Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы
5В073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған
OM4303 Өңдеулік материалдар
пӘнІ бойынша БАҒДАРЛАМАсы (Syllabus)
Бағдарлама 20___ж. «____»________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20___ ж. «___»___________ кафедра отырысында ұсынылған.
Хаттама № ___
Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич «___»________20___ ж.
Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
20___ ж. «___»___________ хаттама №___.
ОӘК төрайымы _______________ Г.А. Жукенова «___»__________20___ ж.
1. Оқу пәнінің төлқұжаты
Пәннің атауы «Өңдеулік материалдар»
Профильдік пәндер үшін міндетті компонент.
Кредиттер саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 4
Семестр: 7
Барлығы: аудиториялық сабақтар – 45 сағат
Дәрістер – 15 сағат
Тәжірибелік сабақтар – 30 сағат
СӨЖ – 90 сағат
СОӨЖ – 22,5 сағат
Жалпы еңбек сыйымдылық – 135 сағат
Бақылау түрі
Емтихан – 7 семестр
Курстық жұмыс – 7 семестр
Пререквизиттер
Бұл пән физика, химия, математика сияқты пәндермен: құрылыс материалдарының химиясы, құрылыс материалдары, байланыстырғыш заттар, стандарттау және метрология, сәулет, құрылыс конструкциялары, бетон толтырғыштары, процестер мен аппараттар-1,2, тағы сол сияқты арнайы пәндерді байланыстырады және арнайы пәндердің теориялық базасы болып табылады.
Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім дипломдық жұмысты орындауға қажет. Теориялық жоспарлауға икемi болсын, тәжiрибелiк зерттеу нәтижелерiн жұмыстансын және тиiстi түрде оларды таныстыру және білу.
2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу акпараттары
Кудрышова Баян Чакеновна, техника ғылымының кандидаты, ПМУ доценті.
«Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы ПМУ-дың Д корпусында (Толстой к-і 99), Д-302 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны (8-7182) 67-36-59 (12-33 қосымша).
Email - bkudryshova@mail.ru
Сабақтарды өткізу орны мен уақыты – аудиториялық сабақтар, межелгі бақылау және емтихандық сессия бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
3 Мәні, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің мәні
«Өңдеулік материалдар» пәні «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша студенттерді оқыту жоспарының арнайы мамандық үшін таңдау бойынша компонентіне жатады.
Пәнді оқытудың мақсаты
«Өңдеулік материалдары» пәнінің шешетін мәселесі мен мақсаты – осы заманғы капиталды құрылыстың талаптарына сәйкес өңдеулік материалдары өндірісінің озық технологияларын, олардың құрылыстық-қолданыстық қасиеттерін терең меңгерген бакалаврларды дайындау.
Пәнді оқытудың міндеттері
Мамандар дайындағанда келесі талаптар қойылады:
- әрбір өңдеулік материалдар мен бұйымдардың спецификалық ерекшеліктерін оқып білу;
- техникалық процестің заңдылығын көрсету мен талдау;
- өндеулік материалдар сапалылығын қамтамасыз ету;
- әртүрлі өндеулік материалдар өндірісінің технология құнын төмендетуге мүмкіндіктерін оқып білу.
4 Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар
Осы пәнді игеру нәтижесінде студенттер:
құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндірудің түрлі технологиялық тәсілдерін есептеуді; әр түрлі өндеулік материалдармдың сапасын бақылауды қамтамасыз ететін қызметтерді орындауды меңгеруі қажет;
- әр түрлі өндеулік материалдардың қасиеттеріне байланысты рационалды пайдалану және экономикаға тиімділігін жоғарылату жолдарын үйрену.
Білу керек:
- өңдеулік материалдарын және бұйымдарын өндіру мен қолдану аясындағы ғылыми-техникалық прогрестің даму болашағын;
- өңдеулік материалдары мен бұйымдары өндірісін жобалау және қолдану барысында еңбек пен қоршаған ортаны қорғау шараларын.
Істей білу керек:
- белгілі техникалық сипаттағы және тиімді тәсілдерді қолдану арқылы өңдеулік материалдары мен бұйымдарын өндіру технологиясының негізін;
- өңдеулік материалдары мен бұйымдары өндірісін жетілдіру бағытындағы ғылыми-техникалық ақпаратты тауып және қолдану жолдарын.
Тәжірибелік дағдылану:
- өндеулік материалдарының қасиеттерін бағалау әдістемелерінің негіздері мен оларды сынау тәсілдерін, сонымен қатар, қолданылу аясына сәйкес тиімді өндеулік материалдарын талдаудың әдістемелік принциптерін меңгеруі қажет;
- өңдеулік материалдарына қойылатын экологиялық және санитарлық-гигиеналық талаптарды;
- конструкциядағы материалдардың ұзаққа төзімділігі мен сенімділігін болжау.
Білікті болу керек:
мамандар алдында ақпараттағы материалдарды меңгеруге;
жаңа материалдардың тиімділігін әдеттегі материалдардың тиімділігімен салыстыруға;
зерттеудің жаңа әдістерін өздігінен оқытуға, өзінің кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік профилін өзгертуге.
5. Пәнді оқытудың пәндік жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
№ р/с
|
Тақырыптардың
атауы
|
Аудитория-лық сабақтар
|
СӨЖ
|
дәріс
|
тәж.
|
бар-лығы
|
СОӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Кіріспе. Құрылыс материалдар мен бұйымдар өндірісіндегі өңдеулік материалдарының ролі
|
0,5
|
-
|
-
|
-
|
2
|
Керамикалық әрлеу материалдары
|
2,5
|
4
|
15
|
5
|
3
|
Минералды байланыстырғыш заттар негізіндегі әрлеу материалдары мен бұйымдары
|
4
|
10
|
30
|
5
|
4
|
Минералды балқымалар негізіндегі өндеу материалдары
|
4
|
10
|
25
|
4
|
5
|
Полимерлі әрлеу материалдары мен бұйымдары
|
2
|
3
|
10
|
4
|
6
|
Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары
|
2
|
3
|
10
|
4,5
| Барлығы: 135, (3 кредит) |
15
|
30
|
90
|
22,5
|
6. Пәннің дәрістер тақырыптарының мазмұны мен тізімі
1тақырып. Кіріспе. Құрылыс материалдар мен бұйымдар өндірісіндегі өңдеулік материалдарының ролі
Жоспар:
Кіріспе.
Құрылыс материалдар мен бұйымдар өндірісіндегі өңдеулік материалдарының ролі.
Әрлеу материалдарв мен бұйымдары сән берумен қатар салынған ғимараттың құрылыстық-қолданыстық қасиетін арттырады және оны қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғыйды.
Әрлеулік материалдар әдетте ішкі және сыртқы өңдеу үшіндеп бөлінеді. Кейбіреулері ішкі де, сыртқа да өндеу жұмыстары үшінқолданылады (мысалы, табиғи әрлеуші тастар, қыш материалдар, сәулеттік-құрылыстықшыны және т.б.). Ерекше топты арнайы ерекше талаптарға сай келетін (үйкелушілігі төмен, соққыға төзімділігі жоғары және т.б.) жабындар құрайды. әрлеулік материалдарға, сондай-ақ, дыбысжұтқыш жабындар ретінде және көрермендікүймереттердің (театр, концерт залдары, кинотеатрлар және т.б.) интерьерлерін әрлеу үшін арналған кейбір акустикалық материалдарды да жатқызады.
Қазақстан Презідентінің халыққа жолдауында, кәзіргі қарқынды жүріп жатқан құрылыстың материалға қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатындақұрылыс материалдары мен бұйымдарынөндіру саласын ұлттық-инновациялық жүйе арқылы дамыту, жалпы елдің эономикалық өрлеуінің бір бағаты болатыны айтылды.
Жасанды құрылс материалдар мен бұйымдарын топтау үшін ең алдымен, оларды жасардағы технологиялық ерекшелігін және структуралық мықтылығының қалыптасу жағдайы есзіндегі керіледі. Сондықтан бұл материалдарды былайша топтауға болады:
1. Күйдірусіз құрастырылған конгломератты құрылыс материалдары мен бұйымдары. Бұлар байланыстырушы материалдар түріне байланысты төмендегідей топталады:
1.1 Минералдық байланыстырушылар негізіндегі (бетондар, ерітінділер, силикат бетондар, асбест-цемент, арболит, фибролит, ксилолит және т.б.) құрылыс материалдар.
1.2 Органикалық байланыстырушылар негізіндегі (асфальт бетондары, ерітінділері, рубероид, толь, мастиктер, герметиктер және т.б.) материалдар мен бұйымдар.
1.3 Полимерлер негізіндегі (полимер бетондар, пластмассалық бұйымдар, пластиктер, санитарлық-техникалық бұйымдар және т.б.) құрылыс материалдар мен бұйымдар.
2. Күйдіріле алынатын конгломератты құрылыс материалдар мен бұйымдары (керамикалық материалдар, құйылған тас, шыны бұйымдары және т.б.)
Құрылыста қолданылуы мен атқаратын функциясы бойынша материалдар мен бұйымдар былай бөлінеді.
Қабырға материалдары – қоршау материалдары (конструкциялары).
Өңдеу материалдары мен бұйымдары – гранит, мрамор т.б.с.с. тығыз тау жынысынан жасалатын плиталар, керамикалық бет кірпіштері мен плиталары,асбест-цемент, шыны, полимер және түсті цемент негізінде жасалатын түрлі бұйымдар мен материалдар.
Жамылтқы материалдары – керамикалық черепица, асбест-цементтік толқынды және жартылай толқынды парақтар, картон және шыны тоқымасы негізінде алынған рубероидтарғ пергамин, толь, стеклорубероид, стеклоизол, мастикалық және т.б. материалдар.
Жылу және дыбыс айырушы бұйымдары – минералдық және органикалық шикізаттар негізінде алынатын ұялы қуысты бұйымдары.
Санитарлық-техникалық бұйымдар – темірден, шойыннан, керамикадан жасалған жылытушы жабдықтар, ванналар, раковиндер, жумалар, қазандар, ас дайындаушы және жуынатын бөлмелер аспаптары.
Темірбетоннан, темірден, шойыннан, асбест-цементтен, шыныдан, керамикадан, пластмассадан жасалып, түрлі мақсатта қолданылатын әр түрлі мөлшердегі құбырлар.
Ұсынылатын әдебиет: [1-4].
2 тақырып. Керамикалық әрлеу материалдары
Жоспар:
Керамикалық әрлеу материалдары.
Өндіру технологиясы және қасиеттері.
Ғимараттарды әсемдеуге арналған қыш бұйымдар екі топқа бөлінеді – ғимараттардың қасбетін және бөлмелердің ішін әсемдеуге арналған бұйымдар.
Керамика – деп keramike грек сөзі қыш өнері деген мағынаны білдіреді. Керамикалық деп әр алуан ылғалдықтағы көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғарғы температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады.
Шикізат құрамына және күйдіру температурасына байланысты керамикалық материалдар 2 топқа бөлінеді: толық күйдірілген, сындырылған жері жылтыр, тығыз структуралы керамика су сіңіруі 2-4% аспайды (фарфор, жол кірпіші, еден плиталары); жарым-жартылай күйдірілген, сондықтан кеуекті керамика су сіңіруі 8-20% дейін (керамикалық тас, черепица, қаптаушы плиталар). Тағы дөрекі (ірі) және жұқа (майда) керамикаға бөлінеді. Дөрекі керамика сынығы біркелкі емес, ірі түйіршікті структурасымен сипатталады, жұқа керамиканікі майда түйіршікті, біртекті және бірыңғай боянған структура (фарфор, фаянс).
Керамикалық бұйымдарды жасарда саздық массаны, әдетте илеуі, жұмсақ саздан, каолиннен және жұмсақтылығы жоқ қоспалардан тұратын құрамалардан дайындайды. Саздар мен каолиндерді керамикалық өндірісте саздық материалдар деп біріктіре атайды. Кейбір керамикалық бұйымдарды өндірерде диатомиттерді, трепельдерді және таза немесе саз қосылған сланцыларды, кеуектендірушілерді және т.б. қоспаларды пайдаланады.
Көпшілігінде дала шпаттарының мүжіле бұзылуынан пайда болған саздың химиялық құрамы, әдетте, түрлі оксидтердің проценттік мөлшерімен, ал минералдық кристалдық структурасы бар сулы алюмосиликаттар шамасымен сипатталады. Түрлі саздардың, қандай болғанда да, құрамдарында міндетті түрде мынадай оксидтер болады: кремнезем SiO2 (40-70%); глинозем Al2O3 (15-35%); K2O+Na2O (1-5%) және химиялық байланыстағы су H2O (5-15%). Саздар құрамында минералдардың болуына қарай 3 түрге бөлінеді:
каолиниттік (Al2O3*2SiO2*2H2O);
монтмориллониттік (Al2O3*4SiO2*nH2O);
гидрослюдалар.
Химиялық құрамы бойынша ең таза, көпшілігінде каолиниттен құралған саздарды каолиндер деп атайды. Қосындысыз таза болғандықтан, олар ақ түсті, созымталдығы және отқа төзімділігі жоғары болады.
Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдарын жасау үшін қолданатын саздардың гранулометриялық құрамы мына аралықта ауытқиды, %:
0,25 мм жоғары шамадағы түйіршіктер – 0,2-2;
0,25 мм-ден 0,05 мм дейінгі – 2-26;
0,05 мм-ден 0,01 мм дейінгі – 12-46;
0,01 мм-ден 0,005 мм дейінгі 10-55;
0,005 мм-ден кіші – 10-40.
Сазға басқа қосымша материалдарды (құнарсыздандырушы, жанып кетуші, оңай балқығыш материалдар және арнаулы қоспалар) қосу арқылы оның технологиялық қасиеттерін және жасалынатын бұйымдар сапасын жақсартады.
Сыртқы әсерлерге тұрақтылығын асыру үшін, материалдарға және бұйымдарға сәндік пен әсемдік өңін қамтамасыз ету мақсатымен, кейбір керамикалық бұйымдардың бетіне глазурь немесе ангоба жағып өңдейді.
Қазіргі кезде керамикалық бұйымдарды өндірерде келесі әдістерді қолданады:
Созымталдық (пластический);
Жартылай құрғақ тәсілмен сығымдау (полусухое прессование);
Шликелік (құймалық) тәсіл;
Қатты қалыптау (жесткое формование);
Құрама тәсілмен (комбинированный).
Керамикалық беттік бұйымдардың қасиеттері. Су сіңіргіштігі – керамикалық бұйымдардың кеуектігін сипаттайды. Кеуекті керамикалық бұйымдардың су сіңіргіштіктері ылғал массасы бойынша 6-20%, ал көлемі бойынша 12-40%. Сондай-ақ тығыз керамикалық бұйымдардікі массасы бойынша 2-10% аралығында.
Жылу өткізгіштігі – керамикалық бұйымдардың кеуектігі мен қуыстығына байланысты. Нағыз тығыз керамикалық бұйымның жылу өткізгіштігі – 1,6 Вт/(м2 °С). Кеуектігі мен қуыстығы ұлғайған сайын, керамикалық бұйымдардың тығыздығы мен жылу өткізгіштігі төмендейді.
Мықтылығы (беріктігі) – керамикалық бұйымның фазалық құрамына, кеуектілігіне және жарықсыздығына байланысты. Қабырғалық бұйымдардың мықтылығы бойынша маркасы олардың қысқандағы мықтылық шектерін сипаттайды, бірақ конструкциялық бұйымдардың маркасын анықтарда қысқандағы мықтылық шегін де ескереді.
Аязға тұрақтылығы – керамикалық бұйымдардың сумен қаныққан күйінде көрінетін бұзылу белгісінсіз ауыспалы мұздау және еру циклдер әсерінің нақтылы рет қайталану санына шыдамдылығымен сипатталады. Ауыспалы мұздату және еру циклдерінің саны бойынша керамикалық бұйымдардың структураларына байланысты мынандай маркалары болады: 15, 25, 35, 50, 75, 100.
Термиялық төзімділігі – керамикалық бұйымдардың, әсіресе қаптаушы плиткалардың немесе санитарлық бұйымдардың температураның күрт өзгеруіне бұзылу нышанынсыз шыдай беруінде. Қабырғаны іштей қаптауға арналған глазурланған керамикалық плиткалар 125°С температурасына дейін қыздырғанда және температурасы 18-20°С суға батырып, кенет суытқанда ешбір жарықсыз, шетінеусіз, сынықсыз төзімдік білдіруі керек.
Химиялық төзімділігі – керамикалық бұйымдардың агрессивті ортада тұрақтылығы. Бұл қасиеті бойынша қышқылға төзімді және сілтіге төзімді бұйымдар деп бөлінеді. Керамикалық бұйымдардың химиялық тұрақтылығы белгілі мөлшердегі майдаланған бұйымның 1 сағ. бойы күкірт қышқылында немесе 20% тұз қышқылы ерітіндісінде қайнатқаннан кейінгі массаның, оның қайнатқанға дейінгі массасына қатынасымен сипатталынады.
Үйкелістігі – үйкеліс кұші әсерімен материал өзінің көлемін және массасын азайту қабілетімен сипатталады.
Керамикалық бұйымдардың түрлері. Кәдімгі керамикалық кірпіш деп қоспасы бар, не қоспасыз саздан жасалынған немесе жоғарғы температурада өртелінген жасанды тас материалдарын атайды. Кірпіш тура қырлы және тік бұрышты параллелепипед пішінде жасалынады. Оның сызықтық мөлшері 250х120х65 мм, кейде 288х138х65 мм. Кәдімгі кірпіш көбінде созымталдық, кейде шала құрғақ тәсілмен дайындалады.
Қуыс денелі керамикалық кірпіш қысқандағы беріктік шегі бойынша мынадай маркаларға бөлінеді: 250; 200; 150; 125; 100; 75. Созымталдықпен қалыпталынған кірпіштің су сіңіргіштігі 6% кем емес, ал шала құрғақтай пресстелінгендікі - 8% аз емес. Аязға төзімділіг 15 циклден кем емес. Қуыс денелі кірпіш жүктенгіш сыртқы және ішкі қабырғаларды, бөлме айырғыштарды және үй мен ғимараттардың басқа да бөліктерін қалауға қолданады.
Қуыс денелі керамикалық тастар – кірпішпен салыстырғанда мөлшерлері ірі етіп жасалынады (250-290х120-288х130-288 мм). Қуыс денелі керамикалық тастардың тығыздығы 1300-1450 кг/м3, су сіңіргіштігі 6% кем емес, аязға төзімділігі F15. Қысқандағы мықтылығы бойынша олардың 4 маркасы болады: 75, 100, 125, 150.
Ұсынылатын әдебиет: [1-4].
3 тақырып. Минералды байланыстырғыш заттар негізіндегі әрлеу материалдары мен бұйымдары
Жоспар:
Минералды байланыстырғыш заттар негізіндегі әрлеу материалдары мен бұйымдары.
Өндіру технологиясы.
Түрлі-түсті немесе ақ цементтерді қолдана отырып, бетон бұйымдарының түстерін қалауымызша өзгертуімізге болады. Бетон және темірбетон бұйымдарының сәулеттіліккөркемдігін реттеу үшін құрылысшылардың бұдан басқа да мүмкіншіліктері жетерліктей.
Минералдық байланыстырғыш заттар деп сумен немесе тұздар ерітіндісімен, оларды араластырған кезде жұмсақ жылжымалы қамыр беріп, кейін бірте-бірте физикалық-химиялық процестердің әсерімен қатайып тас қалпына көшетін ұнтақталған материалдарды айтады. Қатайғаннан кейінгі беріктігін сулы немесе құрғақ ортада сақтау қабілетіне сай минералдық байланыстырғыш заттар ауалық және гидравликалық болып 2 топқа бөлінеді.
Ауалық байланыстырғыштар тек қана құрғақ ауада қатайып, тас сияқты күйіне көшіп және тек құрғақ ауада алған беріктігін жоғалтпай сақтай алады. Бұларға ауалық әк, гипстер байланыстырғыштар, магнезиялы байланыстырғыштар, ерітілмелі шыны жатады.
Гидравликалық байланыстырғыштар біраз алдын ала ылғалды ауада қатайғаннан соң әрі қарай су ішінде де қатая беріп, беріктік шегін тек құрғақ ауада қатайғандығымен салыстырғанда, едәуір ұлғайтады. Гидравликалық байланыстырғыштарға жататындар: гидравликалық әк, романцемент, портландцемент, пуццолонды портландцемент, т.б.
Ауалық байланыстырғыштар. Құрылыс өндірісінде көпшілігінде қолданылатын ауалық байланыстырғыштарға гипстік байланыстырғыштар, ауалық құрылыс әгі, магнезиалды байланыстырғыштар және ерімелі шынылар жатады.
Гипстік байланыстырғыштар деп жарты сулы гипстен немесе сусыз ангидриттен тұратын, гипс тау жынысын қыздырып және майдалап алатын материалдарды айтады. Жылумен өндеу температурасына байланысты гипстік байланыстырғыштар 2 топқа бөлінеді: төменгі температурада күйдірілетін және жоғарғы температурада күйдірілетін гипс.
Гипс байланыстырғыштары жеделтеде ұсатасады және тез қатаяды. Қатаю жылдамдығы бойынша олар 3 класқа бөлінеді: тез қатаюшы (А), қалыпты қатаюшы (Б), баяу қатаюшы (В).
Төмен температурада күйдірілген гипстік байланыстырғыш заттарды құрғақ нипс сылағын, бөлме қоршайтын плиталар мен панельдер, архитектуралық бөлшектер, дыбыс өшіретін бұйымдар, т.б. материалдар жасауға қолданады.
Ауалық құрылыс әгі деп 8%-ға дейін саз және құм қоспасы бар карбонатты тау жынысын балқу температурасына жеткізбей күйдіріп алатын өнімді айтады. Бұл тау жынысын көмір қышқыл газы (СО2) түгел бөлінгенге дейін күйдіреді. Сондағы алынатын өнім негізінде СаО және MgO тұрады. Магний оксидінің мөлшеріне байланысты әк 3 түрге бөлінеді: MgO ≤5% – кальцийлік, MgO 5-20% – магнезиалды, MgO 20-40% – доломитті әк. Өртегеннен кейінгі алынатын өнім бірден қолдануға жарамсыз – жартылай дайындалған өнім. Оны қорытылмаған (сөндірілмеген) әк тасы дейді. Одан дайын байланыстырғыш алу үшін әк тасын алдын ала химиялық жолмен ұнтақтайды, яғни әкті сумен сөндіреді, немесе механикалық жолмен диірменге тартып ұнтақтайды. Әкті құрылыс әгі және технологиялық әк деп 2 топқа бөледі. Бірінші тобы құрылыста байланыстырғыш зат ретінде түрлі ерітінділер дайындау үшін және үйді ақтау үшін пайдаланады. Екіншісі технологиялық процестерде, мысалы, силикат кірпіштері мен бетондарды алу үшін және темір қорытуда қолданылады.
Магнезиалдық байланыстырғыштар ұлпа түрінде магний оксидінен тұратын ауалық байланыстырғыштар тобына жататын заттар. Оларды табиғи магнезит пен доломитті күйдіру өнімін диірменде тарту арқылы алады. Бұл байланыстырғыштар каустикалық магнезит және каустикалық доломит болып екіге бөлінеді. Бұлардың ерекшелігі сумен емес, кейбір тұздардың су ерітінділерімен араластырылады.
Каустикалық магнезит табиғи магнезитті MgCO3 балқытуға жеткізбей 700-800°С температурада күйдіріп, содан соң диірменге тартып алады. Өртенген кезде магнезит декарбонизацияланып магний оксидін, яғни каустикалық магнезит береді.
Каустикалық доломит. MgO*CaCO3 – каустикалық магнезит сияқты байланыстырғыш зат. Оны табиғи доломит тасын (MgO*CaCO3) балқуына жеткізбей 600-750°С температурада шахталы немесе айналмалы пештерде күйдіру арқылы алады. Алынған өнімді суытып, сосын ұсақтайды, диірменге тартып ұнтақтайды.
Магнезиалдық байланыстырғыш заттардың қасиеттері және қолданылуы. Каустикалық магнезит – тез қатаятын байланыстырғыш. Тығыздығы ρн=3,1-3,4 г/см3, орташа тығыздығы ρт=700-350 кг/м3. Оның ұстасу мезгілі ұнтақтылығы мен күйдіру температурасына байланысты. Ұстасу басы еріткішпен араластырған соң 20 мин ерте емес, ал соңы – 6 сағ. кеш болуы керек.
Каустикалық доломит сапасы төмендеу байланыстырғыш. Тығыздығы ρн=2,78-2,85 г/см3, орташа тығыздығы ρт=2100-1100 кг/м3.
Ұстасу мезгілі созыңқы басы – 3-10 сағ кейін, соңы – 8-20 сағаттан кейін болады.
Магнезиалды байланыстырғыш су әсеріне төзімсіз. Олар тек қана ауада қатайып, 60% көп емес ылғалы бар жерде ғана қолданады.
Олар өте биік адгезиялық беріктігін тек қана минералдық толтырғыштар ғана емес, органикалық толтырғыштарды да қолданғанда көрсетеді. Сондықтан магнезиалдық байланыстырғыштар ксилолит, фибролит, жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар, қолдан жасайтын мраморлар, қабырға сылайтын ерітінділер жасауға қолданады.
Гидравликалық байланыстырғыш заттар ауада біраз қатайған соң су ішінде де қатаю процесін тоқтатпайды. Қайта су ішінде қатайғанда беріктігі ауада қатайғаннан едәуір жоғары болып шығады. Мұндай байланыстырғыштардың гидравликалық қасиеті болуы олардың құрамында кальций силикаттарының, алюминаттардың, ферриттерінің қажетті мөлшерде болуына байланысты.
Гидравликалық әк деп құрамында 6-24% дейін саз және ұнтақ дисперсиялы құмды қоспасы бар, тау әк тасын (CaCO3) балқытуға жеткізбей күйдіргенде алынатын өнімді айтады. Күйдірген өнімді диірменде тартып дайын ұлпа тәрізді гидравликалық әк шығарады.
Гидравликалық әктің қасиеттері және қолданылуы. Гидравликалық әктің бос салғандағы тығыздығы 600-800 кг/м3, нағыз тығыздығы – 2,6-3,0 г/см3, ұстасу мезгілінің басы 0,5-2 сағ, соңы – 2-16сағ. Гидравликалық әкке түрлі сілтіге төзімді минералдық пигменттер қосып, түрлі-түсті әк алуға болады. Оларды сәнді материал ретінде қолданады. Әдетте қосылатын пигменттердің мөлшері 5% аспайды.
Гидравликалық әк суға төзімділігі және беріктігі жоғарылау құрылыс ерітінділерін жасауға, әкті-пуццолонды цементтер шығаруға, төмен маркалы жеңіл және ауыр бетондар өндіруге пайдаланады.
Романцемент құрамында 25% көбірек саз қоспасы бар ізбестік немесе доломитталынған мергелдер жыныстарын балқытуға жеткізбей шахталы немесе айналмалы пештерде 1000-1100°С температурада күйдіріп алады.
Қысқандағы беріктігі бойынша романцементтің 4 маркасы болады: 25, 50, 100, 150. Романцементтен жасалған бұйымдар ылғалды жерде беріктігін біртіндеп асыра береді. Романцементті де гидравликалық әкті қолдану мақсатында пайдаланады, оның ішінде қалауға және сылауға қажет құрылыс ерітінділерін, төмен маркалы бетондарды дайындауға қолданылып, портландцементті үнемдеуге мүмкіншілік береді.
Портландцемент. Ауада да және суда да қатая беретін портландцемент клинкері мен гипсті біріктіріп ұнтақтағанда алынатын гидравликалық байланыстырғыш заттар портландцемент деп аталады. 1,5-3,5% гипсті оның ұстасу мезгілдерін реттеу үшін қосады. Себебі, гипссіз ұнтақталған клинкер бірнеше минуттың ішінде қатып үлгереді де құрылыста қолдануын қиындатады. Клинкер – цементтің ең басты құрам бөлігі. Оны тау жынысынан карбонаттан (75-80%) және саздан (20-25%) құралған.
Әрлі бетонды ақ және түсті цементтер және арнайы толтырғыштар пайдаланумен дайындайды. Құрамы мен тағайындалуы бойынша әрлі бетондарды түсті бетондарға және табиғи тас материалдарын еселтететін (немесе өзіндік көркем құрылымға ие) бетондарға бөледі.
Бетон бұйымдардың беттік қабатының түсі мен бедерін заманауи сәулет талаптарына сәйкес әрлі етіп өндіруге мүмкіншілік мол. Заманауи сәулет талаптарына сәйкес бетон бұйымдарына кез келген өрнектер мен түстерді беруге болады. Бетон бұйымының бет өнін, бедерін түрлі қалыптар қолдану арқылы әрқалай бейнеде алуға толық мүмкіншілік бар. Оның үстіне бетон араласпасының илемділігі бетон бұйымдарын әртүрлі конфигурацияда дайындауға, беті бедерлі бұйымдар қалыптауға, ғимараттардың әртүрлі әрлеулік элементтерін дайындауға мүмкіндік береді.
Түрлі – түсті немесе ақ цементтерді қолдана отырып, бетон бұйымдарының түстерін қалауымызша өзгертуімізге болады. Бетон және темірбетон бұйымдарының сәулеттілік көркемдігін реттеу үшін құрылысшылардың бұдан басқа да мүмкіншіліктері жетерліктей. Сонымен қатар, әрлі бетонның кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы – игендегі (созғандағы) салыстырмалы беріктігінің төменділігі. Бұл кемшілігін жою үшін бетон бұйымдары мен конструкцияларына металлдық шеген (арматура) немесе тор салады. Бетондардың ұзақ уақыт қатаятындығын олардан алынатын бұйымдар мен конструкцияларды қалыптай салып, бірден пайдалана беруге болмайды. Бетон араласпасынан бұйымдар мен конструкцияларды құйып және қалыптап болған соң дұрыс қатаюы үшін оларға тиянақты түрде күтім қажет болады. Бетон өндіру технологиялық шаралары мен тәртіптерін ғылыми негізде шешу арқылы бетонның агрессивтік ортада тұрақтылығының жетімсіздігін, шөгу және ісіну кезіндегі деформациялануын, ыстыққа шыдамсыздығын және т.б. осал қасиеттерін де жоюға мүмкіншілік мол. Бетон құрамдарының әрқайсысы оның қасиетіне өзінше айтарлықтай әсерін тигізеді. Айталық, оның 80-85% көлемін құрайтын толтырғыштар (шағыл тас (немесе гравий) және құм) бетонның қатты қаңқасын құрайды. Олар көпшілігінде жергілікті табиғи материалдар немесе өндіріс қалдықтары болып келетіндіктен бетонның құнын төмендетеді.
Әрлі бетон өндіру технологиясы. Әрлі бетондар алу үшін ақ, түсті және әртүрлі минералдық немесе органикалық пигменттер қолданылады. Ақ цементті ашықтандыру үшін (аса ашық түсті бетондар алу қажет болғанда) оған титан қостотығын қосады (цемент салмағынан 1-2%). Түсті бетондарда қолданылатын пигменттердің жарыққа, атмосфераға және сілтіге төзімділігі жоғары болуы керек. Көбінесе әртүрлі металлдардың тотықтары немесе тұздары болып есептелетін минералдық пигменттер пайдаланылады. Оларды бүркемелеп жабу қабілеті, тығыздығы және басқа қасиеттеріне қарай цемент салмағынан 1-5% мөлшерінде қосады. Пигменттер бұйым түсін әртүрлі түске бояйды: қызыл (темір тотығы), жасыл (хром тотығы), күлгін (марганец тотығы) және қара (марганец асқын тотығы). Ақ пигментті бор немесе әктасы, қара түсті – күйе, сары түсті – охра береді. Пигменттерді араластыра отырып, әр алуан түс алуға болады.
Түсті бетондарда темір тотығынан тұратын қосындысыз таза кварц құмы, ірі толтырғыштар ретінде ақшыл әктасы мен доломит пайдаланылады. Тас уату қалдықтары, ұсақталған мәрмәр құмы мен шағылтасы, гранит қалдықтары және туф кең қолданыс тапқан. Ірі толтырғыш әдетте бетонға ерекше түс бермейді, оның түсіне өлшемдері 0,3 мм-ден аспайтын ұсақ түйіршекті толтырғыштар әсер етеді.
Түсті бетон ыдырап кетпес үшін және түсі біртекті болу үшін ауа енгізуші қоспалар, сондай-ақ аз мөлшерде майды әк, майда ұнтақталған әктасын пайдаланады.
Бетондық араласпаны өндіру процесі бастапқы материалдарын дайындаудан, оларды мөлшерлеуден және араластырудан тұрады.
Дайындау операцияларына цементті белсенділендіру (активациялау – қосымша ұнтақтау), химиялық қоспалар ерітіндісін дайындау, қыс мезгілінде толтырғышты жібіту және жылыту процесстері жатады. Химиялық қоспаларды дайындау операциясы оларды суда ерітіп, ерітінді концентрациясын берілген шамасына жеткізу болып табылады. Мұны, ерітіндіні қысымдықтағы ауамен араластыру үшін, құбырлар жүйесімен, ал қажетті жағдайда – жылыту үшін булық регистрлармен жабдықталған арнаулы сиымдықтарды орындайды. Қоспалар ерітіндісін дайындағаннан кейін деңгейлік құрылғымен жабдықталған шығындық сыйымдылыққа айдайды, сонымен қатар қажеттілігі бойынша дозалаушы арқылы бетон араластырғышына да беріп отырады. Толтырғыштарды жылытуды бункерлерде, кейде тікелей жабық қоймаларда жүргізеді. Ол үшін бункерлерде орналасатын булық құбырлар және көмегімен түйістік (контактылық) тәсілді қолданып қыздырады немесе тікелей толтырғыш арқылы ыстық бу, ыстық ауа немесе газ жібереді.
Материалдарды мөлшерлеу, яғни араластырғыштың бір араласына материалдар шығындарын және суды, қоспаны өлшеп салу маңызды технологиялық шара болып есептелінеді. Заманауи бетон зауыттардың басым көпшілігінде таразылық мөлшерлегіштер пайдаланылады. Бұл мөлшерлегіштер цементті, суды және химиялық қоспаларды ±1%-ға дейінгі дәлдікпен, толтырғыштарды ±2% дәлдікпен өлшейді. Мұндай дәлдік тек салмағы бойынша мөлшерлегенде ғана қамтамасыз етіледі.
Бетондық араласпаның түріне және сипаттамасына байланысты түрлі араластыру тәсілдерін қолданады. Тығыз тау жынысынан алынған толтырғыш негізіндегі ірі түйіршікті жылжымалы бетон араласпасын даярларда еркін істейтін гравитациялық бетон араластырғышын қолданады.
Гравитациялық араластырғышта компоненттердің араласуы барабан-араластырғыштың айналуына сәйкес, материалды көтеріп барып өз салмағы бойынша биіктіктен тастап отыру нәтижесінде жүреді.
Гравитациялық араластырғыштар қатаң бетон араласпасын даярлауға жарамсыз, сондықтан еріксіз араластыру қондырғысы қолданылады.
Ұсынылатын әдебиет: [1-14].
4 тақырып. Минералды балқымалар негізіндегі өндеу материалдары.
Жоспар:
Минералды балқымалар негізіндегі өндеу материалдары.
Өндіру технологиясы.
Құрылыстық ерітінді жасанды конгломератты материалдардың бір түрі. Оны байланыстырғыш заттан, судан және майда толтырғыштардан (құмнан) тұратын рационалды құрамдағы араласпаның қатаюы нәтижесінде алады. Құрылыстықерітінділерді қолданудағы басты ерекшелік, оларды көпшілігінде кеуекті конструкциялардың – кірпіштің, бетонның, кеуекті табиғи тас материалының бетіне тығыздамай жұқалап салуда, не жағуда.
Қолданылатын байланыстырғыш түріне байланысты әктік, гипстік, цементтік және аралас (цементтік-әктік, цементтік-саздық) ерітінділерге жіктеледі.
Қолданылатын майда түйіршікті толтырғыштардың түріне байланысты ерітінділер ауыр және жеңіл топқа жіктеледі. Ауыр ерітінділердің орташа тығыздығы 1500кг/м3 жоғары, ал жеңілдерінің – 1500кг/м3 дейін болады.
Қысқандағы беріктік шегі бойынша құрылыстық ерітінділер мынандай маркаларға бөлінеді (кгк/см2): М4, 10, 25, 50, 75, 100, өзгеше жағдайларда, мысалы көпір тіректері үшін М150, 200, 300 ерітінділерін қолданады.
Ерітінділердің аязға төзімділігі бетондардағы сияқты бастапқы материалдар қасиеттеріне, олардың арақатынастарына және қатаю мезгілінде қалыптасқан ерітінді структурасының ерекшелігіне байланысты болады. Аязға төзімділігі бойынша ерітінділер мынандай маркаларға бөлінеді: Ғ10, 15, 25, 35, 50, 100, 150, 200, 300. Сырттай активті қоспа енгізілген ерітінділер маркасы жоғарылау болады.
Жер су деңгейінен төмен тұратын қалау үшін суда жақсы қатаятын портландцемент, шлактыпортландцемент, пуццоландық портландцемент және т.б. портландцементтің түр-түрлерін қолданады. Құрғақ жерде және шамалы кернеулікте орналасатын тас қалауын әк пен құм араласынан алынатын ерітінділерімен орындайды. Үй ішінде 60%төмен ылғалдылықта болатын 1-дәрежелі мәңгілік үй қабырғаларын қалау үшін маркасы 10 төмен емес цемент-әктік, цемент-саздық аралас ерітінділер қолданады, ылғалдылығы 60-75% боларда – М25 төмен емес, 75% жоғары ылғалдылықта боларда – М50 төмен емес болу керек.
Әдетте сылақ бірнеше қабаттан тұрады және де әрбір қабаттың өзінше арналуы болады. 1-қабат – дайындық қабаты дейді, оны бүркіме немесе шашырама деп те атауға болады, қалыңдығы 3-8 мм. Ол сылақ қабаттарының астындағы конструкция бетімен ілінісуін қамтамасыз етеді, бұл қабат су бүркілген негіз бетіне күшпен лақтырылып жапсырылады және келесі қабатпен оның ілінісу ауданын көбейту үшін бүркімені тегістемейді; 2-қабат астыңғы басты қабат қалыңдығы 5-12 мм, сылақ бетін тегістеуге арналған. 3-қабат жұқа өңдік қабат. Мұны сылақ бетін тегістеп және сүртпелеп барып алады. Оның қалыңдығы кәдімгі сылақтарда шамамен 2 мм, декоративтік сылақтарда кейде 15 дейін жетеді.
Арнаулы ерітінділерге гидроайырғыштық, тампонаждық, инъекциондық, едендік, акустикалық, рентгенқорғаныштық, отқа беріктік, қышқыл төзімді және т.б. ерітінділер жатады.
Асбестцементтік материалдар мен бұйымдар
Асбестцемент деп – цемент, асбест және су араласпасының қатаюы нәтижесінде алынатын күйдірілмеген жасанды тас материалдарын атайды. Асбестцемент негізінде жамылтқыш толқынды плиталар, құбырлар, қабырғалық панельдер және декоративтік бұйымдар шығарылады.
Асбестцементтік бұйымдарын жасау үшін қолданатын араласпа құрамындағы цемент пен су байланыстырушы ролін, ал асбест талшықтары (10-20%) толтырушы рөлін атқарады, және де өте жіңішке асбест талшықтарының созғандағы беріктігі жоғары болатындықтан арматура сияқты цемент тасының физикалық-механикалық қасиетін көп шамаға жақсартады. Сондықтан да асбестцемент бұйымдарының иілгендегі және созғандағы беріктіктері жай цемент тасы мен цемент бетонымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Асбестцемент бұйымдарының бұдан да басқа оңды қасиеттері көп. Мысалы соққы жүгіне кедергісі анағұрлым басым келеді, тұтынушылар қалауы бойынша немесе жобаға сәйкес бұйымдар боялуы еркін таңдалынады, қабырғалық панельдер массасы басқалармен салыстырғанда бірқатар төмен, ал жылуоқшаулағыш материалдарымен үйлестіре қолданғанда– жылулық физикалық сипаттамасы тіпті басым болып шығады. Оның үстіне бұл материалдардың отқа төзімділігі жоғары болады. Осындай артықшылығының арқасында асбестцемент өнеркәсібінің өнімі құрылыс саласында кең қолданады.
Асбесцементтік бұйымдар қасиеттері мынандай факторларға тәуелді: цемент сапасына, асбест маркасына, бұлардың массадағы мөлшерлік арақатынасына, асбесттің талшыққа тарқатылу дәрежесіне, массаның тығыздалу дәрежесіне, бұйымдардың қатаю жағдайы мен ұзақтығына, сондай-ақ, асбестцементтің ылғалдылығына.
Асбестцементтік бұйымдардың созуға, июге, қысуға қарсы кедергісі жоғары болады. Престелінбеген бұйымдардың созғандағы беріктік шегі – 10-47МПа, игендегі – 16-27МПа, ал престелінгендерде созғандағы беріктік шегі 20-25МПа игендегі 27-42МПа. Асбестцементтік бұйымдардың басты сапалық көрсеткіші игендегі беріктік шегі, сол бойынша олардың көтергіш қабілеті есептелінеді. Оның аязға төзімділік бойынша маркасы Ғ25 кем емес, жылу өткізгіштігі 0,35 Вт/(м°С), орташа тығыздығы 1700-2300 кг/м3.
Асбестцементтік жазық табақтар мен плиталар екі типте шығарылады престелінген және престелінбеген. Олардың бет жағы тегіс немесе кедір-бұдырлы сұр түсті, боялған немесе фактурланған болуы мүмкін.
Едендерді төсеу үшін түрлі түске боялған мөлшері 150х150х10 мм плиталар шығарылады. Осындай әрленген плиткалармен санитарлық түйіндерде, асханаларда, дүкендерде түрлі түсті композициядағы едендерді жасауға қолданады.
Асбестцементтік қысымдық құбырларды су-, мұнай-, және газ жүргізетін тізбектерді, канализацияларды салу үшін пайдаланады, ал қысымсыз құбырларды дренаждарды төсеуге, желдеткіш және қоқыстық каналдарын орналастыруға, телефондық кабельдерді жүргізуге қолданады.
Ұсынылатын әдебиет: [1-4, 1-5].
5 тақырып. Полимерлі әрлеу материалдары мен бұйымдары.
Жоспар:
Полимерлі әрлеу материалдары мен бұйымдары.
Өндіру технологиясы.
Полимерлер деп молекуласы көп қайталанатын үзбелерден (түйіндерден) тұратын жоғары молекулалы қосындыны айтады. Полимерлердің макромолекуласының молекулалық массасы, әдетте 5000 асады, ал төмен молекулалық заттарда 500 дейін болады. Полимерлерді құрайтын төмен молекулалық түзінділерді мономерлер деп атайды. Полимерлер шыққан тегіне байланысты екі топқа жіктеледі – табиғи және синтетикалық (жасанды), ал химиялық құрамы бойынша – органикалық және бейорганикалық. Өндірісте кең қолданылатын – жасанды органикалық полимерлер. Табиғи полимерлерге целлюлоза, белоктар, табиғи каучук жатады. Синтетикалық жоғары молекулалы қосындылар пластикалық массаның және резинаның құрамына байланыстырғыш ретінде кіреді.
Полимерлер алыну тәсілі бойынша тізбектік полимеризациялау және поликонденсациялау тәсілдерімен алынатын полимерлер тобына бөлінеді. Құрылыс бұйымдарын жасау үшін кеңінен қолданылатын полимерлерге полиэтилен, полипропилен, полиизобутилен, полистирол, поливинилхлорид, полиакрилаттар, полиуретандар, поливинилацетат және т.б. жатады.
Құрылыстық пластмассалардың басты қасиеттері. Пластмассалардың нағыз тығыздығы 100-2000 кг/м3 аралығында, демек тас материалдармен салыстырғанда 1,5-2 есе төмен.
Пластмассалардың су сіңіргіштігі өте аз және тығыз материалдарда 1% аспайды. Пластмассалардың көпшілігі суға айтарлықтай тұрақты және тұздардың, қышқылдардың, сілтілердің судағы ерітінділеріне де тұрақты келеді.
Пластмассалардың жылу тұрақтылығы онша жоғары емес (100-200°С). Кейбір пластмассалар 70-80°С дейін қыздырғанда жұмсара бастайды, ал кейбіреулері 400-500°С және одан жоғары температураға дейін тұрақтылық көрсетеді.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3].
6 тақырып. Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары.
Жоспар:
Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары.
Ағаштан жасалынатын құрылыс бөлшектері мен бұйымдары. Өндіру технологиясы.
Ағаш құрылыс материал ретінде әр алуан техникалық қасиеттермен сипатталынады. Ағаштың физикалық-механикалық қасиеттерін таза тұтас келте кесіндіден, тақтайдан немесе брустан жасалынған кішкентай үлгілерді сынау арқылы анықтайды.
Нағыз тығыздығы барлық ағаш жыныстары үшін тұрақты шамада деуге болады. Себебі, олардың барлығының химиялық құрамы бірдей целлюлозадан тұрады. Сондықтан, барлық ағаштардың нағыз тығыздығы орташа шамамен 1,54 г/см3.
Орташа тығыздығы ағаштың ылғадылығына, кеуектілігіне, жер сипатына және табиғи жағдайларға байланысты кең аралықтағы шамаларда болады. Көпшілік ағаштардың орташа тығыздығы 380-1000 кг/м3 аралығында өзгереді.
Ағаштың ылғалдылығы оның қасиетіне тікелей әсер етеді. Ондағы ылғал 3 түрлі күйде болуы мүмкін – капиллярлық, яғни еркін күйінде, гидроскопиялық, яғни физикалық және химиялық байланыста болатын ылғал. Химиялық байланыстағы су ағашты құрамалайтын заттардың химиялық құрамында болады. Бос немесе капиллярлық су жасушалардың қуысын, сосудтарын және жасушалар аралығындағы кеңістіктерін толтырады. Гигроскопиялық байланысқан су өте жұқа гидраттық қабық қалпында ағаш жасушаларының және сосудтарының қабырғаларын қаптап орналасады. Ылғалдылық келесі формуламен анықталады:
мұндағы т1 – кептіргенге дейінгі ағаш үлгісінің массасы;
т2 – кептіргеннен кейінгі массасы.
Шартты түрде, ағаштың стандарттық ылғалдылығы 12% тең.
Ағаштың жылу өткізгіштігі өте төмен, себебі оның кеуектілігі жетерліктей жоғары. Бірақ көлденең бағыттағыға қарағанда, ағаштың талшықтары бойымен жылу өткізгіштігі едәуір үлкен. Мысалы, талшықтары бойымен қарағайдың жылу өткізгіштік коэффициенті 0,35 Вт/(м°С), ал талшықтарға көлденең бағытта – 0,15 Вт/(м°С).
Ағаштың беріктігі қысқандағы, созғандағы, игендегі, жарғандағы беріктік шегімен сипатталады. Талшықтар бойымен қысқандағы беріктік шегін анықтау үшін сыналатын ағаштан мөлшері 20х20х30 мм тікбұрышты призма жасайды да гидравликалық престе қирағанға дейін минутына 400 МПа жылдамдықпен күш әсерін ұлғайтып сынайды. Беріктік шегін (Rқыс) мына формуламен есептейді:
мұндағы Ртах – максималдық қиратушы жүк, Н;
а және b – үлгі көлденең кесіндісінің мөлшерлері, м.
Статикалық игендегі беріктік шегі белгілі ылғалдылықтағы ағаштың статикалық игендегі беріктік шегін мөлшері 20х20х300 мм үлгіні стандарттық тәртіпте шоғырланған симметриялы екі күш әсерімен сынғанға дейін сынап, мына формула бойынша есептейді:
мұндағы Ртах – қиратушы жүк, Н;
L – тіректер аралығы, м;
b және h - бөрене үлгінің ені мен биіктігі, м.
Ағаштан жасалынатын құрылыс бөлшектері мен бұйымдары. Сүргіленген ағаш бөліктеріне қылқанды және жапырақты ағаш жыныстарынан жасалынатын көлденең кесіндісі үлкен емес, станокпен сүргіленген, еден төсеуге пайдаланылатын тақтайлар, брустар және т.б. материалдар жатады. Бұларды шпунтталынғандар және сүргіленгендер деп екіге бөледі. Шпунтталынғандар бір жиегінде саңылаулы, ал екінші жиегінде жотасы (гребень) болады. Шпунтталынған тақтайлар бөлме қоршауларын тұрғызуға, едендер төсеуге пайдаланылады.
Плинтус еден мен қабырға аралығындағы саңылауды бекіту үшін қолданады, ал маңдайшалар терезе мен есік ойықтарындағы жарықтарды бекітуге және әсемдеуге пайдаланады.
Ұсталық плиталар жіңішке рейкадан жасалынатын ішкі қалқаннан және оның екі жағынан желімделініп жапсырылған бір немесе екі қабат шпондардан тұрады. Мұндай плиталар құрылыста бөлме қоршауларын, есіктерді, едендерді, қабырға панельдерін жасауда пайдаланады.
Паркеттік бұйымдар – жекеленген паркет, паркеттік тақтай, паркеттік қалқа және мозайкалық паркет болып бөлінеді.
Жекеленген паркет өзара қосуға арналған жиектерінде және түп жақтарында саңылаулары және жоталары болатын кішкентай жеке тілік тақтайлардан тұрады.
Паркеттік тақтайлар төменгі рейкалық негізінен және негізіне желімделінген үстіңгі (бет жағы) паркеттік тіліктерден (планкалардан) тұрады. Екі қабаттың екеуі де өзара суда ерімейтін желіммен берік желімделінеді.
Паркеттік қалқалар брустардан құралған ағаш негізінен және осы негізіне шахматтық тәртіппен орналасқан, ендері бірдей паркеттік тілік тақтайшалардан құрастырылған квадрат пішініндегі үстіңгі бет қабатынан тұрады.
Құрылыстық жұқа тақтай (фанера) құрылыста кең қолданылатын ағаш бұйымдарының бірі. Фанераны алу үшін алдымен ағашты жұмсартып, арнаулы станоктарда өте жұқа ағаш шпондарға ажыратады. Құрылыста фанераны қабырға қаптау үшін, уақытша және қосымша ғимараттарды салғанда пайдаланады. Құрылыста қолданылатын фанераны 3 түрге бөлінеді: желімделінген, сәнделінген және бакелизаланған.
Бакелазалынған фанера – жұмсақталынған қайыңнан жонылған жұқа шпондары фенол немесе крезольформальдегидті полимерлік желіммен өзара желімдеп, керекті қалыңдықта және мөлшерде жасайды.
Ұсынылатын әдебиет: [1-4].
7 Практикалық сабақтардың мазмұны – 30 сағат
Практикалық сабақтар 1
1 тақырып - Керамикалық әрлеу материалдары.
Жоспар:
Керамикалық әрлеу материалдарың классификациясы.
Қасбеттік қыш бұйымдарды ағартудың химиялық тәсілі.
Тапсырмалар:
1 Қасбеттік қыш бұйымдарды ағартудың химиялық тәсілін анықтау.
2 Оларға қойылатын талаптар мен олардың қасиетін анықтау.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 76-79б.].
Практикалық сабақтар 2
2 тақырып - Минералды байланыстырғыш заттар негізіндегі әрлеу материалдары мен бұйымдары.
Жоспар:
Әрлеулік бетондар мен ерітінділердің тиімді құрамдарын жобалау.
Тапсырмалар:
1 Әрлеулік бетондар мен ерітінділердің тиімді құрамдарын жобалау тәртібі.
2 Түрлі-түсті бетон құрамын есептеу және оның қасиеттерін анықтау.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 148-157б.].
Практикалық сабақтар 3
3 тақырып. Минералды балқымалар негізіндегі өндеу материалдары.
Жоспар:
1 Минералды балқымалар негізіндегі өндеу материалдарын қасиеттері.
2 Әрлі сылақтық ерітінділердің құрамдарын тағайындау. Өндіру.
Тапсырмалар:
1 Ерекше ауыр бетондарға пайдаланатын материалдар?
2 Ерекше ауыр бетонның қорғау қасиетін жақсарту үшін не қосылады?
Ұсынылатын әдебиет: [1, 151-155б.].
Практикалық сабақтар 4
4 тақырып. Полимерлі әрлеу материалдары мен бұйымдары.
Жоспар:
Полимерлік едендік материалдардың қасиеттерін анықтау.
Тапсырмалар:
1 Линолеумның серпімділігі мен қаттылығын қалай анықтайды?
2 Линолеумның сусіңіргіштігін қаттылығын қалай анықтайды?
Ұсынылатын әдебиет: [1, 42-46б.].
Практикалық сабақтар 5
5 тақырып. Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары.
Жоспар:
Ағашты модификациялау.
Ағаштың физика-химиялық қасиеттерін анықтау.
Тапсырмалар:
1 Сынаққа дайындық. Ағаштың тығыздығын анықтау.
2 Ағаштың ылғалдылығын және сусініргіштігін анықтау?
Ұсынылатын әдебиет: [1, 24-27б.].
8 Өздік жұмысының тапсырмалары
Тақырып 2 Керамикалық әрлеу материалдары. Силикат балқымалары негізіндегі әрлеу материалдары мен бұйымдары. Шыны және шыны бұйымдарын өндіру.
Реферат жазу Ұсынылатын әдебиет: [1, 4].
Тақырып 3 Минералды байланыстырғыш заттар негізіндегі әрлеу материалдары мен бұйымдары. Ұялы бетон негізіндегі бұйымдарды әрлеу тәсілдері.
Реферат жазу Ұсынылатын әдебиет: [1-4, 1,3].
Тақырып 4 Минералды балқымалар негізіндегі өндеу материалдары. Цемент негізіндегі өндеу материалдары беттерінің әрлілігін сақтау шаралары.
Реферат жазу Ұсынылатын әдебиет: [1-4, 1-2].
Тақырып 5 Полимерлі әрлеу материалдары мен бұйымдары. Қабырғалық орама материалдар.
Реферат жазу Ұсынылатын әдебиет: [1,4].
Тақырып 6 Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары. Еденге арналған әрлеу материалдары. Фанера, ламинат.
Реферат жазу Ұсынылатын әдебиет: [1-4].
10. СӨЖ бойынша кеңес беру графигі (СӨЖ 25% СОӨЖ-дан құрастырылады)
СӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.
Жаңа оқу семестр бойынша СОӨЖ кестесіне сәйкес
№
|
Сабақтын түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1
|
Дәріс бойынша
сұрақтарға
кеңес беру
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Тәжірибе сабақтар
бойынша сұрақтарға кеңес беру
|
|
|
|
|
|
|
3
|
СӨЖ бойынша
сұрақтарға кеңес
беру
|
|
|
|
|
|
|
11. Оқушылардың білімінің тексеріс кестесі
Практика және дәріс сабағына қатысуы (семинарлық, зертханалық, жеке, студиялық сабақтар) 0-100 балмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі (оқу сабақтарының кестесі бойынша)
12. Студенттердін оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:
сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;
өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және
қорғау;
курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін уақытында, сапалы орындау;
сабаққа қатысу және басқа.
Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.
АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 және Р2) анықталады:
Р1(2) = АҮ1(2)*0,7 + МБ1(2)*0,3.
Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:
ЖР= (Р1+Р2)/2
Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердың оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):
Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб
Жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4 сәйкес тең болады.
Пән бойынша жіберу рейтингі де, емтихан бағасы да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.
Оқу жетістіктері, яғни білім, студенттердың «Өңдеулік материалдар» пәні бойынша дағдылары балды-рейтингті жүйесі бойынша бағаланады:
Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)
|
Балдың цифрлық баламасы (Ц)
|
Әріптік жүйедегі баға (Ә)
|
Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)
|
95-100
|
4,0
|
A
|
Өте жақсы
|
90-94
|
3,67
|
A-
|
|
85-89
|
3,33
|
B+
|
|
80-84
|
3,0
|
B
|
Жақсы
|
75-79
|
2,67
|
B-
|
|
70-74
|
2,33
|
C+
|
|
65-69
|
2,0
|
C
|
Қанағаттанарлық
|
60-64
|
1,67
|
C-
|
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
|
50-54
|
1,0
|
D
|
|
0-49
|
0
|
F
|
Қанағаттанарлықсыз
|
13 Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі
«Өңдеулік материалдар» пәнін оқу кезінде мына ережелерді ұстануды сұраймын:
1 Сабаққа кешікпеу.
2 Себепсіз сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда анықтама әкелу.
3 Студенттердің міндетіне сабақтың барлық түріне қатысу кіреді.
4 Оқу үрдісінің күнтізбелік кесте бойынша барлық бақылау түрлерін тапсыру.
5 Босатқан тәжірибелік сабақтарды оқытушының айтқан уақытында өтеу.
6 Кафедраның аудиториялық қорына шығын келтірмеу.
7 Жоғарғы оқу орнының талаптарын бұлжытпай орындау.
8 Курстастарыңа және оқытушыға сабырлық, ашықтық және игілікпен қарау.
9 Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілулі болуы тиіс.
10 Оқытушы сабақ түсіндіріп жатқанда дауыстап сөйлеуге болмайды. Екінші ескертуден кейін студент аудиториядан шығарылады. Сабақ барысында сабақтан тыс тақырыптар рұқсат етілмейді.
Тапсырманы маңызды себеппен кешігіп тапсырса, айыптық санкциялар болмайды.
Егер сіз белгілі бір маңызды себептермен бақылау шараларды босатсаңыз, сізге оны оқытушының айтқан уақытында (МБ мен ҚБ деканның рұқсатымен ) қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Тапсырмаған жағдайда сіз «0» балл аласыз.
Жұмысты уақытында тапсыру керек. Барлық тапсырмалар ең кеш дегенде емтихан сессия басталуға 3 күн қалғанға дейін тапсырылу қажет.
Барлық тапсырмалар мен ЕГЖ-ді тапсырмаған студенттер, емтиханға жіберілмейді.
Өткен сабақтағы материалды қайталау мен өңдеу әрбір сабақта болуы міндетті. Студенттің материалды қаншалықты түсінгені тестілеу мен жазбаша түрде тексеріледі. Тестілеу алдын-ала ескертусіз жүргізілуі мүмкін.
Сіздердің міндеттеріңіз сабаққа дайындалып келу. Бар әдебиетті қолданыңыз және оны кітапханадан алыңыз.
Басқаның жұмысын көшіру мен әдебиет материалдарды өңдеусіз қолдануға тыйым салынады.
Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті. Дәріс бойынша конспект 8-ші және 15-ші апталарда тексеріледі.
14 Әдебиеттер тізімі
Негізгі
Жақыпбеков Ш.Қ., Ибраимбаева Г.Б. Әрлеу материалдарының технологиясы. Оқу құралы. – Алматы: ҚазБСҚА, 2012. – 188 б.
Рыбьев И.Г. Строительное материаловедение - М.: Высшая школа, 2004. – 701 с.
Мирзаходжаев А.А Декоративные материалы на основе стекла для строительства. Алматы: РИО КазГАСА, 2000г.-131с.
Филимонов Б.П. Отделочные работы. Современные материалы и новые технологии. М.: АСВ, 2004.-176с.
Қосымша
Технология бетона, строительных изделий и конструкций: учебник для вузов/Ю. М. Баженов [и др.]. -М.: Изд-во АСВ,2004.- 235 с.
Гамм Х. Современная отделка помещений с использованием комплексных систем КНАУФ. М., Стройматериалы, 2002.
Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос.- М.: ИАСВ, 2004
Материаловедение в строительстве / Под ред. И.А. Рыбьева – М.: Издательский центр «Академия», 2006
Достарыңызбен бөлісу: |