Практикалардың сабақтас бағдарламасының; қорытынды мемлекеттік аттестация жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың; бітіру (диплом)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 380,72 Kb.
бет2/2
Дата18.12.2017
өлшемі380,72 Kb.
#4662
түріСабақ
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы

5В020700 – Аударма ісі мамандығының студенттеріне арналған


БІТІРУ (ДИПЛОМ) ЖҰМЫСТАРЫН

ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной


Бітіру (диплом) жұмыстарын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/28




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті





БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор _________Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»___________

5В020700 – Аударма ісі мамандығының студенттеріне арналған

бітіру (диплом) жұмыстарын

орындау жөніндегі


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Әдістемелік нұсқау Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтың ҚР МЖМБС 5.04.019 - 2011 және «Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ережелері. Негізгі ережелер» атты ҚР МЖМБС 5.03.016-2009 негізінде әзірленді.
Құрастырушы _____ каф. меңг., филол. ғ. канд., ПМУ доценті Демесинова Г.Х.
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы
Кафедра отырысында ұсынылды, 20__ж. «___»__________№____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ Демесинова Г.Х. 20__ж. «____» ________


Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің ОӘК мақұлданды

20_ж. «_____»______________, № ___ Хаттама


ОӘК төрағасы ________________ Жұмаңқұлова Е.Н. 20__ж. «____» _________
КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы ________________ Сарбалаев Ж.Т. 20__ж. «____» _________


МАҚҰЛДАНДЫ:


Университеттің ОӘК мақұлданды 20__ж. «_____»__________, №____ Хаттама

1 Бітіру (диплом) жұмысын орындаудың мақсаты
1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге;

2) ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;

3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмыска дайындығын анықтау;

2 Студенттің бітіру (диплом) жұмысының тақырыбын таңдау тәртібі;
Студент диплом жұмысының тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды.

Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа диплом жұмысын орындау қүқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі.

Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Диплом алдындағы практика аяқталысымен диплом жұмысының такырыбы қажетті жағдайларда шығарушы кафедраның ұсынысымен өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.
3 Бітіру (диплом) жұмысының мазмұнына, көлеміне және құрылымына қойылатын талаптар
Аударма ісі факультетінің студенттері бітіру мамандық жұмысын дипмлодық немесе шығарма жұмыс түрінде орындалуларына болады

Диплом жүмысы өзінің мазмүны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, колжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жүмысы.

Диплом жүмысының көлемі, ереже бойынша, 60-90 бет болуы қажет (кейбір жағдайларда гуманитарлық мамандықтар бойынша 100 бетке дейін). Қосымшалар диплом жүмысының көрсетілген көлемше енгізілмейді.

Бітіру шығармашылық жұмыс бұл өзгеше көркем немесе ақпараттық (ғылыми-техникалық, медициналық, заңды және т.б.) мәтіндерінің немесе бір немесе екі оқытылатын тілдерден қазақ (орыс) тіліне, немесе қазақ (орыс) тілінен бір немесе екі оқытылатын тілдерге аудармасы.

Шығармашылық жұмыстың ішінде аударма, автормен қабылданған аударма шешімдердің мазмұндамасы мен дәлелдеуі, глоссарийдің немесе терминологиялық минимум-сөздігі және мазмұны болуы керек. Бітіру шығармашылық жұмыстын өлшемі 50 беттен аспауы керек.

Диплом жұмысының (жобаның) күрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

- мұқаба (сыртқы беті);

- титул беті;

- диплом жүмысының (жобаның) орындалуына тапсырма,

- мазмүны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (түжырым);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлүматтар келтіріледі:

- диплом жүмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы,

- студенттің тегі және аты-жөні,

- диплом жүмысының (жобаның) тақырыбы,

- жүмыстың түрі-диплом жүмысы (жоба),

- мамандықтың атауы және коды,

- қала және жыл.

Титул беті диплом жұмысының бірінші беті қүжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі маглұматтар келтіріледі:

- диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы,

- дипломдық жұмыс жобасы орындалған, кафедра атауы,

- шектеуіш гриф (қажет болганда),

- кафедра меңгерушісінің бекітілген колы,

- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба),

- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының (жобаның) тақырыбының, атауы,

- мамандықтың атауы және коды,

- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,

- бір жол томен «гылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атагы» және тегі мен аты жөні,

- қала және жыл көрсетіледі,

Мұқабаны рәсімдеу үлгісі және титул беті Б және В қосымшаларына сәйкес келтіріледі.

Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.

Кіріспе бөлім диплом жүмысының (жобаның) өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.

Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, эдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).

Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, койылган міндеттердің толык шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылган талаптарга сәйкес рәсімделеді.

Қосымшага дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.

Диплом жұмысындағы (жобаға) қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-диплом жұмысының (жоба) авторы - өз мойнына алады.
4 Бітіру (диплом) жұмысын ресімдеу тәртібі
Диплом жұмысы компьютер, принтер аркылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14.

Диплом жүмысының мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рүқсат беріледі.

Диплом жұмысының орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМБ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

Диплом жұмысын әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рүқсат беріледі.

Дипломдық жүмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.

Диплом жүмысының (жобаның) қүрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмүны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

Диплом жүмысын бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан түруы қажет.

Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінщ тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмүнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.

Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

Диплом жүмысының беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің номері кағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.

Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.

A3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

Диплом жұмысының бөлімдерінің барлық қүжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленш нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен түрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Мысал


1. Типтікжәне негізгі мөлшері

1.1


1.2 Құжаттың бірінші бөліміндегі нөмірленуі бөлімшенің

1.3


2. Техникалық талаптар

2.1


2.2 Құжаттың екінші бөліміндегі нөмірленуі бөлімшенің

2.3


Диплом жүмысының әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол томен түсіріліп бөлінеді.

Диплом жүмысының беттері және қосымшасы, диплом жүмысының қүрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.

Диплом жұмысындагы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.

Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

Диплом жұмысына орналаскан сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар конструкторлық қүжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

Қосымшадагы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аягына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс .

Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен түрады. Мысалы: Сурет 1.1.

Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мәтін. Бұл жагдайда былай жазылады: Сурет 1. Банк жүйесінің құрылымы.

Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.

Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.

Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.

Барлық кестелерге диплом жүмысында (жобада) сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

Көп жол мөлшердегі кестені келесі паракка (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.

Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.

Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден түрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден түрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалык және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мүндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен түрады.

Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер такырыпша бір сөйлемнен түрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуга рұқсат беріледі.

Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалган бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.

«Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.

Егер мәтін мазмүнына, кесте немесе графикалық материялдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жүмысқа ескерту енгізіледі.

Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейш немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер арап сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызыктың үстінен жазылады.

Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөлш көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменп жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (х), бөлу (:), немесе математикалык белгшерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.

Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.

Диплом жұмысындағы формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жүмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.

Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы - (1) формулада.

Бөлімше шегінде (ішіндегі) формулаларды нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мүндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1).

Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады.

Дерек көздері туралы мэлімет диплом жүмысының (жобаның) мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.

Қосымшалар осы диплом жүмысының жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.

Диплом жүмысының мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.

Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады.

Егер диплодық жүмыс бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі.

Қосымшалардың диплом жұмысының (жобаның) қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.
5 Бітіру (диплом) жұмысын орындау және қорғауға ұсыну тәртібі
5.1 Бітіру (диплом) жұмысын орындау ұсыну тәртібі
Диплом жүмысын жазу үшін кафедраның үсынуымен әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады;

Диплом жүмысының ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен сол жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері және басқа ұйымдардың ғылыми зерттеу, басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін жоғары білікті мамандары тағайындалады;

Диплом жүмысының жетекшісі:

1) диплом жұмысына тапсырма береді;

2) студентке диплом жүмысының (дипломның жобалануы) орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;

3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;

4) барысында студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады;

5) диплом жұмысының барлық тарауының көлемін белплейді және диплом жазушы мен консультанттың жүмысын үйлестіреді.

Диплом жұмысына тапсырма студенттердің дайындаган бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, улгі), диплом жұмысының күнтізібелік кестесінен тұрады.

Диплом жұмысының тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысының тапсырмасы диплом жұмысына (жобаға) тігіледі.

Жекелеген тараулардың кезекпен орындалуы көрсетілген жүмыстың күнтізбелік кестесі барлық кезеңдерге кұрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі.

Қажет болған жағдайда диплом жұмысының ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра диплом жүмысының жекелеген тараулары бойынша ғылыми жетекшіге бөлінген уақыты есебінен консультанттар шақырады.

Консультант ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, осы жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызыметкерлерін де тағайындауға болады. Консультанттар өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қолын қояды.

Шығарушы кафедра диплом жүмысы орындалмас бүрын әдістемелік нұсқау әзірлеп, студенттерді қамтамасыз етулері қажет, диплом жұмысының (жобаның) орындалуына ұсынылған талаптар мамандыктың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.

Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының орындалуы бойынша студенттің есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диплом жұмысының (жобаның) дайындық дәрежесі назарға алынып, факультет деканына мәлімет ретінде беріледі.

Диплом жұмысы мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші окулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналган журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.).

Әрбір дипломдық жұмыстың тапсырмалары жеке және перспективалық теориялық, практикалық сұрактарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет. Мысалы, инженерлік мамандықтарда дипломдық жүмыс негізгі тақырыптан тыс технологияға байланысты жарық көрген сұрақтарды қамтуы қажет, (автоматтандырылған және кешенді өндіріс механизмі, стандарттау, ғылыми еңбекті үйымдастыру және өндірісті басқару т.б.). Әр жобаның экономикалық негіздемесі сонымен бірге еңбек қорғау мен өндірістік экологияға арналған сүрақтарды қамтыған тараулары болуы қажет.

Диплом жұмысының ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен кабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың түжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі кажет.

Диплом жүмысын студент жоғары оқу орнында, сонымен бірге өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық-жоба және басқа да үйымдарда орындалады.

Аударма берілетін мәтіндер шығаратын кафедрасымен немесе студенттердің өз ғылыми жетекшісінің (кеңесшісі) келісіммен анықталады. Мәтіннің өлшемі 25-30 беттерге тең болу керек. Аударма және түпнұсқа мәтіннің негзінде құрастырған глоссарийдің немесе терминологиялық минимум-сөздігінің өлшемі 10 беттен аспау керек (ұсынылатын материалдың тереңдігінен байланысты 20 дан 50ге дейін).

Автормен қабылданған аударма шешімдердің мазмұндамасы мен дәлелдеуі, сонымен қатар жұмыс бойынша нәтижелер оқытылатын тілде (мысалы, ағылшын тілінде) немесе студенттің таңдауы бойынша қазақ/орыс тілдерінде жазуға болады.

Қабылданған аудармалық шешімдерін дәлелдеу кезінде түпнұсқанын оптималды фрагментін, ұсынған аударманы вариантын және өз комментарийлерді көлем бойынша беру керек. Бұл мәліметтерді, мысалы, екі-үш діңгектен тұратын: түпнұсқа, аударма және комментарий6 кесте түрінде көрсетуге болады.



1 кесте. Лексикалық трансформациялар


Merely as individuals their fate is of little consequence to the world.

Их личная судьба не имеет большого значения для общества.

(КОНКРЕТИЗАЦИЯ)



In the prisoners' dock sit twenty-odd broken men

На скамье подсудимых сидит 20 морально сломленных людей

(МОДУЛЯЦИЯ)




2 кесте. Грамматикалық трансформациялар


I don't criticize this policy. Indeed, I wish it were universal

Я не критикую эту политику и, безусловно, желал, чтобы она была всеобщей

(БІРІКТІРУ)



Not only was there a purpose to debilitate and demoralize the economy of Germany's neighbors for the purpose of destroying their competitive position, but there was looting and pilfering on an unprecedented scale.

Цель заключалась не только в том, чтобы ослабить и расстроить экономику соседних с Германией стран с тем, чтобы обезвредить их как конкурентов. Производились, кроме того, в невиданном масштабе, грабеж и разбой.

(МҮШЕЛЕУ)



Riots were organized by party leaders to loot Jewish business places and to burn synagogues

Нацистские партийные лидеры организовали погромы для того чтобы разграбить еврейские рабочие места и поджечь синагоги, (ГРАММАТИКАЛЫҚ АЙЫРБАСТАУ)

3 кесте. Лексикалық - грамматикалық трансформациялар

This war did not just happen was planned and prepared for over a long period of time and with no small skill and cunning

Эта война разразилась не внезапно – она планировалась и готовилась в течение большого периода времени с большим мастерством и вероломством. (АНТОНИМИКАЛЫҚ АУДАРМА)

Сипаттау үшін объекттер ретінде жұмыста лексикалық (терминологиялық), грамматикалық, аударманың стилистикалық қиыншылықтары; зерттеген саласын нақты білмеуімен байлынысты қиыншылықтар (subject matter) немесе мәдениетаралық айырмашылықтар (реалии мәселелері және т.б.) таңдап алынады. Аударма шешімдерін дәлелдегеде осы немесе басқа кезінде аударма тәсілдердің қолдануын түсіндіру қажет.

Қорытындыларда аудармашыларға мінездемелер ұсынылады және өткізілген зерттеудің жалпы нәтижелер беріледі.


5.2 Бітіру (диплом) жұмысын қорғауға ұсыну тәртібі
Дипломдық жүмыс алдын ала корғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады.

Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің міндетті түрде қатысуларымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен өткізіледі.

Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған дипломдық жүмыс ғылыми констультант пен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге үсынылады.

Ғылыми жетекші диплом жұмысына жазбаша сын-пікір жазады.

Диплом жүмысы кабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне үсынады.

Диплом жүмысы қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ жазбаша сын-пікір жазады, диплом жүмысының қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады.

Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жүмысына нақты соңғы түжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады.

Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бүл сүрақ студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орынының ректорына бекітуге үсынылады.

Шығарушы кафедраның қорғауға үсынған диплом жүмысы, пікір жазу үшін факультет деканына жіберіледі.

Шығарушы кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми үйымдардың мамандары арасынан үсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жогары оқу орындарының профессорлар, доценттер, оқытушылар қатыстырылады.

Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын диплом жүмысының профиліне сәйкес гылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.

Пікір жазушы диплом жұмысына жазбаша пікірін үсынуы қажет, онда тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, такырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен үсыныстарының барлығы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі көрсетіледі.

Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі мен квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.

Ғылыми жетекшінің қорғауға жіберген, бірақ пікір жазушының Ғ -«қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған, диплом жүмысы жалпы жағдаймен қорғалады.

Факультет деканы шығарушы кафедраның меңгерушісі мен диплом жазушы - студентті жазылған пікірмен қорғауға бір күн қалғанда таныстырады. Диплом жұмысын пікірі және сын-пікірімен қоса Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жібереді.

Диплом жұмысын қорғау студенттің калауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі. Студент кафедраның үсынысымен диплом жұмысының (жобасының) қорғауда таныстырылып және шетел тілінде сұрақтар қоюға болатын шетел тіліндегі қысқаша мазмұнын тапсырады.

Дипломдық жұмысты корғауда электрондык корларды мультимедиялық тұсау кесер түрінде тұстас техникалық қаражат базасында және ақпарат қатынас саласында жетістікте пайдалануда жүзеге асыруға болады.



ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР МЖМБС 5.03.016-2009 «Жоғары оқу орындарында диплом жумысын (жоба) орындау ережесі. Негізгі ережелер».

2. Загидуллин Р.З. Методические рекомендации по подготовке выпускной творческой работы (специальность 050207 - Переводческое дело). – Иностранные языки в высшей школе: Сборник методических статей и рекомендаций. – Алматы, 2008. – С. 14-18.

3. Карлинский А.Е Принципы, методы и приемы лингвистических исследований.Алматы, 2003.–184 с.

4. Арнольд И.В. Основы научных исследований в лингвистике. М.,1991. –156 с.



5. Степанов Ю.С. Методы и принципы современной лингвистики. – тМ.: Наука, 1975.– 312 с.

6. Темиргазина З.К. Современные теории в отечественной и зарубежной лингвистике: Курс лекций для магистрантов и студентов-филологов. - Павлодар, 2002. 108 с.
жүктеу 380,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау