ПоәК 042-14. 05. 01. 20. 83/03-2012 №2басылым 26. 02. 2010. орнына №3 басылым



жүктеу 0,5 Mb.
бет2/4
Дата15.02.2020
өлшемі0,5 Mb.
#29186
1   2   3   4

2.ЖОО-да қатаң ғылыми талаптарға сай білім беру процесі жүзеге асады. Мұнда студенттің индивидуалды тұрғыдан мәлімет алына, бейімделуіне мүмкіндік аз. Мотивті психологиялық зерттеу және оның құрылуы – бұл бір үрдістің құрамдыс бөліктері болып табылады. Студент тұлғасының бүтіндігі, мотивациялық аймағы жеке тұлға дамуының негізі болады.

Қазіргі уақытта әр адамға міндетті түрде психологиялық көмек көрсету негізгі сұрақ болып отыр. Психологиялық мәселелердің туындауына әр түрлі факторлар себеп бола алады. Бұл адамның физикалық жағдайы, эмоционалдық уайымдары, әлеуметтік өзара қатынастар, сондай-ақ өз-өзіне көзқарасы (өзін-өзі бағалау, сана-сезім) сілтемелері болуы мүмкін. Бір адамда мәселелердің туындаумен байланысты тұлғааралық сипаттағы (шексіз қамқорлық, біреудің проблемасына бейтараптық қатынас) мәселелер түзілуі мүмкін. Психологиялық мәселелерді шешудің әртүрлі тәсілдері бар. Жаңа тәжірибелік әдістердің сенімділігі және олардың классикалық негіздермен теориялық негізділуіне көңіл аударудың маңызды. Адам индивидуалдығы мен мәселе тегіне тәуелсіз тәжірибелік тәсілдердің түрлерін кеңінен қолданған жөн. Психолог жұмысының нәтижелері позитивті-прогрессивті сипатта болу керек. Адам қанағаттану керек, ал психолог – кері байланысты. Фрейдизм (психоанализ) сияқты классикалық тәсілдердің маңыздылы жайлы айту қажет. Бұл бағыттың элементтері санасыздық деңгейінде түрлі тәсілдерді қолдануға үлкен мүмкіндік береді. Гештальт-психологиясында адам психикасына «аяқталу» элементі сияқты түзетулік әсер ету мақсатында тәжірибелік-психологиялық жұмыс қажеттілігі мен маңыздылығы жоғары. Гештальтистер қабылдаудың сапалы өзіндік, тұтастық сипатын алдыңғы орынға шығарды. Л.С. Выготскийдің идеялары мен оның мектептері мыңдаған нақты мамандардың ғылыми дүниетанымдарының негізін құрайды, оның ғылыми еңбектерінен тек Ресейдің емес бүкіл әлемнің психологтарының жаңа буыны талпыныс алады. Л.С. Выготский «шыңдық психология» (сана психологиясы) сияқты өз зерттеулерінің аймағын анықтады. Л.С. Выготский бойынша, психологиялық дамудың қозғаушы күші – оқыту. Оның айтуынша: «оқытудағы бір қадам дамуда жүз қадамды білдіреді» немесе «тиынға оқытамыз, ал дамуды рубльге аламыз».



Нейролингвистикалық бағдарлама (НЛБ) жадыда ақпарат қабылданып, сақталатын сенсорлық каналдың (визуалды, аудиальды, кинестетикалық) модальдігін қарым-қатынастың негізгі компонентімен арттырады. НЛБ-да өткенді мәселелердің емес, ресурстар көзі ретінде қарастыруды дұрыс деп санайды, ол психотүзетулік жұмысты прогрессивті жүргізуге мүмкіндік береді.

2. ЖОО-ның оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетіндегі кәсіби біліктілігі педагогикалық ситуациялардың анализі негізінде педагогикалық міндеттерді қалыптастыру мен оларды шешудің оптималды әдістерін табу ептілігінен көрінеді. Студенттермен жұмыс барысында педагогпен шешілетін жағдайлардың барлық түрлерін алдын ала сипаттап беру мүмкін емес. Жаңа жағдай туған сайын, өзіндік ерекше және тез өзгеретін шешімдер қабылдауға тура келеді. Сондықтан педагогикалық іс-әрекеттің ең маңызды сипаттамаларының бірі оның шығармашылық сипаты болып табылады.

Педагогикалық қабілеттер құруда және сәйкес педагогикалық іс-әрекетте келесі компоненттерді бөліп көрсетеді: құрылымды (конструктивный), ұйымдастырушылық, коммуникативтік және гностикалық.

Құрылымдық қабілеттер тактикалық мақсаттардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді: курсты құрылымдау, жеке бөлімдер үшін нақты мазмұнды таңдау, сабақтарды өткізу формаларын таңдау және т.с.с. жоғарғы мектептегі оқу-тәрбие процесін құру мәселелерін шешу күн сайын әр педагог практикке жүктеледі. Педагогикалық шеберліктің бірнеше компаненттерін бөліп көрсетуге болады (Д.Аллен, К.Раин). мына микрокесте элементтері педагогикалық іс-әрекетті меңгеру деңгейінің көрсеткіштері ретінде қызмет көрсете алады:


  1. Оқушыны ынталандыруды түрлендіру (негізінен, оқу материалын монологиялы, бір сарынды мәнерде баяндаудан бас тартудан, оқытушының аудиторияда өзін еркін ұстаудан және т.с.с. көрінуі мүмкін).

  2. Қызығушылықты әсерлі бастама арқылы ояту.

  3. Сабақ нәтижелерін немесе оның жеке бөліктерін педагогикалық сауатты қорытындылау.

  4. Үзілістерді (паузаларды) немесе коммуникацияның вербалды емес құралдарын қолдану (көзқарас, мимика, жест).

  5. Жағымды және жағымсыз қосымшалар жүйесін шебер қолдану.

  6. Жетекші сұрақтар мен тексеруші сипаттағы сұрақтардың қойылуы.

  7. Оқушыны оқу материалын қорытындылауға итермелейтін сұрақтардың қойылуы.

  8. Шығармашылық белсенділікті ынталандыру мақсатында дивергентті типтегі (бағыттан тайған) тапсырмаларды қолдану.

  9. Студенттердің ақыл-ой жұмысына кірісу дәрежесін, зейінін шоғырландыруын оның әрекет-қылығының сыртқы белгілерінен анықтау.

  10. Мысалдар мен иллюстрацияларды қолдану.

  11. Қайталау амалын қолдану. Ұйымдастырушылық қабілеттер негізінен тек студенттерді оқыту процесін ұйымдастыру үшін ғана емес, сондай-ақ оқытушының жоғарғы мектепте өзін-өзі ұйымдастыру іс-әрекеті үшін де қызмет етеді. Ұзақ уақыт оларға бағынушылық роль берілген еді: Жоғарғы мектепте мамандарды дайындау жағдайлары дәстүрге сай өзгертілмеді, ал студенттердің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда таңдау уақытпен тексерілген және меңгерілген формалар мен әдістерге жасалды. Айтпақшы, гностикалық және құрылымдыққа қарағанда ұйымдастырушылық қабілеттер жастың ұлғаюымен төмендейтіндігі анықталды.

Оқытушының студенттер мен басқа оқытушылармен байланыс орнатудың жеңіл болуы, сондай-ақ бұл қарым-қатынастың педагогикалық мәселелерді шешу тұрғысынан нәтижелілігі қарым-қатынастағы коммуникативтік қабілеттер мен жауаптылықтың даму деңгейіне байланысты болады. Қарым-қатынас тек білім берумен ғана шектелмейді, сонымен қатар бірлескен іс-әрекетке ынталандыру, қызығушылықтарды ояту, эмоционалды жұқтыру қызметін де орындайды.

Қарым-қатынастың студенттерді тәрбиелеудегі бірлескен іс-әрекетпен қатар шешуші ролі осында. Жоғарғы мектептің оқытушылары енді ғылыми ақпаратты тасымалдаушы және беруші ғана емес, сол сияқты студенттердің танымдық әрекеттерінің, олардың өздік жұмыстарының, ғылыми шығармашылығының ұйымдастырушылары да болуы керек.

Жоғарғы мектеп студенттерінің қалыптасып даму процесін басқару үшін олардың әрқайсысының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктерін дұрыс анықтау, олардың шығармашылығы мен өмір жағдайларын мұқият талдау, жақсы қасиеттерін өңдеу мүмкіндіктері мен перспективалар қажет. Психологиялық білімдерді қолданбастан студенттердің табысты кәсіби іс-әрекетіне қажетті жан-жақты дайындығын шыңдау, оларды оқыту мен тәрбиелеудің жоғарғы деңгейін, түлектердің мамандануы мен жоғарғы мектептің оқу бағытын ескере отырып, теориялық және практикалық дайындықтардың бірлігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл негізінен қазіргі өмір жағдайларында,қоғамдағы кризис жағдайларында аса маңызды болып келеді.

Гностикалық компонент – бұл оқытушының оның кәсіби іс-әрекетінің негізін құрайтын білімдер мен ептіліктер жүйесі, сондай-ақ оның нәтижесіне ықпал ететін танымдық іс-әрекеттің белгілі бір белгілері. Ақырғыларына гипотезаларды тексеру мен құру, қарсылықтарға сезімтал болу, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан бағалау жатады. Білімдер жүйесі дүниетанымдық, қоғамдық-мәдени деңгейлер менарнайы білімдер деңгейінен тұрады.

Негізінен танымдық іс-әрекеттің негізін, яғни жаңа білімдерді меңгеру іс-әрекетін құрайтын білімдер мен ептіліктер педагогикалық қабілеттердің гностикалық компонентінің маңызды құраушысы болып табылады.

Гностикалық қабілеттер оқытушы іс-әрекетінің негізін құраса, педагогикалық шеберліктің жоғарғы деңгейіне жетудегі анықтаушылары болып, жобалаушы немесе құрылымдық қабілеттер болып табылады. Бұл қабілеттерді жүзеге асырудың психологиялық механизмі оқу-тәрбие процесін ойша жобалау болып келеді.


3. Жоғары оқу орны мен мек­тептің бүгінгі сабақтастығы бұ­рын­ғыдан да артып отыр. Бұрын мектепті тек педагогикалық прак­тика өткізу базасы, кәсіби бағ­дар­лану бойынша жұмыс жүргізу деген бағытта қабылдасақ, енді жаңа әлемдік стандарттарға сай оқу жүйесіне мектептердің тезде­тіп өткізуге байланысты мәселе­лерді нақты шешу кезеңі келді.

Соның бір көрінісі ЖОО-ғы оқу кредиттік оқу жүйесі секілді мектеп жүйесі де осы салаға ерте араласып, ғылыми-практикалық қолданбалы зерттеулерге атса­лысуы керек, осы бағытта бағдар­ла­малар жасалуы қажет. Екінші бір негізгі мәселе, білім саласына (мек­тепке дейінгі, мектеп, ЖОО) прак­тикалық психологияны енді­ру­мен байланысты. Практикалық пси­хология білім берудің әлеу­меттік практикасы ретінде туын­дауда, әсіресе, білім жүйесін бас­қару са­ласында, мұғалімнің пси­хо­ло­гиялық мәдениетінің негізін қа­лауда көп жұмыстар атқары­луда.


Мектепке көмек ретінде ин­тер­нет-конференциялар ұйым­дастыру, Қазақстанда білім сала­сының практикалық психологтар федерациясын құру мәселесі де өте маңызды. Сондықтан төмен­дегідей ғылыми практикалық секциялар құру қажет болады: кәмелетке жетпегендердің пси­хологиялық әлеуметтік пробле­малары, психодиагностика, білім саласындағы когнитивті пси­хология, жоғары оқу орында­рындағы практикалық психоло­гиямен мектепті байланыстыру, тәуелді болу психологиясы, мек­тептегі практикалық психология қызметі, дарындылық пен шығар­машылық психологиясы, тұлғаны да­мыту психологиясы, зерттеуші-оқыту психологиясы, психо­ло­гиялық және педагогикалық тестілу, психологиялық мәдениет және білімдегі қауіпсіздік, мүм­кіндіктері шектелген балалардың психологиялық адаптациясы.

3 Оқыту үдерісінің психологиялық құрылымы



Мақсаты. Магистранттарға жоғары оқу орнындағы оқыту үдерісінің психологиялық құрылымы туралы білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Дәріс жоспары

1.Педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық кұрылымы. Оқу - іс-әрекет ретінде. 2.Оқудың негізгі факторлары мен заңдары. Оқытудың тиімділігі мәселесінің эволюциялық тұрғылары.

3.Оқытудың кұрылымдык үдерісі - дидактикалық жүйе ретінде. Оқытудың құрылымдық үдерісі - психологиялық жүйе ретінде.

1. Оқу процесінде қолдануда басқару оқытудың берілген нәтижелеріне жету үшін оқытушының студенттер ұжымына және жекелей студентке жүйелі, мақсатты түрде ықпал етуін білдіреді.

Басқару – бұл процестің оның табиғатына кері ағымын тездету, не басып тастау емес, керісінше, процестің табиғатын барынша ескеру, процеске оның логикалық ағымымен әр ықпалды сәйкестендіру.

Оқу процесін басқаруды айрықша белгілері келесідей болады:


  • әрқашанда күрделі реттеумен өзгешеленетін саналы және жоспарлы ықпал ету;

  • басқаратын жүйе бөлігі (оқытушы) мен басқару обьектісі (студент) арасындағы себеп-салдарлы байланыстардың болуы;

  • динамикалық немесе басқаратын жүйе бөлігінің бір сапалық қалыптан екіншісіне өтуге қабілеттілігі;

  • сенімділік, яғни, басқару жүйесінің берілген қызметтерді процесс ағымының белгілі бір жағдайларында орындау қабілеттілігі;

  • тұрақтылық – жүйенің түрлі сыртқы және ішкі қарсылықтарға қарамастан белгіленген траектория (қозғалған дененің жүріп өткен жолы) бойынша қозғалысын сақтау, қызмет етудің белгіленген тәртібін ұстану қабілеттілігі.

Басқару процесі басқарудың көптеген циклдерін бір уақытта бірізділікпен орындаудан туындайтын циклдық және үздіксіз ретінде көрінеді. Басқарушылық цикл мақсаттарды бекіту мен міндеттерді анықтаудан басталады да, оларды шешумен, қойылған мақсаттарға жетумен аяқталады. Қандай да бір мақсатқа жеткен соң жаңа мақсат қойылады да, басқарушылық цикл қайталанады. Мақсат - әрекет – нәтиже – жаңа мақсат – үздіксіз басқарушылық процестің кестелік бейнесі осындай. Ол ғылыми және оқу-тәрбиелік процестерге қолданбалы.

Оқу процесін нәтижелі басқару белгілі бір талаптарды орындауда мүмкін болады:



  1. оқыту мақсаттарын қалыптастыру;

  2. басқарылатын процестің бастапқы деңгейін (қалпын) орнату;

  3. оқыту процесінің негізгі өтпелі жағдайларын қарастыратын әрекеттер бағдарламасын құру;

  4. оқыту процесінің жағдайы туралы (кері байланыс) белгілі бір өлшемдер бойынша ақпарат алу;

  5. кері байланыс каналы бойынша алынған ақпаратты қайта өңдеу, оқу процесіне түзету жұмыстарын енгізу және құру.

Басқару процесіндегі оқытушының міндеті басқарылатын процесс жағдайын өзгерту мен оны алдын ала белгіленіп қойған деңгейге жеткізуден тұрады. Қатаң түрде айтқанда, оқу процесін басқару осы процестің әр қатысушысының орнын, оның функцияларын, құқығы мен міндеттерін анықтауды, оның өз міндеттерін барынша жақсы орындауына жағымды жағдайлар туғызуды қарастырады.

Оқу процесінде қолданылатын кері байланысты жүзеге асыру екі мәселенің шешімін табады:



  1. кері байланыс мазмұнын анықтау – оқу бағдарламаларын құруда база үшін қабылданатын оқытудың психологиялық теориялары мен оқыту мақсаттарының негізінде бақыланатын сипаттамалар жиынтығын анықтау.

  2. кері байланыс жиілігін анықтау.

Н.Ф.Талызина ерекше атап көрсеткендей, оқытудың басқару жүйесі ретінде өзіндік ерекшелігі негізінен ең алдымен оқу, меңгерудің басқарылатын процесі - әрқашанда нақты бір тұлғамен жүзеге асырылатындығынан тұрады. өзіндік факторлардың көптүрлілігі мен күрделілігі сондай, негізгі оқу бағдарламасын құруда олар әрқашан да есепке алына бермейді. Жаппай оқытуда ең жақсы жағдайда негізгі бағдарлама студенттердің белгілі бір тобы үшін типтік ерекшеліктердің тек кейбір жүйесіне бейімделуі мүмкін. Ал нақты студенттер тобын оқыту процесінде оларға қойылған мақсатқа тезірек жетуге мүмкіндік беретін қандай да бір қосымша ерекшеліктер анықталуы мүмкін.

Білімдерді меңгеруді басқару процесінде оқытушыға студенттердің фактілерді салыстырып қорытындылауды, қорытынды шығаруды, алынған мәліметтерді сыни тұрғыдан талдауды үйренді ме жоқ па анықтауы; олар оқулық материалын қалай меңгергенін, олардың меңгеруге уақыттары жете ме жоқ па және т.б. білуі керек. Нәтижелі оқыту процесін жүзеге асыру үшін оқыту процесін оқушылардың танымдық іс-әрекетінің процесі ретінде қарастыратын теория қажет.

ЖОО оқыту мен тәрбиелеу жеке тұлғаның кәсіптік тәжірибемен, сапамен, өзіндік дамуымен және қалыптасумен қамтамасыз етуге міндетті. ЖОО оқыту мен тәрбиелеу студенттің жеке тұлға ретінде максималды дамуына, яғни толық жағымды өзгеріс процесіне, сапаның қалыптасуына, тәжірибесіне әсер ету.

Психология кәсіптік оқыту мен тәрбие жұмысында студенттердің жоғары білім алудың әр деңгейінде оқу- тәрбие процесінің психологиялық заңдылықтарын зерттеуді қарастырады.

Жеке тұлғаның кәсіптік дамуында екі негіз бар: іс-әрекеттің операциялық жағының қалыптасуы (кәсіптік білім, дағды, ойлау және іскерлік) және жеке бас сферасы (мотивтер мен қызығушылықтар, кәсіптік сапа және т.б.).

Оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға екі субъект қатысады:

Оқытушы алдына педогогикалық мақсат қойған, осы мақсатқа жету жолында әдіс – тәсілдерді, қорытындыны талдап, әрекетін нақтылап, оқытудың нәтижелі болуына жан –жақты қатысады.

Студент оқыту мен тәрбие процесіне өзіндік көзқараспен қарап активтілік немесе пассивтілік білдіреді. Оқытушы мен студенттің бірлескен жұмыстары олардың жалпы іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады.

Студенттерді тәрбиелеу – бұл олардың психикасына әсер ету және жеке тұлғаның қасиеті мен сапасын, бағыттылығын, саналығын, жауапкершілік сезімін, адамдармен жұмыс істеу қабілетін, тәртіптілігін, өзіндік дамуын, өзіндік сынының және т.б. қалыптастыру мақсатындағы іс-әрекет.

ЖОО оқу – адамның әлеуметтенуінің негізгі кезеңі. Әлеуметтену – бұл қоғамның өмірлік шарттарына сай жеке тұлғаның қалыптасу процесі.

Студенттерді тәрбиелеу жұмысының формалары:

Анкеталау, әлеуметтік сұрау арқылы олардың қызығушылығын және құндылық бағдарларын анықтау.

Көркемөнерпаздық ұжым және қызығушылық бойынша бірлестіктер жұмысымен қамтамасыз ету.

Еліміздің мәдени өмірі, киномотограф, көркем әдебиеттер жайлы мәлімет беру.

Студенттерді тәрбиелеу мен оқыту ЖОО-ң білім беру процесінің бірлігі жағынан өзара байланысты. Әрбір ЖОО студенттерді тек қана біліммен қаруландырмайды, сонымен қатар кәсіптік дайындық пен жан –жақты дамуына үлкен үлес қосады. Одан арғы оқыту (магистратура, аспирантура т.б.) жеке тұлғаның дамуында ерекше орын алады.

Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық бірілігің мағынасы негізінде жеке тұлғаның бағыттылығын, мінез-құлқы, дүниетанымы, студенттің адамгершілік қасиеті, ақыл-ойының дамуы, эстетикалық қажеттілігін қамтамасыз ету қажет. Оқыту мен тәрбиелеу барысында студенттердің жас ерекшелігін әлеуметтік – психологиялық және индивидуалды қасиеттерін, оқуға деген көзқарастарын ескеру қажет. Студенттердің өзіндік тәрбиелеу мен өзіндік білімін жетілдіруді активтендіру ЖОО болашақ маманды дайындап шығарудың бірден бір көзі. ЖОО оқыту мен тәрбиелеудің спецификасы:

ЖОО бітіргеннен, кейінгі қажетті іс-тәжірибелік білім беру;

Студенттердің жас ерекшелік, әлеуметтік –психологиялық және индивидуалды қасиеттерін ескеру;

Оқыту мен тәрбиелеудің кәсіптік бағыттылығы;

Оқытудың ғылыми, қоғамдық және өндірістік іс-әрекетпен байланыстыру.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде студент белсенді болу қажет. Тәрбиеші оқу –тәрбие процесіне ғана көңіл бөлмей, сонымен қатар келешектегі жұмысына қажетті іс-әрекетін, дағды мен ікерлігін, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру керек.

Студенттің шығармашылық белсенділігі репродуктивтік іс-әрекеттен басталады. Яғни, өз алдына бір мәселе қойып, оның шешілу жолын іздестіріп, оптималды жолын тандау.

Болашақ маманның игерген қасиетін осы қасиеттерін даму заңдылқтарын, оқу –тәрбиелеу міндетін нақты анықтаған жағдайда ғана оқытушы оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына жетіп даму бірлігін қамтамасыз етеді.
4 Танымдық іс-әрекет психологиясы.

Мақсаты. Магистранттарға жоғары оқу орнындағы танымдық іс-әрекет психологиясы туралы білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Дәріс жоспары

1.Іс-әрекет жэне танымдық процестер.

2.Танымдық іс-әрекетті біріктіру мәселесі - оқытудың инновациялық технологиясының негізі ретінде.

3.Оқыту процесінің тиімділігі - бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекет нәтижесі ретінде.

2.

5 Психологиялық әдістер, тиімділікті арттыру жолдары және қазіргі жағдайдағы оқыту сапасы



Мақсаты. Магистранттарға жоғары оқу орнында психологиялық әдістер, тиімділікті арттыру жолдары және қазіргі жағдайдағы оқыту сапасы туралы білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Дәріс жоспары

1.Жоғары оқу орнында белсенді оқыту әдістерін қолдану. Интерактивті әдістер психологиясы және бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекет.

2.Коучинг оқыту және дамудың жаңа әдісі ретінде.

3.Лекция - жоғары оқу орнындағы оқытудың негізгі формасы ретінде.

4. Семинар сабақтарын жүргізудің психологиялық ерекшеліктері.
І.  Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылық-тарды меңгеру негізінде жүзеге асады. 
 Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайтала-натын өзара байланыс заңдылық деп аталады. өзара байла-нысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз. 
 Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы бай-ланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды. 

 Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары: 


 1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді. 
 Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты. 
 Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды. 
 Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-әрекеттеріне тәуелді. 

 Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру. 


 Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы. 
 Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады. Оқытудың негізгі заңдары: 
 Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалып-тастыруға ықпал етуі туралы заң. 
 Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы 
 заң. 
 Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң. 
 Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң. 
 - Оқу іс-әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң. Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір 
 зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педаго-гикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады. 

 Оқыту принциптері туралы түсінік 


 Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық 
 принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен 
 заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың 
 категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін 
 сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принцип-терін, негізгі 
 қағидаларды белгілеуге көп күш салды. 
 Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады. 
 Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз. 
 Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына 
 сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген 
 қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде 
 бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негізгі, ғасырлар 
 бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі: 
 ғылымилық, 
 саналылық пен белсенділік, 
 көрнекілік, 
 жүйелілік пен бірізділік, 
 беріктілік, 
 тиімділік, 
 теория мен тәжірибенің байланыстылығы. 
 Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнеленуі. Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады. 
 Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ереже-лерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принцип-терге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз. 
 Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ереже-лер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибе-нің қорытындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады. 
 Біздің оқулықта арнайы қарастырылмаған принцип-тер көп, мысалы, мұғалімнің басшылық ролі; ынталан-дыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту және тәрбиелеу бірлігі; ізгілендіру; жас және дара ерекшеліктерін назарға алу; кіріктіру принциптері. 
 Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастырайық. Ғылымилық принципі 
 Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптің астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның рөлі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны және мұғалімнің іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге диалек-тикалық, ғылыми-материалистік көзқарас қалыптастырады. 
 Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын негізгі талаптар: 
 - Білім мазмұнын педагогика, психология ғылым-дарының қазіргі даму дәрежесіне сәйкестендіру, жаңа әдіс-темелер мен жаңашыл ұстаздардың тәжірибесін қолдану. 
 - Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабілетін дамыту, бастауыш мектептің өзінде тек индук-циялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгізу. 
 -Шәкірттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау, пайдалану, қолдану, іске асыру. 
 - Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістермен таныстыру, оларды ізденушілікке, шығармашы-лыққа баулу, зерттеу тәсілдерін пайдалану үшін кітаппен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру. 
 Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде қарапайым ұғымдармен берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті. 
 Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыс-тарын көрсетіп оқушылардың білім деңгейімен ұштастыру, жаңа пән сөздерді қолдану. 
 - Белгілі ғалымдардың өмірбаянымен, олардың қосқан үлесімен оқушыларды таныстыру. 

 Жүйелілік пен бірізділік принципі 


 Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана, оның білімі толық және шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі; ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыз байланыста болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс. 
 Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алады. 
 Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану. 
 Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігін сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз ету. 
 Оқу пәні - ғылымның көшірмесі болғандықтан оқушы-ларға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыс-тарды пайдалану. 
 Бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру; қысқа қорытындылауды сабақтың басында, барысында және аяғында өткізу. 
 Тек тіл мұғалімдері емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың ой білдіру әдістері мен түрлерін бақылау; үнемі оларды өз қателерін тауып, талдауға үйрету. 
 Әрбір тақырып, бөлім, тарау, пән аяқталғанда қорытын-дылау және жүйелеу сабақтарын өткізу. 
 - Табиғатына байланысты, шәкірттер бірнеше сабақта меңгеретін материалды бір сабақта ''айлақорлықпен'' ұғындырмау. 
 - Оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама бойынша білім, дағды,білік жүйесін меңгеруін талап ету. 
 Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я. А. Коменскийдің ''бүгінгі оқыту кешегіні бекітіп, ертеңгіге жол салады'' өсиетін нақтылай түседі. Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі 
 Бұл принцип философияның ''тәжірибе - танымның ілкі бұлағы'' қағидасына негізделген. Оның түбінде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиімділігін тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды; тәжірибе - ақиқаттың көрсеткіші; тәрбие өмірмен, тәжірибемен тығыз байланысты; теория мен тәжірибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне, түрлеріне тәуелді; оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндіріске тез икемделеді. 
 Осыған орай мұғалім орындайтын ережелерді атап өтейік. 
 Оқу - өмір қажеттілігі екенін оқушыға түсіндіру, сездіру. 
 Үнемі теория мен тәжірибе байланысын көрсету, адамзат тарихындағы ғылыми білімдердің маңызын ашу. 
 Оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету. 
 Шәкірттерге өз білімдерін тәжірибеде қолдануды үйрету. 
 Оқушыға проблемалық, ізденіс, зерттеу тапсырмаларын орындатып теория мен тәжірибе бірлігін дәлелдеу, өзіндік жұмысты орындауға және өз бетімен білім алуды үйрету. 
 Әр сабақта оқушыларға политехникалық білім беру, туған жердің шаруашылығына лайықты мамандықтарға дайындау. 
 Оқушының қоғамдық еңбегі тәлім-тәрбие, оқу мақсаттарына сай болуы керек. 
 Тәжірибелік сабақтардың көмегімен оқушылар теория-лық қағидаларды, заңдар мен ережелерді іс жүзінде тексеріп, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіншіліктерін жасау. 
 Оқушылардың тәжірибелік әрекеттері тек мектеп, сынып шеңберінде қалып қоймай, мектептен тыс өмірмен, еңбек-пен ұштасып отыруы шарт. 

 Саналылық пен белсенділік принципі 


 Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады; оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға ынталануына, мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз. 
 Саналылық пен белсенділік принципін жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту процесінде төмендегі оқыту ережелерін басшылыққа алады. 
 Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді анық түсінуі саналы оқытудың шарты боларын назарға алу. 
 Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету. 
 Әр бір сөздің, сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіру үшін оқушылардың білімі мен тәжірибесін негізге алу. 
 Оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттыратындай тиімді әдістерді үнемі қолдану, бүгінгі белсенді шәкірт ертеңгі белсенді қоғам мүшесі екенін ұмытпау. 
 Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшін әлі бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгілі ақпаратпен ұштастыра білу. 
 өз бетімен оқуды үйрету, таным әрекетінің тиімді әдістерімен таныстыру. 
 Бас және қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негізгі ойларды алу. 
 Оқушыларды ойлауға үйретіп, ''неге'' сұрағын жиі қоюға дағдыландыру. 
 Әрбір оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пәнін игеретін субъект ретінде қалыптастыру. 
 Оқушы білімдерін тәжірибеде қолдануына көмектесу. 

 Көрнекілік принципі 


 Оқыту жүйесінде Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды. Бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктер де дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте сақтайды. 
 Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізуі үшін қолданатын ережелерді атап өтейік. 
 ''Алтын ереже'': көруге болатынды - көрсету, есіте алатынды - естірту, сезіне алатынның бәрін -оқушылар-дың сезім мүшелеріне сездірту, түйсік туғызу. 
 Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін, түр-түстерін сөзбен емес көру арқылы әрі жеңіл, әрі тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету. 
 Қолданылатын көрнекі құралдардың өмірмен байланысын қамтамасыз ету. 
 Оқушылар тікелей түйсіну, көру, есту мүшелері арқылы әртүрлі заттардың формасын, түсін, көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естуі негізінде оларда ой пайда болады. 
 - Көрнекілік - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланылады. 
 Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемін, түр-түсін байқап, көзімен көруге және әр түрлі дыбысын естуге жағдай туғызу. 
 Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда да қолданылады. 
 Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады. 
 Көрнекілік бақылай білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады. - Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану. 
 Көрнекілік құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін бас және қосалқы бөлшектерін, соңында тағы бүтіндей көрсету керек. 
 Көрнекілікті оқушылармен бірігіп жасау. 
 -Көрнекі құралдарын оқу пәндерінде нақтылы өз орнында оқушылардың жас, таным ерекшеліктерін ескере отыра пайдалану. - Көрнекіліктерді қолдануда сан емес сапасына көңіл аудару. Беріктік принципі 
 Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшін оқушылардың білімдерінің берік болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тәжірибелік және теориялық заңдылықтарға сүйенеді: оқушылардың білім мазмұнын меңгеруі мен танымдық дамуы, оқу процесінің өзара байланысты екі жағы; білім беріктігі оқушының мұғалімге, оқу пәніне, жалпы оқуға деген субъективті қатынасына тәуелді; оқушылардың білім беріктігі оқытудың ұйымдастырылуы, түрі, әдістері, уақыты арқылы қамтамасыз етіледі; қызықты және маңызды материал ұзақ әрі берік есте сақталады. 
 Осы принципті іске асыру үшін мұғалім бірнеше ережелерді орындауы қажет. 
 Оқушылар білімдерін сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемі ұйымдастыру. 
 Қазіргі мектеп жаттаудан ойлауға көшуіне байланысты оқушылардың жадын зорламай, білімді санасы мен сезімдерімен қабылдауды үйрету. 
 Жақсы түсінбегенді оқушының есінде сақтауына жол бермей, тек саналы білімді жадында сақтату. 

 Басты, негізгі идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшін оқушыларды анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс істеуге машықтандыру. 


 Оқыту жүйесінде түрлі (ауызша, жазбаша, лабора-ториялық-практикалық жұмыстары) жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру. 
 Оқуға, білімге ынта-ықылас, қызығушылық, мұғалімнің өзіне сенімі болса, оқушылардың оқу-таным әрекеті ерікті, қуанышты болып, білімдері ұзақ уақытқа дейін сақталады. - Білімнің беріктілігіне кедергі жасайтын сабаққа кешігу, келмеу, сабақ кезінде бос не басқа нәрселермен шұғыл-данып отыру, жалқаулыққа жол бермеу. 
 Логикалық түрде берілген, алынған, қайталанған білімдер мен біліктер байланыссыз ақпаратпен салыстырғанда берік екенін ұмытпау. 
 Оқушылардың ерікті және еріксіз зейінін тиімді пайдалану: тікелей ұсыныстың орнына қызықты тапсырма, тәртіпке шақыру орнына мысал, мақал-мәтелдерді қолдану. 
 Оқушылардың алған білімдерінің беріктілігін нығайту-дың әр түрлі әдіс-тәсілдерін (сезімге толы әңгіме, заманауи көрнекіліктер, техникалық құралдар, оқу ойындары, пікір таластар) іске асыру. 
 Жаттығуларды орындаған кезінде оқушылар шаршауының алдын-алу. 
 Жаңа оқу материалын ескі, таныс ақпаратпен байланыстыру. 
 Оқушыларды өз білімін алу мен тексеруге бейімдеу. 
 Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру - оқушылар білімінің ұзақ уақыт бойы есте сақталуын, сол білімді өз өмірінде пайдалануын қамтамасыз ету. 

 Сәйкестік принципі 


 Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагог-тық тәжірибеге негізделіп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етеді. 
 Демек бұл оқушының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін заңдылықтар: оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді; ақыл-ой дамуы мен алғашқы білімдері жетік оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтарды жою баланың мінез-құлқына, қабілеттерінің қалыптасуына, білімінің сапасы мен нәтижелілігіне оң /дұрыс/ ықпал етеді. 
 Сәйкестік принципін жүзеге асыру үшін орындалатын ережелер: 
 Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңілден күрделіге көшіп оқыту. 
 Білім беруде оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше екенін ұмытпау. 
 Балалардың ақыл-ойы, қабілеттері мен мүмкіндіктері әртүрлілігін ескере оқыту. 
 Оқуда барлық оқушылар табысқа бірдей жетуін талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейіне сүйену. 
 Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес әдістерді анықтау. 
 Оқушылардан мүмкін еместі талап етпеу, тапсырма өте жеңіл де, өте қиын да болмауын ойластыру. 
 Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, әлсіз оқушыны ілгері тарту мақсатын көздеу. 
 Жаңа күрделі материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа және нашар оқушыға сүйеніп оқыту. 
 Ең күрделі білімді игерту үшін аналогия, салыстыру, теңдестіру, қарсы қоюды пайдаланып оқушы ойын қоздыру. 
 - Жалпы заңдар мен заңдылықтарды түсіндіру қиын болғандықтан, әртүрлі пәнаралық байланыстар арқылы сол заңдылықтардың көрінісін айқындау, методологиялық білімдерді сіңірту. 
 Баяу асығыңыздар! Қажетсіз оқытуды тездетуге болмайды, оқыту жылдамдығы жас және дара қасиеттерге сай болуын ұдайы қамтамасыз ету. 
 Сәйкестік мұғалімнің әңгімелеу, сөйлеу, тіл анықтылығына тәуелділігін ұмытпау. 
 Сәйкестік - жеңілдік емес, оқушы еңбегін жеңілдету мақсат емес, бірақ оқушыға өздігінен білім табуға, қабылдауға, меңгеруге көмектесу қажеттілігін қамтамасыз ету. 
 - Сәйкестік еңбекқорлықпен байланысты, еңбекқорлық күшейген сайын оқу сәйкестігі кедергісі төмендейтінін ұмытпау. 
 Әрбір мұғалім оқыту процесіне байланысты білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметінде үнемі дидак-тикалық принциптерді басшылыққа алуы шарт
6 Тұлға психологиясы және студенттік ұжым

Мақсаты. Магистранттарға жоғары оқу орнында тұлға психологиясы және студенттік ұжым туралы оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Дәріс жоспары

1.Тұлға - психологиялық категория ретінде. Тұлғаның дамуы. Тұлғаның психологиялық, әлеуметтік жэне биологиялық сипаттамалары.

2.Студенттік кезеңнің жастық-психологиялық ерекшеліктері. Студенттердің әлеуметтік бейімделуі. Студент тұлғасының типологиясы.

3.Топ және ұжым туралы түсінік. Жоғары оқу орнында студенттік ұжым қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері. Студенттік ұжымдағы тұлғааралық қатынас құрылымы.

1.

«Жеке тұлға» түсінігі жан-жақты зерттеліп келе жатқан мәселелердің бірі. Бір ғана адамды «жеке тұлға» дегеннің өзі дұрыс па, әлде «пенде», «кісі», «тұлға», «дара тұлға» деп атау қажет пе деген мәселелердің өзін саралауда ортақ тұжырым жоқ.



Қазақстанның педагог-зерттеушілері «личность» деген ұғымды әртүрлі мағынада қолданып жүр: «жеке бас» (Н.Қойшыбаева, т.б.), «жеке адам» (Н.Намазбаева, М.Н.Мұсабаева, Ж.БСәдірмекова, Г.К.Нұрғалыева, т.б.), «жеке тұлға» (С.Қ.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, Қ.Бөлеев, К.Бұзаубақова, т.б.), «кісі» (Н.Жанділдин, т.б.), «дара тұлға» (М.Жадрина, Ж.Дәулетбекова, т.б.).

Соңғы жылдардағы ғылыми еңбектерді сараптау барысында, жеке тұлға туралы жетпістен аса анықтама бар екендігін байқауға болады.

Жеке тұлға туралы кейбір арнаулы бағыттар төңірегіндегі анықтамаларға талдау жасай отырып, ғалымдардың анықтамалары бойынша төмендегідей екі түрлі талдаудың бағыты айқындалды:


    1. Жеке тұлға – қоғамдық қарым-қатынас нәтижесі, әлеуметтік қатынастағы іс-әрекеттер жиынтығы;

    2. Жеке тұлға – адамның қайталанбас, жеке бас қасиеттерінің жиынтығы.

Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандығынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымында да біртұтас көзқарастар жоқ. Л.С.Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары – мәдени және төменгі – табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С.Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның өзегі – оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев, М.З.Неймарк, т.б.). Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану, бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.

Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамыиды. Тұлға – бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті – бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-құлық пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып – нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы – механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Л.С.Выготскийдің: «баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа ...», - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С.Выготскийдің айтуынша, баланың тұлғалық дамуы – оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.

Сонымен тұлға – бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынасқа қалыптасып отырады.

Кеңес психологиясында адам тұлға деп – қоғамның субъектісі ретінде оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.

Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу үрдісінде, белсенді тұлға – қоршаған әлеуметтік өмір танымы, сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп дәріптеледі. Тұлға сезімдік қасиеттермен бірлікте, яғни индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуы да көрсетілген. Сонымен қатар Б.Г.Ананьев тұлға құрылымының жан-жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипатталған. Ол тұлғаның үрдістерін, күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері кіретін мінез-құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. Автор, адам биологиялық түрінің көзқарасы бойынша, адамның онтогенезін индивид ретінде, адамның дамуының тұлға ретінде қарастырады.

А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға – бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі іс-әрекеттің бірлесе бағынуы – оньогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы – индивид басқа индивидтермен біріккен іс-әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді. Сонымен қатар тұлға – белсенділігімен сипатталады, яғни субъект өз шектуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс-әрекеттерінің саласын кеңейтуімен талап қойылған жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп-қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер – қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас және т.б. жүйелермен бейнеленеді.


Тұлғаның жеке даралық құрылымы оның кәсіби қарым–қатынас ерекшеліктерін анықтайды.









Концепциялар, өкілдері

Басты концепциялар мен принциптер

Артықшылықтар

Кемшіліктер

1.


ЖТ теориясындағы психодинамикалық бағыт

З. Фрейд:

ЖТ психодинамикалық теориясы



«Психоанализ» концепциясы 3 мағынада:

  1. жеке тұлға және психопатология теориясы;

  2. жеке тұлғадағы психикалық бұзылудың терапиясы;

  3. индивидуумның санасыз ойлары мен сезімдерін зерттейдің әдісі.

ЖТ құрылымы 3 компоненттен:

  1. ид («ол») – ЖТ-ның примитивті, инстинктивті және туа біткен аспектілері;

  2. эго («мен») – шешім қабылдауға жауапты психикалық аппаратының компоненті;

  3. суперэго («нағыз мен») – қылық-әрекеттің жалпы нормалары мен стандарттарының интернализацияланған версиясы.

Адам мотивациясы денелік қажеттіліктермен шақырылған қозу энергиясына толықтай негізделген. Қалау ретінде көрініс тапқан денелік қажеттіліктердің психикалық образдары инстинкт деп аталады.

ЖТ дамуының 4 стадиясы: оральды, анальды, фаллистік, генитальдық.

Үрейдің 3 типтері: реалистік, невротикалық, моральды.

Алғаш рет психика инстинкт, ақыл-ой және сана арасындағы күрес ретінде сипатталды. Санасыз психикалық процестің адам қылық-әрекетін регуляциялаудағы маңызы көрсетілді. ЖТ байланысты алғаш рет кең ауқымды теория, терапевттік тәжірибе мен өзін-өзі анализге негізделген клиникалық бағалаудың кең таралған жүйесі.


Күрделі эмпирикалық тексеруден өтуі керек. Теорияның эмпирикалық валидтігі пациенттерге клиникалық бақылауы негізінде жасалынған. Концепциялары тым анықталмаған және өте күрделі болып табылады. Адамның өмірлік мәні сексуалдылық пен агрессияда деп саналады.


2.



Психодинамикалық бағытты қайта қарау нәтижесі

Альфред Адлер:

ЖТ индивидуалды теориясы

Карл Густав Юнг:

ЖТ аналитикалық теориясы


Басты ұстаным – индивидуумның социумнан бөлінбестігі. Адам – біртұтас және өзімен өзі келісімді организм.

Өмірлік белсенділіктің бердебір көрінісін оқшау қарастыруға болмайды. Өзімен-өзі келісімді және біртұтас ЖТ құрылымын өмір стилі деп анықтады. Басты 7 концепция мен принциптері:


  1. толыққансыздық сезімі және компенсация;

  2. шыңға жетуге деген бағыттылық;

  3. өмір стилі;

  4. әлеуметтік қызығушылық;

  5. творчестволық «Мен»;

  6. туу реттілігі;

  7. фикциондық финализм.

ЖТ құрылымы:



  1. эго – сана аумағының өзегі;

  2. жеке санасыздық – саналылықтан бір мезетте өткеріліп, бірақ кейін басылып тасталынған конфликтілер мен есте қалулар.

  3. ұжымдық санасыздық – адамзат есіндегі латенттік іздердің сақталынған орны.

Бұл концепциясын архетиптер ұғымы арқылы ашып көрсетті. Эго-бағыттылық: экстраверсия, интроверсия. 4 психологиялық функция: ойлау, түйсік, сезім, интуиция. ЖТқалыптасуының шыңы - өзін-өзі реализациялау.


ЖТ-ның әлеуметтік детерминанттарының алға итерілуі. Экономикалық және прагматикалық теория және мақсаты – адамның өзін-өзі және өзгелерді түсінуге көмек. Өмір стилі индивидуумның творчестволық күшімен пайда болады. Адамның ұстанымдары мен концепцияларын қолдану невроз табиғатын түсінуге және оларды емдеуге мүмкіндік береді, яғни клиникалық бақылаудағы адамдарға неврозды емдеуге орасан зор көмек.


Алғаш рет Фрейд теориясы қысымынан алыстап, дербес теория ретінде көпшілік қауымда мойындау алды. Алғаш рет ЖТ дамуына діни, рухани тәжірибенің жағымды әсері туралы айтылды. Персонология ұғымы пайда болды. Адамның өзін-өзі шыңдауы тақырыбы көтерілді.

Эмпирикалық тексеру жеткіліксіз. Эмпирикалық валидизацияның қиындығы Адлердің индивидуумды психологиялық конструктілерді тым глобалды қылуында. ал бүкіл теориялық жүйе толықтай жүйеленбегендігі.

Эмпирикалық тексеруден толықтай өтуі мүмкін емес. Барлық теориялардың ішінен концепцияларын түсінуге өте қиын. Теориясы болжамдар деңгейінен жоғары көтерілмейді.


3.



Эго-психология және онымен байланысты ЖТ теориялары

Эрик Эриксон:

Эго – ЖТ теориясы.

Эрих Фромм:

ЖТ гуманистік теориясы.

Карен Хорни:

ЖТ әлеуметтік-мәдени теориясы


Басты 3 принцип:

  1. Өмір бойғы даму процесіндегі болатын өзгерістерге қойылатын акцент;

  2. «сауға» деген патологиялық емес тірек;

  3. идентистік сезімге жету;

  4. мәдени-тарихи факторларды қарау тәсілі.

Пісіп-жетілудің эпигенетикалық принципі. ЖТ дамуында 8 психикалық әлеуметтік стадиясы. Өмір бойындағы ЖТ қалыптасуында адамдарға және ортаға тең дәрежеде мән келтіріледі.

Еркіндік пен қауіпсіздік арасындағы ор – адамзат болмысындағы қиыншылықтардың басты себебі. Адамзат болмысының ажырамас бөлігі болып жалғыздық, изоляция және оқшаулық болып табылады. Еркіндіктен қашу стратегиялары (авторитаризм, деструктивтілік, автоматты конформдық). Адам табиғатында бірегей экзистенцияалды қажеттіліктер бар. Мінездің 5 әлеуметтік типі: рецептивті, эксплуатациялайтын, жинастырушы, нарықтық, продуктивті мінез. ЖТ типтері, яғни мінез құрылымы белгілі бір әлеуметтік құрылымға тәуелді.


ЖТ дамуында бала мен ата-анасы арасындағы әлеуметтік қатынастар шешуші роль атқарады. Балалық шақтағы негізгі қажеттіліктер: қауіпсіздік пен қанағаттандырылу қажеттіліктері. Егер ата-анасының қылық-әрекеттері баланың қауіпсіздік қажеттілігін қанағаттандырмаса, бұл базальды қастыққа, ал ол өз алдына базальды үрейге әкеп соғуы мүмкін. Базальды үрей – невроздың негізі болып табылады.

Әрбір психологиялық феномен сәйкестендірілген өзара әрекеттердің контексінде ұғынылуы мүмкін. Жас өспірімдік кезеңге өте көп назар аударылды. Белгілі бір оптимизм туады, себебі психикалық әлеуметтік дамудың әрбір стадиясында күшті және әлсіз жақтары көрсетіліп, дамудың бір стадиясындағы табыссыздық екінші стадияға әсер етпеуі де мүмкін деген.
Бірде бір теоретик Фромм секілді ЖТ әлеуметтікдетерминантарын көріністі, мәнерлі түрде сипаттай алған емес. Алғаш рет мінез типтерінің теориясы жасап шығарылды.
Индивидуалды айырмашылықтар мен тұлғааралық қатынастарды түсінуде маңызды роль атқарады. Ең маңызды еңбегі – бұзылған қарым-қатынас нәтижесінде невроздардың пайда болуын түсіндіруі. Әрбір адамда позитивті тұлғалық дамуға қабілеттілік бар деген оптимистік көзқарас.

Эмпирикалық зерттеуден толықтай өте алмайды. Жүйелік зерттеудің жоқтығы, бұл теория идеяларының күрделілігі мен абстрактілігімен түсіндіріледі. Теориялық формулалар тек қана эго дамуына байланысты.

Өкінішке орай, Фроммның теориялық түсініктерінің көбі, әсіресе мінездамуы туралы теориясы тым глобалды сипатталған, сондықтан да ол эмпирикалық валидизациясын жоғалтқан.

Хорни теориясы толығымен тек клиникалық бақылаудағы адамдарға ғана негізделген. Хорни қызығушылығы тек невроздардың клиникалық көрінісіндегі сипатталуы.


4.

ЖТ теориясындағы диспозиционалды бағыт.

Гордон Олпорт:

ЖТ диспозиционалды теориясы


Адамдарда тұрақты ішкі қасиеттері болады және олар уақытпен бірге және әр түрлі сипатта сақталынады. Олпорт ЖТ зерттеуде және түсіндіргенде белгіні ең маңызды анализ бірлігі деп санаған. ЖТ өзінің алуан түрлі белгілерін қосатын және адам өміріне бағыт беретін конструкт – проприум атына ие болады.

Индивидуумдар бірінен-бірі өзінің мінездік белгілерімен ерекшеленетіні көрсетілді. Адамның жеке қасиеттері маңызға алынды.

Адамды ЖТ-ға айналу кезінде тек белгілер жинағы ретінде қарастырды, ортаға мән берілген жоқ.

5.



ЖТ теориясындағы үйретуші-бихевиоральды бағыт
Б.Ф.Скиннер: Оперантты үйретудің теориясы

Қылық-әрекет детерминирленген, оны алдын ала болжауға болады және қоршаған ортадағы адамдармен басқарылады. Қылық-әрекеттің 2 негізгі типі:респондентті қылық-әрекет (таныс стимулға жауап ретінде) және оперантты қылық-әрекет (нәтижемен басқарылатын және анықталатын құбылыс). Басты концепция – бекіту.


Теорияның жан-жақты ұғымдарда (детерминизм, элементализм, инвайронментализм, өзгергіштік, объективтілік, реактивтілік) түсіндірілуі.


Адам әрекеттерінің себебі ретіндегі ішкі «автономды» факторлардың болуы туралы ойды кесімді қайтарды. Қылық-әрекетті физиологиялық-генетикалық тұрғыдан түсіндірілуін менсінбеді. Тек қана оперантты қылық-әрекетке акцент аударылған.



6.

ЖТ теориясындағы әлеуметтік-когнитивтік бағыт

Альберт Бандура:

Джулиан Роттер: Әлеуметтік үйрету теориясы

Басты түсінік – қоршаған ортаға тиісті қылық-әрекеттік реакциялар мен факторлардың өзара әрекетестігі – динамикалық процесс. Негізгі теоретикалық концепция – бақылау арқылы модельдеу немесе үйрету. Өзін-өзі түзету концепциясы.


4 маңызды ауыспалы алға қойылады: қылық-әрекет потенциалы, күту, бекітудің құндылығы, психологиялық жағдай. Қажеттілік потенциалы – іскерлік еркіндігінің функциясы мен қажеттілік құндылықтары болып табылады. Негізгі конструкт – басқару локусы (адамдардың өз өміріндегі бекітуледі қандай деңгейде басқаратыны туралы жалпыланған күтім).

Бандура теориясы өте жақсы эмпирикалық тестіленген, оның үлесінде көптеген фактілер бар.

Үйретудің түсіндірілуі әлеуметтік-когнитивті факторларының көмегімен жүретіні дәстүрлі бихевиоризм планкасынан шығады. Адам қылық-әрекетін ұйымдастыру үшін үнемді және бірізді құрылымды көрсетеді.

Үйретуді тек қана бақылау арқылы ғана меңгеруге болады. ЖТ қалыптасуында ішкі факторларға мән берілмейді.


ЖТ ең маңызды аспектілері тек қана әлеуметтік контексіде көрінеді. Роттер зерттеулері ешбір эмпирикалық зерттеулерге бастама берген жоқ.

7.

ЖТ теориясындағы гуманистік бағыт

Абрахам Маслоу:

ЖТ гуманистік теориясы


Негізгі принциптер: ЖТ трактовкасы біртұтастықта, зерттеулердің жануарларға жасалынуына келіспеушілік, адамды жағымды және жасампаз жан ретінде қабылдау, психикалық денсаулықты зерттеуге акцент. Адам мотивациясын қажеттілік иерархиялар терминімен көрсетеді (физиологиялық, қауіпсіздік пен қорғаныс, махаббат пен тиістілік, өзін-өзі сыйлау, өзін өзі актуализациялау).

«Өзін-өзі актуализациялаудың қысқаша индексін» зерттеу мақсаттарымен қолдануға тиімді.

Эмпирикалық зерттеулер негізінен өзін-өзі актуализациялау концепциясына шоғырланған. Зерттелушілерді таңдауда Маслоу субъективті критерийлерді қолданды.

8.

ЖТ теориясындағы феноменологиялық бағыт

Карл Роджерс:

ЖТ феноменологиялық теориясы


Басты орында – адам қылық-әрекетін тек қана оның субъективті әсерленушіліктің терминдерінде ұғынуға болады. Адамның барлық мотивтері бір мотивке ғана - өзін-өзі актуализациялау тенденциясына ұмтылады. Басты принциптер: позитивті зейін қажеттілігі, құндылық шарттары және шартсыз позитивті зейін. Мен-концепциясы.


Фрейдтен басқа Роджерс сияқты ешкім психотерапия практикасына мән берген жоқ. ЖТ-ға орталықтанған тәсілі әр түрлі салаларда қолданылады. Адамның толыққандығы мен бірегейлік концепциясы қазіргі психологияның теориясы мен практикасына үлкен әсерін тигізді.

ЖТ қалыптасуындағы қылық-

әрекеттегі өзгерістер тек ішкі әсерленуден болады. Тек қана жалғыз болмыс – субъективті реалдылық (адам әсерленулерінің жеке әлемі) бар.



9.

ЖТ теориясындағы идеалистік бағыт

М.Вертхаймер, В.Келлер: ЖТ гештальтпсихологиялық теориясы



Басты принцип - әрбір психологиялық процестің біртұтастығы мен өзіндік сапасын жақтау. Тұтастық идея динамикалық ситуация мен оның формальды құрылымының бір бүтіндегі негізінде жүзеге асырылады.

Тұлғаны біртұтас құрылым ретінде, оның қалыптасуын барлық аспектілерінің жиынтығы нәтижесінде деп қарастыруы.

Психологиялық құбылыс – бейне мен оны тудыратын нақты әрекет арасындағы байланысты жоққа шығару. Осы екі маңызды категориялардың басын қосып, психологиялық болмысты талдаудың ортақ жүйесін бере алмауы.

10.

ЖТ теориясындағы генетикалық бағыт

Ж.Пиаже:

ЖТ генетикалық теориясы


Басты принцип – психологиялық болмысты тануда жетекші роль атқаратын - әдіснама. Бала ақыл-есінің қалыптасуын зерттеп, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады. Негізгі міндеті – адам интелектінің құрылымын зерттеу, ЖТ қалыптасуындағы генетика факторларын анықтау.

ЖТ қалыптасуының бірізді концепциясы, ондағы генетикалық ерекшеліктердің ескерілуі. Жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеді.

Баланың біртұтас дамуын ескермеу. Сананы дамытушы факторлар арасында қоғамдық-тарихи әрекет болмысына ешқандай орын қалдырмау. Әлеуметтік-қоғамдық фактордың ЖТ қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды.


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау