ПоәК 042-18 17/03-2015 №1 басылым 11. 06. 2015


Модуль-3. Аяқ киім гигиенасы



жүктеу 1,81 Mb.
бет4/8
Дата04.12.2017
өлшемі1,81 Mb.
#3163
1   2   3   4   5   6   7   8

Модуль-3. Аяқ киім гигиенасы
11-дәріс. Аяқ киім гигиенасы
Аяқ киім түрлері олардың жасалған материалына, тұтынушысының жасы мен жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты жасалады. Аяқ киімнің өңделуі мен әшекейленуі жоғарыда аталған жайттарға байланысты болады. Аяқ киімнің қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлері болады.

Дәстүрлі ортада аяқ киім тігумен тері, қайыс өңдеумен айналысқан маманданған адамдар айналысқан. Олардың атадан балаға беріліп отыратын өзіндік технологиясы, яғни тәсілдер жүйесі болды. Жылқышылар, отардағы малшылар, шанамен жолға шыққан жолаушы жылы аяқ киімінің сыртынан киеді.Өкшелі аяқ киімдерге саптама етік, мөкі (киіз қонышты саптама), сырма киіз етік тәрізді өкшесі әртүрлі пішінді етіктер жатады. Әйел мен еркектер киюіне ыңғайластырылып тігіледі. Оларды өкшесіне қарай жуан өкше, қазық өкше, биік өкше, жез (тойнақпен қапталған) өкше, шоңқайма, мықшима деген түрлерге де бөледі.Жергілікті тілде жұмыс aяқ киімдерінің бір сұқпай (шәркей), көн шабата (кебіс орнына киетін аяқ киім), қайыс етік, қалың, қатты көннен тігілген шоқай - шоқай, шапаты, шәркей, шәтиөр, шәрке, шепік, мөкі кебіс (кебістің шарық сияқты түрі) секілді жеңіл түрлерінің атаулары кездеседі. Былғарыдан етік киюге шамасы келмейтіндер, әсіресе, жасы үлкендер жазда, қыста сірімен қаптаған киіз байпақпен жүрген. Көн шабата, шабата, көн шарық, көн шоқай жазда киетін жұмыс aяқ киіміне жатады.Дәстүрлі қазақы ортада аяқ киімдердің мынадай негізгі түрі таралған: етік, кебіс, мәсі, салтама, байлақ, шоқай және т.б. Кебіс пен мәсінің сан алуан ыңғайлы да, әдемі түрлері тігілген. Кебіс көбінесе малдың сауыр терісінен тігіліп, қалыпқа қатырылады.



Аяқ киім - киім комплектісінің негізгі бөлігі болып табылады. Ол организмдерді салқын тиюден, ыстық өтуден қорғайды, табанды механикалық жарақат алудан сақтайды, аяқтың бұлшық еттері мен буындарына табан құрамын дұрыс ұстау үшін көмектесу арқылы аяқтардың рессорлық, амортизаторлық функциясын атқаруға жағдай жасайды. Аяқ киім жүрудің дұрыстығына, балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігіне әсер етеді, табанның көптеген ауруларының және деформациясының себебі болып табылады. Балаларға арналып әр түрлі аяқ киімдер шығарылады: жыл бойы киюге болатын, жаздық, қыстық, көктем-күздік. Сонымен қатар күнделікті киетін, сәндік, үйде киіп жүретін, жолға киетін, ұлттық, спорттық т.б.

Аяқ киім тазалығы (гигиенасы)

Адамның барлық денесі, киім-кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Киімге қарап кездестіруіңіз керек, ақылға қарап қоштасуыңызға болады. Ең алдымен аяқ киім көзге түсуі керек. Ол әдемі жаңа, киюге өте қолайлы болғаны дұрыс. Аяқ киім аяқты қыспауы керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяк дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдардан жасалады.

Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілінуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде «Джинсовый дерматит» деген дерт пайда болуы мүмкін, үнемі тар джинсі киіп жүргендіктен. Жұмыс киімдері өте кең болуы керек. Жұмыс киімі мақтадан тігілген болу керек. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.

Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, көк, сирен түсті киімдерді кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.

Балалардың киіміне өте назар аударған жөн. 15-16 жастағы қыздар өте әсем киінгені дұрыс. Әсіресе аяқ киімдері дұрыс болғаны жөн. Театрларда, басқа да сауық кештерінде киім тіпті көз тартатындай болуы керек. Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ дейді қазақ. Бұл нақыл сөз бекерден-бекер айтылмаса керек. Өмір қағидасынан алынған болуы ықтимал.

Аяқ - киім ыңғайлы, берік, сәнді әрі гигиена талаптарына және киілу шарттарына сай келіп, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет. Ол табанды жарақаттанудан сақтап, адамның қимыл – қозғалысына кедергі келтірмей, табанға қысым түсірмейтіндей ыңғайлы болуы қажет. Жаңа аяқ - киімді таңдағанда оны киіп, мүмкін болған жағдайда жүріп көріп барып алу керек. Аяқ - киімді кигенде башпайлар еркін қимылдайтындай болуы шарт. Башпайдың аяқ - киім тұмсығына сәл жетпей тұрғаны жөн.

Мектеп оқушылары мен төменгі сынып оқушыларының аяқ - киім өкшесінің биіктігі - 1 - 2 см

Жоғары сынып оқушылары - 2 - 3 см аяқ - киім кигені жөн.

Сол сияқты кроссовкаларды үнемі киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяк дерттерін туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдардан жасалады.

Аяқ - киімді кремдеуден бұрын оны шаң мен кірден тазалап алу керек. Жылтырап тұруы үшін крем жаққаннан кейін әуелі щеткамен, содан соң түгі бар жұмсақ матамен ысқылау қажет.

Аяқ киімнің негізгі элементіне аяқ киімнің үсті (басы, қонышы, балтыры) және асты (табаны, ұлтарағы, өкшесі) жатады. Балалар аяқ киімнің бас жағы, бақайларға дейінгі буындардан кеңірек болуы керек. Табанының (ұлтарақ, табан, өкшелері) қаттылығы дұрыс деңгейде болуы керек, қарсыласуы (килограммен алынған) І және Ү- бақайға дейінгі сүйектерді қосатын иілу сызығы бойынша пайда болған бұрыш, 250 - қа дейін жетуі керек.

Аяқ киім гигиенасы. Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ киім болып табылады, ол, суық пен жылу, ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан, жәндіктер мен жануарлардың шағуынан қорғайды. Аяқ киімнің көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен параметрлері төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:

1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;

2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;

3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;

4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек;

5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;

6. механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден қорғауы керек.

Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Тері, оны қорғайтын қабатын тұзетін, 2-24% дейін майдан тұратындықтан, оның саңылауларына су енбейді. Салқын уақытта теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді тері мен киізден жасалған ұлтарақ қолдану арқылы, жоғарылатылады. Аяқ киімнің табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем емес, ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады. Киізден жасалған пималардың жылу сақтайтын қасиеті теріден де жоғары болып табылады, бірақ олар тез су болады және жүруге ыңғайсыз.

Жазғы уақытта жеңіл желдетілетін аяқ киімдерді: сандал, жалаң аяққа киетін аяқ киім, туфли,панталеттерді пайдалану қажет. Жазғы аяқ киімдердің үстіңгі бөлігі ауа өткізетін материалдардан тігіледі. Жазғы аяқ киімдер үшін, қысқы аяқ киімдерге пайдаланатын сияқты, табиғи тері ең жақсы материал болып табылады, бірақ жасанды тері, замша, тоқылған материалдар да кеңінен қолданылады. Жасанды тері, әр түрлі жоғарғы молекулалы қосылыстардан: поливинилхлорид, полиамид, полиуретандар, синтетикалық каучуктер, нитроцеллюлоза, латекстерден жасалады.

Бұдан басқа, жасанды терінің құрамына, технологиясының талаптарына сәйкес, стабилизаторлар, пластификаторлар, толықтырғыштар, ағартқыштар, бояғыштар, фунгицидтер де кіреді. Ауаның жоғары температурасы, ультракүлгін сәулелері, механикалық немесе химиялық факторлар әсерінен жасанды терінің ескіруі немесе бүлінуі кезінде жасанды терінің көптеген кұрамдарын, соның ішінде, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін, әр түрлі мономерлер - дивинил, стирол, акрилат және т.б. сияқты, зиянды химиялық заттар аяқ киім ішіне бөлінеді.

Жасанды терінің, табиғи теріге қарағанда, ауа- және бу өткізгіштігі төмен болуына байланысты, бұндай аяқ киімді кигенде, аяқ қатты терлейді, бұл қоршаған ортаның температурасына байланысты, аяқ ұшының қызуына немесе салқындауына, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың көбеюіне, аяқтың қажалуына, дерматиттердің пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, поливинилхлорид пен кейбір басқа да синтетикалық материалдардан тігілген аяқ киім ауаның 10ºС-қа дейін температурада тиісті жылу сақталуды қамтамасыз етпейді, ал 35ºС жоғары температура кезінде аяқ ұшының қызуына әкеледі. Сондықтан, сыртқы ортаның мұндай температура параметрлінде табиғи материалдардан тігілген аяқ киімдерді пайдалану қажет.

Спорттық және резеңкеден жасалған аяқ киімнің ауа- және бу өткізгіштігі төмен. Лакталған аяқ киім ауаны мүлде өткізбейді. Бұндай аяқ киім күнделікті киюге жарамсыз болып табылады және шектеп қана киюді қажет етеді.

Аяқ киімнің пішімі аяқтың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі керек. Аяқ киім жіңішке және тара болмауы керек, бұл аяқ киімнің өлшемін дұрыс таңдауымен қамтамасыз етіледі. Ол аяқ ұшынан сәл үлкен болуы керек, себебі жүрген кезде, әсіресе, ыстық уақытта, аяқтың жалпаюы және аяқ тамырларында қанның толуы нәтижесінде, аяқтың көлемі мен ұзындығы үлкейеді. Тар аяқ киім аяқты қысады, қан және лимфа айналымдарын бұзады, бақайларының қисаюына, тіпті аяқ сүйектерінің деформациялауына, аяқта сүйел пайда болуына, қажалуына, тырнақтардың жұмсақ тінінің ішіне кіре өсуіне әкеп соғады. Жылдың салқын мезгілдерінде қан айналымының бұзылуы аяқтың тоңуына әкеледі. Аяқ киімнің өкшесі биіктігіне байланысты, екі жақты рөл атқарады

Биіктігі 2-3 см, жуан өкше табанды жерден жарақаттануынан қорғайды, аяқтың рессорлық қызметін жоғарылатады, аяқ сүйектеріне механикалық жүктемені тең беріп, нәтижесінде бұлшық еттердің шаршауын азайтады. Аса биік өкше, әсіресе, бізөкше түрі, ауырлық нүктесін алға қарай ығыстырып, жүрісінің беріктігін бұзады, барлық жүктемені аяқтың алдыңғы бөлігіне түсіреді, нәтижесінде аяқ ұшы байламдарының және сирақ бұлшық еттерінің ауыруы күшееді, аяқ ұшы жалпаяды, бақайларының пішіні өзгереді.

Балалардың аяқ киімдерін үлгісін жасау кезінде, аяқ киім тігілетін материалдан басқа, балалардың аяқ ұшы құрылысының ерекшеліктері және олардың сүйектену үрдістерінің аяқталмағандығыны ескеріледі. Балалар аяқ ұшына радиальды пішін тән, бұл кезде ең үлкен жалпақтығы бақайларының ұшында байқалады, ал үлкен адамдарда - 1-5 табан сүйектірінің тұсында болады. Сондықтан, балалар аяқ киімінің тұмсық бөлігі кеңдеу тігіледі. Балалар жасында аяқ сүйегі, негізінен, шеміршекті болатынын ескере отырып, оның иілгіштігіне, аяқ киімнің қалыңдығы мен салмағына көңіл бөлінеді. Себебі, кез келген механикалық әсерден, аяқ оңай деформацияға ұшырайды. Өкшенің биіктігі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін - 10 мм аспауы керек, мектеп жасындағылар 8-10 жастағылар үшін - 20 мм, 13-17 жастағы ұлдар үшін - 30 мм, осы жастағы қыздар үшін - 40 мм аспауы керек.

11 жасқа дейінгі балалардың аяқ киімнің міндетті түрде сірісі және ілгек, сырма, бау, белдікше түріндегі, сенімді бекіткіші болуы керек. Балаларға тігілетін аяқ киімнің үстіңгі бөлігі жылдың барлық мезгілдері үщін табиғи теріден болуы ұсынылады. Жазғы аяқ киім үшін әр түрлі текстильді материалдарды пайдалануға болады. Балалар аяқ киімін дайындауда полимерлік материалдар немесе химиялық талшықтар қосылған табиғи материалдар қолданылуы мүмкін, бірақ, олардың қолданылуы санитарлық нормалар мен ережелермен регламенттеледі.


12-дәріс. Аяқ киім гигиенасының ережелері
Аяқкиім түрлері олардың жасалған материалына, тұтынушысының жасы мен жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты жасалады. Аяқ киімнің өңделуі мен әшекейленуі жоғарыда аталған жайттарға байланысты болады. Аяқ киімнің қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлері болады. [1]

Дәстүрлі ортада аяқ киім тігумен тері, қайыс өңдеумен айналысқан маманданған адамдар айналысқан. Олардың атадан балаға беріліп отыратын өзіндік технологиясы, яғни тәсілдер жүйесі болды. Жылқышылар, отардағы малшылар, шанамен жолға шыққан жолаушы жылы аяқ киімінің сыртынан киеді.

Өкшелі аяқ киімдерге саптама етік, мөкі (киіз қонышты саптама), сырма киіз етік тәрізді өкшесі әртүрлі пішінді етіктер жатады. Әйел мен еркектер киюіне ыңғайластырылып тігіледі. Оларды өкшесіне қарай жуан өкше, қазық өкше, биік өкше, жез (тойнақпен қапталған) өкше, шоңқайма, мықшима деген түрлерге де бөледі.

Жергілікті тілде жұмыс aяқ киімдерінің бір сұқпай (шәркей), көн шабата (кебіс орнына киетін аяқ киім), қайыс етік, қалың, қатты көннен тігілген шоқай - шоқай, шапаты, шәркей, шәтиөр, шәрке, шепік, мөкі кебіс (кебістің шарық сияқты түрі) секілді жеңіл түрлерінің атаулары кездеседі. Былғарыдан етік киюге шамасы келмейтіндер, әсіресе, жасы үлкендер жазда, қыста сірімен қаптаған киіз байпақпен жүрген. Көн шабата, шабата, көн шарық, көн шоқай жазда киетін жұмыс aяқ киіміне жатады.

Дәстүрлі қазақы ортада аяқ киімдердің мынадай негізгі түрі таралған: етік, кебіс, мәсі, салтама, байлақ, шоқай және т.б. Кебіс пен мәсінің сан алуан ыңғайлы да, әдемі түрлері тігілген. Кебіс көбінесе малдың сауыр терісінен тігіліп, қалыпқа қатырылады.



Аяқ киім гигиенасының ережелері

Аяқ-киім ыңғайлы, берік, сәнді  әрі гигиена талаптарына және киілу шарттарына  сай келіп, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет.Ол табанды жарақаттанудан сақтап, адамның қимыл –қозғалысына кедергі келтірмей, табанға қысым түсірмейтіндей ыңғайлы болуы қажет.Жаңа аяқ-киімді таңдағанда оны киіп, мүмкін болған жағдайда жүріп көріп барып алу керек.Аяқ-киімді кигенде башпайлар еркін қимылдайтындай болуы шарт. Башпайдың аяқ-киім тұмсығына сәл жетпей тұрғаны жөн.

Аяқ киімнің көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен параметрлері төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:

1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;

2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;

3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;

4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек;

5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;

6. механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден қорғауы керек.

Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Тері, оны қорғайтын қабатын тұзетін, 2-24% дейін майдан тұратындықтан, оның саңылауларына су енбейді. Салқын уақытта теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді тері мен киізден жасалған ұлтарақ қолдану арқылы, жоғарылатылады. Аяқ киімнің табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем емес, ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады. Киізден жасалған пималардың жылу сақтайтын қасиеті теріден де жоғары болып табылады, бірақ олар тез су болады және жүруге ыңғайсыз.

Жазғы уақытта жеңіл желдетілетін аяқ киімдерді: сандал, жалаң аяққа киетін аяқ киім, туфли,панталеттерді пайдалану қажет. Жазғы аяқ киімдердің үстіңгі бөлігі ауа өткізетін материалдардан тігіледі. Жазғы аяқ киімдер үшін, қысқы аяқ киімдерге пайдаланатын сияқты, табиғи тері ең жақсы материал болып табылады, бірақ жасанды тері, замша, тоқылған материалдар да кеңінен қолданылады. Жасанды тері, әр түрлі жоғарғы молекулалы қосылыстардан: поливинилхлорид, полиамид, полиуретандар, синтетикалық каучуктер, нитроцеллюлоза, латекстерден жасалады.

Бұдан басқа, жасанды терінің құрамына, технологиясының талаптарына сәйкес, стабилизаторлар, пластификаторлар, толықтырғыштар, ағартқыштар, бояғыштар, фунгицидтер де кіреді. Ауаның жоғары температурасы, ультракүлгін сәулелері, механикалық немесе химиялық факторлар әсерінен жасанды терінің ескіруі немесе бүлінуі кезінде жасанды терінің көптеген кұрамдарын, соның ішінде, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін, әр түрлі мономерлер - дивинил, стирол, акрилат және т.б. сияқты, зиянды химиялық заттар аяқ киім ішіне бөлінеді.

Жасанды терінің, табиғи теріге қарағанда, ауа- және бу өткізгіштігі төмен болуына байланысты, бұндай аяқ киімді кигенде, аяқ қатты терлейді, бұл қоршаған ортаның температурасына байланысты, аяқ ұшының қызуына немесе салқындауына, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың көбеюіне, аяқтың қажалуына, дерматиттердің пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, поливинилхлорид пен кейбір басқа да синтетикалық материалдардан тігілген аяқ киім ауаның 10ºС-қа дейін температурада тиісті жылу сақталуды қамтамасыз етпейді, ал 35ºС жоғары температура кезінде аяқ ұшының қызуына әкеледі. Сондықтан, сыртқы ортаның мұндай температура параметрлінде табиғи материалдардан тігілген аяқ киімдерді пайдалану қажет.

Спорттық және резеңкеден жасалған аяқ киімнің ауа және бу өткізгіштігі төмен. Лакталған аяқ киім ауаны мүлде өткізбейді. Бұндай аяқ киім күнделікті киюге жарамсыз болып табылады және шектеп қана киюді қажет етеді.

Аяқ киімнің пішімі аяқтың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі керек. Аяқ киім жіңішке және тара болмауы керек, бұл аяқ киімнің өлшемін дұрыс таңдауымен қамтамасыз етіледі. Ол аяқ ұшынан сәл үлкен болуы керек, себебі жүрген кезде, әсіресе, ыстық уақытта, аяқтың жалпаюы және аяқ тамырларында қанның толуы нәтижесінде, аяқтың көлемі мен ұзындығы үлкейеді. Тар аяқ киім аяқты қысады, қан және лимфа айналымдарын бұзады, бақайларының қисаюына, тіпті аяқ сүйектерінің деформациялауына, аяқта сүйел пайда болуына, қажалуына, тырнақтардың жұмсақ тінінің ішіне кіре өсуіне әкеп соғады. Жылдың салқын мезгілдерінде қан айналымының бұзылуы аяқтың тоңуына әкеледі. Аяқ киімнің өкшесі биіктігіне байланысты, екі жақты рөл атқарады

Биіктігі 2-3 см, жуан өкше табанды жерден жарақаттануынан қорғайды, аяқтың рессорлық қызметін жоғарылатады, аяқ сүйектеріне механикалық жүктемені тең беріп, нәтижесінде бұлшық еттердің шаршауын азайтады. Аса биік өкше, әсіресе, бізөкше түрі, ауырлық нүктесін алға қарай ығыстырып, жүрісінің беріктігін бұзады, барлық жүктемені аяқтың алдыңғы бөлігіне түсіреді, нәтижесінде аяқ ұшы байламдарының және сирақ бұлшық еттерінің зорлануы күшейеді, аяқ ұшы жалпаяды, бақайларының пішіні өзгереді.

Балалардың аяқ киімдерін үлгісін жасау кезінде, аяқ киім тігілетін материалдан басқа, балалардың аяқ ұшы құрылысының ерекшеліктері және олардың сүйектену үрдістерінің аяқталмағандығыны ескеріледі. Балалар аяқ ұшына радиальды пішін тән, бұл кезде ең үлкен жалпақтығы бақайларының ұшында байқалады, ал үлкен адамдарда - 1-5 табан сүйектірінің тұсында болады. Сондықтан, балалар аяқ киімінің тұмсық бөлігі кеңдеу тігіледі. Балалар жасында аяқ сүйегі, негізінен, шеміршекті болатынын ескере отырып, оның иілгіштігіне, аяқ киімнің қалыңдығы мен салмағына көңіл бөлінеді. Себебі, кез келген механикалық әсерден, аяқ оңай деформацияға ұшырайды. Өкшенің биіктігі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін - 10 мм аспауы керек, мектеп жасындағылар 8-10 жастағылар үшін - 20 мм, 13-17 жастағы ұлдар үшін - 30 мм, осы жастағы қыздар үшін - 40 мм аспауы керек.

11 жасқа дейінгі балалардың аяқ киімнің міндетті түрде сірісі және ілгек, сырма, бау, белдікше түріндегі, сенімді бекіткіші болуы керек. Балаларға тігілетін аяқ киімнің үстіңгі бөлігі жылдың барлық мезгілдері үщін табиғи теріден болуы ұсынылады. Жазғы аяқ киім үшін әр түрлі текстильді материалдарды пайдалануға болады. Балалар аяқ киімін дайындауда полимерлік материалдар немесе химиялық талшықтар қосылған табиғи материалдар қолданылуы мүмкін, бірақ, олардың қолданылуы санитарлық нормалар мен ережелермен регламенттеледі.


13-дәріс. Спорттық аяқ киімдерге гигиеналық талаптар
Спорт аяқ киімдері, спорттың әртүрімен шұғылда нуға қажетті аяқкиім. Спорттық аяқкиімді дайындайтын маталар барлық негізгі практикалық және гигиеналық төмендегі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: жылуды сыртқа аз шығарады, қуысы мен ылғал тартқыштығы жеткілікті, терді буға айналдыруды қамтамасыз ететіндей және қажетті иілімділігі болуы керек.

Спорттық және резеңкеден жасалған аяқ киімнің ауа және бу өткізгіштігі төмен. Лакталған аяқ киім ауаны мүлде өткізбейді. Бұндай аяқ киім күнделікті киюге жарамсыз болып табылады және шектеп қана киюді қажет етеді.



Гимнастикалық туфлилер;

  1. Жеңіл атлетикалық туфлилердің екі түрі;

  2. Боксшылар мен балуандар бәтеңкелері ;

  3. Футбол бәтеңкелері;

  4. Велосипедшілер туфлиі ;

  5. Мотоцикл жарыстары үшін етіктер;

  6. Мәнерлеп сырғанау үшін бәтеңкелер;

  7. Допты хоккей үшін бәтеңкелер;

  8. Шайбалы хоккейшілердің бәтеңкелері ;

  9. Саломшының аяқкиімі;

  10. Тұғырдан секіру үшін бәтеңкелерді ;

  11. Биік тауға шығатын альпинистердің бәтеңкелері;

  12. Баскетбол, волейбол және теннис ойнау үшін аяқ киім;[1]



Спорттық аяқкиім арнайы қалыптарда тігіледі, оның түрі жаттығу уақытында аяқтың басын тығыз қамтуды қамтамасыз етеді. Спорттық аяқкиім жоғары бетін дайындау бөліктердің мүмкіндігінше аз болуы қарастырады, мұның өзі тігістерді азайтады. Ақпен тікелей жанасатын беліктерде тегістелмеген тігістер, кедір-бұдырлар, бедерлер, бүрме-бүгелер болмауы керек. Спорттық аяқкиім бауларрезеңке немесе т.б. көмегімен аяққа тығыз бекітіледі. Спорттық аяқкиімнің тірегіштері мен беліктері - ірілері, ішкі диаметрі 4 мм-ден жоғары; баулар - әдеттегі аяқкиімге қарағанда қалыптың формасын іріктей алумен қол жеткізілетін, едәуір ұзын және берік болады.Спорттық аяқкиім үстінің иілгіштілігімен, аяқкиімнің кейбір түрлерінде ұзартылған ұшы мен қатты сірінің арқасында жоғары қалпын сақтаумен өзгешелөнеді. Табандағы бұдырлар былғарыдан, металдан және пластмассадан жасалуы мүмкін. Олар футболшыларды көгал бетінде, әсіресе дымқыл және жауынды ауа райы жағдайында сырғанап кетуден сақтайды, альпинистерге мұзды және қарлы құлама беткейлермен жүруге, өрмелеуге, ал жеңіл атлеттілерге - арнайы жолдарда жүгіруге және т.с.с. мүмкіндік береді. Аяқты сақтау үшін спорт аяқкиім көптеген құрылымдарында теріден, металдан немесе жұмсақ резеңкеден дайындалған арнайы амортизаторлар (супинаторлар) қарастырылған. Спорттық аяқ- киімнің өзге де спорттық керек- жарақтармен: конькименшаңғымен және шаңғы бекіткіштермен және т.б. үйлестіре пайдаланса оның құрылымы табан ізінің тиісті сырт пішімі сақталуын қарастырды. Практикалық және гигиеналық түрғыдан алғанда спорт аяқкиімді күнбе-күн пайдалануға да болмайды. Спорт аяқкиімге тиісті күтім керек. Әр жаттығу мен жарыстан кейін оны шаңынан, лас заттардан тазартып, құрғату қажет (ауа райына қарамастан). Шаңғы және альпинистің аяқкиімі құрғатқаннан кейін арнайы матамен сүртіледі, майланады. Пайдалануға берілетін аяқкиімдер (шаңғыконькидің) құрғақ және жақсы желдетілген белмедегі сөрелерде сақталады. Қазіргі уақытта спорт аяқкиімнің темендегідей түрлері кебірек таралған:

Жазғы аяқ киімдердің гигиенасы

Жазғы уақытта жеңіл желдетілетін аяқ киімдерді: сандал, жалаң аяққа киетін аяқ киім, туфли,панталеттерді пайдалану қажет. Жазғы аяқ киімдердің үстіңгі бөлігі ауа өткізетін материалдардан тігіледі. Жазғы аяқ киімдер үшін, қысқы аяқ киімдерге пайдаланатын сияқты, табиғи тері ең жақсы материал болып табылады, бірақ жасанды тері, замша, тоқылған материалдар да кеңінен қолданылады. Жасанды тері, әр түрлі жоғарғы молекулалы қосылыстардан: поливинилхлорид, полиамид, полиуретандар, синтетикалық каучуктер, нитроцеллюлоза, латекстерден жасалады.

Бұдан басқа, жасанды терінің құрамына, технологиясының талаптарына сәйкес, стабилизаторлар, пластификаторлар, толықтырғыштар, ағартқыштар, бояғыштар, фунгицидтер де кіреді. Ауаның жоғары температурасы, ультракүлгін сәулелері, механикалық немесе химиялық факторлар әсерінен жасанды терінің ескіруі немесе бүлінуі кезінде жасанды терінің көптеген кұрамдарын, соның ішінде, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін, әр түрлі мономерлер - дивинил, стирол, акрилат және т.б. сияқты, зиянды химиялық заттар аяқ киім ішіне бөлінеді.

Жасанды терінің, табиғи теріге қарағанда, ауа және бу өткізгіштігі төмен болуына байланысты, бұндай аяқ киімді кигенде, аяқ қатты терлейді, бұл қоршаған ортаның температурасына байланысты, аяқ ұшының қызуына немесе салқындауына, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың көбеюіне, аяқтың қажалуына, дерматиттердің пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, поливинилхлорид пен кейбір басқа да синтетикалық материалдардан тігілген аяқ киім ауаның 10ºС-қа дейін температурада тиісті жылу сақталуды қамтамасыз етпейді, ал 35ºС жоғары температура кезінде аяқ ұшының қызуына әкеледі. Сондықтан, сыртқы ортаның мұндай температура параметрлінде табиғи материалдардан тігілген аяқ киімдерді пайдалану қажет.

Аяқ киімдердің пішіні

Аяқ киімнің пішімі аяқтың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі керек. Аяқ киім жіңішке және тара болмауы керек, бұл аяқ киімнің өлшемін дұрыс таңдауымен қамтамасыз етіледі. Ол аяқ ұшынан сәл үлкен болуы керек, себебі жүрген кезде, әсіресе, ыстық уақытта, аяқтың жалпаюы және аяқ тамырларында қанның толуы нәтижесінде, аяқтың көлемі мен ұзындығы үлкейеді. Тар аяқ киім аяқты қысады, қан және лимфа айналымдарын бұзады, бақайларының қисаюына, тіпті аяқ сүйектерінің деформациялауына, аяқта сүйел пайда болуына, қажалуына, тырнақтардың жұмсақ тінінің ішіне кіре өсуіне әкеп соғады. Жылдың салқын мезгілдерінде қан айналымының бұзылуы аяқтың тоңуына әкеледі. Аяқ киімнің өкшесі биіктігіне байланысты, екі жақты рөл атқарады

Биіктігі 2-3 см, жуан өкше табанды жерден жарақаттануынан қорғайды, аяқтың рессорлық қызметін жоғарылатады, аяқ сүйектеріне механикалық жүктемені тең беріп, нәтижесінде бұлшық еттердің шаршауын азайтады. Аса биік өкше, әсіресе, бізөкше түрі, ауырлық нүктесін алға қарай ығыстырып, жүрісінің беріктігін бұзады, барлық жүктемені аяқтың алдыңғы бөлігіне түсіреді, нәтижесінде аяқ ұшы байламдарының және сирақ бұлшық еттерінің зорлануы күшейеді, аяқ ұшы жалпаяды, бақайларының пішіні өзгереді.

Балалардың аяқ киімдерін үлгісін жасау кезінде, аяқ киім тігілетін материалдан басқа, балалардың аяқ ұшы құрылысының ерекшеліктері және олардың сүйектену үрдістерінің аяқталмағандығыны ескеріледі. Балалар аяқ ұшына радиальды пішін тән, бұл кезде ең үлкен жалпақтығы бақайларының ұшында байқалады, ал үлкен адамдарда - 1-5 табан сүйектірінің тұсында болады. Сондықтан, балалар аяқ киімінің тұмсық бөлігі кеңдеу тігіледі. Балалар жасында аяқ сүйегі, негізінен, шеміршекті болатынын ескере отырып, оның иілгіштігіне, аяқ киімнің қалыңдығы мен салмағына көңіл бөлінеді. Себебі, кез келген механикалық әсерден, аяқ оңай деформацияға ұшырайды. Өкшенің биіктігі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін - 10 мм аспауы керек, мектеп жасындағылар 8-10 жастағылар үшін - 20 мм, 13-17 жастағы ұлдар үшін - 30 мм, осы жастағы қыздар үшін - 40 мм аспауы керек.

11 жасқа дейінгі балалардың аяқ киімнің міндетті түрде сірісі және ілгек, сырма, бау, белдікше түріндегі, сенімді бекіткіші болуы керек. Балаларға тігілетін аяқ киімнің үстіңгі бөлігі жылдың барлық мезгілдері үщін табиғи теріден болуы ұсынылады.



Аяқ киім жүру мен спорттық жаттығуларды жасауға кедергі келтірмейтіндей етіп, жұмсақ, мықты, жеңіл, ыңғайлы әрі бос болуы керек. Ыңғайсыз, тар аяқ киім қан айналымын қиындататынын естен шығармау керек.

Ғимаратта спорттық аяқ киімде жүруге болмайды, сонымен қатар кедаларды үнемі киіп жүру майтабандыққа әкеп соқтыратынын да үнемі есте ұстап жүрген жөн.

Жазғы аяқ киім үшін әр түрлі текстильді материалдарды пайдалануға болады. Балалар аяқ киімін дайындауда полимерлік материалдар немесе химиялық талшықтар қосылған табиғи материалдар қолданылуы мүмкін, бірақ, олардың қолданылуы санитарлық нормалар мен ережелермен регламенттеледі.



жүктеу 1,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау