ПоәК 042-18 09/01-2014 №1 баспа 11. 09. 2014ж



жүктеу 335,5 Kb.
бет2/5
Дата21.01.2020
өлшемі335,5 Kb.
#27136
1   2   3   4   5
Барлығы

Бақылау

түрі


3

5

3

30

15

67,5

22,5

135

Емтихан


4. ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ
Кесте 2 - Пәннің мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлінуі.


Тақырыптарының аталауы және олардың мазмұны

Сағат

көлемі


1

2

Модуль 1. Коммерциялық банктерді макро және микроэкономикалық деңгейде басқару.

  1. Кіріспе «Банк ісі» пәнің құрылымы және мазмұны

«Банк ісі» курсынын пәні, құрылымы, міндеттері, оның басқа банктік сала пәндерімен өзара байланысы Курс құрылымы, оның ерекшеліктері мен сипаты. Курстың негізгі мақсаты.




Тақырып 1. Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі тандағы экономикалық жағдайы

Нарықты экономика жағдайында коммерциялық банктер өз клиенттеріне әр түрлі қызметтер көрсететін ерекше кәсіпорын. Қазіргі кездегі банктердің клиенттерге ақылы негізде көрсететін қызметтерін жүзеге асыруға байланысты жүргізетін операцияларының дәстүрлі және нарық талабына сай жаңадан пайда болған дәстүрлі емес түрлерінің көбеюі.Осыған байланысты банк қызметтерінің «коммерциялық сипатының» арта түсуі. Сондықтан «коммерциялық» деген терминнің екінші деңгейдегі банктердің формасына байланысты емес, олардың ақылы негізде (проценттік ставкамен немесе коммиссиялық төлеммен) клиенттерге көрсететін қызметтерінің сан алуандығына байланыстылығы. Осы мәселенің ғылыми тұрғыдағы түсінігі.

Коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын. Қазақстан республикасында коммерциялық банктердің классификациясы : меншіктің формасына байланысты, банк капиталына иелік етуге байланысты (отандық, шет елдік, аралас банктер), орналасқан территориясына байланысты, құқықытық –ұйымдастырушылық формасына байланысты( жарна пүл негізінде, серіктестік формада, акционерлік қоғам формасында), операцияларды жүргізу дербестігіне байланысты (еншілес банктер, өкілетті банктер, консорциумдық банктер, дербес банктер), қызмет көрсету ауқымына байланысты, маманданған банктер, салалық банктер, регионалдық банктер, синдикат банктер, банктік холдингтер. Қазақстанда банк холдигтердің қызметтерін реттеу.

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің әр түрлі ұйымдық-құқықтық формаларының қалыптасуы. Коммерциялық банктердің Қазақстан Республикасында қызмет ету ерекшеліктері, оларды рекапитализациялау саясаты. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа көшу бағдарламасының орындалуы, коммерциялық банктер жүйесінің даму ерекшеліктері, олардың дамуының сандық көрсеткіштері. Банк секторына шет ел капиталының енуі және оны реттеу, мемлекеттік мәртебесі бар банк құру қажеттілігі.



1

Тақырып 2. Қазақстан Республикасында коммерциялық банкті құру, оның қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы.

2006 жылдың 1-ші сәуіріне дейінгі аралықта толықтырулар мен өзгертулер енгізілген «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылдың 31-ші тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік емес банктердің акционерлік қоғам формасында құрылуы мемлекеттік банктердің мемлекеттік кәсіпорын түрінде құрылуы. Оларды мемлекеттік тіркеуден өткізудің және банктік операциялармен айналысу үшін лицензиялаудың «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» «заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылы қаңтардың 5-де қабылданған Қазақстан Республикасының Заңына, сонымен бірге «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүргізілуі. Акционерлік қоғам түрінде құрылған коммерциялық банктердің заңға сәйкес қайта құрылу тәртібі, бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу, бағалы қағаздарды орналастыру тәртібі мен бағалы қағаздарды иеленуші акционерлік «қоғамды» басқару ісіне қатысу дәрежесі. Коммерциялық банктердің қызметтерін шектеу: банктің қаржылық жағдайын сауықтыру шаралары (санация), консервация, банк операцияларын шектеу, тоқтату, банктерді тарату.

Банктің филиалдарын, өкілеттігін ашу тәртібі, еншілес (шет ел капиталының қатысумен) банктерді құру. Коммерциялық банктердің қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы. Коммерциялық банктер құрылымының екі түрлі ұйымдастыру формасы: классикалық және адаптациялық ұйымдастыру құрылымдары. Классикалық ұйымдық құрылымының түрлері: функционалдық және дивизионалдық белгілері бойынша. Коммерциялық банктердің басқару құрылымы және ең жоғарғы басқару органы. Акционерлер (құрылтайшылар) жиналысы, банк кеңесі және банк басқармасы, олардың құзыры.

ҚР Ұлттық банктің тарапынан екінші деңгейдегі банктердің қызметіне кешенді бақылауды жүргізу қажеттілігі. Банктердің аффилиирлендірілген тұлғалары, ірі қатысушылары. Қазақстанда банктік холдингтің пайда болуы мен оның қызметінің құқықтық негіздері.



1

Тақырып 3. ҚР Ұлттық банктің банкті ашуға рұқсат беру және банктік операцияларды лицензиялау тәртібі. Банктерді тарату.

Қазақстан Республикасында банкті ашуға рұқсат және лизенция беруші ресми орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі. ҚР Ұлттық банкі - ресми бақылау және қадағалау органы. Банкті ашуға рұқсат алу үшін ҚР ҰБ міндетті түрде табыс етілетін құжаттарды көрсету. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың банкте ашуға рұқсат сұрап жазған өтініш, құрылтайшылар құжаттары, құрылтайшылардың (акционерлердің) қаржылық жағдайын және мәртебесін растайтын ресми мүліктер, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формалары, банкті басқарушы лауазымды орындарға талапкер азаматтардың кәсіби мамандығы мен білім деңгейі және банк жүйесіндегі еңбек стажы, тәжірибесі туралы мәліметтер.

Банктердің филиалдарының, есеп-касса бөлімдерін ашу тәртібі. Банктерді ерікті және еріксіз тарату. Ерікті және еріксіз таратылатын банктердің тарату комиссиялары, таратылатын банктер кредиторларының комитеті және оның қызметі, еріксіз таратылатын банктің кредиторлар комитеті, оның құрамы құзыры. ҚР ҰБ және соттың банкті тарату комиссияларының қызметіне бақылау жүргізуі. Банкті еріксіз таратудың түрлері, банкті тарату комиссияларының қызметі мен байланысты шығындары қаржыландыру көздері, таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағанттандыру кезеңі.

Мемлекеттік тексеру және банктің заңды тұлаға ретіндегі мәртебесінің ресімделіну тәртібі. ҚР ҰБ операциялары мен айналысуға лицензия беретін өкілетті мемлекеттік орган. Банктің операцияларымен айналасуға лицензия беру үшін ҚР ҰБ талап ететін құжаттар.



1

Тақырып 4. Коммерциялық банктер қызметін макроэкономикалық деңгейде реттеудің мазмұны

Банктердің, филиалдарының, есеп-касса бөлімдерін ашу тәртібі. Банктерді ерікті және еріксіз тарату. Ерікті және еріксіз таратылатын банктердің тарату комиссиялары, таратылатын банктер кредиторларының комитеті және оның қызметі, еріксіз таратылатын банктің кредиторлар комитеті, оның құрамы құзыры. ҚҚА және соттың банкті тарату комиссияларының қызметіне бақылау жүргізуі. Банкті еріксіз таратудың түрлері, банкті тарату комиссияларының қызметі мен байланысты шығындары қаржыландыру көздері, таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағанттандыру кезеңі.



1

Тақырып 5. Коммерциялық банктер қызметтерін реттеу үшін қолданылатын пруденциалдық нормативтер.

Базельдік келісім, банктердің пруденциалдық нормативтерін ұйымдастыру принциптерін реттеу қажеттілігі мен мәні. Пруденциалдық реттеу принциптері. ҚР пруденциалдық нормативтер жүйесі. Банктің жарғылық қорының минималды мөлшері. Банктің меншікті қаржыларының коэффициенті. Оның валюталық позиция лимиті. Негізгі қаржыларға және басқа да қаржылық емес инвестицияларының максималды мөлшері.



1

Екінші модуль. Банктік ресурстарды басқару.

Тақырып 6. Банкттік ресурстарды құрау көздері. Пассивтік операциялар.

Банк қызметтерінде кездесетін мынадай терминдердің мән-мағынасын аудиторияда ашу: «Банктік ресурстар» және олардың құрылымы, «Несиелік ресурстардың» банкттік ресурстармен бір жағынан түйіндес болып келуі, ал екінші жағынан олардың сандық, сапалы айырмашылықтары. «Пассивтік операциялар» - банктілік операциялардың ең басты және маңызды бағыты, пассивтік операциялар туралы түсінік және оларға анықтама, «депозиттік операциялар» пассивтік операциялардың негізгі түрі, пассивтік операциялар нәтижесінде банкттік ресурстардың құрылуы. Банкттік міндеттемелері және «міндеттемелер портфелі» туралы түсінік. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің ресурстарының құрылымы және құрамы, пассивтік операциялардың жүзеге асу формалары, Қазақстанда нақты сектор мен қаржы секторының нарықтық инфрақұрылымдарының қалыптасып даму және банк ресурстарының құрылымының өзгеруі, ақша нарығы және ресурстар үшін банкаралық бәсеке. Қазақстанда екінші деңгейдегі бірінші топқа кіретін банктердің: « Казкоммерцбанк» АҚ-ы, « ТұранӘлемБанк» Ақ-ы, « Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы, «ЦентрКредит Банк» АҚ-ы ресурстарының құрамы және құрылымы. Банкттік ресурстар нарығындағы банкаралық бәсекені анықтайтын факторлар: сырттан қаражат көздерін тарту үшін кететін шығындар, проценттік шығындар, банк қызметтерін тұтынушылардың мүддесімен санасу, менеджменттің сапасы, коммерциялық банктердің ресурстық базасы пассивтік операциялардың жіктелуі және оларды ұйымдастырудың негізгі принциптері, «Міндеттерімен портелінің» диверсификациясы, банктің меншікті ресурстары, олардың депозитке жататын және жатпайтын түрлері, міндеттемелер портфелінің классификациясы.



1


Тақырып 7. Банктің меншікті капиталын басқару.

Банктің меншікті капиталы – банк ресурстарының тұрақты құрамдас бөлігі. Банктің меншікті капиталының құралу көздері және оның банктік қаржылық тұрақтылығының қамтамасыз етудегі ролі. Банк капиталы алтыншы тақырыпта қарастырылды, бірақ онда банктік меншікті капиталының мазмұны оның әрбір құрамдас бөліктерінің банк қызметтерін халықаралық стандартқа сәйкес реттеудегі маңызымен және банктердің капиталдық базасының ұйымдастыру принциптерімен ғана шектелген. Коммерциялық банктердің өзін-өзі микродеңгейде басқару проблемалары меншікті капиталының екі деңгейге бөлудің себептері, оның әрбір құрамдас бөліктерінің ерекшеліктері. Екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталының мөлшері, активті портфелімен салыстырғандағы сәйкестігі, Ұлттық банктің оларға рекапитализациялаумен байланысты қоятын талаптары.

Меншікті капиталдың құрамдас бөліктері, жарғы капиталы және акционерлік капитал; үлестірілмеген пайда, т.б. Резервтік капитал және оны құрау тәртібі мен пайдалану мақсаты. Акционерлік капиталды құрау және оның «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қалыптастырылуы, акционерлік капиталдың қаржы инструменттері, банкттің жарғы капиталы және оны ұйымдық-құқықтың формасына байланысты қалыптастырудың ерекшеліктері. Жай акциялар мен артықшылығы бар акциялар және олардың банк капиталын құрау және басқару ісіне құрылтайшылар мен акционерлердің қатысуын реттеудегі рөлі. Субординацияланған қарыз, оның акциялармен және депозиттермен салыстырғандағы ерекшеліктері, банктің күрделі қарыз міндеттемелері, олардың банктің капиталын құраудағы орны. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігінің көрсеткіштері (коэффициенттері), функциялары, банк капиталының адекваттылығы туралы ұғым. Банктің меншікті капиталының жіктелінуі: негізгі және қосымша, иммобилтзацияланған және «жұмыс істейтін», «қорғалған» және «қорғалмаған» бөліктері, «брутто» және «нетто» капиталы.

Акционерлік капитал туралы ұғым, оны басқарудың құқықтық негізі, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Акционерлік қоғамды құру тәртібі, банктердің бағалы қағаздар эмиссияның проспектісі, оны әзірлеу, сараптау және тіркеуден өткізу, бағалы қағаздарды орналастыру, акционерлік капиталды есепке алу. Акционерлік капиталды қалыптастырудың қаржы инструменттері, олардың түрлері, шетелдік тәжірибе, банктің резервтік капиталы және олардың түрлері, оларды басқару. Меншікті капиталды есептеудің жолдары.



1

Тақырып 8. Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі, оны қалыптастыру және басқару

«Депозитттер», «депозиттік операциялар», «депозиттік портфель» туралы түсінік, депозиттік портфельді қалыптастырудың және басқарудың проблемалары. Депозттік портфель депозиттік операциялардың нақты нәтижесі және оларды ұйымдастырудың негізгі принциптері. Депозиттік операциялар – сырттан қаражат жинаудың негізгі әдісі және пассивтік операциялардың басты бағыты. Депозиттік операциялардың субъектлері мен объектілері. Депозитттердің банк ресурстарын құрау көздеріндегі алатын орны. Депозиттердің түрлері және оларға белгіленетін проценттік ставкалар. Депозиттерді мерзіміне, есеп шоттарға және субъектілеріне байланысты топтау. Заңды және жеке тұлғалардың депозиттері, «лоро» есеп шоттары.

Депозиттерді топқа бөлудің шетелдік тәжірибесі. Қазақстандық коммерциялық банктер кеңінен қолданып жүрген депозиттің түрлері. Депозиттік операцияларды тиімді ұйымдастырудағы депозиттік саясаттың рөлі, депозиттік саясат туралы түсінік, оны қалыптастырудың және жүзеге асырудың макро және микроэкономикалық факторлары. Депозиттік саясат және депозиттік нарық, оның атрибуттары, депозиттік саясаттың мақсаты, депозиттік портфельді диверсификациялау. Депозиттік портфельдің құрамы мен құрылымына ықпал ететін факторлар, депозиттік портфельдің, банктердің депозиттік базасының және тиімді депозиттік саясаттың өзара байланысы.

Депозиттік саясаттың құрамдас бөлігі – сыйақы саясаты, депозиттік проценттік ставкалардың ресми тілде банктер тарапынан «сыйақы» деп аталынуы. Депозиттік проценттік ставкалардың түрлері, есептеу тәсілдері, жай проценттік есептеу күрделі проценттік есептеу, уақыт базасы, Қазақстандағы коммерциялық банктер ұсынып жүрген проценттік ставкалардың деңгейі. Депозиттік портфельдің диверсификациялану дәрежесі, оның депозиттердің түрлерімен тығыз байланысы. Депозиттерді классификациялаудың негізімен қатар мерзімді депозиттердің және қажет уақытында талап етілетін депозиттердің ерекшеліктері.

Чектік депозиттер мен депозиттік сертификаттардың ерекшеліктері. Қазақстанда коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттарды эмиссиялау ережесі, депозиттік сертификаттардың түрлері, оларға деген меншік құқығын басқаға ұсыну тәртібі (цессия). Атаулы депозиттік сертификаттар, атаусыз депозиттік сертификаттар. Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің депозиттік портфелінің құрамы мен құрылымының соңғы кездерде өзгеру заңдылықтары: Теңгемен және валютамен номинацияланған депозиттер. Депозиттік портфельдің долларизациялану проблемалары. Резиденттердің және резидент еместерінің депозиттері. Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың депозиттері..


1

Тақырып 9. Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі. Оның құрылуы мен дамуы.

Депозиттерді сақтандыру жүйесі және оның банктердегі жеке тұлғалардың салымдары бойынша міндттемелерін қамсыздандырудағы рөлі. Депозиттерді сақтандыру жүйесі және клиенттердің банктің қаржылық жағдайына деген сенімінің артуы, депозиттерді сақтандырудың шетелдік тәжірибесі. Депозиттерді ерікті сақтандыру, міндетті түрде сақтандыру, мемлекеттік сақтандыру, жеке сақтандыру, аралас түрде сақтандыру. АҚШ-та, Ресейде депозиттерді сақтандыру жүйесінің құрылымы, Германиядағы, Ұлыбританиядағы депозиттерді сақтандыру жүйесінің ерекшеліктері. Қазақстанда жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесінің құрылуы. «Қазақстанның жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру (сақтандыру) қоры» ЖАҚ, оның негізгі қызметі, құрылтайшысы. Қордың банк – агент арқылы банкротқа ұшыраған немесе қызметі еріксіз тоқтатылған және «қорға» немесе «ұжымдық сақтандыру» жүйесіне мүше банктердің салымшыларының депозиттерін өтеу тәртібі. Жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесін құрғаннан кейін екінші деңгейдегі банктердің депозиттік портфеліндегі құрылымдық өзгерістер. Депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесіне мүше банктер және олардың «қорға» сақтандыру жарнасын төлеу тәртібі. Депозиттік сыйақының шекті мөлшері және «қордың» ұжымдық сақтандыру кепілдігі. Қорғауға мүше және мүше емес банктердің өтімділігін реттеудің ерекшеліктері.



1

Тақырып 10. Банктік ресурстардың депозитке жатпайтын көздері және банкаралық несиелік ресурстар.

Коммерциялық банктердің депозитке жатпайтын қаражаттарды тарту мақсаты және ондай қаражаттардың банк өтімділігін қамтамасыз етудегі рөлі. Депозитке жатпайтын ресурстарды іздеуге банктерді итермелейтін экономикалық факторлар: несиеге сұраныс, нарықтық өзгерістер, сырттан қаражаттарды тартумен байланысты операциялық және үстеме шығындардың азая түсуі, бағалы қағаздар нарығының даму дәрежесі. Банктік ресурстардың депозитке жатпайтын көздері және олардың түрлері: банкаралық несие нарығынан алынатын қарыз, ұзақ және қысқа мерзімді борыштық міндеттемелер. Облигациялар, купондық облигациялар эмиссиясы, банк акцептерін сату, өтімділігі жоғары және бірінші класстық эмитенттердің вексельдерін қайта есептеу, репо және кері репо келісімі арқылы қаражат тарту. Коммерциялық бағалы қағаздар эмиссиясы, капиталдық ноталар шығару, еуродоллар нарығынан қарыз алу, синдикаттық заемдар.

Депозитке жатпайтын қражат көздеріне қатысты Ұлттық банк жән фискальдық органдар тарапынан қойылатын талаптар, коммерциялық банктер үшін депозитке жатпайтын ресурстардың қолайлы жақтары. Қазақстанда облигациялар эмиссиясымен айналысатын коммерциялық банктер, облигацияларды орналастыру, олардың купондық табысы, облигациялардың түрлері.

Коммерциялық банк қызметтеріндегі банкаралық несиелеудің рөлі. Қазақстан Республикасындағы банкаралық несие нарығының қалыптасуы және оның ұйымдастырлу формалары мен субъектілері; Орталық клирингтік палата, банкаралық несиенің коммерциялық банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеудегі маңызы. Банкаралық несие ресурстары бойынша проценттік ставкалардың қалыптасу тәртібі және олардың мөлшеріне Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасының ықпалы.

Банкаралық несие нарығына қатысудың алғы шарттары және брокерлік қызмет. Банкаралық несиелік нарықтың институционалдық негіздері мен несиені қамтамасыз ету инструменттері. Банкаралық несие нарығының оған қатысушы коммерциялық банктер үшін тиімділігі және қолайлы жақтары. Банкаралық несие нарығын ұйымдастырудың алғы шарттары мен негізгі факторлары. Банкаралық несие нарығында несие ресурстарымен сауда-саттық жасау ережесі. Шет мемлекеттерде банкаралық несие нарығын ұйымдастыру тәжірибесі. Еуродоллар нарығы және оның Лондондағы штабы. Ақш-тағы Федеральдық резервтік жүйеге мүше және мүше емес банктердің несие ресурстарын сатып алу мүмкіндіктері. LIBOR

Коммерциялық банктердің қызметтерін ұйымдастыру барысында кездесетін тәуекелдер. Банктік тәуекелдердің кездейсоқ орын алуына себеп болатын әр түрлі факторлар. Оларды талдау, тәуекелдердің банк қызметтерінің нәтижелеріне теріс ықпалын барынша азайтудың жолдарын қарастыру – банкті басқару ісіндегі өзекті мәселелердің бірі. Банк ресурстарын қалыптастыруға байланысты тәуекелдер: экономикалық (макро- және микро факторлар), саяси, әлеуметтік т.б. Банк ресурстары қалыптастыруға байланысты пассивтік операцияларды ұйымдастыруға қатысты тәуекелдер (банктік тәуекелдер және оларды кешенді басқару әдістері кейін банктік менеджмент тақырыбында кеңінен оқытылады).

Ресурстарды қалыптастыруға байланысты тәуекелдердің әр түрлілігі, олардың пассивтік операциялармен байланысы. Банк ресурстарын қалыптастыру көздерімен байланысты тәуекелдер: несиені клиенттерге банктердің ресурстық мүмкіндігімен санаспай беруі; депозиттердің түрлері бойынша тәуекелдер; өтімді қаражаттар жетпей банктердің депозиттер бойынша міндеттемелерін өтей алмау тәуекелі; банкаралық қарыздардың тәуекелі; сырттан тартылған қаражататрдың талап етілу дәрежесіне байланысты активтер бойынша олардың өтімділігіне сәйкес орналастырылу қажеттігімен санаспау; пассивтер мен активтерді қайта бағалау тәуекелі, банктердің меншікті қаражаттары мен сырттан тартылған қаражаттардың арақатынасының шекті мөлшерін сақтамау тәуекелі; сырттан тартылған қаражаттарды тиімді орналастырмау тәуекелі; коммерциялық банктердің депозиттік базасының азаюы.

Банктің меншікті капиталын қалыптастыруға байланысты тәуекелдер: эмитенттік қызметтің тәуекелдері; бағалы қағаздардың арзандау тәуекелі; сұраныстың төмендеуі; бағалы қағаздарды орналастыру тәуекелі. Банк міндеттемелері бойынша төленетін сыйақының өзгеруі, тұрақты және өзгермелі проценттік ставкаларды орынды пайдалану. Клиенттердің депозиттік проценттік ставкалардың өзгеруіне психологиялық бейімделу дәрежесін төмендету жолдары.



1

Модуль 3. Банк активтерін басқару

Тақырып 11. Активтер және коммерциялық банктің активтік операциялары мен активтер портфелі.

Активтер және активтік операциялар туралы түсінік, олардың пассивтік операциялардан айырмашылығы. Банктің «активтер портфелі» туралы ұғым және «активтер портфелін» қалыптастырудағы активтік операцияларды ұйымдастырудың принциптері. Коммерциялық банктердің активтері мен банк типтес емес басқа заңды тұлғалардың активтерінің бір-бірімен салыстырғандағы ерекшеліктері. Банк активтерінің сапасы туралы ұғым, оларды сапасына байланысты топтастырудың критерийлері: өтімділік, табыс әкелу дәрежесі, тәуекелдігі. Активтік операциялардың негізгі бағыттары. Активтік операциялардың түрлері және олардың табыс әкелу дәрежесіне байланысты салыстырмалы маңызы және топталуы.

Банк активтерінің құрамы және құрылымы, оларды өтімділік дәрежесіне қарай топтастыру, орналастыру саясаты. Табыс өтелетін және таабыс өтілмейтін активтер, олардың ара салмағы үнемі реттеп отыру қажеттілігі. Бірінші реттегі резрвтік активтер, екінші реттегі резервтік активтер. Инвестициялық портфель, инвестициялық портфельді диверсификациялау: эмитенттердің қаржылық жағдайы мен сенімділігіне байланысты, сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде нарықтық жағдайға қалыптасатын проценттік ставкамен анықталатын бағалы қағаздардың бағасына байланысты, эмитенттердің георграфиялық мекен-жайына байланысты. Табыс әкелмейтін активтер және олардың маңызы. Банк активтерінің Standart& Poors анықтайтын рейтингісі және соған сәйкес тәуекелділік мәндері (А-;А+;ВВ+;ВВВ- т.б.).

Банктің операцияларының ерекшеліктері және оларды жүргізудің алғы шарттары. Несиелік операциялар – активтік операциялардың ең негізгі бағыты және коммерциялық банкердің қызметтеріндегі басты табыс көзі. Несиелік портфель туралы түсінік. Несиелік операциялардың банктің активтік операцияларындағы табыс көзіне қарай алатын орны. Банктердің активтік операцияларын жүргізудің құқықтық негізі. Несиелік және инвестициялық активтік перациялардан басқа да коммерциялық банктердің табыс әкелетін және табыс әкелмейтін активтік операциялары.

Активтік операциялар және екінші деңгейдегі банктер үшін бухгалтерлік шоттардың халықаралық үлгісі. Инвестициялық портфельге сипаттама. Қазақстан Республикасында ақша және капитал нарығының банктің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу үшін қажетті жаңа инструменттері. Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы; Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің міндеттемелері мен облигациялары; мемлекеттің бондары, яғни мемлекеттік бағалы қағаздар. Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі банктердің активтер потрфелі, оның құрылымы мен құрымының өзгеру заңдылықтары. Коммерциялық банктердің кассаларындағы, қолма-қол ақшалардың (теңге, тұрақты валюталар) өтімділігі өте жоғары активтер деп аталынуының себептері. Ақшалар және активтер, банктің активтері және олардың тәуекелділік коэффициенттері, тәуекелділік дәрежесінің халықаралық стандартқа сәйкес мәндері.


1

жүктеу 335,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау