Поәк- 042-18-25 40/02-2014ж №2 басылым 11. 09. 2014ж



жүктеу 199,5 Kb.
Дата15.04.2020
өлшемі199,5 Kb.
#29596

ПОӘК- 042-18-25.1.40/02-2014ж

№ 2 басылым 11.09.2014ж.

беттің -сі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК- 042-18-25.1.40/02-2014 ж

ПОӘК

«Еңбек қорғау» пәнінің студенттерге арналған оқу бағдарламасы



№ 2 басылым 11 .09.2014ж.

« ЕҢБЕК ҚОРҒАУ »


ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


5В073100 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», 5В080100 «Агрономия» мамандықтары үшін


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей

2014

Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға оқытушысы

Бейсебаев.Ш.Т _________________ «28» 08. 2014 жыл.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының отырысында

Хаттама № 1 «02» 09. 2014 жыл.
Кафедра меңгерушісі _________ доцент Артамонова Е.Н.
келісілді

2.2 Аграрлық факультетінің оқу - әдістемелік бюросында

Хаттама № 1 «09» 09. 2014 жыл.
АФ ОӘБ төрағасы _________ доцент Джаманова Г.И.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады

Хаттама № 1 «11» 09. 2014 жыл.
Оқу- әдістемелік кеңестің төрағасы,

оқу әдістемелік жұмысы бойынша

проректор _________ профессор Искакова Г.К.


4 18.09.2013 ж № 1 Басылымның орнына енгізілді.

Мазмұны


1. Жалпы ережелер ...............................................................................4

2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу ...5

3. Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ........................7

4. Курс форматы ...................................................................................9

5. Курс саясаты .....................................................................................9

6. Баға қоюдың саясаты .......................................................................10

7. Әдебиеттер .......................................................................................12



1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұматтар
Бейсебаев Шәріп Төлежанұлы , аға оқытушы

«Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

Байланыс ақпараты – тел.:53-37-60, 36-02-23,оқу ғимараты № 8, кабинет № 127

Сабақ өткізу аудиториясы - аудитория № 112;129.

Кредиттер саны — 2
1.2 Пәннің қысқаша түсініктемесі:

Осы курсты оқуда студенттер еңбек қорғаудың заңдылық негіздерімен, өндірістік қауіпсіздік, еңбек гигиенасы, өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі мәселелерімен таныстырылады, сонымен қатар пәнді меңгеру барысында студенттер мемлекеттік стандарттар жүйесімен жұмыс істеуді, әдебиеттерді іздестіру жолдарымен және өндірістік қауіпсіздік сұрақтарын зерттеу және шешу әдістерімен таныстырылады



1.3 Пәнді оқытудағы мақсат

«Еңбек қорғау» пәнін оқытудағы мақсат төмендегідей:

-Мемлекеттің еңбек қорғау жөніндегі саясатын іске асыратын мамандарды дайындау;

-Кәсіпорындарда қауіпсіз, зиянсыз еңбек жағдайларын ұйымдастыру әдістерін меңгерген мамандарды дайындау.

- Өндірістік жарақаттанудың,кәсіби аурудың алдын алу шараларын іске асыруға қабілетті мамандарды дайындау.

1.4 Пәнді оқытудағы міндеттер:


  • еңбек қорғаудың теориялық және заңдылық негіздерімен таныстыру;

  • өндірістік жарақаттанудың , кәсіби ауырулардың алдын-алу шараларын іске асыра білуге үйрету;

  • еңбек жағдайларын сараптай білуді үйрету;

  • қауіпсіздік техникасын сақтауды қамтамасыз ететін құрылғылар мен механизмдерді дұрыс таңдай, қолдана білуді үйрету.

  • еңбек қорғау жұмыстарын жоспарлау, еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін шешуге құқылы болуы;




    1. Оқыту нәтижесі:

  • Пәнді оқу нәтижесінде студент:

білуі керек:

  • өндірістегі еңбек қорғаудың теориялық, заңдылық және нормативті-техникалық негіздерін;

дағдылануы керек:

  • өндірістік аварияларды болжау әдістерін және олардың салдарын жоюды меңгеруі керек;

түсінуі керек:

  • өндірістік авариялар мен төтенше жағдайлардың өрбу үрдістерін және олардың алдын алу шараларын;

қолынан келуі керек:

  • мүмкін болар авариялық жағдайлар және басқа да техникалық есептерді жүргізу жолдары;

құзырлы болуы керек:

- еңбек қорғаудың теориялық, заңдылық және нормативті-техникалық негіздеріне байланысты сұрақтарды шешуде;

- өндірістегі еңбек қорғауды ұйымдастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтарын шешуге;

- өндірістің қауіпті, зиянды факторларынан еңбеккерлерді қорғаудың ұжымдық және жеке жабдықтарын таңдауда және техникалық қорғау құралдарын қолдана білуде;

- өндірістік жарақаттану және кәсіби аурудың алдын алу сұрақтарын ше-шуде;


  • еңбек қорғау шараларын жоспарлау сұрақтарынан.




    1. Курстың пререквизиті:

1.6.1 Физика

1.6.2 Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

1.6.3 Техника және технология қауіпсіздігі


    1. Курстың постреквизиті:

1.7.1 Арнайы пәндер

1.7.2 Диплом жұмысын жасау


2 Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

Кесте-1


Тақырып атауы


Сағат саны

Әдебиет

Д

T Ж


OCӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

Модуль-1. Еңбек қорғаудың ұйымдастырушылық және теориялық негіздері.

1-ші тақырып . Кіріспе дәріс. Еңбек қорғаудың заңдылық және теориялық негіздері

1







3

7.1.1;7.1.2.







2




7.1.1; 7.1.2.

















2-ші тақырып Кәсіпорындағы еңбек қорғауды ұйымдастыру негіздері.Қауіпті және зиянды өндіріс факторларының топтастырылуы.

1

1







7.1.2;7.1.3.










3

7.1.3.

1

1

1




7.1.2.

3-ші тақырып. Өндірістік жарақаттану және кәсіби сырқат мәселелері

1

1

1

2

7.1.3.

1

1

1

2

7.1.4




1







7.1.4.

4-ші тақырып. Еңбек гигиенасы туралы түсінік.Өндірістегі еңбек жағдайларын сараптау

1



















1






















5-ші тақырып. . Өндірістік санитария туралы түсінік. Жұмыс орындағы микроклиматтың көрсеткіштері және оны реттеу.

1

1







7.1.5.




1

1

2

7.1. 2.
















6-шытақырып. Өндірістік шу,ультрадыбыс, дірілдің ,көрсеткіштері және олардан қорғану жолдары

1







2

7.2.2;




1

2






















7-ші тақырып . Жұмыс орындарын жарықтандыру мәселелері

а) Жарықтың өлшем бірліктері

б) Жұмыс орындарын жарықтандыру әдістері


1

1







7.1.2.




1

1

2

7.1.5; 7.2.2.
















МБ-1




2

1

2




Модуль-2. Қауіпсіздік техникасы негіздері.

Блок - 1

8-ші тақырып. Электр қауіпсіздегі негіздері

а)Электр тоғының адам организміне әсері

б)Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері


2

1






7.1.2.







2




7.2.2










4

7.1.5.

Блок - 2

9-шы тақырып.

Техника қауіпсіздігі негіздері

а) Машиналарға, жабдықтарға, технологияларға қойылатын қауіпсіздік талаптары.

б) қауіпсіздікті қамтамасыз етуші құрылғылар мен міндетті шаралар



1










7.1.2.




1

1




7.1.4.

1

1




4

7.2.1; 7.2.2.

Блок - 3

10-шы тақырып. Өрт қауіпсіздігі негіздері

а) Өндірістің, технологияның өрт қауіпі дәрежелері. Жану түрлері

б) Өрт сөндіруші заттар.

с) Өрт сөндіру техникасы мен жабдықтары



1

1

1

3

7.1. 2.















1


1

1


3

7.2.2.


МБ - 2




2

1

2




Студенттердің өздік жұмыстары

Қ.Р.«Еңбек кодексі»

Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі./Е Қ С Ж/











2





Өндірістегі еңбек қорғауды бақы-лау жолдары. Еңбек қорғау заңды-лықтарын бұзғаны үшін жауапкер-шілік









2





Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби аурулар себебтері.









2





Өндіріс орындарын желдету әдіс-тері. Желдетуді есептеу тәсілдері.









2





Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері









2





Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу

Электр тоғы зақымынан қорғану-дың техникалық әдістері











2





Автоматты өрт сөндіру құрылғы-лары. Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу. Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу









3





Барлығы:

15

15

15

45





3. Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
«Еңбек қорғау» курсын берілген бағдарлама бойынша реттелген түрде оқу керек. Нәтижелердің логикалық жолдарын ұғынып, анықтамалар мен негізгі түсініктерді ажырата білу қажет. Теориялық материалдарды оқу кезінде,тәжірибе сабақтарына дайындалғанда студенттер дәрістер курсын, пәнді оқып-үйренуге арналған әдістемелік нұсқаулармен танысып(ПОӘК-3), қосымша оқу әдістемелік материалдарды пайдалануы керек. Өздік жұмысты орындау барлық менгерген материал негізінде студент өз бетімен орындап, көрсетілген уақытта тапсыруға міндетті. Студенттер осы тақырыптарға берілген әдебиеттерді және қосымша әдебиеттерді іздестіріп рефераттар жазып өткізуге тиіс. Әрбір рефераттың жоспары болуы және қолданылған әдебиеттердің тізімі берілуі міндетті.

Тәжірибе сабақтарының қысқаша мазмұны.


1-ші Тақырып. Еңбек қорғаудан нұсқауларды жүргізу (2сағат).

Сабақ барысында кез келген кәсіпорын,мекемелерде еңбекті қауіпсіз ұйымдастыру мақсатында кызметкерлерді қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен әдістеріне оқытып -үйрету қажеттігі және бес түрлі нұсқаудың жүргізілу реті беріледі.

2-ші Тақырып. Өндірістік жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру (3сағат).

Өндірістік жазатайым оқиғаның анықтамасы, түрлері және оларды тергеп-тексеру реті,комиссия мүшелеріне кімдер кіреді және іс қағаздары қалай толтырылатыны туралы айтылады.

3-ші Тақырып. Жұмыс орнындағы микроклиматты мөлшерлеу және оның көрсеткіштерін бақылауға арналған аспаптар (2сағат).

Микроклиматтың негізгі көрсеткіштері.Олардың сипаттамасы. Микрокли-маттың көрсеткіштерін өлшейтін аспаптардың құрылысы және жұмыс принциптері. Микроклиматты мөлшерлеу.

4-ші Тақырып. Жұмыс орнын табиғи және жасанды жарықтандыруды мөлшерлеу және есептеу (2сағат).

Жұмыс орнын табиғи және жасанды жарықтандыруды мөлшерлеу жолда-ры.Жарық шамасын өлшеу аспабының құрылысы ,жұмыс принципі және өлшеу жүргізу әдістері мен есептеу жолдары.

5-ші Тақырып. Өндірісте жұмысшыларды арнаулы киім және жеке қорғану құралдары, заттарымен қамтамасыз ету мәселелері (2сағат).

Жұмысшыларды арнаулы киім және жеке қорғану құралдары, заттарымен

қамтамасыз ету принциптері.Олардың жіктелуі,берілу жолдары.

6-шы Тақырып. Өндірістік машиналар мен жабдықтардың қауіпсіз-дігін қамтамасыз етуші құрылғылар (2сағат).

Машиналар мен жабдықтардың қауіпті аймақтары туралы түсінік. Қоршау-шы,сақтандырғыш,тосқауылшы,белгі беруші құрылғылардың түрлері, пайда-лану мақсаттары және қорғау принциптері

7-ші Тақырып. Бастапқы өрт сөндіргіш құрал жабдықтар (2сағат).

Өрт сөндіргіш заттардың түрлері.Оларды пайдалану ерекшеліктері.Қол өртсөндіргіштерінің пайдалану мақсаттары,құрылыстары,жұмыс принцип-тері.

Межелік бақылау ауызша тапсырмаларды сұрау түрінде 7 және 15 апталарда жүргізіледі


4 Курс форматы


Әдістемелік нұсқаулар құрамына:

  1. пәнді оқуда қажетті жоспарлау, уақытты ұйымдастыру (орындау уақыты);

  2. оқу-әдістемелік кешенін қолдану нұсқасы;

  3. әдебиеттер мен оқулықтарды қолдана білу;

  4. емтиханға даярлану үшін берілетін кеңестер кіреді.

Пәнді оқыту барысында дәрістерде студенттерге «Еңбек қорғау» курсының негізгі әдістерін, негізгі терминдар мен түсініктерді, зерттеу жұмыстары бойынша жоспар құруды, теориялық ұғымдар бойынша қорытынды жасап, оны арнайы мекемелерде тәжірибе өту кезінде қолдана білуді оқытады, бағытталған шаралардың ұйымдастырылуын, жоспарлануын және орындалуы жан- жақты оқытылады.

Студенттер аудиторлық тәжірбие сабақтары мен СОӨЖ кезінде тақырып бойынша ғылыми ақпараттарды іздеу, жинау, өңдеу, ғылыми эксперимент және оның ерекшеліктерін, теориялық және эмпирикалық зерттеулердің әдістерін, ғылыми зерттеулерді пайдалану және қолдануды оқып талдайды. Бағдарламада ОСӨЖ бойынша тақырыптар берілген. Студенттер осы тақырыптарға берілген әдебиеттерді және қосымша әдебиеттер іздестіріп рефераттар жазып өткізуге тиіс. Әрбір рефераттың жоспары болуы және қолданылған әдебиеттердің тізімі берілуі міндетті. Көлемі 5-10 бет. Оны компьютерде теруге немесе қолмен жазуға рефераттарға арналған дәптерге жазуға болады. Тексеріліп бағасы қойылған реферат иесіне қайтарылады.

Теориялық сабақты өтіп болған соң есептерді шешу әдістемесін үйрену керек. Берілген материалды жақсы меңгеру үшін әр тақырып бойынша конспект құру керек.

5 Курс саясаты

Университетте қабылданған ішкі тәртіп талаптарын сақтау:



  • Сабаққа қатысу: Дәріске, зертханалық сабақтарға қатысу міндетті. Егер қандай да бір себеппен сабаққа қатыса алмасаңыз, тақырып және тарау бойынша өзіндік жұмыс жазып мезгілінде тапсыру керек, ал дәрістен өткен тақырып және зертханалық жұмыс бойынша бақылау жұмысын немесе тест бойынша жауап жазуыңыз керек.

  • Тәртіп: Сабақ кезінде тәртіпті жүйені бұзу аудиториядан шығарумен және/немесе барлық курс үшін «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен жазаланады.

  • Бақылау жұмыстары: Оларды орындау міндетті және белгіленген мерзім ішінде тапсыру керек. Мерзімнен кейін орындалған жұмыстар төмен бағаланады.

  • Межелік аттестация: межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысуды, берілген уақытта өзіндік жұмыстарды орындауды, сабақта ауызша немесе жазбаша жауап беруді, межелік бақылаудың өзінің нәтижесін ескереді.

  • Көшіру: Кез-келген көшіру (дайын тапсырмаларды немесе басқа студенттердің есептерін көшіру, пайдалану) аудиториядан шығарумен және/немесе курс үшін «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен жазаланады.

  • Ұялы телефондар: Сабақты өткізу уақытында өшіру керек.

  • Емтихан: Нәтижесінде барлық студенттерге тестік емтихан болады, яғни пәннен максималды балл санынан 50 % жинаған студент емтиханға жіберіледі. Емтиханда студент барлық курста өткен материал мазмұнына берілетін сұрақтар.



6 Баға қою саясаты


Студенттердің үлгерімі ағымды, аралық және қорытынды бақылау формасында- бал-рейтинг жүйесі бойынша жүргізіледі. Қорытынды бақылау емтихан ретінде жүргізіледі: олар ауызша немесе тестілеу арқылы жүргізілуі мүмкін. Қорытынды баға әр дәріс,тәжірибе немесе зертханалық сабақтың нәтижесінен, өздік жұмыстарды өткізу(рефератты қорғау) және емтихан бағасынан тұрады. Аралық және қорытынды бақылау балдардың қорытындысы - курсқа берілген баға болып саналады.

«Еңбек қорғау» пәнін меңгеруге жалпы 1000 балл беріледі.Бір академиялық маусымға 600 балл бөлінеді (1-7 жетіге 270 балл,оның 30 балы –сабаққа қатысуға, 8-15 неделя 270 балл және 30 баллов - сабаққа қатысуға). Компютерлік тестілеу арқылы межелік бақылауды өткізуге 70 балл бөлінеді (ол 270 балға кіреді). Пәнді оқыту барысында ,оқытушыға,студенттің барлық сабақ түрлерін орындағаны үшін 200 балды бөлуге құқық беріледі. Қорытынды емтиханға 400 балл бөлінеді.



Кесте 2 Пәннің сабақ түрі бойынша балдардың бөлінуі

Кесте 2


Апта

Бақылау түрі

Барлық баллдар

Ескерту

1

2

3

4

1-6



1 – 7 апталар аралығындағы аудиториялық сабақтардың барлық түрлеріне қатысу

30




Зертханалық – тәжірибелік сабақтар-15*6

90




СОӨЖ -3 және 6 апталар

110




7











Межелік бақылау 1

70




1 – 7 апталар аралығындағы оқыту қорытындысы бойынша балдардың жиынтығы

300







8-15 апталар аралығындағы аудиториялық сабақтардың барлық түрлеріне қатысу

30



8-14


Зертханалық – тәжірибелік сабақтар- 15*6

90




СОӨЖ -10 және 14 апталар

110




15

Межелік бақылау 2

70




8 – 15 апталар аралығындағы оқыту қорытындысы бойынша баллдардың жиынтығы

300




Емтихан үшін бал жиынтығы

400




Академиялық кезеңдегі балдардың жиынтығы

1000





7. Әдебиеттер.
7.1. Негізгі әдебиеттер
7.1.1 «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 15.05.2007 ж.
7.1.2. Ш.Т. Бейсебаев, М.Б. Базаршин «Еңбек қорғау пәнінен студенттерге арналған қысқаша дәрістер» Семей .2014 ж.
7.1.3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
7.1.4. Ш.Т.Бейсебаев. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі»,Оқу-әдістемелік құрал, Шәкәрім атындағы СМУ.Семей.2011ж.

7.1.5. Қ.Т.Жантасов,М. Қ.Жантасов,Е.Н.Кочеров,А.С.Наукенова. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» Алматы.2012ж.



7.1.6. В.И.Скала. «Охрана труда и техника безопасности». Алматы. 2002 г.
7.2 Қосымша әдебиеттер.
7.2.1 Б.И.Зотов и другие. Безопасность жизнедеятельности на производстве. Москва. Высшая школа.2000г.стр.91
7.2.2 Е.П.Спельман. «Техника безопасности при эксплуатации строительных машин и средств малой механизации». М. 2000 г


жүктеу 199,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау