Негізгі түсініктер: утопия, эстетика, ренессанс, гуманизм, антропоцентризм, пантеизм, концептуализм. : диалектикалық материализм, натурфилософия, қоғамдық келісім, рационализм, эмперизм, субстанция, сенсуализм, интуиция, идол.
Дәріс сабағының жоспары:
1.Қайта Өрлеу философиясына әсері. Қайта Өрлеу философиясы және жаңа ренессанстық ойлаудың қалыптасуы.
2.Дүниетанымдық сауалдар және Қайта Өрлеу Дәуірі ойшылдарының философиялықізденістері.
3.Қайта өрлеу философиясының көрнекті өкілдері.
1.Қайта Өрлеу философиясына әсері. Қайта Өрлеу философиясы және жаңа ренессанстық ойлаудың қалыптасуы.
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір фиодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастарды қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. 15 – ымен, адамның қудіреттілігі, оның Құдайдың өзімен пара-парлығы - қайта Өрлеу Заманындағы ойшылдардың негізгі идеяларының біріне айналды.
Адам мәселесін қайта қарауға өзінің зор үлесін қосқан келесі ойшы - ол Лоренцо Валла (1407-1457) болды. “Ләззәт алу жөнінде² деген еңбегінде ол адамның дүниетанымы оның ақыл-ойымен қатар сезімдік іс-әрекеті арқылы ғана болады,- деген пікірге келеді. Табиғаттың тіршілікке берген ең негізгі заңы - “өзінің өмірі мен денесін сақтап, оған зиян келтіретіндердің бәрінен жалтару² сезімдік іс-әрекетсіз болмайды. Сондықтан бұл заңды орындау жолында адам өмірден ләззат алуға тырысуы керек. Ләззат - “жан мен дененің рахатқа батуы² ретінде игілікті іс. Мұндай көзқарастың Орта ғасырлық аскеттікке (asketos, -грек сөзі, -құмартудан бас тарту, адамның өзін-өзі шектеуі) қарсы бағытталғанын байқау қиын емес.
Жастай өмірден кеткен талантты ойшы Пико делла Мирандолланың (1463-1494 ж. ) еңбектерінде қайта Өрлеу Заманындағы адам мәселесіне деген гуманистік көзқарас өзінің биік шыңына көтеріледі. Өзінің “Адамның абыройы жөніндегі сөздер² деген еңбегінде ол Құдай өзі жаратқан ғарыштың ортасына адамды орналастырды дейді. Ол оны жаратылған Дүниенің даналығы, ұлылығы мен әсемдігінің айқын көрінісі ретінде қарайды.
Оның ойынша, адам бүкіл жаратылған Дүние мен Құдай арасындағы дәнекер. Сонымен қатар, Жер бетінде адамнан биік, ал адамда ақыл-ой, парасат пен жаннан биік ешнәрсе жоқ. Құдай адамды жаратқанда оған әр-түрлі өмірдің ұрықтарын салды. Адамның рухының ең ғажабы - оның еріктігінде, оның алдындағы әр-турлі өмір жолдарын таңдап алу мүмкіндіктерінде. Сол мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, адам тіпті періштелерден де жоғары биіктікке көтерілуі мүмкін.
Адамның таңдау еріктігі - ол Құдайдың берген ең құнды сыйы. Оны Сократтың айтып кеткен “өзіңді тани біл² деген жолынан іздеу керек, ол өмірдегі күресте шыңдалып, моральдық жетілудің терең тұңғиығына жету керектігін ойшыл асыра көрсетеді.
Сонымен, Пика делла Мирандолла адамның еркін тек қана күнәға апаратын жол деп түсінген Орта ғасырдағы ойшылдарға қарсы шығып, керісінше, ол адамға берілген құнды сый деп түсінді.
Мұндай гуманистік көзқарас философия тарихында ұмыт болып қалмай, керісінше, оның әрі қарай дамуындағы негізгі мәселенің біріне айналады.
2.Дүниетанымдық сауалдар және Қайта Өрлеу Дәуірі ойшылдарының философиялықізденістері.
Николай Кузанский (1401-1464ж.ж.) жас кезінде Падуя университетінде (Италия) оқып соңынан діни қызметпен айналысады. Ол өзінің ой-өрісінде Орта ғасырлық философия мен қайта Өрлеу Заманындағы гуманистік ой-пікірді ұштастырды. ұлы ойшылдың діни еңбектерінен басқа философиялық туындылары да біршама. Солардың ішіндегі ең таңдаулысы – ол “Ғылыми білімсіздік²,- деп аталады.
Енді сол “ғылыми білімсіздік² деген қайшылықты ұғымның мән-мағнасына тоқталайық. Белгілі бір нәрселер жөніндегі ақиқатты іздеу жолында біз анықталмағанды анықталғанмен, белгісізді белгілімен т.с.с. салыстырамыз. Сондықтан, бұл өмірдегі шектелген заттар жөнінде белгілі бір пікірлер айту онша қиын емес. Ал енді шексіздікті зерттеген кезде, біз басқаша жағдайға кез боламыз. Шексіздікті біз көз алдымызға елестете алмаймыз, оның көлемі бізге белгісіз, біз оны еш нәрсемен салыстыра алмаймыз. Бұл адамның (әр-қашанда шектелген) ақыл-ойы мен шексіздіктің арасындағы қайшылық Н. Кузанскийдің ойынша,- ғылыми білімсіздікті тудырады.
Осы тұрғыдан келгенде Құдай үзілді-кесілді түрде танылмайды - өйткені, ол шексіздік, оны ешқандай шектелген бұл Дүниедегі заттармен салыстыру мүмкін емес. Егер Құдай шынайы шексіздік болатын болса, онда ол жаратқан Дүние - шексіздіктің мүмкіндігіне ғана ие, олай болса, бір көкжиектің аржағында екіншісі, одан әрі - үшіншісі т.с.с. ашылады. Сондықтан, Құдай танылмағанмен, ол жаратқан Дүниені танып бір белестен екіншісіне өтіп тереңдей беруге болады.
Бұл ойын дәлелдеу үшін Н. Кузанский шеңбердің ішіндегі көп бұрышты келтіреді. Оның бұрыштарының санын көбейткен сайын ол шеңберге ұқсай береді, ал шексіз өсірсек - шеңберге ұласады, екі жағы тең ұшбұрышты да ұзарта берсек, оның екі жағы бір-біріне жақындап шексіздікке жақындаған сайын бір сызыққа айналады, яғни қарама-қарсылық-бір-біріне өтіп бірегейлікке ұласады.
Олай болса, адамның шектелген ақыл-ойы шексіздікке, яғни Құдайға қарама-қарсылықтың бірлігін түсіну арқылы жақындай береді. Шектелген заттарды біз шексіздікпен байланыстырып қарауымыз керек. Ал адам оның сыртында ақыл-ой иесі болғаннан кейін өзінің санасында бүкіл болмыстағы шынайы және болуы мүмкін заттардың кейпін сақтайды. Адам, сондықтан, шығармашылыққа жаратылған пенде. Олай болса ол – адамдық Құдай (Humanus Deus).
Адам Құдайға, әсіресе, өзінің ақыл-ойы арқылы жақындайды. Ол күрделі және үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол сезім мен елестеу (Sensus), ақыл-ой (ratіo) және зерде, парасат (іntellectus). Ақыл-ой сезім мен зерденің арасындағы дәнекер.
Сезіммен тығыз байланысты ақыл-ой ғылымды тудырады. Бірақ, адамның таным мүмкіндігі ол екеуімен сарқылмайды. Тіпті сезім мен ақыл-ойдың тұрпайы турлері жануарларда да бар. Адамның басқа тіршіліктерден үзілді-кесілді айырмашылығы - ақыл-ойдың зердемен байланысында. Соңғы толығымен жануарларда жоқ.
Зерде арқылы біз Дүниеденің ең терең алғашқы негіздеріне дейін жете аламыз, метафизикалық сұрақтарға жауап береміз. Зерденің “сезімдік-денелік² Дүниеге еш қатысы жоқ “Ол уақыттан да, өтпелі дүниеден де тыс, олардан абсолютті ерікті². Егер сезімдік және ақыл-ой танымы жағалай қоршаған ортаға тәуелді болса, зерде олардың бәрінен тәуелсіз, ол Құдайдың ақыл-ойына жақын, сондықтан, ол ең жалпы, тұрақты, өшпейтінді аша алады.
Әрине, әр адам қанша ұлы болса да - өз заманының тұлғасы. Сондықтан Н. Кузанский Сенім мен Зердені салыстыра келе, сенімді жоғары тұтады. Бірақ ол соқыр сенім емес, өйткені “Зерде сеніммен бағытталады, ал сенім зерде арқылы анықталады². Тек Зерде арқылы ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз. Құдай барлық жерде болғаннан кейін - ол “бәрі², ал еш жерде оның тұрақтанып қалмағанынан кейін - ол “бәрінің жоқтығы². Бүкіл Ғарышты өзі ішінде қамтығаннан кейін – ол “абсолютті максимум², ал сонымен бірге ол көзге ілінер-ілінбес кішкентай да болғаннан кейін - ол “абсолюттік минимум². Абсолютті максимум мен минимумның екі ортасында көз алдымыздағы бүкіл Дүние орналасқан.
Ақиқатқа жету мәселесіне келер болсақ, бұл жолда өзінің қарама-қарсылығы - жалғандықпен бірге беріледі. Ақиқат пен жалғандық күн мен түн, сәуле мен түнек сияқты. Ең жоғарыдағы жарыққа толы дүниенің өзінде қараңғылық бар, ал төменгі дүние қараңғыға толы болғанымен сәуледен толығынан құр емес. Олай болса, ең терең білімнің тайыздығы айқындала түседі. “Нағыз білетін өзінің білмейтінін біледі².
Қорыта келе, Н. Кузанский философиялық қөзқарастарының болашақ, Жаңа дәуірдегі ой-пікірге өзінің зор әсерін тигізгенін атап өтуіміз керек.
Қайта Өрлеу Заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. Николло Макиавелли.
Қайта Өрлеу Заманындағы әлеуметтік-саяси өзгерістер, алғашқы капиталистік сауда-саттық, экономикалық қатынастардың дамуы, адамдардың бас бостандығы мәнінің өсуі, ұлттық сана-сезімнің қалыптаса бастауы т.с.с. көп ойшылдардың қоғамға, үкімет билігіне, мәдениет, дінге деген жаңа ойларын туғызды. Сол ғалымдардың ішіндегі ең ірі осы уақытқа дейін аты кеңінен айтылып жүрген тұлға – ол Н. Макиавелли.
Николло Макиавелли (1469-1527ж.ж.) өз уақытындағы гуманистер сияқты классикалық білім алмағанмен, өзінің табиғи дарындылығының арқасында өз бетімен тарихи, философиялық көне еңбектерді оқып, әсіресе, өзі өмір сүріп жатқан Флоренцияның сол кездегі күрделі әлеуметтік-саяси өміріне тәнті болды. Көп ұзамай ол мемлекеттік жұмысқа шақырылып, әр-түрлі саяси және дипломаттық істерді атқарады. Ол оның ұйымдастыру қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге сол кездегі қоғам жөнінде көп деректерді жинап сараптауға мүмкіндік берді. Ол ертеден келе жатқан “алдымен өмір сүру, содан кейін фәлсәфәлау² айдарымен өмір сүруге тырысты ( prіvus vіvere deіnde phіlosopharі ).
Алайда саяси қызметте ешқашанда тұрақтылық болмайды. Сондықтан, Флоренциядағы Республика құлап, оның орнына Медичилер келген кезде, ол жұмысынан қуылып, өзінің жеке иелігіне кетеді. Осы кезде рухани кемеліне келген Н. Макиавелли өзінің негізгі еңбектерін жазады. Олар “Патша², “Флоренция тарихы², “Тит Ливийдің бірінші декадасы жөнінде² т.с.с..
Макиавеллидің адам тұжырымдамасы.
Адам мәселесін Н. Макиавелли діни көзқарастан айырып, толығынан табиғаттың туындысы ретінде шешеді. Адам өзінің жаратылысы бойынша өзімшіл келеді. Шамасы, мұндай көзқарасқа келуге алғашқы капиталдың қорлануы, басы бос ерікті адамдардың “өзім дегенде түйедей күшім бар² деген сияқты іс-әрекеттері себеп болса керек. Сол кездегі экономика саласындағы ең белсенді топтар - саудагерлер мен қол-өнершілердің өмір салтын мүқият қарап, Н. Макиавелли адамның іс-әрекетінің ең терең түрткісі - ол оның мүддесі деген тұжырымға келеді. Адамдардың мүдделерінің көптүрлілігіне қарамастан, оның негізгісі - өзінің меншігін сақтау, және оны өсіруге, көбейтуге тырысу. “Патша² деген еңбегінде Н. Макиавелли “Адамдар меншігінен айырылғаннан гөрі әкесін өлтіргенді кешіруі мүмкін², дейді. Меншік жөніндегі мүддеден кейін ғана абырой (onore) және сый-сияпат (onorі) келеді,- дейді ұлы ойшыл.
Осындай адамға деген көзқарасты универсалды аңықтама ретінде пайдаланып, Н. Макиавелли өткен адамзат тарихын (ертедегі Греция мен Римді ) осы тұрғыдан қарайды. Мұндай көзқарастың тарихтағы пессимистік нышанын айтпаса да көруге болады. “Адамдар жөнінде, жалпы алғанда, мынаны айтуға болады. Олар рахымсыз және тұрақсыз, алдау мен екіжүзділікке жақын, қайсыбір төнген қауыптан қашады, оңай олжаға жүгіреді².
Адам табиғатының өшпес өзімшілдігі қажетті түрде мемлекеттік үйымдардың пайда болуына әкеледі. Тек мемлекеттік күш, билік қана адамдардың өзімшіл іс-әрекетіне тосқауыл қоя алады, өмірдегі тәртіп қалай болуы керектігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды тудырады. Сонымен, Н. Макиавеллидің ойынша, мемлекет - адамдардың өз іс-әрекеттері арқылы дүниеге келеді, ал Құдайдың оған ешқандай қатысы жоқ,- деген ашық пікірге келеді.
Н. Макиавеллидің адамға деген көзқарастырының ғажап жері - ол тек жеке адамның мүдделерін мойындап қоймай, сонымен қатар адамдардың ортақ мүддесінің негізінде әлеуметтік топқа айналу мүмкіндігін көрсетуінде. Ол Ертедегі Рим тарихын сараптай келіп, ондағы қабылданған заңдардың сипатының ерекшілігі - ондағы халық пен басқару топтарының арасындағы күрестерден шығады,- деген пікірге келеді. Сонымен, өзінің әлеуметтік-саяси философиясында, Н. Макиавелли Құдайдың керектігін қажет етпейді, бәрі де адамның табиғаты мен тәлім-тәрбиесінен шығады. Оның ойынша, христиан діні алғашқы қалыптасқан идеалдардан анағұрлым алшақтап кетті. Католик дінінің қызметкерлері Папа мен бірге жемқорлық жолына түсіп, халық алдындағы абыройынан жұрдай болды.
Екінші жағынан христиан дінінің моральдық қағидалары өзінің қасиетті киелі адамдары ретінде мүсәпірлерді, өмірдің қызығынан бас тартқан адамдарды, жұмаққа өзінің батыл іс-әрекеті арқасында емес, өзінің көнбістігінің, зардап-азап шегуінің негізінде барғысы келгендерді есептейді. Соңынан XқX ғ. Ф. Ницше христиан дінінің моральдық қағидаларын сынағанда осы Н. Макиавеллидің идеяларына ұқсас пікірлер айтады.
Ал мұның өзі Н. Макиавеллидің айтуына қарағанда, кертартпалыққа әкеледі. Ол өткен Грек және Рим тарихында болған көпқұдайлыққа сүйсіне қарайды, өйткені, олар белсенді адамдарды, батырлықты паш еткен.
Дегенмен, қоғамға дін керек, өйткені езілген зардап шеккен халық дін арқылы өзіне рухани сүйеніш тауып, өмірдің қиындығына төзе алады, мемлекеттік тәртіп дінсіз мүмкін емес,- деген ащы пікірге ұлы ойшыл келіп тоқталады.
Н. Макиавеллидің фортуна (сәттілік) ұғымының мән-мағнасы.
Қайта Өрлеу Заманындағы көп ойшылардар сияқты Н. Макиавелли де өмірге деген самарқаулыққа теріс қарап, оған белсенділікті қарсы қойды. Ал адамның өмірін ол фортунамен тығыз байланыстырды. Макиавелли заманындағы фортуна ұғымы, көне замандағы фатумнан анағұрлым бөлек (fatum-латын сөзі , тағдыр ). Егер фатализм адамның өмірі, жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті алдын-ала болжанған, онда ешқандай таңдау, еріктік, кездейсоқтық жоқ, оған қарсы тұруға болмайды,- деп есептесе, фортуна ұғымы әлеуметтік қажеттілікпен теңелгенмен, ол ешқашанда адамның ерікті іс-әрекетін толығынан жоя алмайды. Н. Макиавелли “елу де елу² формуласына жақын- фортуна біздің іс-әрекетіміздің жартысын өзіне көндірсе, екінші жартысы біздің өзіміздің еркіміз, өжеттілігіміз, қайрат-күшімізбен байланысты дейді. Сондықтан, “абайлаудан гөрі батылдық жақсы², өйткені “ фортуна - әйел, ал онымен тіл табысу үшін оны оқтын-оқтын сабап алу керек², неге десеңіз ол “әйел ретінде жастардың досы, ал олар алды-артына қарамай батылды түрде тарпа бас салып, оны өз еркіне көндіреді².
Алдына үлкен мұрат-мақсаттар қойып, оларды іске асыру жолында адамның батыл тиімді іс-әрекеттер жасауын Н. Макиавелли “вирту² ( vіrtu-лат. сөзі, айбындылық, қайраттық ) деген сөзбен береді.
Алайда, толыққанды виртуды іске-асыру әрбір адамның қолынан келе бермейді. Қарапайым адамдар әлбетте өте жақсы да, жаман да емес, өздерінің жүріс-тұрыстарында “ортаңғы жолды² ұстайды, оның өзі үлкен нәтижелерге ешқашанда әкелмейді. Ал тарихтағы ұлы тұлғаларға келер болсақ, олардың жүріс-тұрысы, іс-әрекеті тіпті басқаша, олар алдына үлкен мақсаттар қойып бүкіл сана-сезімін, еркін, күш-қуатын сол істі өмірге еңгізуге тырысады.
Н. Макиавелли ұлы адамдардың іс-әрекетінің нәтижелігі тек қана олардың айбындылығы, виртумен ғана байланысты деген пікірден аулақ. ұлы адамдардың қайратты іс-әрекетінің жемістілігі - сол заманның қойған талаптарына сай келуінде.
Қорыта келе, “вирту² ұғымы жаңа гуманистік моральдың негізгі көрінісі ретінде Қайта Өрлеу заманының негізгі құндылығына айнала бастады. Өзінің мүдделерін өмірге кіргізу жолында адам фортунаны ауыздықтай алады. Адам – ерікті, саналы, айбынды, күш-қуаты мол пенде, ол алдына қойған мұраттарды іске асыра алады. Бұл Н. Макиавеллидің идеялары Жаңа заманның ой-өрісіне зор әсерін тигізіп, жалпы алғанда, жүре келе Батыс менталитетінің өзегіне айналады.
Н. Макиавеллидің саяси және моральдық философиясы.
Н.Макивелли көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен тарихта қалған. Оның негізгі себебі - феодалдық-қауымдық қоғамның ыдырап оның орнына ерте капиталистік қатынастардың келе бастауы еді. Егер саясат осыған дейін діннің қолдауында болып, моральдық тұрғыдан әрқашан ақталып отырса, ол негізінен алғанда “ақсүйектердің ісі² болатын болса, енді жаңа заманда төменгі қабаттардан шығып, аз уақытта сауда-саттық жасау арқылы байып, билікке ұмтылған адамдар пайда болды. Мұндай жағдайда саясат моральдық-діни шеңберден бірте-бірте шығып, өзінше дербес әлеуметтік құбылыс ретінде өзін көрсете бастады.
Н. Макивеллидің көрегендігі – саясаттың дербес құбылыс ретінде үлкен қоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық құндылықтардан бөлек табиғатын ашу, саяси билік үшін күресін, содан кейін оны ұстап тұру әрекетін (қазіргі тілмен айтқанда – саяси технология) жасау болды.
Енді бұл арада біз макиавеллизм деген ұғымнан Н.Макиавеллидің шынайы көзқарастарын бөліп алып қарауымыз керек. Макиавелизм ұғымы бүгінгі таңда саясаттың арсыз, барып тұрған опасыздық түрін көрсетеді. Саясат құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап салу, сатып кету т.с.с. бәрін макиавеллизм дейді. Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н. Макиавеллидің атымен айтамыз.
Алайда, мұндай көзқарас дұрыс болар ма екен, мүмкін мұның өзі шынайы Н. Макиавеллидің өзінің шығармашылығынан туатын көзқарасқа сай келмеуі де ғажап емес болар.
Осы бағалау тұрғысынан алып қарағанда, біз расында да үлкен қайшылықты байқаймыз. әрине, Орта ғасыр шеңберіндегі саясат жөніндегі түсінік қайта қаралды, саясаттың моральдан дербес өзінше қажетті құбылыс екені анықталды, ал сонымен қатар Н. Макиавелли қайсыбір саясаткердің зорлық-зомбылығын, опасыз іс-әрекетін ақтаудан, әрине, алшақ болды.
Н. Макиавеллидің ойынша, мемлекет пен саясаттың қоғамдағы негізгі қызметі әр-түрлі таптардың, әлеуметтік топтардың басын біріктіріп бүкіл ұлттық келісімнің шеңберінен шығармау, қоғамды ыдыратып жібермеу, орталық билікті мықты қолда ұстау болды. Ал саясаттың моральдық сипатына келер болсақ, “мүмкіндігінше ізгіліктен алыстамау керек, ал керектік қылса зұлымдықтан қашпау қажет²,- деген пікір айтқан болатын. Бірақ, саясатты толығынан моральдық шеңберде ұстау мүмкін емес. Н. Макиавелли “тек қана өзінің ар-ұжданының талабына сәйкес іс-әрекет жасайтын саяси қайраткер өзіне мола қазады²-деген пікір айтады. Оған себеп - қоғам өміріндегі кейбір жағдайда қалыптасатын “ащы шындықтың ақиқаты². Оны шешу үшін мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа шейін баруы мүмкін. Осындай жағдай қалыптасқанда ол “қаталдықпен көп әуестенбеу керек, қажет болған жағдайда оны тез арада қолданып, өзіне қарсылардың быт-шытын шығаруы керек².
Халық мемлекеттік билікке бір жағынан қорқынышпен, екінші жағынан сүйіспеншілікпен қарайды. Бірақ, таңдауға келген жағдайда, халықты қорқынышта ұстау - сенімдірек². Саясаткер бір жағынан батыл, екінші жағынан - абай болуы керек. Бірақ, шешуші жағдайда батылдық қажет. Ел басшысы бір жағынан арыстанға, екінші жағынан түлкіге ұқсас болуы қажет.
Қоғамдағы қайшылық өршіп, адамдардың өкіметке деген сенімі жойылған жағдайда күш қолданбай болмайды. Бірақ, қалай дегенде де, жеңіс - әрқашанда саясаткердің негізгі мақсатына айналуы керек, ал оған жететін құралдар әр-түрлі болуы мүмкін. Сол жолда зорлық-зомбылық жасалса, ол қоғамдағы жағдайды дұрыстауға, тәртіпті орнына келтіруге ғана жұмсалып, тоқталуы керек. Екінші рет зомбылықты қолданудан алшақ болу керек,- деген пікір айтады ұлы ойшыл.
Н. Макиавелли жөніндегі адамгершіліксіз саясаттың жақтаушысы деген пікір жүздеген жылдар бойы сақталып келді. Тек ХХ ғ. екінші жартысында ғана бұл ойшылдың еңбектері терең зерттеліп, басқаша пікір қалыптаса бастады. Ағылшын елінің ұлы философы Б. Рассел бұл кісінің еңбектерін жоғары бағалап, Н. Макиавелли Ренессанс дәуірінің ең терең ойшысы,- деген пікір айтты.
Батыс елдеріндегі көп ғалымдар Н. Макиавеллиді қазіргі саяси философияның негізін қалаушы ретінде бағалайды. Біздің ойымызша, ХқV ғ. өмір сүрген араб ойшысы Ибн- Халдунды бұл орынға қоюға әбден болар еді, өйткені ол Н. Макиавеллиден бір жарым ғасыр ерте өмір сүрген болатын. Бірақ, қалай дегенде де, біздің ел сияқты ондаған мемлекеттер демократия жолына түсіп, қоғамда терең саяси өзгерістерді тудырып жатқан уақытта Н. Макиавеллидің саясат пен моральдың айырмашылығы жөніндегі терең ойлары ешбір адамды жайбарақат қалдырмайды.
Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі.
Қайсыбір өтпелі заманда рухани өмір де түбегейлі өзгерістерге түседі - ескі өмір құндылықтары әлсіреп, жаңа әлеуметтік нормалар, дүниесезім мен дүниетаным өмірге келеді .
Осы тұрғыдан қарағанда, қайта Өрлеу Заманы христиан дінінде үлкен өзгерістерді тудырды, өйткені моральдық жағынан азғындаған рим-католик шіркеуі, халықтың санасында теріс баға алып, римнен жіберілген әр-түрлі аймақтарға дін басшылары жемқорлық жолына түсіп, қалың бұқараның санасында негізгі езушілер ретінде түсінілді.
Мұндай жағдайда христиан дінінің алғашқы нұсқаларына қайта оралып, оны Орта Ғасырлық схоластикалық бүркемдерден тазарту - өзекті мәселелердің біріне айналады. Осы үлкен көлемді іске барлық жан-тәнін берген неміс теологы Мартин Лютер ( 1483-1546 ж.ж.) болды.
М. Лютер рим-католик шіркеуінің Құдай мен адам арасындағы дәнекерлік қызметін теріске шығарып, адамның жалғыз ғана Құдайға деген сенімі оның құтқарылуына жеткілікті деген пікірге келді. Құдайға қызмет ету - ол жалғыз дін қызметкерлерінің ғана ісі емес, бүкіл халықтың, әр адамның борышы деген пікір айтты. Ал мұның бәрі шіркеудің билігін әлсіретіп, оның догматтарын қысқартты. Мысалы, 7 құпиялықтың екеуі ғана қалды ол - крестеу мен қатысты болу. (причащение). Иконалар алынып тасталды.
М. Лютер дін мен философияның, сенім мен ақыл-ойдың ара қатынасына үлкен ор қазып, христиан дінінің негізгі құжаттарын, киелі кітаптарын ақыл-оймен талдаудың мүмкін еместігін айтты. М. Лютердің ойынша, “ақыл-ой - шайтанның жезтырнағы және сенімге қарсы қылмыс²,- деген сөзге дейін барды.
Олай болса, адам өз ақылы мен еркінің шеңберінде күнәдән құтыла алмайды, өйткені, алғашқы текті күнә оның табиғатын бұзды. Бұл мәселе бойынша, оның пікірі Августиннің ойына жақын болды.
Христиан дінін жаңа өмірге сай етіп өзгертуге өзінің үлесін қосқан екінші ойшыл - ол Жан Кальвин (1509-1564ж.ж.) “Христиандық Сенімге тәлім² деген еңбегінде “сенгеннің надандығы білем дегеннің өркөкіректігінен жақсы² дейді. Ж. Кальвин адамның өмірінің өркөкіректігінен толығынан Құдайдың еркіне, алдын-ала болжауына тәуелді екенін айтады. Ең ақыры Иса пайғамбардың өзі барлық адамзаты үшін емес, тек қана оның кішкентай таңдалған бөлігі үшін зардап шегіп өлді. Ал, бірақ, ол ешкімге белгісіз.
Ж. Кальвин Қайта Өрлеу заманындағы гуманистердің “фортуна² ұғымына үзілді-кесілді қарсы шығып “фатум² ұғымын биік дәрежеге көтерді, өйткені, ол - Құдайдың адам тағдырын алдын-ала болжауы.
Ж. Кальвин Библиядағы айтылған “Шақырылғандар көп, тандалғандар - аз² деген қағиданы толықтырып “тек кім таңдалды - оны ешкім білмейді² деген пікірге келеді. Олай болса, әрбір адам - мен таңдалдым деп ойлауы мүмкін. Егер ол өз кәсіби еңбегінде белгілі бір жетістіктерге жетсе, онда ол оны Құдайдың мені қолдағаны деп есептеуіне болады. Ал біз ол кезде алғашқы капиталдың қорланғанын еске салсақ, Кальвиннің бұл қағидасы алғашқы іскер адамдарға өздерінің Құдай қалаған адамдар екенін сезінулеріне зор әсерін тигізді.
Батыс Европадағы жаңа қалыптасып жатқан капитализмге адамгершілік бағыт берген, әсіресе, Ж. Кальвиннің аскеттік ілімі. Егер сенің істерің саған олжа әкелсе, онда сен масаттанба, тәккәппарланба, керісінше, Құдай қолдағаннан кейін, кем-тарларға көмектес, байлығынды шашпа, жаңа жұмыс орындарын аш, т.с.с..
Сонымен, Кальвинизм капиталдың қорланып өсуіне , кәсіби іскерліктің Құдай қалайтын, адамның абыройын көтеретін, сонымен қатар, өте жауапты іс екеніндігіне, Жаңа дәуірдің моральдық құндылықтарын анықтауға ат салысты.
Бүгінгі Қазақстан қоғамындағы өтпелі дәуірдегі нарықтық экономика, жеке меншіктің қалыптасуы рухани қолдау таппай отыр. Біз басқа елдердің өмір салты, деңгейі, тұтынатын тауарлар, мәдениеті жөнінде көп ақпараттар аламыз. Біздің адамдар “көпшілік мәдениеті² атанған шетел фильмдерін көріп, ондағы өмір жөнінде “безендірілген² көбіне ақиқатқа сай келмейтін пікірлерге ие болады. Сондықтан, жаңа пайда болған іскерлер жинаған ақшалары, капиталын халық ізгілігіне жұмсаудың орнына (жаңа жұмыс орындарын ашу, мәдениетті қолдау, кем-тарларға, кәрілерге көмектесу т.с.) дереу үлкен сарай салып, астына шет елдегі байлар сияқты қымбат машина мінеді. Осы тұрғыдан қарағанда, қазір бізге де сонау Қайта Өрлеу Заманында болған реформацияға ұқсас рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, оны қоғамдық қатынастарға тезірек тиімді түрде еңгізуіміз қажет. ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңлықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандылық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғыпып өлтіртті. Сондай – ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 – 1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: “Не табиғаттың өзі – Құдай, не Құдай – заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш”, деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі – сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл өте қауіпті тұжырым болатын – ды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды:“Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласынжарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл ьолаалмайды”. Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: “Бәрібір жер айналып тұр” деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 14665)салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шнгі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен
15-18 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде феодалдық өндіріс әдісі төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады.Осыдан бастап, тап ретінде буржуазия дүниеге келді.Ол феодалдық құрылысты құлатып, жаңа өндірістік қатынастарды орнатуды мақсат етті. Айталық,15 ғасырда Нидерланды, 17 ғасырда Англия, 18 ғасырда Франция революциялары бірінің бастамасын бірі жалғастырды. Дүниеге келген жаңа тап-буржуазия ғылым табыстарына сүйенуді қажет етті,схоластиканы қатты сынға алды.Ең алдымен олар схоластиканың басты кемшілігі-тәжірибеден бас тартып,бақылау,эксперименттерге сүйенбейтін шыдамсыздықпен жасалған догмалық топшылауға негізделген,жалған,тұрлаусыз әдісінде деп есептеді.Бұл жаңа тап материализмге сүйенді.Бірақ ол метафизикалық материализм болатын-ды.Ал метафизикалық материализмге үш күрделі кемшілік тән болады: 1)ол механика ілімдеріне негізделді. Дүниедегі барлық өзгерістерді механика заңдарымен дәлелдеді; 2) дүниені қатып қалған, қозғалмайты өзгермейтін құбылыс деп қарады. Оның ұдайы дамудағы процесс екенін мойындамады; 3) қоғам өмірін ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады,сондықтан ол идеалистік тұрғыда қала берді.
3.Қайта өрлеу философиясының көрнекті өкілдері.
Адам мәселесі - букіл философияның - сонау Кон-фу-Цзы, Будда, Сократтан бастап, Орта ғасырдағы діни ілімдерге дейін - өзекті философияның сұрағы болғаны белгілі. Қайта Өрлеу заманында бұл мәселе жаңаша қарала бастайды. Орта ғасырдағы бұл мәселенің шешімі адамның қайшылықты пенде екендігін ашуда болды: бір жағынан адам - жан-дүниесі, рухы бар пенде ретінде әр-қашанда аспанға ұмтылған, басқа тіршіліктен оқшау тұрған Құдайға жақын тұлға. Екінші жағынан, оның денесі бар, ол оны жердегі қызықтарға құмартуға, оның еркінің соған қарай жетелеуіне әкеліп, оны күнәға батырады, тіпті, кейбір жағдайда құмарту жолына түскен адам жануардың деңгейінен де төмен түсіп кетеді. Ал Қайта Өрлеу дәуіріне келер болсақ, ондағы негізгі жаңалық - ол – адамның рухы мен жан-дүниесін ғана емес, сонымен қатар оның тәнін, денесін де ақтау, оның керемет әсемдігін көрсету, адамның дүниесезімінің телегей-теңіз тереңдігін анықтау болды.
Бұл мәселеге өзінің өшпес ізін еңгізген Джаноццо Манетти (1396-1459) болды. Өзінің “Адамның абыройы мен артықтығы жөнінде² деген еңбегінде ол Құдайдың адамға арнап жасаған Дүниесінің сұлулығына тоқталып, сонымен қатар, сол жаратылған Дүниенің ең биік шыңы - ол адамның өзі дейді. Адамның дене құрылысы, оның әсемдігі - басқа Дүниедегі денелерге қарағанда ерекше биік орын алады. Мысалы, әр-түрлі нәрселерді жасай алатын адамның қолдары қандай әсем, қандай ғажап! Егер жануарлардың қайсыбірі белгілі бір ғана нәрсемен айналыса алса, адам барлығымен айналыса алады. Рухани-денеден тұратын адамның әсемдігі соншалықты, адамдар Құдайдың өзін өзіне ұқсатып түсінеді. Егер Құдай букіл Дүниені жаратса, адам өзін жағалай қоршаған мәдениеттің ұлы да әсем туындыларын тудырады.
Материализм философиясының өкілдерінің бірі Фрэнсис Бэкон (1561-1626) болды.Ол лордтың баласы ретінде 12 жасында Кембридж университетіне оқуға түсіп, оны бітірген соң үш жылдай Парижде ағылшын елшілігінде тұрады.Қайтып келген соң, біршама уақыт құқылық практикамен айналысып, кейін корольдің үлкен мөрін сақтаушы болып қызмет атқарады. Кейін Англия мемлекетінің канцлері болып, елде корольден кейінгі екінші тұлға дәрежесінде көтеріліп, барон Верулам деген құрметті атаққа ие болады. Өмірінің қалған уақытын бүтіндей ғылымға жұмсайды.Әлемде қамтитын 6 кітаптан тұратын еңбек жазуды жоспарлайды.Бірақ оның тек екеуін ғана жазып үлгереді.Бірі-«Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы»,екіншісі-«Жаңа Органон» деп аталады.Ф.Бэкон- материалист,сондай-ақ, ол-эксперименттік.
Ұсынылатын негізгі оқулық әдебиеттер:
1.Ғабитов Қ. Философия. Оқулық. – Алматы, 2005.
2.Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.
3.Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия.- Алматы, 2004.
4.Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.
5.Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.
6.Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.
7.Бейсенова Қ. Философия тарихы.- Алматы, 2005.
8.Тұрғынбаев Ә. Х. Философия. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2005.
9.Философиялық сөздік.- Алматы, 1996.
7.Дәріс тақырыбы: Жаңа Дәуір философиясы
Негізгі мақсаты: ХУII ғ бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистiк қатынастар қарқынды дами бастайды. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтiк-экономикалық, саяси ақуалы, қоғам мен табиғатты танып-бiлу қажеттiктерi философия саласында онтологиялық (болмыстық) мәселелерден гөрi ғылымды дамыту қажеттiктерi жаңа ұйымдардың, мекемелердiң пайда болуына себеп болады. Дәріс барсында осы кезеңдегі жаңа тұжырымдармен тансу.
Негізгі түсініктер: Эмпиризм, рационализм, Монада.
Дәріс сабағының жоспары:
1.Жаңа Уақыт кезіндегі мәдени-әлеуметтік ахуал.
2.Жаңа Уақыт мәдениетіндегі негізгі рухани бағдарлар.
Эксперементалдық жаратылыстанудың пайда болуы.
3.Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы.
1.Жаңа Уақыт кезіндегі мәдени-әлеуметтік ахуал.
ХУII ғ бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистiк қатынастар қарқынды дами бастайды. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтiк-экономикалық, саяси ақуалы, қоғам мен табиғатты танып-бiлу қажеттiктерi философия саласында онтологиялық (болмыстық) мәселелерден гөрi ғылымды дамыту қажеттiктерi жаңа ұйымдардың, мекемелердiң пайда болуына себеп болады. Оларды сонау Платонның заманынан келе жатқан “академия² деген сөзбен атай бастайды. 1560 жылы Неаполь қаласында “Табиғат құпиясын зерттеу академиясы², осы кезде Англияда “Лондондағы корольдық қоғам², Парижде “Жаратылыстану академиясы² құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойль - қазiргi физика мен химия ғылымдарының алғашқы кiрпiштерiн қалаған, Исаак Ньютон - механика ғылымының негiздерiн жасаған, Христиан Гюйгенс - алғашқы маятниктi сағатты ойлап шығарған т.с.с. тұлғаларды айтып өтуге болар едi.
Бұл уақыттаы жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика ғылымы болды. Оның негiзгi себебi - өндiргiш күштердi дамыту, жаңа машиналар мен неше-түрлi механизмдердi жасау қажеттiктерi болатын. Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделi өзгерiстер философия саласына зор әсерiн тигiзiп материализм ағымының механистiк түрiн тудырды. Ол Қайта Өрлеу заманында дүниеге келген органистiк материализмдi ауыстырды. Ал мұның өзi сол кездегi қоғамдық санадағы басым дiни көзқарасты төңкерiп тастамағанмен, оның бiтiмiн өзгерттi. Бiрiншiден, дiни фанатизм бiрте-бiрте азайып, оның орнына дiни төзiмшiлдiк, әрбiр адамның қандай дiнге сенуге деген құқы мен талғамы болмасын iс жүзiнде сақтала басталды. Ғылым мен дiннiң ара-қатынасы бұрынғыдай “қос ақиқат² принципi арқылы шешiлiп, сонымен қатар деистiк (deus,-латын сөзi,- құдай) бағыт күш ала бастайды. Деизм бағыты Құдайды мойындағанмен, оны тек алғашқы Дүниенi жаратқан күш ретiнде ғана түсiнедi, ал содан кейiн жаратылған Табиғат өз заңдылықтарының негiзiнде өмiр сүре бастайды, Құдай-тағала оның өмiрiне ендi ешқандай әсерiн тигiзбейдi. Мұндай көзқарас ғалымдардың Табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңiнен жол ашты.
Ал жаратылыс тану ғылымдарының өзiне келер болсақ, онда бiр-бiрiне қарсы тұрған екi әдiстемелер (методтар) кеңiнен қолданыла басталды. Ол - бiр жағынан алғанда, табиғат құбылыстарын тәжiрибелiк жолмен байқап зерттеу, екiншi жағынан, Дүниенi математикалық-абстрактылық жолмен сараптау. Мұндай жағдайлар философия саласында ғылымға деген үлкен үмiт тудырады, жаңа зерттеулер тұрғысынан Орта ғасырларда дүниеге келген схоластикалық ойлау жүйесi қатты сынға алына бастайды. Ешқандай тарихтағы болған ұлы тұлғалардың ой-пiкiрi жаңа дамып келе жатқан жаратылыстану ғылымдарына кедергi болмауы керек, олар ерiктi түрде өз пәнiн зерттеуi қажет деген ой қоғамдық санада басымдыққа ие болады.
Ғылым Құұайға қарсы емес, керiсiнше, ол табиғаттың терең заңдылықтарын ашып, Жаратушының құдiреттiлiгiн көрсетедi деген пiкiр кеңiнен таратылады. Мiнеки, осындай қайшылықты жол Жаңа дәуiрдегi философияны тудырып, оны әрi қарай дамытады. Ендi нақтылы түрде соған назарымызды аударайық.
2.Жаңа Уақыт мәдениетіндегі негізгі рухани бағдарлар.
Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626ж.ж.) сол кездегi ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетiнде бiлiм алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттiк қызметте жеткен шыңы - ол 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлiк - әкiмшiлiк орынға ие болады. Король Яков 1 оған Верлуам деген жердегi үлкен қорғанды сыйға тартып, “Верлуам лорды² деген атақ бередi. Алайда, саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан, жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Ендi оның философиямен айналысуына жол ашылады.
Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерiнiң iшiнде “Ғылымдардың қадырлығы мен көбейуi жөнiнде², “Жаңа Органон², “Жаңа Атлантида² деген еңбектерiн атап өтуге болады.
Ф.Бэконның шығармаларының ерекшелiктерi - ол бiлiмнiң өмiрге деген қажеттiлiктен пайда болатындығын асыра көрсетуi. Ол әсiресе, табиғатты зерттеудiң қажеттiгiне көп көңiл бөледi, ал оның негiзгi жолы - тәжiрибелiк зерттеулер. “Не iс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты², ғылымның жетiстiктерi мен жемiстерi - оның ақиқаттығының көрiнiсi,- дейдi ұлы ойшыл.
Тәжiрибенi талдай келе, Ф.Бэкон оны екiге бөледi. Олар - жемiстi тәжiрибе мен сәулелi тәжiрибе. Бiрiншi өмiрге пайдалы нәтижелер әкелсе, екiншi табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседi. Сәулелi тәжiрибелер өмiрге дереу пайда әкелмегенiмен, жемiстi тәжiрибелердi жүргiзуге көмек бередi, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар едi.
Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу мәселесiне (классификацияға) көп көңiл бөледi. Оның ойынша, адамның жан-дүниесiндегi үш қабiлетi ғылымды топтастырудың негiзiнде жатуы қажет. Олар -1. есте сақтау; 2. қиял ; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетiне сай ғылым - тарих, қиялға - поэзия, ақыл-ойға - философия.
Тарих ғылымын Ф.Бэкон екiге бөледi. Олар - жаратылыстану тарихы ( historia naturalis ), екiншiсi - азаматтық тарих ( historia civilis ).
Қиялға негiзделген поэзия дүниенi шынайы бейнелемей, керiсiнше, адамның жүрегiнен, сезiмiнен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетедi.
Ал ендi философияға келер болсақ, оның пәнi үш мәселенi қамтиды. Олар - Құдай, Табиғат және Адам мәселелерi. Өз заманындағы түсiнiктерге сай, Ф.Бэкон Құдай мәселесiн “қос ақиқат² тұжырымы арқылы қарайды. Философия саласында Құдайды ақыл-оймен танып-бiлу мүмкiн емес. Сондықтан, ол теологияның шеңберiнде сенiм арқылы қаралуы керек.
Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф.Бэкон оны да екiге бөледi. Олар - теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелi тәжiрибелерге негiзделсе, практикалық философия -жемiстi тәжiрибелерге сүйенiп, табиғатта бұрынғы-соңды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды тудырады.
Адам мәселесi де екiге бөлiнедi. Табиғат туындысы ретiнде оны философиялық антропология (philosophia humana), ал қоғамның мүшесi ретiнде азаматтық философия (philosophia civilis ) зерттейдi.
Таным мәселелерi
Ф.Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалыптасып, адамның дүние тануына кеселiн тигiзетiн нәрселер бар. Ең алдымен оларды сыртқа шығарып әшкерлеу қажет. Сонда ғана жаңа әдiстемелерге жол ашылып, зерттеулердiң тиiмдiлiгi артады. Сол ғылымдағы кедергiлердi Ф.Бэкон “идолдар², ия болмаса “елестер² дейдi. Олар - төртеу.
Бiрiншi елес - тектiк идолдар (idola tribus). Олар адамның жаратылысынан, жалпы табиғатынан шығады. Оны бiз қазiргi тiлмен “антропоморфизациялау² деп айтар едiк. Ол сонау көне заманда пайда болған мифологияға келiп тiреледi. Адам табиғаттағы сырлы құбылыстарды танып-бiлуге бағытталған кезде, оларды “өзiне ұқсатып² түсiндiруге тырысады. Тектi елестер ең тұрақты, оларды толығынан жою мүмкiн емес. Бұл Ф.Бэконның айтқан ойларын растау үшiн мынандай мысал келтiрейiк. Адамдардың мыңдаған жылдар бойы арман еткен басқа Дүниелердегi ақыл-оймен, рухпен кездесу қиялы ХХ ғасырда ғарыштан ұшып келген тарелкалар жөнiндегi неше-түрлi аңыздарды тудырды. Ол қазiргi заманның тудырған мифтерi бойынша, ұшып келген тарелкалардың iшiнен шыққан пәнделер нақ жердегi адамдар сияқты екi аяқты, қолды, екi көздi, тек олардың түсi- көкшiл екен т.с.с.
Әрине, кең ғарыштың кеңiстiгiнде басқа жұлдыздар аясындағы планеталарда өмiр және сол өмiрдiң биiк ғажап шыңы - рух пайда болуы мүмкiн. Бiрақ, ол рухтың иесi тек адам сияқты болуы тiптi қажеттi емес. Бiрақ, адам оны өзiне ұқсатып көргiсi келедi... Ал, бiзге ең жақын орналасқан жұлдыздың қашықтығы 5 сәулелiк жыл екенiн ескерсек ( яғни секундына 360 мың км. жылдамдықпен ұдайы 5 жыл ұшу қажет !!! ) және А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясына сай ондай жылдамдықтың шеңберiнде заттың салмағы күрт өсiп, кеңiстiктегi алатын орны қысқарып, уақыт баяуласа,- онда қайсыбiр тiршiлiк түрi мұндай қашықтықты өте алмайтындығына көзiмiз жетедi. Сонымен, ғылыми тұрғыдан қарағанда, “тарелка мифiнiң² орынсыз екенiн көруге болады. Мiне, бұл Ф.Бэконның айтқан тектiк идолдарының бүгiнгi таңдағы бiр көрiнiсi ғана.
Екiншi елес - ол үңгiр идолы (idola specus ). әрбiр адам белгiлi бiр жанұяда, белгiлi бiр жерде дүниеге келiп тәрбиеленедi, ересек адамға айналады. Бiреу адам түгiл құдай да ұмытқан ауылда, екiншi - район орталығында, үшiншi - астанада, ия болмаса үлкен қалада туып тәрбиеленедi. Бiреу- кедей, екiншi- ауқатты жанұяда өсiп өнедi, көбiнесе, соған сәйкес бiлiм алуға, өмiрде өз орнын табуға мүмкiндiктер ашылады. Ол адамның болашақ тағдырына өзiнiң зор ықпалын тигiзбей қоймайды. Ол сол өзiн қалыптастырған “үңгiрден² дүниеге қарайды, ал оның өзi “табиғаттың сәулесiн әлсiретiп бұрмалайды²,- дейдi ұлы ойшыл. Ал бұл елестен құтылу жолы - дуниеден алған жеке тәжiрибенi жалпы халықтық тәжiрибемен ұштастыру болмақ.
Үшiншi - алаң, ия болмаса базар елестерi (idola fori ). Олар қарапайым адамдар жиналған жерлерде пайда болады. Оның қайнар көзi - зат пен соны көрсететiн, бейнелейтiн сөздi толығынан теңеу. Ал шынына келсек, сөз- затқа қойылған ат қана. Сөз көбiне заттың не екенiн емес, оның адамдарға деген маңызын ғана көрсетедi,- дейдi ұлы ойшыл. Егер сөздi затқа теңесек, онда көбiне бiз “жалған даналық² жолына түсiп кетемiз. Бұл елеске берген сыннан бiз схоластикалық философияға қарсы бағытталған Ф.Бэконның көзқарасын болжаймыз.
Төртiншi, соңғы елес - ол театрлар идолы (idola theatri ). Олардың дүниеге келу себебi - тарихтағы өмiр сүрген даналарға, ұлы тұлғаларға толығынан сену, солардың уақытында жасаған ғылыми тұжырымдамаларын “соңғы өзгермейтiн мәңгi ақиқат² ретiнде түсiну. Мысалы, белгiлi бiр мәселе бойынша Аристотель былай деп айтқан, ал сiз Аристотельден де ақылдысыз ба ?- деген даудамадан сол адамның “театр елесiнiң² шеңберiнде екенiн байқаймыз. “Ақиқат - беделдiң емес, тек өз заманындағы уақыттың қызы²,- деп қорытады Ф.Бэкон. Жаңада ғана келмеске кеткен Кеңес заманының негiзгi елесi- осы “театр елесi² болды емес пе? Тек беделдiлердiң аттары ғана өзгерген жоқ па? Олар - К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин т.с.с. болды. Бүгiнгi таңдағы қоғамды демократизациялау, көппiкiрлiк принципiне көшу бұл елестiң өмiрден кетуiне себеп болуда. Сонымен қатар, өтпелi дәуiр тудырған “жаңа көсемдердiң² айтқанының бәрiн де ой елегiнен өткiзбей, оған “құдайға сенгендей² жағдайда жүрген адамдар да әлi де болса аз емес сияқты.
Сонымен, жоғарыда көрсетiлген идолдар қандай күштi болғанмен, ғылым жолына түскен адам өзiнiң ақыл-ойын, дүниесезiмiн олардан тазарту керек деп қорытады ұлы ойшыл. Бұл пiкiрге толығынан қосылуға болады.
Тәжiрибелiк-индуктивтiк әдiстеме жасау
Ғылым жолын неше-түрлi елестерден тазалағаннан кейiн Ф.Бэконның алдында жаңа зерттеу жолдарын жасау мәселесi пайда болды. Ол үшiн ең адымен сол кездегi Философиядағы абстрактлы-схоластикалық әдiстемелердi сынау қажет болды. Олар - нәтижесiз. Белгiлi бiр жалпы ұғымдарға негiзделген Табиғаттың өзiне, сондағы құбылыстарға назар аудару керек. “Табиғаттың нәзiк сырлары көп тұжырымдардан анағұрлым терең²,- дейдi Ф.Бэкон.
Әрине, ойшыл жалпы ұғымдар керек емес деп оларды толығынан терiске шығарды деген пiкiрден бiз алшақпыз. Әңгiме - сол жалпы ұғымдар қалай шығарылды - сонда. Егер олар кездейсоқтық деректердi жалпылаудың негiзiнде пайда болса, онда олардан шығарылған тұжырымдар бiздi жалған жолға түсiредi, адастырады. Жалпы ұғымдар тәжiрибеден шығуы керек. Бiрақ, бiз оны әрқашан сынап, ой елегiнен өткiзiп отыруымыз қажет. Ғалым адам жолында жатқанның бәрiн жинай беретiн құмырсқаға ( сол кездегi алхимиктер), сонымен қатар, бәрiн өз iшiнен шығарып өзiнiң торын тоқитын өрмекшiге (сол кездегi схоластар) ұқсамауы керек. Ол әрбiр гүлге қонып оның нәрiн жинап, оларды қайта өңдеп балға айналдыратын араға ұқсас болуы қажет,- деп қорытады Ф.Бэкон.
Жекеден жалпылыққа өрлеудi - индуктивтi әдiстеменi - алғаш рет Ф.Бэкон дүниеге келтiрдi десек, онда ол шындыққа лайықты болмас едi. Өз заманында ұлы Аристотель жалқыдан жалпыға көшу әдiстемесiн жасаған болатын. Орта ғасырларда да бұл әдiстеме мүлде ұмыт болған жоқ-ты.
Ф.Бэконның бұл әдiстемеге енгiзген негiзгi жаңалығы - тек қана белгiлi бiр ұғымды дәлелдейтiн деректердi ғана емес, сонымен қатар оған қайшы келетiндердi де зерттеу, олардың себебiн табу болды.
Жалқыдан жалпыға жету жолында үш таблица жасау керек. Олар - tabula presentiae,- деректердiң болу таблицасы, екiншi - tabula absentiae,-деректердiң болмаған таблицасы, үшiншi - tabula graduum,- деректердiң азды-көптi болуының деңгейiн көрсететiн таблица . Зерттеу жолында бұл таблицалар толтырылғаннан кейiн соларды салыстыру арқылы белгiлi бiр ұғымдарды тудыруға мүмкiндiк пайда болады.
Сонымен, Ф.Бэкон жаңа дәуiрдегi қалыптасып жатқан тәжiрибелiк ғылымның дамуына зор әсерiн тигiзген ұлы тұлға.
3.Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы.
Француз философы Рене де Карт (1596-1650ж.ж.) - Жаңа дәуiр философиясына өз үлесiн қосып негiзiн қалаған iрi тұлға. Уақытында өз заманының жақсы оқу орындарында оқып бiлiм алған. Егер бiз оны Ф. Бэконмен салыстырсақ, ол бүкіл өмiрiн ғылым жолына арнаған тұлға.
Ұлы математик, механик, физиологияның негiзiн жасаушы, психолог, - Декарт Аристотельден кейiнгi жан-жақты дамыған, философияны жеке ғылымдардың нәтижелерiмен ұштастыра бiлген бiрде-бiр ойшыл болды. Негiзгi еңбектерi “Диоптрика²- күн сәулесiн зерттеуге арналған, “Метеорлар²- метеорологиялық мәселелерге арналған, “Геометрия², “Философияның бастаулары², “Әдiстемелер жөнiндегi ойлар²т с.с.
Онтологиялық (болмыс) мәселелер
Болмыс жөнiндегi көзқарасында Р.Декарт дуалистiк (екiлiк) көзқараста болды. Оның ойынша, жалпы дүние жөнiнде екi субстанцияны мойындауға тура келедi. Олардың бiреуi - материалдық, заттық, денелiк субстанция. Оның негiзгi атрибуты (қасиетi)- созылу, кеңiстiкте белгiлi бiр орын алу. Екiншi субстанция - рух. Оның негiзгi атрибуты - ойлау. Жан-дуние бiр сәт те тоқтамай тұрақты ойлайды.
Бұл екi бiр-бiрiнен тәуелсiз жатқан субстанция адам мәселесiне келген кезде үлкен қиындықтарды тудырады. Қалайша адамның денесi оның рухына, жан-дүниесiне, ал соңғы оның денесiне сондай үйлесiмдi өз әсерiн тигiзе алады? Оны өз кезiндегi жаратылыстану тұрғысынан түсiндiре алмай Р.Декарт Құдай идеясына келуге мәжбүр болады. Оның ойынша, тек Құдай ғана дене мен ойдың үйлесiмдi қарым-қатынасын тудыра алады.
Бiрақ, Р.Декарт өзiнiң космогониялық (ғарыштың дүниеге келуi жөнiндегi ) болжамында Құдайдың рөлiн тек қана материаны жаратып, оны алғаш рет қозғап жiберуiмен шектейдi. Әрi қарай Дүние өзiнiң табиғи заңдылықтарының негiзiнде қалыптаса бастайды. Құйын сияқты қозғалған материалдық бөлшектер қыза келе жұлдыздарға, күнге айналады. Екiншi ұсақ дөңгелек қозғалғыш элементтерден аспан пайда болса, ең соңында үлкен аз қозғалатын бөлшектер бiр-бiрiмен қосылып жер, басқа планеталардың денесiн құрайды.
Ал жер бетiндегi өмiр сүрiп жатқан тiршiлiкке келгенде, Р.Декарт бұрынғы философиядағы гилозоистiк көзқарастардан бас тартады. Өз заманында Аристотельдiң болжаған өсiмдiк пен сезiмдiк жандарын Р.Декарт жоққа шығарады. Оған себеп болған 1628 ж. Гарвейдiң ашқан қан айналысы болса керек. Соған сәйкес, Р.Декарт жануардың өмiрлiк мүшесi - ол оның жүрегi деген пiкiрге келедi. Ол ғылымда алғашқы болып жануарлардың сыртқы әсерге жасайтын iшкi реакциясының механизмiн ашты. Оның ойынша, сыртқы әсердi миға жеткiзетiн артериалар iшiнде қозғалатын ең ұсақ қан бөлшектерi. әрине, бүгiнгi физиология ғылымының тұрғысынан мұндай пiкiрдi тұрпайы деп бағалауға болар едi. Бiрақ, шартсыз рефлекстiң алғашқы болжамын жасаған Р.Декарт екенi сөзсiз. Сонымен, егер жануарлардың жан-дүниесi болмаса, онда олар өте күрделi машиналар.
Адам дене ретiнде жануар әлемiне жақын, сонда ол да машина ма?- деген сұрақ заңды түрде ойға келедi. Оған Р.Декарт үзiлдi-кесiлдi терiс жауап бередi. Бiрiншiден, адам мақсатқа лайықты iс-әрекет жасай алады. Ол қандай да болсын сырттағы қалыптасқан ақуалға үйлесiмдi жауап бере алады, өйткенi ол ақыл-ой елегiнен барлығын өткiзiп шешiмiн табады. “Адамның ақыл-ойы, зердесi - жан-жақты құрал²,- дейдi Р.Декарт. Адамның екiншi ерекшiлiгi - ол сөйлей алатын пәнде. Олай болса, адамның басқа тiршiлiктен негiзгi айырмашылығы - оның рухында.
Дүниетану мәселелерi. Күмәндану принципi.
Өзiнiң философиясының мықты негiздерiн жасау үшiн Р.Декарт “бәрiне де күмәндану керек² деген шешiмге келедi. Осы тұрғыдан сезiмдiк танымға келсек, ол көбiне бiзге дүние жөнiнде жалған пiкiр тудырады. Төртбұрышты нәрсеге алыстан қарасақ, ол дөңгелек сияқты болып көрiнедi. Суға салынған таяқ сынған сияқты, күн - кiшкентай және жылы зат сияқты көрiнедi. Кейбiр кезде көзбен көргендi ұйқыдағы түспен шатастырып алуымызға болады. Ғылымдағы деректерге де күмәндануға болады. Сонымен, ең ақырында, бiздiң жан-дүниемiз толығынан күмәнға толады, онда бiрде-бiр күмәнданбайтын ақиқат қалмайды...
Олай болса, мұндай тұңғиықтан шығатын жол бар ма? Өзiнiң шашынан ұстап, өзiн судан шығарған Мюнхаузен сияқты, Р.Декарт бұл тұңғиықтан шығаратын сол баяғы күмәндәну дейдi. өйткенi, барлығына күмәнданғанмен, сол сәтте күмәнданып отырғаныңа күмәндана алмайсың. Онда мынандай тұжырымға келуге болады: “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн² (cogito ergo sum). Р.Декарттың ойынша, бұл тұжырым жөнiнде ешкiм күмәндана алмайды.
Бұл тұжырымнан шығатын бiрiншi қағида - адам, негiзiнен алғанда,- ойлай алатын пәнде. Бiздiң ойымыз өзiмiзге тiкелей берiлген. Ал, сезiм арқылы берiлетiн адамның денесi және жағалай қоршаған заттардың қасиеттерi ой елегiнен өткенде тек қана бұл дүниеде болуы мүмкiн сияқты берiледi. Мысалы, егер мен ойлау қабiлетiнен айырылсам, онда менiң өмiр сурiп жатқанымның дәлелi дереу жойылар едi. “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн² қағидасының тағы бiр ғажаптығы - ол түсiнiктi, ашық және мөлдiр.
Р.Декарт ойлауды өте көлемдi де кең түрде түсiнедi. Ойлана алатын зат күмәнданады, түсiнедi, қабылдайды, түжырымдайды, терiске шығарады, қиялданады, сезiнедi, керек қылады т.с.с. Ең ақыр аяғы ұйқы кезiндегi түс көрудiң өзi ойлаудан шығады.
Адамның танымдық iс-әрекетi Р.Декарттың ойынша үш идеялар тобынан тұрады. Бiрiншiсi - сырттан қабылданатын сезiмдiк мүшелерге өзiнiң әсерiн тигiзетiн идеялар. Мысалы, күн идеясы, ол әрбiр адамның санасында бар.
Екiншi- адамның ақыл-ойындағы идеялар. Олар сырттан қабылданған әсердi өзгерту арқылы пайда болуы мүмкiн.
Соңғы үшiншi идеялар - олар бiзбен туа бiткен, ең маңызды, таным процесiнде шешушi рөл атқарады. Оған адам интеллектуалдық интуиция арқылы жетедi. Ал оған жеткiзетiн адамның жан-дүниесiндегi табиғи ақыл сәулесi (lumen naturale). Туа бiткен идеялардың ерекшелiктерi - олар сыртқы заттардан толығынан дербес, анық, тұрпайы, адамның еркiнен тәуелсiз. Бұған мысал ретiнде Р.Декарт “екi шама үшiншiге тең болса, онда бiр-бiрiмен де тең², “ештеңеден ештеңе пайда болмайды², “бiр нәрсенiң белгiлi бiр уақытта болуы мен болмауы мүмкiн емес² т с.с. жатқызады. Туа бiткен идеяға Р.Декарт “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн² принципiн де жатқызады.
Рационалдық метод
Егер Ф.Бэкон сезiмдiк, тәжiрибелiк бiлiмдi арқа тұтып ғылымдағы негiзгi әдiстеменi индукциядан көрсе, Р.Декарт, керiсiнше, сезiмдiк бiлiмнiң құндылығын терiске шығарып, дедуктивтi методты негiзгi тану жолына айналдырды. Дедуктивтi әдiстеменiң негiзгi талаптары - ол, бiрiншiден, туа бiткен интуиция арқылы ақиқатқа тек өте анық шынайы ой елегiнен көрiнiп тұрғанды ғана алу ; зерттелетiн мәселенi ой өрiсi арқылы барынша ұсақ, тұрпайы бөлшектерге бөлу, содан кейiн ғана жоғарыға қарай күрделiкке өрлеу;
Негiзiнен алғанда, Р.Декарттың әдiстемесi - ол интеллектуалдық интуиция арқылы алынған негiзгi ұғымдарға сүйене отырып басқа ұғымдарды, тұжырымдарды тудыру. Егер интуицияда ақиқат тiкелей ашық берiлсе, онда дедукцияның дәнекерлiгi арқылы ақиқатқа күрделi жол арқылы жетуге болады. Осы күрделi жолда бiр ұғым байқалмай түсiп қалса, онда нәтижеге жету мүмкiн болмай қалады. Сондықтан, бүкiл дедукция жолын ұқыпты есептеп бақылап отыру қажет. Дедуктивтi әдiстеме арқылы әр-түрлi нәтижелерге жетуге болады. Сондықтан, Р.Декарт оны жасанды тәжiрибе қойып (эксперимент) тексерiп отыру қажет деген пiкiр айтады.
Р.Декарттың этикалық көзқарастары
Р.Декарттың этикалық көзқарастары адамның құмарту сезiмдерiмен байланысты түрде қаралады. Олардың бәрiн негiзгi алты сезiмге әкелiп теңеуге болады. Олар - таңғалу,сүю, жек көру, тiлеу, қуану мен қайғыру. Олардың көбi адамның сезiмдiк заттарға деген iңкәрiнен туады да адамның жан-дүниесiн зардапқа толтырады. Ақыл-ой арқылы оларды жою мүмкiн емес. Олай болса, олардың бәрiн адамның жан-дүниесiне сәйкес келетiн бiр құмартумен алмастыру керек. Ол қандай құмарту сезiмi болуы керек деген сұраққа ойшыл өзiнше жауап бередi. Оның ойынша, ол дүниетануға деген жанның құмартуы, адамның дуниедегi құбылыстарға қызығушылықпен қарауы.
Қорыта келе, Р.Декарттың философиясының болашақ дүниеге деген көзқарастардың дамуына зор әсерiн тигiзгенiн атап өтемiз. Сонымен қатар, философияда әр-түрлi қайшылықтар етек алып, әр-түрлi бағыттардың арасындағы курестер күшейе түседi. Солардың iшiнде Ф.Бэконның философиясын әрi қарай дамытып, сонымен қатар Р.Декарттың философиясын сынға алған ойшылдардың iшiнде, әсiресе, Т.Гоббсты атап өтуге болады.
Т.Гоббстың философиялық көзқарастары
Томас Гоббс (1588-1679ж.ж.) - ағылшын философы, Оксфорд университетiнде оқып бiлiм алған. Негiзгi еңбектерi “Азамат жөнiнде², “Левиафан, я Материя, шiркеу мен азаматтық мемлекеттiң билiгi мен бiтiмi²т. с.с.
Жаңа дәуiрдегi алғашқы философтармен салыстырғанда Т.Гоббс философия пәнiн ақыл-ой арқылы дүние танумен теңеп, оның шеңберiнен үзiлдi-кесiлдi теологияны шығарып тастады. Сонымен қатар, ол дiндi, Құдайға сенудi қарапайым халыққа керек нәрсе деп есептедi, әсiресе, ол оның моральдық жетiлуiнiң тiрегiн құрайды.
Т.Гоббстың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, ол Дүниенi бүкiл өмiрде болып жатқан барлық денелердiң жиынтығы ретiнде қарайды. Олардан басқа ешнәрсе жоқ. Гоббстың ойынша, нақтылы өмiр сүрiп жатқан дененiң өзi сол субстанция. Ал дененiң созылуы мен бiтiмi оның негiзгi қасиеттерiне (акциденцияларына) жатады. Қозғалыс пен тұрақтылықты алар болсақ, олар, әрине, көп денелердiң қасиеттерi, бiрақ, қозғалмайтын денелер де болуы мүмкiн. Ал заттардың иiсi,түсi,дыбысын алар болсақ, бұл қасиеттер пайда болып келесi сәтте-ақ жоғалып жатады. Олар көбiне заттардан гөрi соларды қабылдайтын адамдардың түйсiгiне байланысты.
Т.Гоббстың ойынша, қайсыбiр субстанция нақтылы болғаннан кейiн, абстракталық субстанцияны мойындауға болмайды,- ол нәтижесiз. Материя деген ұғым - ол тек қана бүкiл дүниедегi заттарға қойылған ат қана.
Т.Гоббс дене жоқ жерде кеңiстiк те жоқ деген пiкiрге келедi. Кеңiстiк - әрқашанда нақтылы заттың, дененiң көлемi.
Уақыт та қозғалып жатқан нақтылы заттардың өлшемi ғана. Ал Дүниеде болып жатқан таза ұзақтылықты ойшыл үзiлдi-кесiлдi терiске шығарады.
Дүниедегi себептiлiкке тоқталатын болсақ, Т.Гоббс “соңғы себеп², “формальды себеп² деген сияқты ұғымдарды терiске шығарып, тек қана материалдық және қозғаушы себептердi мойындайды. Бiрақ, осы жолда ол үлкен қиындықтарға кез болады. Дүниедегi саны шексiз заттардың қозғалысының қайнар көзi қайдан шығады? Тек ХУIII ғ материалистерi оны материаның iшкi қасиетi деп мойындады. Ал Т.Гоббсқа келер болсақ, ол Декарт сияқты Құдайды мойындауға мәжбүр болды, өйткенi, Ол - алғашқы Дүниенi қозғаушы күш, ал содан кейiн Дүние өз заңдылықтарының негiзiнде өмiр сүре бастайды.
Т.Гоббстың гносеологиясы (таным iлiмi) тәжiрибелiк тұжырымынан шығады. “Алғашында түйсiкте толығынан, я болмаса жартылай болмаған, ұғымда да жоқ² деген сенсуализм қағидасын Т.Гоббс толығынан мойындайды. Бiрақ, ғылыми ұғымдарды жасау үшiн сезiмдiк саты, деректердi бiлу жеткiлiксiз. өйткенi, ғылыми ұғымдар ең жалпылық, қажеттiлiк деңгейiне көтерiлуi керек. Т.Гоббстың ойынша, ондай дәрежеге математика ғылымы ғана көтерiле алады. Р.Декарттың “туа бiткен идеяларына² қарсы шығып, ол оның қайнар көзiн тiлдiң сөздерiнен iздейдi. Оның ойынша, ойлау тiлмен тең. Сөздер арқылы бiз iшкi ойымызды сыртқа шығарып, басқа адамдарға жеткiзе аламыз. Сонымен, Т.Гоббс тiлдi белгi тұжырымдамасының шеңберiнде түсiнедi. Қайсыбiр сөз - ол затқа қойылған ат (nomina) қана. Ол әр-түрлi мағнаны көрсетуi мүмкiн. Мұндай жағдайда адамдар бiр-бiрiмен түсiнiсе алмайды. Ал адамдар белгiлi бiр келiсiмге келiп сол қойылған атқа, таңбаға нақтылы мазмұн беретiн болса, сонда ғана ол белгiге айналып, соның негiзiнде адамдар бiр-бiрiмен түсiнiсе алады. “Адамның ақыл-ойының сәулесi - ол көпмағналықтан тазартылған, нақтылы анықтамасы бар сөздер²,- дейдi ұлы ойшыл.
Т.Гоббс “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн²,- деген Р.Декарттың принципiн өзiнiң танымдық iлiмiнiң тұрғысынан қатты сынға алады. “Мен ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн² деген қағида бiздi ойлана алатын дене бар екенiн мойындауға әкеледi. Ал Р.Декарттың ойлайтын адам ойлауға тең деген пiкiрiн “серуендеп жүрген адам серуен деген тұжырымға тең²,- деп материалистiк тұрғыдан қатты соққыға жығады.
Т.Гоббс таным әдiстемелерi жөнiнде де ерекше пiкiр айтады. Индуктивтi және дедуктивтi әдiстемелердi бiр-бiрiне қарсы қоймай, олардың екеуiн де ғылыми зерттеулерде кең түрде қолдану қажет. Бiрақ, индуктивтi метод табиғатты зерттегенде басымырақ қолданса, математика саласында және этика мен саясатты зерттегенде дедуктивтi әдiстеме басым болуы қажет деген пiкiр айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |