Полугодовой (годовой) отчет о выполнении педагогической нагрузки



жүктеу 7,39 Mb.
бет29/32
Дата14.05.2018
өлшемі7,39 Mb.
#12910
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Танымның практикалық табиғаты

Практика (practіkos,- грек сөзі,- белсенділік, іс-әрекет) ұғымы жағалай қоршаған ортаны өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін бейнелейді. Әрине, адам да қайсыбір тіршілік секілді жағалай ортасыз өмір сүре алмайды. Қайсыбір жануар өзінің дене құрылысы, табиғатына байланысты жағалай қоршаған ортаның шеңберінде өзінің орнын тауып өмір сүреді. Ол тек қана өз тіршілігіне тікелей, я болмаса, жанама қатысы бар заттар мен құбылыстарды ғана сезініп қабылдай алады. Яғни, оның мүмкіндіктері әрқашанда шектелген. Ал адамға келер болсақ, ол қоршаған ортамен универсалды, жан-жақты қатынасқа түседі. Жағалай қоршаған орта нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан адамның игеру мүмкіндігінен әрқашанда басым болғаннан кейін, адамның шексіз дүниетану мүмкіндігін тудырып, оның жаңа күш-қабілеттерін оятады. Білімнің шынайы мән-мағнасы оның өмірге еніп қоғамның материалдық және рухани жақтарын жетілдіруде емес пе? Танымның негізгі мақсат-мұраты тек қана білімді жетілдіру ғана емес, сонымен қатар, қоғам мен адамның үне бойы өзгерістегі материалдық және рухани қажеттіктерін өтеуде болса керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда, ғылымның қайнар көзінің өзі осы адамзат практикасының қажеттіктерінен шыққанын байқауға болады. Мысалы, көне заманда көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, көш жолдарын анықтай бастады. Көне Мысыр мен Қытайда суармалы егін егу қажеттігі үлкен каналдарды қазып тартуға мәжбүр етті, ал ол үшін жер бетіндегі кеңістікті зерттеу қажет болды. Соның нәтижесінде геометрия мен математиканың негіздері жасала басталды. Қазіргі адамзат практикасына келер болсақ, оның қажеттіктері де ғылымның дамуының негізінде жатқаны сөзсіз. Мысалы, АҚШ Невада штатында жақында орасан-зор синхрофазатронды іске қосты. Ол осы мемлекетке 6 млрд. долларға түсті. Осыншама қаражат бірнеше аса дарынды физиктердің "білімқұмарлығы үшін" жұмсалды деп ойлау тым тұрпайы болар еді. Ресей, басқа да ірі мемлекеттер де ядролық физика саласын зерттеуге біршама қомақты қаражат жұмсауда. Ал оның негізгі себебі адамзат практикасынан шығатын энергияның жаңа көздерін ашу қажеттігінде жатқаны сөзсіз. Өйткені, органикалық шектелген энергия ресурстары (мұнай, газ, тас көмір) жылдан-жылға азайып қазірдің өзінде алаңдатушылықты тудырып отырғаны ешкімге де құпия емес. Сонымен, жаңа энергия көздерін ашу, оны игерудің арзан да қауіпсіз технологияларын жасау – бүгінгі таңдағы ғылымның негізгі мақсат-мұраттарының біреуіне айналып отыр. ХХ ғ. соңғы ширегінде дүниеге келген эволюциалық химияның да алдындағы зор мақсат – күн сәулесін электр тоғына айналдырудың арзан технологиясын жасау, судың фотолизін жасап, су тегін практикалық түрде шексіз де таза энергия көзіне айналдыру т.с.с. Бүгінгі таңдағы ең алдыңғы қатарлы ғылым саласы – биологияға келер болсақ, мұндағы ғалымдардың алдына қойған мақсат-мұраттары да бүгінгі адамзат практикасымен тығыз байланысты екенін байқаймыз. Генетикамен байланысты микробиологиялық зерттеулер тіршілікті клональды, яғни, бейжыныстық жолмен тудыру, өмірдің ең терең сырларын ашу – қазіргі адамзатқа ауадай қажет нәрселер. Өйткені, тек осы зерттеулердің негізінде болашақта тұқым қуу механизміндегі жиі кездесетін ауытқуларды емдеуге, сонымен қатар, мол өнім беретін жаңа өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тудыруға, олай болса, жер бетіндегі аштыққа ұшыраған халықтарға тиімді көмек беруге жол ашылады.

3.Сезімдік және логикалық таным

Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан-дүниесі – түйсіктері, ақыл-ойы, ырқы, сезім тебіреністері, ішкі көкей көзі (интуиция) – бәрі де өзара бір-бірімен байланысты түрде қатысады. Шынайы таным үрдісінде оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Дегенмен де, танымды жете түсіну үшін біз теоретикалық деңгейде оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруымызға болады. Осы тұрғыдан келгенде біз сезімдік танымнан бастауымыз қажет сияқты. Сезімдік танымның негізгі формалары – түйсіктер, қабылдау және елестету – болып табылады. Жағалай қоршаған Дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін т.с.с. анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан жағалай ортадағы физикалық құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар, ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер – бізді дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше түріне жатады. Олар, әрине, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат практикасымен тығыз байланысты. Адамның түйсіктері бір-бірімен байланысты, олар өзара бір-бірін толықтырып, сәйкестендіріп отырады. Соның нәтижесінде адам дүниені қабылдауға мүмкінді алады. Затты қабылдау дегеніміз – оның ащы-тұщылығын, түрлі-түсін т.с.с. қасиеттерін бөлек-бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесін тудыру болып табылады. Сонымен қатар, ерекше ескеретін нәрсе – адам қабылдаған заттың барлық қасиеттерін бірдей бейнелей алмайды. Ол заттың тек оған қажетті жақтарын ерекше белгілейді. Мысалы, егер көктемде біз алқызыл апорт алмасын көрсек, оның біртұтас бейнесінің ішінде оның хош иісіне ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені, біз оны жегіміз келеді. Егер де осы ақуал күзде болып, жаңа ғана он алма жеп, сол апортты көрсек, оны қабылдағанда оның түсіне, әсем жақтары мен формасына ерекше көңіл бөлеміз, яғни, оны жейтін тамақ емес, эстетикалық зат ретінде қабылдап, ләззәт аламыз. Әр адам дүниедегі заттарды өз жасына, өмірден алған тәжірибесіне, білімі мен кәсіби іс-әрекетіне, тіпті мінез-құлқына байланысты сана-сезіміндегі қалыптасқан категорияларды (ұғымдарды) пайдаланып қабылдайды. Мысалы, жеңіл машинамен әуестенетін адамның санасында неше-түрлі солар жөнінде ақпараттар бар. Егер ол бұрын көрмеген машинаның жаңа моделін көшеде байқаса, оның жанына келіп, бұрынғы білімдерін пайдаланып, бір минуттан кейін сол көлік жөнінде белгілі бір пікірге келеді, яғни, ол оны игереді. Ал басқа адам ол машинаға көңілін де бөлмеуі мүмкін. Музейге қойылған мәрмәрден жасалған жас әйелдің дене бітімінен бір адам асқан сұлулықты, жетілгендікті көрсе, екінші надан адам оны нәпсілік тұрғыдан қабылдауы мүмкін.

Сонымен, сезімдік таным бізге заттардың айнадағыдай бейнесін бермейді, оның қалыптасуына адамның қажеттігі мен мүддесі, мақсат-мұраты мен идеалдары, неше түрлі сезім толқындары, қысқасы, бүкіл жан-дүниесі қатысады.

Сонымен қатар, адам таным қабілеттерінің бірі ретінде интеллект деген ұғымды келтіруге болады. Ол адамның ең жоғарғы, бүкіл Дүниені біртұтас ретінде қамтуға бағытталған, яғни, философиялық дәрежеге көтерілген ойлау қабілеті болып есептеледі.

Енді интуиция (көкей көз) мәселесіне келер болсақ, ол тікелей шындыққа жету, оның ақиқаттығын анық та айқын көру, ешқандай дәлелдеуді талап етпеу. Мәселенің қиындығы – сол саған ашылған шындықты басқаға жеткізу болса керек. Ол үшін оны тағы да ой елегінен өткізу қажет. Ал мұның өзі интуиция адамның бүкіл сана-сезімімен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Қайсыбір көкей көз арқылы берілген шындық сол мәселемен талай күндер, я жылдар бойы айналысқан, оның бүкіл жан-тәнін бойрап алған адамға келеді. Ал оның өзі - сол мәселенің шешілуі тіпті адамның саналы түрде ғана емес, сонымен қатар, бисаналық жолмен жүріп шешілгеннің көрінісі емес пе?

Таным үрдісі адамның ырқымен (воля) де тығыз байланысты екенін байқаймыз. Ол адамды таным жолында белгілі бір мақсаттарға, нәтижеге жеткізуге көмектеседі. Адам өз ырқы арқылы бүкіл күш-жігерін жинақтап, оны зерттеуге ұмтылдырады. Алайда, ырық әрқашанда сананың, ең алдымен, моральдық құндылықтардың бақылауында болуы қажет. Ол, әсіресе, бүгінгі таңдағы жаратылыстану ғылымдарында қажетті. Өйткені, адам дүниеге тереңдеген сайын табиғаттың орасан-зор күштерімен кез болып, ар-ұжданы дамымаған ғалымды сол күштерді өз мүддесіне жаратуға бағытталған пейілі мен іс-әрекетін тудыруы ғажап емес. Мұндай жағдайда, ол адамзатты үлкен қайғы-қасіретке, тіпті бұрынғы-соңғы болмаған апатқа әкелуі мүмкін. Көне Грек елінде өз атын тарихта қалдыруды армандаған, бірақ, қолынан ұлы іс келмейтін Герострат деген кісі Артемида құдайына арналған ғажап кесенені жағып жіберген екен. Сол сияқты бүгінгі уақытта ғылым саласында қызмет етіп жатқан геростраттар жоқ деп кім айталар екен?

Таным үрдісінде аса бағаланатын нәрсе – ол адамның таланттығы. Біріншіден, ол адамға берілген табиғи дарынмен тығыз байланысты екенін байқауға болады. Егер біреу – көркемөнерге жақын болса, екінші – математика, физикаға, үшінші – тілдерді игеруге ынтық болуы мүмкін. Адамдардың бұл қабілеттері белгілі бір әлеуметтік жағдайларды жасау, сонымен қатар, тұлғаның қажымас еңбегінің арқасында, талантқа, яғни, шығармашылық қабілетіне айналуы мүмкін. Кері жағдайда, адам табиғи дарынын таланттық деңгейге көтере алмай, оны сөндіріп алуы да ғажап емес.

Танымның негізгі мақсаты – ақиқатқа жету, соның нәтижесінде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады.



4.Ақиқат теориясы.

Практикамен тығыз байланысты келесі мәселе – дүниетану жолындағы ашылған білімнің ақиқаттығы. Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар. Біріншісі - адамның биологиялық табиғаты, яғни, оның түйсіктері, жүйке мен ми ерекшеліктері, сонымен қатар, нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оның мәдениет ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп, пайдалану тәсілдерімен байланысты. Екіншісі, танымда бейнеленетін объективтік шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау болмақ. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байланыста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса, адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді? – Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды. Әрине, жалпы түрде алғанда өзімен-өзі өмір сүріп жатқан шынайы білім дүниеде жоқ. Ол адам, әлеуметтік топ, я болмаса, жалпы қоғамның білімі. Ол бітімі жағынан субъективті. Сонымен қатар, онда дүниедегі зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі бізге тәуелсіз мәндік жағы ашылады. Осы тұрғыдан алғанда, ақиқат деп дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның санасында сәйкес бейнеленуін айтамыз.

Сонымен қатар, біз мына нәрсені ұмыт қалдырмауымыз керек. Дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете алмайды, өйткені, ол шексіз үрдіс. Сондықтан да, ақиқат жөніндегі ілімде оның объективтік, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алып талданады.

Объективтік ақиқат деп адам, я болмаса, адамзатқа тәуелсіз, яғни, заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Мысалы, айдың жерді айналып тұрғаны – объективтік ақиқат. Біз қандай әрекет жасасақ та, оны тоқтата алмаймыз, ол бізге тәуелсіз түрде өмір сүріп, жерді айналып тұр.

Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады. Алайда, Дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар, дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түсіреді. Ол – шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді.

Негізінен, адамзат қолы жеткен білім әрқашанда салыстырмалы десек те болғаны, өйткені, ол оның нақтылы- тарихи қалыптасқан іс-әрекетімен, яғни, сол заманның практикасымен шектелген. Мысалы, соңғы уақытқа дейін Марс планетасында су болды ма, я жоқ па?,- деген сұраққа жауап бере алмадық. Өйткені, ол жөніндегі болжамдарды тексеретін дәрежеге жеткен жоқ едік. Енді, тек 2004 жылы ғана американ ғалымдары Марсқа жіберген ғылыми аппараттар арқылы онда өткен шақта су болғанын дәлелдейтін деректер алды. Олай болса, бұрын осы планетада өмір формаларының болғаны сөзсіз, өйткені, су бар жерде - өмір де дүниеге келеді. Мүмкін, вирустар, я болмаса кейбір бактериалар болған болар. Бұл болжам техникалық құралдар дами келе тексерілетіні сөзсіз. Екінші жағынан, дүниеге келген әр ұрпақтың білімінде ақиқат мен қатар әрқашанда жаңылу болатынын да ескеруіміз қажет. Келесі ұрпақ оның біршамасын тексеріп түзетсе де, ғылымды дамыту жолында ақиқат пен қатар жаңылу да болуы мүмкін. Осы тұрғыдан жаңылуды жалғаннан ажыратуымыз қажет. Егер ғылыми танымның қиындықтары кейбір жағдайда зерттеушіні ақиқаттан алшақтатып жаңылуға әкелсе, жалғандық - өтірік айтып адамды саналы түрде қисық жолға түсірумен тең,- дер едік.

Когеренттік ақиқатқа келер болсақ, ол ғылымда ашылған жаңа деректердің негізінде жасалған белгілі бір тұжырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға сәйкес келуі. Егер де жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ, яғни, олар бір-біріне когерентті болмаса, онда ғылымның сол саласында дағдарыс басталып, жаңа ізденістерге жол ашылады.

Ақиқат мәселесін талдай келе, оның әрқашанда нақтылығын ұмыт қылмаған жөн. Дүниеде абстрактылық, барлық жағдай мен уақытта пайдалануға болатын ортақ ақиқат жоқ. Бұл жөнінде Гегель былай әңгімелейді: адам өлтірген жас жігітті дар асуға алаңға әкеле жатыр. Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып, неше-түрлі қарғыс сөздер айтуда. Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан "шіркін, қандай сұлу жігіт еді",- деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған жекіп "қылмыскер қалай сұлу болады, сен не шатып тұрсың ",- десе, екіншілер "қазіргі жастар бұзылған",- деген "терең" пікір айтады. Бұл, әрине, мәселеге абстрактылық тұрғыдан қарау деген сөз. Өйткені, алаңда тұрғандардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге қалай барғанын, мүмкін, оны байқамай, я болмаса, кездейсоқтық жағдайда жасағанын білмейді.

Енді философия тарихында кең орын алып, осы уақытқа дейін талданып келе жатқан "ақиқат пен сенім" мәселесіне көшейік. Өз уақытыгда Ибн-Рошд белгілі бір нәрсе жөнінде екі қарама-қарсы тұрған ақиқат айту мүмкін емес, ол – біреу, олай болса, ақыл-ой таразысынан өтуі қажет, - деген пікір айтқан болатын. Ф.Аквинскиге келер болсақ, ол, керісінше, сенім ақиқаты білім ақиқатынан жоғары, өйткені, ол Құдайдың аяны,- деген пікір ұстады. Бүгінгі таңда бұл мәселе "ғылым және мораль" мәселесіне айналды. Өйткені, адамзаттың әрі қарай өрлеуі моральдық құндылықтарға сәйкес келетін ғылым нәтижелерімен тығыз байланысты екенін баса айтуымыз қажет. Басқаша жағдайда, ғылым өз мән-мағнасын жойып, адамға қарсы тұрған зұлымдық күшке айналып кетуі мүмкін. Осы арада қазіргі ғылымды талдауға уақыт келген сияқты.

5.Ғылыми таным логикасы мен методологиясы.

6.Ғылым этикасы.

Кең түрде алғанда, гректің "methodos",- деген сөзі "жол" деген мағна береді. Әр нәрсені жасағанда, адам оны белгілі бір үлгілер, тәсілдерге сүйене отырып істейді. Мысалы, бүгінгі саясатта батыс елдерінде алғаш пайда болған "пиар-технологиялар" қолданылуда. Педагогика саласында әр пәнді қалай үйрету керегі жөнінде неше-түрлі методтар шығарылған. Мұндай мысалдарды шексіз көбейте беруге болар еді. Сол сияқты ғылыми салада да неше-түрлі методтар жасалып, нәтижелі қолданылады. Бірақ, әңгімені біз сол "ғылымның өзі не",- деген сұрақтан бастауымыз керек. Содан кейін ғылыми методтарды талдауға көшуге болады.

Бүгінгі қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес. Ғылым – дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптасқан ерекше түрі. Оның өз мекемелері (ғылыми-зерттеу институттары, лабораториялар т.с.с.), ғылыми қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары, ақпарат алмасу (журналдар, конференциялар т.с.с.), қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты – адамзат қажеттіктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде пайдалануға болатындай ғылып қайта өзгерту. Екіншіден, барлық ғылым салаларынан шығатын деректер мен тұжырымдар, теориялардың басын біріктіріп, олардың өзара байланыстарын анықтап "Дүние жөнінде ғылыми сурет" жасау болмақ. Соңғының негізінде адамдардың дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Әрине, ғылым дамыған сайын "дүниесурет" те өзгеріске түседі.

Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын өткізу т.с.с., астрономия – көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан, Орта ғасырлардағы алхимия – байлықты өсіру (қорғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекеттерінен пайда болды. Дегенмен де, бүгінгі ғылым өз түп-тамырларымен Жаңа дәуірге, яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге келеді. Оның Отаны – Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, ХУ1 ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға өрлей бастайды. Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалады.

Енді мұндай өзгерістердің себебі неде?,- деген сұрақ қойсақ, оған ғылыми әдебиеттен әр-түрлі жауап аламыз. Бұл мәселені егжей-тегжей талдаған неміс философы К.Ясперс оның түп-тамырын христиан дінінің адамға беретін рухани бағытынан көреді (библия этосы адамнан - ол қандай зардаптан өтсе де - ақиқатқа жетуді талап етеді). Екіншіден, "Дүниені Құдай жаратқаннан" кейін, М.Лютер айтқандай, "Құдайдың ісін биттің ішінен-ақ көруге болады", осы себепті, таным дегеніміз Құдай ойының ізімен жүру болса керек. Үшіншіден, бұл Дүние зардап пен қайғыға толы болғаннан кейін, Құдайды ақтау жолында солардың түп-тамырын зерттеп, олармен күресе білу қажеттігі.

Әрине, бұл көрсетілген рухани себептердің өз орны бар. Бірақ, біздің ойымызша, К.Ясперс христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі - Құдай адамды өзіне ұқсатып осы жаратылған дүниенің әміршісі қылып жаратты,- деген қағидасына мән бермегендей. Ал шынына келгенде, осы қағида ғылымның христиан әлемінде тез қарқынмен дамуына зор әсерін тигізсе керек. Дүниенің ішкі сырын ашып, оны өз пайдасына жаратып, ақырында сол Табиғатты өз еркіне көндіру – талай ғасырлар бойы жаратылыстану ғылымдарын дамытудағы бағыт болды десек,- ақиқаттан алшақ болмайтын сияқтымыз. Өйткені, біршама Батыс ойшылдарының өзі-ақ бүгінгі таңдағы Еуро-Атлантикалық цивилизациясының терең дағдарысын осы себептен көруде.

Бірақ, бұл мәселенің әлеуметтік-экономикалық жағы тағы да бар. Ол Еуропа топырағына Қайта Өрлеу заманының келуімен тығыз байланысты (ХУ-ХУ1ғ.ғ.). Осы кезде Италияда теңіз саудасы мен балық аулау, мата тоқу т.с.с. кәсіптердің дамуы арқасында біршама шаруалар өз қожайындарынан жеке бас еріктігін сатып алып "жаңа байларға" айналып, шеберханаларында өз еркімен келіп жалданып істейтін еңбек күшін пайдаланады. Сонымен, капиталистік экономикалық қатынастардың негізі пайда болып, тез қарқынмен дами бастайды. Соңында болған буржуазиялық-демократиялық революциялар барлық адамдарға бас бостандығын әкеліп, бүкіл халықты заң жүзінде теңейді. Жаңа қалыптасқан жағдайда әр адам "мен не істеп өз жағдайымды дұрыстай аламын, қалай жан-ұямды асыраймын",- деген ойға келіп, ізденіске кіріседі. Осы миллиондаған адамдар белсенділігінің арқасында капитализм өндіргіш күштерді орасан-зор қарқынмен дамытады. Ал ол үшін Табиғатқа бет бұрып, оның заңдылықтарын ашу арқылы ғана жаңа құрал-жабдықтар, технологиялар жасау мүмкін еді. Міне, біздің ойымызша, ғылымның ерекше салаға айналып дамуының негізінде жатқан негізгі себеп осы болса керек. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген рухани себептерді де ескеру қажет.

Қорыта келе, ғылым мен техниканың даму сатыларын былайша көрсетуге болады:

1. ғылымға дейінгі саты (көне заманнан ХУ ғ. дейін)

2. қазіргі ғылымның қалыптаса бастауы (ХУ1 – Х1Х ғ. 70ж.ж.)

3. классикалық ғылым мен техника сатысы (Х1Х ғ. 70ж.ж. бастап ХХғ. ортасына дейін)

ХХ ғ. ортасынан бастап осы күнге дейін (постклассикалық саты)

Соңғы сатыда ғылым мен техниканың дамуы "үлкен жарылысты" еске түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүниежүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, ұялы телефондар, 2,5 дыбыс жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан стансалар мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.

Осы жетістіктерге таңырқап сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі,- деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scіentіa,- лат. сөзі,- ғылым), я болмаса, техно-оптимистік көзқарас дейміз.

Алайда, шың бар жерде, құз да барын ескеру керек. ХХ ғ. 70 ж.ж. бастап ғылым мен техниканың теріс жақтары да айқындалып (жағалай ортаның бұзылуы, климаттың өзгеруі, адамның техника құлына айналуы т.с.с.) көрсетіле басталды. Антисциентистік, техно-пессимистік бағыт ұстаған ғалымдар қазіргі ғылымды "құмырадан шығып кеткен жынға" теңеп, "енді әрі қарай жаңа өндіріс кешендерін салуды тоқтату керек, әйтпесе жердегі тіршілік оған шыдамай құрып кетеді",- деген пікір айтты. "Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды",- демекші, жаңа ғана дамып келе жатқан елдер өз өндіріс кешендерін орнатып, халықтарының әл-ауқатын көтергісі келеді, Батыс ойшылдарының алаңдауын олар ескермейді.

Ғылымның эмпирикалық (тәжірибелік) сатысында қолданылатын жалпы методтарға келер болсақ, оларға бақылау, экспериментті жатқызуға болады. Бақылау жөніндегі ойымызды жоғарыда айтқанбыз (107 б.). Экспериментке келер болсақ, ол зерттелетін заттың әлі де болса ашылмаған қасиеттерін білу үшін оны жасанды жағдай жасау арқылы зерттеу болып табылады. Оны кейбір кезде "табиғатты тергеу" дейді. Бүгінгі таңдағы эксперименттерде ғылыми аспаптар мен жабдықтар кеңінен пайдаланылады.

Теоретикалық деңгейде қолданылатын жалпы методтарға абстрактылау, жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, экстраполяция, моделдеу, тарихтық және қисындық, абстрактылықтан нақылыққа өрлеу т.с.с. жатады.

Абстрактылау дегеніміз зерттеліп жатқан объектінің кездейсоқтық мәнсіз жақтарын ой арқылы "жақшаға алып", мәнді, керектілерін жинақтап, сақтау болып табылады.

Жалпылау – жинақталған жақтардың жалпы, бәріне бір ортақ қасиеттерін табу, сол арқылы олар жөнінде ұғымдану.

Анализ – зерттеліп жатқан заттың құрамдас бөліктерін ашып, олардың қасиеттерін зерттеу.

Синтез – заттың зерттелген құрамдас бөліктерін ой арқылы қайта біріктіріп, олардың бір-бірімен байланысын анықтау.

Индукция – белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы жекеліктен жалпылыққа өрлеу. Дүние шексіз болғаннан кейін индукция әрқашанда толық емес.

Дедукция – жалпылықтан жекелікке өту. Кеңінен математика, юриспруденция, қисында қолданылады.

Экстраполяция – белгілі бір жеке ғылымның әдістемелерін, я болмаса, тұжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы жаңалықтар ашу. Мысалы, этика мен құқық ғылымдары нормативтік пәндер болғаннан кейін бірінің нәтижелерін екіншіге пайдалануға болады (әрине, салыстырмалы түрде).

Моделдеу – кеңінен жаңа техника, я болмаса, технологиялар жасағанда қолданылады. Мысалы, жаңа ұшақтың ең алдымен қуыршақ моделін жасап, аэродинамикалық трубадан өткізіп, оның ұшу қасиеттерін тексереді. Содан кейін барып шынайы жаңа ұшақтың сынағы басталады.
Ұсынылатын негізгі оқулық әдебиеттер:

1.Ғабитов Қ. Философия. Оқулық. – Алматы, 2005.

2.Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

3.Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия.- Алматы, 2004.

4.Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

5.Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

6.Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.

7.Бейсенова Қ. Философия тарихы.- Алматы, 2005.

8.Тұрғынбаев Ә. Х. Философия. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2005.

9.Философиялық сөздік.- Алматы, 1996.



Ұсынылатын қосымша оқулық әдебиеттер:

1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.

2.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж.

3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А.

4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002.

5.Кессиди К.Х. От мифа к логосу. Москва.,1972

6.Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура., М, 1991

8.Мифы народов мира., М.. 1991

10.Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. М.,

13.Антология мировой философии в 4-х томах, т.1., М.,1968

14.Древнекитайская философия : собрание текстов в 2-х томах, М..1972


Философия пәні бойынша глоссарий.

Абстракция-(лат. abstractio-көңіл аудармау дегенді білдіреді)- анализден кейін қолданылатын әдіс. Бұл әдістің нәтижесінде зерттелетін құбылыстың, нәрсенің мәнді, жаны, қажетті қасиеттерін, белгілерін ойша бөліп алып,мәнсіз, кездейсоқ белгі, қасиеттеріне көңіл аудармау тасталады.


жүктеу 7,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау