Презентация қазақстан Республикасының білім және ғылыми министрлігі


Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі



жүктеу 2,25 Mb.
бет2/3
Дата09.11.2022
өлшемі2,25 Mb.
#40070
түріПрезентация
1   2   3
Саясаттану топтық жұмыс

Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі


Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі - [[[international Political Science Association]], IPSA]- әлемнің көптеген елдерінің саясаттанушыларын біріктіруші ұйым. ЮНЕСКО шешімі бойынша 1949 ж. құрылған. БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі мен ЮНЕСКО жанында кеңесші мәртебесін алған. Саяси ғы¬лымның халықаралық бірлестігі 40-тан аса саяси ғылымның үлттық бірлестіктерін, 100-ден аса жетекші университеттердің кафедраларын, бір мыңнан аса жеке мүшелерді, танымал саясаттанушыларды біріктіреді.Саясаттанушылардың халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде, саяси зерттеулерді дамыту мен ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Бірлестік штабы Париж қаласы Саяси ғылымдардың ¥лттық қорының жанында орналасқан.Бірлестік қызметінің негізгі бағыттары:а) саяси ғылымның ұлттық бірлестіктерін дамыту және білім беруге қолдаушылық көрсету;ә) саяси ғылым саласындағы жетістіктер туралы ақпаратты таратуға көмек көрсету;б) саяси ғылымның халықаралық бірлестігінің дүниежүзілік конгресс жүмысын ұйымдастыру;в) СҒХБ (МАПН) мүшелері үшін саясаттануға арналған кітаптар, ғылыми журналдар мен ресми ақпараттарды басып шығару;г) саяси ғылымдағы бірлескен халықаралық зерттеулерді қамтамасыз ету

Қазақстанның құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы


Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігіне ие болғанына көп уақыт болған жоқ. Дегенмен, осы қысқа мерзімді тарихи тұрғыдан алып қарағанда, елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістердің нəтижелері бəрімізге толық көрінеді деп айтуға болады.
Қазіргі күнде баршамыз еліміздегі демократияландыруды жеделдету үшін тұрақтылықты, құқықтық мемлекетті жəне қоғамдық келісімді сақтаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Қоғамдық тұрақтылық, заңның үстемдігі, ұлтаралық жəне конфессияаралық келісім, сондай-ақ Қазақстанның жаңа геосаяси рөлі мен жауапкершілігі демократиялық өзгерістердің тиімділігінің кепіліне, оның басты өлшемдеріне айналмақ. Осы тұрғыдан келгенде біздің мемлекетіміз өскелең уақыт талабын тереңнен ұғынып, демократиялық кезеңдердің жаңа көкжиектеріне зерделі таныммен бет бұрды деуге негіз бар. Оның белгілі көрсеткіштерінің бірі құқықтық мемлекет болып табылады.
Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тəжірибесі мен дамуы əлеуметтік-экономикалық жəне саяси деңгейімен, қоғамдық құқық сезіне алушылығымен, ұлттық жəне тарихи салт-дəстүрлермен анықталады.Мұндай жағдайлардың бірі -аталған мемлекеттің бар болуы.
Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтыры мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның жəне мемлекеттің мүдделеріне, жалпы азаматтық құндылықтарды жəне əлемдік тəжірибені есепке алуға негізделеді.
Құқықтық мемлекет құру жолында Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында жаңа кезеңнің ығына қарай саяси жəне əкімшілік жүйелерді дамыту қажеттілігі туралы айтылған. Мұнда саяси жүйені дамыту, жаңа кезеңдегі негізгі міндет жалпыға танылған демократиялық құндылықтар мен өзіміздің көп ұлтты жəне көп конфессиялы қоғамымыздың дəстүрлі үйлесімді ұштасатын ашық, демократиялық жəне құқықтық мемлекет негіздерін одан əрі нығайта беруі талап етіледі.
Осы мəселені ескере отырып, əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру мақсатында, ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар ерекше орын алады деген пікір баршылық. Сонымен қатар құқықтык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, мысалы, белгілі заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, əрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды жəне саяси-құқықтық ойларды ескермей болмайды.
Жалпы зерттеушілердің көбісі құқықтық мемлекет — ол жаңа уақыттың жемісі деп тұжырымдайды. Тарих белгілегендей, не көне, не орта ғасырларда құқықтық мемлекеттің көріністері болған жоқ. Бірақ кейбір қоғамтанушылар құқықтық мемлекет туралы ойлардың түптамыры ежелгі дəуірге кетеді дейді. Мысалы, мемлекет пен құқықтың келіскен əрекеттестігін іздеу моделі ертедегі Қытай легистердің назарында болғаны белгілі. Ал сонау антикалық кезеңнің əйгілі философы Платон өзінің «Заңдар» деген еңбегінде келесі ойға келгені анық: «Мен заңында күші жоқ жəне біреудің билігінде болатын мемлекетті таяуда күйрейді деп ойлаймын»
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.
Шетелдік әлеуметтік модельдердің қаржылық көрсеткіштерін салыстырған кезде, Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірісі (Ұлттық қорға түсетін түсімдерді есепке алмағанда) қаралып отырған елдерге қарағанда екі есе төмен, ЖІӨ-ден шамамен 20 %-ды құрайды.Осылайша, мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік салаға жұмсайтын шығыстары жоғарыда аталған елдерге қарағанда 3,5-4,5 есе аз. Республикада скандинавиялық модельді қолданатын елдерге қарағанда, білім беруге арналған шығыстар екі есе, денсаулық сақтауға – 3,5 есе төмен қаражат аз бөлінеді.
Қазақстанның әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары болып: жұмыспен қамту мен жұмыссыздық мәселелерін шешу; қолжетімді әлеуметтік қызметтерді қамтамасыз ету, ең алдымен, денсаулық сақтау мен білім беру жүйелерін жетілдіру; өмір сапасының ұлттық стандартын дайындау және т.б. ТМД елдерінің ішінен Қазақстан бірінші болып зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің реформасын жүргізді.

жүктеу 2,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау