Пособие по получению возмещения ущерба для жертв пыток алматы қ., 2016ж. Генералдар кейде жоспарлар мен арсеналдар құруға өте


Осы мәселелерді адвокаттармен сұхбаттан алынған дәйексөздермен сипаттайық



жүктеу 0,94 Mb.
бет3/3
Дата01.01.2020
өлшемі0,94 Mb.
#25616
түріПособие
1   2   3
Осы мәселелерді адвокаттармен сұхбаттан алынған дәйексөздермен сипаттайық.

Адвокат Умеджон Ниязов, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 6 жыл:

Жалғыз мәселе – жауапкерлер – мемлекет. Судьялар, сарапшылар мемлекетті қолдайды – мысалы, кез келген бір анықтаманы бір ай ішінде ала аласын, не ол үш айға дейін де созылуы мүмкін. Азаптауға қатысты істер бойынша ешқашан да сот мәжбүрлеуі болмаған. Азаматтық істе – некені тіркеу емес – сот бойынша АХАЖды өз әрекеттерін орындауға мәжбүрледі – тіпті шешім қабылдауға дейін жетпеді – АХАЖға қойылған талап қайтарып алынды [АХАЖдың дау туындаған әрекеттерді орындағаны үшін].

Адвокат Гулчехра Рахманова, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 17 жыл:

«Судьялар мұндай істерге [азаптау мен өтемақы төлеу] сақтықпен [қарайды]. Жауапкерлер – мемлекет – бұл қалай болғаны, мемлекетпен соттасу!.. прокурор қарсылық білдірді [өтемақыға қарсы] және Жоғарғы Сотқа дейін қорғады».

Адвокат Дилшод Джураев, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 10 жыл:

«Прокурордың ұстанымы кедергі келтіреді – ол әдетте біздің жақты қолдайды, алайда ақылға қонымсыз өтемақыны – өте аз соманы сұрайды. Қызықты ұстаным [қарама-қайшы] – біз үшін, бірақ біздің талаптарымызда күмәнданады. Мысалы, РФ емделу туралы, дәрі-дәрмектерді алу, тұру туралы түбіртекті ұсынамыз. Ал прокурор [сот тыңдауында сұрайды] сіздердің осы анықтама үшін төлемегеніңізге қалай сенімді боламыз? РФ-на 2015 жылдың қараша айынан қазіргі күнге дейін – істі тоқтату туралы соттың ұйғарымы – тапсырма жібереді».

Адвокат Ибраимова-Айсулуу, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 12 жыл:

«Жәбірленген адамның мүддесіне прокурор өкілдік ету керектігі кедергі болады, ол сот сатысында құжаттарды жинау түрінде жәбірленушіге еш уақытта тиімді көмек көрсетпейді».

Адвокат Снежанна Ким, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 10 жыл:

«Судьялардың айыптау үкіміне, іс бойынша шығарылған процессуалдық шешімдерге шырғалануы, халықаралық құқыққа қатысты нашар дайындық, жоғары тұрған органның пікірі кедергі болады».

Адвокат Шаршеева Айсулуу, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 8 жыл:

«Мемлекеттік органдар өкілдерінің тәртіпсіздігі және сот отырысына келмеуі, талаптың ешбір бөлігінде мойындамау, судьялардың немқұрайлы қарауы, сот отырыстарын алыс мерзімге созуы кедергі болады».

Адвокат Турсунов Аскарджон, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 11 жылдан асады:

«Істерді талапкердің еңсесі түсуі үшін созады».

Адвокат Мухамедьяров Аманжол, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 2 жыл:

«…Менің ойымша, біздің судьялардың мемлекеттік аппаратпен тығыз байланысты болуы және әлеуетті құрылымдар, және де жоғары тұрған басшылыққа тәуелді болуы басты кедергі болып табылады».

Адвокат Рамазанова Лейла, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 5 жыл:

«Өте аз өтемақы сомалары, азаптау/ қатыгез әрекет құрбандарының/ медициналық қателік құрбандарының рухани шаршағандығы».

Адвокат Салимбаева Гаухар, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 13 жыл:

«Соттың зиянды өтеуге қатысты өзінің қалыптасқан тәжірибесі бар, және көп жағдайда олар соны ұстанады».

Адвокат Шарипов Абдурахмон, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 17 жыл:

«Тән емес кедергілер – әдетте бұл субъективтік фактор. Яғни, егер судьялар мен жауапкердің өкілдері денсаулығын қалпына келтіру үшін өтемақыны талап етуші құрбанның ауруы мен азабын өздерінің ішкі сенімімен қаншалықты дұрыс және терең қабылдаса, берілетін өтемақының сомасы соншалықты болады. Көбінесе, жауапкердің өкілдері – жауапкердің органына тәуелді және бағынышты болуларына байланысты өздерінің пікірін білдіре алмайтын, сондықтан сотта басшылықтың пікірін білдіретін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары болып табылады. Жауапкердің басшылығы көбінесе бюджетте қаражаттың болмауына сүйенеді».

Сонымен, барлығы толықтай анық – адвокатар мен халықаралық адам құқықғын қорғау жүәесінің құжаттарында толық мәселелер тізімі бар, олар құрбандардың келтірілген зиянның үшін тиісті өтемақы алмайу себептерін дәлелдейді. Сонымен қатар, құжаттарда азап құрбандарының құқықтарын қалпына келтіру үшін қажетті жүйелік өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар тізімі кең қамтылған.

Осылайша, біз талап етіп отырған «жеке өзгеріс [судьялар шығарған сот шешімдерінің жаңа түрлері] сырттай реттелуі мүмкін [халықаралық құқық және адвокаттардың және ҮЕҰ заңгерлерінің жүйелі әрекеттерінің әсерімен] және сондықтан болжамды болады [халықаралық құжаттардың және азап шеккен адамдардың талаптары ақыр аяғында орындалатын болады].

Адвокаттардың әрекеттері тиімд болу үшін біз тәжірибелік ұсыныстар тізімін жасадық, оларды адвокаттар өз қауымдастықтарында талқылауы мүмкін және қару-құралына айналдыра алады.



Адвокаттарға арналған №1 ұсыныс

Ешқашан көпшілік алдында азаптауға қарсы әрекет саласындағы қорғаушының ұстанымына зиян келтіруі мүмкін асығыс мәлімдеме жасамаңыздар.

Мысал.


Ірі баспаның жуналисті: «—Сіз әлдеқашан айтқансыз, бірақ тағы да айтып өтейін: Р. қатысты ешбір азап қолданылмайды?»

Адвокат: «Жоқ. Оны ешкім азаптаған жоқ. Оны, әдеттегідей, психологиялық тұрғыдан «мәжбүрледі» — «сен 12 жылға бас бостандығынан айырыласың» және «сен өз кінәңді мойындап, қағазға қол қою керексің», - деп айтты. Бұл әдеттегі әдіс, шектен шығатын еш оқиға болмады. Өз кінәсің мойындайтын қағазға, ол, әрине, қол қоймады». 

Дәл осы уақытта қоғамдық бақылау комиссиясы қамауға алатын орынға барды. «Р. құқық қорғашуыларға оны тұтқындаған кезде оған психологиялық қысым көрсетілгенін, тергеушінің үйіне телефон шалып, оны тұтқындағанын әйеліне мәлімдеуге рұқсат етпегенін айтты» және «…заңсыз тұтқынға алынған Р. қазір карантиндік камерада отыр… Бұл сегіз шаршы метрлік бөлме, онда не тоңазытқыш, не теледидар жоқ, тек жылтыр сырлы шәйнек және радио хабарын қабылдайтын қондырғы бар. Мұндай камерада адам 10 күн бойы отырады. Карантин дегеніміз талдау алу, киімді дезинфекциялау. Әдеткі киімнің орнына қатқыл түрме киімін береді. Карантиннан кейін, ережеге сәйкес, кәдімгі камераға ауыстырады, онда екі не төрт тұқын болады… Р. психологиялық жағынан еңсесі түскен, өзінің отбасы туралы уайымдайды».

Бұл мысалдан, біріншіден, адвокаттың саналы түрде немесе білместікпен (екеуі де – қорғалушының мүддесіне қарсы), халықаралық құқық ұсынған «азаптау» анықтамасына қайшы келетін ақпаратты көпшілікке тарататынын көреміз. Екіншіден, қоғам тұтқындалған адамның жағдайы туралы қайшы ақпаратты алады: адвокат Р. сергек және батыл дейді, ал құқық қорғаушылар Р. психологиялық тұрғыдан еңсесі түскен және отырған жерінің жағдайы нашар және жалғыз екенін айтады. Сондай-ақ, құқық қорғаушылар басқа да бұзушылықтар – психологиялық қысым көрсету және тергеушінің Р. туыстарына оны тұтқындау туралы хабар беру құқығын пайдалануға тыйым салуы туралы мәлімдейді.

Сонымен, ешбір асығыс және қарама-қайшы көпшілік алдындағы мәлімдемелер болмауы тиіс.

Адвокаттың барлық мәлімдемелері мұқият ойластырылған. Мәлімдемелер уақтылы жасалған және нақты бір мәні бар. Айтылған немесе жазылған сөздің мәні қорғаушының құқықтық ұстанымына толық сәйкес келеді және азаптаудан қорғау стандартына сай18.

Адвокаттарға арналған №2 ұсыныс

Азаптау деген не және онымен күресудің құқықтық тетіктері қандай екенін өздеріңіз жете біліңіздер. Өздеріңіз жазасыздықпен үнемі күрестің бір бөлігі болыңыздар.

Құқық саласындағы профессор Михаил Савчин19: «…себебі адвокаттардың көбі мұндай тәсілдерді [адам құқықтарын тиімді қорғау] юриспруденцияның қалыптасқан тәртіпке сүйене отырып, сирек қолданады. Адвокаттар бұзылған құқықты бүкіл жиынтығында шындап қабылдамағандықтан, іс жүзінде ешбір шенеунік бұл мәселені жиынтықта қарастырмайтын болады. Құқықтық қорғаудың тиімділігі мен ықпалдылығын (оның ресми түрде жариялануы мен символдығы емес) қарастыратын нақты құқық дәлме-дәлдігі және доктринасы құқықты қалпына келтіру және әділетті өтемақы беруді іске асыратын және заңды құралдарға негізделуі тиіс».

Сонымен, адвокат қорғау шараларының ресми жариялылығына және символдығына ешқашан қанағаттанбайды.

Бұзылған құқықты қорғау талабы барлық шаралар жиынтығында қорғаушымен әрдайым қойылады (Жалпы реттегі №3 ескерту САТ/С/GC/3). Азап шеккен жәбірленуші және жанама құрбандарды қорғаушы құқықтық қорғаудың тиімді және ықпалды болуын, соның ішінде әділетті және тиісті өтемақы беруді талап етеді.

Адвокаттарға арналған №3 ұсыныс

Басқа адамдарға азаптаудың және қатыгез, ар-намысты қорлайтын іс-әрекет пен жазалаудың не екенін және азаптаудан құқықтық қорғау тетіктері ел ішінде және халықаралық деңгейде қалай жұмыс істейтінін түсінуге көмектесіңіздер.

Ол үшін БАҚ анда-санда ғана сөз сөйлеу және жеке істер бойынша қысқа түсініктер беру жеткіліксіз.

Жүйелі, дәйекті, тұрақты ақпарат беру және қоғамдық төзімсіздіктің, азатау мен қатыгез әрекетті қабылдамаудың, азаптау құрбандарына және олардың жақындарына (жанама құрбандарға) қолдау көрсетудің жаңа нұсқауын құру үшін жақсы медиажоспар қажет.

Жоғары заңгерлік білім беру жүйесіне дәйекті түрде араласу керек/ азаптау туралы істерді жүргізуде тәжірибесі бар адвокаттар қатысуы керек.

Құқық саласындағы профессор Михаил Савчин20: «…студенттерді құқыққа үйрету керек, яғни адам құқықтарын қандай тәсілдердің көмегімен тиімді қорғауға болатынын үйрету қажет».

Сонымен, азаптауды қолданған билік өкілдерінің заңсыз әрекеттерін БАҚ-да әсерлі сипаттау жеткіліксіз.

Адамдарға өз құқықтарын тәжірибе жүзінде тиімді қорғау тәсілдерін күнделікті үйрету маңызды. Бұл білім/ақпарат адамдарға қолжетімді байланыс жолдары арқылы берілуі тиіс. Ал дағдылар оларды тәжірибеде қолдану арқылы қалыптасуы тиіс.

Адвокаттарға арналған №4 ұсыныс

Кез келген бұзылған құқықты қалпына келтіру бойынша әр қолайлы істі жәбірленуші адамға келтірілген зиянның өтемақысын төлеу туралы талап білдіру үшін пайдаланыңыздар

Қоғам мемлекеттік шенеунік тарапынан келтірілген тіпті кіші ғана бұзушылық қорғаушылармен ескерусіз қалмайды деген ойға үйренуі керек. Ол үшін әр сот процесі өтемақыны талап етуді жүзеге асыра бастауы қажет.

Бұрынғы судья Василий Павлович Палиюктің монографисынан алынған менің сүйікті дәйексөзі21: «Моральдық (мүліктік емес) зиянның орнын толтыруды қарастыратын ағылшын заңнамасы күнделікті тұрмыстық орамдылығымен және терең тәжірибелік мәнімен таң қалдырады. Осы топтағы істерді қарастырған кезде судьялар әр жәбірленушінің талабын әрбір қолайлы жағдайды пайдаланып, кінәлінің есебінен қанағаттандыруға тырысты. Тұрғынның құқығын бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты да талаптар қанағаттандырылып отырды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылардан әрдайым алынатын ақшалай сома Англияда өзгенің құқығы мен жеке басын құрметтеуді күшейте отырып, көбінесе азаматтың мұратын және мемлекет қайраткерін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады».

Қоғамда өтемақы төлеу талаптары олар туралы қала базарында және әлеуметтік желілерде маңызды жаңалықтар секілді айтып бастайтындай жаппай құбылыс болған кезде, сот жүйесі мұндай жағдайға сот тәжірибесін өзгерте отырып, әрекет етуге мәжбүр болады. Сөйтіп, судьялардың бірі, әлбетте, әділетті және тиісті төлемақы беру туралы сот шешімін шығарған бірінші шынайы қаһарман болады, ал оны кәсіби қоғам және де жалпы қоғам ынтамен қабылдайды және барлығы осы жетістікті қайталағысы келетін болады.



Адвокаттарға арналған №5 ұсыныс

Судьялар және құқық қорғаушылармен бірге соттың тәуелсіздігі мен әділеттілігі үшін дәйекті түрде күресіңіздер.

Адвокатқа белгілі құқық қорғау жүйесі немесе басқа мемлекеттік институттар тарапынан әділеттілікке қысым көрсету жағдайларының көбіне шағым түсірілмейді және құқықтық құжаттарда жазылмай қала береді. Сол уақытта, соттан әділеттілікті және туралықты талап ету барлық халықаралық және ұлттық құжаттарда бар. Бұрмалағыштық пен әділсіздік фактісін дәлелдеу қиын деген тұрақты пікір неліктен қалыптасты. Алайда, әр бізге белгілі жағдайда мұны ешкім жасап көрмесе, қалайша кері әрекетке көз жеткізе аламыз?

БҰҰ Азаптауға қарсы комитеті қарастырған «Герасимов Қазақстанға қарсы»22 ісінде, өкілдер арыз берушіге қысым көрсетілгенін дәлелдей алды. Бұл үшін сендірерлік дәлелдер жинау керек, алайда қорғаушының міндеті мен еңбегі осы болып табылмай ма?

Мысал. «Герасимов Қазақстанға қарсы» ісі

«6.  2011 жылы наурызда арыз беруші Комитетке 18 ақпан 2011 жылы күні қойылған, ағылшын тіліндегі аудармасы қоса берілген, орыс тіліндегі нотариус куәландырған хатты ұсынды (Қазақстанның Сыртқы істер министрлігін көшірмеге қойып), хатта ол 22 сәуір 2010 жылы өз атынан берілген шағымды қайтарып алу өтінішін білдірді, себебі ол өзі ешбір ұсыныс дайындамады және қол қоймады, ал шағым Ашық қоғамның Құқықтық бастамасымен және Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы ол берген сенімхат негізінде дайындалды. Одн кейін ол полиция қызметкерлеріне берген шағымдар «қызу үстінде, қатты ашулы күйде» жазылғанын және оларға ешбір шағымы жоқ екенін айтты».

«7.16 … 3) 2011 жылы наурызда Сыртқы істер министрлігі нтариуспен куәландырылған хатты алды, онда арызданушы Комитетке берген шағымын қайтарып алғаны мәлімделген. Арызданушының Комитетке үшінші тараппен жіберілген шағымды қайтарып алуы тұрғысынан Комитет оны қарастырмағаны жөн».

«8.5 Орыс және ағылшын тілдерінде басылған және нотариуспен куәландырылған, күні 18 ақпан 2011 жыл деп белгіленген, арызданушы қол қойған, Комитетке жіберген өзінің шағымын «қызу үстінде, қатты ашулы күйде» жасағандықтан қайтарып алғысы келетіні жазылған хатқа қатысты, заңды өкілдер арызданушымен байланысуға тырысты, және оларда Комитетке берілген шағымды қайтарып алу туралы нұсқау жоқ. Шағымды қайтарып алу туралы хат дейтін келесі жағдайларда алынды: оған екі полиция тергеушісі жолққаннан кейін арызданушы 3 ақпанда хат жазды, және бірнеше күннен кейін полиция тергеушілерінің бірі арызданушы нотариалдық контораға алып келді, онда оған басып шығарылған құжат берілді, құжатты ол көз жүгірте қарап шықты да қол қойды. Осылайша, Комитетке жіберілген 18 ақпан 2011 жылы басылған хатты арызданушының өзі емес, қатысушы-ел дайындады, ол қолмен жазылған алғашқы хаттан айтарлықтай өзгеше болды, және тағы да қысым көрсетіліп қол қойылған болды.

8.6 Қатысушы-ел сүйенетін шағымды қайтарып алу туралы хат арызданушы оған қолданылған азаптар туралы бірнеше рет берген толық және өзара келісетін түсініктерден өзгеше. Арызданушы 22 ақпанда 2010 жылы қол қойған сенімхатта Ашық қоғамның Құқықтық бастамасын және Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросына Комитетте оған өкілеттік ету және оның атынан арыздар мен өзге құжаттар беруге уәкілеттік беретіні расталады. Оған қоса, ол шағыммен бірге берілген өз арызының әр бетіне қол қойды. Бұл жағдайларда 3 ақпандағы хат та, 6 ақпанда өткен жауап алу да, 18 ақпандағы хат та оның еркін және анық түрде шағымын қайтарып алуды білдірмейді, осыған орай олар Комитеттің шағымның мәнін қарастыруына кедергі келтірмеуі керек».



Адвокаттарға арналған №6 ұсыныс (№3 ұсыныспен ұштастырылған)

Көшбасшы болыңыздар, өзінше бір алғаш ашушы болыңыздар. Сіз және клиентіңіз ешбір жүйелік сипаттағы кедергілерге қарамастан жетістікке жеткіздірген жол туралы толық айтып беріңіздер.

Қолданыстағы сот және саяси жүйені әдеткі сынау енді ешкімді қанағаттандырмайды. Зерттеушілер тіпті жаңа терминді ұсынып отыр: «демократура»23 - яғни, қолданыстағы тетіктерімен демократияға ұқсас (мысалы, сайлаулар, соттар), бірақ оның мазмұнына (сайлаулар – адал емес, ал соттар – әділетсіз) сай келмейтін жүйе.

Көшбасшылықтың жаңа түрі – байланыстырушы – адвокаттарға одан да көп адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа да тиімдірек жолдарын көрсететін өз қауымдастығында алғаш ашушылар ретінде көшбасшы болуға мүмкіндік береді. Адвокаттардың көшбасшылығы, сондай-ақ жазасыздықпен жүйелі күреске одан да көп адамның қатысуына алып келетін болады. Бұл қоғамдық ахуалдың өзгеруіне, қатаң құқық бұзушылық санын және ең алдымен, азаптау мен қатыгез іс-әрекет секілді құқық бұзушылық санын төмендетуге мүмкіндік беретін болады.

Осылайша, адвокаттар осындай қажетті қоғамның түсінуі мен қолдауына қол жеткізе алады, ал азаптау құрбандарының өзі және оладардың жақын туыстары жергілікті қоғамдастықтардың түсінуіне, шынайы ниет білдіруіне және көмегіне қол жеткізе алады.



II Бөлім

«Бүгін адвокаттар алқасына көп заңгерлер келді,



олардың көбі, өкінішке орай, қолдарында университет кітаптары мен кодекстерінен басқа, не қорғау тактикасы, не сотқа дейінгі немесе сот тергеуі әдістемесі бойынша ешбір кітаптары жоқ»24

Виктор Чевгуз, адвокат (Украина)



Жәбірленушілерге азаптаудан келтірілген зиянның өтемақысын төлеуде табысқа қалай қол жеткізуге болады

Ең алдымен, сіз азаптаудың орын алғанын және адамның қиналғанын, және де оның қасірет шеккені үшін азаптауға сәйкес соманы төлеу қажет екенін дәлелдеуіңіз керек болады.



  1. Азаптауды құжаттармен куәландыру

Азаптауды дәлелдеу оны қолданудың іздері болмағандықтан қиын емес. Дәлелдерді объективті және субъективті себептерден жинау қиын.

Объективті себептерге, ең әуелі, азап көрсетілген адамды оқшаулау және тәуелсіз дәрігерлерге қаралу мүмкіндігі болмауы жатады.

Субъективті себептерге қорғаушының нақты бір істе табысқа қол жеткізуге және азаптауды дәлелдеуге сенбеуі жатады, себебі барлық бұрынғы жағдайлар, әдетте, ойдағыдай аяқталмайтын.

Азап шекен адамның бірінші кездесуі шешуші рөл атқаруы мүмкін, себебі қорғалушымен дәл бірінші кездесуде адвокаттың суретке түсіруге, көгерген жерлерді, жарақаттарды немесе өзге денеге келтірілген зақымдарды шамалап, сипаттауға, және қатыгез іс-әрекет қолданылғаннан кейін адамның әдетте көрсетуі мүмкін мінез-қылығын сипаттауға мүмкіндігі болады. Ол мінез-құлыққа ауыру, азап шегу жатады, және бұл оның дене тұрысынан, дауысынан, қиналған іс-әрекетінен, тоқтап-тоқтап сөйлеуінен, ыңқылдауынан, және де жүріп-отыра алмауынан немесе есінен таңуынан және басқа көрініп тұрған мінез-құлық пен жағдайының өзгеруінен байқалады.

Сонымен қатар, адвокаттың бірден тәуелсіз медициналық куәландыру жүргізу туралы өтініш беру мүмкіндігі бар, ол куәландыру жиі қажетті шұғыл медициналық көмек көрсетуден басталуы мүмкін.

Азаптауды қолдануға байланысты кез келген шағымдарды белгілеу (құжаттау) керек, өйткені олар көп жағдайда, денсаулыққа және психологиялық денсаулық жағдайына ұзақ мерзімді кері зардапқа алып келеді. Қысқа мерзімді зардаптарды белгілеу жоғарыда аталған субъективті және объективті себептерден іске асырылмауы мүмкін, алайда тиянақты және кәсіби жүргізілген диагностика медицина мен психологияның заманауи даму сатысында қорғаушыға қажетті дәлелдер бере алады. Тергеумен көрсетілген қысымға берілмеу керек және қажетті нәтижеге қол жеткізбейінше барлық тиісті өтініштерді беріп отыру керек.

Терапевт, травматолог, хирург, және де невролог, уролог, психиатр, көз дәрігері, отоларинголог, пульмонолог, тіс дәрігері және жалпы – кез келген басқа саланың дәрігері әртүрлі маңызды белгілерді маңызды емес немесе сотта «еш мәнісі жоқ» белгілер ретінде елемей қоюдың орнына, оларды жіберіп алмаса, өздерінің жалпы медициналық даярлығы негізінде тергеудің ең алғаш кезеңдерінде қатыгез іс-әрекет немесе азаптаудың белгілерін байқап, сипаттай алады. Іс жүзінде дені сау, ешқашан денсаулығына шағынбаған және медициналық көмекке жүгінбеген адамдар азаптаудың құрбаны болып, полициядағы адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттен кейін бостандыққа шығатын немесе психоголиялық жағдайы нашарлауын қоса алғанда, денсаулығына қатты зиян келген адамдардың жазаларын одан ары өтеу жағдайлары өте жиі кездеседі.

Осылайша, қорғалушы көрсетілген азаптар туралы және жүрегі айнитынын, басы айналатынын, құсқысы келетінін, басы, іші, арқасы, бүйрегі, бұлшықеттері қатты ауыратынын айтып шағынады, денесі көгерген, жаралары, сынған жерлері бар. Ол нашар уйықтау, үрейлену және/немесе тұншығу, қорқыныш басу, шындық сезімінен айырылу, өмір сүрудің маңызы болмау, өз-өзіне қол жұмсау ойы келу сияқты ауруларға шағынады.

Сондықтан:

7 ұсыныс.



Азаптаумен себеп-салдарлық байланыста денсаулыққа келтіретін зардаптарды сипаттағанның орнына әртүрлі белгілерді ешқандай мәні жоқ, жеңіл немесе орта дене жарақаты, «ауруханаға жатқызуға мұқтаж емес» сияқты бағалау пайымдамаларына дейін жалпылама талдайтын қалыптасқан медициналық және сарапшылық тәжірибе жетегінде ешқашанда жүрмеңіздер.

Адвокат Ибраимова-Айсулуу Садыбакасовна, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 12 жыл:

«Тергеу де, сот та сот-медициналық сараптамасын, кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамаларды, және де комиссиялық сараптаманы белгіледі. Кейбір қорытындылардың мәтіндері әрдайым толық жазыла бермейді, мысалы, менің тәжірибемде, кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысында істің мән-жағдайы кейде сипатталмайтын».

Адвокат Рамазанова Лейла Адильхановна, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 5 жыл:

«Азаптау құрбандарына өтемақы төлеу талабына өтініш беруде Сіз дәлелдерді қалай жинайсыз?» деген сұраққа: «Өтініш білдіру уақытына байланысты азаптау/ қатыгез іс-әрекетті қолдану сәтінен бастап – жазбаша жазылған өтініш (2-3 данада, азаптауды/ қатыгез іс-әрекетті қолданған адамдарды, азаптау/ қатыгез іс-әрекетті қолдану әдісі мен реттілігін толық сипаттай отырып, өз қолымен жазылғаны дұрыс); сот-медициналық сараптамасын/ медициналық құжаттарға сәйкес ұқсас сараптаманы белгілеуге белсенді түрде жәрдемдесу», - деп жауап берді.

8 ұсыныс.



Азаптау қолданылу күдігі бар кез келген жағдайда, әсіресе, көрінетін дене жарақаттары немесе қорғалушының қорғаушыға не басқа бір жақын туысына белгілі әдеткі мінез-құлқымен салыстырғанда мінез-құлқының бұзылуы жағдайында өз қорғалушыңызды ауруханаға жатқызуды талап етіңіз.

Кәмелетке толмаған балаларға және жастарға, әйелдерге, қарт адамдарға, созылмалы аурумен ауыратын адамдарға, айрықша мұқтаж адамдарға (мүгедектерге), ЛГБТ-қауымдастығы өкілдеріне олардың ерекше сезімтал болуына және қорғалмауына байланысты ерекше назар аудару қажет, сондай-ақ басқыншылар әлсіз және қарсы тұруға қабілетсіз деп санайтын адамдарға қатысты шектен шыққан іс-әрекет пен кемсіту жағдайларына көңіл бөлу керек.

«Нені жүйелі түрде өзгерту қажет?» сұрағына - «… сараптамаларды уақтылы белгілеу (оларды 3 тәулік ішінде белгілеу міндеттілігі, сараптамаларды жүргізу үшін бірнеше мамандарды тарту)» деген жауап болды (оқу құралдың авторы ерекше көңіл аударған) (адвокат Рамазанова Лейла Адильхановнаның сұхабтынан алынған).

9 ұсыныс.



Қорғалушыны орналастырған медициналық мекемеде Стамбұл хаттамасы бойынша арнайы даярлықтан өткен бірде-бір дәрігер болмаса, осындай құзыреті бар дәрігерге қосымша апарыңыз/тексеруді ұйымдастырыңыз.

Адвокат Джураев Дилшод, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 10 жыл:

«Ал соңғы сараптама – химиялық сараптамада – тін үлгілері алынды – сүзек, алқым ісуіне шалдығу болжамы болды, бірақ соққыдан кейін қанды ісік қалды (сарбаз 7-14 күн жатты, қанның бұзылуы, сепсис болды – иығынан қанды ісік байқалды. Бәлкім, бұл сарапшы … тренинг өткен шығар)».

10 ұсыныс.



Дәрігердің азаптау құрбанының тек медициналық емес, сондай-ақ психологиялық хал-жағдайын да жазып қойғаны маңызды. Кейін сіз психологтан кеңес/тексеру/сараптама ала аласыз.

Алайда, физикалық зардаптар мен психологиялық жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланысты ең бастапқы кезеңде белгілеп қойған маңызды. Одан әрі психолог сіздің қорғалушыңыздың психологиялық жағдайының жай нашарлауын ғана емес, сонымен бірге созылмалы психологиялық жайсыздықты, тіпті тұлғалық мінездемелерінің өзгеруін анықтауы мүмкін.

Адвокат Ким Снежанна Викторовна, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 10 жыл:

«Сараптамалар, көбінесе – психиатриялық сараптама сирек белгіленді, сарапшылардың нашар даярлығынан және мәселені түсінбеуінен, ортақ әдістемелердің болмауынан ол тиімді болмады».

11 ұсыныс.

Адвокат мемлекетке тәуелді емес медициналық куәландыру және медициналық сараптама жүргізу туралы талапты белгілеп қоюға міндетті.

Егер сіз сот-медициналық сараптамасын жүргізуді белгілеу туралы өтінішін берсеңіз, онда көбінесе оны мемлекеттік мекемеде (заң бойынша) жүргізу белгіленеді. Алайда, мемлекеттен тіркеу/аттестаттау/лицензия немесе рұқсат алатын сарапшылар азаптау бойынша істерде сараптамалар жүргізе берсе, қорғаушылар соттың бағалауы үшін тәуелсіз деректерді алуға үміттене алмайды.

Заң бұл тұрғыда сапасыз болып табылады және жүйелі түрде өзгертілуін талап етеді. Заң және тәжірибені өзгерту үшін әр азаптау және қатыгез іс-әрекет қолдану жағдайында мемлекетке тәуелді болмайтын азаптаудың медициналық және психологиялық зардапттары туралы баламалы тергеу жүргізу мәселесін көтеру қажет болады. Ол азаптау және қатыгез іс-әрекет қолдану жағдайларын белгілеудегі «Дәрігерлер адам құқықтары үшін» (PHR) беделді халықаралық ұйымының тәсіліне сәйкес болуы тиіс.25

Осылайша, сараптаманы белгілеу керек пе жоқ па деген сұрақ ең негізгі бола бастайды: тәуелсіз, баламалы сараптаманы белгілеуді талап ету – азаптаумен күресу стратегиясын, соның ішінде тәуелсіз, баламалы сараптамаларды жүргізуді тұрақты талап ету арқылы іске асыруды білдіреді.

Адвокат Джураев Дилшод, адвокат ретінде жұмыс өтілі 10 жыл:

«Сот-медициналық сараптама мәселесі – ВСГ Сот-медициналық сараптамалардың орталық зертханасы (?) – ведомстволық. Олар, аурудан, мысалы, жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігінен (дөкір құрал соққысы нәтижесінде туындады) қайтыс болды деуі мүмкін. Өздерін қорғайды, өлтірілді деп айта алмайды».

12 ұсыныс.

Азаптауға қарсы адвокаттық топтар/коалициялар сараптамалар белгілеу туралы барлық өтініштерді, оларды қарастыру нәтижелерін, «жақтау» және «қарсы болу» дәлелдерін заңды өзгерту мәселесіне дәйекті түрде кірісу үшін (сараптамаларды адвокаттар белгілеу үшін және оларды – университет кафедраларында, зерттеу орталықтарында және зертханаларында жұмыс істейтін барлық құзыретті мамандар, әртүрлі саланың машықтанушы мамандары жүргізе алу үшін) жалпылап, жүйеге келтіруі тиіс.

Адвокаттар/коалициялар тәжірибені әр дәрігер азаптаудың медициналық және психологиялық зардаптарын Стамбұл хаттамасына сәйкес азаптау, қатыгез немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекет немесе жаза қолдану туралы мәлім болғаннан кейін тез арада, ең бастапқы кезеңдерде – тексеру, ауруханаға жатқызу, емдеу, кеңес беру барысында жазып белгілей алатындай жағдайға өзгерте алуы керек.

Адвокат Мухамедьяров Аманжол Нурланович, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 2 жыл:

«Жүйелі деңгейде нені өзгерту қажет?», - деген сұраққа: «ҚАЖ мекемелерінде тәуелсіз, ІІМ бөлек дәрігерлік қызметтер құру керек, жеке, тәуелсіз сот психологтары қызметін құру қажет. Дәлелдерді тергеу, анықтау және бекіту бойынша Стамбұл хаттамасының қағидалары мысалында ережелер құру керек», - деп жауап берді.

*Орталық Азияда қылмыстық сот әділдігін реформалау жөніндегі Форумның материалдарын оқып шығу ұсынылады ODIHR/OSCE (2012 жыл)26.

13 ұсыныс.

Егер сізге қорғаушы ретінде тәуелсіз медициналық сараптаманы/ медициналық куәландыру белгілеуде бас тартса, не істеу керек?

Бұл бас тартуға міндетті түрде шағым беріңіз. Құжаттарда Азаптауға қарсы конвенцияға және азаптауларды тиімді тергеу қажеттілігіне сүйеніңіз.

Тәуелсіз, баламалы медициналық сараптамасыз тиімді тергеу жүргізу, кінәлілерді тауып, жазаларын беру мүмкін емес екенін, мемлекеттің жазасыздықпен күресте өз міндеттемелерін орындамайтынын көрсетіңіз. Және ең бастысы осындай тәуелсіз, баламалы бағалаусыз сіздің қорғалушыңыз әділ соттан айырылатынына көңіл аударыңыз, себебі ол азаптау және қатыгез іс-әрекетпен байланысты психологиялық жарақатты анықтауға бағытталған медициналық зардаптарды және психологтың тексеруін бекіту үшін жан-жақты медициналық тексеруге қол жеткізуден басқаша түрде дәлелдерді сотқа ұсына алмайды.

Егер медициналық және психологиялық сараптамалар белгіленсе.


  1. Медициналық және психологиялық сипаттағы сұрақтарды сауатты түрде қою керек.

  2. Психологиялық сараптаманы психиатриялық немесе кешенді психологиялық-психиатриялық сараптамаға ауыстыруға келіспеу керек.

14 ұсыныс.

Сарапшыға сұрақтарды сарапшы сізге шын мәнінде жауап бере алатындай қойыңыз27ол жарақаттың/зақымның қандай түрін көріп тұр, бұл жарақат нақты бір ықпал нәтижесінде туындауы мүмкін бе (мысалы, электр тогымен соққы, химиялық күйік, қолын артқа байлап асудың зардаптары, соққылар және басқалары), осы жарақаттардың туындауы ықтимал мерзімдерін, емдеу тиімділігін, оның ұзақтығын, ұзақ мерзімді зардаптарының ауырлығын болжау – дәл қайсысы – зардаптарды қалпына келтіру/ келтірмеу, келесі медициналық, психологиялық және әлеуметтік оңалту жүргізу қажеттілігі, еңбекке қабілеттілік (соның ішінде, бас жарақаты, кіші моториканың бұзылуы және нақты кәсіби операцияларды орындай алмауы, қимыл-қозғалыс үйлесімділігі және биіктікте жұмыс істеу қабілетінің бұзылуы және т.б. кезіндегі зияткерлік) зардаптарын, және медициналық зардаптарға (мысалы, адамның көз көруі қатты төмендеуі және өз денсаулық жағдайының күрт өзгеруіне психологиялық реакциясы) тікелей байланысты психологиялық зардаптарды сипаттау. Емдеу ұзақтығы мен құны туралы мәселені көтеруге болады және көтеру қажет. Егер нақты бір медициналық әрекеттер/операциялар/протездеу сіздің еліңізде жасалмаса – олар қайда, қандай мекемелерде жүргізілетіні және қандай мамандар орындайтыны туралы сұрақтарды қоюға көтеруге болады. Құны бойынша жеке сұрату жасауға болады.

Аурулардың сипаты және орны, олардың ұзақтығы туралы сұрақтар міндетті түрде қойылуы тиіс (егер тұрақты түрде қайталанатын және 13 аптадан артық уақытта жазылмайтын ауру адамның тұлғалық ерекшеліктерін өзгертетіндей қатты әсер етуін дәлелдейтін зерттеулер).

Азаптаудың дене келтіретін зардаптары туралы сұрақтар – бұл әрдайым адамның «Мен» деген физикалық және «Мен» деген психологиялық кері өзгеруі туралы сұрақ. Бұл өзгерістердің нақты бір құрбанның психикалық шынайылығына әсері – адамның өз-өзіне «Мен және Мен» қарым-қатынасы, сондай-ақ, «Мен және Басқалары» басқаларымен өзара әрекеттесу қарым-қатынасы («Мен» және отбасының жеке мүшелері, және де жалпы отбасы, «Мен» және жұмыс беруші, сонымен қатар, жұмыстағы әріптестер, «Мен» және айналадағылар – қарапайым, дағдылы, жайлы өмір сүру үшін мәні бар адамдардың бәрі).

Адвокат Холматова Гулчехра, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 17 жыл:

«Кейде жүгінеміз – сонда бастапқы нұсқалардың бірі – ауырды (сырқат) және қайтыс болды. Тұрғылықты жері бойынша сұрату – тіркеуде болды ма? – ақпарат бермеді – қалалық денсаулық сақтау бөліміне адвокаттық сұрату жөнелтуге тура келді, есік тоздырасың, заң бойынша жауап беруге міндетті болса да – ақпарат бермейді. Шағым беруге немесе сотқа жүгінуге болады (әзірге жүгінген жоқ – ерте әрекет жасады)».

Адвокат Рамазанова Лейла Адильхановна, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 5 жыл:

«Медициналық құжаттар бойынша сараптама жүргізген кезде сотқа дейінгі тергеу органдары барлық сұрақтарды қойғанын және сараптама жүргізу үшін сарапшыларға барлық медициналық құжаттар ұсынылғанын қадағалау маңызды».

15 ұсыныс.



Психологиялық сараптаманы психиатриялық немесе кешенді психологиялық-психиатриялық сараптамаға ауыстыруға келіспеңіз.

Бұл тең ауыстыру болып табылмайды. Бұл сіздің қорғалушыңыз психикалық тұрғыдан дені сау болған жағдайда, сұрақты заңға қайшы қою болып саналады.

Дені сау адамның жеке басын, психикалық үдерістерін зерттеу (жауап қайтару, түсіну, ес, зейін, ойлау ерекшеліктері) – психологтың құзыретіне жатады. Психиатрдың құзыреті – психиатриялық ауруға шалдыққан, яғни психикалық ауру адам болып табылады.

Егер сіздің қорғалушыңызда азаптауға дейін психиатриялық диагнозы болса немесе азаптау нәтижесінде психикалық бұзылуы болса, онда сот-медициналық сараптама азаптаудың психикалық денсаулыққа хардаптарымен байланысты мәселелерді қамти алады (ұқсастық бойынша – 8 ұсыныс).

Адвокат Ким Снежанна Викторовна, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 10 жыл:

«Азаптау құрбандарына қатысты сараптама сот сараптамалары тізімінің ішінде тек тармақ болуы тиіс деп санаймын. Оның әдістемесі кемінде Стамбұл хаттамасын қамтып көрсетуі керек, сот сарапшылары осы салада даярланған болуы керек».

16 ұсыныс.

Егер сіздің қорғалушыңыз азаптауға дейін психикалық дені сау болса, онда оның психикалық жағдайын бірінші болып психолог тексеруі тиіс.

Қорғаушы психологқа қоюы мүмкін сұрақтар азаптау құрбанының жеке басының психологиялық ерекшеліктеріне, оның азаптау фактісі мен зардаптарына психологиялық реакциясына, оның қасіретіне – эмоциялар мен жасаушы адамды ойша анықтауына, оның басқа адамдармен қарым-қатынасына, өз жеке өмірін қайта ойлауға, бейімделудің мүмкін бұзылуына және келешекке болжамына, әлеуметтік мәртебесін жоғалтуға және осымен байланысты уайымдарға, тұрмыс сапасының күрт өзгеруіне/төмендеуіне және тіпті амандықтың қирауына және жеке адамның бүкіл өмірінің мәнін жоғалтуына қатысты болады.

Куәгерлерді таңдау және жауапкерлер тарапынан куәгерлерге ықпал ету қаупі:

Адвокат Джураев Дилшод, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 10 жыл:

«…Дәлелдерді жинау да ерекше сәт болып табылады. Барлығы кіруге рұқсат етілмейтін «қабырғаның ішкі жағында» өтеді [әскери қызметкерлердің өлімі және милициядағы азаптауларға қатысты істер бойынша]. Онда тек туған-туыстары кіре алады. Ата-аналармен және басқа сарбаздардың ата-аналарымен сөйлесемін. Алайда, кейде анықтап қойады да куәгерлермен «жұмыс істейді». Сарбаз телефонмен әкесіне бірдеңе білетінін айтты (өйткені, қайтыс болған адам оған бірдеңе айтты). – оны сол сәтте психиатриялық емханаға апарды да онымен «біраз жұмыс істеді». Адвокаттың өтінішімен сотқа шақырылды – бірақ ол ештеңе айтпады, сотта тоқтап-тоқтап сөйледі, сөзі ақырын, сұрақтарды түсінбеді немесе естімеді…». «Орынға, куәгер деп болжанатын тұлғаларға кіруге рұқсат (болмауы) – олар әрдайым бақылауда, прокруатурада жауап алуға дейін/кейін соңғы минутқа шейін олармен офицер қоса жүреді».

Адвокат Наязов Умеджон, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 6 жыл:

«бұл істе қиындықтар болмады. Ал басқа істерде – қорғалушымен кездесуден бас тарту, кедергілер – куәгерлерді айныту – оларды қорқытады, қоқан-лоқы көрсетеді. Адвокаттық қызмет туралы және бас бостандығынан айыру туралы заң бойынша адвокат ордер негізінде кездесе алатыны, АҚК адам кездесе алатыны туралы норма бар. Ал, тәжірибеде – ордер жеткіліксіз, тергеушіден қағазды талап етеді, ал қазір қатаң үлгідегі хатты талап етеді – осы негізде бас тартады. Шағымдар берілді – Тергеу изоляторының бастығына жазбаша өтініштер, оған қоса прокуратураға шағымдар берілді. Жауапсыз».

17 ұсыныс.

Тергеу сатысында азаптау құрбанына келтірілген зиянды – азаптаудың медициналық зардаптарын, азаптаудың және қатыгез іс-әрекеттің психологиялық және әлеуметтік зардаптарын (денсаулыққа және психологиялық амандығына зиян), сондай-ақ құрбанға келтірілген материалдық зиянды дәлелдеуге көмектесетін барлық сараптамаларды белгілеуді және жүргізуді талап етіңіз. Зиянның созылмалы сипатын ескеріңіз әр маман бұрынғы жағдайын қалпына келтіру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы және зардаптардың ұзақтығы/ауқымдылығы туралы сотқа түсініктеме бере алады (созылмалы зиян).

Тергеуші істің бар мән-жайын және азаптау құрбанына келтірілген зиянның барлық түрін анықтауға заң бойынша міндетті болады. Тергеушіден оның процессуалдық міндеттерін толық орындауын талап етіңіз.

Адвокат Шарипов Абдурахмон Пирович, адвокат ретіндегі жұмыс өтілі 17 жылдан аса:

«Келтірілген зиян үшін өтемақы мөлшерін анықтау туралы сараптамалар жәбірленуші тараптың (азаптау құрбандары немесе олардың өкілдері) бастамасымен белгіленеді және жүргізіледі. Тергеу немесе сот өз бастамасымен ешқашан өтемақы мөлшерін анықтаумен байланысты сарапшыларды белгілемеген. Егер азаптау құрбаны кез келген сараптаманы (көбінесе, бұл сот-медициналық сараптамасы) белгілеуді және жүргізуді талап етсе, онда барлық шығындарды азаптау құрбаны өзінің есебінен төлейді».



Адвокатқа кәсіби тәуелсіз сарапшы жолықпаса, ол не істеуі керек?

18 ұсыныс. Тәуелсіз және кәсіби тұрғыдан сапалы сараптамаларды жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда адвокат азаптау мен қатыгез іс-әрекеттің барлық мүмкін зардаптарын Стамбұл хататмасында ұсынылған сызбаға сәйкес өзі белгілей алады (V және VI тараулар азаптау түрлері және олардың физикалық және психологиялық зардаптары). Бұл үшін сіз қорғалушыңызбен сенімді қарым-қатынас орнатуыңыз қажет және құрылымды сұхбат жүргізуге нақты уақытты белгілеу керек.

Сот процесінде тым болмаса жәбірленушілерді біршама қанағаттандыратын және өтемақы сомасы бойынша барабар шешімге қол жеткізуде не көмектеседі?

Судьяны сендіру қабілеті. Адвокаттың өз дұрыстығына толықтай сенуі.

Бұл жағдайда белгілі қағида қолданылады: сен басқаларды өзін сенімді болған затқа ғана көндіре аласың.

Істе салмақты дәлелдер болуы мүмкін, алайда қорғаушының сенімсіздігі сот әділдігіне қатысты күмәншілдік болып табылады, қорғалушыға қарсы жалған сенімде болу жауапкер тарапынан және сотпен әрдайым көрініп тұрады. Және олар міндетті түрде бұл жағдайды пайдаланып қалады.

«Кейде аса үлкен өтемақы сомалары, … судьяны ашуландыратын. Соманы анықтаған кезде адвокат рөлінің шындығын ескеру қажет… Адвокаттардың міндеті қорғау стратегиясы, және де сотпен өзара әрекеттескенде шығармашылық әдістерді пайдалану, «достық қатынас» деңгейіне» өтуге тырысу.

Жоғарыда келтірілген дәйексөзді психолингвистика тұрғысынан қарастырайық – бұл дәйексөзде біз құқықтық ұстанымды болжайтын және кейін істі тыңдау барысында адвокаттың кәсіби әрекетінде білінетін қандай мағынаны/мақсатты көре аламыз?

Біріншісі – өтемақының қандай сомасы лайықты, ал қайсы – аса көтерілген болатыны туралы адвокаттың нақты бір түсінігі бар. Адвокаттың түсінігі неге негізденеді?

- әділетсіз сот және азаптау мен қатыгез іс-әрекет құрбандарына лайықты емес өтемақылар себебінен ешкімге ұнамайтын және қоғам тарапынан аяусыз сынға алынатын қалыптасқан сот тәжірибесін білуіне («сот енді үкім шығармайды»).



- Орталық Азия елдері «кедей», сондықтан өтемақы сомасы көп бола алмайды деген қате түсінікке. Неліктен бұл түсінікті мен қате деп атадым? Ең болмаса, ЖІӨ өсу кестесін көрейік (9 ел, соның ішінде ЖІӨ өсуіне қарай үш көшбасшы ел ішінде кіретін Қазақстан бойынша салыстыру).


ҰЛТТАР ЖАРЫСЫ

Бір тұрғынға шаққандағы ЖІӨ

(СҚП 2011 ж. бағамен)


- адвокаттың «аса көтерілген өтемақы сомасы» туралы мұндай түсінігі әлемнің әртүрлі елдерінде және халықаралық квазисот органдарымен азаптау құрбандарына өтемақылар және басқа зиянның орнын толтыру түрлерін беру тәжірибесін нашар білуі немесе мүлдем білмеуіне негізденеді.

19 ұсыныс. Өзіңіздің жеке сенімділігіңізді арттырыңыз.

Құқықтық халықаралық қауымдастық сізбен бірге екенін әрдайым есте сақтаңыз.

20 ұсыныс. Судьяға дәлелдердің қисыны және күшімен, және де өз сенімділігіңізбен ықпал етіңіз.

Біз жасаған ешбір әрекет тиісті нәтиже бермеген – соттар барабар өтемақы сомасын тағайындамауы – жағдайды көріп тұрғанда не істеу керек?

Бұрын сонды жасамаған басқа бір әрекетті қолданып көріңіз.

Адвокаттардың сұхбатынан

«Жедел қызметкерлердің психикасына әсер ету керек – олар азаптауды қалыпты жағдай деп санайды. Олар қылмысты ашу үшін азаптау – қалыпты деп ойлайды. Жүйеге түседі және бұл олар үшін қалыпты бола бастайды. Өз адамдарын да азаптап, қинайды … Ешкім де ол жерге түсуден сақтандырылмаған. КСРО кезіндегі жүйе әлі де қолданылады – құлаққа тарақан кіргіздіру [азаптау түрі] – барлық посткеңестік елдерде азаптау орын алады – сол кездегі куәгерлер өте көп».

«Судьялар, ең алдымен, адамның (физикалық, психологиялық, моральдық жағынан) қалай қиналатынын түсіну керек. Олар [судьялар] колонияда ешқашан болмаған, тергеу изоляторында – олар ешқашан болып көрмеген! Олар білмейді, ал білген кезде бұл фактілерді елемей алмайтын болады».

«Жанама азаптау құрбандарынан қуыным-талаптар берілді ме? [яғни әйелі, ата-аналары, балалары, қарындас-сіңлілері және басқа туыстары мен жақындары] – жауап «Жоқ».

*Ескерту: Тәжікстан мен Қырғызстанда жанама құрбандардың мүддесінде қуыным-талап берудің әзірше жалғыз жағдайлары бар, алайда осындай азаптау құрбандары санының көп болуына қарамастан олар аз ғана.



21 ұсыныс. Мүдделес адвокаттар қауымдастығын құрыңыз және қарапайым бірыңғай стратегия туралы келісіп алыңыз.

Мысалы, әр жағдайда кемінде сол бір бағаны қасарып талап етіңіз, ол үшін өзіңіз сенімді болатын сендірерлік бір мысалды негізге алыңыз – мысалы, сұралатын сома толық дәлелденген Еуропалық Соттың белгілі бір шешімін жете оқып біліп алыңыз. Не болмаса не себептен адам құрбан болып табылатыны және өтемақы сомасы неліктен оған ұллтық сотпен тағайындалған сомадан артық болу керектігіне қатысты сот дәлел келтіретін шешімді қараңыз (мысалы, Ciorap v Moldova ісі)28.

Не болмаса әділетті өтемақы беру жүйесін29 құрған жауапты елдердің мысалдары немесе Қырғызстанның30, Қазақстанның31 үкіметтік емес ұйымдарының зертеулерінен келтірілген сенімді халықаралық зерттеулерден32 деректерді мысал ретінде алыңыз.

Халықаралық квазисот органдарының нақты бір материалдарын – зерттеулерін, шешімдерін, дәлелдемелерін оқығаннан кейін, сіз өзіңізге нақты және түсінікті жолды таңдай аласыз, және керек нәтижеге қол жеткізбейінше сол жолды әрдайым ұстанатын боласыз.

Мысалы, Аргентина мемлекеті өз шешімдерімен хунта қылмыстарының салдары мен оның құрбандарына зиянды өтеу арасындағы сапалы байланысты көрсетті:

- қатыгез іс-әрекет нәтижесінде қайтыс болған жағдайда – жоғарғы дәрежелі мемлекеттік қызметкердің ең көп жалақы мөлшерлемесі бойынша есептелген 5 жылдық жалақысы беріледі. – тұтқында болғанда азаптау, қатыгез іс-әрекет нәтижесінде ауыр жарақат алған жағдайда – азаптау саладрынан қайтыс болған үшін берілетін өтемақы есептеу сомасының қосымша 70% (жоғарғы дәрежелі мемлекеттік қызметкердің ең көп жалақы мөлшерлемесі бойынша 5-жылдық жалақысы/100*70) (28 және 29 сілтеме бойынша материалдарды қараңыз).

Кейбір елдерде жоғарғы мемлекеттік шендердің тарифтік кестесі туралы мәлімет табу қиынға соғады, алайда табуға болады.

Бәлкім, сіз нақты бір адамдар тобына, мысалы, кәмелетке толмағандарға көңіл аударысыз және одан кейін Еуропалық Соттың Мальтаға қарсы ісі туралы жаңа шешіміндегідей баланың әлсіз ахуалына байланысты барлық жағдайларды сотта жүйелі түрде дәлелдейтін боласыз.33

Мұндай жұмыста – азаптау құрбандарына моральдық зиян өтемақысын төлеуді талап етуде оған қол жеткізудің мақсаты емес, іс-әрекеттердің жүйелілігі мен реттілігі маңызды.

Форумдар мен конференцияларда «соттардың тағайындамайтыны», «сараптамалар сапасыз, ал сарапшылар тәуелді болатыны» туралы сол бір нәрсені талқылай бермегеннің орнына бұл «қызметтерден» бас тартқан артық.

Не жақсырақ және тиімдірек болады?

Мысалы, жалпы көрінуін және барлық адвокаттарға түсінікті стратегияны құру. Және жүйелі түрде – әр жағдайда – барлық адвокаттардың бірдей тәсіл және бірдей талаптарды қолдануы керек. Адамның ар-намысына қарсы қылмыс – азаптаудың ауырлығына қатысты елдегі – жоғары тұрған шенеуніктердің ең жоғарғы еңбек ақысына негізделген, нақты коэффициентке (мысалы, Аргентинадағыдай – 5 жылдық жалақыға) көбейтілген тиісті өтемақы деңгейі болу керек.

22 ұсыныс. Әрдайым оқып-үйреніп отырыңыз және өз біліміңізді таратыңыз, сондай-ақ білім мен дағдыларды тәжірибеде жүйелі түрде қолданыңыз.

Сізде тек кәсіби заңгерлік білім ғана болмауы тиіс. Сондай-ақ, жақсы қарым-қатынастық дағдылары, сендіру, қарым-қатынастық кедергілерді жеңу біліктілігі болу керек34.

Кейбір зерттеулер қарым-қатынастық қабілеттер – басқару қабілетіне қарағанда маңыздырақ қасиет болып табылатынын баяғыда дәлелдеп қойған.35 Бесінші технологиялық дәуір маңызды қарым-қатынас және әсер ету жүйесіні көмегімен арнаулы заңгерлік топтарға ықпал ету үшін шексіз мүмкіндіктер тудырады36.

Білім беру бағдарламаларына ықпал ету психологиясы, сотта сөйлеу өнері, жазба сөз мәдениеті бойынша курстарды енгізіңіз. Нақты бір істерде – қандай дәлелдер тиімді болғанын және оның себебі неде, қайсысы тиімсіз немесе тіпті зиян келтіргенін қарастырып, кәсіби тұрғыдан талдап, коллоквиумдар жүргізіңіз.

Бір-біріңізге сот пікірталасында сенімділік пен төзімділікті қалыптастыруда көмектесіңіздер. Өйткені, азаптау құрбандарын қорғауда тиісті өтемақыны тағайындау туралы талабыңыздың дұрыстығында сізді ешкім де ешқашан да кері көндіре алмайтыны туралы анық ойдың өзі ғана табысқа жету мүмкіндігіңізді арттырады ғой.

Адвокаттар нені үйренгісі келеді және азаптау құрбандарына моральдық зиянның өтемақысын тағайындау жағдайын өзгерту үшін тағы кімді оқыту керек

Азаптауға қарсы коалицияның сұхбаты және талқылауы материалдары бойынша

«Заңгерлер мен адвокаттарды оқыту керек – олар істі құжатпен дәлелдейді және жүргізеді. Мысалы, келешекте – қайта сараптама жүргізу туралы өтініш – медициналық білімі болмаса, сұрақтарды қалай қою керек, қайда бару керек».

«Моральдық зиянның өтемақысы деңгейі қалай анықталатынын тәжірибеде білу маңызды – әр адам ерекше болып табылады, шегі қандай, қалай белгілеу керек және қалай ұсыну керектігі нақты түсінікті емес».

«Оқыту қажет болып саналады. Адвокаттарды оқыту керек, УҰИ қызметкерлерін – олардың халықаралық стандарттарды қаншалықты қолданбайтынына, ішкі бұйрықтарды, тексеру тәртіптерін, сотталушының құқықтарын білмейтініне байланысты оларға білім беру қажет. Осындай кадрлардың тұрақтамауы жағдайында қаншалықты тиімді болмақ?… Басқа елдердің тәжірибелері, алғашқы істер – қиындықтарды қалай женгені туралы жаттықтыру сабақтарын жүргізу. Әскери соттардың азаматтық істерді қарастырмауы».

«Өтемақы бойынша басқа істер сирек кездеседі – тәжірибе жоқ. Қарапайым адамдар соттастқанда – сомалар төмендетіледі. Егер [өтемақыны] саясаткерлер, мемлекеттік қайраткерлер талап етсе, сомалар [көбірек] тағайындалады және [қанша талап етсе – сонша сот тағайындайды]».

«Бәрінен бұрын азаматтардың өздерін азаптан қорғау үшін қажетті іс-әрекеттер туралы білімдерін және хабардар болу деңгейін арттыру қажеттілігі маңызды. Өәткені, қазіргі таңда іс жүзінде кез келген азамат ерікті тұтқындау, азаптау және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын іс-әрекет қолданудың құрбаны болуы ықтимал. Сонымен қатар, азаптау құрбандарына білікті заң көмегі қолжетімді болу үшін адвокаттарды мерзімді оқытып отыру қажет».

«ІІМ, прокуратура қызметкерлерін, адвокаттарды, заңгерлерді және журналистерді оқыту қажет. Жоғарыда аталған барлық адамдардың азаптау/ қатыгез іс-әрекет қолдануына жол бермеу туралы мәлімдеу керек. ІІМ және прокуратура органдары қызметкерлерін азаптау/ қатыгез іс-әрекет секілді жағдайларға жол бермеу туралы хабардар ету. Заңгерлер мен адвокаттарды, азаптау құрбандары үшін өтемақы бойынша жұмыс тәжрибесін қоса алғанда, азаптау/ қатыгез іс-әрекетпен күресу әдістері туралы хабардар ету. Журналистерді азаптау/ қатыгез іс-әрекет қолдануға қатысты мәліметтерді тарату туралы хабардар ету».

«Осындай істер бойынша нақты және дәлелді қорытындылар бере алатын психолог-мамандарды, сот-медициналық сарапшыларды дайындау қажет».

«Мен судьялармен бірге ар-намысты қорғау саласында өтемақы және іскерлік бедел туралы семинар-тренингке қатыстым, бірақ соттардың моральдық зиянның мөлшерін өз білгенінше және ішкі сеніміне қарай анықтайтыны қатты қынжылтты. дәлелдерді жинау, талап-арыздарды дайындау және моральдық зиян мөлшерін анықтау бойынша мамандар тарапынан адвокаттармен қатар судьяларды да оқыту қажет».

«Жасалған қылмыс салдарынан келтірілген зиянға қатысты өтемақы сомасын арттыруға және моральдық зиянның орнын тиісінше толтыруға қол жеткізу [қажет]. Қазақстанда бұл сомалар Ресейде төленетін сомалардан 2-3 есе аз, еуропалық елдер мен АҚШ өтемақылардан жүз есе төмен». *Назар аударыңыз – адамның ар-намысы барлық жерде бірдей, алайда өтемақы сомалары АҚШ және Еуропа елдеріне қарағанда Қазақстанда [Тәжікстанда, Қырғызстанда] жүз есе төмен.

«Іске қатысушылардың барлығы (судьялар, адвокаттар, сарапшы-дәрігерлер) оқыту тренингтерін өтуі [керек]. Моральдық зиянның әртүрлі қырларын оқытуда судьялармен өзара әрекеттесу қажет. Ал, адвокаттарды ғылыми да құқықтық та білімді емес, көбінесе тек эмоция мен субъективтік тәжірибесін (осындай сот дауларын жүргізудің небір әдісі) негізге алатын судьялардың ебін тауып және ойланып «ішкі сеніміне» ықпал ету бойынша оқыту».

«Ең бастысы – ол өтемақы мөлшері – келтірілген моральдық зиянның нақты ақшалай сомасы қалай есептелетіні. Өйткені, зиянды есептеген кезде медициналық қызметке кеткен шығындармен қоса оңалту, және де азаптаудан кейінгі кезде азаптау құрбаны ұшыраған шығындарын да ескеру қажет. Мысалы, оқуды тәмәмдай алмауы, жұмыстан айырылуы және әлеуметтік бағыттан адасу жағдайы, отбасылық қиындықтар және т.б.».

«Оқу – ол жақсы… Осы іс категориясы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік беретін басқа бірдеңені, мүмкін – Заңға және әділеттілікке деген сенімді жоғалтамыз, психологиялық тұрғыдан қатты қиналамыз. Ең дұрысы, оқудан бөлек психологиялық көмек қажет. өткен материалды қайталау да пайдалы… Осындай іс категориясы бойынша жұмыс істейтін адвокаттармен кездесу пайдалы. Оған қоса, өзіңнің жалғыз емес екеніңді түсінесің… Іс қағаздарды жүргізу және құжатату бойынша көмекшілерді үйрету артық болмайды, себебі көмекшімен жұмыс істеу арқылы кіші болса да, топта жұмыс істейсің. Өздерінің оң, ерекше тәжірибелерін құрған әріптестерді тыңдаған да жақсы. Құқықты қолданудың жаңа технологияларын қарастыру да керек…».

«Арнайы білімі бар мамандарды (дәрігерлер, психологтар, психиатрлар), азаптау, зорлық-зомбылық құрбандарына өтемақы беру істерімен айналысатын заңгерлерді және адвокаттарды оқыту қажет. Мамандарға дұрыс тексеру жүргізу және қорытындыны рәсімдеуді үйрету, адвокаттарға дәлелдермен қалай жұмыс істеуді және зиянның өтемақысын төлеу туралы қуыным талапты сауатты жазуды үйрету керек».

«Мемлекет қылмыстық қудалау, алдын ала тергеу органдарының лауазымды тұлғаларын, прокурорларды, судьяларды және де бас бостандығынан айыру орындарында жұмыс істейтін қылмыстық жазаны орындау органының қызметкерлерін олардың азаптау және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын іс-әрекет жасауы фактісін алдын алу және ескерту мақсатында тұрақты оқыту жүргізуге міндетті».

Менің әріптестерім – психологтарға қосымша тарау - жолдау

Бірнеше жыл қатарынан азаптау құрбандарына моральдық зиян өтемақысы тақырыбы бойынша тренингтер жүргізу кезінде біз адвокаттарға, заңгерлерге, журналистерге сол бір сұрақты қоятынбыз: «Келтірілген зиянның өтемақысына қатысты сіз неге сенімдісіз?»

Біз әрдайым белсенді қызмет жүргізуге дайын болуды және әділеттіліктің жеңетінін растайтын жауаптар алатынбыз. Адвокаттар психологиялық зерттеулер азаптау құрбандарының құқықтарын қорғауда көмектесуі мүмкін деп сенім білдіреді:

«Мен сот-психологиялық сараптамасы тек моральдық зиянды төлету туралы істі қарастыруда ғана көмектесетініне сенімдімін»

«Мен сот-психологиялық сараптамаларының сапасы соттың шешіміне оң әсер ететініне сенімдімін (жәбірленуші пайдасына)»

«Мен моральдық залалды өтеу Тәжікстан Республикасында өрбитініне, білікті мамандар жұмыс істейтініне, тәртіп аралық кешенді әдіс қолданылатын болатынына сенімдімін»

«Мен моральдық зиян өтемақысын сотқа дейінгі тергеуде және азаптау істері бойынша сот дауларын жүргізуде [жиналған] дәлелдерді негізге ала отырып, төлету мүмкін екеніне сенімдімін»

«Мен келешекте азаптау және ар-намысты қорлайтын іс-әрекет құрбандары мен жәбірленушілеріне өтемақы барабар болуна қол жеткізетінімізге сенімдімін»

«Мен моральдық зиян өтемақысы мәселелері бойынша жүгіну мүмкіндігі бар екеніне сенімдімін»

«Мен сотта азаптау фактісін дәлелдеп, өтемақы алу мүмкін екеніне сенімдімін»

«Моральдық зиян өтемақысын төлеу туралы талаптарды оларды сарапшының қорытындысымен дәлелдей отырып беру қажет»

«Мен зиян өтемақысы мәселелері бойынша сот жүйесінде нақты бір ойындар бар жүргізілетініне сенімдімін (әркім сол өтемақы үшін жауаптыны іздейді)»

«Мен ұлттық заңнама зиянның мөлшерін анықтауға және зиян өтемақысын төлетуге талаптар қоюға мүмкіндік беретініне сенімдімін»

«Мен өтемақы сомалары әділетті болатынына сенімдімін»

«Мен өтемақы сомалары төлетілетініне сенімдімін, алайда оның мөлшері сай келмеуі мүмкін»

«Мен моральдық зиянды төлету бойынша зиянның сомасын көбейту және осындай істер тәжірибесін арттыруға бағытталған істеріміз көп болатынына сенімдімін»

«Мен азаптау құрбанына азап қолдану нәтижесінде (қатты) физикалық ауру, жанына қасірет келтірілетініне сенемін, ал ол азап тиісті түрде орны толтырылуы керек және кінәлі адамдар жауапқа тартылуы тиіс»

«Мен моральдық зиян өтемақысы, егер біз үндемей отырмай, біртұтас және табанды болсақ төлетілетініне сенімдімін»

«Мен билік көп болған сайын жауапкершілік артатынына сенімдімін. Мен әр адамның жеке басына қол сұқпаушылыққа құқығы бар екеніне сенімдімін»

«Мен бізде сот үкімі болған кезде зиянды өтеу процесін міндетті түрде жеңетінімізге сенімдімін»

«Мен зиян өтемақысы төлеу азаматтық құқықтарды қорғаудың бір тәсілі болатынына, және де бұл күрес қоғамда әділеттілікті орнататынына сенімдімін»

«Мен әділеттілік мемлекет және кінәлі тарапынан өтемақы төлеу арқылы орнатылуы тиіс екеніне сенімдімін»

Құрметті менің әріптестерім, менің сіздерге айтарым, сіздер азаптаудан жәбір көрген әр адамның жеке басы үшін шынайы зардаптарды соттарда кәсіби және табандылықпен дәлелдей аласыздар.

Шынайы зардаптар – бұл қазіргі күні ғылым мен тәжірибенің барлық қолжетімді құралдарын қолдана отырып, анықтай алатын зардаптар. Оларды анықтау және сотта түсінікті етіп жеткізу. Соттың әділетті шешім шығаруына тек ғылымға негізделген дәлелдердің көмегімен ықпал ету. Бұл сіздердің қолдарыңыздан келеді.

Зерттеулер жүргізу және сотқа құжаттарды тапсырудың барлық процессуалдық мәселелері аса күрделі емес. Оларды түсінуге сіздерге адвокаттар көмектеседі.

Адвокаттардың күш салуына ғылыми-зерттеу және коммуникациялық деңгейде қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Жеке басына келтірілген азаптау зардаптарын анықтап, сотқа сіздердің зерттеулеріңіздің нәтижелерін түсінікті етіп айтып берулеріңізді өтінемін.

Сіздің міндетіңіз аса қиын емес: өзіңіз жақсы білетін әдіспен құрбанның жеке басын анықтау, және азап шеккен әрбір тұлға үшін қалпына келтірілмейтін зардаптар туралы немесе нені түзету керек және бұл көзге көрінерлік нәтиже беруі үшін қанша күш салу керек және қанша қаражат қажет екені туралы сотта айтып беру.

Азаптау құрбанына зиян өтемақысын беру – ресми математикалық есептеу нәтижесі емес, қоғамның азаптау құрбанына оған заңсыз және «ешбір жазықсыз» келтірілген шынайы зиянды өтеуге, әділеттілікті орнатуға және құрбанның өзіне және барлық жанама құрбандарға бұзылған құқықты қалпына келтіруге дайындығы болып табылатынын сотқа көрсету.

Мұны сіздер істей аласыздар.

Себебі, Жер бетінде ешбір адам үшін азап іс-түзсіз жоқ болып кете алмайды. Және де сіздер осыны әлі де түсінбегендер үшін сапалы түрде дәлелдей аласыздар.



Адвокаттар-қорғаушылармен кәсіби ынтымақтастықта болу. Азаптауға қарсы күресетін барлық адамдармен азаматтық достастықта болу.

1 Нино Томашек. Жүйелік оқыту. «Гуманитарный центр» баспасы. Харьков, 2008.

2 Сол жерде.

3 Сол жерде.

4 Нино Томашек. Жүйелік оқыту. «Гуманитарный центр» баспасы, Харьков, 2008.

5 Еуропалық Соттың Асанидзенің Грузияға қарсы ісі бойынша шешімі (Өтініш 71503/01).

6http://tbinternet.ohchr.org/_layouts/treatybodyexternal/Download.aspx?symbolno=CAT%2fC%2fKAZ%2fCO%2f3&Lang=ru – Қазақстанның үшінші мерзімді баяндамасы бойынша қорытынды ескертулер (2014)CAT/C/KAZ/CO/3

7 Сол жерде

8 Сол жерде

9 Қырғызстанның екінші мерзімді баяндамасы бойынша қорытынды ескертулер (Комитетпен оның елу бірінші сессиясында қабылданған (28 қазан − 22 қараша 2013 жыл) CAT/C/KGZ/CO/2

10 Қырғызстанның екінші мерзімді баяндамасы бойынша қорытынды ескертулер (Комитетпен оның елу бірінші сессиясында қабылданған (28 қазан − 22 қараша 2013 жыл) CAT/C/KGZ/CO/2

11 Тәжікстанның екінші мерзімді баяндамасы бойынша қорытынды ескертулер, Комитетпен оның қырық тоғызыншы сессиясында қабылданған (29 қазан − 23 қараша 2012 жыл) CAT/C/TJK/CO/2

12 Сол жерде

13 Сол жерде

14 Тәжікстанның екінші мерзімді баяндамасы бойынша қорытынды ескертулер, Комитетпен оның қырық тоғызыншы сессиясында қабылданған (29 қазан − 23 қараша 2012 жыл) CAT/C/TJK/CO/2

15 Қырғызстанның екінші мерзімді баяндамасы бойынша қорытынды ескертулер (Комитетпен оның елу бірінші сессиясында қабылданған (28 қазан − 22 қараша 2013 жыл) CAT/C/KGZ/CO/2

16 Сол жерде

17 Сол жерде

18http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/torture.shtml 1-бап


1. Осы Конвенцияның мақсатында «азаптау» анықтамасы кез келген адамға одан немесе үшінші тұлғадан мәлімет не мойындау алу, ол немесе үшінші тұлға жасаған немесе жасауда күдіктенетін әрекет үшін, сондай-ақ оны немесе үшінші тұлғаны қорқыту не болмаса кез келген кемсітушілік түріне негізделген себеппен кез келген тұлғаны немесе мәжбүрлеу үшін қасақана физикалық немесе көңіліне қатты ауру немесе азап келтіретін, және осындай ауру немесе азапты мемлекеттік лауазымды тұлға немесе өзге ресми тұлға немесе олардың араңдатушылығымен не олардың айтуымен не үнсіз келісімімен орындалатын кез келген әрекетті білдіреді. Бұл анықтамаға тек заң санкциялары нәтижесінде туындайтын, сол санкциялардан ажыратылмайтын немесе олармен кездейсоқ болатын ауру немесе азап жатпайды.

19 FB бетте келтірілген түсінік: «студенттерді нақты құқыққа, яғни қандай құралдардың көмегімен адам құқықтарын қорғауға болатынын үйрету қажет (себебі, адвокаттардың көбі юриспруденцияның қалыптасқан тәртіпке сүйене отырып, мұндай құралдарды сирек қолданады). Адвокаттар бұзылған құқықты жалпы жиынтығында қорғау туралы талапты байсалды түрде бермегендіктен, ешбір шенеунік бұл мәселені жиынтығында қарастырмайды. Дәл сол секілді құқықтық қорғау (оның ресми жариялылығы мен символдығы емес) тиімділігі мен жүзеге асуын қарастыратын нақты құқық доктринасы да құқықты қалпына келтіру және әділетті өтемақыны қамтамасыз етудің шынайы құралдары мен заң амалдарына негізделуі тиіс...».

20 Сол жерде

21 Палиюк В.П. Моральдық зиян. Одесса мемлекеттік заңгерлік академиясы. «Право» баспасы, 1999 жыл.

22 Хабарлама № 433/2010, Александр Герасимов Қазақстанға қарсы, CAT/C/48/D/433/2010, 10 шілде 2012 ж.

23 Қар., мысалы, Кэтрин Лалумьер. «Жоғалған әмбебаптықты іздеу жолында» екінші халықаралық форумы.

https://www.facebook.com/forumuniversalism/photos/pb.295390577496284.-2207520000.1474838744./297480647287277/?type=3

24http://blog.liga.net/user/vchevguz/default.aspx

25 «Дәрігерлер адам құқықтары үшін» (PHR) ұйымы.«Украинада азаптауларды құжаттау және тергеу: Стамбұл хаттамасын енгізу» кеңес беру семинары. Украина, Киев, 8-9 қыркүйек 2016 жыл.

26http://www.osce.org/ru/odihr/99507?download=true

27Агушевич М.А. Сарапшылардың «мүмкін болмады» түріндегі қорытындыларының процессуалдық және танымдық қасиеті туралы http://forum.fse.ms/topic/4727-o-protcessualnoi-i-poznavatelnoi-prirode-vyv/


28 Чорап (Ciorap) Молдоваға қарсы (N 2) (шағым № 7481/06) және Чорап (Ciorap) Молдова қарсы №4 (Шағым 14092/06) https://cases.legal/en/act-echr1-154958.html

29 Сот әділдігі мен тұтқындалған адамдардың құқықтарын іске асыру. Адамның азаматтық және саяси құқықтарының бұзылуында кінәлі тұлғалардың жазасыздығы туралы мәселе. Шағын комиссияның 1996/119 E/CN.4/Sub.2/1997/20 26 маусым 1997 жылғы шешімін орындауға арналған Л. Жуане мырза дайындаған қорытынды баяндама. E/CN.4/Sub.2/1997/20 26 маусым 1997 жыл. 1 қосымша «Адамның құқықтарын жазасыздықпен күресу арқылы қорғау және көтермелеу қағидаларының жиынтық тізімі».

30Шағын комиссия айналысатын салалардағы келесі уақиғаларға шолу. Адамның құқықтары мен басты бостандықтарын қатты бұзылған құрбандарға қатысты реституция, өтемақы беру және оңалтуға құқықтарын қамтитын зерттеу. Қорытынды баяндаманы Арнайы баяндамашы Тео ванн Бовен мырза ұсынды. Қырық бесінші сессия. E/CN.4/Sub.2/1993/8 2 шілде 1993, 41 бет.

31 Адам құқықтары жөніндегі халықаралық органдардың жеке хабарламалар бойынша ой-пікірлерін Қырғыз Республикасының орындау мәселесі туралы талдамалы анықтама. Жастар Құқық қорғау тобы, Бішкек, 2011.

32 Адамның құқықтары бұзылған құрбандардың құқықтарын қалпына келтіру: өтемақы берудің басты қағидалары мен қазірі күнгі тәжірибелері. Құқықтық саясатты зерттеу орталығы, Алматы, 2013.

33 «Мухамед Исмачил және Абдирахман Варсаме Мальтаға қарсы» (Moxamed Ismaaciil and Abdirahman Warsamev. Malta) №№ 52160/13 және 52165/13, 12 қаңтар 2016 жылғы шешім https://www.dropbox.com/s/yvp8kyqw41wjg33/CASE%20OF%20ABDULLAHI%20ELMI%20AND%20AWEYS%20ABUBAKAR%20v.%20MALTA%20-%20%5BRussian%20Translation%5D%20by%20UNHCR%E2%80%99s%20Russian%20Refworld%20team_%5B001-170443%5D.pdf?dl=0.

34 Маргерит Салливен «Сенімді баспасөз қызметі. Кәсіпқой маманның анықтамалығы». Халықаралық ақпараттық бағдарламалар қызметінің АҚШ Мемлекеттік департаменті.

35 Мінсіз MBA сипаты. Пенсильвания штатының университеті, қыркүйек/қазан 1992 жыл, 31.

36 Технологиялық құрылыстар туралы. http://www.researchclub.com.ua/jornal/221.

[Введите текст]

жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау