Постановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №



жүктеу 308,62 Kb.
бет2/2
Дата14.05.2018
өлшемі308,62 Kb.
#12618
түріПостановление
1   2

ПРАВИТЕЛЬСТВО

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН

201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от « » 201 года



Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

«Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және дамуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

түсіндірме жазба

«Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және дамуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және дамуы туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) ратификациялау мақсатында әзірленді.

Осы Келісімді іске асыру ақпараттық телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кедендік, салықтық, көліктік және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлерін жүзеге асыру сапасын арттырады, Кеден одағының кедендік аумағында сыртқы және өзара сауданы тиімді реттеуді қамтамасыз етеді, шаруашылық жүргізу субъектілеріне де қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі.

2010 жылғы 21 қыркүйекте Мәскеу қаласында Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және дамуы туралы келісімге қол қойылды.

Бекітілген «Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кеден одағының шеңберінде ақпарат алмасу үшін мемлекетаралық шлюзді құру мен дамытуға» техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес жобаның жалпы құны
3 402 188 221,55 теңге құрайды, жобаны іске асыру кезеңі 2012 - 2013 жылдар.

«Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасының


Заңы 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес қол қою кезiнде келiссөздерге қатысушы тараптар кейiннен оларды ратификациялау туралы уағдаласқан халықаралық шарттар ратификациялауға жатады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және дамуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізеді.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов

«Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және дамуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

АНЫҚТАМА ПАРАҚ


1.

Заң жобасының бастамашысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі

2.

Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы

құрылған жоқ

3.

Заң жобасы бойынша бас комитет

 

4.

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні

 

5.

Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары

 

6.

3аң жобасының ғылыми сараптамасы

Лингвистикалық сараптаманы «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ жүргізді.

«Болашақ» консалтингтік тобы»


ЖШС-тің 2012 жылғы 21 мамырдағы №68 хатына сәйкес ғылыми құқықтық сараптама жүргізу талап етілмейді.

Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

 

Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

 

7.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары

 

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

 

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері қорытындылардың ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

 

8.

3аң жобасын пысықтау процесінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

9.

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
А.Қ Жұмағалиевқа


10.

Балама жобалардың болуы

жоқ

11.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

 

12.

Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган

 

13.

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімдері

шығарылған жоқ

14.

Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)

 

15.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

 

16.

Заңның күшіне енетін уақыты

 

17.

Өзге де белгілер

 


«Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және дамуы туралы келісімді ратификациялау туралы» қабылданатын Қазақстан Республикасы Заңы қолданысының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарының болжамы

Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру екі тарапқа да: мемлекеттік органдарға да (кедендік, салық қызметтеріне және басқаларға) және кәсіпкерлік секторға да тиімді болады.

Кеден одағын қалыптастыру және жұмыс істеуі кезінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану кедендік бақылаудың бірыңғай жүйесін құруға және шешімдерді қабылдау үшін толық және өзекті деректер мен ақпараттарды кешіктірмей берудің функцияларын қамтамасыз ете отырып, бірыңғай кедендік саясатты жүргізуге бағытталған. Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СӨСЫАЖ) тек кедендік қана емес, мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлерінің ақпараттармен алмасуға мүмкіндік береді, ол кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жеңілдетіп және жылдамдатып қана қоймайды және кедендік қызметтерді, салықты және басқаларды барынша тығыз экономикалық ықпалдастыруға жәрдемдеседі, ол өз кезегінде, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруға алып келеді.

Сонымен бірге, СӨСЫАЖ құру тұжырымдамаға сәйкес болады, ал оның құрауышы – Кеден одағының СӨСЫАЖ Ұлттық сегменті.

СӨСЫАЖ сауданы жеңілдетуге қол жеткізуге, бірлескен өндірістер мен кооперацияларды құруға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға мүмкіндік береді, ол бизнеске әкімшілік жүктеулерді төмендету жолымен елдің экономикалық және әлеуметтік табысты дамуына және қызметтерді көрсетудің жылдамдығына әсер етеді.

Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасын кейіннен оларға сәйкес келтіруді талап етпейді.

Заң жобасын қабылдау жағымсыз теріс әлеуметтік – экономикалық, құқықтық, экологиялық салдарға әкеп соқпайды.

Қазақстан Республикасы

Көлік және

коммуникация министрі А. Жұмағалиев


Заң жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Интернет желісінде талқылау нәтижелері туралы анықтама

2010 жылғы 21 қыркүйекте Мәскеу қаласында Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және дамуы туралы келісімге қол қойылды.

Тараптар мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзу субъектiлерiне қолайлы жағдай жасау, Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағындағы сыртқы және өзара сауданы тиiмдi реттеудi қамтамасыз ету, ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып және экономикалық интеграциялау үдерiстерiн қамтамасыз етуді кеден, салық, көлiк және мемлекеттiк бақылаудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру оған қол қою үшін негіз болып табылады.

Келiсiм Жүйенi құрудың, жұмыс iстеуiнiң және оны дамытудың негiздерiн, қаржыландыру көздерi мен тәртiбiн, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтердi) орындаушыларды (өнім берушiлерді) таңдау тәртiбiн белгілейді.

Келісім жобасы туралы және Келісімге қол қою туралы ақпарат мынадай сайттарда орналастырылған:

http://www.tsouz.ru;

http://www.mtc.gov.kz (2012 жылғы 17 шілдеде)

Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы

КЕЛІСІМ

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберiндегi Кеден одағына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi

2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты және 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясының Хатшылығы туралы келiсiмдi негiзге ала отырып,

2007 жылғы 6 қазандағы Бiрыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты негiзге ала отырып,

Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық жүргiзуші субъектiлерiне қолайлы жағдайлар жасау, Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағындағы сыртқы және өзара сауданы тиiмдi реттеудi қамтамасыз ету, ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кедендiк, салықтық, көлiктік бақылауды және мемлекеттiк бақылаудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру, экономикалық интеграция процестерін қамтамасыз ету, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесiнiң (Кеден одағының жоғарғы органының) және Кеден одағы комиссиясының тиiмдi жұмысын ұйымдастыру мақсатында,

осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Кеден одағын қалыптастыру және оның жұмыс iстеуi кезiнде ақпараттық технологияларды кеңiнен қолдану айқындаушы болып табылатынын ұғына отырып,

төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесiн (бұдан әрi – Жүйе) құрады және оның жұмыс iстеуiн, сондай-ақ оны дамытуды қамтамасыз етедi.
2-бап
Осы Келiсiм Жүйенi құрудың, оның жұмыс iстеуi мен оны дамытудың негiздерiн, Кеден одағы комиссиясының (бұдан әрi – Комиссия), Комиссия Хатшылығының (бұдан әрi – Хатшылық) және Тараптардың Жүйенi құру жөніндегі өкiлеттiктерiн, қаржыландыру көздерi мен тәртiбiн, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) орындаушыларды (өнім берушілерді) таңдау тәртiбiн айқындайды.

3-бап
Осы Келiсiмде мынадай терминдер мен олардың анықтамалары қолданылады:

«сыртқы және өзара сауда туралы дерекқор» – белгiлi бiр қағидалар бойынша ұйымдастырылған және осы ақпаратты электрондық есептеу машинасының көмегiмен табуға және өңдеуге болатындай түрде жүйелендiрiлген, құрылымдалған және өзара байланысты ақпарат жиынтығы(дерекқор);

«ақпаратты қорғау» – ақпараттың тұтастығын (өзгертiлмеуiн), құпиялылығын, қолжетiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенi;

«ақпарат» – ұсынылу нысанына қарамастан, мәлiметтер (хабарламалар, деректер);

«ақпараттық жүйе» – дерекқорда қамтылған ақпараттың және оны өңдеудi қамтамасыз ететiн ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың жиынтығы;

«ақпараттық технологиялар» – ақпаратты iздеу, жинау, сақтау, өңдеу, ұсыну және тарату процестерi, әдiстерi, сондай-ақ осындай процестер мен әдiстердi жүзеге асыру тәсiлдерi;

«ақпараттық ресурс» – ақпараттық жүйелерде қамтылған құжатталған ақпараттың ұйымдастырылған жиынтығы;

«интеграциялық сегмент» – Тараптар мемлекеттерінің сыртқы және өзара сауданы реттейтін мемлекеттік органдарының ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң, Комиссияның ақпараттық жүйелерi мен ақпараттық ресурстарының ақпараттық өзара iс-қимыл жасауын қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйе.


4-бап
Жүйе Тараптар мемлекеттерiнiң сыртқы және өзара сауданы реттейтiн мемлекеттiк органдарының аумақтық жағынан бөлiнген мемлекеттiк ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң, Комиссияның ақпараттық жүйелерi мен ақпараттық ресурстарының Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттiк интеграциялық сегменттерiмен және Комиссияның интеграциялық сегментiмен бiрiктiрiлетiн ұйымдастырылған жиынтығы болып табылады.
5-бап
Комиссияның интеграциялық сегментi, Комиссияның ақпараттық жүйелерi мен ақпараттық ресурстары сияқты Жүйе құрамдастарына қатысты Комиссия меншiк иесiнiң құқықтарын жүзеге асырады және мiндеттерін мойнына алады.

6-бап
Хатшылық Комиссия бекiтетiн құжаттарға сәйкес Жүйенi құруды, оның жұмыс iстеуi мен оны дамытуды қамтамасыз етудi үйлестiредi.

Хатшылықтың болу мемлекеттінің мемлекеттiк мұқтаждар үшiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) тапсырыстарды (оларды сатып алуды) жүзеге асыру мәселелерiн реттейтiн заңнамасына сәйкес Хатшылық осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйе құрамдастарын құру кезiнде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) тапсырыс берушiнiң құқықтарын жүзеге асырады және мiндеттерін мойнына алады.


7-бап
Жүйенiң интеграциялық сегменттерiн құру, дамыту және олардың жұмыс iстеуі кезiнде қолданылатын ұйымдастырушылық және техникалық шешiмдердi бiрiздендiрудi қамтамасыз ету, ақпараттың қорғалуын тиiсті деңгейде ұстап тұру үшiн Хатшылық Комиссия бекiтетiн техникалық және ұйымдастырушылық құжаттардың жобаларын әзiрлеудi үйлестiредi.
8-бап
Тараптардың әрқайсысы өзiнiң мемлекеттiк интеграциялық сегментiн құру, жұмыс iстеуі мен оны дамытуды қамтамасыз ету бойынша құқықтарды жүзеге асыратын және мiндеттерді мойнына алатын операторын белгілейді.
9-бап
Хатшылық осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйе құрамдастарын жобалауды, әзiрлеудi, енгiзудi, олардың жұмыс нәтижелерiн қабылдауды және одан әрi сүйемелдеудi осы Келiсiмнiң 7-бабында көрсетiлген құжаттарда сәйкес, ал көрсетiлген құжаттарда реттелмеген мәселелер бойынша - Хатшылықтың болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес ұйымдастырады.

Жүйенi әзiрлеуге арналған техникалық тапсырма Тараптармен келiсiледi.


10-бап
Осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйе құрамдастарына қатысты тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тапсырыстарды (оларды сатып алуды) жүзеге асыру және мүлiктiк құқықтарға ие болу кезiнде берiлген конкурстық ұсыныстарды бағалауды, сондай-ақ осы құрамдастарды жобалау және әзiрлеу жөнiндегi жұмыстардың нәтижелерiн қабылдауды жұмыс органдары жүзеге асырады, олардың құрамы Хатшылықтың ұсынысы бойынша Комиссияның шешiмiмен бекiтiледі.

11-бап
Жүйенi құру және дамыту жөнiндегi жұмыстар Хатшылық әзiрлейтiн және Комиссияның шешiмiмен бекiтiлетiн жыл сайынғы жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.
12-бап
Осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйе құрамдастарын құру, дамыту және олардың жұмыс iстеуi жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру Жүйенi құруға, дамытуға және оның жұмыс iстеуiне арналған шығыстардың Комиссия бекiткен сметасына сәйкес Комиссияның шығыстар сметасында көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.

Тараптардың келiсуі бойынша осы жұмыстардың бiр бөлiгiн қаржыландыру Тараптар мемлекеттерi бюджеттерiнің қаражаты есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.

Тараптар мемлекеттерiнiң сыртқы және өзара саудасын реттейтiн мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттiк интеграциялық сегменттерiн құру, дамыту және олардың жұмыс iстеуi жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру Тараптардың мемлекеттерi бюджеттерiнің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
13-бап
Тараптарда осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйе құрамдастарына тең пайдалану құқықтары болады.
14-бап
Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетін өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
15-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар, бірінші кезекте, консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы шешiледi.

Егер дау тараптарының бiрі даудың екiншi тарапына консультациялар мен келiссөздер жүргiзу туралы ресми жазбаша өтiнiш жiберген күнінен бастап 6 ай iшiнде дау тараптары дауды олар арқылы реттемесе, онда дау тараптарының арасында оны шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған кезде, даудың кез келген тарабы бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшiн бере алады.

Комиссия дау Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшiн берілгенге дейiн Тараптарға дауды реттеуде жәрдем көрсетедi.
16-бап
Осы Келiсiм ратификациялануға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.

Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерiнiң осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күнiнен бастап күшiне енедi.

2010 жылғы «21» қыркүйекте Мәскеу қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.

Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы осы Келiсiмнiң депозитарийi бола отырып, әрбiр Тарапқа оның расталған көшiрмесiн жiберетiн Комиссияда сақталады.



Беларусь Қазақстан Ресей

Республикасының Республикасының Федерациясының

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
жүктеу 308,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау