және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидаларын, механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзудiң кезеңдiлiгiн бекiту туралы
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудiң кезеңдiлiгi.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________ Қ. Қасымов
2015 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2015 жылғы «___» _________
№ ____ бұйрығына
1- қосымша
Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн
мiндеттi техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісіне қатысатын және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органда тiркелген механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау-диагностикалық жабдық – механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiнiң параметрлерiн анықтау үшiн қолданылатын сынау жабдығы және өлшеу құралдары;
2) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басшылықты өз құзыреті шегінде және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және оның астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері;
3) көлiктiк бақылау органы – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары;
4) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган – автомобиль көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi – механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң меншік иесі, сондай-ақ механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалдау құқығы, механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң басқару құқығына сенімхат, тиісті органның осы адамға механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң беру туралы өкімі) иеленетін адам. Өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындауына орай, оның ішінде көлік құралының меншік иесімен немесе өзге де иесімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде көлік құралын басқаратын адам механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесі болып табылмайды;
6) мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзу – мiндеттi техникалық қарап тексеруге қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидада көзделген техникалық қарап тексеруді операторы жүзеге асыратын iс-қимылдар;
7) мiндеттi техникалық қарап тексеруден өту – мiндеттi техникалық қарап тексеруге қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидаларда көзделген механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң иесi жүзеге асыратын iс-қимылдар;
8) техникалық қарап тексеру орталығының маманы – механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық қарап тексеру операторының қызметкерi.
4. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн (бұдан әрi - көлiк құралдары) мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi:
1) жол қозғалысына қатысушы көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағидалардың 31-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бағалау;
2) көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағидалардың
32-тармағында белгiленген талаптарға сәйкессiздiгi салдарынан туындаған жол-көлiк оқиғаларының алдын алу;
3) көлiк құралдарын пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiк құралдарын пайдаланудың қоршаған ортаға зиянды әсерiн төмендету;
4) көлiк құралдарының бар болуы бойынша және техникалық жай-күйi бойынша статистикалық талдау болып табылады.
2. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру тәртiбi
5. Мiндеттi техникалық қарап тексеру операторымен көлік құралының тіркелген орны мен көлік құралы иесінің тұратын орнына қарамастан, техникалық қарап тексерудің стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып жүргізіледі.
6. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық қарап тексеруін өткiзудi техникалық қарап тексеру операторлары тiзiлiмге қосылған күннен бастап техникалық қарап тексеруді жүзеге асыра береді.
7. Техникалық қарап тексеру операторлары жария шарт негiзiнде еркін нысанында қызмет көрсетедi.
8. Көлiк құралдарының иелерi:
1) көлiк құралының тiркелген жерiне және өзiнiң тұрғылықты жерiне (тұрғылықты орнына) қарамастан, мiндеттi техникалық қарап тексеруден өту үшiн техникалық қарап тексеру орталығын дербес таңдайды;
2) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудiң кезеңдiлiгiмен бекiтiлген мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу мерзiмiнiң шегiнде мiндеттi техникалық қарап тексеруден өту уақытын дербес анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi техникалық қарап тексеруден өтудi жеке немесе өздерiнiң өкiлдерi арқылы жүзеге асырады;
4) техникалық қарап тексеру операторларына техникалық қарап тексеру операторлары белгiлеген тариф шегiнде мiндеттi техникалық қарап тексеру өткiзу қызметтерi үшiн төлем жүргiзедi.
9. Мiндеттi техникалық қарап тексеруден өту үшiн көлiк құралының иесi техникалық қарап тексеру операторына көлік құралын және көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгін ұсынады.
10. Көлiк құралдары иелерiнiң құжаттарын қабылдауға арналған үй-жай мыналар көрсетiлген ақпараттық стендiлерi бар көлiк құралдары иелерi үшiн қолжетiмдi жерде жабдықталады:
1) техникалық қарап тексеру операторының жұмыс режимi;
2) техникалық қарап тексеру операторының қызмет өңiрi;
3) қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу кестесi;
4) көрсетілетін қызметтердің түрлері мен ерекшеліктері;
5) көлiктiк бақылау органының байланыс телефондары;
6) техникалық қарап тексеру операторының тарифтерi;
7) техникалық қарап тексеру операторының байланыс телефондары.
11. Техникалық қарап тексеру операторы көлiк құралдары иесiнiң өтiнiшi бойынша көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу кезiнде орындалатын жұмыстарға қатысты мәлiметтердi хабарлайды.
12. Техникалық қарап тексеру операторы:
1) мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу жөнiндегi жұмыстарды орындау процесiнде осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтайды;
2) техникалық қарап тексеру орталықтарының аумағы және өндірістік үй-жайының «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 91-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
3) мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу құны және мерзiмi туралы көлiктiк бақылау органына мәлiмет ұсынады;
4) міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтер ұсынады.
13. Техникалық қарап тексеру операторларына:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, уәкілетті органмен келісілмей ауыстырылған нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) бар, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптар бұзыла отырып, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ, сонымен қатар автокөлік құралдарының қауіпсіздігі саласындағы талаптарын бұзып қайта жабдықталған көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге;
2) міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден негізсіз бас тартуға;
3) мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу мерзiмiнiң бұзылуына байланысты мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу шарттарын өзгертуiне;
4) көлiк құралының иесiнен мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзуге байланысты қосымша сыйақыны талап етуiне жол берiлмейдi.
14. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу уақыты 30 минуттан аспайды.
15. Техникалық қарап тексеру операторлары қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудi қамтамасыз етедi.
16. Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда міндетті техникалық қарап тексеру техникалық қарап тексерудің тек стационарлық желілерімен жүзеге асады.
17. Техникалық қарап тексеру операторы жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу үшін шығу кестесiн Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 248 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 9658 болып тіркелген) сәйкес әзiрлейдi.
18. Техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден бас тартуына:
1) көлік құралы иесінің көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынбауы;
2) иесінің көлік құралын ұсынбауы;
3) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) уәкілетті органмен келісілмей ауыстырылған көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруге ұсыну;
4) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруге ұсыну негіздер болып табылады.
19. Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетiлген мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзуден бас тарту негiздерiнiң ең болмаса (бір және одан да коп) бiрi анықталған жағдайда техникалық қарап тексеру операторы көлiк құралы иесiнің сұрауы бойынша ол туралы 15 минуттың ішінде жазбаша түрде хабарлайды.
3. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу тәртiбi
20. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық қарап тексеруы техникалық қарап тексеру операторларының стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiнде жүзеге асырылады.
21. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» және 2000 жылғы 7 маусымдағы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңдарына сәйкес бақылау-диагностикалық жабдық қолданылады.
22. Бақылау-диагностикалық жабдық кедергiден қорғау желiсi арқылы жалғаспалы арна бойынша өлшенген деректердi автоматтандырылған түрде берудi қамтамасыз ететiн бiрыңғай цифрлы хаттама жөнiнде мiндеттi техникалық қарап тексеру желiлерiнiң бiрыңғай басқару жүйесiне бiрiктiрiледi.
23. Бақылау-диагностикалық жабдықтың құрамына мынадай жабдықтар кiредi:
1) роликтiк тежеуiш стендiсi;
2) люфтомер;
3) газ анализатор және түтiн өлшегiш;
4) жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы;
5) рульмен басқару және iлгiштiң детальдарында люфтiлердi тексеру тестiлерi.
24. Көлiк құралдарының санатына байланысты көлiк құралдарының тежеуiштiн басқаруын тексеру мынадай ролiктiк тежеуiш стендiлерiнде жүргiзiледi:
1) N3 және 04 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi
16 тоннадан кем емес;
2) М2, М3, N2, О3 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi
10 тоннадан кем емес;
3) M1, N1, 02 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi
2 тоннадан кем емес;
4) L3, L4, L5 санаттары үшiн 1 доңғалаққа түсетiн барынша салмақ
0,6 тонна.
25. Барлық тежеуiш стендiлерiнiң санаттарына мыналар кiредi:
1) орнатылған өлшеу жүйесi;
2) тежеуiш жүйесiнiң тиiмдiлiгiн тексеру мүмкiндiгi;
3) автомобильдiң барлық түрлерi үшiн педальды күшейту өлшегiш датчигi;
4) көлiк құралдарының тежеуiш жүйесiндегi қысымның түсуiн пневматикалық жетекпен өлшеу мүмкiндiгi;
5) автомобиль тежеуiш жүйесiнiң iске қосылған уақытын тежеуiш жүйесiнiң пневматикалық жетегiмен өлшеу мүмкiндiгi.
26. Газ анализатор және түтiн өлшегiштер мыналарды қамтиды:
1) СО және СН газ анализатор;
2) Lambda коэффициентiн өлшеу;
3) дизельдi қозғалтқыштың түтiн деңгейiн өлшеу.
27. Жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы мыналарды қамтиды:
1) фарлардың барлық түрiн тексеру;
2) жарық күшiн тексеру.
28. Ақаулы және (немесе) белгiленген мерзiмде тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалануға жол берiлмейдi.
29. Техникалық қарап тексеру операторлары көлiк құралдарының мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудi көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудiң технологиялық процестерiне сәйкес жүзеге асырады.
Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудiң технологиялық процесi әрбiр стационарлық және ұтқыр техникалық қарап тексеру желiлерi үшiн анықталған әдiстерiн және көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiнiң техникалық жай-күйiнiң осы Қағидалармен белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру реттiлiгiн қамтиды.
30. Мiндеттi техникалық қарап тексеру өткiзу екi кезеңдi қамтиды: дайындық және негiзгi.
31. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзудiң дайындығы кезеңiнде:
1) көлiк құралының маркасы, моделi және модификациясы анықталады;
2) көлiк құралының түсi анықталады;
3) тiркеу белгiлерiнiң бар болуы тексерiледi;
4) көлiк құралының конструкциясына енгiзiлген өзгерiстердiң болуы анықталады;
5) алынған қорытындылар көлiк құралының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгінің деректерiмен салыстырылады (салғастырылады).
32. Мiндеттi техникалық қарап тексерудің негiзгi кезеңi жиынтыққа қатысты тексеруден, пайдалану қауiпсiздiгiнiң жекелеген қасиеттерiн сипаттайтын параметрлердiң шектi мәндерiн, жекелеген құрамдас бөлiктердiң тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етiлген шектеулердi, жұмыс қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiнiң шектi ықтимал нашарлауын, автокөлiк құралдарының конструкцияларын өзгертудiң рұқсат етiлген шегiн шектеудi сипаттайтын нормаларды, оның iшiнде:
1) тежеуiштi басқаруды:
тежеуiш жүйесiнiң жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн;
тұрақта тұру тежеуiш жүйесiнiң жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн;
блоктауға қарсы тежеуiш жүйелерi сигнализаторларының жұмыс iстеуi (көлiк құралының конструкциясымен көзделген жағдайда);
тежеуiш жүйелерiнiң элементтерiнiң жай-күйi және тежеуiш жетегiнiң тұмшалануы;
2) рульдi басқаруды:
руль тетiгiнiң және оны бекiтетiн картердiң, руль жетегiнiң, руль дөңгелегiнiң және руль колонкасының механикалық жай-күйi мен жұмыс iстеуi;
жалпы люфтi;
3) көру:
көру аясы;
әйнектердiң жай-күйi;
артқы көру айнасының жай-күйi және бекiтiлуi;
әйнек тазалағыштар;
әйнек жуғыштар;
4) сыртқы жарық аспаптарының, көздi шағыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстерi, көру бұрыштары, жай-күйi, жұмыс iстеуi және сипаттамалары:
алыс және жақын фаралар;
алдыңғы және артқы габариттiк (бүйiр) оттары, бүйiр сигналдық шамдары;
тежеуiш сигналдары;
бұру сiлтегiштерi;
алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;
артқа жүру шамдары;
артқы нөмiрлiк белгiнi жарықтандыратын кiшкене лампалары;
авариялық сигнализация (көлiк құралының конструкциясымен көзделген жағдайда);
5) дөңгелектер, шиналар мен аспалар:
шиналар бұжыртабанының тозуы және зақымдалуы;
аспа элементтерiнiң және оларды бекiткiштердiң (рессорлар, амортизаторлар, аспа иiнтiрегiшiнiң, шарнир элементтерiнiң) механикалық жай-күйi;
доңғалақтардың дискiлерi мен құрсауларының жай-күйi, олар бекiтiлетiн элементтердiң бар болуы;
6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекiту элементтерiнiң ахуалы мен қызмет атқаруы:
түтiн түтiктерi мен тұншықтырғыштардың көлiк құралының (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты) салоны мен кабинасында зиянды заттардың болуы;
тiркеу құрылғыларының еденнiң (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);
жүргiзушi мен жолаушылар орындықтарының, жылыту, кондиционерлеу және желдетпе жүйесінің еңбекке қабілеттілігі, (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);
бамперлердiң, шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйi мен жұмыс iстеуi;
7) өзге де жабдықтың:
балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекiту орындары олардың болған кезінде, дыбыстық сигналдың, спидометрдiң жай-күйiн мен жұмыс iстеуi;
мыналардың болуы:
қауiпсiздiк белдiктерiнiң,
өрт сөндiру құралдарының;
авариялық тоқтау белгiлерiнiң;
алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасының;
8) қоршаған ортаға әсер ететiн факторлар:
пайдаланылған газдар;
жанармайдың және пайдаланылатын сұйықтықтардың ағуы (моторлық және трансмиссиялық май, тежеуiш, гидравликалық және суытатын сұйықтық).
9) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13 бабының 23-7) тармақшасына сәйкес бекітілген қауіпті жүктердің тасымалдауын жүзеге асыратын көлік құралдарына ұсынылған қауіпті жүктердің тасымалдау қағидаларындағы талаптарға сәйкестіктері;
33. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзудiң негiзгi кезеңiнде көлiк құралының бөлiктерін ажыратусыз және алып тастаусыз орындалады.
34. Тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жай-күйi автопоезд құрамында да, ағытылған жай-күйiнде де (тартым-тiркеме құрылғысы мен тежегiш блоктауының жарамдылығын бақылау үшiн) тексерiледi.
35. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзу нәтижелерi бойынша техникалық қарап тексеру операторы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасын (бұдан әрi - диагностикалық карта) жасайды.
Көлiк құралын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу нәтижелерi бiрыңғай диагностикалық картаға қалыптастырылады.
36. Диагностикалық картаға техникалық қарап тексеру операторының басшысы немесе осыған уәкiлеттiк берiлген тұлға қол қояды, техникалық қарап тексеру операторының мөрімен бекітіледі және көлiк құралының иесiне берiледi.
37. Диагностикалық картаны толтыруды техникалық қарап тексеру операторы мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-әрекетiн жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық жасақтамада электрондық түрде жүргiзедi.
38. Стационарлық және ұтқыр техникалық қарап тексеру желiлерi мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзу нәтижелерi туралы ақпаратты қалыптастыру, сақтау және беру үшiн мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-әрекетiн жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ететiн бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықтанады.
39. Мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай басқару жүйесi орталықтандырылған, сондай-ақ бiрыңғай цифрлық хаттама бойынша бiрiктiрiлген және мынадай талаптарға сәйкес келедi:
1) бақылаулық-диагностикалық жабдықты басқару үшiн белгiленген бағдарламалық жасақтаманың болуы;
2) цифрлық хаттама негiзiнде жұмыс iстейді;
3) ресми және (немесе) мемлекеттiк тiлдердегi интерфейсi болады.
40. Бағдарламалық-аппараттық кешен компьютерлiк жабдықпен көлiк құралының бекiту құралынан тұрады.
Көлiк құралының тежеуiш жүйесiн тексеру фото бекiтiлген роликтiк тежеуiш стендiсiмен қамтамасыз етiледi. Фото бекiту құралы роликтiк тежеуiш стендiсiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсi және автомобильдiң алдыңғы бiлiгi орналасуымен бiр мезгiлдi шолумен қамтамасыз етедi.
Мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу технологиялық үдерiсi бейне бекiту құралымен тiркеледi. Бейне құралы барлық техникалық қарап тексеру желiсi орналасуымен бiр мезгiлдi шолумен қамтамасыз етедi.
Техникалық қарап тексерудің операторы көлiк құралдарының тексеру барлық рәсiмiн күн сайынға бейне файлы жазбасының мұрағаттық сақталуын 3 жыл iшiнде қамтамасыз етедi.
41. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзу нәтижелерi бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесiне көлiк құралының иесi, көлiк құралы, мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзу нәтижелерi, берілген диагностикалық карталар туралы ақпарат берiледi.
42. Егер көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу нәтижелері бойынша ақаулар және көлік құралы мен оның тіркемелерін пайдалануға жол берілмейтін жағдайлар анықталмаса, міндетті техникалық қарап тексеру өткізілді деп саналады.
Бұл жағдайда көлік құралы иесіне міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетіле отырып, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы беріледі.
43. Егер мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу нәтижелерi бойынша ақаулар және көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн пайдалануға жол берілмейтін жағдайлар анықталса, мiндеттi техникалық қарап тексеру өткiзiлмеді деп танылады.
Бұл жағдайда көлiк құралы иесiне техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы ақаулары көрсетiле отырып берiледi.
44. Көлiк құралын пайдалануға жол берілмейтін анықталған ақаулар мен шарттар жойылғаннан кейiн көлiк құралының иесi оны мiндеттi техникалық қарап тексеруді қайта жүргiзу үшiн ұсынады.
45. Көлiк құралын қайта мiндеттi техникалық қарап тексеру бiрiншi мiндеттi техникалық қарап тексеру жүргiзiлген техникалық қарап тексеру орталығында не өзге техникалық қарап тексеру орталығында жүргiзiледi.
46. Механикалық көлiк құралын және оның тіркемелерін алғашқы мiндеттi техникалық қарап тексеру өткізілген техникалық қарап тексеру орталығында қайта техникалық қарап тексеруден өткiзу кезінде техникалық қарап тексеру белгiленген критерийлерге сай болмаған және техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасында көрсетiлген позициялар бойынша ғана жүргiзiледi.
Бұл жағдайда төлем қайтадан тексерiлетiн позицияларды тексергені үшiн ғана алынады.
Егер міндетті техникалық қарап тексеруден қайта өткізілген тексерудің нәтижесі бойынша көлік құралдарын пайдалануға жол берілмейтін жағдайда жай-күйі және ақаулық анықталмаса, міндетті техникалық қарап тексеруден өтті деп есептелінеді.
Бұл жағдайда көлік құралының иесіне міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кезеңділік мерзімі бекітілген ережеге сәйкес міндетті техникалық қарап тексерудің келесі өту мерзімі көрсетілген диагностикалық карта беріледі.
47. Техникалық қарап тексеру операторларына көлiк құралының иесiне қайта мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзуден бас тартуға рұқсат етiлмейдi.
48. Көлiк құралы иесiнiң мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзу кезiнде ақауларды анықтағаннан кейiн қайта мiндеттi техникалық қарап тексеруге ұсынуының ең ұзақ мерзiмi бірінші міндетті техникалық қарап тексеру өткізілген күннен бастап күнтiзбелiк он күндi құрайды.
Күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн көлiк құралының жай-күйiн осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жалпы негiздерде жүзеге асырылады.
49. Егер қайта мiндеттi техникалық қарап тексеру жүргiзу кезiнде бұрын анықталған және диагностикалық картада көрсетiлген, көлiк құралын пайдалануға жол берілмейтін ақаулар мен шарттар жойылмағаны белгiленсе, диагностикалық карта жасалады, онда қайта мiндеттi техникалық қарап тексеру нәтижелерi көрсетiледi.
50. Белгіленген міндетті техникалық қарап тексеруден өту кезеңділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетілген диагностикалық карта жоғалған немесе бүлінген кезде көлік құралының иесі жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына диагностикалық картаны беру туралы өтінішпен техникалық қарап тексеру операторына жүгінеді.
Техникалық қарап тексеру операторы 15 минуттың ішінде көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізбей бұзылған немесе жоғалған диагностикалық картаның орнына диагностикалық карта беруді жүзеге асырады.
Бұзылған немесе жоғалған диагностикалық картаның орнына диагностикалық карта бұзылған немесе жоғалған диагностикалық картаның жарамдылық мерзіміне беріледі.
Көлiк құралының меншiк иесi мен мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсi өзгерген жағдайда көлiк құралын тiркеу орны бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның тiркеу бөлiмшесi көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiн және/немесе мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсiн беру кезiнде бiр уақытта мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткенi туралы диагностикалық картаға және мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесi тиiстi өзгерiстердi енгiзудi жүргiзедi.
51. Техникалық қарап тексеру операторының техникалық қарап тексерудің стационарлық желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзуi бойынша ақпараты мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесiне мынадай мерзімділікпен берiледі:
1) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісі үшін - күн сайын нақті уақыт тәртібінде;
2) техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісі үшін – күнтізбелік екі күн ішінде бір рет.
Механикалық көлiк құралдарын
және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруді
ұйымдастыру және жүргiзу қағидаларын, механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудiң кезеңдiлiгiн бекiтуге қосымша
№ ___ техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы
Certificate of periodic technical inspection
Беткі жағы
Техникалық қарап тексеру операторы
(оператордың атауы мен мекенжайы):
|
Бастапқы тексеру
|
Қайталап тексеру
|
Диагностикаланатын көлік құралының фотосуреті
|
Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі:
|
|
Көлік құралының иесі
|
|
Сәйкестендіру нөмірі (VIN):
|
|
Маркасы, моделі:
|
|
Шығарылған жылы:
|
|
Көлік құралының тіркелу куәлігі (сериясы, нөмірі):
|
|
Шанақ нөмірі:
|
|
Рама нөмірі:
|
|
Қозғалтқышының нөмірі:
|
|
Көлік құралының санаты:
|
|
№
|
Тексерілетін параметрлері және қойылатын талаптар
|
№
|
Тексерілетін параметрлері және қойылатын талаптар
|
№
|
Тексерілетін параметрлері және қойылатын талаптар
|
I. Тежегіш жүйелері
|
13
|
Реттеу бұрыштары мен фарлар жарығы күшінің қойылатын талаптарға сәйкестігі
|
|
26
|
Аспа түйіндері мен бөлшектерінің жай-күйі, сондай-ақ олар бекітілетін жерлерде қозғалыстың (конструкциямен көзделмеген) және лифтердің болмауы
|
|
1
|
Жұмыс тежегіш жүйесі іс-қимылының тиімділігі көрсеткіштерінің сәйкестігі
|
|
14
|
Жарық аспаптары шашыратқыштарының бұзылулары мен жарықшақтарының болмауы
|
|
VI. Қозғалтқыш және оның жүйелері
|
2
|
Тежегіш күштер айырмашылықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігі
|
|
III. Көрініс
|
27
|
Көлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы ластандырғыш заттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі
|
|
3
|
Тұрудағы тежегіш жүйесі іс-қимылдарының тиімділігі көрсеткіштерінің сәйкестігі
|
|
15
|
Желқағар әйнектің әйнек тазалағыштарының болуы және жұмыс қабілеттілігі
|
|
28
|
Пайдаланылған газдардың түтіндегіштігінің шекті рұқсат етілген деңгейінің белгіленген талаптарға сәйкестігі
|
|
4
|
Блоктауға қарсы тежегіш жүйелері сигналбергішінің жұмыс істеуі
|
|
16
|
Желқағар әйнектің әйнек жуғыштары форсункаларының болуы және әйнек жуғыштың әйнек жуу аймағына сұйықтық беруді қамтамасыз етуі
|
|
29
|
Отын тамуының және пайдалану сұйықтықтарының тамшылауының болмауы
|
|
5
|
Тежегіш жетегінің герметикасы бұзылуының, қысым түскен тежегіш шлангтердің ісінуінің, жарықшақтардың, ысқыланған жерлердің, герметиканың жоғалуына немесе қирау қаупін төндіретін тотығудың болмауы
|
|
17
|
Жүргізуші орнынан көріністі шектейтін қосымша заттардың немесе жамылғылардың болмауы. Желқағар әйнектің жоғарғы бөлігіндегі пленка жолағының белгіленген талаптарға сәйкестігі
|
|
30
|
Газбен жұмыс істейтін көлік құралдарының герметикалық жүйесінің бұзылуларының болмауы. Газ баллондарының белгіленген талаптарға сәйкестігі
|
|
6
|
Тежегіш сұйықтықтарының тамуының болмауы
|
|
18
|
Желқағар әйнектің, алдыңғы бүйірлік әйнектің және алдыңғы есіктер әйнегінің жарық өткізу нормасына сәйкестігі
|
|
VII. Конструкцияның басқа элементтері
|
II. Рулдік басқару
|
19
|
Жүргізуші жағынан әйнек тазалағышпен әйнектің жартысын тазалау аймағында желқағар әйнекте жарықшақтың болмауы
|
|
31
|
Дыбыстық сигнал беру аспабының жұмыс қабілеттілігі
|
|
7
|
Рулдік басқаруда шекті мәндерден жиынтық люфтың артуының болмауы
|
|
20
|
Белгіленген талаптарға сәйкес артқы көрініс айнасының болуы және жай-күйі
|
|
32
|
Бір осьтік тіркемелерде (тарқатуды қоспағанда) және жұмыс тежегіш жүйелермен жабдықталмаған тіркемелерде жұмысқа қабілетті сақтандырғыш құрал-саймандардың болуы
|
|
8
|
Рулдік басқару күшейткіші бар рулдік доңғалақтың бейтарап жағдайдан өздігінен бұрылуының болмауы
|
|
V. Шиналар, доңғалақтар және аспалар
|
33
|
Автоматты құлыптың, ершікті-ілініс құрылғысының қолдық және автоматтық блоктауының жұмыс қабілеттілігі
|
|
9
|
Рулдік бағанның және рулдік механизм картерінің бекіту бөлшектерінің зақымдануының болмауы және толық жинақталымы
|
|
21
|
Шина бұжыртабандары суретінің биіктігінің белгіленген талаптарға сәйкестігі
|
|
34
|
Көлік құралын жарамды қауіпсіздік белбеулерімен жарақтау
|
|
10
|
Қалдық деформация іздерінің, рулдік механизмде және рулдік жетекте жарықшақтар мен басқа да ақаулардың болмауы
|
|
22
|
Кордты жалаңаштайтын бұжыртабанның жергілікті ажырауы және шинаның жергілікті зақымданулары (тесілуі, кесілуі, жыртылуы) болмауы
|
|
35
|
Тұншықтырғыштардың және түтін түтіктерінің болуы
|
|
36
|
Спидометрдің жұмыс қабілеттілігі
|
|
IV. Сыртқы жарықтық аспаптары
|
23
|
Доңғалақ дискілері мен құрсаулары бекітпесінің барлық бұрандамалары мен сомындарынның болуы
|
|
37
|
Бамперларының және доңғалақ үстінің ластанудан қорғау құрылғыларының болуы және жай-күйі
|
|
11
|
Конструкцияда көзделген орындарда фарлардың, сигнал фонарларының болуы және орналасуы
|
|
24
|
Доңғалақ дискілері мен құрсауларында жарықшақтың болмауы
|
|
38
|
Салон еденінде жарықшақтардың болмауы, орындықтардың сенімді бекітілуі, автобустарда, шағын автобустарда және таксиде орындықтардың реттеу механизмдерінің және бекітпелерінің жұмыс қабілеттілігі, жылыту, желдетпе жүйесінің еңбекке қабілеттілігі,
|
|
12
|
Фарлардың және сигналдық фонарлардың жай-күйі, жұмыс қабілеттілігі және жұмыс режимі
|
|
25
|
Белгіленген талаптарға сәйкес көлік құралына шиналарды орнату
|
|
39
|
Балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекiту орындарының жай-күйi мен жұмыс iстеуi. Белгіленген талаптарға сәйкес келетін авариялық аялдау белгісінің, өртсөндіргіштердің және медициналық қобдишаның болуы
|
|
|
40
|
Қаупті жүктердің тасымалдауын жүзеге асырған көлік құралына қойылған талаптарына сәйкестігі
|
|
Екінші жағы
Диагностикалау нәтижелері
|
Сәйкессіздік анықталған параметрлерді тексеру
|
Диагностикалық карта пункті
|
Төменгі шекара
|
Тексеру нәтижесі
|
Жоғарғы шекара
|
Параметр атауы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сәйкессіздік анықталған параметрлерді визуалды тексеру
|
|
Тексеру заттары (торап, бөлшек, агрегат)
|
Талаптарға сәйкессіздік мазмұны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Көлік құралының деректері
|
Жүктемесіз масса:
|
Рұқсат етілген ең көп масса:
|
Отын түрі:
|
Жүрісі:
|
Жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкестілік /сәйкессіздік туралы қорытынды (қажет емесі сызып тасталсын)
|
сәйкес келеді
matches
|
сәйкес келмейді
does not match
|
Қайталап тексеруді талап ететін диагностикалық карта пункттері:
|
|
Диагностикалық картаның берілген күні: «____» _____ 20___ ж.
|
Техникалық сарапшының Т.А.Ә:
(ол болған жағдайда)
|
Қолы:
|
Келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі: «_____» 20____ ж.
(айы)
|
|
|
Көлік құралының иесіның және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің өзгеруі
|
Көлік құралының иесі:
|
МО_________________
Күні_______________
|
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі:
|
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2015 жылғы «___» _________
№ _____ бұйрығына
2 - қосымша
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін
міндетті техникалық қарап тексеруден өткізудің кезеңділігі
1. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органда тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу техникалық қарап тексеру орталықтарында, шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған және автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдарын қоспағанда, мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:
1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жыл және одан асатын;
2. Адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған автобустар, шағын автобустар және таксилер, сондай-ақ жүк автомобильдері меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық қарап тексеруден әрбір алты ай сайын өтеді.
3. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған автокөлік құралдары меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық қарап тексеруден әрбір алты ай сайын өтеді.
4. Жүк автомобильдері және оларға тіркемелер меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық қарап тексеруден әрбір 12 ай сайын өтеді.
5. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі 1, 2, 3 және
4-тармақтарда көрсетілген кезеңділікке сәйкес бастапқы міндетті техникалық қарап тексеруден өту күнінен бастап есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |