ПоәК 042-14-3-01 20. 39/03 2009 Басылым №1


«Ақша массасының бір айналымының ұзақтығы» көрсеткішінің мәні және оны есептеу әдістемесі



жүктеу 4,75 Mb.
бет29/30
Дата24.01.2018
өлшемі4,75 Mb.
#7892
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

«Ақша массасының бір айналымының ұзақтығы» көрсеткішінің мәні және оны есептеу әдістемесі

Ақша массасының (t) бір айналымының ұзақтығы:


, мұндағы,

К – кезең күндері: тоқсан – 90 күн, жыл – 360 күн;

ЖІӨ / К=б – жалпы ішкі өнімнің бір күндік өлшемі.

Бұл көрсеткіш ЖІӨ қызметіне бір айналым ақша массасы үшін орта есеппен қанша күн керек екендігін көрсетеді.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Тауар айналымының статистикасының негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

2. «Ақша массасы», «ақша базасы» ұғымдарының мәні неде?

3. Ақшалық агрегаттардың М0, М1, М2, М3 құрамын атаңыздар.

4. Ақша массасының факторлық талдау әдісін сипаттаңыздар.



Тақырып 7. Кәсіпорынның қаржы қортындысының статистикасы

Дәріс сұрақтары:

1. Баға туралы түсінік, оның түрлері

2. Өнімді бағалау және қайта бағалаудың статистикалық әдістері

3. Баға және тариф өзгерістерінің статистикалық бақылауын ұйымдастыру


1. Баға туралы түсінік, оның түрлері
Баға дегеніміз – тауар құнының ақшалай көрінісі. Ал тариф – қызмет көрсету құнының ақщалай көрінісі. Бағаны қалыптастырудың негізін өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар туралы мәліметтер, сондай-ақ экономиклық циклды іске асыруға арналған кәсіпорынның табысы мен пайдасы құрайды.

Баға статистикасының міндеттері:

Тауар мен қызмет көрсету бағасын статистикалық зерттеудің міндеттері:


  1. Тауар мен қызмет көрсету бағасына статистикалық бақылауды ұйымдастыру.

  2. Тауар мен қызмет көрсету бағасын тіркеу. Баға туралы ақпарт жинау, оны республика аумағында жариялау.

  3. Бағаның, инфляциялық процестердің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау.

  4. Ішкі және ұлттық экономикада, тауар мен қызмет көрсетуді және экспорт пен импортты бағалауда бағаны пайдалану.

  5. Аймақтық және республикалық деңгейдегі орташа бөлшек сауда бағасын және индексін есептеу.

  6. Бөлшек сауда бағасының динамикасы мен деңгейіне әсер ететін факторларды статистикалық зерттеу.

  7. Тұтынушының орташа бағасын және тұтынушы бағасының индексін өмір деңгейінің өлшемі ретінде есептеу.

  8. Тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын бағаларды халықаралық, аймақтық деңгейде салыстыру.

Статистикалық органдардың экономикалық есептеулерінде және аналитикалық жұмыстарында барлық институционалды бірлік, экономика секторлары арасындағы операция рыногының келісім жасау сәтінде жүретін ағымдағы нарықтық бағалар қолданылады.

Ағымдағы нарықтық бағалардың көмегімен өндірілген, пайдаланылған және өткізілген өнімнің жалпы мөлшері анықталады; экономиканың секторлары мен салалары шегіндегі оның құрылымы есептеледі. Ағымдағы нарықтық бағаларға жататындар:



  1. факторлық құн;

  2. негізгі баға;

  3. өндірушінің бағасы;

  4. сатып алушының бағасы;

  5. «ФОБ» бағасы;

  6. «СИФ» бағасы;

Әр ағымдағы нарықтық бағаның ұғымы және оның құрамы

Есеп берулер мен шоттардағы операцияларды тіркейтін бағалар:



Факторлық баға (ФБ) – тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы:

ФБ=АТ+НКТ+ЖП(ЖАТ)

Мұндағы :ЖП – экономиканың жалпы пайдасы;

ЖАТ – жалпы аралас табыстар.



Негізгі баға (НБ) - өнімдерге төленетін салықты қоспағанда (ҚҚС пен импорт салығынан басқасы),бірақ өнімдерге субсидия, жәрдем ақшаны қосқанда тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы .

Өндірушінің бағасы (ӨБ)ҚҚС және импорт салығынан бөлек өнімдерге төленетін салықтарды қосқанда және өнімдерге субсидияны қоспағанда тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы .

Негізгі баға мен өндірушінің бағасы арасындағы өзара байланыстар :

а) ӨБ = НБ + өнімдерге ТС (ҚҚС және импорт салығынан бөлек ) = НБ + өнімдерге салық (ҚҚС және импорт салығынан бөлек ) - өнімдерге субсидия ;

б) НБ = ОБ + өнімдерге ТС ( ҚҚС және импорт салығынан бөлек ) = ОБ - өнімдерге салық ( ҚҚС және импорт салығынан бөлек ) + өнімдерге субсидия ,

Мұндағы : ТС – таза салықтар .

Тұтынушының нарықтық бағасы ( ТНБ ) - өнімдерге және импортқа төленетін барлық таза салықтарды қосқанда сатып алушының тауар немесе қызмет үшін төлейтін бағасы .

ТНБ = ӨБ + СКҮБ ,

Мұндағы : СКҮБ – сауда – көліктік үстеме баға .

Есептеулерде тауар мен қызмет шығарылымдары негізгі және өндірушінің бағасында бағаланады . Сондықтан да келесі түзетулер жасалады . Берілгендерді сәйкес түрге келтіру үшін шығарылымды бір бағада қайта есептеуді іске асырады .

Кедендік статистика тауарлар экспортын ФОБ бағасымен (экспорттаушы елдің порты) , ал тауарлар импортын СИФ бағасымен (импорттаушы елдің порты ) есептейді .

«ФОБ» ағылшынның «fob» сөзінен шығады , яғни «бортта боссың» дегенді білдіреді . «ФОБ» бағасына мына компоненттер кіреді :



  • өндіруші бағасымен есептелген тауардың бір бірлігінің құны ;

  • экспортер елдің шекарасын кесіп өткен кезеңдегі тауарлар мен байланысты барлық қызметтер құны , атап айтсақ : тауарды жеткізу , сақтандыру , сақтау , кейінгі тасмалдау үшін тауарды тиеу ;

  • төменгі экспорттық баж салығы мен алынған салықтық жеңілдіктер айырмасы

«СИФ» те ағылшынның «cif» сөзінен шығады , яғни бұл – «құн , сақтандыру», фрахты «тасмалдау» дегенді білдіреді.Сиф бағасы тауар бірлігінің құнын жәнежеткізілетін орынға дейінгі тауарды тасмалдау , сақтандыру мен байланысты барлық қызметтер құнын қамтиды .
2. Өнімді бағалау және қайта бағалаудың статистикалық әдістері .
Тауар экспорты мен импортының бағалары туралы кедендік статистиканың ақпараттары макростатистикалық есеп беру үшін, мысалы , Қазақстан Республикасының төлем балансын және сыртқы экономикалық байланыстың ұлттық шотын өндеуге негіз болады . Мұндай статистикалық есеп берулер Қазақстан Республикасының қаржылық жағдайын , әлемнің басқа елдерімен сыртқы эканомикалық байланыстардың дамуын және күйін көрсетеді .

Экспорт және импорт операцияларына қандай бағамен және қалай қайта есептелу жүргізіледі ?

Төлем балансында және сыртқы экономикалық байланыс есебінде ҰШЖ – дың ұсынысы бойынша тауарларды бағалаудың әр түрлі әдістері есебінен макростатистикалық баланс динамикасын өзгеріссіз қалдыру үшін тауар экспорты мен импортының біркелкі бағалануына «ФОБ» бағасы қолданылады . Осы мақсатта , статистикалық органдар түзетулер мен қайта есептеу арқылы тауардың экспорты мен импортын бір «ФОБ» бағасы мен көрсете отырып, келесі әдістерді ұсынады :


  • сауда счет – фактураларының ішінара бақылау мәліметтерін «сиф» және «фоб» бағасының қатынысымен қолдану негізінде ;

  • «сиф» және «фоб» бағаларының қатынасына экспорттік бағалау қолдану негізінде .

Халыққа тегін берілетін немесе төмен бағамен берілетін өнім қандай бағамен бағаланады?

Үй шаруашылықтарына (мемлекеттік басқару , денсаулық сақтау , білім , қорғау ) төмен бағамен немесе тегін берілетін өнімді өндіру олардың өндірісіне кеткен шығын бойынша бағаланады. Шығындар келесі компоненттердің қосындысы ретінде есептеледі : аралық тұтыну + жалдамалы жұмысшылардың жалақысы + негізгі капиталдық тұтыну + өндіріс процесінде төленген таза салықтар + өз ғимаратын иеленгеннен түскен таза табыс .

Жеке тұтынуға, бартерге арналған өнім негізгі баға бойынша бағаланады .

Өнімнің жалпы құны мен құрылымын анықтауға , ағымдағы нарықтық бағаның маңыздылығына қарамастан , кемшілік тән . Ағымдағы нарықтық баға мен көрсеткіштер бағасы өндірістік және өткізілген тауарлар мен қызметтердің физикалық көлемінің өзгерісін көрсетпейді .Өнімді өндіру және өткізудің физикалык көлемінің динамикасы елдің нақты экономикалық өсу қарқынын , халықтың материалдық жағдайын көрсетеді , өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері еңбек өнімділігін , капитал қайтарымдылығын , пайдалалықты есептеуге негіз болады . Осыған орай өнім көрсеткіштерінің физикалық көлемінің динамикасы , мысалы ЖІӨ тек тұрақты бағамен зерттелуі керек .Тұрақты баға ретінде салыстыру базасы болып алынған жылдың ағымдағы орташа бағалары алынады .ҰШЖ тұрақты бағаны әр бес жыл сайын өзгертіп отыруды ұсынады .

Өнімді ағымдағы бағадан тұрақты бағаға ауыстырудың негізгі әдістері:


  1. тікелей қайта бағалау әдістері ;

  2. дефляцилау әдісі .

Тікелей қайта бағалау әдісінің маңызы мынада : тұрақты бағадағы өнім көрсеткіштерін тұрақты бағаны есептеу кезеңіндегі өндірілген өнім санына көбейту арқылы есептеу .

Дефляциялау әдісі бойынша ағымдағы бағадағы өнім (ЖІӨ) көрсеткіштері индекс – дефлятор арқылы тұрақты бағада есептеледі. Дефлятор бағаның жиынтық денгейін, яғни бір жылдағы эканомикадағы бағаның орташа мәнінің шамасын сипаттайды. Дефлятор дегеніміз – бұл агрегатталған баға индексі , себебі дефляторды құру негізінен баға индексін есептеу құрайды :



p0q1

іp

∑ p1q1

∑ p0q1

∑ p0q1 = ∑ = ∑ p1q1:




Мұндағы : ∑ p0q1 есептегі кезеңдегі тұтынудың ағымдағы баға бойынша жалпы құны немесе тауарлар мен қызметтердің номиналды құны ;

∑ p1q1 / ∑ p0q1 = І - баға индексі ;
∑ p0q1 - есептегі кезеңдегі тұтұнудың тұрақты бағасы бойынша жалпы тұтыну құны немесе тауарлар қызметтердің нақты құны ;
q1 – есептегі кезеңдегі тауарлар мен қызметтер саны

p1 – есептегі кезеңдегі бағалар .

Нақты ЖІӨ құны туралы алынған мәліметтер негізінде ЖІӨ -нің физикалық көлемінің динамикасы сәйкес индексі Іq арқылы есептеледі :
Іq = ∑ p1q1 , ∑ p0q0
мұндағы, Іq – ЖІӨ-нің физикалық көлемінің индексі, есептегі кезеңдегі ЖІӨ - нің нақты құнын (p0q1) базистік кезеңдегі ЖІӨ (p0q0 ) құнымен салыстырады .

3. Қазақстандағы бағалар және тариф өзгерісінің статистикалық бақылауын ұйымдастыру.
Нарыққа өту жағдайында Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі арнайы баға методологиясы бойынша төмендегілерге ішінара бақылау жасайды:

а) тауардың бөлшек сауда бағасына ;

ә) бақылау жасайтын баға әдістемесін жасй отырып тауар және қызметтердің тұтын бағаларына және тарифтеріне.

Бағаларды бақылаудың мақсаты - халыққа уақыттың ағымдағы кезеңіне сәйкестендірілетін тауарлар мен қызметтерді сату бағалары мен тарифтерін тіркеу және бөлшек сауда бағасы мен тұтыну бағаларын есептеу .

Бағаларды ішінара бақылауды ұйымдастыру типтік іріктеу әдісіне, яғни халық ұдайы сатып алатын тауарлар мен қызметтердің шектелген тізіміне негізделген. Сату – сатып алу операцияларының көпшілігінің ішінен типтік жағдайлар іріктелініп алынады. Бақылау үшін іріктеліп алынған сауда және ақылы қызмет нысандары базалық болып саналады, оларда бағалар мен тарифтерді тіркеу ұдайы жүргізіліп отырады. Базалық кәсіпорындар бойынша тұтыну және бөлшек сауда бағаларының индексін, баға деңгейі туралы оперативті мәліметтерді есептеу мақсатында, халықаралық салыстыру бағдарламалары үшін ақпарат жиналады.

Қазақстанда тауарлар мен қызметтерді іріктеп алу келесі белгілер бойынша іске асырылады :



  • аумағы бойынша ( 2 астана және барлық облыс орталықтары );

  • сауда және ақылы қызмет нысандары ( аймақтағы саудалық кәсіп орындар) ;

  • тауар ( қызмет) өкілеттілігінің тізімі бойынша .

Тауарға деген бағалар егер олар бір асортиментке тіркелсе, біркелкі сапалық сипатқа ие болса және сауда тіркелген базалық кәсіпорындарда өткізілсе , екі кезеңде сәйкестендіріледі. Түрі бойынша іріктеліп алынған тауарлар мен қызметтер тұтыну қоржынын құрайды. Тұтыну қоржыны табыс деңгейі әр түрлі халық тобының тұтыну шығындарының нақты құрылымын көрсету негізінде қалыптасады .

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ұлттық Шоттар Жүйесінде қолданылатын бағаларды, олардың құрамын атаңыздар.

2. Тұтыну бағасының бөлшек сауда бағасынан айырмашылығы неде?

3. Бөлшек сауда бағасының индексі республика деңгейінде қалай анықталады?

4. Қазақстан Республикасындағы тұтыну бағасын, оның индексін есептеу үшін ішінара бақылау қалай жүргізіледі?


Тақырып 8. Кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерінің
Дәріс сұрақтары:

1. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері

2. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін факторлық талдау
1. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері.
Өндіріс нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері экономикалық қызмет нәтижесінің шығын немесе ресурстарға қатынасы түрінде есептеледі. Бұған еңбек өнімділігі , капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, өнім бірлігінің өзіндік құны және т.б көрсеткіштер жатады.Экономикалық қызмет нәтижелері, олар, шығару, жалпы қосылған құн , жалпы ішкі өнім , жалпы ұлттық табыс , жалпы пайда.

Аталған көрсеткіштерден басқа экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігі көрсеткіштеріне басқа да тиімділік коэффициенттері жатады:


Таза қосылған құн

К өндірісте тұтынылған құралдарды = --------------------------------------------------------

қолдану тиімділігі аралық тұтыну + негізгі капиталды тұтыну

жалпы пайда+өндірістегі басқа таза салықтар

К өндірістегі ақылы еңбекті = ------------------------------------------------------------

қолдану жалдамалы немесе қолданбалы жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысы

еңбекті пайдалану дәрежесінің тиімділігі

Таза пайда

К ұлттық экономиканың тиімділігі = --------------------------------------------------------

өндіріс шығындары

ЖІӨ немесе ЖӨ

К еңбек өнімділігі = -----------------------------------------------

Т( жұмыс істеушілердің орташа саны)

Жұмыссыздықтың әсерінен болатын өнімнің шығынын статистика былай анықтайды:

∆ Ж.Қ.Қ. жұмыссыздық = W* Ж

мұндағы:


Ж – жұмыссыздар саны.

∆ Ж.Қ.Қ. жұмыссыздық – жұмыссыздықтың әсерінен болатын жалпы қосылған құнның шығыны.

W – еңбек өнімділігі.
2. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін факторлық талдау
Еңбек өнімділігін факторлық талдау. Еңбек өнімділігі, өз кезегінде, еңбектің капиталмен және капитал қайтарымымен сипатталатын материалдық техникалық қамсыздандырылуына тәуелді.

Бұл 3 көрсеткіштің байланысын формула түрінде көруге болады.

W = F*f

F- еңбектің капиталмен жарақтануы;



f – капитал қайтарымы;
а) Еңбек өнімділігін факторлық талдау.

∆ W= W1-W0= F 1f 0-F 0f0

Мұндағы: ∆ W – еңбек өнімділігнің абсолюттік өсімі.

F 1f 0 – есептегі және базистік жылдарға сәйкес еңбектің капиталмен жарақтануы.

F 0f0 – капитал қайтарымы.

Соның ішінде әрбір фактордың әсерін қарастырамыз:

а) еңбектің капиталмен жарақтануының өзгеруі есебінен:

∆ WF= ( F 1 – F0) f0

ә) капитал қайтарымының өзгеруі есебінен;

∆ Wf=(f1-f0 )F1

Абсолюттік өсімдердің өзара байланысы.

∆ W= ∆ WF + ∆ Wf


ә) Екі фактордың әсерінен болатын өнімнің абсолюттік өсімін факторлық талдау.
∆ЖҚҚ =ЖҚҚ1 – ЖҚҚ0= ∑W1T1

Мұнда: ∆ЖҚҚ – жалпы қосылған құнның абсолюттік өсімі.

ЖҚҚ1 ЖҚҚ0- есептегі және базистік жылдарға сәйкес жалпы қосылғанның құнның сомасы.

Енді әрбір фактордың өзгеруін зерттейміз.

а) жеке кәсіпорындардың, экономикалық салалардың еңбек өнімділігінің өзгеруі есебінен жалпы қосылған құнның өсімі.

∆ЖҚҚW = ∑W1 T1 - ∑W0 T1

ә)жеке кәсіпорындарда, экономикалық салаларда жұмыс істейтіндердің орташа санының өзгеруі есебінен жалпы қосылған құнның өсімі:

∆ЖҚҚ = ∑W0 T1 - ∑W0 T0

Жалпы қосылған құнның абсолюттік өсімдерінің өзар байланысы:

∆ЖҚҚ=∆ЖҚҚW+∆ЖҚҚ


б) Орташа еңбек өнімділігін индекстік талдау.

I W = W1/ W 0

Мұндағы: I W - - орташа еңбек өнімділігінің өзгермелі құрамды индексі.

W1/ W 0—есептегі және базистік жылдарға сәйкес орташа еңбек өнімділігі.

в) Есептелген орташа индекстер, соның ішінде үш факторлардың әсер етуі негізінде ЖҚҚ-ның абсолютті өсімі анықталады.

∆ЖҚҚ=∆ЖҚҚ 1- ∆ЖҚҚ0

Оның ішінде әрбір фактордың өзгеруі есебінен:

а) жеке кәсіпорындардың, салалардың еңбек өнімділігінің өзгеруі.

б) жұмысбастылардың санының өзгеруі

в) жұмысбастылардың құрылымының өзгерісі


г) Жұмысшылар саны мен орташа жалақының өзгеру салдарынан жалақы қорының өсіміне факторлық талдау.

∆ЖҚ = ∑ ЖҚ1 - ∑ ЖҚ0=∑Ж1Т1-∑Ж0Т0

Мұндағы: ∑ ЖҚ1∑ ЖҚ0 – есептегі және базистік жылдарға сәйкес жалақы қорлары;

Ж1,Ж0- есептегі және базистік жылдарға сәйкес орташа жалақы;

Т1Т0 – есептегі және базистік жылдарға сәйкес жұмыс істейтіндердің орташа саны, оның ішінде әрбір фактордың өзгеруі есебінен.

А) орташа жалақының өзгеруі.

∆ЖҚж= ∑Ж1Т1 - ∑Ж0Т0

Б) жұмыс істейтіндер санының өзгеруі.

∆ЖҚж= ∑Ж1Т1 - ∑Ж0Т0

Жалақы қорының абсолюттік өсімдерінің өзара байланысы.

∆ЖҚ=∆ЖҚж+∆ЖҚт

А, Ә, Б әдістемелеріне сәйкес статистика келесі көрсеткіштерді зерттейді:

- орташа жалақының өзгермелі, тұрақты құрамды және құрылымдық өзгеру индекстері.

- үш фактор өзгерісі есебінен жалақы қорының өсімі : жеке кәсіпорындарының , салалардың орташа жалақысы , жұмыс істейтіндердің саны және олардың құрылымы.

- екі фактордың өзгеруі есебінен жалпы ішкі өнімнің абсолюттік өсімі, халықтың орташа жылдық санын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.



    1. Экономикалық қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін атаңыз.

    2. Орташа еңбек өнімділігін талдау қалай жүргізіледі?

    3. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштерін айтыңыз.

    4. Ұлттық экономика тиімділігі коэффициенті қалай анықталады?

    5. Өндірісте тұтынылған қорларды қолдану коэффициенті қалай есептеледі?


  1. жүктеу 4,75 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау