Сапа категориялары бойынша өнім сапасының сипаттамасы
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің сапасы мен техникалық деңгейінің негізгі сипаттамасы болып көптеген кәсіпорындарға сапаның категориялары бойынша өнімді бөлу табылады. Барлық өнім (құны бойынша) ең алдымен берілген мезгілде аттестацияға жататын және жатпайтын болып бөлінеді.
Аттестацияға жататын өнім құрамында іс – жүзінде аттестацияланған өнімді оның сапасының жоғарғы, бірінші категорияға және қойылған мезгілде аттестацияланған деп бөлінеді.
Статистикалық есептеу мәліметтері бойынша сапаның жоғарғы категориялы бұйымының құны мен саны бойынша жоспардың орындалуын, жоғарғы категориялы өнімнің үлес салмағын анықтауға болады.
Өнімнің сорттылығының көрсеткіштері
Өнеркәсіптің кейбір салаларының өнімдері әр түрлі бағалар қойылатын сорттарға бөлінеді. Бұл біратты және әраттас өнімнің сорттылығының динамикасы мен деңгейінің көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның өндірістік жұмысының сапасының көрсеткіштері
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің сапасына баға беру үшін бірнеше көрсеткіштер жүйесін қолданады.
Типтік мысал: Кәсіпорынның №6 «тауарлы өнімнің өзіндік құны» деген форма бойынша жылдың есебінде келтірілген біржылға брактан пайда болатын шығын (зиян) туралы мәліметтері негізінде брактың мөлшері мен проценттік және брактан болған шығын мөлшері мен процентін есептейміз.
Баркталынған бұйымдар құны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6,5
Бракты жөндеуге кеткен шығындар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3,0
Пайдалану бағасы бойынша брак құны . . . . . . . . . . . . . . . . 0,5
Жеткізушілерден сомалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3,8
Бракты жасаушылардан ұсталынған сома . . . . . . . . . . . . . . 0,4
Жалпы өнімнің өндірістік өнім құны . . . . . . . . . . . . . . . . . . 500
Брак мөлшері: 6500 + 3000 = 9500 сом
Брак проценті: (9500 : 500000) * 100 = 1,9 %
Брактан болған зиян мөлшері:
6500 + 3000 – (500 + 3800 + 400) = 4800 сом
Зиян проценті: (4800 : 500000) * 100 = 0,96 % .
Өнім сапасы статистикасы
1. Техникалық – экономикалық параметрлері бойынша өнім сапасының сипаттамасы.
Өнім сапасы өнімнің берілген түрінің тұтынушылық бағалылығын, оның техникалық – экономикалық деңгейін анықтайтын жеке қасиеттерін өлшеу жолымен бағаланады. Бұл қуаттылық, моторесурс, мариал және энергия сиымдылығың, кейбір заттардың процесстік мазмұны.
Бұл жағдайда бұйымның қандай да бір қасиетінің сандық бейнесі мемлекеттік стандартпен немесе бұл қасиеттің базистік кезеңдегі деңгейімен салыстырынады. Мысалы, әраттас өнім сапасының динамикасы сапаның жалпы индексінің көмегімен өлшенеді (Іс), оны жеке бұйымдардың сапасының дербес индекстерінен орта арифметикалық индекс ретінде есептеледі.
Типтік мысалдар.
1. Тұрмыстық техника бұйымдары өндірісі туралы төменде келтірілген мәліметтер бойынша олардың сапа көрсеткіштерін есептегіміз:
Тұрмыстық техника бұйымдары
|
Шығарылды, дана
|
Бір бұйымның салыстырмалы бағасы, сан
|
Сапаның дербес индекстері (бірлікке базистік кезең алынған)
|
Базистік кезең
|
Есепті кезең
|
Қызмет ету мерзімі
|
Электр энергиясының үлес салмағы
|
Үлес металсиымдылығы
|
Тоңазытқыш шақсорғыш
|
2500
3200
|
2800
3100
|
42
11
|
1,5
1,25
|
0,90
1,03
|
0,98
1,00
|
Ең алдымен сапаның топтық индексін анықтаймыз (әр бұйым бойынша):
Ісап (тоқау) = 1,5×=1,7;
Ісап (мақс) = 1,25 × =1,2.
Енді сапаның жалпы индексін есептейміз (2 бұйым бойынша бірге):
Үк = = = = 1,59.
Достарыңызбен бөлісу: |