Ақпараттық қамтама ішкі жүйесінің міндеті шешімдер қабылдау үшін нақты ақпаратты беруден тұрады.
Ақпараттық қамтамасыз ету – ақпараттық топтар схемасының, құжаттардың бірыңғайлы жүйесінің, ақпаратты кодтау және классификация жүйесінің жиынтығы, сонымен қатар деректер базасын құру әдістемесі.
Жүйелердің функцияларын ерекшелеу
Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің жұмысына арналған, сонымен қатар осы әдістер мен технологиялық процестерге сәйкес келетін құжаттардың техникалық құралдарының комплексі.
Техникалық құралдар кешені мыналарды құрайды:
кез келген модельді компьютерлер;
ақпаратты жинау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары;
мәліметтерді беру және байланыс линия құрылғылары;
өндірістік техника және ақпараттың автоматты түрде алынатын құрылғылары ;
эксплуатациялық материалдар және т.б.
Құжатнамамен алдын-ала техникалық құралдар таңдап алынып, оларды эксплуатациялауды ұйымдастыру, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процестері безендіріледі. Құжатнаманы келесі үш топқа шартты түрде бөлуге болады:
жалпыжүйелік, техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және салалық стандарттарды қосады;
арнайы, техникалық қамтамасыз етуді құрастырудың барлық сатылары бойынша әдістер кешенін құрады;
нормативті-анықтамалық, техникалық қамтамасыз ету бойынша есептеулерді орындау кезінде қолданылады.
Дәріс №6. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
АЖ құрылымы
АЖ құрылымын анализдеу және синтездеу
Дәріс №47. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ. АЖ АНАЛИЗІ МЕН СИНТЕЗІ
Есептерді макро- және микро- деңгейлерде қою және алгоритмдеу әдістемесі.
Ақпараттық жүйелер құрылымын синтездеу әдістері.
Есептерді макро- және микро- деңгейлерде қою және алгоритмдеу әдістемесі
Қазіргі уақытта техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың екі негізгі формалары құрылды (техникалық құралдарды пайдалану формалары): орталықтандырылған және жартылай немесе толықтай деорталықтандырылған.
Орталықтандырылған техникалық қамтамасыз ету үлкен ЭЕМ және есептеу орталықтарының ақпараттық жүйелерінде пайдалануға негізделген.
Деорталықтандырылған техникалық құралдар жұмыс орындарында дербес компьютерлерде функционалды подсистемаларды өндіру қарастырылады.
Математикалық және программалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің есептері, сонымен қатар техникалық құралдардың кешенін бірқалыпты функционалдауға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер мен программалар жиынтығы.
Математикалық қамтамасыз ету әдістеріне мыналар жатады:
басқару процестерін модельдеу әдістері;
басқарудың типтік есептері;
математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай қызмет ету теориялары және т.б. әдістер.
Ақпараттық жүйелер құрылымын синтездеу әдістері
Программалық қамтамасыз ету құрамына жүйелік және арнайы программалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжатнама кіреді.
Жүйелік программалық қамтамасыз ету тұтынушыларға негізделген және ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған программалар комплексі қарайды. Арнайы программалық өнімдерді қамтамасыз ету нақты ақпараттық жүйе құру кезінде жасалған программалар жиынтығын көрсетеді. Оның құрамына әр түрлі деңгейдегі модельдерді құруды жетілдіретін қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) кіреді.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету – жұмысшылардың техникалық құралдармен іс-әрекеті және өзара ақпараттық жүйені құру мен эксплуатациялау процесіндегі әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз ету – ақпаратты алу, жаңарту және пайдалану ретінде ақпараттық жүйелерді құруды, функционалдау мен заңгерлік мәртебені анықтайтын құқықтық ережелер жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты заңдылықты нығайту болып табылады.
Құқықтық қамтамасыз ету құрамына заңдар, нұсқаулар, мемлекеттік билік органдарының қаулылары, бұйрықтар, инструкциялар мен министрліктің басқа нормативті құжаттары, ведомосттар, өндірістер, жергілікті билік органдары кіреді.
Құқықтық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйені қалыптастырудың сатыларына мыналар жатады:
персонал құқығы, міндеті мен жауапкершілігі;
ақпаратты құру мен пайдалану реті және т.с.с.
Синтез түсінігі синтез есептері деп аталатын есептерді шешу процестеріне сәйкес келеді. Бұл есеп анализ есептеріне қарағанда қарама-қарсы жүйе құру кезінде өте маңызды: жүйе функциясы берілген, жүйе құрылымын табу болып табылады.
Ақпараттық жүйелерде жасанды интеллектті пайдалану актуалды және перспективті болып табылады.
Дәріс №7. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
Құрылымды оптимизациялау
АЖ интеллектуалдау
Дәріс №8. АҚПАРАТТЫҚ ҮРДІСТЕР – АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ. АҚПАРАТТЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТҮСІНІГІ
Сигналдың математикалық моделдері.
Детерминделген сигналдардың жиілік түрінде берілуі.
Дискреттеу тәсілдерді жіктеу.
Сигналдың математикалық моделдері
Хабартар (сообщения) қандайда бір физикалық құрамы бар сигналдар көмегімен жіберіледі. Жалпы жағдайда сигнал болып объектінің бастапқы жағдайының кез келген өзгерісі болуы мүмкін.
Сигналдарды былайша ерекшелейді: көріністік, акустикалық, электрлік, радиосигналдар және т.б. Бір сигнал екіншісін шақыруы мүмкін. Электрлік сигнал дыбыстық (электрлі қоңырауда), жарықтық сигнал – электрлік (фотоэлементте) сигнал шақыруы мүмкін. Сигналдар кеңістікте және уақытта (дыбыстық кино) бір-бірімен байланысуы мүмкін.
Ақпаратта әрқашан физикалық тасымалдағыш – сигнал болады. Байланыс желілері бойынша жіберілетін шынайы сигналдар формасы қиын болуы мүмкін, өйткені олар идеалды емес схемалардан туындайды, ал тасымалдау ортасы оларды тежейді.
Бірақ сигналды тасымалдау ерекшелігін меңгеру үшін көбінесе жеңілдетілген математикалық модель пайдалануға болады.
Детерминделген сигналдардың жиілік түрінде берілуі
Көбінесе гармониялық сигналдар моделі кең пайдаланылады.
,
сонымен қатар идеалды периодтық испульстік сигналдар пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |