2. Тәрбиелік тұрғыдан тәрбиенің төмендегідей түрлері мен әдістері:
Ауызша (ауыз екі тілді)-лекция,әңгіме,пресс-конференция, сабақтар;
Практикалық - жаттығулар орындау, әдебиеттермен жұмыс, үндеу хаттар, плакаттар жасау, сөзжұмбақтар, көрнекілік заттар, керкемдеу және т. б. құрастыру;
Репродуктивті- мазмұнын айту, мазмүндама, білім беру;
Дедуктивті-жалпыдан жекеге:жағдайға байланысты ғылыми заңдарды қолдану;
Индуктивті - жекеден жалпыға: фактілер негізінде ойды корытындылау;
Проблемалы-ізденушілік - оқиғалар, сұрақтар, тапсырмалар, міндеттерді талкылау;
Шығармашылық - ойындар, пікірталастар, семинарлар, саяхаттар; КТК-ы, аукциондар,
жарыстар, үлгілер, шерулер, миға шабуылы, пікірталастар, дебаттар, дөңгелек үстелдер;
Психологиялық - тренингтер, өзіндік талдау, сауалнама алу, тестілеу, балалар суреттерін, шығармаларын талдау;
Көрнекіліктер-кестелер,суреттер,сызбалар, безендірулер, бейне-фильмдер, диафильмдер, диапозитивтер, слайдтар және т. б.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 1-11 сынып оқушыларына арналған тәрбие бағдарламасы жалпы білім беретін мектептердің барлық сатысына арналып, мынадай белімдерден тұрады:
1-4 сынып оқушыларыныц тәрбие бағдарламасы
Дайындалған бұл бағдарламалардың құрылымы бірдей, әрқайсысы бөлімдерге бөлінген.
Бірінші бөлімде оқушылардың жас ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беріледі. Бағдарламаның екінші белімінде тәрбиеге бағытталып құрылған іс-әрекетгердің негізгі мазмұны берілген.Жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиенің міндеттері және сыныптан тыс уақытта өткізілетін іс-шаралардың түрлері алынған.Окушылардың тәрбие бағдарламасы адамның маңызды: интеллектуальды,мотивациялық, эмоциональдық, ерік-жігерінің қалыптасуына,өзін-өзі басқаруына, пәндік-практикалық экзистенциальдық дамуына және мектеп окушыларының әлеуметгік қарым-қатынасқа дайындығына бағытталған.Бағдарламада тұлғаның тәрбиелік деңгейінің өлшемдері негізінде тәрбие нәтижесін бағалауға және оның іс-әрекеттерін бағалау әдісінің сәйкестігіне арналған бөлім бар.Берілген бағдарламаны жүзеге асыру тұлғаның жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты шығармашылық қабілетінің өсуін туғызады, жеке тәрбиені өзін-өзі тәрбиелеу мен ұжымдық тәрбиемен ұтымды үйлестіреді, ата-анамен, мектептен тыс тәрбие мекемелермен және басқа қоғамдык ұйымдармен үздіксіз байланыс іске асырылады, оның нәтижесінде тәрбиелік әсері тиімділігінің жоғарылауына және мектеп бітірушілердің үлкен өмірге араласу дайындығына алып келеді.
Тәрбиені ұйымдастырудың негізгі қағидалары
Тәрбиенің ұйымдастырушылық тәсілдері мен мазмұны, белсенді әлеуметтік, білімді, адамгершілікті және дені сау тұлғаның қалыптасуына тәрбиесіне бағытталған қағидалар негізінде іске асырылады.
Мақсатқа бағытталған қағидаға тұлға дамуының әрбір кезеңіндегі нақты мақсатты бағдар, ұжымдық қажеттіліктердің нақты есебі, басты тәрбиелік іс-әрекеттердің түрін дұрыс тандау жатады.
Гуманистік бағыттағы қағида гуманистік ойлар мен бағыттардың алдыңғы орынға шығуын ұсынады, яғни әрбір тұлғаға сыйластықпен қарау, оның барлық күш-жігерінің дамуына қамқорлық жасау, еркіндігі мен әлеуметтік құқығын тану, мұғалімнің білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуына жауапты субъекті есебіндегі карау, сонымен қатар субъект - субъект қатынасы негізінде өзара іс қимыл жасау.
Табиғилық қағидасы тәрбиенің табиғи және әлеуметтік мәдени үрдістер арасындағы арақатынасын ғылыми тұрғыда түсінуге негізделеді, яғни оқушылар жынысына, жасына сәйкес тәрбиелейді, олардың бойында өзін-өзі дамытуда, жүріс-тұрыс әрекеттері барысында туындайтын экологиялық зардаптар үшін жауапкершіліктерін қалыптастырады.
Мәденилілік қағидасы тәрбие жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде ұлттық мәдениеттің нормалары мен құндылықтарына сай, жалпы адамзаттық құндылықтарға қайшы келмейтін аймақтық дәстүрлерге сай жүзеге асады.
Әлеуметтік өзара іс-әрекеттің тиімділік қағидасы білім беру жүйесіндегі түрлі ұжымдардағы тәрбие деп ұйғарылды, ол тәрбиеленушілердің қарым-қатынас аумағын 8
кеңейтуге мүмкіндік береді, мәдени әлеуметтік үрдістерде өзін-өзі анықтауына сындарлы жағдай жасайды, негізінен өз-өзін танытуға әлеуметтік бейімделу дағдыларын қалыптастырады.
Тұлғаның әлеуметтік мәдени білігін дамытуды тәрбиелеуді шоғырландыру қағидасы тәрбиенің түпкі мақсаты мен тактикасы балаға, жасөспірімге, жас жеткіншектің әлеуметтік мәдени тәжірбиені меңгеруіне және әлеуметтік ортада өзін-өзі еркін анықтауына көмектесуге бағытталған.
Тәрбие үздіксіздігі (үздіксіз тәрбие) қағидасы - тұлғаның тіршілік әрекетінің барлық сатыларындағы жан-жақты дамуы ұйғарылған: шығармашылық шабытының толығуы және оның кәсіби және жалпы мәдениеттілігінің жоғарылауы, күші мен қабілеттерін толығымен іске асыру мүмкіндіктері қарастырады.
Тәрбиеге іс-әрекет тұрғысынан қарау мен біртұтастық қағидасы -тұлғаның толығымен дамуын, тәрбиенің барлық бағыттарының бір-бірімен байланыстылығын, жалпы мәдениеттің қалыптасуына бағытталуын, сенімін, шығармашылык қабілеттерінің дамуын, оның танымдық және шығармашылық даму мүмкіндіктерін керсететін іс-әрекеттердің барлық түрлеріне тұлғаның белсенді араласуын, өзін-өзі тәрбиелеуін мен өзіндік жетілуі үрдісіне кіре алу кабілетілігін айқындайды.
Бірлік талабы мен сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы-мұғалімдердің мектеппен, мектептен тыс мекемелермен, отбасымен достастығын құру тұлға дамуының барлық сатыларында тәрбие сапасын көтеру ең қажетті шарт, сонымен катар әлеуметтік орта (мәдениет және өнер, баспасез, көркем әдебиеттер, кино теле-радио хабарлар, жинақталған баспасөз мәліметтері және т.б.) тәрбиенің жағымды әсерін күшейту ұсынылады.
Әлеуметтік бара-барлық қағидасы тәрбиенің мазмұны мен құралының тәрбие үрдісі ұйымдастырылып жатқан әлеуметтік жағдайға сәйкестігін талап етеді. Тәрбиенің міндеті нақты әлеуметтік- экономикалык жағдайларға бағытталып және әркелкі әлеуметтік мәселелерді іске асыруда балалардың болжай алу дайындығын қалыптастыру қарастырылған. Қағиданың іске асыру мүмкіндігі әлеуметтік орта әсерінің әркелкілігі негізін ескеруде ғана болады.
Жеке тұлғалану қағидасы әрбір оқушының жеке әлеуметтік даму жолын анықтау, оның ерекшеліктеріне сәйкестендіріп арнайы міндеттерді бөліп беру, әрбір баланың жеке потенциалын ашуға және өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндіктер беру, окуда және окудан тыс жұмыстарда тұлғаның табиғи мүмкіндіктерін ашатын іс- әрекеттердіңтүрлеріне баланы қатыстыру.
Тәрбие ортасын құру қағидасы білім беру мекемелерінде баланың әлеуметтенуіне мүмкіндік тудыратын қарым-қатынастарды құру талап етіледі. Ең алдымен педагогтар мен оқушылардың ұйымшылдығы яғни мектеп ұжымының бірлік идеясы маңызды рөл атқарады. Әрбір сыныпта, пән бірлестіктерінде ұйымшылдық пен психологиялык бірлік (интеллектуальды, ерікті және эмоциональды) қалыптасуы керек. Тәрбие ортасын КҰРУ -педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара жауапкершілігі, көңіл-күйге ортақтасуы, өзара көмегі, қиындықты бірге жеңе алу қабілеті болып табылады.
Этникалық қағида - біріңғай этникалық медениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне мүмкіндік, жасайтын мәдени ортаның қалыптасуы, қоғамдық қатынастар, азаматтық келісім мен үйлесімге жету. Субъектінің ана тілі мен мәдениетін толық игерумен қатар әлемдік мәдени құндылықтарды, дәстүр, тіл, психикалық тұрпат, этникалық сананы қамтитын рухани өмір саласына араластыру іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
9
І-ІҮ сынып оқушыларына арналған тәрбие бағдарламасы
1.1.1-ІҮ сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сипаттама
Бастауыш мектеп жасындағы балалар тәрбиесі олардың мектеп жасына дейінгі алған білімдері мен икемділіктеріне сүйенеді. Бұл жастағы балалар ақпаратты әсерлі қабылдап, өзін қоршаған айналаға таңданып, түрлі сұрақтар қойып, қызығушылық танытады. Төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігі әсіресе өздеріне үйреншікті емес бейтаныс оқушы рөлі, мектеппен байланысты көптеген нәрселерге деген кызығушылықтарымен түсіндіріледі. Сондықтан осы жастағы балаларға арнап "Ол кім? Бұл не?" клубын, эстафета-сабақтарын, викториналар, экскурсиялар мен жорықтар ұйымдастыру тиімді болып табылады.
Оқытушылар төменгі сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, тұлғаны дамытуға арналған тәрбиелік іс-шараларға көңіл бөлу қажет. Ол әсіресе, баланың өзін түрлі рөлдерде енуін қажет ететін, бір-бірімен байланыстырып, қызығушылығын дамытып, жаңа ұғымдармен таныстыратын ойын-сабақтары.
Бастауыш сынып оқушылары - олар сенгіш, ашық мінезді, тәртіпті және айтқанды екі етпейтін орындаушылар. Дамудың осы кезеңінде қарым-қатынас жасау жалпы қабылданған ережелер мен нормалар негізін меңгеру арқылы жүргізіледі. Алғашкы түсініктердің басым көпшілігі эмоцияға негізінде қалыптаса бастайды. Эмоция психологиялық және физиологиялык процестерді жылдам дамытады. Сондықтан тәрбие жұмысының алғашқы кезеңінде бейне-шолу әдістерді тиімді колдану арқылы түсініктеме-әңгімелер мақсатқа сай жүргізілуі тиіс. Одан кейін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытатын тәрбие жұмыстарының ұжымдық формаларын қолдану ұсынылады. Олар әңгімелер мен суреттер байқауы, білгірлер сайысы, эстафеталар сияқты іс-шаралар.Бастауыш мектеп - білім алудың алғашқы сатысы, онда оқушылар ғылымның әр саласынан қарапайым түсініктер алып, сыныбы жоғарлаған сайын білімдерін кеңейтіп әрі тереңдетіп отырады. Сондықтан осы жас сатысында оқушылар мектеп қауымдастығының тең құқылы мүшесі ретінде өз күш-жігерін байқап көруіне мүмкіндік тудыратын, сыныптан тыс жұмыстарда қызығушылығын арттырудың маңызы зор.
1.2 Тәрбие жұмыстарының бағыттарына сәйкес атқарылатын іс-әрекеттердің мазмұны
1.2.1 Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты
қалыптастыру
Мақсаты: Отанына деген сүйіспеншілігі мен азаматтық сана сезімі негізінде өз еліне пайда келтіруге деген талпынысын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеттері:
Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін қалыптастыру;
Мемлекеттік тілде сөйлеуге деген талпынысын дамыту;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рэміздерін кұрметтеу мен бағалауға деген ұмтылысты қалыптастыру;
Ел тарихы мен мәдениеті білу аркылы Қазақстан Республикасының негізгі құндылықтарын зерделеуге көмектесу;
Қазақстанның халықаралық жағдайы, оның экономикалық, саяси, мәдени ерекшелігі туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыру;
Өз мемлекеті туралы әңгімелеп беру қабілеттерін қалыптастыру;
Азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы алғашқы түсініктерін
Қалыптастыру және оларды түсіндіре алуы;
Өз Отанының тағдырына, оның өткеніне, бүгіні мен болашағына өз қатысты
10
екендігін сезіну қабілеттерін дамыту;
Өз мектебіне, шағын ауданына, қаласына, республикасына пайда келтіруге ұмтылысы мен тілегін дамыту;
Түрлі саладағы қазақстандықтардың жетістіктеріне деген мақтанышын қалыптастыру;
Өз Отанына деген мактаныш сезімдерін оятатын деректерді іздеу, туған қаласының (ауылының) қалай дамып жатқанын оқып-үйренуге деген тілектерін жүзеге асыру;
Мемлекетті гүлдендіруге арналған жеке адамдар мен бір топ адамдардың маңызды әрекеттерін түсінуге көмектесу.
Жұмыстың түрі мен мазмұны:
"Отан неден басталады ? " әңгіме. Әңгімені адамның "Отан" туралы түсінігі, жерге деген сүйіспеншілігі, өз еңбектері аркылы Отанының даңқын асырған адамдар туралы, Отан дәріптеуге арналған өлеңдер мен әндер;
Өз қаласына (ауылына) экскурсия. Оқушылардың каланың (ауылдың) негізгі мәдени демалыс орындарына, маңызды өнеркәсіп нысандары мен демалыс және тарихи орындарымен танысуы;
"Өз қаламыз туралы не білеміз? " атты конференция. Өз жұмысын көрсету, баяндамаларды рәсімдеу, туған өлкесі туралы мәліметтер жинақтау;
Туған қаласына (ауылына) арналған суреттер байқауы. Байқау өлкенің мәдени ерекшелігі мен тарихын окып-үйренуге арналып, экскурсиялардан кейін өткізіледі;
"Менің Қазақстаным" ойын-эстафета. Ойын барысында окушылардың Қазақстан Республикасының мемлекетгік рәміздері жайлы білімдері тексеріліп, ақыл-ой мүмкіндіктері кеңейіп, ойлау, бейімделу қабілеттері дамиды, топпен жұмыс істеу, жарысу дағдылары қалыптасады;
"Отандық герапьдика тарихы " сынып сағаттары. 3-4 сыныптарда қазіргі таңдағы геральдика, оның шығу және даму тарихы, оның бүкіл ел және жеке адамдар үшін маңызы туралы айтылады. Соғыс жағдайында туды жоғалтудың салдары кандай болатынын және туды қорғау жолында жауынгерлердің кандай тәуекелге барғандарын, оны сақтау жолында олардың өз өмірлерін қатерге тіккендерін әңгімелеу;
"Ерлікке тагызым" әңгіме. Іс-шара Ұлы Отан соғысының батырларына арналады;
"Ұлттық ойындар" ойыны. Қазақ халқының ұлттық ойындары үйретіліп, сайыстар өткізіледі. Сайыс барысында мүмкіндігінше оқушылар ұлттық киім кигені жөн;
Республика күні, Тәуелсіздік күні, Қазақстан Республикасының Конституция күні, Қазақстан халықтарының татулық күні мерекелеріне арналған концерттер дайындау;
Ұлы Отан соғысы Жеңісіне арналған іс-шараларға дайындық және атап өту; соғыс және еңбек ардагерлеріне, еліне еңбегі сіңген ұстаздарға, жазушыларға, ғылым және мәдениет қайраткерлеріне, қонақтарға арнап шақыру билеттерін дайындау;
"Ел ордасы - Астана" сынып сағаты. Оқушылар Қазақстан Республикасының астанасы туралы материалдар, оның тарихы мен мәдени демалыс орындары, қала туралы өлевдер мен пікірлер жинап, баяндамалар дайындайды;
"Еліміздің қос қаласы " Алматы —Астана телекөпірі. Оқушылар Алматы мен Астана қалаларының тұрғындарының рөлін ойнап теледидар арқылы пікірлесуге қатысады. Ойын барысында қалалардың тарихи және мәдени кернекті орындары, жағрапиялық ерекшелік жағдайы, климаты мен ландшафты туралы бір-біріне сұрақтар қояды;
"Қаныш ағаның геологиялық соқпағымен " саяхат ойыны. Саяхат барысында оқушыларға Қазақстанның ғалымы Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы алғашқы
11
түсінік беріледі. Саяхат ғалымның туған жерінен басталып, республика аймағында өтеді;
"Балдырған" жас жауынгерлер ойыны.
Ойын барысында алғашқы әскери-патриоттық тәрбие беріледі. Ойын кешені сыныптан тыс оқу бағдарламасы, дене тәрбиесі, бейнелеу өнері, еңбекке үйрету, музыкаға және айына бір рет "Жас жауынгерлер күнін" өткізу қарастырылады, сондай-ақ күзгі, кысқы және көктемгі демалыс кездерінде түрлі ойындар мен өз беттерінше орындалатын іс-шаралар ұйымдастырып, өткізу;
Сыныптың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру.Сыныпты басқаруға байланысты жүктелген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өздерін сынып қауымдастығының азаматы ретінде сезініп, сыныпта өткізілген іс-шараларға қоскдн өз үлесін бағалау мүмкіндігіне ие болады.
1.2.2 Саяси мәдениетті қалыптастыру
Мақсаты: саяси қарым-қатынас туралы алғашқы түсініктері мен сынып ұжымын басқару ісіне араластыру, кабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеттері: сынып ұжымы деңгейінде түрлі қарым-катынас жасау қабілетін дамыту;
әлеуметтік және саяси рөлдерді орындау икемділігін дамыту;
сыныпты басқара алу қабілетін қалыптастыру;
сынып қауымдастығы алдында өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Жұмыстың түрі мен мазмұны:
- жергілікті атқару органдарының қызметін түсіндіру мен қаладағы әкімшілік ғимараттарын таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастыру. Экскурсия барысында оқушылар мемлекетті басқару туралы алғашқы мәліметтер алып, басқару органдарының қызметімен танысып, саясат туралы түсініктері қалыптасады;
сыныпта окушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру: секторларға бөліп, олардың жетекшілерін сайлау.Оқушылар өздеріне тапсырылған жұмысқа жауапкершілік қарауды үйреніп, басшылық пен іскерлік дағдыларын меңгереді;
сынып «Президентін» сайлауды ұйымдастыру және оны өткізу. Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру мақсатында аталған шараны өткізудің маңызы зор. Окушылар өз жолдастарының біреуін ұнататындығын білдіріп қана қоймайды, оның болашақта атқаратын іс-әрекетіне өзінің де жауапты екенін сезінеді.
1.2.3 Құқықтық мәдениетті қалыптастыру
Мақсаты: әдеп және құқықтық нормаларын ескере отырып қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін калыптастыру.
Тәрбиелік міндеттері:
қоғамдық орындарда, мектепте, отбасында өзін-өзі ұстау мінез-құлық ережелері туралы білімдерін және сол ережелерді қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру;
адам кұкығы жайлы түсініктерін қалыптастыру;
өз іс - әрекеті үшін жауап беру мен мінез-құлқын түсіндіре алу қабілеттерін қалыптастыру;
мінез-кұлық ережелерін бұзушылыққа, қатыгездікке әділетсіздікке, күш
12
көрсетуге төзбеушілік танытуды қалыптастыру;
құқықтық нормалар мен жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы жайлы түсініктерін қалыптастыру;
адам құкығын сақтау қажеттілігін түсіндіру қабілеттерін қалыптастыру;
күш көрсету жағдайында қорғану дағдыларын қалыптастыру.
Жұмыстың түрі мен мазмұны:
"Адам құқықтарының негізін оқып-үйренеміз" сынып сағаты. Оқушыларды адам құқықтарының жалпы Декларациясында атап көрсеткен ережелерімен таныстыру;
"Ертегілер еліне саяхат " ойын. Оқушылар ертегі үзінділерінен көрініс көрсету аркылы ондағы кейіпкерлердің құқығы бұзылғаны немесе олардың іс-әрекетінің дұрыс бағаланғаны жайлы өз пікірлері мен бағаларын білдіреді.Соның нәтижесінде балалар ертегі шындық болмағанмен, оданалатын мол сабақ бар екенін түсінуі қажет.
"Менің құқықтарымның бұзылуы" фестивалъ. Әр сынып оқушылары өмірден алынған жағдаяттардан көрініс көрсету арқылы Конституция баптарындағы адам кұқықтарының бұзылуы күнделікті өмірде кездесіп жататыны туралы талқылайды;
"Өз құқықтарымыз бен ережелеріміз туралы жазайық" ұжымдық шығармашылық әрекет. Ұжымның ортақ шешімі бойынша сынып оқушыларның ұжымдық құқықтары мен ережелерін анықтайды;
"Жеке бастың қауіпсіздік ережелері" сынып сағаты. Бірінші сынып оқушыларына күш қолданбайтын қарапайым қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Баланың өзіне төнген кауіпті жағдайларды бағдарлай білуге, өміріне қауіп төндіретін бейтаныс адамдармен кездескенде сауатты қимылдауға үйрету. «Бала үйде жалғыз қалғанда», «Бала және лифт», «Бейтаныс адамдармен арадағы қарым-катынас» сияқты нақты жағдаяттарды талдау;
"Балалық тентектік " әңгіме. Балалардың көпшілік ортада өздерін дү_рыс ұстамауы, жаман эдетке бейімділігі: телефон арқылы жасалатын бұзақылықтары, қоғамдық мүлікті бүлдіруі, үлкендерді балағаттауы, түрлі қауіпті жарылғыш заттармен ойнауы сияқты балалық бұзакылық әрекеттерінің қүкық корғау органдары қызметкерлерімен жағымсыз қарым-қатынасқа экеп соғатынын түсіндіру;
"Өзіңді қауіпсіздендір" ойыны. Балалар өміріне қауіп төндіретін түрлі жағдаяттарды ойын түрінде көрсету аркылы талдау.
Кәсіби бағдар мен экономикалық мәдениетті
қалыптастыру
Мақсаты: экономикалық іс- әрекетке деген кызыгушылығы мен коғамға және өзіне пайда келтіру мақсатында еңбек ету қабілеттерін калыптастыру. Тәрбиелік міндеттері:
мемлекет экономикасы туралы түсініктерін қалыптастыру;
мамандыктар туралы алғашқы білімдерін қалыптастыру;
тиянақты еңбек ету дағдысын калыптастыру;
кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын дамыту;
оқушыларға адамның тұрмыс жағдайын оның кәсіби абыройы арасында байланыс орнату қабілетін дамыту және сол кабілеттіліктері арқылы осы заманғы экономикалық жағдайға бейімделуге тәрбиелеу;
оқушылардың адам материалдык құндылықтарды жасау арқылы басқа адамдарға пайда келтіретінін және сол арқылы өзі де жетілетіп дамитынын санасына жеткізу.
Жұмыстың түрі мен мазмұны:
қағаз, картон, ағаш, пластик, табиғи материалдар сияқты заттардан түрлі
13
ойыншықтар әзірлеу;
қайырымдылық шараларын өткізуге байланысты балалар өзі жасаған заттардан жәрмеңке ұйымдастыру;
" Біздің мектеп маңында кімдер және олар калай еңбек етуде?", "Қайда және не салынуда?", "Құрылыстағы арифметика" экскурсиялары. Оқушылар
түрлі еңбек түрлерімен танысып, "еңбек нәтижесі", экономика саласы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырады;
Сан алуан түрлі маман иелерімен, кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастыру. Әр түрлі маман иелерінің сүйікті мамандығы туралы қызықты әңгімелері оқушылардың болашақ мамандықтарға деген қызығушыльщтарын арттыруға мүмкіндік береді;Еліміздің шетел жазушыларының "Еңбек сыры неде?", "Қолөнердің ерекшелігі қандай?" атты алуан мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін шығармалары бойынша қойылымдар көрсету. Онда оқушылардың түрлі рөлдерді орындауы арқылы оларға болашақ мамандықтарды меңгеруге деген қызығушылықтарын қалыптастыру;
"Жарнамалық агенттік", "Өндірістік серіктестік ", "Дүкен", "Ферма", "Монополия" атты сюжетті-рөлдік ойындар ұйымдастыру. Ойын арқылы басқарудың алғашқы дағдылары, капитал, тауар нарық, еңбекті бағалау біліктіліктері қалыптасады;
"Менің анамның мамандығы", "Әкемнің кәсібі" с.с. т.б. тақырыптарда шығармалар байқауы. Оқушыларға өз ата-анасы, таныстары мен туыстарының мамандықтары туралы материалдар жинап, шығарма-толғаныс жазу ұсынылады. Шығарманың негізгі идеясы - адамдар игілігі үшін әр мамандықтың маңыздылығын ашып көрсету болып табылады.
1.2.5 Гендер мәселесі бойынша сауаттылығын арттыру және отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру
Мақсаты: баланың отбасындағы әлеуметтік рөлді орындау қабілеті мен отбасы кұндылықтарын калыптастыру.
Тәрбиелік міндеті: оқушының өзін белгілі бір жыныс өкілі ретінде танытуға қабілеттілігі;
әйел мен ер адамның отбасындағы рөлдік айырмашылығы туралы түсінігін қалыптастыру;
отбасының тең кұқылы мүшесі ретінде өз мәнділігін түсінуге, жақсы ұл (қыз, аға, әпке, немере, т.б.) болып өсуде өз міндетін орындау жауапкершілігін қалыптастыру;
өзіне туыс адамдардың бойында кездесетін кемшіліктеріне кешіріммен қарап, оларға төзімділік пен шыдамдылық таныту;
отбасы мүшелерінің атқаратын міндеттерімен таныстыру;
бос уақытты дұрыс өткізу, өз-өзіне қызмет ету біліктілігін, жақын адамдарына қамқор болу қасиетін қалыптастыру.
Жұмыстың түрімен мазмұны:
"Менің ең қымбатты адамдарым - әкем мен анам " ертеңгілік. Бұл іс-шарада от басындағы аналық махаббат, әкенің қамқорлығы, жеке басының қуанышы мен қайғысын өзіне жақын адамдармен бөлісу, отбасылық мерекелер ұйымдастыру, туған ата-анасына қамқор болу қажеттілігі туралы түсіндіру;
"Жер бетіндегі ең мейірімді адам " әңгіме. Әңгіме отырыста әжелері мен аталарының олардың балалық шағы, өмірлеріндегі есте қаларлықтай қызықты оқиғалары жайлы айтылады.
14
Балалардың аталары мен әжелерінің шығармашылығымен танысу мақсатында олардың жасаған қолөнер туындылары бойынша көрме ұйымдастыруға болады;
"Менің туған үйім " мерекесі. Туған үйдің жылылық сезімін, жайлылығын, ондағы ерекше мейірімділік пен татулықгы, әр отбасындағы қалыптасқан дәстүр мен ынтымакты, бірлікті балаларға сезіндіру;
"Отбасылық турнир" ойыны. Турнир отбасылар арасындағы жарыс түрінде өтеді. Оған әр сынып ата-аналарының өкілі ретінде бір отбасының мүшелері қатысады. Турнирде ата-аналардың арасындағы татулық мен тапқырлық сияқты тамаша касиеттерін тексеру мақсатында спорттық, ақыл-ойды дамытушылық, музыкалық байкаулар ұйымдастырылады;
"Әжелердің өнері" ойыны. Бұл ойын байқауға әжелер, аталар мен немерелер қатыстырылады. Бұнда төмендегідей сайыстарды ұйымдастыруға болады: атам мен әжемнің әндері, әжемнің ертегілері мен тәтті тағамдары, атам мен әжем үйреткен ойындар т.б.;
«Менің отбасымның әлемі" көрме. Көрмеге ата-аналар мен балалар өздері дайындаған колөнер туындылары қойылады;
"Әулетіміздің фотоалъбомы " көрме. Байқауға балалардың өздері дайындаған альбомдар қойылады: онда өздері ойластырып дайындаған композициялар, иллюстрациялар, өздері түсірген фотосуреттер;
"Әкелермен балалар" атты өз әулетінің шежіресін құрастыру. Оқушылар ата-аналарының көмегімен өзінің жеті атасы туралы шежіресін құрастырып, оны кағаз бетіне түсіреді;
"Отбасы кеңесі", "Отбасы қаржысы", "Менің қарындасым (сіңілім)", т.б.с.с. рөлдік ойындар. Балалар бұл ойындар арқылы әрбір отбасы мүшесінің атқаратын міндетімен танысып, отбасындағы өз орнын, отбасы мүшелері үшін өзінің іс-әрекеті мен айтқан сезінің маңызын түсінеді;
"Еркек пен әйел - отбасының қос діңгегі" ойын-сабақ. Оқушылар ойын барысында әйел адам мен ер адамның міндеттері мен түрлі рөлдер атқаратынын түсінеді. Балалар өздерінің байқағандарына сүйене отырып, олардың айырмашылығын түсіндіруге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |