Операциялық бөлімде практикадан өту кезінде студент қолданыстағы қолма-қол ақшасыз есеп нысаны, оларды жүзеге асыру тәртібі және қолдану саласы туралы түсінік алуы керек.
Бухгалтерияда практикадан өту кезінде студент банк төлейтін негізгі салық түрлерімен, оларды аудару,есеп жүргізу және есеп айырысу тәртібі зерделенеді.
Жоспарлау-экономикалық бөлімде студент:
банк қызметінің құқықтық нормалары мен принциптерін;
банктің міндетті түрде орындайтын экономикалық нормативтерін есептеу тәртібі және олардың қызметін бақылауды;
жеке меншік қаражатының қалыптасу және кірісті бөлу тәртібін;
банктің маркетингтік зерттеулер жүргізу әдісі, банк менеджменті негізін;
банктің төлем қабілеттілігі мен өтімділігін реттеу әдістері, тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін жіктеуді;
түрлі банк мекемелерінде ресурстарды қалыптастыру ерекшеліктерін, несие әлеуетін қалыптастыру көздері;
пассивті банк операцияларының түрлері және оларды ұйымдастыру принциптерін;
банктің несие ресурстары аукционында қатысу тәжірибесін зерделеуі қажет.
Бағалы қағаздар және салым бөлімінде практикадан өту кезінде практикадан өтуші банктің құнды қағаздармен жұмыс істеу сипатын зерделеуі тиіс, атап айтқанда:
қаражатты құнды қағаздарға инвестициялау әдісін;
құнды қағаздарды шығару: құжаттама және шығару жағдайын, қағаздарды алдын ала бағалауды; алғашқы тарату таңдау тәртібін, шығару туралы есеп берушілікті құруды;
бухгалтерлік есеп жүргізу және бағалы қағаздармен операция бойынша есеп берушілікті құру тәртібін;
бағалы қағаздар нарығын талдау әдісі, инвестициялық кеңес беру;
бағалы қағаздарды сақтау, күзету, тасымалдау және жіберу ерекшелік- терін;
есептерді бағалы қағаздар бойынша жүзеге асыру тәртібін;
несиені бағалы қағаздармен ұсыну және алу тәртібін;
вексельдерді есептеу және қайта есептеуді;
бағалы қағаздарды кепілге қою, құжаттамалық ресімдеу, кепілді тіркеу, міндеттемелер орындалмаған жағдайда оны іске асыру тәртібін;
бағалы қағаздарды сақтандыруды және олардың операциясын, сақтандыру келісімдері бойынша есеп жүргізу тәртібін;
бағалы қағаздар құнын құнын өтеу мерзімі болғанда, өндіріп алу және төлеу тәртібін, пайыздар мен дивиденттерді төлеуді;
халық салымдарының негізгі түрлерін, олардың шарттары және осы салымдарды қабылдау операцияларын;
салымдар бойынша пайыздар және басқа да кірістерді аудару тәртібін;
салымдар бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін;
банктің депозиттік операцияларын жүзеге асыру ерекшеліктерін; депозиттік келісімшарттардың нысандары мен түрлерін, келісімшарт жасау тәртібі мен шарттарын, депозиттік пайыздарды есептеу тәртібін.
Достарыңызбен бөлісу: |