауап беру

50/90


Барлығы

150/195




Выписка из рабочего учебного плана специальности




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.1/10


5В071800 – «Электрэнергетика» мамандығының



жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Пәннің аталуы «Электрмеханика және электртехникалық жабдықтар»





Оқу формасы

Бақылау формасы

Студ. жұмыс көлемі сағатпен

Курс және семестр бойынша сағаттың бөлінуі (сағ)

Емт.

Сын.

КЖ

КЖҰ

ЕГЖ

Бақ. жұм

барлығы

Дәр.

Тәж.

Зерт.

ӨСӨЖ


СӨЖ



жалп

ауд.

СӨЖ

1

Күндізгі ЖОБ базасында

5
















225

75

150

6 семестр

45

30

-

37,5

112,5

2

Дистанционды ОКБ базасында

4













4

225

30

195

3 семестр

12













4 семестр

6

12




20

175

Әдебиеттер



Негізгі:

1. Электротехнологические промышленные установки: Учебник для вузов / И.П. Евтюкова, Л.С. Кацевич, Н.М. Некрасова, А.Д. Свенчанский6 Под ред. А.Д. Свенчанского. – М.: Энергоиздат, 1982.

2. Болотов А.В., Шепель Г.А. Электротехнологические установки: Учебник для вузов по спец. «Электроснабжение пром. предприятий». – М.: Высшая школа, 1988.

3. Электротермическое оборудование: Справочник / Под общ. Ред. А.П. Альтгаузена. – М.: Энергия, 1980.

4. Справочная книга по светотехнике / Под ред. М.Б. Айзенберга. – М.: Энергоатомиздат, 1995.

5. Мешков В.В. Основы светотехники: Учебное пособие для вузов. – ч.1 – М.: Энергия, 1979. 368 с.

6. Холодный С.Д. методы испытаний и диагностики кабелей и проводов. – М.: Энергоатомиздат, 1991. – 200 с.

7. Привезенцев В.А., Ларина Э.Т. Силовые кабели и высоковольтные кабельные линии. – М.: Энергия, 1986, - 424 с.

8. Брагин С.М. Электрический и тепловой расчет кабеля. – М.: Госэнергоиздат, 1990. – 325 с.

9. Ковчин С.А., Сабикин Ю.А. Теория электропривода. – СПб.: Энергоатомиздат. Санкт-Петербургское отд-ние, 2000. – 496 с.

10. Копылов И.П. Электрические машины. М.: Высшая школа, Логос, 2000.
Қосымша:

11. Марков Н.А. Электрические печи и режимы дуговых электропечных установок. – М: Энергия, 1975.

12. Электрооборудование и автоматика электротермических установок. Справочник / А.П. Альтгаузен, И.М. Бершицкий, М.Д бершицкий. – М.: Энергия, 1987.

13. Установки индукционного нагрева: Учебное пособие для вузов / А.Е Слухоцкий, В.С. Немков, Н.А. Павлов, А.В. Бамунэр. Под ред. А.Е. Слухоцкого. – Л.: Энергоатомиздат. Ленингр. Отд-ние, 1981.

14. Энергосбережение в освещение. / Под ред. Ю.Б. Айзенберга / изд. Дом Света. М.: «Знак», 1999.



Пәннің оқу бағдарламасына

толықтырулар мен өзгертулер



парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Электрмеханика және электртехникалық жабдықтар пәнінің оқу бағдарламасына толықтырулар мен өзгертулер парағы

5В071800 – Электроэнергетика мамандықтары тәлімгерлері үшін,

2013 – 2014 оқу жылына

Жұмыс бағдарламасына келесі өзгерістер енгізіледі:


5 Әдебиет

Негізгі:

1) Москаленко В.В. Системы автоматизированного управления электропривода. М.: ИНФРА-М, 2004.

2) Москаленко В.В. Электропривод. - М.: Академия 2004.


Қосымша:

3) А.П. Альтгаузен, И.М. Бершицкий, М.Д Бершицкий. Электрооборудование и автоматика электротермических установок. М.: Энергия, 1987.



4) Болотов А.В., Шепель Г.А. Электротехнологичес-кие установки.- М.: Высшая школа, 1988.

5) Под общ. Ред. А.П. Альтгаузена. Электротермическое оборудование - М.: Энергия, 1980.

6) Холодный С.Д. Методы испытаний и диагностики кабелей и проводов әдістері.- М.: Энергоатомиздат, 1991.

Жұмыс бағдарламасы Электрэнергетика кафедрасының отырысында қайта қаралды және мақұлданды.

« 23» сәуір 2013 ж., хаттама № 17
Кафедра меңгерушісі Марковский В. П. « 23» сәуір 2013 ж.

БЕКІТЕМІН



Факультет деканы Кислов А. П. « 23» сәуір 2013 ж.
жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау