ПоәҚ 042-18-31 68/03-2014 Баспа №1 11. 09. 2014 ж



жүктеу 331,5 Kb.
бет3/3
Дата19.11.2018
өлшемі331,5 Kb.
#21175
1   2   3

І түрдегі қателікдегеніміз, дұрыс жорамалды жоққа шығару (яғни, нөлдік жорамал дұрыс болса да, оны қабылдамау).

ІІ түрдегі қателікдегеніміз, дұрыс емес жорамалды қабылдау (яғни, нөлдік жорамал дұрыс болмаса да, оны қабылдау).

І түрдегі қателіктің ықтималдығын арқылы белгілейміз. ықтималдығы мәнділік деңгейідеп аталады. мәнділік деңгейі –бұл І түрдегі қателікті жасау. ІІ түрдегі қателіктің ықтималдығын арқылы белгілейді, ал шамасын критерий қуаттылығыдеп атайды.

ді жоққа шығару /Н0 дұрыс)

- ді қабылдау /Н0 дұрыс емес)

Егер І түрдегі қателік барлық жағдайлардың кем пайда болса, онда тексеріліп отырған жорамал қабылданбайды (яғни ).

Егер І түрдегі қателік барлық жағдайлардың нен артық пайда болса, онда тексеріліп отырған жорамал қабылданады (яғни ).

Мәнділік деңгейін бергенне кейін, берілген жорамал қабылданатын немесе қабылданбайтын ереже табылады. Мұндай ережені статистикалық критерийдеп атайды.

Критерийдің статистикасы– таралу функциясы белгілі арнайы жасалынған кездейсоқ шама. Оны арқылы белгілейді.

Белгілі критерийді таңдап алғаннан кейін, барлық мүмкін мәндер жиынын екі өзара қиылыспайтын ішкі жиындарға бөледі: критикалық аймақжәне жорамалды қабылдауаймағы.



Критикалық аймақ –нөлдік жорамалды теріске шығаратын критерийдің мәндер жиынтығы.

Жорамалды қабылдау аймағы –нөлдік жорамалды қабылдайтын критерийдің мәндер жиынтығы.

Критериийдің критикалық нүктелері –критикалық аймақты жорамалды қабылдау аймағынан бөліп тұратын нүктелер. Ккр арқылы белгілейді.

Критикалық аймақтар біржақты(К>Ккр және Ккр) және екіжақты() болуы мүмкін.


14 Кездейсоқ шаманың типтері

Сұрақтары. Дискретті кездейсоқ шаманың таралуының сандық сипаттамалары. Кездейсоқ шамалардың үлестірілім заны. Кездейсоқ шамалардың үлестірілу қатарының графикалық кескіндеу тәсілдері

Кездейсоқ шама – ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарының бірі.Кездейсоқ шама – жағдайға тәуелді белгілі бір ықтималдығы бар әр түрлі мән алатын қандай да бір шама. Кездейсоқ шаманың маңызды сипаттамасының біріне оның таралу (үлестірілу) ықтималдығы жатады. Егер Х кездейсоқ шамасы шекті не шексіз әр түрлі х1, х2, ... хn, ... мәндер тізбегін қабылдаса, онда X кездейсоқ шамасының таралу ықтималдығы (таралу заңы) сол х1, х2, ... хn, ... мәндері мен оларға сәйкесті p1, p2, ..., pn, ... ықтималдықтарды көрсету арқылы беріледі. Кездейсоқ шаманың мұндай түрі дискретті кездейсоқ шама деп аталады. Басқа бір жағдайларда таралу ықтималдығы =[a, b] кесіндісі үшін aәрбір PХ(a, b) ықтималдығын көрсету арқылы беріледі. Әсіресе кездейсоқ шама. үшін: PХ(a, b)=(x)dx теңдігін қанағаттандыратын pХ(x) функциясы (ықтималдық тығыздығы) табылатын жағдайлар жиі кездеседі. Кездейсоқ шаманың мұндай түрі үздіксіз кездейсоқ шама деп аталады. Кездейсоқ шама таралу ықтималдығының кейбір жалпы қасиеттері онша көп емес сандық сипаттамалар мөлшерімен жеткілікті дәрежеде толық сипатталады. Ондай сипаттамалардың қатарына Х кездейсоқ шамасының математикалық үміті (EХ) және оның дисперсиясы (DХ) жатады.

3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СҰРАҚТАР
1 Статистикалық ғылымның пәні және міндеттері

1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму кезеңдері

2. Статистика пәні және оны зерттеу объектісі.

3. Статистикалық әдістер және оны зерттеу кезеңдері


2 Статистикалық бақылау

1. Статистикалық бақылаудың сипаты мен мәні.

2. Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік және ұйымдық мәселелері.

3. Статистикалық бақылау түрлері.

4. Статистикалық бақылаудың қателіктері
3 Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру

1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау.

2. Статистикалық топтастыру туралы түсінік.

3. Топтастыру түрлері. Қарапайым және күрделі топтастыру


4 Статистикалық кестелер

1. Статистикалық кесте және оның элементтері.

2. Кестелердің түрлері.

3. Статистикалық кестені безендірудің негізгі ережелері


5 Статистикалық таратпалы қатарлар

1. Атрибутты және Вариациялық таратпалы қатарлар.

2. Дискретті және интервалды таратпалы қатар.

3. Статистикалық мәліметтердің графикалық көрінісі
6 Статистикалық мәліметтердің графикалық көрінісі

1. Графиктің негізгі элементтері. Графиктің негізгі түрлері.

2. Статистикалық карталар: картограмма және картодиаграмма.

3. Статистикалық графиктерді безендірудің негізгі ережелері


7 Статистикалық көрсеткіштер. Көрсеткіш түрлері

1. Статитискада қолданылатын көрсеткіштер квалификаиясы, түрлері және типтері.

2. Абсолютті және қатыстық және орташа шамалар туралы түсінік.

3. Динамиканың қатысты шамасы


8Статистикада орташа шамалардың мәні

1. Орташа шаманың мәні мен маңызы және қолданылуы шарттары.

2. Арифметикалық, гармониялық (үйлесімділік), геометриялық орташа шамалар.

3. Арифметикалық орташа шама


9 Статистикалық көрсеткіштер және бөлу талдауы. Вариация көрсеткіштері және олардың қасиеттері.

1. Вариация көрсеткіштері туралы жалпы түсінік.

2. Вариация көрсеткіштерін есептеу тәсілдері.

3. Дисперсияның математикалық қасиеттері.

4. Эмперикалық корреляциялық қатынас

10 Ішінара статистикалық бақылау

1. Ішінара статистикалық бақылау мәні

2. Ішінара бақылау әдісі туралы түсінік және оның теориялық негіздері


11 Регрессиялық талдау

1. Сызықты регрессияның параметрлерін ең кіші квадраттар әдісі бойынша бағалау.

2. Сызықтық регрессияның таңдама теңдеуін құру.

3. Регрессия теңдеуінің параметрлері маңыздылығы жөніндегі жорамалды тексеру.


12 Корреляциялық талдау

1. Сызықты корреляция.

2. Пирсонның корреляцияслық коэффициентi.

3. Параметрлер арасындағы байланыстың күші және сипаты.


13 Бас жиынтық параметрлерін бағалау. Статистикалық жорамалдарды тексеру

1. Бас жиынтықтың параметрлерін нүктелік және интервалдық бағалау.

2. Сенім аралықтарын табу.

3. Қалыпты таралған жиынтықтардың параметрлері жөніндегі жорамалдарды тексеру.


14 Кездейсоқ шаманың типтері.

1. Дискретті кездейсоқ шаманың таралуының сандық сипаттамалары.

2. Кездейсоқ шамалардың үлестірілім заны.

3. Кездейсоқ шамалардың үлестірілу қатарының графикалық кескіндеу тәсілдері



4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА)

Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?

Магистранттар дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.



Сабақ барысы.

Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.



Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқау

Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.

1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.

Осы кезеңде тақырыптың өзектілігі айқындалып, оның күрделілігі, практикамен теорияда шешілу деңгейі ашылуы қажет және ағымдағы өмірдің түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен байланысы проблемалары көрсетілуі тиіс.



2-кезең. 3- минут. Мақсат қою.

Топ бірнеше шағын топқа бөлінеді. Әр топтың тапсырма шеңбері анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз көзқарасын публикалық қорғауға даярлану), шешім іздеу және талдау шекарасы, өздік жұмыс уақыты белгіленеді.



3-кезең. 10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.

Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға жауап береді, нұсқаулар береді.



4-кезең. 15-20 минут. Топтық пікірталас.

Шағын топтардың өкілдері кезек-кезек жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы жалпы көзқараспен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге талдау жасайды.

Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу жолын қарастыру,, тиімді шешімге келу.

5-кезең. 10 минут. Қорытынды әңгіме.

Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым жұмысының жақсы нәтижесін ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.



5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
5.1. БӨЖ және БӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау

Магистранттардың өздік жұмысы (БӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, магистранттардың міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

БӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Магистрант өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.



І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Магистранттардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.



Магистранттардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Магистранттардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Магистранттардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Магистранттардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Магистранттардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

5.2. БӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

БӨЖ тақырыптарының тізімі

1 Статистика пәні және әдістері

2 Статистикалық бақылау

3 Статистикалық топтау және кестелер

4 Нақты (абсолютті) және қатысты (относительные) шамалар

5 Орташа шамалардың мәні және мағынасы. Құрылымдық орташалар: мода және медиана

6 Өзгерменің көрсеткіштері және оларды есептеу тәсілдері. Шашырандының математикалық қасиеттері және олардың қолданылуы

7 Іріктеудің түрлері

8 Индекстер

9 Өзара тәуелділік байланысын зерттеудегі корреляциялық-регрессиялық әдісі

10 Кездейсоқ шамалардың үлестірілу қатарының графикалық кескіндеу тәсілдері.

11 Қарапайым арифметикалық орта және өлшенген арифметикалық орта



12 Вариациялық қатардың түрлері.
Бақылау сұрақтары


  1. Статистиканың пайда болуы туралы не білесіз?

  2. Статистика неліктен қоғамдық ғылымдарға жатады?

  3. Статистиканың басқа қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы қандай ?

  4. Статистикалық зерттеудің кезеңдерін атап, сипаттама беріңіз.

  5. Статистикалық жиынтық дегеніміз не?

  6. Статистиканың қандай міндеттері бар

  7. Статистикалық бақылау дегеніміз не?

  8. Статистикалық бақылаудың қандай негізгі формалары бар?

  9. Статистикалық бақылаудың қандай түрлері бар?

  10. Статистикалық бақылаудың қандай тәсілдері бар?

  11. Статистикалық бақылау кезінде қандай қателіктер кездеседі?

  12. Қателерді түзетудің қандай әдістерін білесіз?

  13. Статистикалық жинақтау дегеніміз не?

  14. Статистикалық топтаудың қандай түрлері бар?

  15. Қайта топтау деген не?

  16. Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз не?

  17. Статистикалық кесте деген не?

  18. Статистикалық кестелердің қандай түрлері болады

  19. Статистикалық қатысты шамалар дегеніміз не?

  20. Статистикалық нақты шамалар деген не?

  21. Нақты шамаларды есептеуде қандай өлшем бірліктері қолданылады?

  22. Статистикалық қатысты шамалардың қандай түрлері бар?

  23. Статистикалық график деген не?

  24. Статистикалық графиктердің қандай түрлері болады

  25. Статистикалық орташа шамалар дегеніміз не?

  26. Орташа шамалардың қандай түрлері бар?

  27. Үйлесімдік орташа шама деген не, оның қандай түрлері бар?

  28. Мода дегеніміз не, оны есептеудің формулаларын көрсетіңіз.

  29. Медиананы қандай формуламен есептеуге болады?

  30. Статистикалық өзгерме дегеніміз не?

  31. Өзгерменің қандай көрсеткіштері бар?

  32. Шашыранды деген не, оны қалай есептеуге болады







жүктеу 331,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау