ПоәК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым



жүктеу 0,79 Mb.
бет2/3
Дата14.11.2017
өлшемі0,79 Mb.
#459
1   2   3

Жағымсыз-девиантты әлеуметтік тәжірибе – бұл дезадаптивтік мінез-құлықтық стереотиптер, конгнитивтік бұрмалау мен жетіспеушілік, әлеуметтік жағдайлармен бекітілетін, тұлғаның девианттылығын құрайтын, индивид тәжірибесінде жағымды дағдылардың жоқтығы.

Девиантті мінез-құлық кезіндегі психологиялық араласудың басты міндеттерін төмендегідей тұжырымдауға болады:

а) әлеуметтік бейімделуге немесе сауығуға мотивация қалыптастыру;

ә) тұлғалық өзгерістерге ынталандыру;

б) ауытқушы мінез-құлықтың нақты формаларын түзету;

в) тұлғалық өзгерістер немесе сауығу үшін әлеуметтік-психологиялық қолайлы жағдайлар жасау.

Ауытқушы мінез-құлықтың түрлеріне қатысты әлеуметтік-психологиялық араласудың жалпы стратегиялары.

Делинквентті мінез-құлық. Құқыққа қайшы және қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайында әлеуметтік-психологиялық ықпалдың негізгі стратегиясы қоғамдық жазалау жағдайын ұйымдастыру болып табылады. Делинквентті мінез-құлық кезінде психологиялық-әлеуметтік жұмыстың басты формалары кеңес беру, психотерапия, соттық-психологиялық сараптама, саногенді орта қалыптастыру болып табылады.

Бас бостандығынан айыру орындары жағдайларында психотерапия – пенитенциарлық психотерапия – интервенцияның нашар жетілдірілген формасы болғанымен, маңызды болып табылады.

Әлеуметтік ықпалдың делинквентті мінез-құлық үшін ең барабар тәсілдер қоғамдық жазалау және әртүрлі түрленудірудегі мінез-құлықтық терапия болып табылады.

Аддективті мінез-құлық. Аутодеструктивті мінез-құлыққа араласу ерекшелігі аддикция түрі мен тәуелділік дәрежесіне байланысты болады.

Әр түрлі елдердің тәжірибелерін бағалай отырып, тәуелді мінез-құлықты тұлғаға әсер етудің ғаламдық әлеуметтік стратегияларын 3 топқа бөлуге болады: біріншіден, жазалау саясаты; екіншіден, қауіпті азайту саясаты – прагматикалық әдіс; үшіншіден, қайтадан әлеуметтендіру саясаты.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ). Тренингтік топтың психологиялық ерекшеліктері.

Кең мағынада ӘПТ топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық тәжірибені білдіреді. Бұл білім берудің, қарым-қатынас, әрекет, тұлғалық даму мен түзету саласындағы дағдылар мен іскерліктерді үйретудің арнайы формаларын қолдану.

Жұмыстың мақсаттарын әр алуан, бірақ бағыттары мен мазмұны бойынша әртүрлі тренингтік топтарды біріктіретін, жалпы мақсаттарды бөлуге болады:

а) топқа қатысушылардың психологиялық мәселелерін зерттеу және оларды шешуге көмек көрсету;

ә) субьектілік көңіл күйді жақсарту және психикалық саулықты беріктендіру;

б) психологиялық заңдылықтарды, адамдармен үйлесімді қарым-қатынас үшін тұлғааралық өзара әсердің тетіктері мен тиімді тәсілдерін зерттеу;

в) ішкі және сыртқы мінез-құлықтық өзгерістерге негізделген эмоционалдық ауытқулардың алдын алу немесе түзету үшін қатысушылардың өзін өзі жете түсінуі мен өзін өзі бағалауын дамыту;

г) тұлғалық даму үдерісіне, шығармашылық мүмкіндікті жүзеге асыруға, тіршілік әрекетіне, бақыт пен табысты сенуге көмектесу.

Тренинг – бұл тұлғаны жетілдіруге арналған арнайы ұйымдастырылған оқыту формасы, тренинг кезінде төмендегі міндеттер шешімін табады:

Әлеуметтік-психологиялық білімдерді меңгеру;

Өзін-өзі тану және т.б. қабілетті дамыту;

Өзінің маңыздылығы, құндылығы туралы түсінігін дамыту, жағымды Мен – концепциясын қалыптастыру.

Балалармен өткізілген ӘПТ тобының міндеті – өзін-өзі көрсетуге, қабылдау мен өзін-өзі түсінуге үйрену не үшін қажет екендігін түсінуге көмектесу.

Топтық тренингтің артықшылықтары:

Шектеуге қарсы әрекет етеді, тұлғааралық мәселелерді шешуге көмектеседі, өз-өзіне тұйықталып қалуға және өз қиындықтарымен жалғыз қалуға жол бермейді, басқалардың мәселелерін анықтайды.

Топ қоғамды кішкентай түрде бейнелейді, әріптестердің қысымы секілді жасырын факторладрды анықтайды, шынайы өмірдегі өзара қарым-қатынас және өзара байланыс жүйесін үлгілейді.

Өзіне құсастардан, шынайы, баға жетпес байланыс алуға мүмкіндік, өз бейнеңді сенің қайғы-мұныңды өте жақсы түсінетін басқа адамдардың көзінен көру, өйткені олар да сондай мәселелерді басынан өткеріп жатыр;

Топтағы өзара әрекеттестік әркімнің психологиялық мәселелерін анықтауға көмектесетін жағдай туғызады.

Психологтың міндетті-қысымға бақылаудан шығуына және топтағы жемісті қарым-қатынасты бұзуға мүмкіндік бермеу, топ өзін-өзі ашу, өзін-өзі талдау және өзін-өзі түсіну үдерістерін жеңілдетеді.

7-тақырып бойынша сұрақтар

  1. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық әрекеті.

  2. Ауытқушы мінез-құлықтың негізгі жүйелері.

  3. Тәуелді мінез-құлықы бар тұлғаға ықпал етудің жиһандық әлеуметтік стратегиялары.

  4. Тренингтік топтардың психологиялық ерекшеліктері.

7-тақырыпта қолданылған әдебиеттер:

  1. Акажанова А.Т., Ельшибаева К.Г. Практикум по девиантологии. – Алматы: Заң әдебиетті, 2008.

  2. Акажанова А.Т. Учебно-методический комплекс по саецкурсу «Психолого-педагогическая коррекция девиантного поведения несовершеннолетних». – Алматы, 2005

  3. Григорьев Т.Г. Основы конструктивного общения. – М.,1997.

  4. Дубровина И.В. Школьная психологическая служба. – м., 1991.

  5. Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру/ Мектеп психологтары мен мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқау. Алматы: Қайнар, 2005

  6. Шерьязданова Х.Т., Дусманбетов Г.А. Казахстанский подросток: движение в зону риска. Вестник ун-та «Кайнар».



8 тақырыпДелинквинтті жүріс-тұрыс және әлеуметтік-педагогикалық қызмет

(3 сағат)
Кәмелетке толмаған балалардың қылмысқа бару мәселелері.

Қазіргі кезде кәмелетке толмаған балалардың қылмысқа баруы бүкіл әлемді толғандырып тұрған басты әлеуметтік-педагогикалық мәселе болып отыр. Дамыған капиталистік мемлекеттерде қылмыстың көбеюінің басты себептерінің бірі – әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық және адамдардың ертеңгі күніне сенімінің жоқтығымен түсіндіреді. Мұндай әлеуметтік теңсіздік біздің елімізде де орын алып, жастардың нашар жолға түсуі себебіне кедейшілік, материалдық қамсызданудың жеткіліксіздігі екені анықталып отыр.

Америкада қылмысқа барған балалардың 75% отбасының күйреуі, балаға деген қарым-қатынастағы қаталдық, баланы отбасында жәбірлеу, ұру, қорлау себептерінің түрткісінен болғанын көрсеткен. Ал Жапонияда жеткіншектер мен кәмелетке толмаған балалардың қылмысқа баруын тұрмыс нашарлығымен емес, жақсы тұрмыстың салдары ретінде оқудағы стрестермен, тәрбиенің жеткіліксіздігімен, отбасындағы құндылықтардың нашарлауы, жеке меншңктің нығаюы, адамның жеке басының мүддесін ғана ойлайтын «өзімшілдіктің» күшеюімен түсіндіріледі.

Қылмысқа тосқауыл қою үшін Ресейдің қылмыс кодеексі бойынша 14 жастан бастап құқық бұзғандар жауапқа тартылады. 18 жастан кейін жасөспірімдер, бойжеткендер мен бозбалалар 10 жылға дейін жазаланады деп көрсетілген.

Қазақстан қылмыс кодексінде 16 жастан бастап балалар жауапқа тартылады деп көрсетілген. Ал кәмелетке толмаған балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескертулер беру не болмаса құқық қызметкерлеріне тапсыру қарастырылған.

Әр түрлі себептермен күйзеліске ұшыраған соның ішінде бәңгілікке берілген балалар, жеткіншектер мен жасөспірімдер үшін ашық типтегі мекемелер алдын алу іс-шараларын ұйымдастырады. Ондай мекемелерге мынадай балалар қабылданады:



  • Жүріс-тұрысы күмәнді, мінез-құлқында тәртіпсіздіктер байқалған балалар;

  • Психологиялық теріс ықпалдарға ұшырап, ішкі жан дүниесі мен рухани әлемі ауытқуға дұшар болғандар;

  • Әр түрлі себептермен мектепке барудан бас тартқан балалар;

  • Үйінен қашқандар, отбасынан безгендер.

Қазақстан Республикасында жасөспірімдер мен жеткіншектер, жастар тарапынан жасалатын қылмыстардың мынадай түрлері тіркелген:

  • Наркобизнес;

  • Заңсыз жолмен тапқан ақшаларды жұмсау;

  • Ұрлық;

  • Құмар ойнау;

  • Миграция;

  • Терроризм;

  • Жұмыс бабың пайдалану т.б.

Жеткіншек жастағы балалар қылмысы және оның себептері. Жеткіншек жастағы балалардың қылмысты істерге душар болуының басты себептерінің бірі – материалдық ахуалының төмендегі, әлеуметтік жай-күйін нашарлығы. Бойындағы қабілеттері мен қызығуы енді ғана көрініс беріп, байқала бастаған кезде оны қанаттандыруға қаражатының жетпейтін қатты түйсінген олар осы кемшіліктерді толықтыру мақсатында заңсыз істере барып, қылмыстық жолға түседі. Осының кесерінен ұрлық, қарақшылық, қорқыту, кейде өлтіру секілді жаман істерге барады.

Мұндай істерге барудағы негізі мақсат – ақшалы болу, құрбыларынан қалыспай соңғы үлгімен киіну, ерлігін көрсету, өш алу т.б. Көп жағдайда жеткіншек балалар қылмысқа спирт ішімдігін ішкен соң, не бәңгі заттарын қабылдаған соң баратыны анықталған.

Арнайы мекемелерде не болмаса абақтыда отырған жеткіншектер мен ересек адамдар жалпы мынадай екі топқа бөлінеді:


  • Тұрақты, жоғары мәртебеге ие топтар

  • Тұрақсыз, мәртебесі төмен топтар

Жеткіншек жастағы қылмыскер балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс. Жеткіншек арасындағы қылмыстың үдей түсуіне байланысты мемлекеттік,қоғамдық, әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтардың алдына қойылған негізгі мақсат – олармен жұмыс формалары , әдістері мен тәсілдері, технологиясының жаңа, ұрымтал түрлерін іздеп тауып, жаман мінезді, түзетуге және қалыбына келтіруге, бейімдеуге, қатарға қосуға көмектесу.

Әлеуметтік педагогикада кең қолданып келе жатқан әдістердің бірі – алдын алу.

Балалар мен жастардың, жеткіншектердің қылмысқа баруын болдырмау, алдын алу шараларын жүзеге асыру және ол нәтижелі болу үшін мынадай жұмыс түрлері ұйымдастырылады.


  • Құқықтық сана- сезімін тәрбиелеу іс-шаралары

  • Жүріс-тұрыс ережелерін бойына сіңіріп, әдет ретінде қалыптастыру;

  • Балаға жақын микроортаның жағымды ықпалын ұйымдастыру.

Жеткіншек балалармен жеке іс- шаралар жүргізу жолдарын қарастыратын бағдарлама түзу арқылы жұмыста жақсы нәтижеге жетуге болады. Ол бағдарламалар мынадай негізгі мәселелерді қамтуы керек :

  • Жеке тұлғамен жұмыстың мақсаты және мәндеттерін көрсету;

  • Баланың жан дүниесіне, санасына пәрменді ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді таңдап алу;

  • Тәрбиелік іс- әрекетінің түрлерін анықтау;

  • Тәрбиелік іс-шаралардың мазмұны бай және әр түрлі болуы;

  • Баланың тұлғалық ерекшеліктеріне бағытталған іс- шаралардың үздіксіз болуы;

  • Қоғамның талабы мен баланың жеке мүддесін ұштастыру;

  • Іс- шараларды әрбір жеткіншектің ішкі жандүниесін, қабілетін, қызығуын, қажеттіліктерін өтеу мақсатында ұйымдастыру;

  • Іс- әрекетті жүзеге асыруда төзімді , жігерлі болу;

  • Баланың белсенділігін қолдап, ойы мен мақсатын бірлесе отырып жүзеге асыру.

  • Осылардың барлығын іске асырудағы әлеуметтік педагогтың міндеттерінің ең бастысы – баланың мүддесін қорғап, қалыбына келтіру, құрбыларымен қарым – қатынас орнатуға көмектесу, жаңа ортаға бейімдеу, әлеуметтік тәртіпті сақтауға және жауапкершілікті сезуге үйрет болып табылады.

Әлеуметтік педагог төмендегі ұсыныстарды жұмыс барсында ескеруі тиіс:

  • Әлеуметтік педагог өз жұмысын мектеп, кәсіптік колледждер мен лицейлерде,басқа да оқу – тәрбие мекемелері мұғалімдерімен бірлікте, ынтымақтаса отырып жүргізеді.Тәрбие жұмыстарында белгілі спортшылар, өнер қайраткерлері, ғылым – білімге еңбек сіңірген, белгілі қогам қайраткерлерін шақырып кездесулер өткізу;құқық қорғау , медицина, психолог, наркологтармен кездесулер ұйымдастырыпәр түрлі келеңсіздіктердің алдын алу шараларын жүргізу.

  • Жұмыстың ұтымдылығын арттыру мақсатындамектеп қоғам және отбасының тәрбие жұмысындағы сабақтастығын қамтамасыз ету; мұнда әр қайсысы өз жұмысы және барлығы бір жұмыстың нәтижелі болуын көздеп, бірінің кемшілігінекіншісінің түзетіп, толықтырып тұру да көзделеді;

  • Жеткіншектер мектеп, көше, қоғамдық демалыс орындары, базар, дүкенде, жаңа ұжымда, жат адамдар арасында, балалардың өзі секілді құрбыларының арасында т.б. ортада адамгершілік , ізгілік қарым- қатынасты, мәдениетті жүріс – тұрыс, сый-құрмет, кешірімді істерді сезініп, жақсы нәрселерді көріп,оған араласқанда ғана жақсы қасиеттер қалыптасатыны педагогикада белгілі. Демек, қайда, қашан болмасын олардың жақсы істерге куә болып, жақсылықты түйсініп, сезініп өсуі керек.

Тексеру сұрақтары:



  1. Девиация түрлеріне сипаттама беріңіз

  2. Әлеуметтік – педагогикалық жұмыстарды атаңыз

  3. Қылмысты істердің қандай түрлері бар?

Қолданылған әдебиеттер:



  • Уманов Г.А Бала бақыты және басқалар. Алматы 1979

  • Колесов Д.В Беседы об антиалкогольном воспитании – М1987

  • Халитова І. Р Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері.Алматы. 2006

9 – тақырып

Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлқының негізгі түрлерінің психологиялық сипаттамасы

Адамзат тарихы агрессияның тұлға мен қоғам өмірінің бөлінбес бөлігі екендігі сенмді түрде дәлелдейді.Бұған қоса , агрессияның ,,, тартатын күші және жұғымталдық қасиеті бар : көптеген ұғымдар сөз жүзінде агрессияны жоқа шығарады, ал іс жүзінде оны күнделікті өмірінде кеңінен көрсетеді.

Латын тілінен ауарғанда “ агрессия ” – “ шабуыл ” деген мағына береді.Қазіргі уакытты “ агрессия ” сөзі аса кең мағынада қолданылады.Аталмыш құбылыс жағымсыз эмоциялармен ( мысалы, ашумен) және жағымсыз мотивтермен (мысалы, зиян келтіруге тырысу), сонымен қатар жағымсыз нұсқаулармен ( мысалы, нәсілдік қате түсініктермен) және бүлдіруші әрекеттермен байланыстырылады.

Психологияда агрессия деп өзгелерді өзіне бағындыру немесе олардан басым болу мақсатында шынайы іс – әрекетте немесе қиялдауда көрініс табатын үрдісті (ұмтылысты) айтады.Аталмыш үрдіс әмбебап сипатта болады.

Ал “ агрессия ” термині тұтас алғанда бейтарап мағынаға ие.Шынында , агрессия өмірлік мүдделер мен тірі қалуға қызмет етіп,жағымды мәнге ие болуы да мүмкін немесе өзінің агрессивті құштарлығын қанағаттандыруға бағыталып, жағымсыз мәнге ие болады.

Аггрессияның психологиялық ақиқат ретінде нақты сипаттамалары бар: бағыттылық , көрініс табу формалары, интенсифтілік . Агрессияның мақсаты жәбірнеушіге (қастандық агрессия) жапа шектіру ( зиян келтіру) және басқа мақсатқа жету тәсілі ( инструменталды агрессия) болуы мүмкін.Агрессия сыртқы нысандарға (адамдарға ,заттарға ) немесе өзіне ( денеге , тұлғаға ) бағытталуы мүмкін.Қоғам үшін басқа адамдарға бағытталған агрессия ерекше қауыпті болып табылады.А. Бандура және Р. Уалтерс бұндай агрессияны асоциалды деп атайды және әлеуметтік – деструктивті сипатты іс әрекеттермен байланыстырылады.

“Бұндай қарым – қатынасты қаламайтын , басқа тіршілік иесін қорлауға немесе оған зиян кеотіруге бағытталған” агрессивті мінез- құлық формалары айқын әлеуметтік – жағымсыз бағаға ие болады.(Бэрон Р., Ричардсон Д. “ Агрессия ”).Бұндай агрессивті- асоциалды мінез – құлық міндетті түрде зорлық – зомбылықты қамтиды ауру тудыратын вербалды немесе физикалық іс – әрекеттер.Қағида бойынша , ол агрессордың жағымсыз эмоциялары фонында ( ашу, долылық, біреуді азаптауға , қорлауға құмарлық, байыпсыздық,) және өз кезегінде , жәбірленушінің жағымсыз әсерленушілігін тудырады ( қорқыныш , қорлану). Бұндай мінез – құлықтың дұрыстығын мақұлдайтын нұсқаулардан қолдау табады ( нанымдар, мифтер, сенімдер).

Агрессивті мінез – құлық сипаты көбінесе адамның жасына қатысты ерекшеліктерімен анықталады.Әр жас кезеңі дамудың спецификалық ерекшелігі оның үлкендердің бедел – абыройының төмендеуі фонында құрдастарының тобына тәуелділігі болып табылады. Бұл жаста агрессивті болу “мықты болып көрінуді немесе мықты болуды” білдіреді. Кез келген жасөспірімдік топтың көшбасшылары қолдайтын , өзіне тән рәсімдері мен мифтері бар.Мысалы, топқа мүшелікке қабылдау рәсімдері кең тараған (немесе жаңа келгендері сынау). Топтың таң қаларлық “униформасы” да (тұтас алғанда жасөспірімдердің киім үлгісі ) рәсімді сипатта болады.Рәсімдер белгілі бір топқа жату сезімін күшейтеді және жасөспірімдерде қауіпсіздік сезімін тудырады, ал мифтер оның өмірлік әрекетінің идеялық негізіне айналады. Мифтер топ ішіндегі және сыртқы агрессияны ақтау үшін кең қолданылады. Мәселен, “ топ мүшесі еместерге ” қатысты жасалған кез келген зорлық – зомбылық мынадай байымдаумен ақталады: “олар сатқындар ... біз өзіміздікілерді қорғауымыз керек..., біз басқаларды өзімізді сыйлауға мәжбүр етуіміз қажет”. Топтық мифпен “ рухтандырылған ” зорлық – зомбылықты жасөспірімдер өздерінің күшін бекіту , батырлық және топқа шын берілгендік ретінде түсінеді. Сонымен бірге жекелеген жағдайларда агрессивті мінез – құлық бастаушылары әртүрлі себептермен бұзылған және өзін – өзі танытуды агрессия көмегімен жүзеге асыруға тырысатын жекелеген жасөспірім – аутсайдерлер болуы мүмкін.

Осылайша , агрессивті мінез – құлық балалық және жасөспірімдік жас үшін әжептеуір үйреншікті құбылыс.Оған қоса , тұлғаның әлеуметтену үдерісінде агрессивті мінез – құлық маңызды қызметтер атқарады.Қалыпта ол қорқыныштанн арылтады, өз мүдделерін қорғауға көмектеседі, сыртқы қауіптн қорғайды , бейімделуге септігін тигізеді.Осыған байланысты агрессияның екі түрі туралы айтуа болады: зарарсыз – бейімдеуші және деструктивті – дезадаптивті.

Агрессия мен делинквентті мінез – құлық өзара шарттас екендігі анық.Шынында , заң бұзушылық әрекеттер көбінесе агресивті әреккеттермен бірге жүреді.Бұл пайдакунемдік мақсатта жасалған қылмыс болуы мүмкін, бұл жағдайда агрессия инструменталды сипатта болады, басқаша айтқанда , қандай да бір мақсатқа жетуге септігін тигізеді ( тұрғын үйді алу үшін өлтіру , тонау барысында физикалық зорлық жасау, ақша тартып алу үшін қорқыту).Басқа зорлық – зомбылық қылмыстар жағдайында дұшпандылық мінез – құлықтың ең қауыпты формасы ретінде заңдармен тыйым салынған жәнемемлекеттік бақылауында болады.

Тұлғаның деликвентті мінез – құлқы мен агрессияның арасындағы өзара байланыс біркелкі емес.Заңдарды бұзу деңгейіне жеткен агрессивті мінез –құлықтың ең қауіпті формасы ретінде заңдармен тыйым салынған және мемлекеттік бақылауында болады.

Тұлғаның делинквентті мінез – құлқы мен агрессияның арасындағы өзара байланыс біркелкі емес.Заңдарды бұзу дегейіне жеткен агрессивті мінез – құлық еліктеудің салдары болуы мүмкін. Еліктеудің үлгілері туысқандар, құрдастар , басқа да маңызды адамдар бола алады.Агрессивті мінез – құлыққа еліктеуде делинквентті субмәдениет ерекше рөл атқарады. Асоциалды топ, қарақшы топ, бостандықтан айыру орны – бұл барлық әлеуметтік институттар тұрақты агрессивті мінез - құлық қалыптастырады.

Заң бұзушылық мінез – құлыққа қатысты әртүрлі әдістер мен ұғымдық аппарат қолданылады.Психологиялық әдебиетте , көбінесе оны “делинквентті” мінез – құлық ретінде түсіндіреді,яғни белгілі қоғамда және “ белгілі бір уақытта бекітілген заңдарын ауытқушы нақты тұлғаның іс – әрекеттері , басқа адамдардың амандығына немесе әлеуметтік тәртіпке қауіп төндіретін және шамадан асып кетсе, қылмыстық тұрғыдан жазаланатын іс әрекеттер ”. Заң бұзушылық әрекет жасаған тұлға делинквентті тұлға (делинквент), ал іс – әрекеттер- делинктілер деп бағаланады.

Криминалды мінез – құлық – деликвентті мінез – құлықтың бұрмаланған формасы болып табылады.Тұтас алғанда делинквентті мінез- құлық қоғам ережелерінде ( заңдарында ) айқын көрініс тапқан , мемлекеттік өмірдің қалыптасқан нормаларына тікелей қарсы бағытталған.

Арнайы әдебиетте осы қарастырылып отырған термин әртүрлі мағынада қолданылады. “Делинквенттілік” ұғымын жасөспірімдік психиатрия тәжірбиесінде енгізе отырып , А.Е. Личко бұл ұғыммен қылмыстық жауапкершілік жүктемейтін, қоғамға қарсы ұсақ әрекеттерді шектейді.Бұл , мысалы мектепте сабақтардан қалу , асоциалды топқа ену, ұсақ бұзақылықтар , тіл тигізу азғантай ақша тартып алу, мотоциклдерді ұрлау.В.В.Ковален деликвентті мінез – құлық қылмыстық әрекет болып табылатындығын көрсетті.Шетелде кең тараған термин , көбінесе кәмелетке толмпған жасөспірімер жасайтын қылмысты білдіру мағынасында қолданылады.

Аса күрделі және әртүрлі “ тұлғаның ауытқушымінез – құлқы” санатының ішінен тәуелді мінез- құлық немесе тәуелділік деп аталатын тоа бөлініп шығады.Тұлғаның тәуелді мінез – құлқы маңызды әлеуметтік мәселе болып табылады, өйткені ол жұмысқа жарамдылықты жойып алу , айналасындағылармен қақтығыстар , қылмыстар жасау секілді жағымсыз салдарғаәкеліп соқтыруы мүмкін.Бұған қоса , бұл қалай болғанда да кез келген отбасының басына келетін, девиацияның ең кең тараған түрі болып табылады.

Көне заманнан бері тәуелді мінез – құлықтың әртүрлі формаларын зиянды немесе жағымсыз әдеттерді атаған , бұндай әдеттерге : ішімдікке салыну , артық жеу, құмар ойындар және басқа да әуестіктер жатқызылған .Қазіргі заманғы медициналық әдебиетте патологиялық әдеттер термині кеңінен қолданылады. “ Тәуелділік” ұғымы медицина саласынан енген , қазіргі таңда салыстырмалы тұрғыда жаңа және танымал болып табылады.

Барлық адамдар ауа, су, тағам секілді өмірге маңызды обьектілерге “қарапайым” тәуелділікті сезінеді.Адамдардан көбінде ата – анаға , достарға жұбайларына қатысты жақсы көрушілік сезімі болады.Кейде тәуелділіктің әдеттегі қатынасын бұзу байқалады.Мысалы, тұлғаның аутикалық , шизоидтық, қоғамға қарсы бұзылуы басқа адамдарға жеткіліксіз үйірліктің салдарынан туындайды.

Шамадан тыс тәуелділікке бейімділік, керісінше , мәселелік симбиотикалық қарым – қатынастар немесе тәуелді мінез - құлықтың тұлға тарапынан бір нәрсені немесе біреуді тегіс пайдаланушылықпен және оның мұқтаждықтарының бұзылуымен тығыз байланысты болып табылады.Арнайы әдебиетте қарастырылып отырған ақиқаттың тағы бір атауы қолданылады – аддиктивті мінез – құлық, ағылшын тілінен аударғанда “бейімділік, өлтіретін әдет” деген мағына береді.

Тәуелді ( аддиктивті) мінез – құлық жеке тұғаның девиантты мінез – құлық түрі ретінде , өз кезегінде , көбінесе аддикция нысаны бойынша анықталатын көптеген түрлерге бөлінеді.Теориялық тұрғыдан ( нақты жағдайларда) бұл кез келген нысандар немесе белсенділік формалары болуы мүмкін – химиялық зат , ақша , жұмыс , ойындар , физикалық жаттығулар немесе жыныстық қатынас.

Шынайы өмірге тәуелділіктің мынадай түрлері түрлері кең тараған:

а ) психоактивті заттар (заңды және заңсыз есірткі заттары):

ә ) ішімдік ( көптеген сыныптамаларда бірінші топқа жатқызылады);

б ) тағам;

в ) ойындар ;

г ) жыныстық қатынас ;

ғ ) дін және діни ғибаттар.

Осы аталған нысандарға байланысты тәулді мінез – құлықтың төмендегі формалары анықталады:



  • Химиялық тәуелділік ( шылым шегу , токсикомания, есіркіге тәуелділік, дәрі – дәрмеккке тәуелділік, ішімдікке тәуелділік );

  • Тамақтану тәртібін бұзу (артық жеу, ашығу, тамақтан бас тарту);

  • Гэмблинг – ойындарға тәуелділік ( компютерлік тәуелділік, құмар ойындар)

  • Сексуалды аддикациялар (зоофилия, фетишизм, пиггмалионизм, трансвестизм, эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомазохизм ( глоссарийді қараңыз));

  • Діни деструктивті мінез – құлықтар (діни фанатизм, секталарға қатысу).

Адамдардың өмірінің өзгеруіне байланысты тәуелді мінез – құлықтың жаңа формалары пайда болады, мысалы бүгінгі таңда компьютерлік тәуелділік өте тез тарап бара жатыр.Бұған құоса , кейбір формалар өзінің девианттылығын жоғалтады.Мәселен , біздің ойымызша, гомосексуализмді қазіргі әлеуметтік жағдайда девианттылыққа жатқызуға болмайды, әрине ол күмансіз маргиналды мінез – құлық ( норманың шеткі шекарасынанорын алатын және әзірге адамдар қабылданған мінез- құлық) қатарында қала береді.Тәуелді мінез – құлыққа шынайы зиян келтірмейтін , белсенділікпен күнделікті формаларын жатқызудан аулақ болу қажет.

Сонымен , тәуелді (аддиктивті ) мінез – құлық өзін – өзі реттеу немесе бейімдеу мақсатында бір нәрсені немесе біреуді теріс қолданумен байланысты, тұлғаның ауытқушы мінез- құлқының формаларының бірі.

Өлім тақырыбы әрқайсымыздың санамызда орын алады және жас өскен сайын мәселеге айналады.Кейбір адамдар үшін ол ерекше маңызды болып табылады.Бүгінгі таңда өз – өзіне қол жұмсау әрекеті ғаламдық қоғамдық мәселе болып табылады.Әлемде жыл сайын 400 – 500 мыңға жуық адам өзін – өзі өлтіреді, ал өзіне – өзі қол жұмсау әрекеті он есе көп .Өзіне өзі қол жұмсау еуропа елдерінде өлтіруден шамамен үш есе көп.

Өзіне – өзі қол жұмсау немесе суицид (латын тілінен аударғанда : “ өзін өлтіру ”) – әдейі өз өмірін қию.Өзінің іс –әрекеттеріне есеп бере алмайтын немесе оларды басқара алмайтын адамдар жасаған өлім, сонымен қатар субьектінің абайсыздығы нәтижесінде болған өлім өзіне –өзі қол жұмсауға жатпайды, қайғылы оқиғаға жетеді.

Біздің заманымызда өзіне – өзі қол жұмсау әрекеттері біркелкі патологиялық әрекет ретінде қарастырылмайды.Көптеген жағдайда бұл психикалық тұрғыдан қарапайым адамның мінез – құлқы.Бұған қоса , суицид туралы өзін өзі құрту мінез құлқының ең шеткі нүктесі деген көзқарас қалыптасқан.

Өзіне – өзі қол жұмсау мінез – құлқы өзінің өмірін қию туралы түсініктермен басқарылатын саналы іс әрекеттер қарастырылып отырған мінез – құлық құрылымын төмендегі топқа бөлінеді:

а) өзіне – өзі қол жұмсау әрекеті;

б) өзіне – өзі қол жұмсау көріністері;

Осылайша өзіне – өзі қол жұсмсау мінез – құлқы бір мезгілде ішкі және сыртқы деңгейде жүзеге асады.

Өзіне – өзі қол жұмсау ерекшеліктеріне адам жасы елеулі әсер етеді.Мысалы, бозбалалық немесе қартаюдың басы секілді дағдарыс кезеңдері өзіне – өзі қол жұмсауға дайындықтың жоғары екендігімен сипатталады.

Жасөсірімдердің арасында өлтіруге әрекет жасау балаларға қарағанда жиірек кездеседі, олардың кейбіреулері ғана мақсаттарына жетеді.Аяқталған суицидтердің жиілігі барлық өзіне – өзі қол жұмсау әрекеттернің 1 % - нан аспайды.А.Е.Личко 10 % жасөспірім ғана өзін – өзі өлтіруді шынымен қалайды, 90 % жасөспірім үшін бұл көмекке шақыру ғана екендігін атап көрсеткен. Б.Н.Алмазов 14 – 18 жас аралығындағы өзін – өзі жас аралығындағы өзін – өзі әдейі жаралған жасөспірімдерге зерттеу өзін – өзі өлтіру ойы болғандығын айқындаған.Көптеген экцесстер құрдастарымен ұрсысып қалғаннан кейін , сонымен қатар , батырлық немесе “ бауырласу ” салты ретінде жүзеге асқан.А.Е.Личко , А.А:Александров, 14 – 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге зерттеу жүргізе отырып, өзіне – өзіне қол жұмсау іс әрекеттінің 49% қатты аффектілі реакция кезінде болған деген қорытындыға келген .Сонымен қатар жасөспірімдер тобына психикалық бұзылулар рөлі артады, мысалы, депрессия. Депрессияның “балалық ” белгілеріне іші пысу және шаршау сезімдері , ұсақ – түйекке баса назар аудару , бүліккке және тіл алмауға бейімділік, ішімдік пен есірткіні шамадан тыс қолдану жатқызылады.

Тұтас алғанда жасөспірімдердің ата – аналарымен және құрдастарымен тұлғааралық қарым – қатынастарының олардың өзіне – өзі қол жұмсау әрекетіне маңызды ықпалы туралы айтуға болады. Л.Я.Жезлованың пікірінше , өтпелі кезкң алдында “отбасылық” мәслелер басым болса, пубертаттық кезеңде жаста “сексуалды” және “махабаттық” мәселелер басым болады.

Өкінішке орай , аз зерттелген басқа маңызды фактор жасөспірімдік субмәдениеттің ықпалы. Міне , “ Иванушки Интернешнл” топ – обының көшбасшының өзін – өзі өлтіруге туралы 1999 жылы БАҚ жарияланған хабарламаға жауап ретінде бірнеше жасөспірім қыздар өз кумирін үлгі етіп, өз – өздеріне қол жұмсаған.

14 жастан кейін өзіне – өзі қол жұмсау қыздар мен бозбалаларда шамамен бірдей болады.Жас кезде өзін – өзі өлтіру көбінесе интимдік – жеке тұлғалық қатынастармен , мысалы , махаббаттағы сәтсіздікпен байланысты болады.Сырқы және ішкі жағдайлар өзіне – өзі қол жұмсау әрекетін жеңілдетеді, бірақ оны алдын ала анықтамайды.Суицидті “ асқындырушы” болатын шынайы себептері ішкі мотивтерге байланысты.

Жағдайға байланысты өзін – өзі өлтірудің әртүрлі мотивтеріпайда болуы мүмкін: наразылық , кек, үндеу, назар, көмек, жазадан қашу, азап шегу, өзіне – өзі жазалау, өмір сүруден бас тарту.

Мысалы, жасөспірімдердің өзіне – өзі қол жұмсау әрекеттеріне мынадай ниеттенулер бөлінеді.Бұл дистресс сигналы болуы мүмкін: “ Маған көңіл аударыңыздар, маған көмек қажет”.Сонымен қатар , жасөспірімнің басқаларға манипуляция жасауы, мысалы, қыз бала дәрі дәрмек ті үлкен көлемде ішіп , өз досын оған қайтып оралуға мәжбүр етуге тырысады.Басқа вариант – ата – аналарына айту арқылы , басқаларды жазалауға тырысу: “ Сіздер мен өлгенде өкінесіздер”. Қатты құят және кінә сезідерге реакция , жанға жара салатын жағдайлармен кездесуден қашуға тырысу ; түрлі есірткілердің әсерлері – бұның бәрі себепкер факторлардың мысалы.

Осылайша , өзіне – өзі қол жұмсау мінез – құлқы өлуді қалаудың дәрежесін дәл бағалауға негізделуі керек.

9 - тақырып бойынша сұрақтар


  1. Шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі агрессия мен агресивтілік мәселелері.

  2. Тәуелді мінез – құлықтың негізгі формалары.

  3. Өзіне – өзі қол жұмсау әрекетінің мотивтері мен себептері.

9 – тақырып бойынша қолданылатын әдебиеттер

Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе .- Алматы, 2004.

Ақажанова А.Т., Садырова А. Девиантты мінез – құлықтың кйбір теориялық сипаттамалары // Ізденіс .- Алматы , 2007
10-тақырып . Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлқын психологиялық және педагогикалық түзету.

Жеке тұлғаның ауытқушы мінез – құлқын әртүрлі әлеуметтік институттар реттейді.Қоғамдық әсер ету – құқықтық санкциялар, медициналық араласу, педагогикалық ықпал, әлеуметтік қолдау және психологиялық көмек сипаттында болуы мүмкін .Мінез – құлықтың бұзулулардың күрделі сипаты , олардың алдын алу мен жою әлеуметтік ықпалдардаң жақсы ұйымдастырылған жүйесін талап етеді.Психологиялық көмек – қарастырылып отырған жүйенің деңгейлерінің бірі ретінде байланыстырушы рөлін атқарады және айқын гуманистік бағытымен ерекшеленеді.Бұл факт пхихологиялық жұмыстың құпиялық , еріктілік және жеке мүдделіілік, адамның өз өміріне жауапкершілігін өзіне алуы, өзара сенімділік, қолдау, жеке тұлға меен индивидуалдылықты құрметтеу секілді принциптерінде көрініс табады.

Психологиялық көмек негізгі екі бағытта жүзеге асырылады:психологиялық превенция (ескерту, профилактика) және психологиялық интервенция (қиындықты жеңу, түзету, реаблитация).Ереже бойынша, психо – диагностика жұмыстың дербес бағыты емес және психологиялық көмектің түрі , маңызды , бірақ міндетті емес, бұл аралық практикалық міндеттерді шешеді.

Ауытқушы мінез – құлық профилактикасы көбінесе кәмелетке толмағандарды мысалыға алу арқылы қарастырылады.Әлемдік денсаулық ұйымы профилактиканың үш түрін ұсынады: бастапқа, екінші және үшінші профилактика.Бастапқы профилактика белгілі бір құбылыс тудыратын жағымсыз фактрларды жоюға , сонымен қатар бұл факторлардың әсеріне жеке тұлғаның төзімділігін арттыруға бағытталады.Бастапқы профилактиканы жасөспірімдер арасында кеңінен қолдануға болады.Екінші профилактиканың міндеті- жүйке – психологиялық ауытқулары ерте анықтау және оңалту, сонымен қатар “ қауіпті топпен” жұмыс .Үшінші профилактика мінез – құлықтың ауытқуларын тудыратын жүйкелік- психикалық бұзылулар секілді арнайы міндеттерді шешеді.Сонымен бірге, үшінші профилактика девиантты мінез – құлықты тұлғалардың қылмысты қайталануының алдын алуға бағытталуы мүмкін.

Психопрофилактикалық жұмыс барлық үш деңгейдегі іс шаралар кешеніне кіре алады.Психопрофилактикалық жұмыстың бірнеше формалары бар:


  • Әлеуметтік ортаны (отбасы , әлеуметтік топ, нақты тұлға) ұйымдастыруға :салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жасалатын әлеуметтік жарнама БАҚ , жастардың субмәдениетімен жұмыс.

  • Мәлімет беру (дәрістер, әңгімелесулер , арнайы әдебиеттерді, видео және телефильмдерді тарату);

  • Әлеуметтік тұрғыдан маңызды дағдыларды белсенді әлеуметтік үйрету;

Аталмыш үлгі көбінесе топтық тренингтер формасында жүзеге асады.Қазіргі кезде төмендегідей формалар кең тараған.

1.Резистенттілік (әлеуметтік жағымсыз әсерге тұрақтылық) тренингі.Тренинг барысында девиантты мінез – құлыққа нұсқаулар өзгереді,жарнамалық стратегиялады тани білу дағдыларын қалыптастыру , құрдастар қысым көрсеткен кезде “ жоқ ” деп айту қабілетін дамыту , ата – аналар мен басқа үлкендердің (мысалы, ішімдік ішетіндердің ) ықтимал жағымсыз әсері туралы ақпарат беріледі.

2.Ассертивтілік тренингі, немесе аффективті – құндылыққа ұйрету тренингі.Ол девиантты мінез – құлық эмоционалды ауытқушылықтармен тікелей байланысты деген түсінікке негізделеді.Аталмыш мәселенің алдын алу үшін жасөспірімдер эмоцияларды жеңе білуге үйретіледі.

3. Өмірлік дағдыларды қалыптастыру тренингі.Өмірлік дағдылар дегеніміз – тұлғаның ең маңызды әлеуметтік іскерліктері.Ең алдымен , бұл қарым – қатынас жасау, достық байланыстарды сақтау және тұлғааралық қарым – қатынастардағы қақтығыстарды шешу іскерлігі , сонымен қатар бұл өзіне жауапкершілік алу , алдына мақсат қою, өз ұстанымы мен мүддесін қорғау қабілеті:



  • Девиантты мінез – құлыққа альтернативті әрекет ұйымдастру (таным,

өзін – өзі сынау, қарым – қатынас ,махаббат, шығармашылық, әрекетшілдік);

  • Салауатты өмір салтын ұйымдастыру (дұрыс тамақтану,таза ас, жүйелі физикалық жұмыс көлемі , еңбек және демалыс режимін сақтау, табиғаттпен қарым – қатынас, нысапсыздықтан аулақ болуы)және т.б.;

  • Жеке тұлғалық ресурстарды белсендіру (спортпен шұғылдану , шығармашылықпен айналысу, топтық тренингтерге қатысу, арттерапия) және т.б.;

  • Девиантты мінез – құлықтың жағымсыз салдарын азайту (мәлімет беру, топтық пікірталас, тренингтік жаттығулар, рөлдік ойындар, әлеуметтік тиімді мінез – құлықты үлгілеу, психотерапевтік әдістемелер) және т.б.;

Қолданылған әдістерге байланысты , психопрофилактикалық жұмыс тренингтер, білім беру бағдарламалары (мектептік арнайы курс), психологиялық кеңес беру, дағдарыстық көмек (сенім телефоны) формасында , сонымен қатар шекаралық күйлер мен жүйкелік психикалық ауытқулардың психотерапиясы формасында жүзеге асыруға болады:

  • Кешенділік (әлеуметтік кеңістіктің, отбасыны және тұлғаның әртүрлі деңгейлеріне әсерді ұйымдастыру);

  • Ақпараттың жағымдылығы;

  • Жағымсыз салдардаы азайту;

  • Бағыттылық (жас ерекшелігі , жыныстық және әлеуметтік сипаттамаларды ескерту);

  • Көпшілікке арнаушылық (жұмыстың топтық формасының басымдылығы);

  • Болашаққа ұмтылыс ( мінез – құлық салдары , жағымды құндылықтар мен мақсаттарды белсендіру , девиантты емес мінез – құлықтың болашағын жоспарлау).

Мемлекеттік саясаттың нормативті құжаттары мен тұжырымдамалық қағидаларында жалпы және арнайы профилактика ұғымдарын бөліп қарастырады. Жалпы профилактика ( грек тілінен аударғанда – “сақтап қалу, ескерту” )отбасының физикалық және әлеуметтік тұрғыдан дені сау балалар тәрбиелеу қызметтерін толық орныдауға қажетті әлеуметтік- экономикалық , әлеуметтік – мәдени және әлеуметтік – педагогикалық қолайлы жағдайлар ждасауға бағытталған ;жалпыға білім беретін оқу мекемелерінің барлық түрлерінің тәрбиелік қызметтерін жүзеге асыруға, оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін толыққанды дамытуды,сабақтан тыс уақытта қоғамға пайдалы іс - әрекеттермен айналысуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы ретінде қарастырылады.

Арнайы профилактика “ топ ” балаларына , девиантты жасөспірімдерге, кәмелетке толмаған заң бұзушыларға бағытталған түзету – реабилитациялық шараларды қамтиды.Ол психологиялық – педагогикалық қолдау мен жасөспірімдерге әлеуметтік құқықтық көмектің әртүрлі іс – шаралары, оларды ата –аналардың көңіл қоймауынан , қаігездіктен , зорлық – зомбылықтан және асоциалды ортаның теріс әсерінен қорғау болып табылады.Түзету – профилактикалық жұмыс – мектептің , отбасының , бос уақытты өткізетін ортаның және формальды емес топтардың, әлеуметтік институттар мен қоғамдық ұйымдардың бір – бірімен етене байланысында жүзеге асады.Осылайша профилактикалық және түзету – педагогикалық әрекет девиантты мінез – құлқы бар жасөспірімдерді анықтау , даму мен мінез құлықтағы уытқулардың себептері мен жағдайларына диагностикаға бағытталған әлеуметтік – педагогикалық үдерістің құрамы бөлігі болып табылады.

Ауруды жою және алдын алу үшін оның бастау көздері мен түп тамырын жою қажет.Ауытқыған мінез – құлықты жеңу немесе алдын алу үшін, ең алдымен , әлеуметтік ортаның теріс әсерін шектеу ( жағдайы нашар отбасы, асоциалды топ, құқыққа қарсы тұлғааралық қарым - қатынас).

Сонымен бірге ғылыми зерттеулер және педагогикалық тәжірибе ата – ана құқынан айыру , асоциалды топтарды тарату , жасөспірімдерді интернатты типті мекемелерге немесе девиантты жасөспірімдерге арналған арнайы оқу – тәрбиелік мекемелерге жіберу сияқты терең батыл шаралар қолдану үнемі тиімді емес.Олар үнемі қажетті нәтиже бермейді, мәселені жоймайды, керісінше , оны тереңдете түседі немесе қандай да бір уақыттқа тоқтатады, оның дамуын бәсеңдетеді.Сондықтан девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен түзету – педагогикалық жұмыс ұйымдастыру және олардың ауытқушы мінез – ққлықтарының себептерін ескерте барысында тұлғаның дамуына орта факторларының ықпал күшін, топтағы құрдастарымен тұлғааралық қарым – қатынасының референтті маңызын ескеру қажет.

Ауытқушы мінез – құлықтың алдын алу мен жеңуде ата – аналарға, отбасылық микроклиматқа , тәрбиелеу потенциалына , отбасылық ішкі қарым – қатынасқа психологиялық және педагогикалық әсер етудің әртүрлі жолдары мен тәсілдері бар.Бұл ықпалдар тура , тікелей сипатта , сонымен қатар жанама сипатта болуы мүмкін.

Жасөспірімдер мен ата - аналардың қарым – қатынастарын және отбасылық қарым – қатынастарын түзету.

Әр отбасында индивидуалдық ерекшеліктер бар және сыртқы араласу оларға әртүрлі әсер тигізетін болғандықтан, педагог әсер етудің тура жолын да , жанама жолын да қолданғаны жөн. Ескі жағдайда да, біріншіден, отбасыға ішкі отбасылық атмосфераны бағалау, отбасылық қарым- қатынаста орын алған жағдайда талдау жасау;екіншіден , орын алған өзара қарым – қатынасты өзгерту жолдары мен тәсілдерін көрсету ; үшіншіден , отбасы мүшелерімен біріге отырып, жағымды , қоғамдық маңызды отбасылық қарым – қатынастың болашақ бағыт – бағдарын анықтау секілді бірнеше міндеттер шешіледі.Отбасы түріне байланысты , жұмыстың әртүрлі формалары мен әдістері қолданылады, мектеп пен қоғамның ата – аналарға кешенді ықпалы жүзеге асырылады.

Отбасылық қарым – қатынастары мазмұнсыз, тиянақсыз сипатты, салыстырмалы тұрғыда жалпы және өнегелі мәдени деңгейі төмен , педагогикалық тұрғыда шамасыз отбасыларының әдетте тәрбие мәселелерінде біліктіліктері аз болады.Бұндай отбасыларды түзету мақсатында жалпыға міндетті педагогикалық оқудың жалпы жүйесіне кіреді.Бұндай отбасылары үшін мектеп педагогтері , мектеп психологтары жүргізетін педагогикалық кеңес беру формасын қолданған жөн.Бұл жағдайда өздерінің білімсіздіктерін мұғалімдер дұрыс түсінбейді және оны өздеріне және балаларына қарсы қолданады деген ата – аналардың сенімдерін жою қажет.Кеңес беру кезінде ата – аналарға тек балаларды тәрбиелеуде кездестіретін қиындықтарды ғана әңгімелесу мүмкіндігі берілмейді, сонымен қатар, жағдаятқа бірге талдау жасауға, кеңес алуға, нақты ұсыныстар алуға, мәселені әртүрлі шешімдерін талқылауға мүмкіндік беріледі.

Педагогикалық кеңес- педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірімдердің отбасыларымен жүргізілетін жұмыстың қызықты және тиімді формасы.Алайда бұндай ата – аналарды мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыру қажет.

Отбасының екінші түрі – педагогикалық енжарлар:обьективті себептерге байланысты балаларға тура тәрбиелік әсер етуге енжар отбасылар.Бірақ отбасының өнегелі микроклиматы , қарым – қатынас стилі және қарым – қатынас сипаты – жасөспірімдерге белсенді ықпал ету факторлары болып табылады.Осыған байланысты , бұл отбасыларымен жұмыс барысында олардың тәрбиелі ықпал жүйесіне талдау жасаумен бірге, отбасындағы қарым – қатынас сипатын өзгерту және түзету қажет.

Отбасылық қарым – қатынасты түзету мәселесін отбасылардың антипедагогикалық түрімен шешу өте қиын.Бұл отбасылар өзінің алдамшы жақсы жағдайы және жалған белсенділігімен өзінің антипедагогикалық болмысын жасырады.Сондықтан да бұндай отбасылары қайта бағыт – бағдар беру жұмыстарын ғана емес,сонымен қатар отбасылық қарым – қатынас жағдайларын өзгертуді қажет етеді. Педагогикалық кеңестер мен ұсыныстарға қатысты теріс пікір , көбінесе оларды жоққа шығару немесе қабылдамау мектеп пен тұтас ата – аналар қоғамының күш салуын талап етеді.Бұл отбасыларындағы қарым – қатынас пен өзара әрекеттестікке әсер етудің негізгі жолын мектеп, педагогикалық ұжым жүзеге асырады, бұл іс – шарада олар ата – аналар комитетіне және мектептің қамқорлық кеңесіне арқа сүйейді, дербес және топтық жұмыс формаларын қолданады.

Қамқорлық кеңесі ,сыныптардың ата – аналар комитетері жағдайы нашар әр отбасымен мақсатты түрде жұмыс жүргізуі қажет; белсенді ата – аналарт- педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірімдердің ата – анадларын мектептің қоғамдық пайдалы жұмыстарына тартуға байланысты еңбекті көп керек ететін жеке дара жұмыстар жүргізеді: балалармен бірлесіп, іс- шаралар ұйымдастырып, өткізу қажет.Бұл оларға өз балаларын іс жүзінде көруге , оларды сыныптастарымен салстыруға , әр баланың ықтимал мүмкіндіктерін көруге , бала ең жақсы және көнгіш болуы үшін қандай шара қолдану қажеттілігін ойлануға мүмкіндік береді.

Ата – аналардың бұл санатымен тиімді жұмыс формаларының бірі балалар мен жасөспірімдерді отбасында тәрбиелеу ұйымдастыру болып табылады.

Девиантты мінез – құлықты кәмелетке толмағандардың отбасындағы қарым – қатынасты түзету нәтижесі бүкіл отбасында тура және жанама әсер етудің үндесуіне байланысты болады.



10 – тақырып бойынша сұрақтар

  1. Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстың негізгі деңгейлері.

  2. Балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыстың принциптері .

Отбасылық өзара қарым – қатынастарды түзету
3 ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚТАР


  1. тәжірбиелік сабақ

(1-сағат)

Тақырыбы: Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері

Сабақтың мазмұны:

1.Девиация типтері мен тұжырымы

2. Жеткіншек балалар арасындағы девиант және оларға әлеуметтік –педагогикалық көмек.

Сабақтың мақсаты: Девиантты мінез – құлық туралы түсінік беру, олардың туындау себептеріне анықтама беру

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Девиантты жүріс – тұрыс пен делинквитті қылықтардың айырмашылығына мысалдар келтіріңіз.

Бақылау сұрақтары:

1. Девиация дегеніміз не? Олардың типтері.



2. Жеткіншек балалар арасындағы девианттық мінез-қлыққа сипаттама беріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Халитова І.Р. Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері. Алматы ,2006

2. Акажанова А.Т. Девиантология. Алматы 2009

3.Абдулина О.А.Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования-М.1991

4.Керимов Л.К. Қиын балалар болады неге?/Алматы:Қазақ елі 10 қараша,2004


  1. тәжірибелік сабақ

(3-сағат)

Тақырыбы: Девиантты балалармен және жасөспірімдермен оқу – тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістемесі

Сабақтың мазмұны:

  1. Девиантты балалармен және жасөспірімдермен оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру

  2. Девиантты балалармен және жасөспірімдермен оқу – тәрбие жұмысының әдістемесі

Сабақтың мақсаты: Девиантты балалармен және жасөспірімдермен оқу – тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістемесін таныстыру

Бақылау сұрақтары:

1. Девиантты балалармен және жасөспірімдермен оқу – тәрбие жұмысының ерекшеліктерін атаңыз?

2. Девиантты балалармен және жасөспірімдермен оқу – тәрбие жұмысының әдістемесі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. жүктеу 0,79 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау