ПоәК 042 14. 3- 04/2009 Басылым №1, 30. 09. 2009ж



жүктеу 0,68 Mb.
бет5/5
Дата25.11.2017
өлшемі0,68 Mb.
#1735
1   2   3   4   5

Ұсынылатын әдебиет:

1.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003, 52 – 57 б.

2. ҚР Еңбек Кодексі, 11.02.2007ж.

3. ҚР «Еңбек туралы» Заңы, 01.01.2000.



Тақырып 9. Еңбек нарығын болжау.

1.Демографиялық болжауды әзірлеу.

2.Жұмысшы күшінің сұраным мен ұсынымын болжау.

3.Жұмыспен қамтылудың болжамы.



Сабақтың мақсаты: Демографиялық болжауды әзірлеуін қарастыру және талдау. Жұмысшы күшінің сұраным мен ұсынымын болжаумен танысу және көрсету. Жұмыспен қамтылудың болжамы қалай ұйымдастырылады және оған қандай құжаттар қажет екендігін көрсету.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Стратегическое планирование. Под ред. Уткина Э.А. М.,1999.

2.Морозова Л.Е. и др.Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М., 2003, с.22-34.

3. Сафронова В.М.Прогнозирование и моделирование в социальной работе.М., 2002, с. 127-154.



Тақырып 10. Еңбек нарығын индустриалды дамыған елдерде реттеу.

1. Еңбек нарығын реттеудің тарихи тәжірибесі.

2. Еңбекке сұраным мен ұсынымның мемлекеттік реттеуінің шаралары.

З. Жұмыссыздарды қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар.



Сабақтың мақсаты: Еңбек нарығын реттеудің тарихи тәжірибесінің мәні және мазмұны. Еңбекке сұранымның мемлекеттік реттеуінің шараларын қарастыру. Еңбекке ұсынымның ұғымын және олардың қажеттілігін түсіндіру. Жұмыссыздарды қолдайтын мемлекеттік бағдарламаларды қарастыру.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Рынок труда и социальная политика в Центральной и Восточной Европе. М., 1997.



Тақырып 11. Еңбек процестерінің технологиясы және функционалды еңбекті талдау.

1.Еңбек процесінің мәні, мазмұны және ерекшеліктері.

2.Жұмыс орны және оның жарақтандырылуы.

3.Еңбекті функциялық талдаудың міндеттері мен ерекшеліктері.



Сабақтың мақсаты: Еңбек процесінің мәні, мазмұны және ерекшеліктерімен танысу. Жұмыс орнының мәні және мақсаты, оның жарақтандырылуымен таныстыру. Еңбекті функциялық талдаудың мәні, міндеттері және ерекшеліктерін көрсету және таныстыру.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003, 76-84,95- 109 б.



Тақырып 12. Еңбекті өлшеу және нормалау.

1.Еңбекті өлшеу және нормалаудың ұғымы және рөлі.

2.Еңбек нормаларының функционалды бөлінуі.

3.Еңбекті өлшеу және нормалаудың әдістері.



Сабақтың мақсаты: Еңбекті өлшеудің мазмұны және міндеттерімен танысу. Еңбекті нормалаудың ұғымы және рөлін көрсету. Еңбек нормаларының функционалды бөлінуімен таныстыру. Еңбекті өлшеудің әдістерін көрсету. Еңбекті нормалаудың әдістерімен студенттерді таныстыру.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003,110- 122 б.



2. Сәлімбаева Б.К., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу. А., 2001.

Тақырып 13. Еңбек өнімділігі және еңбек қызметінің қарқындылығы.

1.Еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығының мәні және маңызы.

2.Еңбек қарқындылығын классификациялау.

3.Еңбек өнімділігі мен қарқындылығының өлшеу әдістері.



Сабақтың мақсаты: Еңбек өнімділігінің мәні және маңызы. Еңбек қарқындылығының мәні, маңызы және еңбек өнімділігімен байланысын көрсету. Еңбек қарқындылығының жіктелуін көрсету. Еңбек өнімділігінің өлшеу әдістерімен танысу. Еңбек қарқындылығының өлшеу әдістерімен таныстыру.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Сәлімбаева Б.К., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу. А., 2001.

2. Адамчук В.В. и др. Экономика и социология труда. М.:Юнити, 1999, с. 141-168.
4. Студенттердің өздік жұмысы

4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған уақытын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.

Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.
5. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары:


  1. Еңбек саласының халықты жұмыспен қамтамасыз етудегі рөлі.

  2. Экономиканы дамытудағы жұмысшы күшінің маңызы.

  3. Әлеуметтік мекемелерінің нарық жағдайындағы міндеттері мен мақсаты.

  4. Қазақстанда еңбек нарығының жағдайы.

  5. Шығыс Қазақстан облысында еңбек нарығының жағдайы.

  6. Семей аймағында еңбек нарығының жағдайы.

  7. Халықты жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттің алатын орны.

  8. Кірістерді молайтудағы өнеркәсіп мекемелерінің шаралары.

  9. Дамыған шет елдерінің жұмыспен қамтамасыз етудегі орны.

  10. Қазақстанда еңбек ақыны төлеу және жоғарылатудың шаралары.

  11. Еңбек нарығының тиімділігін жоғарылату.

  12. Табыс деңгейлері төмен отбасыларына қолданылатын әлеуметтік бағдарламалар.

  13. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат.

  14. ШҚО жұмыспен қамтамасыз етудегі мелекеттік органдарының шаралары.



6. Емтихан сұрақтары.

1. Пәннің заты және міндеттері.

2. ЕҢЭ мәні. ЕН әрекет етуінің ерекшеліктері.

3. Жалпы экономикалық пәндер жүйесінде ЕНЭ рөлі.

4. Еңбек адам әрекетінің саласы ретінде.

5. Еңбектің түрлерін жіктеу және олардың сипаттамасы.

6. Кәсіпкерлік еңбек қызметінің маңызды саласы ретінде.

7. Нарық жағдайларында еңбекті басқару.

8. ХЕҰ құру, дамыту және міндеттері.

9. ХЕҰ құрылымы және оның негізін қалаушы құжаттары.

10. ХЕҰ жұмыс әдістері және қызмет саласы.

11. Еңбек ресурстары және жұмыспен қамтылу, олардың сипаттамасы.

12. Еңбек нарығының негізгі компоненттерінің әрекет ету механизмі.

13. Жұмысшы күшіне сұраным және ұсынымды қалыптастырудың негізгі бағыттары.

14. Еңбек нарығының сегментациясы.

15. Нарық жағдайларында жұмыссыздық деңгейін болжау.

16. Жиынтық ұсыным және жиынтық сұраным.

17. Жиынтық ұсынымға деген классикалық және кейнсиандық көзқарастар.

18. Жұмыссыздық классикалық көзқарас тұрғысынан.

19. Халық және еңбек ресурстары.

20. Кәсіпорын жұмысшыларының жеке құрамын және персоналын қалыптастыру.

21. Жұмыспен қамтылу теориялары және олардың тәжірибеде қолдануы.

22. Жұмыспен қамтылу саясатының мәні және бағыттары.

23. Жұмыспен қамтылудың функциялары.

24. Өндірістің ұйымдастырушылық факторлары және еңбек қызметін ұйымдастырудың функциялары.

25. Еңбек бөлісі және кооперация.

26. Жеке және ұжымдық еңбек келісімдері.

27. Демографиялық болжауды әзірлеу.

28. Жұмысшы күшінің сұраным мен ұсынымын болжау.

29. Жұмыспен қамтылудың болжамы.

30. Еңбек нарығын реттеудің тарихи тәжірибесі.

31. Еңбекке сұраным мен ұсынымның мемлекеттік реттеуінің шаралары.

З2. Жұмыссыздарды қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар.

33. Еңбек процесінің мәні, мазмұны және ерекшеліктері.

34. Жұмыс орны және оның жарақтандырылуы.

35. Еңбекті функциялық талдаудың міндеттері мен ерекшеліктері.

36. Еңбекті өлшеу және нормалаудың ұғымы және рөлі.

37. Еңбек нормаларының функционалды бөлінуі.

38. Еңбекті өлшеу және нормалаудың әдістері.

39. Еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығының мәні және маңызы.

40. Еңбек қарқындылығын классификациялау.

41. Еңбек өнімділігі мен қарқындылығының өлшеу әдістері.





жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау