Поәк -042-18-25 31/03-2014 №2 Басылым


Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты



жүктеу 0,59 Mb.
бет2/5
Дата24.12.2019
өлшемі0,59 Mb.
#24869
1   2   3   4   5

Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігін және тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру мен табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Адам мен табиғат арасындағы үйлесiмдi пiкiр-сайыс ұлттық, экологиялық мәдениет шеңберiнде ғана iске асады.

Қоғамда экологиялық білім беруді жүйелі негізде жүргізе отырып, экологиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарау - бүгінгі таңда әрбір адамзаттың абыройлы борышы.

2 Дәріс. Қазақстанда және шетелдерде экологиялық білімді оқытуда қолданылатын негізгі педпгогикалық әдістер.

Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

 Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

 Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

 Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

 Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

 Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

 Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.

Ғылыми-қолданбалы бағытта нақты педагогикалық идеялар мен тұжырымдарға негізделген жаңа педагогикалық технологиялар жобаланады; мұғалімдерге педагогикалық технологияларды оқытудың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі әдістемеде технологиялардың бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде орта оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатар технологиялар бар. Солардың бірі оқушылардың шығармашылық қабілетін, ұшқыр қиялын дамытуға бағытталған деңгейлеп саралап оқыту технологиясы (СТО). Бұл мәселені алғаш Қазақстанда Ж.Караев зерттеген екен.

Қазіргі таңда СТО технологиясын пайдаланып өткізілген сабақтар мен дәстүрлі сабақтарды салыстыру нәтижесі:

СТО сабақтарында Дәстүрлі сабақтарда

Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмысты жақсы жүргізеді. Оқушылар бірден кірісіп кете алмайды, шулап кетеді.

Белсенділік жоғары болады. Белсенділік орташа деңгейде.

Оқушының жеке жауапкершілігі басым. Оқушының жеке жауапкершілігі төмен.

Қызығушылығын істе байқатады. Қызығушылығы бірқалыпты.

Бір-біріне көмек, сыйлау қалыптасқан. Өз ойларын еркін жеткізеді. Қызғаныш басым. Анықтық жоқ.

Сабақта көп жұмыс жасайды.

Шығармашылық қабілеттері артқан.

Сабақта еркін сөйлеуге тырысады. Кейде берілген тапсырмаларды жасауға үлгере алмайды. Бірқалыпты. Ықылас білдіре қоймайды.

Инновациялық технологиялардың бірі – ақпараттық технология.

Оқытудың ақпараттық технологиясы - ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар.

Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабынан сай сабақ берідің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларды мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім өзі көз жеткізіп отыр.

Жаңа ақпараттық технолгияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіледі. Электрондық оқулық мектеп оқушыларын ақпараттық технологияны кіші жастан меңгеруге көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруларына мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.

Қазіргі таңда бастауыш мектеп сатысында әрбір пән бойынша деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушыларға берілетін тапсырмаларды білімді қабылдауға бағытталған іс-әрекеттік модель ретінде қарастырған жөн. Оқытудан күтілетін нәтижені негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Бастауыштан бастап жеке тұлғаға бағытталған озық педагогикалық технологиялық сабақтар беруі дегеніміз - оқытушының шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжірибеге сүйенуі. Ең маңыздысы - әр оқушының ерекше болмысы, тұлғалық қасиеттерін мойындау. Әр баланың жеке даму процесіне, оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін бір мезгілде оқытушы да, психологта болуы тиіс.

Мен өзім даярлық топқа сабақ бергендіктен, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сабағымда ойын технологиясын пайдаланамын.

Ойын технологиясы – оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындарды көздейтін дидактикалық жүйелер.

Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бірі.

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп те айтуға болады.

В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ұлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді,- деп қарастырады.

Ойын - халық педагогикасының құрамды бір бөлігі. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Мысалы: қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде өзім кішкентай бүлдіршіндерге сабақтарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Ал, енді мен қолданып жүрген осы балаларды дамытатын, еске сақтау қабілеттерін дамытатын бір неше ойынның түрін алдарыңызға ұсынайын (плакаттан, немесе интерактивті тақтадан көрсету). Бұл ойындар арқылы менің балаларымның ойлары, есте сақтау қабілеттері, тілі, танымдылығы дамиды, сана қалыптасады.

Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс.

Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.



Шетелде экологиялық білімді оқытуда қолданылатын негізгі педагогикалық әдістер.

Шетелдік тәжірибеден өтуге бастама болған және өтініш білдірген- Білім және ғылым министрінің қолдауымен Алматы қаласында Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі республикалық біліктілікті арттыру институты.

ліміз оқытушыларының Германияда (Дюссельдорф қ.) біліктілігін арттыру бойынша оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру INTAMT e.V. Халықаралық басқару мен технологиялар Академиясымен ынтымақтастығы аясында өтті.

Германиядағы білім беру жүйесі – Болондық білім беру жүйесіне еуропалық елдердің арасында алғашқылардың бірі болып енгізілген. Германияның білім беру жүйесін зерттеу барысында білім берудегі келесі бағыттар қарастырылып, талқыланды: жоғары білім жүйесінің дамуының қазіргі заманғы тенденциялары, университеттердің оқу-әдістемелік жұмысында оқу процессін ұйымдастыру мен инновацияларды дамытудың негізгі бағыттары, жобалық және тәжірибеге бағдарланған оқыту, инновациялық әдістер, қашықтықтан оқыту жүйесінің бағдарламалық-аспаптық құралдары, оқытушының жұмысындағы креативтік әдістер және т.б.

Тәжірибеден өту барысында оқу процесін ұйымдастыру, техникалық қамтамасыз ету, зертханалармен, оқытудың технологиялары және әдістемелерімен танысуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ бізге белгілі оқыту түрлерінен басқа Германияда студенттерге өндірістен қол үзбей білім алуға мүмкіндік беретін оқытудың дуальды және құрамдастырылған түрлері дамыған.

ҚР оқытушыларының біліктілігін арттыру барысында Германияның түрлі білім беру мекемелерінде тренингтер ұйымдастырылды: Менеджмент пен технологияның Халықаралық Академиясында, Жоғары білімді дамытатын Әдістемелік орталығында, Вестфалия қолданбалы ғылымдар университетінде, Рур университетінің Технологиялар трансферті орталығында (RUBITEC), Бохум университетінің Дидактикалық орталығында, Дуйсбург-Эссен университетінде Жоғары білімді дамыту және сапа менеджменті орталығында, Дюссельдорф қолданбалы ғылымдар университетінде, Рейн-Вестфалия техникалық университеті Аахен, Солтүстік Рейн-Вестфалия Жерлерінің Құрамдастырылған оқыту Институты, Кельн университетінің Жоғары білімді дамыту орталығында өтті.

3 Дәріс Экологиялық процестің этаптары


Әрбір саналы адамның экологиялық көзқарасын қалыптасыру – адамның мінез – құлқы мен іс - әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасау үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда жеке ғылым болып жүйелі зерттеліп келе жатқан экология саласының өзіндік ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған 2050 Қазақстан-стратегиялық бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл болінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Аталған құнды  құжаттарды басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.

 Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес.

Экологиялық білімберу- балабақша, ортамектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесіне айналды.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.
  Әрине табиғаттың сұлу көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы қазақ халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов балаға ең қымбат, ең жақын туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнының берік, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға үйретеді.
Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі адамдардың табиғатқа жасаған бір жақты қарым-қатынасымен табиғат заңдылықтарымен сипаттайды, салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-теңдікнің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу себептерін Е.Мамбетқазиев, Е.Қонақбаев, Ю.Жданов т.б. өз еңбектерінде атап өткен.
Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендк ұстанымы бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі. Үздіксіз ұстанымы, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.

Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологияландыру болып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау арқылы орнықты  дамуды жүзеге асыру. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен  шеше  алатын  бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.

Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен кәсіби  мамандардың жеткіліксіз болуына және  қазақ тіліндегі оқу құралдары мен бағдарламалардың жеткіліксіз болуына байланысты  экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мекетептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша арнайы оқулық  пен  оның  кешендері (бағдарламасы,  жұмыс  дәптері, әдістемелік нұсқау, хрестоматия) 2005 жылдан  бастап «Мектеп» баспасынан ҚР Білім және Ғылым  министрлігінің бекітіп  ұсынуымен  жарық  көрді. Деседе, министрліктің  ұйғарымын  орындау  орнына  республиканың  мектептері «Экология негіздері» пәнін сабақ  кестесіне енгізген жоқ, тек  факультатив  есебінен  жүргізіледі. Көрші Ресей Федерациясы 1994 жылдан  бастап  мектептерге  экология  пәнін енгізгені  көпшілікке  мәлім. Ал мектептегі химия, география, биология  пәндерінде экологиялық  білім  толық  берілмейді, кейбір  оқулықтарда  қарастырылған  мәселелер Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады.

Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер ғана есепке алынады

  Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде М.Н.Сарыбеков, Н.Н. Нұғыманов, А.Б. Бигалиев,  Ә.С. Бейсенова, А.Е.Манкеш, Х. Жүнісова, Ж.Б. Шілдебаев, Г.М. Сәбденалиева т.б. еңбектерінде жазылған. Табиғат қорғауға байланысты конференциялар ұйымдастырылып келеді. Онда алғашқы  рет мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог мамандар дайындау туралы тұжырымдамалар пікірлер айтылып келеді. Осының нәтижесінде болар Алматы, Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау, Қызылорда университетінде экологиядан мамандар дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде тұңғыш рет (1987 жылы) эколог мамандар дайындау мәселесін көтеріп, экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым Ә.С. Бейсенова мен Ж.Б.Шілдебаевтың еңбегі айрықша болды. Алғаш рет Абай атындағы Қазақ ұлттық  педагогикалық университетінде  география-экология факультеті  ашылып  эколог  мамандарын даярлауға жол  ашылды.

  Қазір жоғарыда  аталған  университет  экологиялық  білім  мен  тәрбиеберуде  Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарының  көшбасшысына  айналды.  Соңғы  жылдарықызметке  келген  университеттің  жаңа  басшысы, академик С.Ж.Пірәлиев  география-экология факультетінің  оқу  процесін  күшейтіп «Экомониторинг» зертханасын  ашуға  көпкөңіл бөлді.  Зертханажаңа  заманауиқұрал-жабдықтармен  қамтамасыз  етілген. Білім  алушыларзертханадаауа, су, топырақ, өсімдік  құрамындағы  ауырметалдар, нитраттарды  анықтай  алатынпрактикалық  білім  ала  бастады.  Тек  студенттерғана  емес  осы  университеттің Магистратура жәнеPhD докторантура  институтында  оқитын  білім  алушыларда  экология ғылымыбойыншаіргеліғылыми  зерттеулерге  қатысыпбілімдерін  дамытуда. Яғни, «Жаратылыстанумамандықтары» кафедрасында  «Биоэкомониторинг», «Химия және химия техникасы» зертханалары  жұмысістейді. Онда  магистранттар мен докторанттарэкологиялық  зерттеу  жұмыстарын  жасапмагистрлік  және  докторлық  еңбектерін  аяқтайды.  Осының  бәрі  экологиялықбілім  берудің  жаңа  стратегиялық  бағыттары  деп  білеміз.


4 Дәріс. Эколгиялық білімнің формалары, әдістері және құралдары
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени, ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшінде, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай  егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты – білім беру жүйесінің басты міндеті мен мазмұнын айқындап берді.

Оқыту формасы дегеніміз – мұғалімнің әртүрлі жағдайда өткізілетін оқушылардың оқу – танымдық қызметтерін ұйымдастыру.

Экологияны ұйымдастыру формалары


Оқыту формалары

Өткізілетін орны

Дамытушылық

Сабақ

Кабинет

Ғылыми ұғымдарды, ойлау қабілетін, дүниетануды, еңбекке баулуды, этикалық, эстетикалық қарым – қатынастарды дамыту

Экскурсия


Ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат

Үй жұмыстары

Үйде

Сабақтан тыс жұмыстар


Кабинет, ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат, мектеп мүйісі, оқу – тәжірибе участогы

Сыныптан тыс жұмыстар

Кабинет, ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат, мектеп мүйісі, оқу – тәжірибе участогы

Қоғамдық жұмыстар



Экологияны оқыту формалары: сабақ, экскурсиялар (топсеруендер), үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстар (жеке, топпен, көпшілік).

Экскурсиялар, үй жұмыстары және сабақтан тыс жұмыстары міндетті түрде өткізілуі керек.

Экологиядан оқу процесінің негізгі формасы сабақ болып табылады. Ол белгілі бір ұйымдастыру белгілерімен сипатталады: оны мұғалім тұрақты оқу кестесі бойынша құрамы тұрақты оқушылар тобымен арнайы жабдықталған биология кабинетінде немесе класс бөлмесінде өткізеді.

Жылдық (перспективті) жоспарда сабақ сағаттары тақырып бойынша және күнтізбелік мерзімі бойынша белгіленеді. Жоспарда мейрам және каникул күндерін шығарып тастап, нақты сағат саны тақырыпқа бөлінеді және өту мерзімі белгіленеді. Сонымен қатар қайталау сұрақтары белгіленеді, экскурсия мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарланады.

Перспективті жоспар негізінде оқытушы тақырыптық жоспар жасайды. Онда тақырып мазмұнын түсіндіру реті мен логикасы, қолданылатын әдістер, көрнекі құралдар, практикалық жұмыстарға қажетті материалдар және сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар көрсетіледі. Білімді жақсы меңгеру және бекіту үшін қажет болған жағдайда кейбір тақырыптардың сағат мөлшерін 1 – 2 сағатқа көбейтуге болады. Мұндайда кейбір тақырыптардың сағаты қысқартылады және бағдарлама толық орындалу керек.

Тақырыптың өзара орынын ауыстырған дұрыс емес.

Жылдық жоспарда қайталауға ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарда нақты тек экскурсиялар мен сыныптан тыс жұмыстар белгіленеді, үй жұмысы мен сабақтан тыс жұмыстар әр тақырыпқа анығырақ жазылады.

Экология оқытушысына жұмысты жоспарлаудың өте бір қажеттілігі мынадай жағдайға байланысты: биология оқытушысы материалды күн ілгері әзірлеу керек, белгілі бір мерзімде көрсетілетін тәжірибелерді алдын ала жасау, экскурсия туралы күні бұрын келісу және т.б. қажет.


Жылдық жоспардың үлгісі


Тақырып


Сағат мөлшері



Өткізу мерзімі



Тақырыптарды қайталау


Экскурсиялар


Сыныптан тыс жұмыстар



алдыңғы курстардан

курстан






















Келесі жылға жоспарды осы жылдық аяғында жазған дұрыс.



Тақырыптық жоспар

Сабақ тақырыбы

Әдістер

Көрнекі құрал

Оқу кестесінен тыс өткізілетін сабақ

Сыныптан тыс оқылатын әдебиет



















  1. Сабақ – негізгі оқу бірлігі. Дәстүрлі сабақ құрылымы. Сабақ жоспары. Сабаққа дайындалу. Сабақтың білімділік, тәрбиешілік және дамутышылық міндеттері, мазмұны және оны өткізу әдістері. Сабаққа дайындалу кезінде мұғалімнің еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру: әдістемелік әдістерді талдау; сабақ міндеттерін анықтау; оқу еңбегінің білім мен біліктілік жүйесін анықтау, оларды қалыптастыру мен дамыту әдістемесін жасау.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Әр сабақтың өткізілуі мұғалімнен мұқият дайындықты қажет етеді.

Сабаққа дайындық келесі кезеңдерден тұрады:



  1. оқу материалын іріктеу;

  2. әдістерді таңдау;

  3. сабақ құрылымын анықтау;

  4. көрнекі құралдарды дайындау;

  5. жоспар немесе конспект жазу.

Мұғалім сабақтың ғылыми мазмұнын кең білу керек және мектеп оқулығын сынмен ұғынуы керек.

Мұғалімнің міндеттері:

I міндеті – мол ғылыми ақпараттың ішінен керек материалды қатаң іріктеу.

II міндеті – оқыған ақпаратты шығармашылық педагогикалық сіңіру (қайта қарау): негізгі сұрақпен қосымша сұрақтарды белгілеу, баяндау логикасын ойластыру, негізгі бөлімдердің мазмұнын, олардың көлемін ойластыру; сабақ үстінде тәрбие жұмысын белгілеу.

Мұғалім осы сабақта қандай ұғымдарды құрып, бұрынғы тақырыптардан қандай білімді әрі қарай дамыту керегін анықтайды.

Бұл дайындықта мектеп оқулығы мұғалімге салмақты көмек көрсетеді, бірақ білім көзі ретінде қызмет атқара алмайды.

Сабақтың сәтті өтуі мұғалімнің жақсы дайындығына байланысты.

Әр биологиялық курс логикалық кезекте орналасқан тақырыптардан құралады. Бағдарламаның әр тақырыбы логикалы байланысқан сабақтардың жүйесі болып саналады.

Жылдың басында бүкіл курсқа арналған кіріспе сабағы өткізіледі.

Көлемі үлкен тақырыптарда 3 түрлі сабақтарды айыруға болады:



  1. кіріспе

  2. тақырыптың мазмұнын ашатын

  3. қорытынды сабақтар.

Көлемі шағын тақырыптарда мұғалім бірінші сабақта кіріспені өткізіп, ақырғы сабақтың аяғында қорытынды жасайды.

Сабақ мазмұнына толық тексерілмеген ғылыми фактілермен және тақырыппен аз байланысқан мәліметтерді енгізуден сақтану қажет.

Сабақтың шамадан артық деректі материалмен жүктеу оқушылармен түсіндіру және жалпылау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік бермейді.

Курсты көңілдегідей оқыту үшін үлестіріп берілетін материалдар (құрғақ және кептірілген күйде) қажет; бұл материалдың көбін қай мектеп болса да, өз күштерімен дайындай алады.

Оқушылардың өздеріне көрнекі құрал жасатуға ерекше көңіл бөлу керек. Оқушылардың экскурсияда жинаған материалдарынан таблицалар, гербарийлер, коллекциялар жасауға болады. Мектепте оқу – тәжірибе участогы болса, жыл сайын биология кабинетіне жаңа материалдар қосылады, оларды гербарий, таблица және коллекция етіп жасауға болады. Мысалы, “Дарвин участогындағы өсімдіктер түрлерінің тұқымдары”, “Өзгергіштік”, “Өсімдіктер дүниесіндегі бейімделушілік”, “Қолдан сұрыптау” және т.б..

Көрнекі құралдарды, үлестіру материалды және тәжірибе жұмысына қажет жабдықтарды сабақ қарсаңында дайындап қою керек.

Жаңа мұғалімге сабақ қарсаңында өзі құралды жинап, тәжірибені өткізіп жаттығып алған дұрыс. Алдын ала тәжірибені көрсеткенге, микроскоптарға ыңғайлы орындар белгілеп алу керек.


  1. жүктеу 0,59 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау