12
Қарым-қатынас психологиясы және конфликтология.
Қарым-қатынас психологиясының мақсат-міндеттері, зерттеу пәні және қалыптасуы мен
дамуы.
Конфликтология ғылымы.
Даму тарихы мен зерттеу объекті.
Зерттеу әдістері.
Қарым-қатынас және шиеленіс бойынша жалпы теориялар.
Шиеленіс жағдайларының туындауы.
Себептері.
Құрылымдары.
Функциялары.
Динамикасы.
Қарым-қатынас және шиеленіс (конфликт) түрлері.
Тұлғаішілік шиеленістер.
Түрлері.
Стресс – шиеленіс туғызушы ретінде.
Тұлғааралық шиеленістер.
Әлеуметтік жүйелердегі шиеленістер.
Топтық шиеленістер.
Педагогикалық конфликт.
Этнос аралық шиеленістер.
Ұйымдардағы шиеленістер.
Шиеленістің алдын алу және шешу жолдары
Конфликтті тұлғалар.
Қазіргі таңдағы шиеленісті шешу менеджменті.
Шиеленістің алдын алу.
Шиеленісті шешу жолдары.
Келіссөз және оны жүргізу.
Келіссөз жүргізу стратегиясы мен динамикасы.
Амалдары мен тиімді жолдары.
Кәсіпорындардағы және ұйымдардағы стресс тудырушы жағдайлар.
Тұлғаның ішкі күйзелістері және бұзылулар.
Стресске қарсы тұру, алдын алу жолдары.
Тұлғаның психологиялық қорғаныш механизмдерін дамыту
Тұлғаның психологиялық қорғаныш механизмдері.
Шығарып тастау және сулимация.
Регрессия және рационализация.
Проекция және алмастыру және т.б.
Фрейд психоанализі бойынша конфликтік жағдайларды талдау (тұлғааралық және
ұйымдағы)
Фрейд теориясы.
Конфликтік ситуацияларды психологиялық анализ жүйесінде қарастыру.
Тұлғааралық конфликтілердің психологиялық ерекшеліктері.
Ұйымдағы конфликтілердің психологиялық ерекшеліктері.
Конфликтінің алдын алу және болдырмау
Келіссөз жүргізу сызбасы.
Келіссөз жүргізу стратегиясы.
Жест және мимика.
Имидж.
13
ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Түсінік хат
“Қарым-қатынас психологиясы және конфликтология” курсы қарым-
қатынас психологиясының пән ретінде мәнін ашудағы ғылыми-әдіснамалық
жағдайларға сүйенеді, сонымен қатар отандық және әлемдік психологиялық,
әлеуметтік ғылымдардың жетістіктерін негізге алады.
Курстың мақсаты: Қарым-қатынас психологиясы және конфликтология
курсының білімін зерттеу және меңгерудің негізінде студенттердің психикалық
ойлауы дамиды, семинар және практикалық сабақтарда қарым-қатынас
психологиясы мен шиеленісті шешу бойынша іскерлік және дағдыларын
қалыптастыру.
Курстың міндеті:
1) қарым-қатынас психологиясының заңдылықтарын зерттеудің негізінде
студенттердің білімін жүйелеу;
2) әртүрлі теория және фактілерді жүйелі-психикалық талдау процесі
негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін, іскерлік және дағдыларын
дамыту;
3) әлемдік және отандық зерттеулердің негізгі принциптерімен,
бағыттары және идеяларымен таныстыру.
Курстың жоғары кәсіптік білім берудегі орны.
Ұсынылып отырған курс білімгерлерге қарым-қатынас психологиясы мен
конфликтология ғылшымдары бойынша өзбетімен психологиялық тәжірибелер
жүргізуге, қоғамда және жеке тұлғааралық қатынастарда кездесетін
шиеленістік жағдайларды кәсіби біліктілікпен шеше алуға септігін тигізеді.
Пререквизиттер: Психологиялық кәсіби білімі “Қарым-қатынас
психологиясы” курсымен таныстықтан басталады. Нақты пәнді оқып-үйрену
барысында алынған білім, Сізге қарым-қатынас психологиясы және
конфликтология ғылымдарының негізін меңгеруге көмегін тигізеді. “Қарым-
қатынас психологиясы және конфликтология” курсын жемісті меңгеру үшін
“Социология”, “Тұлға психологиясы”, “Халықаралық қатынастар” пәндерімен
таныс болу қажет.
Постреквизиттер: Студенттердің осы курста алынған білімдері басқа
мамандарға пәндерді жеңіл білуге көмек береді, олар: “Жалпы психология”,
“Жас ерекшелік психологиясы”, “Педагогикалық психология” және тағы басқа.
Негізгі дидактикалық бірліктер мен түсініктер:
Қарым-қатынас: вербалды және вербалды емес қарым-қатынас; позитивті
және негативті қарым-қатынас; конфликт объекті және пәні; конфликт
тпологиясы; конликт құрылымы және динамикасы; конфликт элементтері;
себептері; конструктивті және деструктивті қызметтері; конфликт алды
жағдайлары; ашық конфликт; конфликт соңындағы кезең; тұлғаішілік
конфликт; стресс; түрлі әлеуметтік ортадағы конфликттер; алдын алу; шешу
жолдары; келіссөздер және оларды жүргізу жолдары.
14
ПӘННІҢ ОҚУ МАЗМҰНЫ
МОДУЛЬ 1. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ
КОНФЛИКТОЛОГИЯ
1-дәріс. Қарым-қатынас психологиясының мақсат-міндеттері, зерттеу пәні
және қалыптасуы мен дамуы. Конфликтология ғылымы. Даму тарихы
мен зерттеу объекті. Зерттеу әдістері.
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі
және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынастық
кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және
адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарым-
қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі
сатыдағы кедергілер. Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған,
сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін
ызамен жауап береді. Әрине, ренішті кешіре білу – бұл жоғары жетістік және
этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық
адам жете қоймаған өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат
қажеттіліктерінң бірі болып табылады. Даулы мәселені шешуде адамның
бойындағы барлық игі қаиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр
түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы,
оның дұрыс-бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып,
түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа,
әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. А.Н.Леонтьев,
И.Ф.Харламов қарым-қатынас ұғымына мотив ұғымының мазмұнын,
В.Н.Мясищев оны қажеттілік ұғымының мазмұнымен теңестірген.
Кейбіреулері қарым-қатынастың бағыттылықпен (Н.Д.Левитов), позициямен
(Б.Г.Ананьев, А.К.Маркова), сезіммен (С.Л.Рубинштейн), мінез-құлықпен
(Б.Н.Теплов), қызығушылықпен (П.И.Иванов, А.П.Архипов), әлеуметтік
белсенділікпен (Б.Ы.Мұқанова) байланыстылығы туралы пікірлерін айтқан.
Қарым-қатынасты қызметтік тәсіл позициясы тұрғысынан зерттеушілер
И.А.Зимняя, А.Н.Леонтьев және Г.М.Андреевалардың пікірінше, қарым-
қатынас – бұл адамдар арасындағы байланысты орнату мен дамытудың,
олардың арасындағы бірлескен қызметтік қажеттіліктерден туындайтын,
сонымен қатар өзара ақпарат алмасу, өзара байланыстың біркелкі стратегиясын
қалыптастыру, басқа адамдарды қабылдау мен түсінуді қамтитын күрделі көп
салалы үдеріс.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым
мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді нақты жағдайда
пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер
қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Психология ғылымында психологиялық ұжымдағы болып жатқан түрлі
жағдайларды шешу, қызметкерлердің қарым-қатынас жағдайларда болып
жатқан шиеленісті жағдайлардан сауатты, дұрыыс шығу, бұл жағдайларды