Презентациялау 5В072000 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»



жүктеу 15,05 Kb.
Дата14.11.2017
өлшемі15,05 Kb.
#393
түріПрезентация
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  • Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
  • «Сызба геометрия және инженерлік графика кафедрасы»
  • «СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА» ПӘНІН ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАУ
  • 5В072000 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін (4 кредит)
  • (Тьютор Ахметова М.К., аға оқытушы, педагогтық стажы -35 жылдан астам)
  • Президенттің халыққа Жолдауында Қазақстан дамуының Стратегиясы ұсынылған. Стратегия жоспарында тездетіп индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасы қойылған. Ол мақсатқа жаңа өндіріс орындарын салу, озат технологияларын еңгізу, ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу, ескі өндірісті жаңартып өзгерту және қайта құру кіреді. Біздің өнеркәсіп шет елден импортталған жаңа техника және технологияларымен жабдықталады. Оларды орнату, құрастыру, құрасжинау, пайдалану құрылым құжаттамалар бойынша іске асырылады және көп көлемді сызбаларды меңгеруді керек қылады.
  • МАМАНДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ КУРСТЫҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
  • ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  • Президент жастарға сүйеніп «бізге технарлар керек» деп тіке айтты. Техника профилі мамандарды кәсіби даярлауында сызба геометрия, инженерлік графика, компьютерлік графика негізгі пәндердің санына кіреді. Сол себептен техникалық жоғары оқу орны түлегі әр түрлі сызбалар мен техникалық құжаттамаларда хабардар болу керек және сызбаларды сапалы құруды білу керек. Осыған студенттерді техникалық білімнің іргетастарының бірі болып табылатын «Сызба геометрия және компьютерлік графика» оқу пәндері үйретеді.
  • Құбырларды біріктіру
  • Пәнді оқыту барысында қойылатын міндеттер мен мақсаттар:
  • - сызбаны орындау теориялық негіздерімен, көлемі бар денелерді жазықтыққа салу және зерттеу графикалық әдістерімен таныстыру;
  • - сызбаларды орындауға, қажетті ҚҚБЖ стандарттарымен таныстыру;
  • - әр түрлі геометриялық салулар мен проекциялық кескіндерді сызба аспаптары көмегімен және компьютерде орындауды үйрету;
  • - әр түрлі міндет жүктелген сызбаларды (жалпы түр сызбасы, құрастыру сызбасы, жұмыс сызбасы, нобай, кұрғылау, габариттік сызбалар, сұлбылар және т. б.) оқу және орындау, құрылым және техникалық құжаттамаларды, мәтінді құжаттарды құрастыру ережелерімен таныстыру;
  • - бұйымды құрайтын бөлімдерін біріктіру түрлерімен таныстыру.
  • МАТЕРИАЛДЫ ТАҢДАП АЛУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНПИПІ
  • Демек, біз үйрету мәліметтерін қаншалықты толық және жеткілікті беруін ұйымдастырсақ, соншама оларды ұғуының нәтижесі жоғары болады.Тапсырмаларды құрастырғанда материалды таңдап алуы мен құрылымдығының негізгі принципі студенттердің даярлауын мамандандыру және арнайы бағытқа бағындыру болады. Техникалық университеттің түлегі әмбебаб маман – ол технологиялық процестер мен технологиялық жолдарын жете зерттеу, технологиялық жүйелерінің механизмдері мен аппаратурасын жобалау мен құру, ғылыми-зерттеу және т.б. жұмыстарымен шұғылдана алады. Сондықтан, студенттерге беретін тапсырмалаларда мамандық ерекшелігі еске алынады.
  • Теория мен практика жақсы үйлестірілсе, оқылатын материалды игеру ең табысты өтетіні белгілі. Сондықтан, алдына ала дәріс сабақтарында зертханалық жұмыстарының орындалуы сүйенетін материал беріледі. Зертханалық сабақтарында студенттер есеп шығарады, сызу сызады,сызу құралдарымен жұмыс істеуді үйренеді, бақылау жұмыстарын жасайды.
  • ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ; ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚ ТҮРЛЕРІ
  • Кредиттік жүйесі студенттердің өз бетінше сапалы жұмыс жасауына үлкен мән береді. Студенттер өз бетімен пәнді танып білуі үшін кафедра оқытушылары дайындаған оқу-әдістемелік нұсқаулары мен дайындамалар, студенттің ОӘК (оқу-әдістемелік комплексі), электронды оқулықтар жасалған, библиотека пән бойынша арнайы әдебиеттерімен қамтамасыз етілген.
  • Оқылатын материалдарды меңгеру үшін, студенттер міндетті графикалық жұмыстарды , зертханалық жұмыстарды орындауға, өз бетімен есептерді шығаруға, аралық бақылауды тапсыруға тиісті. Кейбір тақырыптары бойынша, AutoCAD жүйесінің мүмкіншілігін қолданып, тапсырмаларды студенттер компьютерде орындайды.
  • Студенттер пәнді оқып білу нәтижесінде
  • - проекциялау тәсілдерінің теориялық негіздерін,
  • -бұйымның кескіндерін (көріністерді, тіліктерді, қималарды) салу әдістерін,
  • - бұйым құрамындағы бөлімдерді біріктіру түрлерін, олардың шартты кескіндері мен белгілерін білетін болады;
  • - жалпы түр сызбаларды оқуға және тетікбөлшектеуге машықтанады;
  • - әр түрлі сызу және өлшеу аспаптарын пайдалануды үйренеді, яғни сызбаларды орындау техникасын игереді.
  • Міндетті графикалық жұмыстарды орындау студентті еңбектенуге дағдыландырады, тапқырлық, дәлшілдік, жинақтылық қасиеттерінің дамуына көмектеседі, жалпы техникалық және графикалық мәдениетін дамытуға зор ықпал етеді. Графикалық жұмыстарды бағалауда сызбаны салудың дұрыстығы және безендіру сапасы, уақтылы орындалуы, жұмысты қорғау дәрежесі саналады. Тапсырмалардың біраз көлемін орындағаннан кейін, ағымдық бақылау жұмысы өткізіледі. Екі міндетті аралық бақылау жұмысының нәтижесі – студент алған білімінің шындық бағасы. Емтихан - пәнді меңгеруінің қорытынды нәтижесін көрсетеді.
  • ОЙЛАҒАН НӘТИЖЕЛЕР (СТУДЕНТТІҢ ХАБАРДАРЛЫҚ ЖЕТІСТІГІ )
  • НӘТИЖЕНІ БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
  • СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫМ
  • МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІМ ТУРАЛЫ
  • Соңғы бес жылдың ішінде мен жазып шығарғаным:
  • - «Инженерлік графикадан курстық жұмыс» (сандық белгілері бар проекциялар), әдістемелік нұсқау;
  • - «Графическое представление информации», оқу құралы;
  • - «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша «Сызба геометрия және инженерлік графика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (Екі жылдық магистратура),
  • қазақ және орыс тілдерінде;
  • - «Инженерлік графика» пәні бойынша «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін «SYLLABUS» және «Студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені (ОӘК)», қазақ және орыс тілдерінде;
  • - Халықаралық ғылыми конференциялардағы баяндамалар: «О значимости СРСП в обучающем процессе», «Начерталка» в опале?», «Преобразования евклидова пространства», «Евклид кеңістігінің түрлендірулері».
  • Менің басшылығыммен дайындалған студенттердің баяндамалары ғылыми конференцияларда жулде орындарға ие болды.
  • Доцент Құспеков басқаратын «Инженерлік объектілерді геометриялық модельдеу және техникалық есептерді шығарудың жаңа әдістері» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданамын.
  • «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы» мамандығы студенттерінің үлгеру орта балы – 78 балл.
  • Дүниеге инженер болып келмейді, инженер болу үшін еңбектеніп білім жинау керек. БҰТ (ЕНТ) еңгізілуімен жастардың ақыл қабілеттері дұрыс жауап табуды білуге жұмылдырылған сондықтан, олардың кеңістіктік түсіну жағдайымен проблема. Кеңістіктік түсіну – ол ой қабілеттілік типінің біреуі, атап айтқанда, қисынды ойлауға, кеңістіктік елестетуге, қорытынды жасауға, есеп жүргізуге қабілеттілік. Егер ондай қабілет Алладан берілмесе, бұл мәселе студентті өтіп жатқан пәнді білуге талаптандырып белсенді әрекетке түрткі болу керек. Бір тек қана сабаққа қатынасқаннан пәнді, әсіресе сызба геометрия, инженерлік графика, компьютерлік графика пәндерін, ұғып алуға мүмкін емес.
  • Студенттік шақ – білімге табыну уақыт, сіздерге электронды және біздің бірегей арнайы әдебиет кітапханаларға жол ашық, іске сәт!
  • ОСЫ ОҚЫТУШЫНЫҢ КУРСЫ БОЙЫНША ОҚИТЫНДАРДЫҢ
  • ҮЛГЕРІМДЕРІНІҢ ОРТА БАЛЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
  • ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

жүктеу 15,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау