ПоәК 042-18-11 20. 54/03-2014 Баспа №2 29. 08. 2014


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 1,07 Mb.
бет16/27
Дата14.11.2018
өлшемі1,07 Mb.
#19299
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қолданушы интерфейсын жасау тәсілдерін ата.

  2. МББЖ Visual FoxPro, визуалды, нысандық-негізделген программалауларды Delph қолданып, қолданушы интерфейсын қалай құруға болады?

  3. Интеллектуалды интерфейс: ұғымы, ерекшеліктері, қолданылуы.

  4. Аппараттық интерфейс: ұғымы, ерекшеліктері, қолданылуы.

  5. WIMP-интерфейстер туралы ұғым?


Ұсынылатын әдебиет:

1. Основы метрологии и электрических измерений. Учебник для вузов /Б.Я. Авдеев, Е.М. Антонюк, Е.М. Душин и др., под ред. Е.М. Душина. – 6-е изд. – Л.: Энергоатомиздат, 1987.



  1. Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология. Учебное пособие для вузов. – М.: «Логос», 2002.

3 Ревин В.Т. Преобразование и преобразователи измерительной информации. Учеб. пособие для студентов спец. «Метрология, стандартизация и сертификация» всех форм обучения. В 5 ч. Ч. 2 / В.Т. Ревин. – Минск.: БГУИР, 2003.
Дәріс 10. Температураны өлшеу

Дәріс сабағының құрылымы:

    1. Негізгі түсініктер

10.2 Температуралық шкалалар

    1. Температураны өлшеу аспаптарының жіктелуі


10.1 Негізгі түсініктер

Температура деп дененің қызу дәрежесін сипаттайтын физикалық шаманы айтады. Жалпы алғанда барлық технологиялық процестер мен заттың әртүрлі қасиеттері температураға тәуелді.

Температураның ұзындық, масса және т.б. физикалық шамалардан айырмашылығы, ол экстенсивті (параметрлі) емес, интенсивті (активті) шама болып табылады. Сонда, егер гомогенді денені екі түрлі бөлікке бөлсек, онда масса теңдей бөлінеді. Интенсивті шама болып табылатын температура мұндай аддитивті қасиетке ие болмайды, яғни термикалық тепе-теңдікте орналасқан жүйенің кез-келген микроскопикалық бөлігінің температуралары бірдей болады. Сондықтан экстенсивті шамалардың эталондарын құруға ұқсас температураның эталондарын құру мүмкін емес.

Темпертураны тікелей өлшеуге жүгінетін дененің физикалық қасиеттерінің температурасына тәуелділігіне негізделе отырып, тек жанама жолмен өлшейді. Дененің мұндай қасиеттері термометриялық деп аталады. Оларға ұзындықты, көлемді, тығыздықты, термоЭҚК-ні, электр кедергісін және т.б. жатқызамыз. Термометриялық қасиеттермен сипатталатын заттар термометриялық заттар деп аталады.

Температураны өлшеу құралдарын термометрлер деп атайды.

10.2 Температуралық шкалалар
Термометрді құру үшін температуралық шкала қажет.

Температуралық шкала деп температураның өлшенетін термометриялық қасиеттердің мәндерімен нақты функционалды санды байланысын айтады. Бұл байланыста температуралық шкаланы кез-келген термометриялық қасиетті таңдап алу негізінде құру мүмкіндігі беріледі. Сол уақытта температураны өзгертумен сызықты түрде өзгеретін және темпратураны өлшеудің кең аралығындағы басқа факторларға тәуелді емес бір де бір термометриялық қасиет болмайды.

Температура – шартты статикалық шама, ол заттың бөлшектерінің (молекула не атом) орташа кинетикалық энергиясына тура пропорционал. Қазіргі кезде «Халықаралық практикалық температуралық шкала» (МПТШ-68) қолданылады, ол термодинамикалық температуралық шкаланыіс жүзінде жүзеге асыруды көздейді. Оның негізіне температураларды белгілі бірмәндері, негізгі реперлік нүктелер тән болатын бірқатар туындайтын тепе-тең күйлер, химиялық заттардың балқу және қайнау нүктелері жатады. «Халықаралық практикалық температуралық шкала» тағайындаған температура бірлігігне Кельвинмен (К) өрнектелетін термодинамикалық температура алынған. Кельвин судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі ретінде анықталады. Температура бірлігі ретінде Цельсий (ºС) градусын пайдалануға рұқсат етіледі. Кельвинмен өрнектелген Т температура мен Цельсиймен өрнектелген t температура арасындағы байланысты былай көрсетуге болады:

Т=t+273,16.

Температураны әрекет принципіне сәйкес өлшеуге арналған аспаптарды былайша жіктейді: ұлғаю термометрлері (сұйық, дилатометрлік, биметалдық); манометрлік термометрлер; термоэлектрлік түрлендіргіштер; кедргі термотүрлендіргіштері; пирометрлер.

Өлшеу кезінде ең қолайлы болып халықаралық тәжірибелік температуралық шкала (ХТТШ) жатады, ол заттың (негізгі реперлі нүктелер) фазалы тепе-теңдігінде көрсетілген температуралар қатарына негізделген. Негізгі реперлі нүктелер арасындағы аралықтың температурасы эталонды аспаптар мен халықаралық тәжірибелі температуралық шкала мәндері арасындағы байланысты орнататын интерполяциялы формуламен анықталады.



Негізгі реперлі нүктелер –259,34-тен (судық тепе-теңдігінің үштік нүктесі) 1064,43 (алтынның бекітілу нүктесі) 0С-ға дейінгі температура диапазонында орналасқан. Температура аралығы ХТТШ-да –259,34-тен 630,740С-ға дейін эталонды платиналы кедергі термометрімен, ал 630,74-тен 1064,430С-ға дейінгі аралық – эталонды платинародиелі-платинді термобумен көрсетіледі. 1064,43 0С-тан жоғары температура ХТТШ-да Планканың сәулелену заңдылығымен анықталады. ХТТШ бойынша температура t арқылы, ал оның сандық мәндері 0С белгісімен беріледі. Абсолютті термодинамикалық температура Т мен халықаралық тәжірибелі шкала t арасында T = t + 273,15 К қатынасы болады. ХТШ-90 гегізгі тіркеу нүктесі 10.1 кестесінде көрсетілген.

Температура мен өлшеу әдістерінің байланысты (контакталы) және байланыссыз (контакталы емес) түрлері болады. Бірінші жағдайда аспаптың сезімтал элементінің өлшеу объектісімен сенімді жылу байланысы болу тиіс: мұнда температураны өлшеудің жоғарғы шегі қолданылатын сезімтал элементтердің ыстыққа беріктігі мен химиялық төзімділігімен шектелген. Егер аспаптың сезімтал элементінің өлшеу объектісімен сенімді жылу байланысын жүзеге асыру қиын болса, байланыссыз өлшеу әдәсін пайдаланады.



Термометр деп температураны оның белгілі функциясы болып табылатын сигналға түрлендіру жолымен өлшеу құрылғысын (аспап) айтамыз.
жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау