Оқшаулағыш газкағарлар. Оқшаулағыш газқағарларға ИП-46, ИП-4М, ИП-5 жатады. Тыныс алу мүшелерін, көзді, бетті ауадағы кез келген қоспадан оның ерекшелікгері мен жинақталуына қарамастан қорғау үшін, сондай-ақ ауада оттегі жетпеген жағдайдағы жұмыс үшін қолданылады. Бұл газқағарлар АҚ арнайы құрамаларының, барлау, өрттен қорғау, залалсыздандыру құрамаларының жабдықтау қоймаларында тұрады. Оқшаулағыш газқағардың қорғаныс іс-әрекетінің принципі атмосфералық ауаның тыныс алу үшін пайдаланылмайтындығына, адамның газқағарды пайдалану процессінде регенеративті патрондағы заттан бөлінетін оттегімен демалатындығына негізделген.
Оқшаулағыш газқағар алдыңғы бөліктен, жіберу икемделгіші ба регенеративті патроннан, артық қысым клапаны бар тыныс алу қабынан, каркастан және сөмкеден тұрады.
Өнеркәсіптік газқағарлар. Химиялық қауіпті объектілер қызметкерлерін қорғау үшін өнеркәсіптік газқағарлар жасалынады. Олар сүзгілік газқағарлар сияқты тыныс алу мүшені, көз бен бетті зақымданудан сақтайды. Олардың қолданылу аясы тар, адамды тек нақты жағдайларда ғана зиянды заттардан қорғайды. Сондықтан да олардың сүзгілік қорапшасы жұтқыштар құрамы бойынша қатаң мамандандырылған және ауадағы улы затты немесе зиянды қоспаны тазартады. Өнеркәсіптік газқағарлардың сүзгілік қорапшаларының осы маркаға сай өз мақсаты және бояуы бар (мысалы: В қара – сынап буынан, Ж қызыл – аммиактан және т.б). Соңғы шыққан енеркәсіптік газқағарларға ПФМ-1, ППФ-95М, ПФМ-ЗП, ППФМ-92, ППФ-95, ППФ-87 жатады.
Тыныс жолдарын радиоактивті шаңнан, зиянды газдан және аэрозоль қоспасынан қорғаудың қарапайыи құралы ретінде Р-2 респираторлар қолданылады. Респиратор жүзікті полиэтиленді пакетте сақталады. Р-2 респиратордан басқа өнеркәсіптік газқағарлар (ПР-5, ПРБ-5, ШБ-1, және т.б,) кеңінен пайдаланылады (8 сур.).
Тыныс жолдарын қорғайтын қарапайым құралдары ретінде қарапайым мақта-дәкі таңғышын және шаңнан қорғайтын мата маскасын (ПТМ) пайдалануға болады. ПТМ-1 шаңнан қорғайтын мата маскасы. Корпусы матаның 4-5 қабатынан тұрады. Үстіңгі қабаты штапель, миткаль, тоқыма, бязь, ішкі қабаттар үшін фланель, бомазей, мақта-мата немесе жүн мата жарамды. Көзді қорғау үшін маска ойығына шыны немесе целлулоид қойылады (9 сур.).
9 сурет - Шаңнан қорғайтын мата маскасы (ПТМ)
Мақта-дәкі таңғышын 100x50 см көлеміндегі дәкі кесіндісінен жасайды. Ортасы бойынша бір қалыпты көлемі 30-20 см қалыңдығы 2 см мақта қабатын жаяды. Дәкі кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Байлау үшін екі жағын 30-35 см етіп қияды. Киілген маска иекті ауыз бен мұрынды көзге дейін жабуға тиіс. Олардың ұшын төменгі жағының төбе сүйекте, ал жоғары жағының құлақ үстіңдегі желкеде болатыңдай етіп байлайды (10 сур.) .
Мақта-дәкі таңғышы
Теріні қорғау құралдары
Теріні қорғау құралдары радиоактивтік, улағыш заттардың және бактериалдық құралдардың тікелей түсуінен, ал кейбір жағдайларда жалпы әскерлік қорғаныс жиыны улы заттар буының адамның тері жамылғысына әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Шаруашылық объектілеріндегі, АҚ құрамалары, АҚ әскери бөлімдері, химиялық әскелер, қарулы күштердің өзге арнайы құрамалары көп уақыттан бері оқшаулағыш құралдарын - жалпы әскерлік қорғаныс жиынын (ЖҚЖ) (1 сур.), жеңіл қорғаныс костюмін, қорғаныс комбинезонын (2 сур.) және костюмды пайдаланып келеді. Жалпы әскерлік қорғаныс жиынын 3 күйде киюге болады: иыққа іліп (накидка), плащ және комбинезон ретінде (3 сур.).
2 сурет - Қорғаныс комбинезон
3 сурет - Жалпы әскерлік қорғаныс жиынның үш күйі
Тері қорғаудың сүзгілік құралы киімді қорғайтын сүзгілік қорғаныс жиыны болып табылады. Бұл жиынның негізгі мақсаты - адамның тері жамылғыларын бу тәріздес күйіндегі улағыш заттардың әсерінен корғау. Жиын сонымен қатар аэрозольдік күйдегі радиоактивтік шаңнан, бактериалдық құралдардан қорғауды қамтамасыз етеді. Теріні қорғау құралдары арнайы химиялық заттар сіңірілген мақта-қағаз матасынан жасалынады, соның арқасынан материалдың ауа сіңірімділігі негізінен сақталады, ал улы және зақымдағыш заттар мата арқылы өткеңде ұсталады. Бір жағдайда бейтараптану, екінші жағдайда жұту (сорбция) өтеді.
Теріні қорғау құралдары арнайы ерітінді сіңірілгеннен кейін улағыш заттардың буымен аэрозольдарынан адамдарды қорғау қабілетін алады. Тек мата материалдарынан тігілген киімге ғана ерітінді сіңіруге болады. Киімнің бір данасына ерітінді сіңіру үшін 2,5 л ерітінді жеткілікті. Сіңіру үшін К-4 арнайы пастасын немесе май-сабын эмульсиясын пайдалануға болады. Оны 250-300 г суда үгітілген шаруашылық сабынды еріту арқылы алады, ал содаң соң 0,5 л өсімдік майын қосады. Ерітінді сіңірілген киімді үтіктеуге болмайды.
Оқшаулағыш құралдарына қарағанда сүзгілік қорғаныс құралдарда үлкен артықшылығы бар, олармен жұмыс істеген жеңіл, адам ұзақ шаршамайды, іс-қимылдары жинақы. Оқшаулағыш құралдарда адам ысынып, тез шаршайды, 15 0С-тан жоғары температура кезінде жұмыс созымдылығын арттыру үшін теріні қорғау құралын сыртынан киетін мақта-қағаз матасынан жасалынган ылғалдагыш комбинезон қолданылады. Ылғалдағыш комбинезондар сумен жиі шайылады.
Теріні қорғаудың қарапайым құралдары. Адамның терісін қорғаудың қарапайым құралдар ретінде ең алдымен өндірістік киім (арнайы киім) күркелер мен шалбарлар, комбинезондар, брезенттен, оттан қорғайтын немесе резиналы матадан, шұғадан тігілгем пальтолар пайдаланылуы мүмкін. Олар тек адамдардың терісіне радиоактивті заттар бактериалдық құралдардың түсуінен қорғауға ғана емес, сондай-ақ белгілі бір уақыт бойында тамшылы-сұйық улағыш заттарды да жібермеуге каблетті.
Аяқты қорғау үшін өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы резина етікті, ботыны және галошты пайдалану қажет, сондай-ақ теріден және тері ауыстырғыштан тігілген аяқ киімдерді резиналы галошпен киген жөн. Қолды қорғау үшін резиналы немесе тері қолғап пен биялайды кию керек. Жүннен, мақталы қағаздан тігілген және тоқымалы қолғапты тек радиоактивтік және бактериалдық заттардан қорғау үшін ғана пайдалануға болады, олар улы заттардан қорғау үшін жарамсыз.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Қорғаныс ғимараттары.
Қорғаныс ғимараттарында болу тәртібі
Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері.
Жеке қорғаныс құралдарын қолдану тәртібі.
Дәріс №11. Экстремальды жағдайлар кезіндегі халықтың іс әрекеті
Жалпы сұрақтар
Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ халықтың іс әрекеті.
Ланкестік акт кезіндегі халықтың іс әрекеті
Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ халықтың іс әрекеті. Жер сілкінуіне дейін: Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.
Алдын-ала дайын болыңыз:
Үш күнге жететін тамақ пен су;
Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
Жылы киім мен аяқ киім.
Достарыңызбен бөлісу: |