8
Тұлғааралық шиеленіс – проблемді-қақтығысты ситуация, мұнда адамдар мақсаты,
құндылық және нормалары сәйкес келмейтін бір-бірінен өзара қарым-қатынас жүргізуге
тырысады немесе қатаң бәсекелесу нәтижесінде бір мақсатқа жетуге тырысады, бірақ
қақтығысқа түсуші бір топ немесе жақ жетістікке жетеді .
Еңбек ұжымының психологиялық климатына қақтығыстың әсер етуі деструктивтіге
бөледі, мүнда өзара қарым – қатынас іштей бөлінеді және бұзушы қақтығысқа өтеді,
дискомфорт және санасу.
Қақтығысты жағдайдың ішкі және сыртқы себептерінің сипаттамасына тоқталайық.
Сыртқы себептер: іскерлік және өзара тұлғааралық келіспеулер, жұмыстағы
қателіктер, жұмыс тәртібі мен келісім негізін бұзу.
Ішкі себептер: жағымсыз эмоцианалды және өзара қатынастың арасындағы
байланыс. Қақтығыста эмоцияны басқару. Қақтығыстан шығудың психологиялық
ерекшеліктері.
Қақтығысты басқару - болжау , ескерту, жою, реттеу. Қақтығыстың өзара қарым-
қатынасты бұзуы және зардаптарының себептері.
Іс-әрекет процесінде қиындықтардың пайда болуы және оны саналы түсіну,
обьектілендіру- проблемалық жағдайдың пайда болу шарттарының бірі екенін, С.Л.
Рубинштейннің айтуынша, мұның өзі ойдың пайда болуы мен алға жүруінің алғышарты мен
негізі болып табылытынын есепке ала отырып , ол педагогикалық психологияда адамның
интеллектуалдық іс-әрекетін белсендіру факторы, қалыптасқан «қиын» жағдайдан шығудың
жаңа тәсілдері мен құралдарын табуды ынталандыру факторы ретінде де қарастырылуы
мүмкін. Осыған байланысты педагогикалық қарым-қатынас процесіндегі қиындықтардың
позитивті және негативті функцияларын бөледі.
5-дәріс. Педагогикалық конфликт. Этнос аралық шиеленістер. Ұйымдардағы
шиеленістер. 3 сағат.
Психологтар, жетекшілер мен бағынушылар және адамдардың арасында кездесіп
отыратын талас – тартысты мәселелердің мән жайына жете көңіл аударып, олады дер кезінде
шешіп отыру еңбек ұжымдағы қалыпты психологиялық ахуал орнатудың басты шарты
болып саналады.
Педагогикалық қақтығыс ұғымынан біз педагогпен оқушы арасындағы біріккен іс-
әрекеттегі өзара әсерлесудің әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін көреміз.
Педагогикалық
қарым-қатынас
педагог
және
оқушылардың
өзара
әрекеттесу,
ынтымақтастық формасы:
- педагогтың коммуникативті мүмкіндігінің ерекшеліктері;
- педагогпен оқушының өзара қатынасынан туындаған мінез-құлық;
- педагогтың шығармашылық индивидуальдылығы;
- оқушылар ұжымының ерекшелігі.
Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас стилі - әлеуметтік және адамгершілік жағынан
байытылған сатысы. Педагог өзінің педагогикалық іс-әрекеті және үйренушілердің оқу іс-
әрекеті негізінде қарым-қатынас қиындықтары пайда болады. Педагогикалық іс-әрекетте
қиындықтар пәндік мазмұнның өзімен, педагогтың меңгерілуі оның іс-әрекетінің негізі
болып табылатын білімдерге ие болу деңгейі және сипатынан да туындауы мүмкін, сондай-
ақ кәсіби-педагогикалық іскерліктерден, дидактикалық құзырлылықтан да, үйренушілерге
педагогикалық әсер ету тәсілдері және құралдарынан да туындауы мүмкін. Осыдан,
педагикалық қиындықтардың негізгі бағыттары білім беру процесінің дамуы, мазмұны және
формаларымен, мұнда оқыту мен тәрбиелеу іс-әрекетінің субьекті ретіндегі оқытушының
ерекшеліктері және қарым-қатынас процесімен байланысты.
МОДУЛЬ 3. КОНФЛИКТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
6-дәріс. Конфликтті тұлғалар. Қазіргі таңдағы шиеленісті шешу менеджменті.
Шиеленістің алдын алу. Шиеленісті шешу жолдары. 3 сағат.
9
Қақтығысты шешудің жолдарымен айналысатын мамандардың көбі, қақтығысты
басқару процесі көптеген факторларға байланысты, олардың көпшілік бөлігі басқару әсеріне
оңайлықпен берілмейді. Мысалы, жеке тұлғаның көзқарастары, индивидтердің, топтардың
қажеттіліктері мен мотивтері.
Қалыптасқан стереотиптер, түсініктер, ырымдар шешімді қабылдаушылардың
әрекеттерін жоққа шығаруы мүмкін. Қақтығыстың түріне қарай шешімерді іздеумен әртүрлі
салалар айналысуы мүмкін: ұжымның басшылары: персоналды басқару саласы, психолог
және әлеуметтанушы бөлімі, кәсіподақ ұйымы, милиция, сот.
Қақтығыстың шешімдері: қақтығысты тудырушы себептерді тұтасымен немес
жекелеп жою болып табылады, сонымен бірге оған қақтығысқа қатысушы жақтардың
мақсатын өзгерту де жатады.
Қақтығысты басқару – бұл қақтығысты тудырушы себептерін жоюға
(минимазациялауға) қатысты бағытталған әсер, немесе қақтығысқа қатысушы жақтардың
қимыл-әрекетін өзгерту.
Қақтығысты басқарудың көптеген әдістері бар. Үлкейте отырып оларды, әр
қайсысының өзінің қолдану ережесі бар саласы болатын, бірнеше топшалар түрінде
көрсетуге болады.
- тұлға ішіндегі: яғни жекелеген тұлғаға әсер тетін әдістер.
- құрылымдық, яғни ұйымдастыру қақтығыстарын жою әдістері
- тұлға аралық әдістер немесе қақтығыстағы қимыл-әрекетттің стилі.
- келіссөздер.
- жауап ретіндегі агрессивті қимыл-әрекеттер, әдістердің бұл тобы тек шектен тыс
шығып кеткен жағдайда ғана, барлық мүмкіндіктер таусылған кезде ғана қолданылады.
Адамдар арасындағы іскерлік қатынастың рационалды әдісіне болып ауызша және
телефон арқылы сөйлесу жатады.Ауызша қатынастың келесі түрлері көрсетіледі:әңгіме,
дисскусиялар, таластар. Ал жазбаша іскерлік қатынастың түрлеріне көбінесе іскерлік хат,
өтініш, өмірбаян, мінездеме, түсініктеме, довереность, протокол т.б.
Қақтығысты ситуацияны жасаудың басында немесе қақтығыстың өзінің жүзеге
асуының басында оған қатысушы жақтар, форманы, өзінің бұдан кейінгі қимыл-әрекетінің
стилін, таңдау қажет, және бұл олардың қызығушылықтарына неғұрлым аз дәрежеде ықпал
етуі керек.
К.Томас және Г.Килмен қақтығысты ситуациядағы қимыл-әрекеттің бес негізгі стилін
бөліп қарастырады:
-бейімделушілік, орын беру;
- бас тарту;
- қарама-қарсы күрес;
- әріптестік қызмет;
- келіссөзге келу.
7-дәріс. Келіссөз және оны жүргізу. Келіссөз жүргізу стратегиясы мен динамикасы.
Амалдары мен тиімді жолдары. 2 сағат.
Қарым-қатынас серіктерінің жеке-психологиялық ерекшеліктері (мұғалімнің де,
оқушылардың да, студенттердің) көбінесе коммуникативтік қиындықтардың себебі болады.
Оның түсіндірілуі, біріншіден, осы қиындықтар кем дегенде үш күштердің өзара байланысы
мен өзара әрекеттерінің нәтижесі: оқытушының, студенттің даралық –психологиялық
ерекшеліктері және олардың бір-бірін қабылдауы.
Е.А. Климов атап көрсеткендей, адамдардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін
бейнелейтін іс-әрекеттің даралық стильдерінің сәйкес келуі – олардың қиналмай қарым-
қатынас жасауларының негізгі шарттарының бірі.
Шиеленіскен жағдайларды алдын алу, оны басқара білу, ұжымдағы психологиялық
ахуалдың сақталуы үшін түрлі әрекеттер қолданылады:
- шиеленісті жағдайлардан шыға білу, шиеленісті алдын алу;
- қарсы жақтағыларды ортақ келісімге келуге икемдеу;
- толеранттылық;