10.3.4. Манометрлік термометрлер
Жұмыс істеу принципі тұйық герметикалы терможүйеде жұмыстық термометрлік заттың қысымы мен температурасы арасындағытәуелділікке негізделген. Жұмыстық термометрлік заттың түріне қарай манометрлік термометрлер газды, сұйқтй және конденсациялы болып ажыратылады.
Манометрлік термометрлермен -150 дан 600°С-ға дейінгі температураларды өлшеуге болады. Өлшеу диапазоны терможүйедегі толтырылған жұмыстық зат арқылы анықталады.
Термометрдің терможүйесі (сурет 10.3.4.1) термобаллоннан 1, капиллярлы түтікшеден 3 және манометрлік бөлігінен 2 тұрады.
Сурет 10.3.4.1. Манометрлік термометр.
Аспаптың барлық жүйесі (термобаллон, капиллярлы түтікше, манометрлік серіппе) жұмысшы затымен толтырылған. Термобаллон өлшеу обьектісіне батырылады. Жұмысшы затының температурасы өзгерген кезде, тұйық жүйедегі термобаллондағы қысым өзгереді, ол капилляр түтікше арқылы манометрлік термометрдің өлшегіш аспабы болып табылатын, манометрлік бөлігіне беріледі. Манометрлік термометрлер құрылымы бойынша барлық типтері бірдей. Өлшеу жүйесінің конструкциясына қарай олар көрсеткішті, өзі жазатын, көрсеткішті қашықтан беруге арналған өзіне орналастырылған түрлендіргішімен шкаласыз болып бөлінеді.
Манометрлік термометрлер – көрсеткішті қашықтан беретін және өлшеуді автоматты түрде тіркеуді жүзеге асыратын қарапайым құрылғы. Термометрлер унифицирленген пневматикалы және электрлік сигналдармен шығарылады. Мұндай термометрлердің артықшылығы – жарылысты қауіпті нысандарда (обьект) пайдалануға болатындығында. Кемшілігіне мыналар жатады: жөндеуге күрделі және аспаптың разгерметизацияға ұшырауына байланысты тексеруді (поверка) жйі жасау қажет, сонымен қатар термобаллонның размері үлкен.
10.3.5 Газдық манометрлік термометрлер
Газдық манометрлік термометрлер -50 ден 600 °С-ға дейінгі температураларды өлшеуге арналған. Термометрлік зат ретінде гелий немесе азот пайдаланылады. Газды манометрлік термометрлердің жұмыс істеу принципі Шарль заңдылығын пайдалануға негізделген:
, (10.3.4.1)
Мұндағы және - бастапқы және соңғы температуралар;
Достарыңызбен бөлісу: |