ПоәҚ 042-18-31 68/03-2014 Баспа №1 11. 09. 2014 ж



жүктеу 331,5 Kb.
бет1/3
Дата19.11.2018
өлшемі331,5 Kb.
#21175
  1   2   3

ПОӘҚ 042-18-31.1.68/03-2014

Баспа №1 11.09.2014 ж.

беттің -сі





ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Статистика»

мамандық үшін 6М010300 - «Педагогика және психология»


ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәріс

  3. Практикалық және зертханалық сабақтар

  4. Курстық жұмысы (жоба)

  5. Білімалушылардың өздік жұмыстары


1 ГЛОССАРИЙ

Статистика- заттың, нәрсенің, құбылыстың жай-күйі деген мағынаны білдіреді.

Статистикалық жиынтық бірлігі - жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгісі.

Статистикалық сана - әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде беруін айтады.

Статистиканың сандық жағы– зерттелген әлеуметтік-экономикалық процестің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттайды.

Сапа- әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуі.

Біртектес элементтер– статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеу барысында қарастырылатын көрсеткіштер.

Белгі– қоғамдық құбылыстар мен процестерді сипаттайтын ортақ қасиеттер.

Сандық белгі– жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі.

Сапалық белгі– жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі.

Вариация- белгілер жиынтықтың әрбір бөліктерінде әртүрлі мәнге ие болады.

Бақылау бірлігі- бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігі.

Статистикалық бақылау –қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары жайлы мәлімет жинау әдісі.

Статистикалық бақылау бірлігі – бастапқы статистикалық мәліметтер зерттеуге жататын зерзат құрылымының белгілі бір бөлігі.

Статистиканың жиынтық бірлігі – жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгілер.

Статистикалық бақылау зерзаты - зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы.

Статистикалық бақылау бағдарламасы– зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығы.

Статистикалық бланк (формуляр) - бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға арналған бір бет қағаз.

Статистикалық жинақтау– статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған әрбір бірлік жиынтықты ғылыми жүйеде қорытынды жасау жүйесі.

Статистикалық топтау –қоғамдық құбылыстар мен процестердің өздеріне тән белгілеріне өзара ұқсастығы немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне сәйкес бір – бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлу.

Статистикалық нақты шама –қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін , көлемін, аумағын, деңгеңңн, сипатын нақты сандық көрсеткіштер көрсетеді.

Табиғи өлшем бірлігі – қарастырылып отырған заттың табиғи физикалық қасиеттеріне байланысты салмақ, көлем сияқты мқлшерін айтады.

Еңбек өлшем бірлігі – адам/сағ., адам/күн, адам/жыл.

Ақшалай өлшем бірлігі -өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбекақы көлемін тиын мен теңге арқылы өлшеңді.

Орташа шама – біртектес жиынтық белгісінің бір жағдайда және белгілі бір уақытта өздеріне тән белгісі бойынша жинақтап көрсететін орташа мөлшерін, яғни біртектес жиынтық бірліктер орташа есеппен алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызатын жиынтығы.

Арифметикалық орташа шама – жалпы жиынтықтағы өзгермелі белгінің жеке мәндерінің өосындысы болған жағдайда.

Статистикалық кесте - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану.

Мода- жиіліктің үлкен мәні жатқан белгі.

Медиана- статистикалық өзгермелі қатардың ортасында жатқан белгі.

Сатистикалық өзгерме– жиынтық бірліктерінің белгілеріне түрлі себептердің әсер етуімен болған сандық өзгерісті айтады.

Өзгерменің өрісі– статистикалық сандық қатарлардың негізгі кқрсеткіштерінің ішінде ең жай түрі, яғни белгінің бір – бірінен сандық шамамен өзгергенін көрсететін көрсеткіш.

Орташа шаршылық ауытқу (б) - шашыранды көрсеткіштерін түбірлеуді айтады.

Өсіңкілік қатарлар- статистикалық көрсеткіштердің уақытқа қарай өзгеруі.

Нақты шама- өсіңкілік қатардың дәрежесі ретінде әрбір уақыт мерзіміне байланысты оның қалай өзгергендігін көрсетеді.

Нақты өсім- өсіңкілік қатардың жай түрі, мұнда өсіңкілік қатарда көрсетілген көрсеткіш дәрежелерінің белгілі бір уақыт аралығында нақты өсу немесе келу жылдамдығының мөлшерін анықтау үшін сепептеледі.

Өсу қарқыны– көрсеткіш әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уақыт дәрежесімен салыстырғанда қаншаға көп, не аз екенін сипаттайды, осы екі уақыт көрсеткіштің бір – біріне қатысты.

Өсім қарқыны- өсіңкілік қатардың бұл көрсеткіші нақты өсімнің салыстырмалы шамасын көрсетеді.

Статистикалық ішінара бақылау– жалпы жиынтық бірліктерінің зерттеуге кездеңсоқ немесе белгілі біл тәртеппен ғылыми негізде алдын – ала іріктеліп алынған кеңбір бөліктер.

Негізгі жиынтық– зерттеуге алынатын қоғамдық құбылыстар, процестер, заттар жиынтықтары.

Интерполяция- өсіңкілік қатардың ішінде берілмеген, яғни жетіспеңтін сандық көрсеткішті жуық шамамен есептеп табу.

Индекс –көрсеткіш, белгі, түзім деген сөз.

Индекстік әдіс – бір – біріне тікелең қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрі.

Жеке индекстер – біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш шамаларының қатынасы.

Жалпы индекстер– тікелең салыстыруға және қосіға келмеңтін элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісі.

Корреляция – нәтижелі және факторлы белгілер арасында сәйкестілік болмауын айтады.

Функция – белгілі мәннің өзгеруіне әсерін тигізетін екінші бір бөлігінің сәйкес келуін, яғни бір факторлы белгінің өзгерісі салдарынан нәтижелі белгі мәнінің өзгеруін айтады.

Статистикалық график – берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы беңнелеу және географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.

Нүктелі график– график негізінің жиынтықтары нүкте ретінде берілген.

Сызықтық график– сызықтардың қолдануына байланысты болатын жолдардың қолдануына байланысты болатын жол – жолды, төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және т.б. түрінде беріледі.

Масштаб– графикте түсірілетін сандық шаманы өлшем бірлігіне ауыстыру.

Диаграмма– статистикалық сандық көрсеткіштердің қарым – қатынас мөлшерін

көрнекті түрде көрсететін графикалық сурет.



Халық – белгілі бір аймақта өмір сүретін адамдар жиынтығы.

Демография– халықтың тарихы, саяси – экономикалық, әлеуметтік, заңды, медициналық т.б. аспектілерінің дамуы.

Халық құрамы– қандай да бір белгілері бойынша халық құрайтын адамдардың топқа бөлінуі.

Табиғи қозғалыс– халық санының туу мен өлуге байланысты өзгерісі.

Миграция – адамдардың территориялық орын ауыстыруы.

Еңбек ресурстары – экономикалық қызметтермен айналысатын халық.

Негізгі капитал - өндіріс процесіне көр өатысатын, шығарылатын өнімге өзінің құнын пайдаланған активтер жиынтығы.

Құндылықтар – көп уақыт аралығында пайдалануға болатын қымбат тауарлар.

Депозит – ұйымдарға берілген ақша құралы мен бағалы қағаздар, халықтығ банктегі жарнасы.

Амортизация – негізгі капиталдың біртіндеп тозу процесінің нәтижесінде оның құнын өндірілген өнімге тасымалдауы.

Баға – көп функционалдық экономикалық құбылыс, ақшаны тауарға айырбастау эквиваленті

2 ДӘРІСТЕР

Модуль 1. Кіріспе

1 Статистикалық ғылымның пәні және міндеттері



Сұрақтары. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму кезеңдері Статистика пәні және оны зерттеу объектісі. Статистикалық әдістер және оны зерттеу кезеңдері

Қазіргі кезде «статистика» деген сөзді естімедім, білмедім дейтін адам көп емес. Солай дей тұрсақ та, кейбіреулер «статистиканы» ешқандай маңызы жоқ, жай ғана сандар тізбесі деп түсінеді. Мұндай ұғымды ұстанушылар-көрсетілген сандық көрсеткіштердің неге керек екенін білмейтіндер, оның мағынасын жетік түсінбейтіндер және өзі өмір сүріп жатқан елінің жетістіктері мен кемшіліктерін аңғармайтындар. Шын мәнінде статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиыны. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімдар адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білуі керек. Себебі, ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады. Демек, статистикада жай әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, қанша халықтың тұратындығы, оның ішінде еңбекке жарамдылары; дүниеге қанша сәби келіп, қанша адамның қайтыс болғаны; өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдері; халықты күнделікті керекті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету; азық-түлік мөлшерінің қанша және қандай жағдайда екендігі; олардың облыстар, аудандарға қалай бөлетіндерін біз біліп отырғымыз келеді. Ендеше, ондай сұрақтарға толық жауапты тек статистика арқылы ғана алуға болады. Сонда «статистика» деген терминді қалай түсінеміз?

«Статистика» латынның «status» - «жағдай» деген сөзінен шыққан. 18 ғасырдан бастап «статистика» сөзі мемлекет басқару мағынасында қолданыла бастады. Қазіргі кезде статистика сөзі төмендегідей әр түрлі мағынада қолданылып жүр:


  • статистикалық органдар арылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;

  • статистика – статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер.

Статистика пәні және оны зерттеу объектісі

Статистика - қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.

Статистика қоғамдық ғылым ретінде біртіндеп пайда болды. Статистика ғылымының даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымының даму процесін, бастамасын 17 ғасырдың аяқ кезінен Англиядан басталды. Оның негізін ағылшын ғалымдары Джон Граунт (1620-1674) пен Вильям Петтидің (1623-1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі қалады. В. Петтидің еңбегінің маңыздылығы сонда, ол сандық көрсеткіштер заңдылығын қолдана отырып, қоғамдағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен өзгерістерді анық көрсеткендігі, яғни өңдеу,талдау жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін айқындағаны.

Статистика тарихының екінші бір бастауы «Саяси арифметикамен» бір мезгілде шыққан. Неміс ғалымы Г. Конрингтің (1605-1681) еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекеттану ғылымында жатыр. Мұнда статистика, география, этнография, заң және басқа да ғылым салаларымен бірге зерттеледі. Себебі статистиканың саяси экономикадан және басқа да әлеуметтік экономикалық пәндерден әлі де жігін ажырата қоймаған кезі еді.

Статистиканың одан ары дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерімен атсалысты. Солардың ішінде мына ғалымдардың аттарын айтпай кетуге болмайды: неміс ғалымы Г. Ахенваль (1719-1772), бельгия ғалымы А. Петле(1796-1874),англия ғалымы А. Боули (1869-1957) және т.б. Мысалы, А. Петле және оның шәкірттері статистикалық қатарларда бірімен-бірі байланысты заңдылықтардың бар екендігін дәлелдейді. А.Петле Бельгияда дүние жүзінде бірінші болып мемлекеттік орталық статистика мекемесін құрады және ол бірінші халықаралық статистикалық конгрестердің ұйымдастырушысы болып саналады.

19- ғасырдың екінші жартысы мен 20-ғасырдың басында статистика ғылымы қарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің сіңірген еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада П.Л. Чебышев,А.А. Марков, А.М. Ляпунов, С.Н.Бернштейн  сияқты атақты математиктер елеулі еңбек етті. Бұл кезде мемлекеттік статистика органдары да жетіліп, дами бастаған мезгіл еді.

Қазіргі егемен республикамыздағы статистиканың дамуы еліміздегі статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Яғни, статистикалық  теория мен әдістемелердің түбегейлі мәселелері зерттеліп, оларды пайдаланудың жаңа үлгілері жасалынады. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту кезеңінде статистика тураы 1996-жылы заң мен ереже қабылданды және оның негізгі міндеттері мен функциялары анықталды. Сонымен, статистика органы халық шаруашылығы салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі болып саналады.

Қандайда да бір пәнді оқып-үйренуге кіріспес бұрын, алдымен сол пәннің нені зерттейтінін, қайда және қандай тәсілдерді қолданатынын анықтап алуымыз керек. Сонда, статистика пәні дегеніміз қандай ғылым және ол нені зерттейді?

Статистика – қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне  табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды.

Жоғарыда келтірілген анықтамадағы статистика пәнінің негізгі ерекшеліктеріне толық тоқталайық.

Табиғатында, статистика – жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Бұл жайында анықтамада айтылған. Қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау сияқты әдістемелерін анықтайды. Сонымен, статистика әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдерді басқа ғылымдарда да қолданады. Статистиканың сандық жағы деп, зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың, процестің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттауын айтады.

Сандық жағын оқып-үйрену жолдары төмендегідей:

Біріншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің көлемін, мөлшерін зерттейді. Сандық жағын зерттей отырып, көптеген көрсеткіштерге тап боламыз және олардың қалай өзгергенін анықтай аламыз. Мысалы, халықтың саны, өндірілген өнім мөлшері және т.с.с.

Екіншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді. Яғни қай уақытта қанша болғандығын анықтайды.

Үшіншіден, статистика қоғамдық құбылыстардың өзара қарым – қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.

Жоғарыда көрсетілген үш элемент – қоғамдық құбылыстардың сандық құрамының негізгі бөліктері болып саналады.

Статистиканың негізгі қасиеті – қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеруін сандық тұрғысын қарастыра отырып,оның сапалық мәнін жасау үшін көрсеткіштер бірімен – бірі өзара байланысады. Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштердің өзіне қорытынды беруін айтады.

Статистика қоғамдық құбылыстар барысында біртектес элементтерді қарастырады. Бұл элементтер жиынтығын және олардың әрқайсысын сипаттайтын статистика тілінде белгі деп атайды.

Бегілер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді. Мысалы, стипендия немесе айлық табыс мөлшері, жұмысшылардың саны, өндірген өнімдердің көлемі және т.с.с. Ал сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі. Мысалы, жұмысшылардың мамандығы ,өндірілген өнімнің түрлері немесе сорттары және т.б. Белгілер жиынтықтың әрбір бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болады. Оны статистикада өзгермелілік (варияция) деп атайды. Мысалы, әр жұмысшының алатын айлық табыс мөлшері әр түрлі болады.

Статистика еліміздің  әлеуметтік – экономикалық дамуы мен үрдісін сипаттайтын мәліметтерді  жан – жақты зерттейді. Басқару орындарына статистикалық мәліметтер мен ақпаратты қажетіне қарай беріп отырады. Халықаралық деңгейде көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығы мен есептеу әдістерінің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.



Статистикалық әдістер және оны зерттеу кезеңдері

Статистика әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестерге статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның  негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ басқа ғылымдар сияқты статистиканың да өзіне тән ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол әдістер өздерінің қоданылуына және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді.  Олар мыналар:

1. Статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;

2. Жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, өңдеу және  жинақтау;

3. Жиналған,өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау.

Осы көрсетілген әдістер жиынтығын статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп атаймыз.

Статистикалық бақылау – статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы. Мұнда әлеуметтік – экономикалық құбылыстармен процестер туралы жаппай мәліметтер алдын–ала жасалған бағдарлама бойынша жиналды. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсатты қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізген әрбір фактыны өздеріне тән белгісіне қарай анықтау және нақты шындықты толық қамтылуын, анық та, дәл, нақты, әрі керекті мәліметтерді жинау.

Статистикалық бақылау әрқашанда кең көлемді толық жүргізіледі. Демек, бақылау кезінде жиналған мәліметтер неғұрлым көп болатын болса, көрсеткіштер соғұрлым толық және айқын болып келеді. Бұл – статистиканың үлкен сандар заңын қолдануы деген сөз. Мысалы, Алматы қаласында туған балардың арасында ұлдарға қарағанда қыздардың саны көп болды делік, ал бүкіл Қазақстанға шаққанда бұл көрсеткіштерді өмірге жаңадан келген 100 қыз балаға 106 ұл баладан келеді. Алматы қаласымен салыстырғанда республика бойынша жинақталған мәліметіміз дұрыс. Дегенмен, статистикалық бақылау жүргізу кезінде кездейсоқ қателер болмай қоймайды. Алайда, олар математикалық статистика арқылы, яғни ықтималдықтар теориясы  бойынша анықталады.

Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып саналады. Осы әдісті қолдану кезінде статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер өздеріне тән жекелеген белгілері бойынша біртекті  топтарға және іштей жіктерге бөлінеді. Бірақ, олардың әрқайсысы статистикалық жеке көрсеткіштер жүйесіне сай сипатталады. Сондықтан, зерттеудің бұл кезеңінде қоғамдық құбылыстар мен процестердің топтық еөрсеткіштері ірілендіріледі, жекеленген топтардың сапалық айырмашылығы анықталады және талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштері есептеледі.

Қазақ елінде статистикалық істің және мекеменің қалай дамығаны жөнінде дәл тарихи мәлімет аз. Мұның негізінде қазақ елінің жалпы тарихындағы ақтандық жатыр деп болжамдауға болады. Орысқа боданды болғаннан бастап орыс чиновниктері жердің көлемі, сапасы, адамның және малдың саны жайында мәліметтер жинап, қазақ жерін иемденудің қамына кіріскен. Мысалы, 1893 жылы Батыс Сібірдің жерге орналастыру және егіншілік бас басқармасы халықтың санын анықтауға әр түрлі шаралар қолдана бастаған.

1895 жылы Ф.А. Щербина басқарған топ Ақмола облысында Ресейден қоныс аударушыларға 13 млн. десе немесе тексерілген аймақ көлемінің 52.7%-ті бос деп түйінге келген.

Статистикалық мекеме бірінші рет 1986 жылы Түркістан облысында Комитет болып бекітілген. 1867 жылы орыс патшасының жарлығымен Түркістан облысы жойылып, оның орнына Түркістан (өлкесі) генерал-губернаторлығы құрылып, құрамына осы күнгі азиялық республикалар және Жетісу (Алматы, Талдықорған облыстары), Сырдария (Қызылорда, Шымкент және Жамбыл облыстары кіреді). Осы Түркістан өлкесі бастығының бұйрығымен статистикалық комитет құрылды. Бұл комитетке әскери өлкенің  статистикалық мекемесі де бағынған. Әскери өлкенің статистикаық мекемесі өзінің әскери мүддесіне керекті мәліметтерді жинап, өңдеп және талдап отырған. Бұл статистикалық комитеттері тиісті жердегі  экономикалық жағдай жайында, елдің бодандығын тереңдету, керекті мәліметтер жинап, жинақтап, топтап, өңдеп, талдап жылдық есептемеде жасап отырған. 1897 жылғы халық санағын жүргізудің дайындық жұмысын облыстарда санақ комиссиясы құрылғанша осы комитеттер жүргізген 1895 жылғы халық санағы қазақ халқының (осы күнгі белгілі дерек бойынша) бірінші санағы болып есептелінді.


2 Статистикалық бақылау

Сұрақтары. Статистикалық бақылаудың сипаты мен мәні. Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік және ұйымдық мәселелері. Статистикалық бақылау түрлері. Статистикалық бақылаудың қателіктері

Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмір құбылыстары туралы мәліметтер жинау процесін айтамыз. Дегенмен кез келген сандар (мәліметтер) жинау статистикалық бола алмайды. Статистикалық бақылау деп жоспарлы түрде, ғылыми ұйымдастырылған, әдетте бір жүйеде қоғам өмірінің құбылыстары мен процесстері туралы жиналған мәліметтерді айтады. Мысалы: елімізде халық санағы жүргізілгенде әр адам туралы, оның жынысы, жасы, отбасы жағдайы, қызмет бабы, т.б. фактылары жазылып алынады.

Статистикалық бақылау - өте күрделі және жауапты жұмыс. Жинақтауға, өңдеуге, талдауға және тұжырымдауға жататын статистикалық мәліметтер жұмыстың осы сатысында қалыптасады. Сондықтан статистикалық зерттеу жұмысының жетістігі бақылау сапасына байланысты.

Ақиқаттық және мейлінше сенімділік – ғылыми статистикалық бақылаудың негізгі заңы. Статистикалық бақылау жоғарыда аталған ережені бұлжытпай орындауға негізделеді. Еңбегін жан-жақты, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі. Оның басты және бірінші кезектегі міндеті күнделікті мемлекеттік жоспарлы жүргізуге арналған керекті материалдар беру. Статистикалық бақылау өзінің мақсаты, мазмұны мен әдісі жағынан шет елдердегі бақылаудан өзгеше. Бұл айырмашылық ең алдымен зерттеленетін құбылыстардың әлеуметтік – экономикалық мәнінің әр түрлі болуынан туындайды. Бұрынғы статистиканың қызметі – жоспарлы социалистік шаруашылыққа байланысты. Ал шаруашылықты басқару және оған басшылық жасау үшін әрбір объектімен буын туралы дәлме-дәл мәліметтер керек.

Бақылаудың мақсаты – бақылауға қойылатын нақты міндеттерді анық, ашық тұжырымдау. Статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған әрбір бірлік жиынтығы тексеруден өткеріліп, түзетулер енгізгелгеннен кейін, ғылыми жүйеде қорытынды жасау үшін сол алынған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай бір жүйеге келтіру керек.

Статистикалық бақылаудың формалары, түрлері және тәсілдері

Нарықтық қатынастарды дамыту жағдайында статистикалық ақпараттар басқару шешімдерін қабылдау үшін маңызды рөл атқарады. Керекті мәліметтер базасы статистикалық зерттеу жұмыстарының алғашқы сатысы болып табылатын статистикалық бақылау нәтижесінде алынады.

Статистикалық бақылау- қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді ғылыми негізде ұйымдастырылған және жоспарлы түрде жинауды айтады.

Статистикалық бақылаудың жоспары 1- суретте, ал формалары, түрлері және тәсілдері 2 - суретте көрсетілген:



  • есеп беру деп - кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің өз қызметтері туралы жоғарғы органдарға немесе статистикалық органдарға белгіленген мерзімде құжат тапсыруы;

  • арнайы ұйымдастырылған бақылау деп - әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді зерттеулер, бір жолғы есептеулер, санақтар түрінде жинау үшін жүргізіледі;

  • үздіксіз (ағымдағы) бақылау - үздіксіз, тұрақты түрде жүргізіледі;

  • үздікті (мерзімдік) бақылау деп – белгілі бір уақыт аралығында қайталанатын бақылауды айтады;

  • бір жолғы бақылау - белгілі бір мәселені шешу үшін бір рет жүргізіледі.

Бақылаудың әр түрлі тәсілдері бар.

Тікелей бақылау деп - бақылау объектісінің бірліктерін бақылау жүргізуші тікелей өлшеу, санау арқылы есепке алып, тіркеуді айтады.

Құжаттар арқылы бақылау деп - қажетті мәліметтерді есеп беру формаларының негізінде жинауды айтады.

Сұрақ-жауап арқылы бақылау деп - сұралушы адамдардың айтқандары бойынша бланкілерді, анкеталарды, кестелерді және т.б. формаларды толтыруды айтады.

Сұрақ-жауап арқылы мәліметтерді жинаудың мынадай жолдары бар:


  • экспедициялық тәсіл - тіркеуші сұралушы адамнан жауап алып бланктерді толтырады және оларды статистикалық мекемеге өткізеді;

  • корреспонденттік тәсіл- бақылау кезінде бланктер белгілі ұйымдарға немесе жеке адамдарға корреспонденттік байланыс жолдары арқылы жіберіледі;

  • өзіндік тіркеу- сұралушы адам сұрақтарға жауап беріп, бланкты өзі толтырады, ал тіркеуші толтырылған бланктерді тексеріп, тиісті мекемелерге тапсырады.

Статистикалық бақылау жұмыстарын ғылыми жүйеде ұйымдастыру кезеңінде ең бастысы – бақылау объектісін дұрыс таңдау болып табылады.

Статистикалық бақылау объектісі деп - зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді айтады. Бақылау объектілері жеке элементтерден тұрады. Олар бақылау бірліктері болады.

Бақылау бірлігі деп - бастапқы мәліметтерді беретін бірліктерді айтады. Статистикалық бақылау бағдарламасы деп - бақылау барысында бақылау бірліктеріне қойылатын сұрақтардың тізімін айтады. Статистикалық бақылау кезінде қолданылатын құжаттарды (бланкілер, нұсқаулар, статистикалық формуляр және т.б.) бақылаудың жұмыс жабдықтары деп атайды. Бағдарламадағы сұрақтардың жауабын жазу үшін бақылау формуляры қолданылады. Бақылау формулярында сұрақты және оның жауабын жазатын орын, сол сияқты жауаптың коды немесе нөмірі көрсетіледі.

Бақылау формуляры екі бөлімнен тұрады:



  • титулдық бөлім: бақылаудың түрі, аты, бекітілген мерзімі және бекіткен мекеменің аты көрсетіледі;

  • мекен-жай: бірліктердің мекен-жайы көрсетіледі.

Статистикалық формуляр карточкалық және тізімдік болып бөлінеді. Карточкалық формуляр тек бір ғана бақылау бірлігін тіркеуге, ал тізімдік формуляр бірнеше бақылау бірлігін тіркеуге арналған.

Статистикалық бақылаудың қателері

Статистикалық бақылаудың негізгі міндеті- неғұрлым дәл және тура статистикалық ақпараттар алу. Статистикалық ақпараттардың дәлдігі деп бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер мәнінің оның нақты мәніне сәйкес келу деңгейін айтады. Зерттелетін құбылыстың бақылау нәтижесінде алынған мәні мен нақты мәнінің айырмасын статистикалық бақылаудың қатесі деп атайды. Статистикалық бақылау қатесінің екі түрі болады:



  • тіркеу қатесі;

  • репрезентативті қате.

Тіркеу қатесі бақылау нәтижесінде мәліметтер дұрыс анықталмағанда, дұрыс жазылмағанда болады. Тіркеу қатесі кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілетін қате болып бөлінеді.

Кездейсоқ жіберілген қате тіркеушінің жұмысқа атүсті қарауының нәтижесінен болады. Жүйелі түрде жіберілетін қате деп - бақылау кезінде көрсеткіштерді белгілі бір себептерге байланысты көбейтіп немесе кемітіп жазуды айтады. Репрезентативті қате деп - бақылауға алынған жиынтық бөлігіндегі зерттелетін белгі мәнінің негізгі жиынтықтағы белгі мәнінен ауытқуын айтады. Репрезентативті қате жартылай бақылауға жатады және тек ішінара бақылау жүргізгенде ғана жіберіледі. Статистикалық бақылаудың нәтижесін екі түрлі жолмен тексеруге болады: арифметикалық және логикалық.

Арифметикалық жолмен мәліметтерді тексергенде кестелердегі қорытынды жолдарды, қорытынды сандарды тексереді. Логикалық жолмен мәліметтерді тексергенде бағдарламада көрсетілген бір-бірімен байланысты сұрақтарды тексеріп, салыстырады.

Статистикалық бақылауды жүргізгенде жиналған материалды өңдеу техникасына міндетті түрде көңіл бөлуінуі қажет, себебі бастапқы статистикалық мәліметтерді комьютерде өңдегенде оларға белгілі бір талаптар қойылады. Жиналған материал осы талаптарды қанағаттандыру керек.

Статистикалық бақылауға мынадай талаптар қойылады:


    1. Статистикалық мәліметтердің толықтығы және практикалық құндылығы;

    2. Мәліметтердің дұрыстығы және дәлдігі, яғни мәліметтер ақиқат шындыққа сәйкес келуі керек және техникалық жағынан дәл өлшенуі тиіс;

    3. Уақыт және кеңістік өлшемдері бойынша мәліметтердің салыстырмалы болуы;

    4. Бақылау жүргізілетін жиынтықты іріктеудің негізді болуы, яғни іріктеліп бақылауға алынған бірліктерде зерттелетін жалпы жиынтықтың негізгі қасиеттері мейлінше көп болуы.

Қазіргі кезде Қазақстанда есеп беру статистикалық бақылаудың негізгі формасы болып есептеледі. Есеп беру мәліметтері экономиканың әр түрлі салаларының өнімдерінің динамикасын қадағалауға, елдің және аумақтардың дамуын бағалауға, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың әрекеттерінің тиімділігін салыстыруға, т.б. құбылыстарды бақылауға мүмкіндікбереді. Мерзіміне байланысты есеп беру айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық болып бөлінеді.

Әр түрлі құбылыстарды зерттегенде олардың күй-жайы, дамуы туралы мәліметтерді есеп беру формасы бойынша жинау мүмкін болмаған жағдайда арнайы ұйымдастырылған бақылау жұмыстары жүргізіледі. Түрлі санақтар, бір жолғы есепке алулар, тексерулер, зерттеулер нәтижесінде керекті мәліметтерді жинау бақылаудың арнайы ұйымдастырылған формасы болып табылады. Арнайы ұйымдастырылған бақылаудың мысалы ретінде халық санағын, отбасы бюджетін зерттеуді, тауар сапасын тексеруді атауға болады.

Статистикалық бақылау түрлерін зерттелетін жиынтықтағы бірліктерді қамту дәрежесіне және мәліметтерді тіркеуге алу уақытына байланысты анықтайды.

Зерттелетін жиынтықтағы бірліктерді қамту дәрежесіне байланысты статистикалық бақылаудың екі түрі болады:



    • Жаппай;

    • Жартылай.

Жаппай бақылауда зерттелетін жиынтық бірліктері толық қамтылады. Мысалы, халық санағы, шығарылған өнімді есепке алу,т.б.

Жартылай  бақылауда жиынтық бірліктерінің бір бөлігі ғана қамтылады. Жартылай бақылауды ұйымдастырғанда бақылау нәтижесі бойынша негізгі жиынтықты анық сипаттайтын қорытынды көрсеткіштерді алу міндеті қойылады. Жартылай бақылаудың мынадай түрлері болады:



    • Ішінара бақылау;

    • Монографиялық бақылау;

    • Жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау.

Ішінара бақылау деп жиынтықтың кездейсоқ алынған бөлігін зерттеуді айтады. Ішінара бақылау – жартылай бақылаудың ең көп тараған түрі. Өнімнің сапасын тексеру, жұмыс уақытын пайдалануды, тұтыну заттарына сұранысты зерттеу ішінара бақылаудың мысалы болады.

Монографиялық бақылау жүргізгенде жиынтықтың жекеленген бірліктері жан-жақты, толық зерттеледі. Бақылаудың бұл түрін қолдану үшін зерттелетін жиынтыққа тән, яғни типтік бірліктер есепке алынуы керек. Монографиялық бақылаудың міндеті негізгі жиынтыққа сипаттама беру емес, ол бүгінгі күннің жетістерін насихаттау үшін немесе зерттеліп отырған құбылыстың кемшілігін анықтау үшін жүргізіледі. Жеке кәсіпорынның іс-әрекетін бақылау, этнографиялық зерттеулер монографиялық бақылаудың мысалы болады.

Жиынтықтың негізгі бөлігін зерттеу деп бақылауға алынған жиынтықтың негізгі бөлігін құрайтын аса ірі бірліктерді ғана зерттеуді ғана айтады.Әдетте мұндай ірі бірліктер зерттелетін белгі бойынша жиынтықтың басым бөлігін құрайды. Статистикалық бақылаудың бұл түрінің мысалы ретінде базарлардағы тауарлардың бағасын зерттеуді келтіруге болады.

Статистикалық зерттеу жұмысының міндеттеріне және бақылауға алынатын құбылыстардың ерекшеліктеріне байланысты мәліметтерді үздіксіз және үздікті түрде тіркеуге болады. Мәліметтерлі тіркеуге алу уақытына байланысты байқаудың үш түрі болады:



    • Ағымдағы;

    • Мерзімдік;

    • Бір жолғы.

Ағымдағы бақылау үздіксіз, жүйелі түрде жүргізіледі. Мұндай бақылаулар құбылыстар мен процестердің уақытқа байланысты дамуын мейлінше толық есепке алуға мүмкіндік береді. Шығарылған өнімді есепке алу, азаматтық хал актілерін тіркеу, келісім бойынша статистикалық органдарға өз бюджеті туралы мәлімет беретін отбасыларының табыстары мен шығындарын күнделікті есепке алуы, дүкендердің саудадан түскен ақшаны есепке алуы және т.б. ағымдағы бақылаудың мысалы болады.

Мерзімдік бақылау мәліметтерді белгілі бір уақыт аралығында айлық есеп берулері, т.б. мерзімдік бақылау мысалы болып саналады.

Бір жолғы бақылауды белгілі бір мәселені шешу үшін бір рет немесе қажет болған  кездерде, яғни үздікті түрде жүргізіледі. Мысалы, тұрғын үй қорының санағы, ақша реформасы кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу, т.б.

Статистикалық ақпаратты алудың мынадай тәсілдері бар:



    • Тікелей бақылау;

    • Құжаттық;

    • Сұрақ-жауап.

Тікелей бақылау тәсілі арқылы мәліметтерді жинағанда мемлекеттік статистикалық органдардың немесе басқа ұйымдардың өкілдері бақылау бірліктерін өздері байқап, өлшеп, санағаннан кейін мәліметтерді статистикалық құжаттарға жазады.

Бақылаудың құжаттық тәсілі қолданғанда негізгі ақпарат көзі болып әр түрлі құжаттар саналады. Кәсіпорындардың, ұйымдардың бастапқы есепке алу құжаттары бойынша статистикалық есеп берулерін бақылаудың құжаттық тәсілінің мысалы ретінде қарауға болады.

Бақылаудың сұрақ-жауап тәсілі қолданылғанда мәліметтер сұралушы адамның берген жауаптарынан құралады.Сұрақ-жауаптың үш түрлі болады:


    • Экспедициялық;

    • Өзіндік тіркеу;

    • Корреспонденттік.

Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинағанда статистик немесе тіркеуші сұралушы адамның (респонденттің) жауаптарын арнайы бланктерге толтырады да оларды статистикалық мекемелерге өткізеді. Халық санағы кезінде осы тәсілді қолданады. Экспедициялық тәсілге көп қаржы жұмсалады, ол көп еңбек сіңіруді, арнайы дайындалған мамандарды қажет етеді, бірақ жиналған мәліметтердің сапасы жоғары болады.

Өзіндік тіркеу тәсілімен мәліметтерді жинағанда респондеттерге арнайы бланктер таратылады, оларды қалай толтыру керектігі түсіндіріледі. Респонденттер бланктерді өздері толтырады,ал тіркеуші бланктің дұрыс толтырылуын қадағалайды, оларды жинап, статистикалық мекемеоерге тапсырады. Бір жолғы бақылау жүргізгенде көбіне өзіндік тіркеу әдісі қолданылады.

Корреспонденттік тәсілмен бақылау кезінде бланктер оларды толтыруға ерікті түрде келісім берген белгілі бір ұйымдарға немесе жеке адамдарға статистикалық органдар арқылы таратылады, яғни керекті мәліметтер ерікті корреспонденттер арқылы жиналады. Бұл тәсіл көп шығынды қажет етпейді, алайда жиналған мәліметтер корреспонденттің біліміне, дайындығына тікелей байланысты болғандықтан, олардың сапасы төмен болуы мүмкін.
Модуль 2. Статистиканың жалпы теориялары

3 Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру



Сұрақтары. Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау. Статистикалық топтастыру туралы түсінік. Топтастыру түрлері. Қарапайым және күрделі топтастыру

Статистикалық мәліметтерді топтастыру жинақтау туралы түсінік.

Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмір құбылыстары туралы мәліметтер жинау процесін айтамыз. Дегенмен, кез келген сандар (мәліметтер) жинау статистикалық бақылау бола алмайды. Статистикалық бақылау деп жоспарлы түрде, ғылыми ұйымдастырылған, әдетте бір жүйеде қоғам өмірінің құбылыстары мен процесстері туралы жинаған мәліметтерді айтады. Мысалы, елімізде халық санағы жүргізілгенде әр адам туралы, оның жынысы, жасы, отбасы жағдайы, қызмет бабы, тағы басқа фактылары жазып алынады.

Қоғамдағы құбылыстар мен процесстер статистикалық көрсеткіштер арқылы баяндалады, сипатталады. Статистикалық көрсеткіш дегеніміз – бұл құбылыстардың қасиетін сандық жағынан бағалайтын мәліметтер. Статистикалық көрсеткіштер есептің – бағалау және талдаулық көрсеткіштері болып екіге бөлінеді. Талдаулық көрсеткіштерге:

- орта шама,

- құрылымдық көрсеткіштер,

- ауытқу,

- қарқын (даму)

- байланыс тығыздығының берешегі т.б.

Статистикалық бақылаудың маңызды мәселелерінің бірі – бағдарламалық методологиялық сұрақтарға тиісті жауаптар алу. Оған: бақылаудың мақсаты мен міндеті, бақылаудың объектісі мен бөліктерін айқындау, бақылау бағдарламасын жасау және бақылаудың түрі мен әдісін сұрыптау жатады.

Бақылаудың мақсаты – бақылауға қойылатын нақты міндеттерді анық, ашық тұжырымдау. Статистикалық бақылаудың объектісі мен бөліктері мақсаты мен міндеттеріне қарай айқындалады. Объекті дегеніміз зерттеуге жататын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процесстердің жиынтығы. Мысалы халық санағын жүргізудің объектісі барлық адамдардың жиынтығы. Бөлік деп керекті деректер алынатын алғашқы ұяны айтамыз. Бөлікке халық санағында адам, сауда орындарының санағанда – дүкен жатады.

Өте маңызды мәселелердің бірі – статистикалық бақылаудың бағдарламасын жасау. Ол бағдарламаға бақылаудың әр бөліктерінен керекті бағдарламалық және теориялық маңызы бар сұрақтарды енгізген жөн. Статистикалық бақылау ұйымдастыру жағынан: есеп беру және әдейі ұйымдастырылған бақылау деп аталатын негізгі екі формадан тұрады.

Есеп беру дегеніміз – кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің өз қызметтері туралы әдейі бекітілген форма мен көрсеткіштер арқылы жоғарғы немесе статистика органдарына құжаттар тапсыруы. Есеп алдын-ала белгіленген бағдарлама мен уақыт бойынша жүргізіледі.

Әдейі ұйымдастырылған статистикалық бақылау-тексерісі және есепке алу істері белгілі бір ереже бойынша жүргізіледі. Мысалы, бұған жанұя бюджетін тексеру, колхоз базарында өнімдерді тиісті бағамен сату жайы және әр түрлі социологиялық зерттеулерді алуға болады.

Бүкіл статистикалық жиынтыққа жаппай және іріктеп бақыланатын объектілер жатады. Жаппай бақылауға алу кезінде зерттелетін жиынтықтың барлық бөлігі тіркеуге алынды. Ал жаппай бақылауға жатпайтын объектінің тек кейбір бөліктері ғана жіктеледі. Жаппай бақылауға жатпайтын статистикалық бақылау төрт түрлі болады. Оған: негізгі тобын тексеру, монографиялық тексеру, іріктеп бақылау және анкеталық бақылау тәсілдері жатады. Негізгі топты бақылау тәсілінде жиынтықтың барлық бөлігі тіркеуге алынды. Ал жаппай бақылауға жатпайтын объектінің тек кейбір бөліктері ғана жіктеледі.

Статистикада топтастыру дегеніміз – елеулі белгілер, топтар мен кіші топтарға тән қоғамдық құбылыстардың аса маңызды типтерінің жиынтығын бөліп шығару.


Топтастыру негізінде әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды статистикалық жария етудің ең басты міндеті шешіледі. Материалды топтастыру бүкіл статистикалық жұмыстың бірден-бір маңызды сатысы.

Статистикалық сандарды топтастыру үшін алдымен олардың мақсатын айқындап алу керек, егер топтастыру қызметі тек топтастыру үшін жүргізілсе, онда ол барлық мәнін жояды және мағынасыз сандармен ойнау болып шығады. Сонымен топтастыру арқылы мынандай негізгі мәселелер шешіледі.

1. Әлеуметтік-экономикалық типтерді бөлу;

2. Әлеуметтік-экономикалық құрылымдарды зерттеп білу;

3. Құбылыстар арасындағы байланысты анықтау.

Бұл міндет тиісінше типологиялық, құрылымдық және талдама топтарды бөлек алып қарау жолымен жүзеге асырылады.

Бөлу қатарларын сапқа тізу.

Типологиялық топтастырудың мақсаты біртектес топтардың әлеуметтік-экономикалық типтерін айқындау болып табылады. Мысалы, халықтар екі достық құрамнан тұрады. Жұмысшылар мен қызметшілерді (85 %) және колхозшыларды (15 %) құрамдық топтастыру — әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың үлесін көрсетеді. Бөлшек сауда – тауар айналымының 28,1 пайызы тұтынушылар кооперациясының үлесіне тиді.

Топтардың негізі болып есептелінетін талдама топтастыру белгілерінің баяндауыштағы белгісіне тиетін әсерін шешеді. Топтық белгілер – факторлық, баяндауыштық белгілер – нәтижелік болып бөлінеді. Топтастыруды жүргізбес бұрын олардың топтық қасиеті мен топтық негізін алған жөн. Атрибут немесе сандық белгілер тип ол Құрамдық және талдамалық топтастырулар да әр топқа неғұрлым көп мөлшерде топ сандары алынуы керек. Құрамдық және талдамалық топтастырудың аралығы (интервалы) тең және артық немесе кем болуы мүмкін. Ал артық-кем интервалдар үдемелі немесе кеми беретін болып бөлінеді.

Әдетте тең аралықтар сирек қолданылады. Ол жиынтық ішіндегі сандық белгілер өзгерісінің біркелкі болуына байланысты. огиялық құрамдық топтастырудың негізі бола алады.

Алғашқы және соңғы аралық ашық, ал 80-100, 100-120 аралығы жабық деп аталады. Тең мөлшердегі аралықтар формула бойынша табылады.

Мұнда, — аралық

xmin – ең жоғарғы мөлшердегі сан,

xmin – ең төменгі мөлшердегі сан,

n – топ саны.

Әлеуметтік — экономикалық құбылыстардың жиі қолданылатын ерекше топтастыру түрін таралу деп атайды. Таралу қатарлары деп қоғамдық құбылыстардың құрамы мен құрылымын сипаттайтын сандық көрсеткіштер қатарын айтады. Мысалы, туған балалардың жанұяда туу тәртібі бойынша таралуы.

Таралу қатарлары сандық (вариациялық) және сапалық (атрибуттікі) болып екіге бөлінеді. Сапалық таралу қатарына мысал ретінде жұмысшылардың кәсібіне қарай, машиналарды маркасына қарай бөлуді алуға болады. Сандық белгілер дискретті және аралық болып бөлінеді. Дискретті таралу тұтас сандармен көрсетіледі, ал аралық таралу бір нерседен екіншіге дейінгі аралықты көрсетеді
4 Статистикалық кестелер

Сұрақтары. Статистикалық кесте және оның элементтері. Кестелердің түрлері. Статистикалық кестені безендірудің негізгі ережелері

Статистикалық зерттеудің екінші сатысы статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру деп аталады. Жинақтаудың негізгі мақсаты – бақылау нәтижесінде алынған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу болып табылады.

Талдау материалды жинақтаудан, оны топтастырудан басталады. Топтастыру дегеніміз – бақылау бірліктерін олардың негізгі белгілеріне байланысты, біртекті топтарға бөлу.

Топтастырудың міндеттері мен түрлері


Топтастырудың міндеттері

Топтастырудың түрлері

Біртектес типтерді, топтарды, кластарды әлеуметтік-экономикалық  түрлеріне қарай бөлу

Жиынтықтың құрамы мен құрылымын анықтау

Құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтау


Типологиялық

 

 



Құрылымдық

 

Аналитикалық


Топтау белгілері топтастырудың негізі болып табылады. Солар бойынша зерттелетін статистикалық жиынтықтың бірліктерін белгілі бір топтарға жатқызады.


Белгілердің жіктемесі және сипаттамасы


Жіктеу принципі

Белгілердің түрлері

Сипаттау ерекшеліктері

Мазмұны бойынша

Негізгі

Құбылыстардың, процестердің негізгі ерекшеліктерін көрсетеді.

Көмекші

Қосымша мәліметтерді алу үшін қажет.

Сандық мөлшері және олардың белгілерінің өзгешеліктері бойынша

Сандық

Соның ішінде:


а) үздікті (дискретті)

б) үздіксіз (интервалды)

Атрибутивті (сапалық) 


Белгінің жеке мәндері сан түрінде беріледі

Тек қана бүтін санды қабылдайды

Кез-келген мәнді қабылдайды
Белгінің жеке мәндері белгілі бір ұғым түрінде беріледі

Егер зерттелетін жиынтық бірліктері бір ғана белгі бойынша топтастырылатын болса, оны жай топтастыру деп, ал бірнеше белгілер бойынша топтастырылса, оны күрделі топтастыру деп атайды.

Статистикалық бақылау процесінде жинақталған бастапқы мәліметтер негізінде құрылған топтастыруды бастапқы топтастыру деп атайды. Бастапқы топтарды жаңа топтарға топтастыруды қайта топтастыру деп атайды. Қайта топтастырудың мақсаты ұсақ топтардан ірі топтарды алу және әр түрлі өңделген мәліметтерді бір жүйеге келтіру.

Жинақталған және топтастырылған мәліметтердің нәтижесі статистикалық таратпалы қатарлар және кестелер түрінде беріледі.



Статистикалық таратпалы қатарлар

Статистикалық қатарлар зерттелетін құбылыстың құрылымын сипаттайды, жиынтықтың біртекті немесе әр тектілігін, даму заңдылықтарын анықтайды. Статистикалық қатарлардың жіктемесі суретте көрсетілген. Динамикалық қатарлар құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруін көрсетеді; таратпалы қатарлар зерттелетін құбылыстың құрамы мен құрылымын көрсетеді. Атрибуттық қатардың негізіне - сапалық белгі; вариациялық қатардың негізіне – сандық белгі алынады.  

Вариациялық таратпалы қатар дискретті және интервалды болып бөлінеді. Дискретті вариациялық таратпалы қатарлардың топтастыру белгісі тек бүтін санды қабылдайды.

Интервалды вариациялық таратпалы қатарлардың топтастыру белгісі кез-келген мәнді қабылдайды.

Мысалы, Қазақстан Республикасындағы ең ірі тау сілемдерінің белгілері бойынша бөлінуі туралы бастапқы мәліметтер 4 - кестеде берілген.

Қазақстан Республикасындағы ең ірі тау

сілемдерінің белгілері бойынша бөлінуі


Тау сілемдері

Орналасқан жері

Максималды биіктігі, метр

Хан Тәңірі шыңы
БГҚ 100 жылдығы шыңы
Талғар шыңы
Ишанбұлақ тауы
Бесбасқан тауы
Металлург тауы
Мұзтау шыңы
Манас шыңы
Ашутөр тауы
Мұзтау тауы
Комсомол шыңы

Сарыжаз жотасы
Меридианалды жотасы
Іле Алатауы
Күнгей Алатауы
Жетісу Алатауы
Іле Алатауы
Алтай таулары, Қатын жотасы
Талас жотасы
Теріскей Алатауы
Жетісу Алатауы
Іле Алатауы

6995
6276
4979
4653
4622
4600
4506
4482
4427
4370
4330

Қатарды құру үшін мынадай белгілер қолданылды:

а) негізгі белгілер- тау сілемдерінің атауы және оның максималды биіктігі, метрмен;

б) қосымша белгі- тау сілемдерінің орналасқан жері.

Қатардың түрі: интервалды вариациялық.

Интервалды таратпалы қатарды құру технологиясы

Варияциялық таратпалы қатардың екі элементі болады:

- вариант (х) – белгінің таратпалы қатардағы жеке мәні;

- жиілік (f) – әр варианттың неше рет қайталанғанын көрсететін көрсеткіштердің жеке мәндері.

Топтау кезінде топтық белгілері бүтін санмен берілетін болса, онда бөлініп алынған топтар саны сол берілген белгілердің мәніне сәйкес келеді. Интервалды вариациялық қатарлардың варианттарының мәндері интервалдар түрінде беріледі. Интервалдар ашық және жабық, бірдей және әр түрлі болып бөлінеді.

Бір ғана шегі көрсетілген (жоғарғы немесе төменгі) интервалдар ашық деп аталады. Келтірілген мысалда бұл бірінші және бесінші интервал, бұл белгінің шексіз ауытқуын білдіреді.

Қалған интервалдардың жоғарғы және төменгі шектері бар, сондықтан олар жабық интервалдар деп аталады. Сонымен бірге осы мысалда бірдей емес интервалдар да қолданылған.

Бір үлгідегі топтар бойынша бірліктердің сандық ерекшеліктерін сипаттау үшін бірдей интервалдарды қолданады.

Бірдей интервалдары бар қатарды құру кезінде топтардың санын және интервалдың тұрақты шамасын дұрыс таңдаған маңызды, ол оңтайлы болуы тиіс. Топ саны зерттелетін жиынтық ерекшелігіне байланысты болады. Топ санын анықтағанда Американ ғалымы Стерджесс формуласын қолданады.

N=1+3,322lgN, (1)

мұндағы N – таратпалы қатардағы бірліктердің жалпы саны;

n  - топтың саны.

Интервалдың тұрақты шамасы (d) төмендегідей формуламен есептеледі: (2)

мұндағы Хmax пен Xmin – белгінің ең үлкен (максималды) және ең кіші (минималды) мәндері.

Сонда бірінші топтың төменгі шегі белгінің минималды мәніне тең болады, ал жоғарғы шегі Xmin+d тең болады.

Бірінші топтың жоғарғы шегі екінші топтың төменгі шегі болып табылады, ал жоғарғы шегі топтың төменгі шегіне интервалдың тұрақты шамасын қосқанға тең болады. Осы тәсілмен қалған топтардың да интервалдарының төменгі және жоғарғы шектерінің мәндері анықталады.



Статистикалық кестелер

Статистикалық кесте деп – жинақталған және топтастырылған статистикалық мәліметтердің нәтижесін реттелген түрде көрсетуді айтады.

Кесте горизонтальды жолдарға және вертикалды бағаналарға бөлінеді. Статистикалық кестенің мазмұны оның элементтерін білдіреді. Статистикалық кестенің екі элементі болады: бастауышы және баяндауышы.

Бастауыш дегеніміз - зерттелетін объекті (статистикалық жиынтықтың бірліктері немесе олардың топтары), жолдарда орналасады.

Баяндауыш дегеніміз – бастауышты сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер, бағаналарда орналасады.

Бастауыштың құрамына байланысты кестелер жай, топтық және құрама болып бөлінеді.

Бастауышында төмендегі белгілер жазылатын кесте жай кесте деп аталады:

а) жиынтық бірліктерінің реттелген тізімі (тізімдік кесте);

б) аумақтың, облыстың, ауданның және т.б. әкімшілік-аумақтық бірліктері (аумақтық кесте);

в) әр түрлі мезгілдер (жыл, тоқсан) немесе хронологиялық кезеңдер (хронологиялық кесте).

Топтық кесте деп - кестенің бастауышында зерттелетін жиынтық бір белгі бойынша топтастырылатын кестені айтады.

Кестенің бастауышында зерттелетін жиынтық екі немесе одан да көп белгі бойынша топтастырылса, оны құрама кесте деп атайды.

Статистикалық кестені құрастырудың өзіне тән мынадай талаптары бар:


  1. Әрбір кестенің жалпы бас тақырыбы болуы керек. Онда қысқа және нұсқа түрде зерттелетін объект; кестеде берілген көрсеткіштердің қай уақытта және қай жерден алынғаны; өлшем бірліктері (бір өлшемнің ғана аты берілген болса, онда бас тақырыптан кейін үтір арқылы, ал өлшем бірліктері әр түрлі болса кестенің бастауышынан кейін бөлек бір бағана етіп көрсетеді) көрсетіледі.

  2. Кестенің бағаналары мен жолдарының аттары болуы керек. Бағананы нөмірлеу: бастауыштың бағанасы (сол жақта) бас әріппен белгіленеді; баяндауыштың бағаналары (жолдары) араб сандарымен (1, 2, және т.б.) нөмірленеді.

  3. Кестеде есептелінген мәліметтер бар болса, онда түсіндірме, ал ерекшелігі бар көрсеткіштер үшін қайдан алынғаны туралы сілтеме, ескертпе берілуі тиіс.

  4. Әрбір жолдар мен бағаналардың қиылысында бір сан немесе оны алмастыратын белгі тұруы керек.

  5. Кестенің жолдарында сандық немесе басқа да мәліметтер көрсетілмеген жағдайда, мынадай шартты белгілер қойылады: - “0,0 “ – көрсеткіштің мәні кестедегі деңгейден төмен дегенді білдіреді; - “. . . “ – мәлімет жоқ дегенді білдіреді; - “Х “ – мағынасы жо

  6. Кестеде тек жалпы қабылданған қысқарғанс өздерді қолдануға болады.

  7. Кестенің қорытынды жолдары мен бағаналары болуы керек. Мағынасы болмаған жағдайда олардың қорытындысы есептелмейді.

  8. Кестедегі мәліметтерді оқуға және талдауға ыңғайлы болу үшін, бағаналар мен жолдардың санын 10-нан асырмау ұсынылады.

  9.  Егер жұмыс барысында бір ғана кесте қолданылса, онда ол кесте нөмірленбейді. Ал экономикалық-статистикалық талдаудың нәтижесі бінеше кесте арқылы берілсе, онда бас тақырыптан жоғары оң жақта рет нөмірі (№ белгісі қойылмай, сан түрінде) және «Кесте» сөзі жазылады.

  10. Кесте келесі бетке көшірілген жағдайда «Жалғасы бар» сөзінен кейін бағананың нөмірі қайталанады.

5 Статистикалық таратпалы қатарлар



Сұрақтары. Атрибутты және Вариациялық таратпалы қатарлар. Дискретті және интервалды таратпалы қатар. Статистикалық мәліметтердің графикалық көрінісі

Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп топтарға бөлу. Олар белгілеріне қарай сапалық және сандық таратпалық қатарлар болып екі түрге бөлінеді. Сандық таратпалы қатарлар көрсеткіштердің сан түрінде берілуі, ал сапалық таратпалы қатарлар дегеніміз- жиынтық белгілері бойынша топтап ретке келтіру. Сапалық таратпалық қатарларды ретке келтіру кезінде оның сандық көрсеткіштері әр топ бойынша нақты және қатысты шама түрінде жеке келтіріледі. Егер жиынтық бірліктері сандық белгілері бойынша ретке келтіріліп сипатталатын болса, онда мұндай бөлімді өзгермелі таратпалық қатарлар деп атаймыз. Мысалы, жұмысшының айлық табысына немесе тарифтік кесте бойынша мамандық дәрежелеріне қарай бөлімді айтады. Өзгермелі таратпалы қатарлар өздерінің сандық белгілеріне қарай бүтін және деңгей аралықты болып бөлінеді.Егер топтау кезіндегі сандық белгілеу бүтін санмен берілсе, олар бүтін санды таратпалы қатарлар деп аталады. Топтау кезінде сандық белгілер бүтін санмен беріліп, белгілер бір сан аралығы мен бүтін сандық белгілер берілсе, ол деңгей аралықты деп аталады. Таратпалы қатарлар екі бөліктен тұрады: варианттан және жиілік көрсеткіштерінен. Вариант бұл –топтау кезіндегі статистикалық таратпалық қатарлардың сандық және сапалық белгілері бойынша бөлінуі, яғни статистикалық таратпалы қатарлардың нені зерттейтінін анықтайтын көрсеткіш. Ол статистикада «х» әрпімен белгіленеді. Вариант жағымды, жағымсыз, нақты және қатысты шамалармен берілуі мүмкін. Жиілік әрбір топтағы варианттық сандық көрсеткіштермен, яғни сол варианттық сандық көрсеткіштің өз қатарында қаншалықты қайталануын көрсететін көрсеткіштердің жеке мәндері болып табылады. Статистикада жиілік «f» әрпімен белгіленеді. Бір варианттың бірнеше жиілік көрсеткіштері болуы мүмкін, варианттың жиілік көрсеткіштері өз мәндеріне қарай бірнеше түрде беріледі: нақты, қатысты, бүтін және бөлшек сан түрінде. Олар варианттың жиілігі болып табылады. Сондықтан статистикалық таратпалы қатарлар қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрылымы мен құрамын зерттеуге үлкен әсерін тигізетін және топтаудың жиі қолданылатын негізі бір түрі болып саналады.

Статистикалық қатарлар зерттелетін құбылыстың құрылымын сипаттайды, жиынтықтың біртекті немесе әр тектілігін, даму заңдылықтарын анықтайды. Динамикалық қатарлар құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруін көрсетеді; таратпалы қатарлар зерттелетін құбылыстың құрамы мен құрылымын көрсетеді.

Атрибуттық қатардың негізіне - сапалық белгі; вариациялық қатардың негізіне – сандық белгі алынады. Вариациялық таратпалы қатар дискретті және интервалды болып бөлінеді. Дискретті вариациялық таратпалы қатарлардың топтастыру белгісі тек бүтін санды қабылдайды.

Интервалды вариациялық таратпалы қатарлардың топтастыру белгісі кез-келген мәнді қабылдайды.


6 Статистикалық мәліметтердің графикалық көрінісі

Сұрақтары. Графиктің негізгі элементтері. Графиктің негізгі түрлері. Статистикалық карталар: картограмма және картодиаграмма. Статистикалық графиктерді безендірудің негізгі ережелері

Статистикалық график – берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.

Статистикада графикалық әдісті қолдану дегеніміз – сол берілген мәліметтерді түсінікті, қолайлы және қызықты түрде дұрыс көрсете білу. Графикалық әдіс мәліметтерді көрнекі түрде көрсетіп қана қоймай, сол көрсеткіштерге талдау жасауға, яғни жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға және қорытындылауға пайдаланылады.

Статистикада графикалық әдістің қолданыла бастауы, шамамен, бұдан 200 жылдай уақыт бұрын болған. Оның алғашқы қолданылуын Англияның экономисті У. Плейфейрдің 1786 жылғы шығарған «Коммерциялық және саяси атлас» атты еңбегінен көруге болады. Бұл кітапта бірінші рет статистикалық көрсеткіштер сызықты, секторлы және бағаналы диаграммалар арқылы көрнекті түрде бейнеленген.



Графиктің негізгі элементтері. Статистикалық графикті геометриялық жазықтықта бейнеленген шартты белгілері дей отырып, әрбір графиктің төмендегідей негізгі элементтері болады: графиктің негізі, графиктің өрісі, кеңістік бағыты, масштабтың бағыты, графиктік экспликациясы.

Геометриялық белгілердің қолданылуына қарай графиктер нүктелі және сызықты болып екіге бөлінеді. Нүктелі график деп график негізінің жиынтықтары нүкте ретінде, ал сызықтық график деп сызықтардың қолданылуына байланысты болатын жол – жолды, төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және т.б түрінде берілгендерін айтамыз. Кейбір кездерде графиктер геометриялық емес фигуралармен белгіленеді. Мұндай графиктердің түрлерін бейнелі график деп атаймыз.

Графикалық әдісті қолдану кезіндегі ең басты нәрсе – оның негізінің дұрыс алынуы және мақсатына қарай статистикалық мәліметтердің бейнеленуі айқын көрсетілуі қажет.

Сандық мәліметтерді график арқылы бейнелеу үшін, алдымен оның масштабын таңдап алуымыз қажет, содан кейін оған шкаласын түсіреміз. Масштаб деп графикке түсірілетін сандық шаманы шартты өлшем бірлігіне ауыстыруды айтамыз. Мысалы, 1 сантиметр 50 киломерге тең және т.б. График немесе масштаб шкаласы деп әрбір статистикалық сандық көрсеткіштерді белгілі бір межемен көрсететін жеке нүктелер мен сызықтарды айтады.

Статистикалық графикте сызылуына қарай түзу сызықты және қисық сызықты масштаб шкаласы қолданылады. Сондай – ақ, масштаб шкаласына қарай біркелкі және біркелкі емес болып екі түрге бөлінеді. Біркелкі немесе арифметикалық масштаб шкаласы дегеніміз, әрбір белгіленген белгінің сандық мәніне пропорционалды сәйкес екендігін көрсету. Және ол статистикада жиі қолданылады.

Біркелкі емес масштаб шкаласы деп әрбір белгіленген белгінің сандық мәнге сәйкес емес екендігін көрсетуді айтамыз. Статистикалық графиктің негізгі мақсаты – оның композициясын анықтау. Демек, статистикалық мәліметтерді іріктеу, бейнелеудің түрін таңдау, яғни бейнелеу форматтарының қалай болатындығын қарастыру. Графиктің көлемі оның белгілі бір мақсатына сәйкес белгіленеді.

Графиктер мақсаттарына сай және кеңістіктің бағытына байланысты графикалық әдіс диаграмма және картограмма болып екі негізгі түрге бөлінеді



Диаграмма- статистикалық сандық көрсеткіштердің қарым қатынас мөлшерін көрнекі түрде көрсететін графикалық сурет немесе геометриялық фигуралар жүйесі арқылы бейнеленетін сызық. Диаграмманы құру үшін жазықтықтар мен сызықтар, ал кейде геометриялық денелер пайдаланылады. Осыған сәйкес диаграммалар бағаналы, сызықты, шаршылы, шеңберлі, секторлы, фигуралы және «Варзардың белгісі» атты болып бөлінеді.

Бағаналы диаграмма – статистикалық көрсеткіштерді өзара салыстыру үшін ең көп қолданылатын диаграмманың жай түрі. Мұны құрастыру кезінде әрбір көрсетілген көрсеткіштердің ені бірдей, ал биіктігі сандық мәліметтеріне байланысты әр түрлі, бірақ, масштабтары біркелкі болып келеді.

Құрылымды диаграмма. Құрылымды диаграмма статистикалық жиынтықтардың құрамын салыстыру үшін қолданылады. Құрылымның салыстырмалы көрсеткіштері жалпы жиынтықтың жеке бөлшектерінің үлесін, яғни оның бірнеше бөліктерге бөлінуін көрсетеді.

Шаршылы диаграмма. Кейбір жағдайларда статистикалық сандық көрсеткіштерді салыстыру үшін бейнелеудің шаршылы түрі қолданылады. Оның бағаналы немесе жолды диаграммалардан айырмашылығы сол, мұнда бейнелеуге құбылыстың көлем мөлшері алынынады.

Шеңберлі диаграмма. Негізгі біркелкі берілген нақты шаманың өзара қарым қатынасын шеңбер көлемі арқылы бейнелеуді шеңберлі диаграмма дейміз.

Секторлық диаграмма. Мұнда берілген мәліметтер шеңбер арқылы көрсетіледі, яғни құрылымның салыстырмалы көрсеткіштері жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді.

Сызықтық диаграмма. Диаграммалырдың ішінде ең жиі кездесетіні – сызықтық диаграмма. Осы түр өсіңкілік қатарларды немесе өзара байланысты көрсеткіштерін көрнекті бейне арқылы көрсету үшін қолданылады.
Модуль 3. Статистикалық көрсеткіштер

7 Статистикалық көрсеткіштер. Көрсеткіш



Сұрақтары. Статитискада қолданылатын көрсеткіштер квалификаиясы, түрлері және типтері. Абсолютті және қатыстық және орташа шамалар туралы түсінік. Динамиканың қатысты шамасы
Әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақта, қатысты, орташа шамалар немесе коэффиценттер мен проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштер қолданылады. Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне жататыны статистикалық көрсеткіш әдістері болып табылады.

Статистикада біріне-бірін тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын жеке уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін статистикалық көрсеткіш әдіс деп атайды.

Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи – заттық негізде шығарылған әр түрлі өнімдердің мөлшерін біріне – бірін тікелей қосуға болмайды. Оны есептеу және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгілері қолданылады. Оған өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының шамасы және т.б. жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас көсеткіштердің белглі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы көрсеткіштер арқылы есептеуге болады.

Олардың ішінде ең негізгісі – қоғамдық құбылыстарға әсерін тигізетін  себептерді анықтау. Демек, қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне қандай себептердің қалай әсер ететіндігін талдау жасай білуіміз керек. Міне, осыны анықтау үшін статистикалық көрсеткіштерді қолданамыз.



Статистикалық көрсеткіштің мәні мен маңызы Әлеуметтік-экономикалық құбылыстың сапалық, сандық сипаттамасын көрсеткіш дейді. Сапалық көрсеткіш арқылы құбылыстың белгілі бір жағдайдағы, уақыттағы мәні сипатталады. Сандық көрсеткіш, сол сияқты, нақтылы жағдайдағы, мезгілдегі құбылыстың мөлшерін нақты және қатысты шамасын көрсетеді.

Тұрмыстағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстың өзгеруін, оның заңдылығыны, келешегін зерттеу, талдау үшін статистикалық көрсеткіштің мәнін, түрін, қасиетін біліп, дұрыс пайдалану шарт. Философиялық тұрғыдан алғанда көрсеткіш заңдылық құбылыстың сапалық және сандық көрінісінің сипаттамасы.

Стаистика қоғамдық көпшілік құбылысты, өзгерісті зерттейтін болғандықтан, статистикалық көрсеткіші жиынтықты сипаттамаға жатады. Бұл жағдайда нышан мен статистикалық көрсеткіштің мәнін айыра білу қажет. Мысалы, жеке адамның өмір сүрген уақытының ұзақтығы нышанға жатады да, белгілі бір буынның өмір сүру уақытының орташа шамасы статистикалық көрсеткіш болып саналады. Кез келген «сан» көрсеткіш өлшем емес. Статистикалық көрсеткіш болу үшін сан құбылысты сапалық, сандық жағынан белгілі бір кеңістікте және белгілі бір уақыт аралығында сипаттауы шарт. Мысалы 1997 жылдың басында қазақ елінің халқы 15,9 млн. болған. Бұл статистикалық көрсеткішке жатады. Өйткені «1997 жыл басы» дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығындағы анықтылық. Қазақ елі – кеңістік мәні халық сапалық мәнге және 15,9 млн сандық мәнге жатады. Сөйтіп сан және оның мәндерін қосып алғанда ғана көрсеткішке айналады.

Статистикалық көрсеткішті топтастыру Статистикалық көрсеткішті сапалық, сандық және сипаттау тұрғысынан жүйеге келтіруге болады.

Статистикалық көрсеткішті топтастыру түріне тоқталайық. Сапалық көрсеткіш өз алдына белгілі бір құбылыс қасиетінің көрсеткіші және кез – келген жалпы құбылыстың, өзгерістің статистикалық қасиетінің көрсеткіші болып бөлінеді. Қасиетті сипаттау тұрғысынан көрсеткіш тікелей және керілік болып бөлінеді.

Белгілі құбылыс (кәсіпорын, ұйым, зат, нәрсе, тауар, тағы сол сияқты) қасиетінің көрсеткіші барлық статистикалық көрсеткішінің ішіндегі ең көбі. Бұған шығарылған жалпы өнім, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жалпы таза өнім, жалпы ұлттық табыс, тағы сол сияқты ірі экономикалық көрсеткіштер; өндіріс саласындағы өнімнің өзіндік құны, еңбек өнімділігі, халық санының өсімі, некелесу, адам жасының ұзақтығы, сол сияқты көрсеткіштер жатады. Статистиканың жалпы ілім қағидасына сүйене отырып, статистика бұл көрсеткіштің құрау жолын белгілейді.

Кез келген құбылыстың статистикалық көрсеткішінде орташа шама, өзгермелі көрсеткіші, нышан арасындағы қатынас құрылымының ұрамы, таратылым ауытқуы ішінара байқаудағы статистикалық дәлдік, статистикалық болжамның сенімділігі сияқты көрсеткіш жатады.

Сандық тұрғыдан алғанда көрсеткіш нақты шама және қатысты шама болы екі түрге бөлінеді.

Статистика заңдылықтары оның көрсеткіштерімен анықталады. Статистикалық көрсеткіш – бұл барлық әлеуметтік-экономикалық категорияның нақты орны мен уақыты шартындағы сандық өлшемі, яғни әлеуметтік-экономикалық статистикалық көрсеткіштердің қалыптасу жүйесін кері зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесінің құрамы:

1. Еңбек және халық туралы көрсеткіштер.

2. Ұлттық байлықтың көрсеткіштері

3. Аралық тұтыну және шығындардың көрсеткіштері

4. Өндіріс нәтижелерінің көрсеткіштері

5. Баға, тауар және ақша айналысының көрсеткіштері

6. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері

7. Ұлттық шоттар жүйесі бойынша баланстық құрулардың көрсеткіштері

8. Әлеуметтік статистика көрсеткіштері



Нақты шаманың мәні мен маңызы Құбылыстың шамасын, өзгермелі нышанның нәтижесі көрсеттетін сандарды сандық (абсолют) шама деп атайды. Мысалы; белгілі бір  уақыт аралығындағы халықтың саны, өнімнің көлемі, жол жүк айналымы, жалақының қоры, еңбеккерлердің саны және сол сияқты өлшемдер нақты шамаға жатады.

Нақты шамаеңбектің, материалдың, қаржының қорын, өнімді өндірудің, тұтынудың шамасын сипаттайды. Нақты шама арқылы тұжырымдық көрсеткіштер шығарылады. Нақты шама заттық, еңбектік, құндылық өлшем бірліктері бойынша сипатталады.

Заттылық нақты шама құбылыстың табиғи қасиетіне сәйкес ұзындық, салмақ, көлем, қуат, және т.б. жиынтық өлшем бірлігіне сай анықталады. Мысалы:, өндірілген көмір – тонна мөлшері бойынша, жөнделген қозғалмалы құрам локоматив, вагон саны арқылы анықталады.

Күрделі құбылыс заттай құрам өлшем бірлігіне қарай сипатталады. Тасымалданылған жүк, жолаушы тиісінше тонна шақырым, жолаушы – шақырым бойынша есептелінеді. Мұнда топпен – тасымалданылған жүктің салмағы, шақырым – жүк тасымалданылған жүктің салмағы, шақырым – жүк тасымалданылған қашықтық.



жүктеу 331,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау