Полугодовой (годовой) отчет о выполнении педагогической нагрузки


Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы



жүктеу 7,39 Mb.
бет15/32
Дата14.05.2018
өлшемі7,39 Mb.
#12910
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы

Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716) - ХУII ғасырдағы немiс рухы туғызған терең де жан-жақты дамыған ғалым - философ. Екiншi жағынан ол - математик, физик, саясаткер, тарихшы, құқтануушы. Лейпциг университетiн бiтiрген. Онда ол құқтанумен қатар логика және математика пәндерiмен айналысқан. Университеттi бiтiргеннен кейiн екi ғылым саласынан докторлық диссертация қорғайды (логика мен құқтанудан). Аз уақыт дипломатикалық қызметте Париж қаласында болып, Германияға қайтып келгеннен кейiн өмiрiнiң аяғына дейiн ғылыми жұмыстармен айналысқан.

Негiзгi еңбектерi “Адам зердесi жөнiндегi жаңа тәжiрибелер², “Теодицея², “Монадология² т.с.с.

Онтологиялық мәселелер

Лейбниц алдында өткен философтардың (Декарт, Спиноза) болмыс жөнiндегi iлiмдерi оны қанағаттындырмайды. Расында да, Декарттың екi бiр-бiрiне тәуелсiз субстанциялары дүниенi қаққа бөлiп, олардың бiрегейлiгiн дәлелдеу ұшiн ол Құдай идеясын еңгiзуге мәжбүр болды. Ал Спинозаға келсек, ол бiр ғана субстанцияны мойындағанымен, оның екi атрибуты - созылу мен ойлау - бұрынғысынша бiр-бiрiнен тәуелсiз болып қала бердi. Бұл екi ұлы философтар дүниенiң шексiз әр-түрлiлiгiн өздерiнiң онтологиясында дұрыс түсiндiре алмады.

Олай болса, Лейбництiң қойған негiзгi мақсаты - түбi бiр, сонымен қатар шексiз әр-түрлi субстанцияларды табу қажеттiгiнде болды.

Лейбництiң ойынша, жаңғыз ғана субстанциядан қайталанбайтын шексiз әр-түрлi заттар пайда болуы мүмкiн емес, сондықтан сапалы көптүрлiк субстанция ұғымын мойындау қажет. Болмыстың терең табиғатының өзi көпсапалықтан тұруы керек. Сондықтан дүниедегi субстанциялардың саны шексiз және сапа жағынан әр-түрлi. Бiрақ, олар бытыраған (хаос) емес, белгiлi бiр тәртiпке келiп жүйеленген.

Мұндай ой-өрiсi Лейбництi дүниенiң негiзiнде жатқан өте ұсақ, өз-өзiне жеткiлiктi, iштей неше-түрлi күштерге толы монадаларды (monos,- грек сөзi,-бiр) мойындауға әкелдi. Монадалар негiзiнен алғанда физикалық ұсақ бөлшектер емес, онда ол Демокриттiң атомына ұқсас болар едi. Олар кеңiстiкте ешқандай орын алмайды, оның заттық өлшемi жоқ. Монадалар - рухани-жандық, органикалық - сапалы нүктелер, әрбiреуi тек өзiне тән даму сатысында. Өзiне ғана тән ерекшелiктерi бар, бiр-бiрiн қайталамайтын тұлғалар сияқты, монадалар да әр-түрлi. Олардың бiр-бiрiне ұқсастығы - тек қана олардың бөлiнбейтiндiгi мен мәңгiлiгiнде.

Сөзсiз, мұндай ойларға Лейбництi Левенгуктың микроскопты жасап адам ұрықтарын үлкейтiп көрсетуi себеп болса керек.

Лейбництiң монадалары iс-әрекетке толы, олардың әрбiреуi мәңгiлiк өзгеру, жетiлу толқынында. Монадалар рухани нүкте болғаннан кейiн әр-түрлi iшкi күштерге толы, олар өздерiн шындыққа айналдыру жолында материалдық өмiрдi, физикалық процестердi тудырады.

Монадаларды жете түсiну үшiн ойшы адамдардың өмiрiмен оларды салыстырады, өйткенi, адамның жан-дүниесiнiң өзi әр-түрлi монадалардан тұрады. Мысалы, әрбiр тұлға өзiнiң өмiрiнiң шеңберiнде үне бойы өзгергенмен, бiрақ сол тұлға болып қалады - монадалар да сол сияқты.

Адамдар бiр-бiрiне ұқсамағанмен, қоғамда әр-түрлi топтарға бөлiнiп өмiр сүредi, монадалар да сол сияқты..

Әрбiр монада - өзiнше жабық ғарыш. Лейбниц “монадалардың әйнегi жоқ, сондықтан ешнәрсе оған кiрiп, ешнәрсе одан шыға алмайды²,- дейдi. Монада басқа монадаларға өзiнiң әсерiн тигiзе алмайды, басқалардан да әсер ала алмайды. Олардың әрбiреуi - өз-өзiне жеткiлiктi және өзiн-өзi шектеген.

Бұл арада өте қиын сұрақ туады. Егер олар бiр-бiрiне өз әсерiн тигiзе алмаса, онда Дүние бытырап тәртiбi жоқ тұңғиық болып кетпей ме? Лейбництiң ойынша, бiздi қоршаған Ғарыш, Дүние - болуы мүмкiн дүниелердiң ең тамашасы, ондағы монадалар жүйеге келтiрiлген, үйлесiмдi түрде өмiр сүредi. өйткенi, олар алдын ала орнатылған сәйкестiктiң негiзiнде өмiр сүредi.

Дүниеде алдын-ала сәйкестiк орнату мәселесi Лейбництiң Теодицея деген ұғымымен берiледi (teos,- грек сөзi,- құдай, dike,-әдiлеттiлiк, бүкiл сөз Құдайды ақтау идеясын бередi).

Монаданың iшкi өзгеру, даму сатысын көрсету үшiн Лейбниц тағы да оны адамның жан-дүниесiмен салыстырады.Түйсiктер, аңлау, қабылдау, өзiндiк сана - бұл рухани даму сатылары. Монадалар адамдар сияқты осындай сатылардан өтедi.

Ең төменгi дәрежедегi монадалар негiзiнен тау-тас, жер, шөптерден тұрады. Олардың рухани дамуы өте төмен, олар “түс көрмей ұйықтайды².

Екiншi сатыдағы монадалардың түйсiктерi, аңлаулық қасиеттерi бар. Олардың сана сезiмi әлi көмескi, iс-әрекеттерi әлi енжар болып келедi. Оларға негiзiнен жануарларды жатқызуға болады.

Д.Локктың философиялық көзқарастары

Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) - ХУ11 ғ философия ғылымына зор әсерiн тигiзген ұлы ағылшын ғалымы. Оксфорд университетiнде оқып бiлiм алған. Алғашында медицина ғылымымен айналысып, соңында саясатқа бетбұрыс жасаған. Өмiрiнiң соңғы кезеңiнде философияға көп көңiл бөлген тұлға.

Негiзгi еңбектерi “Адамның зердесi жөнiндегi тәжiрибелер², “Мемлекеттi басқару жөнiндегi екi трактат², “Тәрбие жөнiндегi кейбiр ойлар² т.с.с.


Онтологиялық мәселелер

Өзiнiң Дүниеге деген жалпы көзқарасында Дж.. Локк тәжiрибе арқылы зерттелетiн заттарды эмпириалық субстанция дейдi. Сонымен қатар, ол философиялық субстанция деген ұғымды тудырады - оған ол барлық материалды заттарды жатқызады.

Материя - орасан зор өлi кесек, ол өзiнiң күшiмен ең ақыр аяғы қозғалысты да тудыра алмайды. Өлi материя оның сыртында тiршiлiктен де соншалықты алыс.

Онда дүниедегi қозғалысты, тiршiлiк әлемiн кiм тудырды деген заңды сұрақ пайда болады. Өз заманындағы көп ойшылдар сияқты Дж. Локк бұл арада Құдай идеясына қайтып оралады. Осы жоғарыдағы көрсетiлген қозғалыс пен тiршiлiк - Құдайдың құдiреттi күшi арқылы пайда болды. Бiрiншi, мәңгiлiктi ойлайтын пәнде жаратылған өлi материяның кейбiреулерiне белгiлi бiр дәрежедегi сезiм, қабылдау және ойлау қасиеттерiн беру мүмкiндiгiнен ешқандай қайшылықты көрiп тұрған жоқпын,- дейдi ұлы ойшыл. Сонымен, Құдай жаратқан Дүние әрi қарай өз заңдылықтарының негiзiнде дамиды.

Ал, Құдай мәселесiнiң өзiне келсек, ол жөнiнде бiр нәрсе айту өте қиын. әсiресе, оның денесi бар ма, иә болмаса ол таза рух па деген сұраққа ешкiм жауап бере алмайды.

Бiрақ, оның өмiр сүруiнде күмән жоқ. “Жаратылған Дүниеде айқын даналық пен құдiреттi күш соншалықты көрiнiп тұр, сондықтан кiм ол жөнiнде терең ойланса, Құдайдың болмысын ашпай қоймайды²,- дейдi ұлы ойшыл.

Сонымен, Құдай идеясына адам ойлау тәжiрибесi арқылы жетедi. әрi қарай ойлау арқылы бiз Құдайдың шексiздiгi мен мәңгiлiн аша аламыз,- дейдi Дж. Локк.

Гносеологиялық мәселелер

Өзiнiң таным теориясында Дж. Локк сезiмдiк танымды (сенсуализм) бiлiмнiң қайнар көзiне жатқызады. Сондықтан, ол “адаммен туа бiткен идеялар² жөнiндегi ағымдарды сынға алады. “Егер бiз қандай да болмасын бiлiмнiң пайда болған жолын көрсетсек, онда бiз оның туа бiтпегенiн дәлелдеймiз²,- дейдi Дж. Локк. “Туа бiткен бiлiмдi² сынау жолында ол балауса психологиясын, тарихи артта қалып қойған қоғамдардағы адамдардың психологиясындағы ерекшелiктерге өз назарын аударады.

Мысалы, “бүтiн бөлшектерден үлкен²- бұл идея салыстырмалы және тәжiрибеден туады. Ал, “тепе-теңдiк² заңымен “қайшылық заңын² алсақ, балалар бұл заңның не екенiн бiлмейдi. Бұл заңдар бiздiң жан-дүниемiзге туа бiтсе, онда оны сәби де, балауса да бiлер едi ғой ,- дейдi Дж. Локк.

Дж. Локктың ойынша, қайсыбiр бiлiм, идеяның негiзiнде тәжiрибе жатыр. Ол саналы, иә болмаса, бейсаналы жолмен бiздiң рухани өмiрiмiзде жыйналуы мүмкiн. Сондықтан, бiздiң жан-дүниемiздегi неше-түрлi ұғымдар мен идеялар, ғылым мен өнер бiзбен бiрге туа келмейдi, ол өмiрлiк тәжiрибе арқылы қалыптасады.

Ұғымдар сияқты, моральдық нормалар да шынай өмiрде бiрте-бiрте қалыптасады, ғасырлар өткен сайын өмiрдiң өзгерiстерiне сәйкес өзiнiң мән-мағнасын жетiлдiрiп отырады. әр-түрлi халықтардың моральдық нормалары, әдет-ғұрыптары бiр-бiрiне ұқсас емес - бұл деректердiң өзi бүкiл адамзатқа тән туа бiткен моральдық құндылықтардың жоқ екенiн көрсетедi. Адамдардың iзгiлiктi, жақсылықты жақтауы оның туа бiткенiнен емес, негiзiнен, оның пайдалығында жатыр,- дейдi Дж. Локк.

Сонымен, егер адамның жан-дүниесiнде ешқандай туа бiткен идеялар болмағаннан кейiн оны “таза тақта² (tabula rasa) ретiнде қарауға болады. Адам өмiрге келiп тәжiрибе жыйнап сол “таза тақтаға² жазады. Мұндай сырттан алынатын тәжiрибенi Дж. Локк сезiмдiк тәжiрибе (sensation) дейдi.

Ал адамның iшкi рухани өмiрiндегi тебiренiстердi, неше-түрлi қиял, идеяларды қайда жiберемiз? - Әрине, Дж.Локк оларды терiске шығармайды. Ол оның бәрiн терең iшкi тәжiрибе, сезiм, ой-өрiсi ретiнде қарайды да, оған рефлексия (reflection- бейнелеу) деген ат бередi. Егер сыртқы тәжiрибеден алған идеяларға бiз көзбен көру, құлақпен есту, иiстi сезiну т.с.с. арқылы келсек , iшкi тәжiрибе - адамның өзiнiң iшкi ой-өрiсiн талдау арқылы келедi. Ал ендi осы екi тәжiрибенiң қарым-қатынасы қандай? - Әрине, уақыт тұрғысынан алғанда, сыртқы тәжiрибе алғашқы. әсiресе, адамның сәбилiк және жастық уақытында негiзiнен сыртқы тәжiрибе басым болып оның психологиясының қалыптасуына шешушi рөл атқарады. әрi қарай жүре келе, адамның әлеуметтiк құрылымындағы орнына байланысты оның iшкi тәжiрибесi - оның Дүние жөнiндегi ойлары, үмiтi, күмәнi, сенiмi, қуанышы мен қайғысы т.с.с. пайда болады. Кейбiр адамдардың iшкi рухани өмiрi ерте, кейбiреулерде өте кеш оянады. Ал, уақытында дамымай қалып надандықтың шеңберiнен шыға алмағандардың тiптi iшкi өмiрi оянбау да мүмкiн деген ойға келедi Дж. Локк. Мұндай терең пiкiрмен, жалпы алғанда, толығымен келiсуге болады. Сонымен қатар, Дж.Локк терең ойшыл ретiнде бұл мәселеге бiржақты ғана қарап қоймай, салыстырмалы түрде алғанда, iшкi тәжiрибенiң дербес өмiр сүре алатынына да бiздiң назарымызды аударады. Өйткенi, iшкi тәжiрибе тұрақтылығы мен өзiнiң мәндiлiгi жағынан дербес өмiр сүре алатын дәрежеге көтерiле алады. Екiншi жағынан алғанда, адамның iшкi өмiрiнiң қалыптасуына оның туа бiткен табиғи дарындары да зор әсерiн тигiзедi. Ал табиғи дарындарды алсақ, олар сыртқы тәжiрибеге тәуелдi емес, және адамның iс-әрекетiн, мамандығын таңдауда шешушi рөл атқарады. “Бiркелкi тәрбие алған адамдардың әр-түрлi қабiлеттерiнiң бар екенiн байқаймыз²,- деп қорытады ойшыл. Олай болса, адамды тәрбиелеу жолында бiз сыртқы тәжiрибемен қатар iшкi тәжiрибенi де дамытуымыз керек. Бұл пiкiрмен тағы да келiсуге болады.

Сонымен, Дж. Локктың ойынша, танымның негiзiнде түйсiктер мен ойлау қабiлетi жатыр. Ең алғашында олар Дүние жөнiндегi тұрпайы идеяларды тудырады. Бұл жерде бiз Дж.Локктың “идея² ұғымына жаңа мазмұн бергенiн байқаймыз. Егер Платоннан бастап, Орта ғасырдағы схоластикада, Декартта идея ұғымына онтологиялық, яғни болмыстық дәреже берiлген болса,- олар дербес өмiр сүредi деп есептесе, Дж. Локк оларды тек Дүниенiң кейбiр жақтарын бейнелейтiн ұғым, түйсiк, тiптi қиял ретiнде түсiнедi.

Сыртқы және iшкi тәжiрибенi бiр-бiрiнен айырып қарағаннан кейiн Дж. Локк идеялардың бiрiншi және екiншi сапасының бар екенiн мойындайды. Ендi соларға мiнездеме берейiк.

Бiрiншi сапалар - олар заттардан ешқашанда бөлiнбейтiн негiзгi қасиеттер - созылу, бiтiм, қозғалыс, тұрақтылық, тығыздық, заттың сандық жақтары т.с.с.

Екiншi сапалар - әрқашанда өзгерiсте, бiр жағынан пайда болып, екiншi жағынан жоғалып жатқан заттардың қасиеттерi. Оларды бiз түйсiктерiмiз арқылы ашамыз: түрлi-түстi нәрселердi көзбен көремiз, әр-түрлi дыбыстарды құлақпен естимiз, неше-түрлi иiстердi мұрнымыз арқылы сезiнемiз, ащы-тұщыны тiлiмiз арқылы сезiнемiз т.с.с. “Бiрiншi сапалық идеялар ұқсастықтан туады, ал екiншiлер олай емес. Тәттiлiк, жасылдық, жылылық т.с.с. - заттардың өзiндегi белгiлi бiр бiтiм, көлем, көрiнбейтiн бөлшектердiң қозғалысы ғана²,- дейдi ұлы ойшыл. Сонымен, екiншi сапалар тек адамның өзiнде ғана болғанымен, оны тудыртатын соңғы себеп - ол заттардың бiрiншi қасиеттерiнiң әр-түрлi бiр-бiрiмен қосылуы деген пiкiрге келедi.

Ал ендi тұрпайы идеялардан күрделiге көшетiн болсақ, оны Дж. Локк субстанция ұғымы арқылы бередi. Ол тұрпайы идеялардың бiр-бiрiмен қосылуынан болады.

Дүниедегi әр-түрлi заттарды Дж. Локк эмпириялық, яғни тәжiрибеден туатын субстанция дейдi. Ол - нан, су, қаз, үйрек, жер, тас т.с.с. Ал, философиялық деңгейге көтерiлсек, онда ол - материя, рух. Мысалы, бiз күндi алатын болсақ, ол дөңгелек, жарық, жылы, үне бойы қозғалыста т.с.с. тұрпайы идеялардың қосындысынан пайда болады. Оның бәрiн бiз тәжiрибе арқылы жинаймыз. Ал бұл тұрпайы идеяларды бiрiктiретiн оның ар жағындағы негiз (support,- ағылшын сөзi,- негiз) неде деген сұраққа бiздiң сыртқы жэне iшкi тәжiрибемiз ештеңе айтпайды,- дейдi Дж. Локк.

Гносеология саласындағы келесi күрделi мәселе - ол жалпылық. Дүниедегi өмiр сүретiннiң бәрi - жалқы, жеке, нақты. Жалпы ұғымдарды алатын болсақ - ол ақыл-ойдың әрекетiнен пайда болады, заттардың бiр-бiрiне ұқсас қасиеттерi олардан ой арқылы бөлiнiп жалпыланады. Қайсыбiр тiлдегi сөздер арқылы бiз жалпылықты көрсетемiз.

Тiлдiң жалпы азаматтық және философиялық жақтары бар. Оның бiрiншi жағын алып қарасақ, ол нақтылы әлеуметтi өмiрде қолданылады, адамдар бiр-бiрiне тiл арқылы неше-түрлi ақпараттар, өздерiнiң сезiмдерiн т.с.с. жеткiзедi.

Ал тiлдiң философиялық мағнасына келер болсақ, онда әрбiр ұғымның нақтылы көлемi, мазмұны айқын анықталуы керек. Неше-түрлi ғылым саласындағы даудамалар, түсiнбеушiлiк, тiлдегi ұғымдардың әр-түрлi мағнада қолданылуымен байланысты. Әсiресе, ғылымға зор әсерiн тигiзетiн нәрсе- ол неше-түрлi мазмұны тайыз, нақтыланбаған сөздердi ойлап шығарып оны ғылым салалсына кіргізу жатады.



Әлеуметтiк-философиялық, саяси идеялар

Адам - бақытты өмiрге ұмтылатын пәнде. Iзгiлiк, жақсылық дегенiмiздiң бәрi - адамды рахатқа, қуанышты сезiмге әкелетiн нәрселер. Жамандық пен залымдық дегенiмiз - ол адамға зардап, қайғы, өкiнiш әкелетiннiң бәрi. Адам бақытты болу үшiн ең алдымен оның материалдық мүдделерi iске асуы қажет.

Т.Гоббс сияқты Дж. Локк та қоғамның табиғи және азаматтық ақуалы жөнiнде айтады.

Табиғи жағдайда адамдар ерiктi, тең, бiр-бiрiнен тәуелсiз өмiр сүредi. Табиғи ақуалдағы адамдардың өзiн-өзi сақтау жолында еңбек етiп, белгiлi бiр байлықтардың қайнар көзiн ашатындығын Дж. Локк басым айтады. Сонымен, ол меншiк мәселесiн табиғи жағдайдағы адаммен өзара бiрiктiрiп, оны қоғамның мәңгiлiк мәселесi ретiнде қарайды.

Құдай адамға бүкiл өлi және тiрi табиғатты бергенмен, олар өзiнiң ең пайдалылығын жеке меншiлiкке айналғанда ғана көрсете алады. Ал меншiктiң өзi әуеден түспейдi, оған тек қана еңбектiң негiзiнде жетуге болады. Еңбек пен меншiк қоғамның, бүкiл мәдениеттiң негiзiн құрайды. Бiр акр өңделеген жер сол көлемдi өңделмеген жермен салыстырғанда 10 есе қымбат, өйткенi, өңделген жерге адамның еңбегi сiнген. Еңбек қайсыбiр құндылықтың, бағаның қайнар көзi.

Мемлекет мәселесiне келер болсақ, оның пайда болуы қоғамдық шартқа байланысты. Мемлекет пен бiрге азаматтық ақуал пайда болады. Табиғи ақуалдан азаматтыққа өткенде адамдардың ерiктiгi мен қолындағы меншiгi сақталуы қажет.

Мемлекеттiң негiзгi мақсаты - азаматтардың меншiгiн қорғау. Мемлекет түнгi қарауылшыға ұқсауы қажет. Күндiз азаматтар өздерiнiң меншiгiн өз ерiктерiмен пайдалануы керек. Тек мемлекет олардың iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкестiгiн қадағалап отыруы қажет.

Дж.Локк алғашқылардың бiрi болып өзiнiң саяси философиясында үкiмет билiгiнiң бөлiнуiнiң қажеттiлiгiн көрсеттi. Заң билiгi - парламентте, атқару билiгi - сот пен армияда, федеративтiк билiк (басқа мемлекеттермен қарым-қатынас орнату ) король мен үкiметтiң қолында болуы қажет.

Дж. Локк өз заманының ойшылы ретiнде дiннiң мемлекеттен бөлiнуiн, бiр-бiрiнiң iстерiне өзара қол сұқпау керектiгiн басым көрсетедi. Адамдар басқалардың да дiнiн сыйлауы қажет - бұл салада үлкен төзiмшiлдiк керек, өйткенi қайсыбiр қоғам дiни-рухани тiрексiз өмiр сүре алмайды.

Мiне, осымен ХУII ғасырда өмiр сүрген ең ұлы философтардың Дүниеге деген көзқарастарын осымен аяқтап, келесi сөздi ХУIII ғасырға беремiз.


Ұсынылатын негізгі оқулық әдебиеттер:

1.Ғабитов Қ. Философия. Оқулық. – Алматы, 2005.

2.Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

3.Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия.- Алматы, 2004.

4.Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

5.Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

6.Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.

7.Бейсенова Қ. Философия тарихы.- Алматы, 2005.

8.Тұрғынбаев Ә. Х. Философия. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2005.

9.Философиялық сөздік.- Алматы, 1996.



Ұсынылатын қосымша оқулық әдебиеттер:

1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.

2.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж.

3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А.

4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002.

5.Кессиди К.Х. От мифа к логосу. Москва.,1972

6.Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура., М, 1991

8.Мифы народов мира., М.. 1991

10.Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. М.,

13.Антология мировой философии в 4-х томах, т.1., М.,1968

14.Древнекитайская философия : собрание текстов в 2-х томах, М..1972
8.Дәріс тақырыбы: Неміс классикалық философиясы

Негізгі мақсаты: Неміс классикалық философиясының классикалық биік дәрежесін таразылап, Кант, Гегель, Фейербах сынды классик философтардың философиялық негізгі ой-пікірлерін жетік меңгеру.

Негізгі түсініктер: гносеология, антиномия, априори, кеңістік пен уақыт, диалектикалық категориялар, космология, философиялық жүйе, феноменология.

Дәріс сабағының жоспары:

1. Канттың пайым мен зерде туралы ілімі.

2. Гегельдің диалектика туралы ілімі.

3. Фейербахтың антропологиялық дәріс ілімі.

4. Неміс филсофиясының ерекшклігі.
1. Канттың пайым мен зерде туралы ілімі.

Немiс халқының рухы тудырған ХУIII- ХIХ ғғ философияға уақытында Ф.Энгельс “немiс классикалық философиясы² деген ат қойған болатын. Мұның өзiнен бiз өте биiк бағаны, деңгейдi сезiнемiз, өйткенi, “классика² деп адамзат тарихындағы қоғамның қайсыбiр саласындағы мәңгi өшпес жетiстiктердi айтамыз. Мысалы, қазақ халқының рухани өмiрiнде, өнерiнде классикалық орын алатын - ол Аль-Фараби, Абай, Құрманғазы, М.Ауезов т.с.с. ғұламалар. Олар тек қана қазақ халқына емес, бүкiл адамзат тарихына өзiнiң өшпес iзiн қалдырған тұлғалар.Ал немiс классикалық философиясының өкiлдерiне келер болсақ - И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Л.Фейербах сияқты ғұламалардың атын, шығармашылық еңбектерiн бүгiнгi барлық елдердегi ағарған қауым бiледi.Әңгiменiң қызығы - өз заманының ең биiк деңгейiне көтерiлген немiс философиясы сол кездегi басқа Еуропа елдерiне қарағанда әлеуметтiк-экономикалық жағдайы анағұрлым артта қалып қойған елде пайда болады. Мұның өзi қоғамның материалдық дамуы мен оның рухани деңгейi әрқашанда бiр-бiрiне сәйкес келе бермейтiнiн көрсетедi.

Сол кездегi немiс елi жүздеген кiшi-гiрiм мемлекеттерден тұрған болатын. Бұл елдердегi әрбiр князь, граф, герцог өзiн ағарған дана елбасы ретiнде көрсеткiсi келiп, ұлы ойшыл, жазушы, суреткер, әуеншi т.с.с. адамдарды өздерiне тартып, олардың өмiрге керек қаражаттарын өз мойындарына алып, шығармашылық еңбекпен айналысуға мүмкiншiлiк жасады. Уақытында Ф.Ницше айтқандай, шығармашылықпен айналысуға, бiрiншiден, бос уақыт, екiншiден, адам күнбе-күнгi материалдық мұқтаждықтардан құтылуы қажет.

Әрине, бұл ойшылдардың көбi өз заманындағы алпауыттардан тәуелдi болды. Бiрақ, соған қарамастан, олар өздерiнiң философиясында, астыртын түрде болса да, сол кездегi халықтың аянышты жағдайына қарсы шығып, адам рухани пәнде ретiнде жағалай ортаны өзгерте алатындығы және өзгерту керектiгi жөнiнде тамаша ойларды философияға еңгiздi. Ол үшiн олар философияға диалектиканы, яғни даму тұжырымдамаларын өмiрге еңгiздi. Немiс философиясының келесi ерекшелiгi - Л.Фейербахтан басқа барлық немiс ойшылдары - идеализм бағытының өкiлдерi. Егер француз ағартушыларының көбi материалистiк атеистiк бағытта болса, И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте сияқты ұлы философтарды бiз материалистiк бағытқа жатқыза алмаймыз. Бұлар, керiсiнше, адамның санасы, рухының құдiреттi күшiн көрсете бiлдi. Сонымен қатар, олар рухтың тарихи дамуын, ақыл-оймен зерденiң арасындағы қайшылықтың бар екенiн, рухани өмiрдегi ақиқат пен ерiктiң, iзгiлiк пен әсемдiктiң дүниедегi ең бійiк тамаша құндылықтар екенiн көрсете бiлдi. Ендi әңгiменi нақтылай түсiп, сол немiс классикалық философиясының көрнектi өкiлдерiнiң шығармашылық жолын сараптайық.



И.Канттың өмiрi мен шығармашылық жолы

Иммануил Кант (1724-1804) Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг (қазiргi Калининград) қаласында дүниеге келiп өмiр бойы сол жерде өмiр сүрген. Жастайынан әлсiз бала болып өзiнiң денсаулығына мұқият қарауға мәжбүр болған. Өмiрiнiң аяғына шейiн қатаң тәртiптiң негiзiнде өмiр сүрiп, денсаулығын сақтап қалу үшiн тiптi жан-ұя құрудан да бас тартқан. И.Кант 1745 ж. Жергiлiктi университеттi бiтiргеннен кейiн жаратылыстану мәселелерiмен айналысады. Тек 1770 ж. бастап өмiрiнiң соңына дейiн философиямен шұғылданады. И.Канттың бұл өмiр кезеңiн “сындық кезең² деп зерттеушiлер атап кеткен. Себебi, И.Канттың бұл уақытта жарыққа шығарған үш негiзгi еңбектерi “сын² деген сөзден басталады. “Таза зерденi сынау² - негiзiнен дүниетаным мәселелерiне арналған, “Практикалық зерденi сынау² - мораль мәселелерiне, ал “Пайымдау қабiлетiн сынау²- табиғат философиясы мен өнер мәселелерiне арналған. Өзiнiң “сындық кезеңге² дейiнгi өмiр сатысында И.Кант күн жүйесiнiң пайда болуы жөнiнде болжам жасайды. Оның ойынша,, ғарышта тараған әр-түрлi материалдық бөлшектер тарту күшi арқылы үлкен бұлттарды құрайды, ал оның iшiндегi тарту және оған қарсы бағытталған итеру күштерi үлкен дауылдарды тудырып шарға ұқсайтын ұсақ бөлшектердiң үйкелесуiнiң негiзiнде қызып жанатын объектiлер дүниеге келедi. Ғарышта бiр жұлдыздық жүйелер пайда болып, екiншiлерi сөнiп жатады. И.Канттың ойынша бiз өмiр сүрiп жатқан жер планетасы сияқты ғарышта сан-алуан объектiлер бар. Ал олардың көбi бiз сияқты саналы пәнделердi тудыруы мүмкiн. Табиғат, жалпы алғанда, мәңгiлiк iс-әрекет пен жаңару жолында өмiр сүредi, ол өзiнiң бiтпейтiн қайта-құру әрекетiн тоқтатпайды.

Өмiрiнiң “сындық кезеңiнде² И.Кант өзiнiң алдына бiрнеше көлемдi философиялық сұрақтарды қойып, соларға жауап беруге тырысады. Олар : “Мен ненi бiле аламын² , “Мен не iстеуiм керек² , “Мен не нәрсеге үмiттене аламын² , “Адам дегенiмiз не және ол өзi не бола алады² .

И.Канттың гносеология (таным) саласында жасаған ²коперникандық төңкерісі² ²мен нені біле аламын?² деген сұраққа жауап беруiнен шығады. Бiрiншiден, И.Кант бiлiмдi екiге бөледi. Олар тәжiрибелiк (апостериорлық) бiлiм және априорлық (яғни тәжiрибеден бұрын, таза, оны тiптi туа бiткен деген мағнада да түсiнуге болады, өйткенi ол тәжiрибеге дейiн бiзге берiлген). Өзiнiң практикалық философиясында, яғни моральдық iлiмiнде, априорлық деп дүниедегi барлықты емес, болуға тиiс, керектiгiн көрсететiндi айтады.

И.Канттың таным теориясындағы тағы да жиi кездесетiн категориялары - ол трансцендентальдық және трансценденттiк.

Трансцендентальдық деп И.Кант тәжiрибенiң алдында және сол тәжiрибелiк танымның мүмкiндiгiн жасайтын ұғымдарды айтады. Ал трансценденттiк деп тәжiрибелiк шеңберден шығып кетуге ұмтылған, оның әр жағында жатқанды айтады. Келесi екi ұғым - ол “зат өз iшiнде², яғни заттың өзiндiгi - оны И.Кант “ноумен² деген ұғыммен бередi, ол - мән. Ал заттардың сыртқы құбылысын ол “феномен² деген атпен бередi. Оларды бiз сезiмдiк және ақыл-ойдың бiтiмдерi арқылы ретке келтiрiп тани аламыз. Ал ноумендi алсақ, ол танылмайды. Бiрiншiден, өзiндiк зат жөнiнде бiз тек қана оның өмiр сүрiп жатқанын көремiз. Олар бiздiң түйсiктерiмiздi қоздырушы күштер ғана.Үшiншi мағнасы - өзiндiк зат тәжiрибенiң әр жағында жатыр. Төртiншiден, оларды таным үрдісінде бiртi-бiрте жақындай беретiн идеалдар, неше-түрлi рухани құндылықтар ретiнде түсiнедi. Бұл жағынан алып қарағанда, ол сенiм аймағына жатады.

Егер И.Кантқа дейiнгi ойшылдар танымның негiзi табиғатты аңлауда жатыр деп есептесе, ол дүниетануды адамның белсендi iс-әрекетiмен байланыстырып, осы жолда адам дүниенi өзiнiң априорлық формалары арқылы ретке келтiрiп құрады деген пiкiрге келедi. Философиядағы И.Канттың жасаған коперникандық төңкерiсi деп бiз осыны айтамыз.

И.Канттың танымдық теориясы түйсiктер арқылы берiлетiн әр-түрлi құбылыстардан басталады. Оларды белгiлi бiр ретке келтiретiн априорлық сезiмдiк аңлау формалары бар. Олар - кеңiстiк пен уақыт. И.Канттың ойынша, кеңiстiк пен уақыт - белгiлi бiр сапасыз, бiртектi және шексiз созылымдар. Сезiмдiк аңлаудың таза формалары (трансценденталилер) ретiнде олар идеалды, ал материалдық тәжiрибемен қосылған кезде,- шынайы болып келедi. Егер кеңiстiк аңлаудың априорлық сыртқы формасы болса, уақыт - априорлық iшкi формасына жатады, өйткенi, уақыт адамға сырттай берiлмеген, бiз оны тек iштей санау арқылы ғана сезiне аламыз.

И.Канттың ойынша, кеңiстiк пен уақытты аңлау математика ғылымының қайнар көзiн құрайды. Егер геометрияның негiзiнде кеңiстiк жатса, арифметика мен алгебраның негiзiнде уақыт жатыр, өйткенi сандарды есептеу, бiрiнiң соңынан екiншiсiн келтiру уақыт шеңберiнде оларды санауды қажет етедi.



Алайда сезiмдiк аңлау, қайсыбiр одан шығатын тәжiрибе әрқашанда кездейсоқты, ал бiлiм жалпымағналық және қажеттiк, заңдылық дәрежесiне көтерiлуi керек. Оған жететiн жол - априорлық ақыл-ой формалары, оларды И.Кант категориялар дейдi. Ол категориялардың қайнар көзiн тәжiрибеден шығармайды - олар да кеңiстiк пен уақыт сияқты априорлық табиғатымен сипатталады. И.Канттың сараптауы бойынша ақыл-ойдың априорлық категорияларына сан, сапа, қарым-қатынас,модальдық т.с.с. жатады. әңгiменiң ғажаптығы И.Кант осы көрсетiлген категорияларды уштiк арқылы келтiредi. Мысалы, сан категориясын “бiрлiк², “көптiк², “бiртұтастық² арқылы, сапаны - “реалдық² (шынайылық), “терiстеу², “шектеу² т.с.с. шығарады. И.Кант философия саласында Жаңа дәуiрде алғаш рет категориялардың таным жолындағы аса үлкен рөлiн көрсете бiлдi. Сонымен,категориялар арқылы бiз сезiмдiк аңлаумен алынған дүние жөнiндегi қабылдауларды қажеттiлiк, жалпымағналық дәрежеге көтеремiз. И.Канттың айтуына қарағанда, сезiмсiз бiрде-бiр зат бiзге берiлмеген болар едi, ал ақыл-ойсыз бiрде- бiр нәрсенi ойлауға болмас едi. “Ойлау сезiмсiз - бос, аңлау ұғымдарсыз - соқыр². Ал осы адамның екi қабiлетiн бiр-бiрiмен қоссақ, онда бiз толыққанды бiлiм дәрежесiне көтерiле аламыз. Оны И.Кант тәжiрибе дейдi. Сонымен субъект категориялар арқылы заңдылық пен тәртiптi құбылыстарға берiп, оны табиғат деген атпен бередi. Адам табиғатқа заңдылық берушi. Мұндай көзқарасты, әрине, субъективтi-идеалистiк философия деп әбден айтуға болады. И.Канттың негiзгi бұл саладағы кемшiлiгi - адамның дүниетанымдағы ой белсендiлiгiн асыра көрсетуiнде. әрине, таным процесiнде адамның шығармашылық iс-әрекетi үлкен рөл атқарады. Осы шығармашылық iс-әрекеттiң негiзiнде адамзаты “екiншi² тағы табиғатқа қарсы тұрған дүниенi жасайды. Алайда бiз бұл “екiншi² табиғаттың тек бiрiншi алғашқы табиғаттың негiзiнде ғана пайда болатынын естен шығармағанымыз жөн.И.Канттың таным теориясын әрi қарай жалғастырсақ, онда бiз оның тәжiрибелiк танымның әрқашанда толық емес екендiгi жөнiндегi ойын байқаймыз - трансценденттiк әлемге ақыл-ой жете алмайды. Ал бiрақ адамның санасында ещқашанда жойылмайтын бүкiл дүние жөнiнде “соңғы ақиқатқа² деген құштар бар. Ал мұндай iстi өзiнiң мойнына ақыл-ой емес, зерде алады.Егер ақыл-ой қабiлетi арқылы бiз категориялдық ғылыми таным дәрежесiне көтерiлсек, зерде арқылы бiз толыққанды танымның “соңғы кiрпiшiне² дейiн көтерiлуге тырысамыз. Сананың шексiздiкке деген құштарлығын зерде шешкiсi келедi. И.Кант, жалпы алғанда, ақыл-ой мен зерденi адамның ойлау қабiлетiнiң екi бұтағы ретiнде қарайды. Егер ақыл-ой дүниедегi құбылыстарды зерттеп, оларды ретке келтiрсе, зерде құбылыстың әр жағында жатқан өзiндiк заттың iшкi сырын ашқысы келедi. Зерде ақыл-ой шеңберiнен аттап трансценденттiк әлемге өтуге тырысады.

жүктеу 7,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау