Д-8 Электр қауіпсіздігі негіздері
Негізгі қаралатын сұрақтар:
Электр тоғының адам және иал организмне әсері.
Электр тоғының қауіптілігі мен зиянды әсерлерінің себептері.
Электр тоғынан қорғаудың техникалық құралдары және ұйымдастыру жолдары.
Электр тоғымен жарақаттанған адмға көмек көрсету жолдары.
Қазіргі кезде электр тоғы өмірде, шаруашылықта жиі пайдаланылады, оның көмегімен нелер ауыр деген жұмыстар жеңілдейді, өндірс мәдениеті жоғарылайды. Ауыл шаруашылығында электр тоғының айнымалы /≈/ түрі қолданылады, ол төрт сым арқылы беріледі, жиілігі 50-Гц, кернеулігі 300 В.
Электр тоғының қауіптілігі сонда, өйткені оны көзбен көрмейміз Сонымен, электр тоғының адам организміне қандай әсері бар десек, олар: жылулық (термикалық); химиялық; биологиялық; механикалық.
Электр тоғының әсерінен адам екі түрлі жарақат алады:
1.Электрожарақат дегеніміз электр тоғының және электр доғасының әсерінен пайда болған зиянды айтады.
2.Электр соққы дегеніміз тірі ткандардың ретсіз жұмысын қоздыратын процесс.
Электр соққының әсерінен организм ткандары төрт түрлі патологиялық өзгерістерге ұшырайды:
1.Бұлшық еттердің тітіркенуі /тартылуы/ адам есінен танбайды.
2.Бұлшық еттердің тітіркенуі адам есінен танады, өздігінен босай алмайды.
3.Жарақаттануша есінен танып, тыныс және жүрек жұмысының жүйесібұзылады.
4.Клиникалық өлім.
Электрошок дегеніміз электр тоғының әсерінен болатын адам организміндегі жүйке рефлекторының өзгерісі.
2.Электр тоғының зақымдаушы әсерлері /факторлары/:
1.Электр тоғының түріне байланысты, олар:=,≈
2.Электртоғының жиілігіне, Гц /f/ бізде айнымалы тоқ көзі /≈/ пайдаланылады да жиілігі 50 Гц, ал адам организміне қауіптісі 20 1000 Гц.
3.Электр тоғының күшіне байланысты, J, А,мА. Адам организміне әсер ететін ең кіші токтың мөлшері 0,5...1,5 мА, жібермейтін ток 10...15 мА, қауіпті ток 50 мА және одан жоғары.
4.Электр тоғының кернеулігі, И, В, біз пайдаланатын электр көздерінде 127, 220, 380В болады, бұлардың бәрі тірі организмдерге қауіпті, қауіпсізі 12, 24, 36В.
5.Тоқтың денеден өту уақытына байланысты Т, С, уақыттың мөлшері 1...30 с болуы мүмкін.
6.Адам денесінің кедергісіне байланысты R, Ом. Адам денесінің кедергісі 100000...500 Ом арсында болады.
Ескерту-тері диэлектрик, қан мен бұлшық еттер өткізгіш болып саналады.
7.Адамның электр тоғына жанасу түрінен, олар: бір фазалы, екі фазалы болуы мүмкін.
8.қоршаған ортаның жағдайына байланысты: олар құрғақ болуы, ылғалды болуы, ионданған болуы мүмкін.
Тоқ көзінің қауптілігіне байланысты өнеркәсіп құрылыстары үшке бөлінеді:
1.Қауптілігі жоғары емес құрылыстар - іші құрғақ және диэлектрикалық едені бар құрылыстар /қосалқы бөлмелер, инкубаторлар т.б./, қол шамы, 36В.
2.Қауіптілігі жоғары құрылыстар – едені кірпіш, бетон, ағаш болады да, бір қауіпті өндіріс факторы болады, ол ылғалдылық 755 процент, 24В.
3.Қауптілігі өте жоғары құрылыстар – екі өндіріс қаупі бар құрылыстар – жоғары ылғалдылық және зиянды заттар, қол шамы 12В.
ГОСТ бойынша «электр қондырғыларының құрылысы» «ПУЭ» және «ЭВЛ электр қондырғыларын пайдалану тәртібі» ПТЗ т.б. құжаттар бойынша жүргізіледі.
Электр қондырғыларының қауіптілігін азайтудың мынадай техникалық түрлері бар:
1.Қос бейтараптандыру дегеніміз бір тоқ қабылдағыштағы екі оңашаландырылған бейтарап қондырғы, олардың біреуі-жұмысшы, екіншісі-қосымша болады. Оладың паспортында белгі болады. Бұндай белгі трансформаторларда кезігеді.
2.Потециалды теңестіру дегеніміз жанасу және қадам аралық кернеулікті азайту әдісі.
3.Қорғау айыркы – тез іске қосылатын автоматтандырылған тоқ көзін айырғыш.
4.Кіші кернеулікті пайдалану әдісі – кішірейткіш трансформаторлар, түзеткіштер арқылы.
5.Тоқ көзіне қол жетпестігін қамтамасыз ету арқылы.
6.Жермен тұйықтандыру - әдейі істелген қорғағышты жермен тұйықтандыру арқылы.
Жермен тұйықтандыру жанасу мен қадам аралық кернеулікті төмендетеді.
7.Нөлдік сыммен тұйықтандыру.
Бұлардан басқа диэлектрленген құрал саймандарды, киімдерді пайдалану арқылы қауіпті төмендетуге болады.
IV.Эл. тоғынан жарақат алған адамға көмек көрсетуші өзі тоқ көзіне түсіп қалмау жағын ойластырғаны абзал. Ол үшін жарақаттанған адамға көмектесудің мынадай түрлері бар:
Жарақаттанушыны тоқ көзінен ажырату -ол үшін тоқ өткізбейтін, құрғақ заттарды пайдаланған жөн. Жәбірденген адамды киімнен ұстап тоқ көзінен босатады.
Тоқ көзінен босатқаннан кейін алғашқы көмек көрсету жолдарын қарастыру керек
Д –9 Қауіпсіздік техникасының негіздері
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Өндіріс құрал-жабдықтарына және өндіріс процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары.
2.Жалпызауыттық құрылғыларды пайдаланудың қауіпсіздік шаралары.
3.Технологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шарттары.
4.Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құрылғылар.
Қандай да болмасын өндіріс ортасының еңбеккерге әсер ететін зиянды және қауіпті факторлары болатынын жоғарыда атап өттік.
Яғни, еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – жұмысшыға (қызметкерге) қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты. Осындай еңбек шартын ұйымдастыру үшін белгілі бір ережелерді сақтап, нақты шараларды іске асыру қажет екен.
Қауіпсіздік техникасы дегеніміз – ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың, жабдықтардың көмегімен жұмысшыға өндірістің қаціпті факторлар әсерін болдырмау (жұмысшыларды қауіпсіздік техника ережелерімен таныстыру, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, технологиялық процесті дұрыс ұйымдастыру, оны жетілдіру, автоматтандыру т.с.с.)
1.Өндірісте қауіпті жағдайды тудырмас үшін онда пайдаланылатын құрал-жабдық, құрылғыларға төмендегідей талаптар қойылады:
Құрылғыларды, жабдықтарды жобалау, құрастыру кезінде олардың қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жасалуы.
Өндірістік құрылғылар, оларды іске қосу, пайдалану, жөндеу, сақтау кездерінде қауіпсіз болып, қоршаған ортаға зиян әкелмеуі қажет.
Құрал-жабдықтың құрылғысы, қорғау, сақтандырғыш бөлшектермен жабдықталған, автоматтандыруға, механикаландыруға ыңғайлы, эргономикалық және көркемдік талаптарға сай болуы қажет.
Құрал-жабдық – оған сыртқы ортаның зиянды әсеріне төтеп беріп, жарылғыштық, өрт қаупін тудырмайтын болуы қажет.
Құрал-жабдықтың жасалған материалдары белгілі беріктік, төзімділік дәрежелерін қамтамасыз етіп, оны алыстан басқару, белгі беру, өлшеу аспаптарымен қамтамасыз етілуі керек.
Арнайы талап
а) Тамақ шикізатымен жанасатын құрал-жабдықтардың бөлшектеріне антикоррозиялық қасиет беріліп шикізатқа зиянды әсері болмауы қажет (иіс, дәм).
б) Жасалған материалдары сілті, қышқыл, тұздардың әсеріне төзімді, жоғарғы немесе төменгі температурадан қасиетін өзгертпейтін, жүйенің тұйықтылығын сақтайтын, жұмыстан соң беттері тамақ қалдықтарынан, кірден оңай тазаратындай болуы қажет.
в) Құрал-жабдық шаң-тозаң, зиянды газдарды ұстау құрылғысымен жабдықталып, міндетті түрде санитарлық-техникалық шарттарға сай болуы қажет (шу, діріл, өрт қаупі, т.с.с.).
Технологиялық процестерге қойылатын Е.Қ.-гі талаптары (бұл талаптар техникалық құжаттарда көрсетіледі):
Технологиялық процестерді басқаруға, онымен жұмыс істеуге, сол процесті кәсіби игерген, денсаулығы жақсы және қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқан адамдар жіберіледі.
Технологиялық тізбектер мен жұмыс орындарындағы жағдайлар санитарлық-техникалық, көркемдік, гигиеналық талаптарға сай болуы қажет (микроклимат, жұмысты ұйымдастыру, жарық, шу, діріл, асхана, демалыс, жұмыс уақыты, т.с.с.)
Әкімшілік еңбекті дұрыс ұйымдастырып (дем алу, жүк көтеру, бірқалыптылықты азайту), ұжымдық қорғау, еңбекті механикаландыру, автоматтандыру әдістерін іске асырып, еңбеккерлерді арнайы киім, ж/б қорғау құралдары қамтамасыз етулері қажет.
Технологиялық құрылғылардың орналасуы, шикізат, өнім, қалдықтардың орналасуы қолайлы болып, еңбеккерлердің қауіпсіздігіне әсер етпеуі қажет.
Технология бойынша бір-бірімен жалғасқан екі цех (бөлімше) арасында екі жақты ақпарат алмасу немесе хабар беру жүйелері болуы қажет.
II. Жалпы өндірістік құрылғыларға негізгі өндірісті жүргізуге қажетті қосымша өндіріс бөлімшелері жатады.
Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға химиялық, жылулық процестерді атқаруға арналған, газдар мен сұйықтарды сақтауға, тасуға арналған тұйық ыдыстар жатады. Жоғарғы қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар – қосымша қауіпсіздік ережелерін сақтауды қажет ететін құрылғыларға жатады. Сондықтан олардың жұмысын мемлекеттік тау-кен техникалық бақылау органы қадағалайды.
Қадағалауға қысымы 0,07 МПа (0,7 кг /см2) асатын ыдыстар жатады. Оларды дайындаған мекемелер әр ыдысқа техникалық паспорт береді. Онда жасалған жері (завод), жасалған уақыты, жұмысшы және бақылау қысымы, ыдыс қабырғасының температурасының щегі көрсетіледі. Дайын болған ыдысты сынақтап, тексеру қысымы (1,25-1,5 Па). Әр ыдыс арнайы жапқыш арматурамен (вентиль, кран) қысым және температураны көрсететін аспаппен, сақтандырғыш құрылғысымен және сұйықтық деңгейін көрсететін тетікепен жабдықталады.
Ыдыстарды техникалық байқаудан өткізу алғашқы (жұмысқа қосар кезде) қайталама (жарты жылда бір) немесе мерзімнен тыс болып үшке бөлінеді Бұл байқаулар кезінде – ыдысқа жасалған құжаттарды тексереді.
Ішкі жағын көзбен қарап шығады және сұйық қысымымен тексереді. Тексеру нәтижесін ыдыстың каскартына және есеп беру кітабіне жазады.
Ыдыс келері- мекемелер- ыдыс ішін байқауды 2 жылда бір рет , ал тлердің татып тудыратын ортада жұмыс істейтің ыдыстарды жылына 1 рет байқаудан, тексеруден өткізулері қажет.
Қауіпсіздік ережесі бойынша ыдыстағы қысылған газына, сұйық түріне байланысты ыдыстар белгілі сырмен сырланып, ыдыс сртынада сұйық не газ екені белгілі боямен жазылып тұруы керек.
Газ
|
Баллан бояуы
|
Түсі
|
Жазу
|
Белгі сызығы
|
Аммияк
|
Сары
|
Қара
|
Қара
|
Ацителен
|
Ақ
|
Қызыл
|
Қызыл
|
Бутан
|
Қызыл
|
Ақ
|
Ақ
|
Қысылған ауа
|
Қара
|
Ақ
|
Ақ
|
Оттегі
|
Көгілдір
|
Қара
|
Қара
|
Көмір қышқылы
|
Қара
|
Сары
|
Сары
|
Фреон – 12
|
Алюминий түстес
|
Қара
|
Сары
|
Фреон – 22
|
Алюминий түстес
|
Қара
|
Сары
|
Хлор
|
Қорғау түсі
|
Қара
|
2 Сары, жасыл
|
Күкірт ангриді
|
Қара
|
Ақ
|
Сары
|
Қазандықтарды бақылайтын мемелекеттік органды – сала аралық тау-кен техникалық инспекция дейді. Әр кәсіп орын қазандықтардың жұмысын, техникалық жағдайын жылына бір тексеріп, бақылау органдарына тіркеттіріп отырулары қажет.
Қазандықтарда жұмыс істеуге жасы 18-ге толған, дәрігерлік тексеруден өткен, құжаттары бар мамандар жіберіледі. Қазандықты төтенше жағдайда тоқтату әдісі
отын және ауа беруді тоқтату; тарту (тағу) азайту
от жанатын жерден ыстық шоқты тез алу
шоқ алынған соң түтін жүретін жолдарды ашу (заслонка клеш есігін)
қазандықты негізгі бу, жылу жүйесінен ажырату.
Аммиакты (суыту) тоңазытқыш қондырғылар.
Аммиак өте күшті улы зат. Ол көзге, дем алу органдарына, жүрек бұлшық еттеріне және тамақ, мұрынның жұқа сілекей қабықтарына әсер етеді. Сұйық аммиак теріні күйдіреді.
Сондықтан, машиналар бөліміне немесе тоңазытқыш камераларға ерекше талаптар қойылады. Бөлмелердің есік, терезелері үлкен және сыртқа ашылатын болулары қажет. Құбырлар көк, сары, қызыл, сұр түрге боялуы керек. Бөлмелердің желдету жүйелеріне де қосымша талаптар қойылады.
Тоңазытқыш қондырғыларда жұмыс істейтін адамдар жылына бір рет қауіпсіздік ережелерінен емтихан тапсырып отырады. Жұмыс орындарында жұмыс режимі жазылып отыратын кітап әрбір екі сағатта бір толтырылып отырылуы қажет. Машина бөлімінде противогаз, резина қолғап және аптечка болуы керек. Компрессордағы сақтық клапандарын жылына бір рет, аппараттағыларын 6 айда бір, манометрлерді 6 айда бір рет тексереді. Аммиак ыдыстарын тексеру, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды тексерумен бірдей.
Ауа компрессоры қондырғыларын бақылау - өлшеу аспаптарымен, серіппелі сақтық клапандарымен, автоматты қысым реттегішпен жабдықтайды. Сонымен қатар суытқыштағы су азайған кезде компрессорды тоқтататын автоматты жүйе болуы қажет.
3. Көтеру – тасымалдау құрылғылары.
а)Өнеркәсіптерде жүктің орнын ауыстыру үшін әр түрлі механизмдер, жүк көтергіш және жүк тасымалдау машиналары қолданылады.
а) Бұл айтылған механизмдер мен машиналарда жұмыс істеуге жастары 18 – ге толған, денсаулықтары жақсы, мамандығына байланысты білімдері және аттестациядан өткен адамдар жіберіледі. Жүк көтеру механизмдерін пайдаланылғанда күнделікті ілгек, сым арқан, строптарды қарап, тексеріп отыру қажет және жұмыс негізінде қолғап, каска және басқа қорғау құралдарын пайдалану қажет.
Әр кран, лифт, көтергіш мемлекеттік тау – кен техникалық бақылау органдарында тіркелуге міндетті. Мекемеде, әр жылдағы тексеру барысын жазып отыратын журналдар болуы қажет. Көтеру механизмдерін жылына бір рет тексеріп, куәландырады. Куәландыру барысында құрылғылар-Стати-калық сынақ және Динамикалық сынақтан өтеді
б) Жүк тасымалдаушы механизмдер – конвеерлер мен транспортерлер.
Өндірісте конвеерлердің аспалы (монорельс) шнекті, шынжырлы және элеваторлы (жоғары төмен жүретін, тік орналасқан) түрлері пайдаланылады. Олардың жітегінің айналып тұрған қозғалмалы бөліктері, тісті немесе ременді берілістері қақпақтармен жабылуы қажет. Конвейерлердің басы мен аяғында және әр 10 метр ұзындықта тоқтату түймелері болуы қажет. Конвейерді майлау, жөндеу үшін жетекті өшіріп, оны тоқтату қажет.
Конвейердің жылдамдығы 0,1-0,5 м⁄с аспауы керек.
Транспортерлердің үстінен адамдар өтетін жерлерді арнайы көпірлермен жабдықтайды. Көпірдің екі жағы ені 1 метр болуы керек.
Аспалы және көлбеу орналасқан конвейерлерді жұмыс істеушілер бастарына каска киюлері керек.
в) Жүк көтеруші машиналардың (лифтер, көтергіштер, крандар) бәрін қорғау құралдарымен жабдықтайды-олар жүкті жоғары шектен тыс көтергізбейтін, электр двигатель өшкенде жүкті төмен түсірмей ұстап тұратын тежегіштер. Көтергіш механизмдермен жұмысты бастамас бұрын, жүк көтергіш шынжыр, арқан, ілгек, тіреуіш бөлшектерінің мықтылығын тексеріп алу керек. Сондықтан мекеме оларды дұрыс пайдалануға, жөндеуге жауапты бір адам болуы керек. Ол адам жұмысшылардың білімдерін тексеріп, уақытымен жөндеу, байқау жұмыстарын жүргізіп, машиналарды уақытымен сынақтан өткізіп, куәлендіріп отырады.
г) Өздігінен жүретін көтергіш-түсіргіш машиналарда жұмыс істеуге жасы 18-ден асқан, қолында куәлігі бар мамандар жіберулері керек. Іштен жану қозғалтқыштарымен жүретін автокөтергіштерді бөлме ішінде пайдалануға болмайды. Түтіні адам денсаулығына зиян. Сондықтан бөлмелердің ішінде электрмен жүретіндері пайдаланылмайды.
4. Өндіріс жарақатымен күресті жүргізу үшін осы заманғы ескерту қорғау құралдарын пайдаланған тиімді .
Қ а у і п т і а й м а қ дегеніміз машинаның маңайындағы әрдайым немесе уақытша кездесетін зиянды және қауіпті жағдайларды туғызатын аймақ .
Еңбек қауіпсіздігін төмендететін құрал – жабдықтар болады :
Қорғаныш құрылғы – адамның болмаса оның киімінің бөлшектерін машинаның қауіпті аймағына түсіп қалуына кедергі , қоршау ретінде жасалады . Олар үш түрге бөлінеді : тұрақты ,алмалы – салмалы , жылжымалы .
Сақтандырғыш қорғау жабдықтары қауіпті факторларды қас қағым сәтте тоқтатады .
Тосқауылшы құрылғылар адамның қауіпті аймаққа баруын болдырмайды , не болмаса қауіпті факторлардың әсерін жоғалтады . Олар механикалық , электрлі ,фотоэлектрлі , гидравликалық , ауа қысымымен істейтін және құрама болып әр түрге бөлінеді .
Б е л г і беруш і : а ) дыбыс арқылы , ә ) түрлі – түсті жарықтар арқылы , б ) қауіпсіздік белгілері .
Қашықтықтан басқару ( алыстан басқару ) .
Д-10. Өрт қауіпсіздігінің негіздері
Қаралатын негізгі сұрақтар:
1.Жану және материалдардың жанғыш қасиеті.
2.Өрт сөндіргіш заттар және олардың сипаттамалары.
3.Өрт қауіпсіздігін ескерту және оның себептері.
1.Өрт пен су тілсіз жау деп халқымыз тегін айтпаған. Адамдар от жағуды білмеген кездің өзінде найзағайдан, вулкандардан шыққан өрттерден көп зиян шеккен. Адамдар от шығаруды /алуды/ білгелі олардың өміріне үлкен өзгеріс әкелсе, от алудың әдістері көбейген сайын өрт қаупі де көбееді.
Арнайы жану құрылғыларынан тыс, бақылап реттеуге келмейтін залал-зиян келтіретін жануды өрт дейміз.
Жану дегеніміз күрделі физико-химиялық процесс. Жану көзінде жанатын зат пен тотықтырушылар қосылады да жылу және жарық шығарады. Қандай зат болмасын жану үшін мөлшерлі жылулық және тотықтырғыштар /оттегі/ керек.
Тотықтырғыштар: оттегі, хлор, бром, азот қышқылы, бертолет тұзы т.б.
Жанатын заттар: қатты, сұйыө және газ күйінде кездесуі мүмкін, олардың барлығы да жанған кезде жарық пен жылу шығарады.
Жанудың бірнеше түрлері бар, олар:
Жарық етіп жану, Тұтанып жалындау, Өздігінен жалындау ,Өздігінен жану, Атылып жану
Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары 3 түрге бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын /СНжЕ П-А 5-70/, жанатын.
1.Жанбайтын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанбайды бықсымайды, көмірге айналмайды.
2.Қиын жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанады, бықсиды, көмірге айналады.
3. Жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтынып жанады, бықсиды, және әрі қарай жана береді.
Өрт кезінде өзінің тіреуіш және қорғағыш күйін сақтау қасиетін заттардың отқа шыдамдылығы дейді.Өндірістік ғимараттар мен құрылыс-тардың отқа шыдамдылығы(огнестойкость) сағатпен беріліп –I,II,III,IV,V әріптермен белгіленген дәрежелерге бөлінеді.
Өрт қауіптілігіне байланысты өңдіріс орындағы технологиялық процестердің қауіптілігі 6 категорияға бөлінеді:
А,Б,В,Г,Д,Е. Бұл СНжЕ 01-М 2-92 құжаты бойынша қабылданған.
2. Халық шаруашылығында өртті сөндіруге негізінен мына заттар пайдаланылады: су, құм, топырақ, химиялық көбік егер бар болса инертті газдар мен арнайы ұнтақтар т.б. пайдаланылады.
Суды өрт сөндіруге жиі пайдалану себебі. Ол шаруашылықтың әр жерінде кезігеді, оның өртті сөндіруге суығы әсер етеді (жылу сыйымдылығы 2213,8 КДж/кг, град ) және буымен әсер етеді мысалы: 1кг су 1700 л буға айналады. Су тоқ өткізеді, кейде жануды да қолдайды. Сондықтан оны пайдаланған кезде байқау керек.
Химиялық көбіктер от сөндіргіштерде пайдаланады. Бұл көбіктер тік қабырғада да жабысып тұрып жанып жатқан заттың сөнуін тездетеді, ал су болса ағып кетеді.
Инертті газдар мен арнайы ұнтақтар ол: тоғынан шыққан, жанар-жағар майлардан щыққан да өртті өшіре алады, бірақ олар шаруашылықтарда сирек кездеседі. Өрт жаңа басталған кезде жануды тоқтату үшін әртүрлі от сөндіргіш құралдар пайдаланылады. Оларға қолға алып жүретін немесе дөңгелекпен қозғалатын от сөндіргіштер, гидропульттер, су құйылған ыдыс, құм салынған жәшік, киіз т.б. заттар жатады.
3. Өрттің алдын алу шаралары:
1. Құрылыс кезінде: генплан жасалған кезде құрылыс объектілерін дұрыс орналастыру ережелерін сақтау; құрылысты жоспарлаған кездегі ережелерді сақтау; құрылысты жүргізген кездегі ережені сақтау.
2. Тәртіпті сақтау: құрылыс пен құрылғыларды пайдалану тәртібі, машиналармен құралдарды пайдалану тәртібі, күнделікті өмірде, далада, орманда жүргенде:
3. Түсіндіру жұмыстары арқылы: өрт қауіпсіздігінің ережелерін шығару, халықты өрт қауіпсіздігі тәртібіне оқыту, үйрету, өрт қауіпсіздігін кино, телевизор, радио арқылы уағыздау.
Әр түрлі шаруашылықтарда мынадай себептерден өрт шығады:
1. құрылыс салған кезде өрт қауіпсіздігі тәртібінің бұзылуы, желдің негізгі бағытын есептемеу және өндіріс технологиясының қаупін есептемеу т.б;
2. жылу орталықтарын пайдаланған кездегі тәртіп бұзу;
3. электр жүйесін жүргізген эл. құрылғыларын пайдалану кезіндегі тәртіп бұзу т.б.
4. пішіндердің, қилардың, торфтардың өздігінен қызып жануы, оларды сақтау тәртібін бұзу;
5. тез тұтанатын заттардың құбырдағы тағы басқа жерлердегі үйкелістері кезіндегі қауіп;
6. керосинді шам, ашық отты пайдаланған кездегі тәртіпті бұзу;
7. жай оттарының әсерінен болған өрт.
3. Тәжірибе сабақтары
№ 1 Сабақ тақырыбы: Еңбек қорғау жөнiнде нұсқаулар беру және оның iс қағаздарын жүргiзу.
Жұмыс мақсаты: Методикалық жұмыста берiлген стандарттың нұсқа-сымен,ондағы көрсетілген нұсқаулардың түрiмен танысу. Әр нұсқаудың мазмұнын бiлiп, оны дұрыс жүргiзе бiлу және тiркеу жолдарын оқып-бiлу.
Оқу құрал жабдықтары:
Методикалық нұсқау
Тiркеу кiтапшасының үлгiлерi
Жеке тапсырма.
Жұмыс ретi:
1. Кәсіпорын,мекемелерде нұсқаулардың қандай түрлерi жүргізілуі міндетті? 2. Әр нұсқаудың жүргізілу мерзімдері қандай?
3. Әр нұсқау қандай мазмұнда жүргізіледі? 4. Нұсқауларды кiмдер жүргiзедi, iс қағаздары қалай тiркеледi?
Алғысөз
«Жұмыскерлерді қауiпсiз еңбек етуге оқыту, еңбек қорғау , қауіпсіздік сұрақтары бойынша білімдерін тексеру және нұсқауларды жүргізу ережелері» Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 313 бабына сәйкес, ҚР «Халықтың еңбегін қорғау және әлеуметтік қорғау министрлігінің» 23 қыркүйек 2007 жылғы № 205 л бұйрығымен бекітілген. Бұл ереже барлық халық шаруашылығы салаларының мекемелерi мен кәсiпорындарында бiрдей жүредi.
I. Негiзгi баптар
1.1Жұмыскерлердi қауiпсiз еңбек етуге оқыту, жұмыстың қауiптiлiк дәрежесiне , ерекшелiгiне қарамай, барлық кәсiпорында, мекемелерде:
жаңадан жұмысшыларды дайындау барысында ; (жұмысқа алғаш орналасқан кезде немесе мамандығы жоқ; мамандығын өзгерткен кезде)
мамандық шеберлiгiн арттыру кезiнде iске асырылуы керек.
1.3 Оқып-үйрету жұмысын ұйымдастыру мен жалпы басқару кәсiпорын (мекеме) басшысына , ал бөлiмдерде- бөлiмше бастықтарына жүктеледi.
1.4 Бөлiмдердегi қауiпсiз еңбек етуге үйрету жұмысын және оның сапасын , кәсiпорынның еңбек қорғау бөлiмi (бюрасы, инженерi) қадағалайды.
Ондай бөлiм жоқ болған жағдайда кәсiпорын (мекеме) басшысы” бұйрығымен бұл мiндет инженер- техник қызметкерлерiнiң бiрiне жүктеледi
1.5 Бұл ереженің шарттарын министiрлiктер әр саланың жұмыс ерекшелiктерiне қарай, оқулық-методикалық бағдармалар жасаған кезде және техникалық ереже , iс қағаздарын жасағанда ескерулері керек.
II Жұмысшыларды жаңадан дайындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгiне оқыту- үйрету.
2.1 Қауiпсiз еңбек етуге оқыту кәсiптiк–техникалық оқыту бағдарла-масына сай, Мемлекеттiк кәсiби оқу бөлiмi, мемлекеттiк еңбек департаменті бекiткен «Өндiрiсте жұмысшыларды дайындау және олардың мамандық шеберлiгiн арттыру ережелерiне» сәйкес оқытылуы қажет.
2.2 Қауiпсiз еңбек етуге оқыту , еңбек қорғау тақырыптары бойынша да , және мамандыққа оқыту-үйрету барысында да, мiндеттi түрде , еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының тақырыптарын қосып оқыту арқылы iске асады.
2.3 Жаңа жұмысшыларды қауiпсiз еңбек етудiң әдiс - әрекеттерiне тәжiрибе жүзiнде оқыту немесе өндiрiстiк оқыту - оқу шеберханаларында (цехтарында, бөлiмдерiнде) нұсқаушының (инструктордың) басшылығымен , ал жұмыс орнында арнаулы бiлiмi бар маман, бригадир немесе жоғарғы квалификациясы бар жұмысшының басшылығымен жүргiзiледi.
2.4 Еңбек қорғау сабағының әр өткен тақырыбы және сабақта болған адамдар тiзiмi оқу журналына жазылып отырылады.
2.5 Сабақ бiткен соң , алған бiлiмдерiн тексеру үшiн емтихан алынады.
III.Еңбеккерлерге нұсқауларды берудi ұйымдастыру.
Мазмұн-түрiне және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей болып бөлiнедi: 1-шi –кiрiспе нұсқау. 2-шi- жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау. 3шi- қайталама нұсқау; 4шi- қосымша нұсқау (внеплановый); 5шi – тиiстi нұсқау (целевой).
3.3 Кiрiспе нұсқауды еңбекшiнiң бiлiмiне , осы қызметтегi не кәсiптегi жұмыс өтіліне (стаж) қарамай барлық адамдармен және де іссапарға келген адамдармен , тәжiрибе өтуге немесе өндiрiстiк оқуға келген оқушылармен, студенттермен де жүргiзу керек.
3.7 Кәсiпорында, мекемеде жұмысқа жаңадан орналасқан әр адаммен, сол мекеменiң бiр бөлiмшесiнен екiншi бөлiмшеге ауысқандармен, командировкаға келгендермен , кәсiптiк оқуға немесе тәжiрибе алуға келген оқушылар , студенттермен ; мамандығын ауыстырып , өзiне бұрыннан таныс емес жұмысты алғаш iстейтiн адамдармен - мiндеттi түрде жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау жүргiзiлуi тиiс.
3.12 Барлық еңбек етушiлер бiлiмiне, жұмыс өтілiне , бiлiктiлiгiне қарамастан алты айдан аспайтын мерзiмде бiр рет қайталама нұсқау алулары керек.
3.13 Қайталама нұсқау жеке түрде немесе бiр түрлi мамандық иелерiмен топтасқан түрде өткiзіледi. Бұл нұсқауды өткiзу мақсаты еңбек қауiпсiздiгi ережелерiн еңбеккерлердiң қандай дәрежеде бiлетiндiгiн , меңгергендiгiн тексеру және оны жетiлдiру.
Қайталама нұсқау - жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың мазмұнына сәйкес жүргiзiледi.
3.14 Қосымша нұсқау:
- еңбек қорғау ережелерiне ,заңдарына еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiндей өзгерiс кiрген кездерде;
- технологиялық процесcтерде өзгерiс болғанда, құрал-жабдықтар, шикiзат өзгергенде не болмаса олар жаңартылғанда;
еңбеккер қауiпсiз еңбек ету ережесiн бұзып , оның салдары жазатайым оқиғаға , өндiрiс апатына , жарылысқа , өртке әкелiп соққан кездерде;
бақылау, қадағалау органдарының міндеттеуі бойынша жүргізіледі.
3.16. Тиiстi нұсқау :
- тікелей мамандығына қатысы жоқ, бір жолғы жұмыстарды орындау кезінде жүргізіледі (тиеп-түсіру,аумақты тазарту, бөлімше, цех, мекеме аумағынан тыс жердегі жұмыстар).
- катастрофа, дүлей зілзала, авариялардың салдарын жою жұмыстарын орындаукезінде; - қауіпті жұмыстарды орындау алдында жүргiзiледi;
№ 2 Сабақ тақырыбы: Өндiрiстік жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және тiркеу.
Жұмыс мақсаты: Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң ретiмен, оны тiркеу жолдарымен , талдау әдiстерiмен танысу, өндiрiстік жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезіндегі актi толтыруды үйрену.
Жұмыс ретi:
Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң мәні неде?
2. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері қандай?
3. Өндірісте болған жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясы мүшелігіне кімдер кiредi? Тексерудiң уақыт мерзiмi қанша?
4. Тағы қандай тексерулер түрлерiн бiлесiң? Қай уақытта арнайы тексеру жүргiзiледi?
5. Арнайы тексеру комиссиясына кiмдер кiредi? Тексеруге қанша уақыт берiледi?
6. Егер жазатайым оқиға ұшыраған адам, ол туралы сол уақытта айтпай бiрнеше күннен кейiн /3,5,10/ айтса, бұл жағдайда тексеру қалай жүргiзiледi?
Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу.
1. Қызметкерлердің, сондай-ақ:
1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жо-ғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік практикадан өтіп жүрген адам-дардың;
2) әскери қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің;
3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;
4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, әскерилендірілген кү-зет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жө-ніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүше-лерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.
Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері.
1. Жұмыс беруші:
1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қа-жет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
2) авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуы-на себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөнін-дегі шұғыл шараларды қабылдауға;
3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмы-сын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтау-ға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге;
4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік құ-қықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарла-ма жіберуге;
5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;
6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге;
7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.
2. Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уә-кілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелеріне;
2) қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті ор-гандарға;
3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті мемлекеттік ор-ганға;
4) қызметкерлер өкілдеріне;
5) қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс бе-рушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі.
1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бас-тап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мына-дай құрамдағы комиссия жүргізеді:
төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынба-сары;
мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.
Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
2. Арнайы тергеп-тексеруге:
1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қара-мастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.
1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инс-пекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:
төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексе-руді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жө-ніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнін-дегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топ-тық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мем-лекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Өкіметі құрған комиссия жүргізеді.
5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін ар-найы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың маман-дары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу.
1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.
2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың сани-тарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган-ның өкілі де қол қояды.
Егер жұмыс беруші жеке тұлєа болса, жазатайым оқиға туралы акт толты-рылып, оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады.
3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс.
4. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тер-геп-тексеру актісімен қатар:
1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өт-кені туралы мәліметтер;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіз-дігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері;
3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзін-ді көшірмелер, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамта-масыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар;
5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;
6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптама-лардың, талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар;
№3 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орындарындағы микроклиматқа баға беру.
Жұмыстың мақсаты: Жұмыс орнындағы, бөлмедегі микроклиматтың көрсеткіштерін анықтау және микроклиматқа баға беру.
Жұмыс реті :
1. Бөлме микроклиматтының көрсеткіштерін өлшейтін аспаптардың жұмысымен, құрылысымен танысу.
2. Жұмыс бөлмелерінің микроклиматына сипат беретін жағдайларды өлшеп білу.
3. Зертханадағы микроклиматқа баға беріп , тәжірибе кестесін толтыру. Жұмысқа қорытынды жасау.
4. Микроклиматты қалыпқа келтірудің жолдарын көрсете білу.
Жұмыс орнындағы микроклиматтың оптималды көрсеткіштері
Жыл маусымы
|
Жұмыс дәрежесі
|
Микроклимат көрсеткіштері
|
Температура
0С
|
Салыстырмалы
Ылғалдылық, %
|
Ауа қозғалыс жылдамдығы
|
Суық және ауыспалы мезгіл
|
Жеңіл, I
Орташа ауыр-лығы, I Iа
Орташа ауыр-лығы, I Iб
Ауыр, I , I I
|
20...23
18...20
17...19
16...18
|
60...40
60...40
60...40
60...40
|
0,2 дейін
0,2 дейін
0,2 дейін
0,2 дейін
|
Жылы мезгіл
|
Жеңіл, I
Орташа ауыр-лығы, I Iа
Орташа ауыр-лығы, I Iб
Ауыр, I , I I
|
22...25
21...23
20...22
18...21
|
60...40
60...40
60...40
60...40
|
0,2 дейін
0,2 дейін
0,4дейін
0,5 дейін
|
Жұмыс орнындағы микроклиматтың нақты жағдайлары нормада көрсетілген жағдайларға сәйкес келе бермейді. Сондықтан, бұл жағдайларды уақытында анықтау үшін төмендегідей аспаптар қолданылады.
Температураны өлшеуге – сынапты термометрлер қолданылады.Бөлме ішінде жылу шығаратын құрылғылар болған кезде ауа температурасын қос термометр арқылы өлшейді(1-ші Сурет).Сынапты екі термометрдің бірі қара бояумен екіншісі күміс түстес бояумен боялған.Ауаның нақты температурасы екі термометрдің көрсеткіш айырмасы арқылы анықталады.
Термографтар – бөлмедегі ауа температурасының уақытқа байланысты өзгеруін жазуға арналған.
Тұрақты Августың психрометрі – қос термометрден тұрады. (2-ші Сурет).
Оның бірі ылғалды( сынап тұратын ыдысы суланған дәкемен оралған),екіншісі құрғақ термометр. Ылғалды термометрдің көрсеткіші әрқашан төмен.
Психрометрлер – жұмыс аймағындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауға арналған аспаптар. (3-ші,4-ші Сурет)
Екі термометрдің көрсеткіш айырмашылығы арқылы номограммадан немесе таблицаны қолданып ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаймыз.
Гигрометр МВ–1 аспабы–ауа ылғалдылығын тура анықтауға арналған. Оның негізгі, ауа ылғалдылығы өзгерісіне қарай қалынын өзгертетін бөлігі майсыздандырылған адамның бір шоқ шашы( 1 шоқта- 30-35 тал шаш). Ылғалдылық жоғарыласа шаш ұзарады,ылғалдылық азайса шаш қысқарады.Беріліс механизмдері арқылы бір шоқ шашпен жалғасқан аспап жебесі ауаның салыстырмалы ылғалдылығын көрсетеді
Гигрограф аспабы – ауаның салыстырмалы ылғалдылығының уақыт бойынша өзгеруін жазуға арналған.Олар тәуліктік немесе апталық өзгерісті жазады.Жазу бөлігі сағат механизміне жалғасқан диаграмма қағазы оралған барабаннан тұрады.
Шөмішті немесе қалақты анемометрлер 9-20 м/с және 0,5-10 м/с аралығындағы ауа қозғалысын өлшеуге арналған. (5-ші Сурет) Жел қысымынан болатын қалақтың айналысын өлшеу механизмі көрсетеді.Қалақтың айналыс жылдамдығы, ауа қозғалысының өзгеру жылдамдығына тура пропорционал.М/с –пен көрсетілген жылдамдықта арнайы графикпен және секундомер арқылы анықтайды.
Ал, ауа қозғалысы 0,5 м/с төмен болғанда, ауа қозғалысы жылдамдығын кататермометр арқылы анықтайды.Термометрлердің спирт немесе сынап тұратын бөліктері шар тәріздес немесе цилиндр тәріздес болып екіге бөлінеді және төменгі, жоғарғы екі бөліктерден тұрады.Цилиндр тәріздес кататермометр шкаласы 38-35 0С ал, шар типтес 40-33 0С шамаға бөлінген.
Жылдамдықты өлшеу үшін алдымен термометрді +60 -70 0С суға салып,сынап, термометрдің жоғарғы ыдысына толғанша ұстайды.Содан соң өлшеу жүргізетін ауа жолына кататермометрді қойып,көрсеткішінің ( 38-35 0С,40-33 С) төмендеу уақытына байланысты жылдамдықты анықтаймыз.
Актинометрлер – сәулелі жылу температурасын өлшеуге арналған.Аспаптың жылу қабылдайтын бөлігі қара немесе жарқыраған алюминий табақшалары.Олар термопарамен гальванометрге жалғанған.Аспап жылу ағынының тығыздығы 250 вт/м2 –тан жоғары болғанда ғана жұмыс істейді.
Барометр МД - 49, БАММ ауа қысымын өлшеуге арналған.Олардың шкалалары мм сынап бағанасы немесе паскальмен (Па) белгіленген.
М – 22, М – 22С барографтар тәуліктік немесе апталық ауа қысымының өзгерісін жазуға арналған аспаптар.
Тәжірибе кестесі.
№
|
Көрсеткіштер атауы
|
Қолайлы нормативтік көрсеткіштер
|
Нақты көрсеткіштер
|
1
|
Ауаның температурасы 0С
|
20-23
|
|
2
|
Салыстырмалы ылғалдылық %
(гигрометр бойынша)
|
60-40
|
|
3
|
Гигрограф бойынша салыстырмалы ылғалдық %
|
|
|
4
|
Жұмысшы басындағы көрсеткіш
|
|
|
5
|
Жұмыс аяғындағы көрсеткіш атмосфералық қысым,мм.сын.бағ.
|
760
|
|
6
|
Ауа қозғалысының жылдамдығы. м/с
|
0,2
|
|
Қорытынды:
№4 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орнындағы табиғи жарық мөлшерін анықтау
Жұмыс мақсаты:
Жұмыс орнындағы, бөлмедегі жарыққа қойылатын талаптармен танысу.
Жұмыс орнындағы жарық мөлшерімен танысу және оны өлшеу әдістерін оқып үйрену.
Оқу құрал жабдықтары:
Методикалық нұсқау
2. Люксметр Ю-116
Плакаттар
Жұмыс тәртібі:
1. Бөлмені жарықтандыруға қандай талаптар қойылатынын еске түсір.
2. Люксметрдің құрылысын, жұмыс принціпін жазып көрсетіңіз.
Табиғи жарықтандырудың көрсеткіштері қандай және табиғи жарықтандыру немен мөлшерленеді?
4.Табиғи жарықтандыруды есептеудің қандай әдістерін білесіз?
5. Жасанды жарық көздері туралы не білесіз?
Жұмыс орнын жарықтандыру табиғи және жасанды түрде іске асырылады.
Табиғи жарықтандыру дегеніміз күн сәулеін бөлмеге түсіру арқылы жарық беру. Күн сәулесі бөлмеге терезе әйнегі арқылы төбеден немесе қабырға жақтан (жанынан) түсіріледі. Кей бөлмелерде жарықтандыру осы екі әдісті (аралас жарықтандыру) қолдану арқылы іске асырылады.
1. Жарықтың өлшем бірліктері
Кез-келген жазықтыққа түскен жарық шамасын Е әрпімен белгілейміз.
, люкс
мұндағы: - жарық қуаты, ЛМ
- жарық түсіп тұрған аудан, м2
Жарық шамасы (Е) дегеніміз - сәуленің түсу бағытына перпендикуляр, сол сәуле түсіп тұрған белгілі бір аудандағы жарық қуатының тығыздығы.
Жарық шамасының өлшеу бірлігі – люкс (лк) – ол ауданы 1 шаршы метрге тең жерге қуаты 1 люмен сәуле түскендегі жарық шамасы. Ал кез-келген нүктеге түскен жарық шамасы табиғи жарық коэффициенті (Т.Ж.К.) әрпі арқылы сипатталады:
/1/
- табиғи жарық коэффициенті анықталып отырған нүктенің жарық шамасы.
- сырттағы күн сәулесінің жарық шамасы.
Кез-келген жазықтыққа түсіп тұрған жарық шамасын анықтау үшін люксметр аспабы қолданылады. Біз тәжірибе кезінде Ю-116 люксметрмен өлшем жүргіземіз.
Люксметр Ю-116 - өлшегіш бөлігінен 1 , жеке фотоэлементтен 2 және насадкадан 3 тұрады. Өлшегіш бөліктің бетінде өлшем көрсеткіш, түзеткіш, өлшемді өзгерткіш түйме және стрелканы нөлге қоятын тетік орналасқан.
Насадканың ішіне қойылатын жарық сүзгілері ( М, Р, Т әріптерімен белгіленген) өлшеу шамасын өзгертуге арналған.
7- Сурет. Люксметр Ю-116 жалпы құрылысы.
1 - өлшегіш бөлік, 2 - фотоэлемент, 3 – насадка, 4 – сүзгі,
5 - өлшемді өзгертетін түймелер, 6 – нөлге қоятын тетік.
Өлшемді бастамас бұрын люксметрдің өлшегіш бөлігін горизонталь жазықтыққа қоямыз. Аспаптың стрелкасы нөлде тұрғанын тексереміз. Бұл уақытта фотоэлемент өлшегішке жалғанбай тұруы керек. Қажет болса түзеткіш арқылы стрелканы нөл бөлігіне қоямыз.
Өлшем бірлігін дұрыс алу үшін былай істейміз. Өлшемді өзгерткіш, оң жақтағы түймені басқанда, өлшем көрсеткішін шкаланың 0…..100 дегенінен қараймыз. Ал сол жақтағы түймені басқанда – 0…..30 шкаласынан көрсеткішті қараймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |