Магистранттардың білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясы
2. Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлықы
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 .Бартол, Курт. Психология криминального поведения. 7-е междунар. изд. Еврознак: Олма-Пресс, 2004. – 352 с.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. - Киев, 1981. – 238 с.
3 .Ратинов А.Р. , Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск, 1988. - 253 с.
4. Немов Р.С. Психология.Книга 2. - М., 2000.
5. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002. – 447 с.
6 .Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. - Алматы, 1962
Дәріс №6 Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешеліктері
Мақсаты: Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешеліктеріне толық мәлімет беру.
Жоспары:
1. Жасөспірімдердің психологиясы
2. Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешеліктері
Жасөспірім жасындағыларды тиісті әдебиеттерде «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жасөспірім өзге жастарға қарағанда педагогтар пен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді. Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жеткіншек төменгі кластардаоқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жасөспірімде әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жасөспірім бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірседе оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек.
Жасөспірім осы сияқты қасиеті қазірде және өткен дәуірлердің жасөспірімдерінде де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жасөспірімдері үлкен адамдардың талабына көне кетпейді. Себебі, біріншіден қазіргі кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жасөспірім жасындағылардың көбінесе оқудан айналысатын басқа тапсырмасы жоқ.
Біз ілгеріде өткен дәуірлерде бала кіші жасынан материалдық игіліктерді өндіруге (мал бағуға, от не пішен шабуға) жегілетінін ескердік. Қазір де бұл сияқты міндеттердің көпшілігі үй –ішінде кездесіп жарымайды. Керісінше ата-аналар жасөспірім оқу тапсырмасын орындай алмайды деп, үй шаруасынан босатады. Ал жасөспірім бала кезінен ересек кезеңіне ауысуы психологиялық тұрғыдан жаңа сапа, бірақ осыдан ауысудың себебі сол болып келген психикалық дамудың салдарыан: егер үлкендер жасөспірімді бала деп еесптесе, керісінше олар өзін есейдік деп санайды. Бұл екі арадағы дәл келмеушілік қайткенде де жеткіншектің дамуына әсер ете алады. Жасөспірімнің өз беттілік қасиетке ұмтылып, үлкендердің қамқорлығына босануға тырысуы баланың бәрінде кездесетін болғаны мен бір қатары күні-түні фантастикалық әдебиеттерді оқып, солардың кейіпкерлеріне еліктейді.
Сабақтан тыс мезгілде жасөспірім радиотехника электротехникамен танысып едәуір білім алады. Мұнымен қатар бұл жастағылар бойынан әлі де балалық кездесіп тұрады. (мысалы: ұлдар қыздардың шашын тартып мазалауыт.б) бірақ сол жеткіншек таныс емес үлкен адамдардың алдында өзін мәдениетті түрде ұстауға тырысады.
Әдетте жеткіншектерді тәрбиеге көнбейтін қиын жас деп сипаттайды. Солай деп бағалайтыны біріншіден бұрынғы кездегі психикасы мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатыныннан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін. (бірақ өзгеріске ұшырау жасөспірімде бір уақытта кездеспейді). Екіншіден осындай психиканың жаңа саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды уайым шегеді, оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды. Мұндай өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді. Осы ғасырдың бас кезінде психолог З. Фрит жасөспірім үлкендердің қамқорлығына көнбейтінін «өзім бәрін орындаймын дейтінін жыныс қасиетінің салдарынан болатын санасысыз әуесқойлық» деп түсіндірді.
Бұл пікірге көптеген психологтар қарсы. Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін уақыттың бірі. Қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қойылатын талап үнемі өзгеріліп отырады. Осы талапқа сай жеткіншек бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы әр-түрлі фантастикалық іске ұмтылтырады. Мұндай уақытша келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй ішіндегі тәрбие жұмысының негізінде болады. Егер тәрбие не оқу жұмысы жеткіншектермен жақсы жүргізілсе ұнамсыз әдеттерден аулақ болады.
Жаратылыстан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. өйткені қазақтың ел алдындағы абырой беделі, қадір қасиеті, тек жеке басының жақсылығы немесе дәулеті мен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы жарақтылығымен өлшенген. Ата-бабаларымыздың сондай ектілік деген ұғымды ежелден қастерлеп, оның атадан балаға мирас қылып қалдыруында терең сыр жатыр.
Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін» деген. Қазіргі кезеңде қазақ халықының өмірінде бұрын соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Бұлар дөрекі әдепсіз барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Баланың мінезін жалпы деңгейін ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілк қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екендігін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті.
Баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуге ата-анаға көмекке келетін – мұғалім.
Өйткені мектеп жасындағы баланың көбіне көп негізгі әрекеті – оқу. Оқу барысында ол білімге, қарым-қатынасқа, имандылық адамгерішілікке үйренеді. Сонда мұғалімнің жеке бас үлгісі, сөзі мен ісінің сәйкестілігі, талапшылдығы отбасында баға жетпес құралына айналады. Бала тәрбиесі болашақ кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз міндетін жеке түсінгенде, мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда алға басады.
Жасөспірімдерді өзін-өзі тану пәні арқылы жасөспірімдік кезеңдегі кедергілерден өту жолдары
Баланың өзін-өзі тану дұрыс қарым-қатынасын дамыту, баланың өзіндік «менің» анықтауға көмектесу, балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «өзін-өзі тану» пәнінің рөлі зор. «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасының міндеті бойынша баланың бойына «Әлем және адамзат» туралы дұрыс түсінік қалыптастыру. Жасөспірімдердің адамгершілік мінез-құлықтарына мүмкіндіктерімен таныстыру. Жеткіншектердің танымдық белсенділіктерін арттыру. Жас ұрпақтың рухани адамгершілік категорияларына көңіл аудару. Жеке тұлғаның «менің» (өзімшілдігін емес ояту). Осы міндеттерді бала бойына дарыту мақсатында оқытудың әдіс-тәсілдері қолданысқа енгізіледі.
Магистранттардың білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Жасөспірімдердің психологиясы
2. Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы өзгешеліктері
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 .Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс, 2004. - 352 с.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. Киев, 1981. – 238 с.
3 .Ратинов А.Р. , Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск, 1988. - 253 с.
4. Немов Р.С. Психология.Книга 2. - М., 2000.
5. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. - Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002. – 447 с.
6 .Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. - Алматы, 1962
Дәріс №7 Жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез-құлық ауытқушылықтар және оларды жою және алдын алу жолдары
Мақсаты: Жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез-құлық ауытқушылықтар және оларды жою және алдын алу жолдарын анықтау
Жоспары:
1. Жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез- құлықы
2. Жасөспірімдердің мінез-құлықындағы ауытқушылықтар
Балалардың мінез-құлық ауытқуларын сипаттауда қазіргі заманғы педагогикалық-психологиялық әдебиетте «девианттық мінез-құлық» термині қолданылады (латын тілінен аударғанда «deviatio» -ауытқушылық). Девианттық мінез-құлық –қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары. Девианттық мінез құлықтың мәнін түсінуде негізгі екі ұғымды қарастырамыз-«қалып (норма)» және «қылық». Әлеуметтік қалып-бұл нақтылы қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның мінез-құлық ережелерінің мөлшері, этикет, мораль, заңдық нормалар. Басқа да құндылықтар тәрізді, әлеуметтік нормалар тұлғаның бағалау және бағыт ұстау функцияларын орындайды, мінез-құлықты реттейді және бақылап отырады. Норма-идея, идеалдар сияқты бағыттапқана қоймай, белгілі бір ереже-міндеттерді жүктейді.
Нормалардың реттеуші ықпалы-олардың мінез-құлықтың түрлерін, шарттарын, шекарасын ғана анықтап қана қоймай, сонымен бірге, қарым-қатынас шарттарын, мақсаттары мен құралдарын жасайтындығында.
Әдетте, қабылданған нормаларды бұзу-қоғамның әлеуметтік топтары мен институционалдық формалары тұрғысынан осы ауытқуларды жою бағытындағы нақты және айқын жағымсыз реакциясын іске қосады. Сондықтан да нормалар қоғамның тұрақтылығы мен тәртібін қамтамасыз ететін, девиацияға қарсы күрестің бірден-бір әлеуетті құралы болып табылады.
Психологияда «қылық»- адамның рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы және сол тұрғыда оның өзге адамдарға, өзіне, қоғамға және қоршаған табиғатқа деген қарым-қатынасын айқындауы деп қарастырылады. Қылықтың адамгершілік көзқарас тұрғысынан бағаланатын жағымды және этикалық, моральдық нормаларды бұзумен сипатталатын жағымсыз (аморальды) жақтары бар. Заң тұрғысынан алып қарағанда, норма ережелерін бұзушылық –бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың құқығы мен жеке меншігіне қол сұғушылық болып есептеледі.
Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім –тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари, Ахмет Иассауи еңбектерінде, қазақ ақын-жыраулары Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы т.б. мұраларынан да елеулі орын алған.
Мінез –құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Ұғым бастапқыда ғылымда емес, күнделікті өмірде қолданып жүрді. Біраз уақытқа ұмытылып, XX ғасырдың 50-60 жылдарында қайтадан қолданысқа енді. Алғашқылардың бірі болып бұл салада зерттеу жүргізгендердің бірі - П.П. Бельский. Проблеманы алғаш болып көтерген белгілі Ресей педагогы П.П. Блонский. Ғалым қиын балалардың жеке басылық ерекшеліктерінің өмір жағдайларымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді түрде зерттеулер жүргізіп, оны тәжірибеде қолдану жолдарын анықтады.
Ал, А.С. Макаренконың бұл мәселеге арналған еңбектері педагогика ғылымының алтын қорына енді.
Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикалық әсерін Т.В. Лодкина, А.В. Захаров, В.С. Мухина, З. Матвейчик, Е.О. Смирновалар атап көрсеткен.
Белгілі психолог ғалым Б.Г. Ананьев тұлғаның мінез-құлқының деңгейіне және күрделілігіне қарамастан, оларда:
Адамдар туралы ақпарат пен тұлғаралық қарым-қатынас арасында;
Адамның қарым-қатынас процесіндегі қылықтарын өздігінен реттеуі мен коммуникация арасындағы;
Тұлғаның өзіндік ішкі әлемін өзгертуі сияқты қарым-қатынастар түрлері болатындығын дәлелдейді.
Бұларда балалар мінез құлқындағы ауытқушылықтарды бағалау мен сипаттауда және олардың себептері мен жою шарттарын анықтауда есте -ұстау қажет.
Девиантты мінез-құлықты кең және тар мағыналарында қарастырады. Кең мағынадағы девианттық мінез-құлық деп–қоғамдағы қабылданған нормалар мен әлеуметтік стереотиптерге сай келмейтін кез-келген іс қимылды айтамыз. Бұл жағдайдағы девиацияны жағымды және жағымсыз деп екі түрге бөлуге болады.
Жағымды девиантты мінез-құлық – бұл көпшілік әдеттен тыс, таңғаларлық деп қабылдаса, кейбіреулер теріс деп қарамайтын құбылыстар болуы мүмкін. Бұлар-ерлік, өзін-өзі құрбандыққа шалу, біреуге шектен тыс берілу, біреуді шамадан тыс аяу т.б. көріністер болуы мүмкін.
Жағымсыз (негатив) девиация, керісінше, көп адамдарды мақұлдамау, жек көру сезімдерін туғызатын мінез-құлық ауытқушылықтары. Мысалы, терроризм, вандализм, ұрлық, сатқындық, жануарға қатыгездік жасау т.б.
Тар мағынасындағы девианттық мінез-құлық дегеніміз жалпы қабылданған нормалардан тыс, жағымсыз, еш адам жақтамайтын ауытқулар.
Сонымен, девианттық мінез-құлық –кез келген қоғамдағы қабылданған әлеуметтік мінез-құлық нормаларына қарама-қайшы келетін қылықтар жүйесі. Бүгінгі таңда девиантты мінез-құлқы бар балалардың және нашақорлық пен ішімдікке тәуелді балалар санының өсуі өзекті проблемаға айналып отыр. Девианттық мінез-құлық – бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қоғамдық қылмыс белгілері мен қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.
Магистранттардың білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез- құлықы
2. Жасөспірімдердің мінез- құлықындағы ауытқушылықтар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 .Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс, 2004.-352с.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. Киев, 1981.-238с
3 .Ратинов А.Р., Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск 1988.-253с.
4. Немов Р.С. Психология.Книга 2. - М., 2000.
5. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.-447с.
6 .Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. - Алматы,1962
Дәріс №8 Отбасындағы жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық негіздері
Мақсаты: Отбасындағы жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық негіздерін меңгеру процесі анықтау.
Жоспары:
1. Отбасындағы жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық сипаттамасы
2. Отбасындағы жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтары.
Негізгі ұғымдар: меңгеру, интеллектуалдық әрекет, оқыту нәтижесі, оқу материалын сақтау.
Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қоғамды алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі – тәрбиесі қиын балалардың санының көбеюі. Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын балаларда байқалатын белгілер: біріншіден, анамальды қажеттілік, екіншіден, тұрақты жаман қасиеттердің жиынтығы, үшіншіден,ата-аналар- мен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары, төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін-өзі түзетуге қабілетсіздігі.
ҚР-ның 2004 жылғы шілде айында қабылданған «Кәмелетке жасы толмағандар арасында заң бұзушылықтың алдын алу және балалар арасында қаңғыбастықты болдырмау» заңындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты:
- кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық санасын және мәдениетін қалыптастыру жөніндегі мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;
- кәмелетке жасы толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жургізу үшін құқықтық негіздерді қалыптастыру;
- кәмелетке жасы толмағандар ата-аналарымен және басқа да заңды өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасау;
- балаларды оқыту , тәрбиелеу, емдеу, спорт және өзге де мекемелермен тиісті дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- кәмелетке жасы толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу;
- балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және имандылық дамуына, оларды патриоттыққа, азаматтыққа және бейбітшілік сүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етуден тұрады.
Осы заңның негізінде көптеген мектептерде 2006-2011жылға арналған Кешенді тәрбие бағдарламасы жасалып, оқушылар арасындағы жағымсыз қылықтарды жеңуге мүмкіндік беретін балалардың қараусыз қалу мен қаңғырудың алдын алу жүйесін жетілдіру міндеті қойылған болатын.
Ал, енді 2007 жылғы қыркүйек айындағы есеп бойынша қала мектептері арасындағы оқушылар тарапынан жасалған тәртіпбұзушылық есебі бойынша Павлодар қаласы мектептері арасында 2006 жылы 150, 2007 жылы 121 тәртіпбұзушылыққа жол берілген. 2006 жылғыға қарағанда тәртіпбұзушылықтың саны 29-ға азайған. Соның ішінде 20 мектепте тәртіпбұзушылық саны кемейсе, ал 16 мектепте, соның ішінде №19 мектепте керісінше өскендігін атап өтуіміз керек.
Соңғы жылдары мектептерде «тәртібі қиын балалар» деген терминнің мықтап қалыптасқаны қатты қобалжытады.
Белгілі психолог ғалым К.К.Платонов жеке адамның психологиялық болмысын төрт салаға бөледі:
1. Баланың темпераменті және жыныстық ерекшеліктері мен жас ерекшелігі (физиологиялық ерекшеліктер);
2. Жеке адамның дамып қалыптасуына негіз болатын психологиялық құбылыстар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығушылық, мінез, әдет- биологиялық ерекшеліктер.
3. Баланың күнделікті өмір тіршілігі, білімі, әдет-дағдысы, икемділігі;
4. Ұстанған бағыттары мен адамгершілігі.
Соңғы екі саланы мектеп қабырғасында тығыз ұштастыра отырып, қиын жасөспірімді айқындаудың төрт тармағын қарастыру қажет.
1. Оқушының қоршаған ортамен қарым-қатынасы: оқуға, еңбекке, қоғамдық пайдалы істерге, сыныптас достарымен, отбасы, туыстарымен қарым-қатынасы;
2. Оқушының: ішкі дүниесі, сезімі, талғамы, ақыл-ой парасаты, мұң-мұқтажы, өзіндік ерекшелігі;
3.Оқушы өзінің жағымсыз( теріс) қылықтарына есеп бере ме? Өзін-өзі тәрбиелеуге күші жете ме?
4. Оқушының денсаулығын зерттеу (бала жүйкесіндегі олқылықтардың шығу себептері).
Осыдан қорытындылай келе, «Қиын жасөспірім»дегеніміз көбіне сабақ үлгерімі нашар, тәртіп бұзатын, елімізде жалпыға ортақ қалыптасқан мінез құлық деңгейінен ауытқыған жасөспірімдер.
Педагог ғалымдар зерттеу барысында, жүз қиын баланың 15-інде не шешесі, не әкесі маскүнем, ал 10 баланың 9-ын үйде қатты ұрып-соғып, адамдық намысына тиген. Балалардың еңбек колониясының бірін тексергенде 200 баланың – 101-інің әкесіз , 3-уі шешесіз, ал 5-уі әке-шешесі бірдей жоқ күйде тәрбиеленген. Бұдан байқайтынымыз әке-шешесінің бірінің жоқтығы бала тәрбиесіне кері әсер етеді екен.
Сонымен тәрбиесі қиын балалардың шығу себебіне үңілсек:
– бұған қоғамдық жағдай мен өмірдің тұрмыс жағдайы;
– балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы;
педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауы да себепші болатыны анық.
Бала тәрбиесі себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік бірлігі, ата-аналардың сапалы көзқарастары және осы ұстанымға негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақтың нәтижелі жұмысы қажет. Мектеп қабырғасындағы эпизодтық төбелес, ұрлық, мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал т.б. барлығы мектеп өміріндегі бұзақылық қалып. Бұзақылық сипат оқушылардың қараусыз қалушылығының педагогикалық мінез-құлқын бейнелейді.
Негізінен, барлық мәселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытының орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігінен, ыстық ықыласынан айырылған балалар көшесінің қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі.
«Егер бала бұзақы бола бастаса, онда бұған бала кінәлі емес, педагогикалық әдістер кінәлі» деген А.Макаренконың пікірін қайта қарауға тура келеді. Пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген психологиялық-педогогикалық жүйе болуы керек. Ол үшін:
– әрбір қиын баланың дербес өзгешелігін ескеріп берілген тәрбиенің тигізген ықпалын, яғни оқушылардың қайта тәрбиеленуге деген ниетінің оянуын бүкіл педагогтар ұжымы болып қадағалап отыру;
– сынып және жалпы мектептің тәрбие беру қуатын күшейту ынтымақтастық және әрекет, талап бірлігінің қажеттігі. Қиын баланы тәрбиелегенде ұстаздар арасындағы бірлік үлкен нәтиже береді.
Магистранттардың білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Отбасындағы жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық сипаттамасы
2. Отбасындағы жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтары.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 .Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс,2004.-352с.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. Киев, 1981.-238с
3 .Ратинов А.Р. , Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск 1988.-253с.
4. Немов Р.С. Психология.Книга 2. - М., 2000.
5. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.-447с.
6 .Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. - Алматы,1962
Дәріс №9. Қазіргі кезеңдегі мінез-құлқында ауытқуы бар жасөспірімдер тұлғасының өзіндік сана-сезімдерінің ерекшеліктері
Мақсаты: Қазіргі кезеңдегі мінез-құлқында ауытқуы бар жасөспірімдер тұлғасының өзіндік сана-сезімдерінің ерекшеліктері жайлы мағлұмат беру.
Жоспары:
1. Қазіргі кезеңдегі мінез-құлқында ауытқуы бар жасөспірімдер тұлғасының өзіндік сана-сезімдерінің ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасы
2. Қазіргі кезеңдегі мінез-құлқында ауытқуы бар жасөспірімдер
Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму - процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез-құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды.
Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.
Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктеріді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.
Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады – делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. «Мінез-құлық ауытқушылығы» ұғымын «дамудағы ауытқушылық», «дамудың жеткіліксіздігі» ұғымдарынан айыра білу керек. Соңғы екі термин ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады. Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді.Көптеген ғылымдарда « қалыпты» және «аномалды» құбылыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура мағынасында « қалыпты» / «аномалды» мінез-құлық түсініктерінің анықтамасы қиындай түсуде. Бірақ ғылымда және үйреншікті өмірде бұл түсініктер барлық жерде қолданылады. Қалыпты мінез- құлықты көптеген адамдарға тән, ауру бұзылыстарға байланысты емес, нормативті-қабылдаулы мінез-құлық деп түсіндіреді. Осыған ұқсас, қалыпсыз мінез-құлықты: нормативті- қабылданбаған, патологиялық, стандартқа сай емес деп бөлуге болады. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» қазіргі кезде ғылымда норма-эталонына сәйкес келуі болып саналады. Нормаларды алу тәсілдерін әдетте критерийлер деп атайды. Популяцияда кездесетін жиілік есептеу арқылы әр құбылыс үшін норманы анықтай алатын, кең таралған және жалпы болып статистикалық критерий( әдіс) табылады. Математикалық статистика көзқарасы бойынша жиі кездесетіннің барлығы қалыпты. Статистикалық критерий мінез-құлықтың сапалық- сандық бағасымен оның айқындық деңгейімен және өмір үшін қауіп деңгейімен байланысады. Статистикалықпен бірге гуманитарлық ғылымдарда жеке адам мінез- құлығының нормалды/ аномалды бағасының арнайы критерилері қолданылады: психопатологиялық, әлеуметтік- нормативті және даралық- психологиялық.
Баланың жоғарғы дәрежедегі мінез-құлқындағы психологиялық қызмет деңгейінің де түрліше болатындығын ескеру керек. Мінез-құлық бірден пайда болмайды, өсе келе пайда болады. Алайда осы мінез- құықтарды байқағанда кемістігін аңғарып қалғандай болсақ, ондай олқылықтарды қалайша толықтыруға болады және сол кемістіктерді бұдан, былайғы даму кезеңдерін де жоюды, жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіру керек.
Осы орайда бала кемістігін қарапайым психологиялық жаттығулар арқылы түзетуге болады.
Кеңес ғалымдарының, яғни Л.С.Выготский, Н.Л.Коломинский, В.Н.Мясищев, Б.И.Пинский, С.Я.Рубинштейн, К.С.Лебединская, Г.В.Грибанова пікірлері бойынша мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғасының дамуы қалыпты жағдайдағы жасөспірімдердің тұлғасының даму заңдылықтарына сай болып келеді. Сондықтан, мінез-құлқы ауытқушы болған балаларды дұрыс тәрбиелеу жүмысы, арнайы мекемелерде жүргізіліп отырған жағдайда, ол қоршаған ортасына барабар түрде қарым-қатынас жасауға, өз бетінше жұмыс жасап, өмір сүруі әбден мүмкін.
Алайда, бұл балалардың тұлғасын дұрыс бағытта қалыптастыру және тәрбиелеу өте қиынға соғады, өйткені олардың дамуы екінші рет шиеленіскен себептермен байланысты мидың органикалық зақымдалу жағдайында жүріп жатады. Мінез-құлықтарында ауытқылары бар жасөспірімдерді дұрыс тәрбиелеу үшін мұғалімдер мен тәрбиешілер олардың тұлғасының қалыптасуына қиындық туғызатын ерекшеліктері жөнінде хабардар болуы тиіс.
Осы тұрғыдағы жасөспірімдердің бір қатар ерекшеліктері, олардың жоғары жүйке әрекетінің зақымдануымен, таным іс-әрекеттерінің, эмоционалды еріктік сфералары және т.б. қасиеттерінің толық жетілмегенімен ескеріледі. Бұл ерекшеліктер, өз кезегінде салғырттық, әлсіздік, енжарлық және жұмысқа қабілеттілігін төмендеуін қамтамасыз етеді.
Кейбір мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінезі тұйық, ешқандай адамдармен араласпау қасиеттері де байқалады. Бұның бәрі олардың тұлғалық құрылымына өзіндік із қалдырып отыруы сөзсіз. Алайда, мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғалық құрылымдарының негізгі компонентері қалыпты жағдайдағы жеткіншектердікіндей болып келеуін әрқашанда ескеруіміз керек
Белгілі психолог, ғалым С.Л.Рубинштейн өз еңбегінде, мінез-құлықтан, қоршаған ортамен ағзаның байланысын жүзеге асыратын ұйымдастырылған іс-әрекетті белгілі түрде айыруға болады, - деп өз пікірін айтқан.
Дегенімен, психикалық дамудың әр кезеңіндегідей, жасөспірім үшін маңызды болып іс-әрекеттің негізгі түрлері саналады. Жасөспірімнің тұлғалық дамуының қайнар бұлағы негізгі іс-әрекетпен ғана тамдамағанымен, сол негізгі әрекет оның бойында маңызды өмірлік қажеттіліктерді қалыптастырып, өскелең ұрпақтың бейнесін анықтайды.
Жасөспірімдік жас кезеңіне тән ерекшеліктерді және олардың айналысатын түрлі іс-әрекеттерінің ықпалын зерттеу нәтижесі, көптеген ғалымдардың пікірін, яғни мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғасының қалыптасуында негізгі орынды еңбек іс-әрекеті алады, - деген қорытынды жасауға түйіндейді. Бірақ балалармен тұлғалық дамуы еңбек іс-әрекетінің бөлек түрлері арқылы іске аспай, сол іс-әрекеттерді белгілі бірлік жүйесіне байланысуын ұйымдастыру жолмен ғана жүзеге асып отырады. Мұндай ұйымдастыру жүйесі, жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуына еңбектің нәтижелі психологиялық ықпалымен қамтитын, белгілі мінез-құлқы ауытқушы болған балалардың жұмыс моделін құрастыруға мүмкіндік береді
Жасөспірімдік жас, қауіп-қатерлі топқа енетін кезең болып саналады. Белгілі кеңес психологтары мен педагогтарының, яғни Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, Л.В.Мудрик, В.А.Сухомлинский, В.Т.Властовский, И.С.Кон, И.А.Невскийдің еңбектерінде жеткіншек кезеңінің ерекшеліктері баяндалған.
Жасөспірімдік кезең, баланың психикалық сферасының барлық жағын өзгертетін кезең. Ерекше өзгерістер интеллектуалдық әрекетінің дамуында болып жатады. Жасөспірімдік кезеңге әсіресе, танымдылыққа ұмтылу, өз пікірінің қалыптасуы, инттелектуалдық мәселелерге шығармашылық көзқараспен қарау, тән болып келеді Сонымен қатар, жасөспірімдік жаста өзіндік дамуына байланысты дене бітімі өзгеріп, психологиялық дисгармония пайда болады.
Бұл өзгерістер жасөспірімдердің бойына әртүрлі әрекеттердің пайда болуына әкеліп соғады, яғни оларда шыдамсыздық, дөрекілік, жиі кездеседі. Өзіндік сана-сезімі мен өзін -өзі бағалауы белсенді түрде қалыптасып, өз тұлғалық қасиеттеріне қоршаған адамдардың бағалауына қызығушылық пайда болады Қызығуында маңызды өзгерістер байқалады және рухани қажеттіліктері дамып, құндылы бағыт иерархиясы, өзіндік дүниетанымы, қоғамға, өзге адамдарға, өзіне көзқарасы қалыптаса бастайды.
Жасөспірімдік кезеңнің ерекше зейінді аудартатын, бұл әлеуметтік-психологиялық және биологиялық жағдайы, балалалық шақтан ересектік кезеңге өтуі. Осыған байланысты, психикалық ерекшеліктердің өзгеруі және басқа қасиеттердің пайда болуы бір қатар психологиялық қиындықтарды тудырады
К.К. Платонов "мінез-құлық" терминіне кең танылған тарихи жинақталған мағынаны бекітуін ұсынған, яғни мінез-құлық - бұл оның субъекивті құрамдарын ескермей-ақ, іс-әрекеттің сыртқы көрінісі болып табылады, деп белгілейді.
Л.И. Божович, В.А. Крутецкий, Т.В. Драгуновтің зерттеулерінде, жалпыға бірдей мектеп оқушыларының көбісінде, өз жасына сай адамгершіліктік-өнегелі ұғымдар дұрыс талқылауы көрсетіле отырып, барлық жастағы оқушыларда мінез-құлықтың адамгершіліктік нормалары жөнінде білімі дұрыс бола бермейтіні де анықталған. Мұндай бұрмалы білімнің себебі: тәрбие үрдісінің дұрыс басқармағанында, дұрыс түсінбеген фактілерге зейінді көбірек бөлгендікте, ересектердің өз беттерінше талдауға талаптануында, - деп түсіндіріледі.
Л.И.Рувинский өз зерттеулерінде мінез-құлықтың адамгершіліктік бағалау қызметі мен психологиялық механизмдердін, білімдер және қасірет аралық байланыс орнату шарт ретінде қарастырған. Нәтижесінде автор, адамгершіліктік-өнегеліктің құнды саналы-эмоционалды меңгеру концепциясын ұсынды. Кеңес психологы А.Н.Леонтьев, мінез-құлықтың мотивін теориялық тұрғыда түсінуіне көп үлесін қосып, осы мәселеге бағытталған бір қатар зерттеулерді, кең тұрғыда жүргізген.
А.Н.Леонтьев, мотивті өзекті қажеттілікке жауап беретін, яғни оны қанағаттандыру шарасы ретінде көріне отырып, мінез-құлықты белгілі жүйемен ұйымдастыратын зат деп, - анықтады. Бақыланған мінез-құлықтың бір қажеттілік мотивациясында әртүрлі заттар орындалуы мүмкін.
А.Н. Леонтьев, зерттеу жүргізу барысында, қажеттілік өз бетінше мінез-құлықтың мотиві бола алмайтынын көрсетті, өйткені мұқтаждық күй ретінде ол ағзаның тек бағытталмаған белсенділігін ғана тудыруға және мұқтаждықтан пайда болған күштің толық жойылуына дейін, оны белгілі деңгейде қүшейтіп немесе әлсіретіп тұруға қабілетті болады.
А.Н.Леонтьев, толық мотив үшін, яғни мінез-құлықты белгілі бір жүйеге бағыттау үшін, кемінде екі мотивациялық факторлар қажет деген шешімге келді: ол қажеттілік және мотив. Сонымен "мотив" дегеніміз - іс-әрекеттке, белгілі бір қылықтырға итермелеуші күш.
Бұл баланың қажеттіліктері, қызығушылықтары, құмарлықтары және эмоциялары болуы мүмкін. А.Н.Леонтьев қажеттілік пен мотив арасындағы айырмашылықты, тек мінез-құлық мотивациясындағы үрдіс ретіндегі әртүрлі рөлінде ғана емес, басқада деп ұйғарды.
Қандай да болмасын қажеттіліктің, қанағаттану немесе қанағаттанбау дәрежесі субъективті түрғыда ғана көрінеді, демек санасыз түрде эмоцияда ғана көрініс береді. Ал мотив адам санасында мінез-құлық бағытталған объект немесе мақсат ретінде көрінеді. Қандай болмасын мінез-құлықты бағалау, оны бір нормалармен, ережелермен салыстыруды ұйғарды
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мінез-құлқы мен тұлғасын зерттей отыра, олардың құрылымындағы сақталған компоненттерді ашуға мүмкіндік туады. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар, қасиеттерінің қалыптасуымен оның даму деңгейі және мінез-құлқының тұрақтылығы үшін керекті коррекциялық жүмыстарды және шараларды ұйымдастыруға болады.
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінез-құлық бағытарына - мотивтер, қажеттіліктер, қызығу жүйелері кіреді Осыған байланысты айтып кететін жәйт, ақыл-ойларының жеткілікті дамымауымен себебінен, олардың қажеттіліктері кедей және сана тұрғысында реттеуі әлсіз болып келеді. Бұл жәйт, оның қарапайым органикалық қажеттіліктерінің (тамақ ішу, ұйықтау т.б.) үстем болуында нақты көрініп отырады.
Жоғары мәдени қажеттіліктерінің жетілмегендігі, осы тұрғыдағы жасөспірімдердің қызығуы мен мотив сферасының ерекше болуын түсіндіреді. Бас миының органикалық зақымдануы, оның компенсаторлық (орын толтыру) мүмкіндіктерін төмендетіп, жалпы даму және қабілеттіліктерінің даму мүмкіндіктерін де шектеп отырады. Балалардың бұл дәрежесі, өзін-өзі реттеу жүйесі деп аталатын, тұлғалық қасиеттің де өзіндік ерекшелігі болады
Бұл жүйе ой және тәжірибелік іс-әрекетін орындау үрдісінде өзін-өзі бақылай білу мүмкіндігімен қамтуға тиісті. Жоғары өзін-өзі реттеу "Мен" деп белгіленетін арнайы жүйе арқылы жүзеге асып отырады.
Тәрбие мен өмір жағдайына байланысты "Мен" , қасиеті анықталып өз күші мен шарасын реттеудегі мүмкіндігі байқалады. Тұлға өзін-өзі реттеу жүйесі ретінде процестерді тежелуін (қылықтар, әрекеттер); психикалық іс-әрекеттерді аударуын, белсенділігін күшейтіп немесе төмендетуін жүзеге асырады.
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларға тән ойлау іс-әрекетінің реттеуші қызметінің әлсіздігі, жиі жағдайда өзінің және өзгелердің әрекеттері мен қылықтарына сын көзбен қарай алмауын қамтамасыз етеді. Сана сезім деңгейінің төмендігі көп жағдайда, олардың әрекетті орындар алдында емес, орындалғаннан кейін ойлануға алып келеді.
Бұл әрине, қате әрекеттерге, алдындағы орындалатын әрекетті жоспарлай білмеуіне алып келеді. Бұл тұрғыдағы жасөспірімдер әдетте, өз мүмкіндіктерін, бейімділіктерін, өз әрекеттерінің нәтижелерін сын көзбен бағалай алмайды. Бұның себебі ең алдымен бас миының органикалық зақымдануынан болады.
Тұлға жүйелерінің бірі мінез. Бұл күрделі құрылым, мұнда адамның рухани өмірінің мазмұны мен формасы біртұтас көрініс беріп, тұлғаның мінез-құлық стилі болады. Адам мінезінде, оның ерік-жігері, қызығуы, эмоционалдық қасиеттері көрініс береді. Бас ми қыртысы әрекетінің әлсіздігінің, эмоционалды-ерік сфералары, қызығуы, наным-сенімдерінің дамымағанына байланысты ақыл-ойы кем жеткіншектердің мінездері тұлғаның басқа жүйелі компоненттері сияқты өзіндік өзгешелікпен ерекшелінеді.
Мінез қарым-қатынас жүйесінде көрініп қалыптасып отырады. Адам ақиқатты танып қана қоймай, сол ақиқат дүниеге деген өзінің көзқарасы, оны қабылдау ерекшелігі де болады. Адамның тұлғасы әртүрлі қарым-қатынастың яғни жақындары, жора-жолдастары, ұжым, қоғам, өзінің және өзгелердің әрекеттерінің назарында болады
Достарыңызбен бөлісу: |