ПОӘК 042-14-3-01.1.20.19/03-2012
|
Басылым № 2 .26.09.2012
|
беттің -сі
|
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3-деңгейдегі құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14-3-01.1.20.19/03-2012
|
«Салық есебі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№2- басылым
|
« САЛЫҚ ЕСЕБІ» ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 050508 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН
Семей 2012
Мазмұны
1
|
1.Глоссарий 3
|
|
2
|
2.Дәріс 4
|
|
3
|
3.Тәжірибелік сағаттар 43
|
|
4
|
4.Студенттің өздік жұмысы 46
|
|
1.ГЛОССАРИЙ
1.1.Бухгалтерлік есеп – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән.
1.2. Бухгалтерлік шоттар – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі
1.3. Бухгалтерлік баланс – бухгалтерлік есеп әдісінің бірі.
1.4. Салық базасы деп - құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.
1.5. Салық мөлшерлемесі - салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.
1.6.Салық кезеңі – бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.
1.7.Қазақстан Республикасындағы салық заңы – республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжат болып табылады
1.8. Тұрақты айырмашылықтар – бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есептік кезеңдерде жойылмайтын салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындағы айырмашылық.
1.9.Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген кезде кейбір табыс пен шығыс баптарының бір бөлігі бір есептік кезеңде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде басқа есептік кезеңде есептелінеді.
1.10.Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция
Салық төлеуші – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға.
1.11.Салық объектісі– заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар.
1.12.Салық көзі – Салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.
1.13.Салық ставкасы – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді.
1.14. Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушінің біртіндеп немесе салық төлеуден толық босату.
1.15. Салықты төлеу мерзімі – салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты.
1.16.Салықтар - қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
1.17.Акциздік (жанама) салық – сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.
1.18.Салық кодексі - республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжат болып табылады.
1.19.Халықаралық келісім-шарт бойынша арнайы ережелер. Халықаралық келісім-шарттың ережелері салынатын салықтың екі жақты болмауын және бір жақтың салық салудан қашуын болдырмау үшін жасалынады.
1.20. Арнаулы салық режимі- салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлері мен жер телімін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің, сондай – ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛДАР
1 Тақырып.Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі орны
Дәріс жоспары:
1.Салықтардың экономикалық мәні.
2.Салық салудың негізгі қағидалары.
3.Бюджетке төленетін міндетті төлемдер.
1.Салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық- экономикалық құрылысы мен саяси іс – бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілі бір мөлшерде мемлекеттік табысқа міндетті түрде аударылатын ақшалай немесе заттай төлем болып табылады, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің өзгертілген нұсқасы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады, мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Достарыңызбен бөлісу: |