ПоәК 042-14 05 20. 43/03. 2011 №3 басылым 05. 09. 2011 ж


Цунами – жағалау немесе су асты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған теңіз толқындары. Шанды



жүктеу 0,81 Mb.
бет2/10
Дата01.01.2020
өлшемі0,81 Mb.
#25797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Цунами – жағалау немесе су асты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған теңіз толқындары.

Шанды дауыл – топырақ пен құм массаларын ауада ұшыру мен орнын ауыстыру қасиеті бар қатты жел.

Шквал – желдің бірден қатты соғатын самалы.

Шлюз – кемелер мен суларды өткізуге арналған ғимарат.

Шлюпка – кең корпусты қайық.

Шок - жалпы ағзаның кенеттен бұзылуы.

Экватор – Жер шарын Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларға бөліп тұрған шеңбер.

Эпизоотия – жануарлар ауруларының кеңінен таралуы.

Эпифитотия – өсімдіктер ауруларының кеңінен таралуы.

Эрозия – жер беті топырағының толығымен немесе бөлігінің зақымдануы

Ядролық катастрофа - жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолдану нәтижесінде қалыптасатын глобалды экологиялық апат.

2 Дәрістер

Дәріс №1. Кіріспе. Пәннің мақсатымен тапсырмасы. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары
Жалпы сұрақтар

  1. Ғылыми зерттеудің мазмұны, мақсаты, зерттеу нысаны.

  2. Оқытылатын курстың мазмұнымен, міндеттерімен, нысанымен танысу.

  3. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары.


Ғылыми зерттеудің мазмұны, мақсаты, зерттеу нысаны. Пәннің жалпы мазмұны Қазіргі жағдайда ғылыми техниканың дамуында ғылымның және ғылыми-техникалық мәліметтердің көлемі интенсивті өсуде. Жоғарғы оқу орындарында жоғары білікті мамандарды дайындауда олардың білімділігіне, іздемпаздығына көңіл бөлінеді. Студенттер алған білімдерін ғаламдық, аймақтық және жергілікті экологиялық мәселелерді шешуге қолдана білулері керек. Ғылыми жұмыстың мақсаты болып студенттердің өздік шығармашылық жұмыстарға баулу және өз мамандықтары бойынша жалпы ғылыми және кәсіби дайындау.

«Тіршілік қауіпсіздігіндегі ғылыми зерттеу жұмыстары» пәні. Өзіндік шығармашылық жұмысқа қабілетті, жолғарғы жалпы ғылыми және кәсіби дайындығы бар маман дайындау.

«Тіршілік қауіпсіздігіндегі ғылыми зерттеу әдістері» курсы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін, негізгі терминдар мен түсініктерді, ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша жоспар құруды, ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша қорытынды жасап, оны арнайы мекемелерде қолдана білуді оқытады.

Пәнді оқытудың міндеттері Қазіргі жағдайда мамандарды жан-жақты дайындау болып табылады, Өз білімдерін үздіксіз тереңдете және толықтыра алатын, пікірлерін, теориялық және кәсіби деңгейін көтеретін, ғылыми техникалық прогресті жетілдіруге ашық қатысатын болуы керек. Білімді жақсы меңгеруге, жауапты, шығармашылыққа белсенді және өзін-өзі басқаруды студенттерге үйрету қажет.

Пәнді оқу барысында студент білу қажет:


  • ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарын құру және іске асыра білу;

  • ғылыми білім мен шығармашылықтың әдістемелік негізі;

  • ғылыми зерттеу негізіндегі дұрыс таңдау және ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері;

  • ғылыми ақпаратты қайта өңдеу;

  • шығармашылық ізденістер;

  • тәжірбиелік іздестіру;

  • шығармашылық ізденулерді қайта өңдеу шешімдері;

  • ғылыми жұмыстардың нәтижесін байыптау;

  • қоршаған ортаның мәселелерін шешу үшін алған білімдерін қолдану.


Оқытылатын курстың мазмұнымен, міндеттерімен, нысанымен танысу. ҒЗЖ мазмұны. Студенттердің ҒЗЖ ұйымдастыруда студенттердің ғылыми және оқу бастамасының бірлігін ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Маңызды мақсат – бұл «шығармашылыққа тәрбиелеу». Яғни:

  1. Әрбір студенттің дағдысын оятып, шығармашылық қабілетін дамыту;

  2. Студенттің «оқытылатын таным пәні, әдістері және таным құралдары» жүйесіне белсенділікпен енуіне, зерттеу үрдісінде оқытылатын пән туралы ақпараттарды студенттермен қабылдауға, яғни ҒЗЖ оқыту амалына айналуына байланысты оқу үрдісін қарқынды жүргізу;

  3. Оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынасы тығыз байланысты болғандықтан, оқу үрдісін жекешелеу (өзгешеліктері бар шығармашылық топтарды құру);

  4. Оқу үрдісінде студенттердің өз бетінше жүргізілетін зерттеу элементтерін енгізу;

  5. Белгілі бір қызмет түрі анық ашылған дарынды студенттерді айқындау және олардың маман ретінде қалыптасуына институттың ат салысуы;

  6. Студенттердің ҒЗЖ орындауға қосқан үлесінің үзіліссіз артуына байланысты, институттың ҒЗЖ нәтижесінің жоғарылауы;

Бітіруші студенттердің көпшілігі зерттеу жұмыстарын факультеттің немесе

кафедраның ғылыми тақырыбына байланысты орындайды. Әрбір бітіру жұмысында зерттеу жұмысымен қатар, ғылыми және тәжірибелік мазмұндағы нәтижесінің болуы маңызды. Әрбір студенттің заттар мен үрдістердің зерттелуінің қазіргі әдістерін белсенді қолдану дағдысын меңгеруі де маңызды, оның ішінде ЭВМ бағдарламасын қолдану.



Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары. Студенттердің ғылыми –зерттеу  жұмыстары маман даярлаудың ажырамас бөлігі  болып табылады және оқу, ғылыми үдерістер бірлігінде шешілетін университеттің негізгі мақсаттарының бірі саналады.

Ғылым мен техниканың қарқынды өсу деңгейінің әлемдік үдерістерге әсер ету, экономиканың ауқымдану шарттары Қазақстанда оның ғылыми әлеуетін күшейту жөнінде проблемалар туғызды. Қазіргі кезеңде мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ғылымды қолдау және дамыту болып табылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары теориялық және қолданбалы проблемаларды қалыптастыруға қызмет етеді. ЖОО-да оқу үдерісі оқу, тәрбие, өндірістік іс- тәжірибе және ғылыми-зерттеу жұмыстарының болып табылады. Студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстары ЖОО әлемдік стандарттар талаптарына жауап бере алатын, ғылым мен білімді интеграциялауда көп жылдық отандық және шетелдік тәжірибелерге арқа сүйетін жаңа шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының   мақсаты мен міндеттері

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми- техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері мыналар:


  • студенттердің сабақтары мен ғылыми- зерттеу жұмыстарының интеграциясын қамтамасыз ету;

  • студенттерді шығармашылық, ғылыми және педагогикалық еңбекке баулу мен даярлаудың органикалық бірлігін жүзеге асыру;

  • студент жастардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау;

  • студенттерді ғылыми жұмысқа көптеп тарту және нәтижелілігін арттыру;

  • педагогикалық ғылыми жұмыстарға деген қабілеті бар талантты жастарды іріктеу;

  • студент  жайында ғылыми – педагогикалық сапа және ғылыми қызметкер қалыптастыру және дайындау;

  • Болашақ мамандарда өндіріс орындары мен мекемелерде ғылыми негізделген кәсіптік жұмыстарды алып кете алу шеберлігін, тез бейімделе алу  қабілетін, алған білімі мен шеберлігін өзгерген талапкерлерге сай қолдана алу; жоспарлаудың методологиясы мен практикасын меңгеру, нарықтық қатынас жағдайларында маңызды шешім қабылдай білу; біліктілігін көтеруге және қайта даярлануға дайындығы мен қабілетін қалыптастыру және дамыту;

  • конструкторлық -  жобалау жұмыстарына икемі бар, өндірісте өзін-өзі басқару дағдысы қалыптасқан, нақты ғылыми-практикалық іс-шараларды сауатты жасай алатын және жүзеге асыратын жоғары білікті маман, жетекшілер даярлау;

  • қоғам мен мемлекеттің қазіргі қателіктеріне байланысты ғылымның басым бағыттарына студенттерді тартуда ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру;

  • қаржыландыруды жоғары оқу орнының бюджеттен тыс және инновациялық жұмыстарына байланысты арналардан іздеу және жүзеге асыру;

  • елде, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерде жоғарғы оқу орындарыаралық ғылыми байланыстарды дамыту.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Пәннің жалпы мазмұны және оқытудағы міндеттері

  2. Пәнді оқу барысында студент білу қажет

  3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының   мақсаты мен міндеттері

  4. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру


Дәріс №2. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істейтін ұйымдар.
Жалпы сұрақтар

  1. Ғылыми ақпараттарды іздестіру, жинақтау және өңдеу.

  2. Ғылыми ақпараттарды іздестірудің негізгі түсініктерімен танысу.


Ғылыми ақпараттарды іздестіру, жинақтау және өңдеу. Мақсаты: Ғылыми ақпараттарды іздестірудің негізгі түсініктерімен танысу.

Ғылымның өзіндік ерекшелігі оның ұғымдар, заң және теориялар әлемін қамтитындығында. Ұғымдар сезімдерге, қабылдауға және болжамдарға сай пайда боллады және оларды диалектикалық бірлікте қарастырған жөн: сезіну – қабылдау – болжау – ұғым.

Ұғым дегеніміз – бұл белгілі бір атауы бар құбылыстар мен заттар. Мысалы, найзағай, қозғалыс, ғарыш, қоғам, т.б. Жаратылыстану ғылымдарында ұғым табиғат құбылыстарына сәйкес келе бермейді. Ұғым материалды әлемнің материалды құбылыстары мен заттары туралы соған жақын келетін тжеңілдетілген түсініктерді қамтуы мүмкін, бірақ солай болса да олар өте маңызды.

Ұғымның дәлсіздігі белгілі бір заттар туралы қалыптасқан білімнің жеткіліксіздігінен болуы мүмкін. Көпшілік жағдайда олардың жеткіліксіздігі тілдің мүмкіншілігіне де байланысты қалыптасады. Ұғым ғылымда білім жүйесінің элементі ретінде ғана емес, сонымен қоса ғылыми қызметтегі таным құралы ретінде маңызды роль атқарады. Кез келген проблема, ғылыми болжам, тіпті қарапайым міндеттер ұсынылған ұғысдық ақпараттар қолда болған жағдайда ғана қалыптасуы мүмкін.

Ғылымның даму процесінде ұғымдар нақтылана түседі және теориялық ұғымдық ақпарат жетіле түседі.

Ұғымның негізгі талаптарына талқылаудың біртекті талаптары немесе тіпті болмаса білімнің бір саласы, не бір теория төңірегіндегі талаптар жатады. Білімнің көптараған салмақты элементіне ғылыми заңдар жатады. Біздің елімізде 30 – ж.ж қалыптасқан халық шаруашылығын басқарудың орталықтандырылған және топтастырылған жоғарғы деңгейі экономиканың даму заңдылықтарына үлкен ықпалын көрсетті.

Заң – теориялық білімді талдаудың орталық категориясы. Теория ғылыми заң арқылы бақылаушы құбылыстың мәніне жанасады және керісінше, объективті өзара қатынастармен біріктірілген белгілі бір білім саласындағы заңдар жүйесі теорияға айналады.

Ұғым сияқты, ғылыми заңдар әрдайым жетіліп отырады, олардың қолданылу аясы кеңейтіледі, ең бастысы – жеке заңдар жалпы, әрі терең түрлерімен алмастырылады.



Ғылыми теория – бұл ғылыми білімді ұйымдастырудың жоғарғы ең дамыған формасы, ол заңдылықтар туралы және белгілі бір шындықтың айналасындағы елеулі қатынастар туралы жалпылама сипаттама береді.

Ұғыммен және заңдармен бірге, ғылыми теориялар да дамып отырады, бірақ қалыптасқан ұғымдар мен заңдардың жетілуіне байланысты және жаңа ұғымдар мен заңдардың, қорытындылардың пайда болуына байланысты оның дамуы жоғары деңгейде болады.

Кез келген ғылым элементі ғылыми қызметтің нәтижесі сияқты, білім жүйесі сияқты белгілі бір мақсаттағы зерттеу жұмысы жүргізілгеннен кейін пайда болады. Ғылыми проблема ерекше жағдай болып табылмайды. Мәселе шешімін тапқан немесе шешімі табылмаған басқа бір мәселені шешудегі ғылымның әсер етуші өнімі сияқты туындайды және мәселенің түзетуші қойылымы анықталған ғылыми қызметтің болуын талап етеді.

Жалпылама түрде проблема дегеніміз - оның шешілуіне барабар теорияны талап ететін белгілі бір құбылыстарды, объектілерді және процестерді түсіндірудің қарама – қайшылық ситуациясы. Кез келген проблема ғылыми таптастырыла бермейді. Проблема 2 түрлі таптастырылады:



  1. тәжірибелік

  2. ғылыми

Адам күнделікті еңбек процесінде көптеген тәжірибелік проблемалармен кездеседі және оларды ешбір танымал мақсатсыз шешеді, нәтижесінде еңбек түрлері жетіле түседі.

Ғылыми проблема тәжірибелік проблемадан танымдық мақсатының бар болуымен ерекшеленеді. Бұл шарт қажетті, бірақ проблеманы ғылымилыққа жатқызуға жеткіліксіз. Проблема белгілі бір берілген білімнің бар болуын болжайды және ғылыми қызметте немесе қайта бекітілген табиғаттың, не қоғам құбылысында бұрын орны болған нәтиже болып табылады және оның шешілуіне бағытталған арнайы жаңа ғылыми қызметті талап етеді.

Проблема сапасының критерийлері:


  1. Сыпайылық

  2. Өзектілік

  3. Құндылық

  4. Шынайы

Проблема нақтылы білімге негізделеді, осыған байланысты ол түзетілген не түзетілмейтін болып табылады. Сонымен қоса, проблема білімді қалыптастыру процесінде бар білімді дұрыс қолданбау нәтижесінде қайтадан түзетілмеуі мүмкін. Түзетілетін және түзетілмейтін проблемалар аралығында нақтылы шекара жоқ.

Ғылыми шыншылдық мынада, бірде бір проблема тәжірибенің қойылымына тимей шешілмейді. Тәжірибеге әрдайым ғылыми ойлаудың талдауы мен қорытындыларын алдын – ала ескертіледі.

Ғылыми болжам – бақылаудың шегінде орналасқан белгілі бір факт туралы немесе байланыс заңдылығы туралы және ғылыми ғылыми әдістермен тексерілмеген құбылыстардың заңды тәртіптері туралы ғылыми негізделген болжау. Нақтылы оқиғалар мен ғылыми блжамның айырмашылықтарына тоқталсақ, ғылыми болжам өзі негізделген мәліметтерге қарағанда оның мазмұнының ауқымы кең, логикалық күші де зор, ол фактілердің шегінен шығып, оларды қорытындылайды және өзімен жаңа ойларды тасымалдайды. Өмірдегі күнделікті қызмет болжамдардың ауқымдылығы негізінде жүзеге асады.

Ғылыми болжам тексеруге енеді. Расталған ғылыми болжам сенімді білімге айналады. Ғылыми болжамның маңызды қасиеті – оны тексерудің ұстанымды мүмкіндігі болып табылады. Ғылыми болжам жоқ нәрседен пайда болмайды. Ғылыми болжам қарауға алыну үшін, ол бар біліммен байланысты болуы тиіс.

Оның ғылыми біліммен сәйкестігі мынадай жолдармен тексеріледі:


  1. Ғылыми болжамның ішкі қайшылықтары оның фактілік мазмұны мен эмпирикалық тексерудің принциптілік мүмкіндіктері тексеріледі.

  2. Берілген ғылыми болжамның басқалармен сейкестігі тексеріледі. Мұндай тексерудің жағымсыз нәтижесі болса, ол ғылыми болжамды ғылымилық емес дегендік емес.

Осындай екі түрлі критерийлердің сәйкестік дәрежесі бойынша ғылыми болжамның төрт түрі қарастырылады:

  1. Нақтылы біліммен де, тәжірибемен де байланысы жоқ, негізделмеген ғылыми болжам.

  2. Теориялық негізделген ғылыми болжам, олар нақтылы біліммен ғана байланысты, бірі-біріне қайшы келмейтін, экспериментті тексеруге рұқсаты бар, бірақ тәжірибелік және экспериментті мәліметтерге сүйенбейді

  3. Эмпирикалық негізделген ғылыми болжам, бұл түрі тәжірибемен байланысты, бірақ нақтылы біліммен байланысы жоқ.

  4. Түпкілікті негізделген ғылыми болжамдар, олар жалпылама біліммен де, әрі тәжірибелік мәліметтер мен де әдістемелік келісілген. Белгілі бір қосымша белгілеріне байланысты ғылымның заңдылықтары ғылыми болжамдардың дәл осы деңгейінде көрсетіледі, осы деңгейде ғылыми болжам заң категорияларына ауысады.

Ғылымның дамуы, егер ол эволюциялық сипаттамада болса, ғылыми болжамның бір деңгейден екіншісіне жүйелі түрде ауысуы болып суреттеледі. Ғылыми болжамның маңызды ерекшелігі – оның тексерушілігінде. Бұл мәселе ақиқат критерийлерінің мәселесіімен тығыз байланысты. Шынайы ғылыми білімді негіздеу үшін тәжірибенің оқшауланбаған дәлелдерін емес, тәжірибенің тарихи дамуын алу қажет: қорытындысында дәл осы эмпирикалық мәліметтер ақиқат топшыламаны жалған түрінен ажыратуға мүмкіндік береді, тіпті ол топшыламалар теорияға негізделсе де.

Егер де түзетілетін ғылыми болжам экспериментальды тексеруден аластатылса және тексерудің әдістері жеткілікті ғылыми негізделген болса, ол ғалымның ашылу қарсаңында тұрғандығын білдіруі мүмкін. Егер де бұл жағдайда ғалым осы ғылыми болжамын жаңа ізденістермен бірге қайта-қайта тексере берсе, онда оның ісі алға баспайды. Табиғат оған өзінің құпиясын ашпайды.

Осы қарастырылған ғылыми категориялардан басқа ғылымда білімді құрастыратын идеялар мен мінлеттер сияқты айқын емес белгілі бір түсініктер қолданылады. Ғылымда, әдебиеттерде, ұғымда идея әрқилы, кейде эвристикалық мағынада пайда болады.

Идея – бұл болашақта таным проекцияларын және әлемнің тәжірибелік өзгеруін кірістіретін санадағы құбылыстардың объективті шындыққа жету формасы.

Идеяның ғылымдағы рөлі заңның, проблеманың және ғылыми болжамдардың рөлі сияқты емес, яғни ол анық емес. Идея заң, проблема, ғылыми болжам сияқты, қатаң талаптарға жауап бермейді. Идея – эвристикалық деңгейдегі ғылыми болжам болып табылады.

Ғылыми болжамдарды қалыптастыру үшін идеяның бар болуында ақиқаттық білім қажет. Біріншіден, ғалым қажетті біліммен қаруланған болуы тиіс, екіншіден қолайлы үйлесім таба білуі тиіс. Міндеттер ғылыми, техникалық және тәжірибелік болуы мүмкін. Ғылыми міндеттің тек бір шешімі бар, шындығына келгенде, кейде осы жалғыз шешім екі немесе одан да көп жолдарға жету мүмкіндігін көрсетеді. Техникалық және тәжірибелік міндеттерінің бірнеше шешімі бар. Әрине, техникалық шешімнің басым бөлігі ұқсас болмауы мүмкін: біреулері міндеттерді жақсы шешеді, басқалары – керісінше нашар, бір шешімдер ресурстардың көптеп шығындауын талап етсе, екіншілері – аз шығындауды талап етеді.


Ғылыми ақпараттарды іздестірудің негізгі түсініктерімен танысу. Көптеген нақты АЖ ядросы болып ақпараттық-іздестіру жүйесі (АІЖ) табылады, олар көптеген ақпараттардың қалыптасуын, сонымен қоса ақпараттарды өңдеуді, сақтауды және іздестіруді жүзеге асырады. Бұл жүйелердің кейбірі автоматтандырылған. Автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесі (АІЖ) – автоматтандыруға енгізуге арналған тілдік, логикалық, математикалық және еңбек ресурстары жиынтығының өзара байланыстылығын, ақпаратты өңдеуді, сақтауды және іздестіруді қарастырады.

Әр ААІЖ құжаттар мен сұраныстардың мағыналы мазмұнын біртекті сипаттауға мүмкіндік беретін тілді көрсететін ақпараттарды (ТКА) арнайы қолдануын қарастырады, өйткені табиғи тіл өзінің аса күрделілігі мен көп мағыналылығына байланысты осы мақсаттарға сай күшіне ене алмайды. ТКА – бұл негізгі мазмұнын және ақпараттық іздестіру мақсатындағы құжаттар мен сұраныстардың формальды сипаттамасын суреттеуге арналған мамандандырылған жасанды тіл.

ААІЖ функционалды мүмкіншіліктеріне байланысты ажыратылады: құжаттық (құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі беріледі немесе құжатқа енген мекен-жай беріледі); фактографиялық (енгізілген құжатта көрсетілген мәліметтер, фактілер беріледі); ақпараттық-логикалық (кейбір логикалық қорытындылардың нәтижесінен алынған мәлііметтер беріледі).

Құжаттық ААІЖ ретроспективті іздестіру (РЕТРО) және сайлау ақпаратының таратылу (САТ) режиміндегі жұмыс істеуі мүмкін. РЕТРО жүйесі қолданушылардың сұраныстарына сәйкес көп жылдар бойы жинақталған мәліметтер базасын (МБ) іздестіруді қарастырады. САТ режимі олардың әрқашан сұранымдарды қолдануды әрдайым қамтамасыз етуге арналған.

Патентті ақпараттың заңды және ғылыми-техникалық негізі бар. Патенттеу құқықтық қорғаумен жасалған басыңқы қорғау сұрақтарымен айналысады. Авторлық заңмен қорғалады. Өнеркәсіпте қолданылған ақылдың нәтижелері өнеркәсіптік жекеменшік болып саналады. Ол ашылуына, өнертапқыштық, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік нұсқаға, тауарлық белгіге, фирманың атауына байланысты бөлінеді.

Пайдалы модель – техникалық міндеттерінің шешімі, анық білдірілген формалары бар құрылғыларға жатады. Өнеркәсіптік үлгі түбінде өнеркәсіп бұйымының сыртқы түрінің ерекшелігі ретінде түсіндіріледі, ол өнеркәсіптік жолмен орындалған. Тауар белгісі тауарға орнатылған немесе жарнамалау кезінде қолданылатын белгісі сол тауарларды басқа мекемелердің тауарларынан ерекшеленіп көзге түседі.

Белгілі бір өнеркәсіптік жеке меншікті қорғап қалу үшін, авторлық куәлік пен патент алу үшін ҒЗ мемлекетік патентін сараптамаға қажетті тапсырыс беру керек. Авторлық құқықтық куәлік өнертапқыш адамдарға қазіргі заңнамаларға сәйкес құқықпен жеңілдіктер береді. Ал өнертабысты қолдану құқығымен оны тарату мемлекетке беріледі. Авторлық куәліктің мерзімі анықталмаған. Патент белгілі бір уақыт арлығында жұмыс істейді.

Егер өнертабыс мемлекеттік қызметі аясында жасалынса, және солар арқылы қаржыланса, және солардың тапсырмасы арқылы орындалса, онда өндіріс иесіне тек авторлық куәлік беріледі.

Патенттік ақпарат ҒТА сияқты оперативтік, сенімділікті, мәліметтің толықтығын иеленген. Патентті ақпараттың негізгі ғылыми-техникалық құндылығы өнертабыс сипаттамасы болып табылады, ол патенттік заңдылыққа сәйкес жалған мәліметтерден құралмауы керек және жаңашылдығымен өзгеше болуы тиіс. Сондықтан патентті ақпараттарды дұрыс қолдану техникасының негізгі даму тенденциялары бар әлемдік үлгі деңгейіндегі жаңа әзірлемелерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын (проблемаларын) әзірлемес бұрын алдын-ала патентті зерттеу жүргізіп алған дұрыс. Бұл патентті ақпаратты іздестіруді, таңдауды, талдауды және мақсатқа қатысты қолдануды кірістіретін кешенді жұмыс. Патентті ақпарат түбінде әр түрлі елдердегі ресми түрдегі мекемелердің жарияланымы түсіндіріледі, жаңалықтар, өндірістік үлгідегі өнертабыстар, тауар белгілері туралы мәліметтер береді. Мәліметтер библиографиялық түрде немесе рефератты мәлімет түрінде жарияланады. Патентті әдебиеттер деп патентті, патентті-құқықтық, патентті –лицензиялық және патентті-ақпараттық және басылым қызметінің әр түрлі мәселелеріне арналған әр түрлі баспала түсіндіріледі (мақала, кітапша, кітаптар, журналдар, қысқажазбашалар және т.б.).

Патентті зерттеу процесінде қолданылатын ақпараттардың дерек көздері: дүниежүзі елдерінің патенті ведомостваларының бюллетендері, өнертабыс сипаттамасы, өнертабыс жайындағы реферативті ақпарат, енгізілген өнертабыстар туралы басылымдар, жарнамалық басылымдар, ҒЗЖ туралы есептер, халық шаруашылығы саласының ақпараты және патентті зерттеулер туралы есептер.

Патентті ақпараттардың көп тараған оперативті дереккөзі алдын-ала танысуға және қажетті патентті ақпараттарды таңдауға арналған дабылдық ақпаратар құрылатын патентті бюллетендер болып табылады.

Өнертабыстың мәнін ашатын, өнеркәсіптік техникалық ақпараттандырудың өнертабысының сипаттамасы құқықтық қорғаудың көлемін анықтайтын элементтерді құрайды.

Ғылыми ақпараттандырылған жұрыстарды ұйымдастыру. Әрбір зерттеуші өзінің жұмысына қажетті ақпараттарды іздестіріп және жинақтай білуі тиіс, яғни библиография негізінің білімін иеленуі керек.

Библиография оқырмандарын баспалық басылымдармен ақпараттандыру міндетін алға қояды, сол үшін көрсеткіштер, каталогтар, шолулар, т.б. құрастырылады. Өзін қызықтыратын мәселе төңірегінде әдебиеттермен танысу процесін анықтамалық әдебиеттермен танысудан бастау керек (әмбебап, арнайы энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар). Одан кейін ҒТА (ғылыми-техникалық ақпараттар) мекемесінің есептік тіркелген басылымдары және іргелі кітапханалардың библиографиялық көрсеткіштері қарастырылады.

Қызықтырған проблема төңірегіндегі өзіндік библиография кітаптар, журналдар, мақалалар т.б. туралы мәліметтерден тұратын кітапханалық каталогтар негізінде құрастырылады. Кітап карточкасына оның авторы, тақырып, басылым түрі, басылым орны, баспахана, басылым жылы, беттің саны енеді. Журналдық мақалалар карточкасына авторы, тақырып, журнал атауы, басылым жылы, томы, шығарылған номері, бет саны көрсетіледі. Ал газет бетіндегі мақалалар карточкасында автор мен тақырыппен қатар, газет атауы, жылы күні, айы көрсетіледі.

Анықтамалық - нұсқаулық сипаттағы оқырмандар каталогі үш түрлі болады: алфавитті, жүйелік, алфавитті-пәндік.

Алфавитті каталогтің бұлай аталуы карточкасы шығарма авторының тегі немесе егер автор көрсетілмеген жағдайда, оның шығармасының атауы алфавитті тәріппен қойылады. Осының арқасында бір автордың барлық кітаптары бір орынға жинақталады.

Жүйелік каталог – бұнда карточкалар білім салалары бойынша орналасады. Бұл белгілі бір білім саласы бойынша әдебиеттерді таңдауға мүмкіндік береді. Каталог белгілі бір тақырып бойынша кітапханада бар кітапты, оның авторын , кітаптың нақты атауын анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік каталогта библиографиялық мәліметтер ЖОК негізінде білім жүйесіне енгізілген.

Жүйелік каталогтің кітлі болып алфавиттік-пәндік каталог табылады. Онда алфавиттік тәртіппен кітапханада бар әдебиеттер тізбеленеді. Мәселе бойынша өзіндік библиография құрастырылғанда кітап соңында орналасқан әдебиеттер тізімін, мақалаларды, т.б. мұқият қарастырып алу керек. Әдебиетті оқу процесінде міндетті түрде жаңа деректер айқындалады, сондықтан әрқашщан материалдарды жүйелеу қажет және алға қойылған міндетерге сәйкес оларды тәртіпке келтіру керек. Оны жүзеге асыруға болады, мысалы: карточкалар мен бөлшектеулерден тұратын картотекалардың көмегімен 3 бөлшегін ұйымдастырған дұрыс: «Оқу», «Үзінді» және «Оқылды» . Бұндай картотекаларды қалыптастыру болашақ ғылыми басылымдардың негізін құрастыруға мүмкіндік береді. Бірақ алынған ақпарат белгілі бір жұмыстың нақты талаптарын арттырады. Бұлардың барлығы қажетті не қажетсіз дүниелерді алдын-ала анықтау қажеттелігіне әкеліп соғады.

Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істегенде отыратын жұмыс орнын ұйымдастырудың маңызы зор. Алдымен адам жұмыс істейтін оның жұмыс орны мен құралдары ол үшін әдеттегі нәрсе болуы керек. Бұл өндірушілік уақытты қысқартады. Жұмыс орнына деген шартты рефлекс пайда болады. Жұмыс орнына өзіне көңіл аударарлық, жұмыстан ойын бөлетін жаңа нәрселер болмауы тиіс. Адам өз-өзін бастаған жұмыстан үзбес үшін жұмыс процесіне қажетті нәрселерді алдын-ала ойластырып алған жөн, зерттеліп жатқан материалдарды осылай оқуға тырысу керек. Ол үшін дифференциалды алгоритмді қолдануға болады, сөздердің кілтін белгілеу арқылы мәтінді қысқартуға болады. Мәтінді қысқартқаннан кейін оның сапалық жағынан өзгеру процесі жүреді, оның мазмұнының ақиқаттық мағынасы белгіленеді.



жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау