Лермонтовтан аудармалары мен сөз өнері
Пушкинге Абайдың алғашқы аудармаға ауысқанда барған барысы сондайлық болса, енді Лермонтовтың шығармаларын аударуда Абай мүлде басқа сапаны көрсетеді.
Өйткені, М.Ю.Лермонтовтың өмір сүрген дәуірі декабристер қозғалысының басылып, Ресейде патшалық кертартпа күштердің өкімдік алған кезі болатын. Соған орай ұлы ақының шығармалары өз қоғамы мен оның әкімдеріне деген ашу- ызаға, кекке толы келеді. Ақын өлеңдерінің кейіпкері – күресті аңсаған, заманының сырына қанық және оған қарсы, батыл адам. Өмір сүрудің мақсаты мен мән- мағанасы, тағдырына наразылық, достарының тұрақсыздығы мен адамдардың екі жүзділігі ақын шығармаларыны негізгі тақырыбына айналды. Ол ұнамсыз адамдар мен патшашыл көзқарасты аяусыз әшкереледі.
Лермонтов шығармасының осы сарыны Абайға тым жақын еді. Қазақ ортасындағы феодалдық – патриархарлық ескішіл көзқарастармен аяусыз күрескен Абай өз ойын іске асыра алмай, көп достарынан түңіліп, жалғыздық тартты. Кеудесі ыза мен кекке толып, өз көрген ұнамсыздықты аяусыз сынап- шенеді. Осы жолдағы ізденіс үстінде ол Лермонтов еңбектерімен танысты да, оны өзіне өлмес серік етті.
90-шы жылдардың басынын бастап қасындағы бірде жақындасып достасып, бірде қырғи- қабақ келіспеушілік туындап қалатын ескі достары да (Жиренше, Оразбай т.б.) біржола ат құйрығын кесісіп кетті. 1891 жыл жақсы көретін інісі Оспан, 1895 жылы сүйікті ұлы Әбдірахман қайтыс болды.
Осылардың барлығы ақынды өмірден түңілдіріп жалғыздық азабына салды. Осындай тұстарда ол Лермонтовпен көбірек сырласты. Бұрын ара – кідік бір шығармасы «Байронды» ғана аударған болса, енді 90-шы жылдардың ішінде Лермонтов шығармаларын көп аударуының да себебі осында.
Бұл жөнінде жалпы айтатынымыз, Абай ашық шебер аудармашының өзі болып еңбек етеді. Жиыны Лермонтовтан Абай жасаған аударманың ұзын саны - жиырма жеті өлең үзінділер.
Көбінше Лермонтовтың жеке өлеңдерін аударумен қатар, Абай орыс ақынының бірнеше поэмаларынанг үзінділер де аударады. Бұларды:
«Демонның» басынан жасалған «Мұңлы шайтан» деп басталатын өлең, «Боярин Оршадан» «Босқа әуре боп дейтін» Арсенеийдің монологы. «Измаилбейдің» кіріспе толғауын да аударады. Лермонтовтың қара сөһзбен жазып бітірмеген «Вадим» атты повесінің бас жағын «Батыр күнге шымылдық» деп бастайтын бірталай өлеңмен аударады.
Бұл еңбектерінен жекеше бөлініп тұратын лирикалар ретіндегі аудармалары: «Теректің сыйы», «Қарасам қайғырар жұрт», «Тұтқындағы батыр», «Жолға шықтым», «Жалғыз жалау», «Жартас», «Дұға», «Сал демеймін сөзіме ықыласыңды» ( Лермонтовтың альбомға деген өлеңі),
«Менің сырым жігіттер», «Бородино» сияқты үлкенді кішілі көп өлеңдер болады. Лермонтов аударуынан Бородиноның «Еврейская мелодия» деген өлеңін «Көңілім менің қараңғы» деген аудармамен береді. Гетеден атақты «Қараңғы түнде тау қалғыпты» және Лермонтов аудармасынан алып қазақшаға тәржімалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |