Практикалық сабақтарға тапсырмалар



жүктеу 25,48 Kb.
бет2/3
Дата21.01.2022
өлшемі25,48 Kb.
#33978
түріСабақ
1   2   3
2 урок каз.яз

Отбасы және дәстүр

Отбасы дегеніміз – туыстық байланыста болатын, бірлесіп өмір сүретін адамдар тобы. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер, дәстүрлер адамға өмір бойы серік болады.

Отбасында ер адам – басты тұлға болып саналса, әйел – оның серігі, көмекшісі болып табылады. Ер-азамат – шаңырақ иесі, әйел – отбасының алтын қазығы.

Балалар жас кезінен үлкендерді сыйлап, олардың айтқандарын есте сақтап, орындап отыруға тиіс. «Балаңды бір жастан жеті жасқа дейін патшадай сыйла. Жетіден он беске дейін құлыңша жұмса, одан соң өзіңе дос сана, ақыл-кеңес сұра».

Қазақ отбасындағы ең жақсы дәстүрлердің бірі – балаға ата-бабасын, яғни жеті атасын және нағашы жұртын таныстырып отыру. Ата-ана баласына кіммен (қай румен) тұрмыс құруға болатынын айтып отырады.

Жеті ата - бір кісіден тараған аталас қауым. Олар жеті атаға жеткенде, түйе, боз қасқа сойып, үлкен жиын жасайды. Бұл – «бұдан былай аталастарға қыз алысуға болады» деп бата беру деген сөз.(«Қазақтың салт-дәстүрлері»)

Қазақта «шаңырақ» сөзі «отбасы» деген мағынаны білдіреді. Адамзат өмірінің бастауы да осы отбасы. Отбасы – адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайысы әр отбасы мүшесінің дамуына ықпал етеді.

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар? Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де сіздерге белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.



  1. Сөздікті пайдалана отырып мәтіннің мағынасын түсініңіз.

4. Мәтін мазмұны бойынша 5 сұрақ дайындаңыз, жолдасыңызбен сұхбаттасыңыз.

5. Мәтіннен сұрау мәнді сөйлемдерді тауып, белгілеңіз.


Практикалық сабақтарға тапсырмаларды орындау бойынша нұсқау:

1. Сұрау мәнді сөйлемдердің грамматикасын еске түсіріңіз: Жауап алу мақсатымен сұрай айтылатын сөйлемдерді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем интонациялық жағынан көтеріңкі басталып бәсеңдемей, көтеріңкі интонацияда бітеді. Жазуда сөйлем соңында сұрау белгісі (?) қойылады.

Жасалу жолдары:

1) Сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы: Не айтасыз? Қазақстанда неше қала бар?

2) Сұраулы шылаулардың (ма, ме, ба, бе, па, пе, ше ) қолданылуы арқылы: Сіз қазақсыз ба? Қазақ тілін білесіз бе?

3) Сұрау интонациясы арқылы (өте сирек кездеседі), негізінен диалогта:

- Емтиханға дайынсың ба?

- Емтиханға?

- Қашан болады?

- Ертең.


- Ертең?!

4) – ғой, - қой, - ау, - еу, шылауларының, «ә, сірә» сияқты оқшау сөздердің, «болар, шығар, қайтеді, білемін» сияқты көмекші сөздердің қолданылуы арқылы:

Осы ғой жазған шығармаң? – Иә, осы. Ол бүгін келетін шығар? (1.9, 5- 6бб.)

2. Тәуелдік жалғауының грамматикасын еске түсіруде бұл жалғаудың орыс тілінде жоқ екендігін, оның үнемі ілік септіктен кейін келетінін ұмытпаңыз: Менің досым, Мараттың кітабы, сенің қаламың т.б. (1.1, 89б.).


Өз бетімен және оқытушының жетекшілігімен орындалатын, студенттің өздік жұмысына арналған тапсырмалар:

  1. Берілген мәтінді оқып, түсініңіз.

  2. Түсініксіз сөздермен жұмыс жасаңыз.

жүктеу 25,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау