жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3 қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі бизнес-процестердің анықтамалығы
Құжаттарды қабылдау
Маманның іс-әрекетін тексеру және жолдаманы келісімдеу (Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) сағат)
Жолдамаға ЭЦҚ-мен қол қою
(Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут)
Жолдаманы жіберу
(Орындалу
ұзақтығы - 30 (отыз) минут)
ЭЦҚ арқылы қызметке сұраным
(Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) сағат)
«Еңбек нарығы» ААЖ сұраным жасау,карточканың болу фактісін тексеру
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама ресімдеу (Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) сағат )
Жеке кабинет
Шартты белгілер:
-
|
- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) құрылымдық-функционалдық бірлік атауы
|
|
- таңдау нұсқасы
|
|
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту
|
|
|
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2018 жылғы «23» ақпандағы № 43
қаулысына 2 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы «10» желтоқсандағы
№ 336 қаулысымен бекітілген
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 6 наурызда № 5517 болып енгізілді
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызмет берушісі аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың Халықты жұмыспен қамту орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 190 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 15508) қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі хабарлама не стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша iс-қимылды бастауға көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынуы негiз болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн iс-қимылдардың мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы құжаттарды қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
1 шарт - стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;
2 - іс-қимыл – «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - «Еңбек нарығы» ААЖ) - көрсетілетін қызмет алушының жеке құжаттарын енгізу. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметінің болмауын тексеруі, жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы шешім қабылдауы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) сағат;
4 - іс-қимыл - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қалыптастыру. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат 30 (отыз) минут;
5 - іс-қимыл – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті алу үшін стандарттың 10-тармағында қарастырылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi құжаттарды қабылдау болып табылады, ол 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi «Еңбек нарығы» ААЖ ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызмет алушының жеке құжаттарын кіргізу болып табылады, ол 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi қызмет алушының еңбек қызметінің болмауын тексеру, жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы шешім қабылдау болып табылады, ол 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қалыптастыру болып табылады, ол 5-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру болып табылады.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
8. Мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн қажеттi iс-қимылдардың сипаттамасы:
1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы құжаттарды қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
2 - іс-қимыл – «Еңбек нарығы» ААЖ ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызмет алушының жеке құжаттарын кіргізу. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметінің болмауын тексеру, жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы шешім қабылдауы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) сағат;
4 - іс-қимыл - көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қалыптастыруы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат 30 (отыз) минут;
5 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруі. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні.
4. Портал арқылы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану, сонымен қатар өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
9. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға жүгінуге құқылы.
10. Көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы рұқсат беру бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету кезіндегі рәсімдердің (iс-қимылдарының) реттiлiгi мен мерзiмдерi:
1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі және пароль көмегімен порталда авторлануы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут;
2 - іс-қимыл - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу нысанын экранға шығару және толтыру. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минут;
1 - шарт - стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;
3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге толтырылған нысанға қол қою. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
4 - іс-қимыл - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді. Орындалу ұзақтығы - 10 (он) минут;
5 - іс-қимыл – портал көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызмет алушыны жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу үшін сұрау жолдау және жауап алуы. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
6 - іс-қимыл – мемлекетік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберу. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттардың топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күн.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті алу үшін стандарттың 10-тармағында қарастырылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
11. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу мемлекеттiк қызмет көрсету кезіндегі жүгіну мен рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы, осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес, ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасында көрсетілген.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2, 3-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі және «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара
іс-қимыл диаграммасы
Ақпараттық орта
Сұраным
Көрсетілетін қызметті алушы
1 іс-қимыл
2 іс-қимыл
3 іс-қимыл
4 іс-қимыл
5 іс-қимыл
6 іс-қимыл
Диаграммалардағы шартты белгілер
|
Бастапқы хабарлама
|
|
Аяқтаушы хабарлама
|
|
Қате
|
АЖ
|
Ақпараттық жүйе
|
|
Процесс
|
|
Шарт
|
|
Хабарламалар ағымы
|
|
Басқару ағымы
|
|
Түпкі көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат
|
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі бизнес-процестердің анықтамалығы
ЖСН және пароль көмегімен
порталда авторлануы
(5 минут)
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу нысанын толтыру
(15 минут)
ЭЦҚ арқылы толтырылған нысанға қол қою
(20 минут)
«Жеке кабинетте» сұраным қабылданған туралы мәртебе көрсетіледі
(10 минут)
Мемлекетік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қалыптастыру және ЭЦҚ арқылы электронды толтырылған нысанға қол қою (1 жұмыс күні)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберу (10 минут)
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3 қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі
бизнес-процестердің анықтамалығы
Көрсетілетін қызмет алушының жеке мәліметтерін «Еңбек нарығы» ААЖ-не енгізу (20 минут)
Құжаттарды қабылдау
(20 минут)
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру
(10 минут)
Көрсетілетін қызмет алушының еңбек қызметінің болмауын тексеру, жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы шешім қабылдау
(5 сағат)
Нәтиже қалыптастыру
(2 сағат 30 минут)
Шартты белгілер:
|
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтің басталуы және аяқталуы
|
|
- көрсетілетін қызметті алушының рәсімінің (іс-қимылының) атауы
|
|
- таңдау нұсқасы
|
|
- келесі рәсімге (іс-қимылға) ауысу
ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік
|
|
|
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2018 жылғы «23» ақпандағы № 43
қаулысына 3 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы «10» желтоқсандағы
№ 336 қаулысымен бекітілген
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 6 наурызда № 5517 болып енгізілді
Достарыңызбен бөлісу: |