ПоәК 042-14-1-05. 01. 20. 38/03-2010 №1 басылым орнына



жүктеу 7,09 Mb.
бет74/74
Дата18.12.2017
өлшемі7,09 Mb.
#4558
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74

Дәріс 13


(1 сағат)
Тақырып. Жылуалмастыру аппараттары
Дәріс сабақтың мазмұны
1 Жылутасымалдағыштар.

2 Жылумассаалмасу аппараттарының жобалау негіздері.

3 Жылумассаалмасу аппараттардың түрлері

4 Жылумассаалмасу аппараттарының есебі


Жылуалмастыру аппараттары деп олардың технологиялық немесе энергетикалық жылытқыштар, қойылту, буды суға айналдыру міндеттеріне қарамай олардың жұмысшы денелерінің арасындағы жылу алмасатын аппараттарын айтамыз.

Жылуалмастыру аппараттарының технологиялық міндеті көп түрлі: жылу алмастыру аппараттарында жылу беру негізгі процесс, ал реакторларда жылу процессі қосымша роль атқарады.

Жылуалмастыру аппараттары әртүрлі белгі бойынша реттеледі.

Жылуберілу жолдары бойынша жылу араласатын жылу алмастыру аппараттары.олардың ішінде жұмысшы денелер бірбірімен түйіседі немесе араласады, беттік жылуалмастыру аппараттары жылу осы орталарды бөліп тұратын қатты қабырға арқылы бір денеден екінші денеге таралады

Негізгі атқаратын міндеті бойынша жылытқыштар буландырғыштар, тоңазытқыштар, газдың немесе будың суға айналуын жүзеге асыратын аппарат.

Жылулық оқшауландыру

Жылудың әсерін азайту үшін құбардың, аппараттың термиялық кедергісін көбейту керек. Ол үшін құбырдың, аппараттың сыртына белгілі бір не бірнеше оқшауландыру материалын жауып, содан кейін оның сыртынан бояп, не сылақ жұмыстарын жүргізеді.

Оқшауландыру материалдарына асбест, слюда, пробка, торф, стекловата т.б жатады. Оларды табиғи күйінде алып, оларды біраз өңдеген соң қабырға бетіне қабаттап жағады. Оқшауландыру қабатын сақтау үшін олардың сыртынан жұқа металл бетімен немесе фольгасымен қаптайды. Бұл қабаттың оқшауландыру қасиеттерін жақсартады, себебі фольгамен оқшауландыру материалы арасында жылуды нашар өткізетін ауа сақталады.
Өздік бақылау сұрақтары
1 Жылумассаалмасу аппараттар деп нені айтады?

2 Жылумассаалмасу аппараттарының түрлері. Приведите уравнение теплопередачи.

3 Жылумассаалмасу аппараттардың жылулық балансын көрсетініз.

4 Жылумассаалмасу аппараттардың жылулық есебі.


Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. – б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». – М.: Высшая школа, 1980. – б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Баскаков Б.В., Берг О.К., Витт и др. «Теплотехника» - М.: Энергоатомиздат., 1991. – б. 4-11, б. 40-41

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Дәріс 14


(1 сағат)
Тақырып. Қазандық қоңдырғылар

Дәріс сабақтың мазмұны
1 Қазандық қоңдырғының негізгі түсініктемелері мен оныңсипаттамалары.

2 Қазандық қоңдырғының классификациясы

3 Қазандық қоңдырғының термиялық ПӘК-і

4 Буқыздырғыштар. Экономайзерлер. Ауақыздырғыштар.


Қазандық агрегат деп, қысым мен температурада және берілген мөлшерде буды алуға арналған энергетикалық құрылғы. Бұл құрылғыны, бу генераторы деп атайды, онда, бу генерациясы өтеді немесе оның қарапайым аты булы қазан.

Қажетті бу немесе ыстық су жасауға арналған, қазандық агрегаттардың және қосымша құрылғылар мен механизмдердің жиынтығын, қазанды қоңдырғы деп атайды.

Қазандық қоңдырғы мыналардан құралады: қазаңдық агрегаттан, барабан, жыйнаушы (коллекторлар), қабырға бойында орналасқан қайнатқыш экранды құбырлар, барабан мен жинаушы (коллекторды) жалғастырушы; түсірмелі құбыр арқылы, су жоғарғы барабаннан, төменгі жинаушыға (коллекторға) ағып түседі; бу ысытушы – қазаннан алынатын қаныққан буды, белгіленген температураға дейін қыздырға арналған. Будың температурасын арттыру, түгеліменқоңдырғының үнемділігін арттыруға әкеліп соғады (су жылытқыш қазанда бу қыздырғышы жоқ).

Қазанды агрегаттардың негізгі элементтеріне жататындар:



Жағу – құрылғы, онда отының химиялық энергиясына байланысты, өнімнің жануынан жылу энергиясына түрленіп жүреді.

Су үнемдегіш (экономайзер), қазандыққа түскенге дейінгі суды жылытуға арналған. Қазандық агрегаттан шыққан ыстық газбен суды жылытуды жүргізіледі, сонымен қатар, ыстық газдың жылуын пайдалану есебінен, қазандықтын үнемділігін арттырады.

Ауа жылытқыш, ауаны жылытуға арналғанын, жағуға тусер алдындағы қазандық агрегаттан шығуы.

Қазанды оңдырғылардың қосалқы жабдықтарына – отын дайындаушы құрылғы, отын жеткізуші, қатты отындарды жағу кезіндегі күл алып кетуші жүйелер және күлді ұстаушы, сумен қамтамасыздандыруға арналған құрылғы, қамтамасыздандырушы қоңдырғы, үрлеуші желдеткіштер, түтін сорғылар немесе тартып сорушы қоңдырғы, жылылықты тексеруші аспаптар және құрылғыны автоматты басқарушы.

Ірі қазандық қоңдырғылардың, отын дайындаушы құрылғылардың, шаң түріндегі катты отынды жағуы, өзінің тағайындалуымен диірменде, әр түрлі типтегі, кесек отыннан шаңды дайындайды (барабанды, шарлы, балғалы).
Өздік бақылау сұрақтары
1 Қазандық қоңдырғы дегеніміз не?

2 Қазандық қоңдырғының сипаттамалары қандай?

3 Қазандық қоңдырғының классификациясы?

4 Қазандық қоңдырғылардың жылулық балансы?

5 Қазандық қоңдырғының термиялық ПӘК-і?
Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. – б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». – М.: Высшая школа, 1980. – б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Баскаков Б.В., Берг О.К., Витт и др. «Теплотехника» - М.: Энергоатомиздат., 1991. – б. 4-11, б. 40-41

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Дәріс 15


(1 сағат)
Тақырыбы. Жылулық электростанциялары
Дәріс сабақтың мазмұны
1 Электростанциялардың түрлері. ЖЭС-ның жіктелуі

2 Бу турбиналы конденсациялық электрстанциялар

3 Құрамалы жылу және электр станциясы

4 Дизелді және газ турбиналы электростанциялар


Электростанция деп – табиғи энергия көзін электр энергиясына айналдыруға арналған энергиялық қондырғы. Органикалық отындарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) жағу кезінде бөлінген жылу энергиясын пайдаланатын электростанциялар станциялар (ЖЭС) деп аталады.

ЖЭС-да электр энергиясы айналмалы генератор арқылы өндіріледі, генераторды көбінесе булы, кейде газ турбиналар жылу двигательдерінің көмегімен айналдырады. Органикалық отынмен жұмыс істейтін бу турбиналы ЖЭС-ның өндірілген энергия түріне қарай конденсациялы электр станциялары (КЭС) және жылуэлектрорталықтары (ЖЭО) болып бөлінеді.

Конденсациялық электр станциясының жұмыс негізіне қыздырылған буға арналған Ренкин циклі алынады. Осы циклға сәйкес қарапайым конденсациялық электростанцияның сызбанұсқасы бу қыздырғышы бар бу қазандық агрегатынан турбоагрегаттан, салқындатқыштан, бу генераторына конденсатты тасымалдайтын сараптан тұрады.

КЭС тұтынушымен тек қана электр тасымалдағыш жүйесі байланыстырады, сондықтан ол тұтынушыдан алыс тұруы мүмкін, мысалы, отынды өндіру орнына жақын.

ЖЭО сыртқы тұтынушыларға электр және жылу энергиясын (бумен немесе ыстық сумен) жібереді. ЖЭО өндіріс орындары мен тұрғын үйлермен бу құбырларымен ыстық су құбырларымен жалғасқан. Сондықтан, тым алыс орналасса, жылу шығыны көбейеді. Осындай типті станциялар негізінен өндіріс орындары мен тұрғын үй аудандарына жақын орналастырылады.

Дизельдік (негізінен алыс аудандарда) және газ турбиналық электростанциялар аз қолданылады.


Өздік бақылау сұрақтары
1 Электростанциялардың түрін қолданған қозғалтқыштар түрлеріне байланысты атаңыз.

2 Конденсациялық электростанцияларының қолданылуы қандай?

3 Жылуэлектрорталықтарының қолданылуы туралы айтыңыз?

4 КЭС принципиалдық сызбанұсқасын салыңыз

5 Жылулық электрорталықтарының сызбанұсқасын көрсетіңіз.

6 Дизельдік және газ турбиналық электростанциялардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай ?


Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. – б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». – М.: Высшая школа, 1980. – б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Баскаков Б.В., Берг О.К., Витт и др. «Теплотехника» - М.: Энергоатомиздат., 1991. – б. 4-11, б. 40-41

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.


3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ сабақтар




Практикалық сабақ 1


(1 сағат)

Тақырып. Идеал газ күйінің параметрлердің есебі.
Сабақ мақсаты. Термодинамикалық жүйе, жұмыс дене мен қоршаған орта, күй параметрлері. Универсалды газ тұрақтысы туралы ұғымдар. Қарастырылған өлшемдерінің өлшем бірлігін білу.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Бақылау сұрақтар
1 Жылутехника нені оқытады?

2 Жылудинамикалық жүйе деп нені түсінесіз?

3 Қандай жүйе тепе-теңдіктегі және теңестірілмеген деп аталады?

4 Термодинамикалық процесс деген не?

5 Идеал газ деген не?

6Нақты газ деген не?

7 Идеал газ күйінің теңдеуін жаз.

8 Нақты газ теңдеуін жаз.

9 Универсалды газ тұрақтысы мен газ тұрақтысының айырмашылығы

10 Негізгі күй параметрлері?

11 Газ қоспасы деп нені айтады?

12 Нақтылы және орташа жылусыйымдылықтардың айырмашылығы?

13 Майер теңдеуінің физикалық мәні?

14 Температраның t1-ден t2-ге өзгеруіне сәйкес орташа жылусыйымдылықтың формуласын жазыныз.

15 Газ қоспасының жылусыйымдылықты қалай аңықтайды?
Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Практикалық сабақ 2, 3


(2 сағат)
Тақырып. Жылу динамикасының бірінші және екінші заңдары.
Сабақ мақсаты. Термодинамиканың бірінші бастамасын білу. Энергияның сақталу және айналу заңдарын талдау.Термодинамикалық жүйенің энергиясын, ішкі энергияның өзгеруін және энтальпияның анықтау
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Бақылау сұрақтар
1 Жылу динамикалық бірінші заңы

2 Жылу мен жұмыстың өлшем бірліктерінің қатнасы

3 ПӘК формуласын жазыныз

4 Жылу динамикасының бірінші заңының аналитикалық кескінің түсіндір

5 Ішкі энергияның формуласын жазыныз

6 Жылу динамикалық екінші заңы

7 Жылудинамикасының екінші заңының бірінші заңға қарағандағы айырмашылығы.

8 Энтропия дегеніміз не?

9 Энтропияның абсолюттік мәні қалай табылды.
Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Практикалық сабақ 4, 5


(2 сағат)
Тақырып. Идеал газ күйінің жылудинамикалық процестері.
Сабақ мақсаты. Идеал газдардың жылудинамикалық процестерін анықтау.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Бақылау сұрақтар
1 Жылудинамикалық процестерге қандай процестер жатады?

2 Изохоралық процесс дегеніміз не?

3 Изобаралық процестің негізгі есептеу формулаларын жазыңыз

4 изотермиялық процестің графигі қандай?

5 Адиабаттық процесс деп қандай процесті айтады

6 Политроп процесінің маңызы
Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Практикалық сабақ 6


(1 сағат)
Тақырып. Термодинамиканың ағысы.
Сабақ мақсаты. Термодинамиканың ағысының жылдамдығын анықтау.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Бақылау сұрақтар
1 Сопло дегеніміз не?

2 Диффузор дегеніміз не?

3 Дроссельдеу процессі дегеніміз не?

4 Дроссельдеу процессін көрсетініз

5 Реал газдардың параметрлері қалай өзгереді?

6 Қозғалыс процессі дегеніміз не?


Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Практикалық сабақ 7


(1 сағат)
Тақырып. Компрессорлар
Сабақ мақсаты. Компрессорлардың жұмыс істеу принципін білу. Іштен жану қозғалтқышының, газотурбиналық қоңдырғының циклдарын анықтау, қозғалтқыштардың термиялық ПӘК-ін есептеу.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Бақылау сұрақтар
1 Компрессор дегеніміз не?

2 Компрессордың жұмыс істеу принципі?

3 Компрессордағы изотермиялық, адиабаталық және политропты сығылу процестерін көрсетініз.

4 Жұмыс дененің изотермиялық, адиабаталық және политропты сығылуы кезінде компрессордың жұмысы қалай табылады?

5 Бір сатылы поршеньді компрессор

6 Көпсатылы сығылуы кезіндегі жұмысты қалай табады?


Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Практикалық сабақ 8


(1 сағат)
Тақырып. Газтурбиналы қодырғының циклдарын.
Сабақ мақсаты. Газотурбиналы қодырғылардың циклдарымен танысу.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Бақылау сұрақтар
1 Термодинамикалық диаграммаларда поршеньді Газотурбиналық қоңдырғының изохоралы жылу келтірілетін циклын көрсетініз

2 Газотурбиналық қоңдырғының изохоралы жылу келтірілетін циклын ПӘК-ің қалай анықтайды?

3 Термодинамикалық диаграммаларда поршеньді Газотурбиналық қоңдырғының изобаралы жылу келтірілетін циклын көрсетініз

4 Газотурбиналық қоңдырғының изобаралы жылу келтірілетін циклын ПӘК-ің қалай анықтайды?

5 Газотурбиналық қоңдырғының термиялық ПӘК-ің көтеру әдістері қандай білісіз?
Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Практикалық сабақ 9


(1 сағат)
Тақырып. Бу күштік циклдары
Сабақ мақсаты. Бу күштік қоңдырғыларын жұмыс істеу принципін білу. Бу күштік циклдарын есептеу үйрену. Ренкин циклын есептеу үйрену.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Бақылау сұрақтар
1 Бу күштік қондырғылардың қолдану жағдайын түсіндіріңіз

2 Бу күштік қондырғылардың сызбанұсқасын сызыңыз

3 Бу күштік қондырғылардың PV, ТS және IS-диаграммаларын тұрғызып, түсіндіріңіз

4 Бу күштік қондырғылардың теориялық циклы деп нені алады

5 Бу күштік қондырғылардың үнемділігін жоғарылату әдістері қандай
Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Практикалық сабақ 10


(1 сағат)
Тақырып. Тоңазытқыш машиналардың циклдары
Сабақ мақсаты. Жылулық сораптардың және тоңазытқыш машиналардың жұмыс істеу принципін білу. Жылулық сораптардың және тоңазытқыш машиналардың циклдарын есептеу үйрену.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Бақылау сұрақтар
1 Тоңазыту қоңдырғысының маңызы қандай?

2 Тоңазыту қоңдырғылардың түрлері?

3 Тоңазыту агенттерінің түрлерін атаныз

4 Бумен жұмыс істейтін компрессорлы тоңазытқыштың жұмыс істеу принципін түсіндір.

5 Бумен жұмыс істейтін компрессорлы тоңазытқыштың циклын тұрғызыңыз.

6 Реттеуіш вентилдің сызбанұсқадағы орны.

7 Бу эжекторлы тоңазытқыштың сызбанұсқасын түсіндіріңіз

8 Бу эжекторлы тоңазытқышының артықшылығы.


Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Практикалық сабақ 11


(1 сағат)
Тақырып. Стационарлық режим кезіндегі жылуөткізгіштік.
Сабақ мақсаты. Жылудың бір қабатты және көпқабатты жазық қабырғалар арқылы берілуі, жылудың бір қабатты және көпқабатты цилиндр қабырғалары арқылы берілуі, жылудың шар тәріздес қабырғалар арқылы берілуін есептеу үйрену
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Бақылау сұрақтар
1 Жылу өткізгіштік үшін бір және көпқабатты жазық қабырғалар арқылы өтетін жылу ағынының формуласын жаз.

2 Цилиндрлік бір және көпқабатты қабырғалар арқылы өтетін жылу ағынының формуласын жаз

3 Температуралардың жазық қаырғалар қалыңдығы рақылы өтуі қай заңмен реттеледі.

4 Қабырғалардың жылу өтімділігі дегеніміз не ?

5 Термиялық кедергі дегеніміз не?

6 Шар тәріздес беттен өтетін жылу ағынының формуласын жазыңыз.



Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Практикалық сабақ 12


(1 сағат)
Тақырып. Конвективті жылуалмасу
Сабақ мақсаты. Конвективті жылуалмасуын анықтау.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Бақылау сұрақтар
1 Ковективті жылуалмасу дегеніміз не?

2 Конвективті жылу алмасудың түрлерін атаңыз

3 Орта температура, анықтаушы температура, сәйкестік диаметрі туралы не білесіз

4 Жылу мөлшерінің формуласын жазыңыз

5 Орта температураның формуласын жазыңыз

6 Ұқсастық теориясы және теңдеулері туралы не білесіз

7 Агрегаттық жүйе өзгергендегі жылу алмасуды түсіндіріңіз

Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Практикалық сабақ 13


(1 сағат)
Тақырып. Агрегатты күй өзгеруі кезіндегі конвектиті жылуалмасу
Сабақ мақсаты. Агрегатты күй өзгеруі кезіндегі конвектиті жылуалмасу процестерінің әдістемелерін анықтау.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Бақылау сұрақтар
1 Су қайнау кезіндегі жылуалмасудың ерекшеліктері қандай?

2 Бу конденсацияланған кезіндегі жылуалмасудың ерекшеліктері қандай?

3 Қандай қайнау режимдерін білесіз.
Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Практикалық сабақ 14


(1 сағат)

Тақырып. Жылуберу
Сабақ мақсаты. Үшінші түрдегі шекаралық шарттарының есебін әдістерін оқып үйрену.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Бақылау сұрақтар
1 Жылу беру жылуөткізгіштіктен айырмашылығы қандай?

2 Бірінші түрдегі шекаралық шарттарының айырмашылығы қандай?

3 Жылу беру термиялық кедергі дегеніміз не?
Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66

5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Практикалық сабақ 15


(1 сағат)

Тақырып. Жылуалмасу аппараттар
Сабақ мақсаты. Жылуалмасу аппараттарының есеп әдістерін оқып үйрену.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Бақылау сұрақтар
1 Жылуалмасу аппараттар дегеніміз не?

2 Жылуалмасу аппараттарының классификациясы?

3 Жылуберудің теңдеуін келтірініз.

4 Жылуалмасу аппараттарының жылулық балансын қалай құрайды?


Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66



5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.

Зертханалық жұмыс 1


(1 сағат)
Тақырыбы. Термодинамиканың жалпы мәліметтері
Жұмыс мақсаты. Термодинамиканың жалпы мәліметтерін оқып үйрену
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.

Зертханалық жұмыс 2


(2 сағат)
Тақырыбы. Ауаның жылусыйымдылығын анықтау
Жұмыс мақсаты. Жылусыйымдылығының теориясын білу, ауаның жылусымдылығын анықтау.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.

Зертханалық жұмыс 3


(2 сағат)
Тақырыбы. Газ циклының термодинамикалық диаграммалары
Жұмыс мақсаты. Термодинамикалық диаграммаларымен танысу. Газ циклдарын есептеу.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.

Зертханалық жұмыс 4


(2 сағат)
Тақырыбы. Термодинамикалық диаграммаларында булы циклдарын есептеу
Жұмыс мақсаты. Булы циклдарынын термодинамикалық диаграммаларымен жұмыс істеу үйрену.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.


Зертханалық жұмыс 5


(2 сағат)
Тақырыбы. Ылғалды ауаның процестерін термодинамикалық зерттеу
Жұмыс мақсаты. Ылғалды ауаның, кептіру процестердің негізгі сипаттамамаларымен танысу. Ылғалды ауаның - диаграммасымен жұмыс істеу үйрену.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.

Зертханалық жұмыс 6


(1 сағат)
Тақырыбы. Жылуалмасу теориясының негізі
Жұмыс мақсаты. Жылуалмасу теорияны оқып үйрену.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.


Зертханалық жұмыс 7


(1 сағат)
Тақырыбы. Цилиндр әдісімен жылуоқшауланған материалдардың жылуөткізгіш коэффициентін анықтау
Жұмыс мақсаты. Цилиндр әдісімен жылуоқшауланған материалдардың жылуөткізгіш коэффициентін есептеу үйрену.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.

Зертханалық жұмыс 8


(2 сағат)
Тақырыбы. Қатты оттықтын құрамын анықтау
Жұмыс мақсаты. Қатты оттықтын құрамын оқып және есептеу үйрену
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.


4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Кредиттік жүйемен оқу кезінде студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыруға жоғары талаптар қойылады, оған үй тапсырмаларын орындауда кіреді.



Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысы – бұл кредиттік жүйемен оқу кезінде оқу жұмысының бір түрі, онда диалогтық тәртіпте аудиториялық сабақ түрінде өткізіледі, сонымен бірге аудиториядан тыс кеңес түрінде жүргі


жүктеу 7,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау