Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет51/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
108 
Материал
ды 
тү-
сіндірудегі  мұ-
ғалімнің  іс-әре-
кеті 
Басымдылық,  түсіндіру  мен 
бақы-лау  мұғалімнің    әрекетімен 
орында-лады 
Оқу 
нәтижесін 
бағалауда, 
жоспарлауда, 
мақсат  құру-да,  шешім 
қабылдау істерінде мұғалім 
мен  оқушының  бірлесіп 
жұмыс істеуі  
 
Осындай  мұғалімнің  шығармашылығымен,  ізденпаздығымен  білім  беру 
барысында  қалыптасқан  дәстүрлі  емес  сабақ  барысында  оқушы  іс-әрекетінен 
тӛмендегідей жетістіктерді байқауға болады:   
1. Оқушы жеке тұлғалық қабілеттілігімен сабаққа ынталанады; 
2.Ӛтілген тақырыпты игеріп, қиын тапсырмаларды игереді;                                      
3.Ізденіс іс-әрекетіне баулу жолдары арқылы шығармашылық қабілеті дамиды; 
4.Мұғалімнің басшылығынсыз ӛз идеяларын жеткізе біледі;                                                                                                   
5.Сабақта ӛзі қызығатын тақырыпты таңдап, мұғалімнің басшылығымен ғылыми 
ізденістерге талпынады.  
Сонымен,  информатика  сабағын  дәстүрлі  емес  сабақтармен  ұйымдастырып  ӛту 
барысында  мұғалім  мен  оқушының  оқу  әрекеттері  шығармашылық  қабілет-терімен 
ұштасуы керек. 
     
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.  Брунер Д.Ж. Процесс обучения. М., «Педагогика»,1962. 
2.  Мамигонова Т.А. Дидактическая основа технологии интенсивного обучения / 
Под ред. Т.И. Шамовой. – М., 1993.               
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  информатикадан  дәстүрлі  емес  сабақтарды  ұйымдастырып  ӛткізуде 
мұғалімнің шығармашылығы мен оқушының жетістіктері қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
 В статье расматривается творчество преподавателя  и достижения  учашихся при 
организации и проведении нестандартных уроков по информатике. 
 
 
 
 
САБАҚТЫ ҦЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
  
Пазилова Б. А.-  аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Жоғары  білім-қоғамның  әлеуметтік  және  экономикалық  жағынан      дамуының 
шешуші    факторы    болса,  білімді  де  білікті  маман-қоғамның  ең  негізгі 
құндылығы.Осыған  орай  білім  берудің  басты  мақсаты-студенттердің  шығармашылық 
ойлауын,  рухани  мәдениетін,  интеллектуалдық    дамуын  оқу  пәндерінің  мүмкіндігі 
арқылы  қалыптастыру  ,  соның  негізінде  студентті  және  тұлға,  білікті  маман  ретінде 
тәрбиелеу  болып  отырғаны  белгілі.  Мақсатымыз  айқын,  ал  нәтиже  қандай?  Нәтиже 
маманның  кәсіби  әрекетінде  игерген  білімін  кез-келген  жағдайда  қолдана  білу 
қабілетінен, яғни алған білімінің сапасынан байқалады. Ондай қабілетті  дамыту үшін 
жоғары мектеп білім беруді жан-жақты жетілдіру, оқу мен тәрбиені кешенді жүргізу, 
студенттің ӛз бетімен білімін толықтыру, ғылым мен мәдениеттің жетістіктерін тиімді 
пайдалана  білу  іскерліктерін  қалыптастыруға  үлкен  мән  береді.Осыған  орай  оқу 
бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын заман талабына сай құру, 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
109 
оқыту технологияларын оқу үрдісіне енгізу арқылы білім сапасын кӛтеру, білім беруді 
ұйымдастырудың  тиімді  формаларын  іздестіру  сияқты  жұмыстар  жүргізіліп  келеді. 
Бұл  орайда  ең  негізгі  мәселе  -  оқытушының  кәсіби  шеберлігі,  оқытудың  теориясы 
туралы  білімі,  технологиялық  білімі,  пәндік  білімі,  сол  білімін  ӛзінің  педагогтік 
әрекетінде  тиімді  пайдалана  алуы  маңызды  рӛл  атқаратыны  белгілі.  Себебі  оқытушы 
студентке білім беріп қана қоймайды, білім алудың жолын, әдіс-тәсілін үйретеді, білім 
алушыларды  ӛз  бетімен  ғылыми  -  шығармашылық  ізденіске  бағыттайды,  олардың 
кәсіби маман ретінде жан-жақты қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Бұл - оқытушыға 
қойылатын негізгі талап. Ал оқытушының бәрі осы талап биігінен кӛріне ала ма деген 
мәселенің  ойландыратыны  заңды.  Оқытушының  кәсіби  шеберлігі  теориялық 
материалды  еркін  менгеруі  оны  тиімді  жеткізе  білуінде.  Оқытушы  тек  бір  саланың 
маманы  ғана  емес,  оқу  үрдісін  ұйымдастырушы  ретінде  де  кӛрінуі  керек.  Оның  бір 
кӛрінісі-материалдық  сипатына,  сабақтың  мақсатына  қарай  тиімді  әдіс-тәсілдерді 
дұрыс  таңдау,  оны  тиімді  пайдалана  алу,  студенттердің  танымдық-ізденімпаздық, 
рухани  шығармашылық  қабілетін  оята  білу.  Демек,  маман  дайындаудың  сапасы 
оқытушылардың  теориялық,  әдістемелік  және  ғылыми  деңгейіне  тікелей  қатысты. 
Оқытушының  бойында  мұндай  қабілеттің  бар-жоқтығын  қалай  тексеруге  болады? 
Осыған орай оқытушының оқыту ісіне педагогикалық бақылау жүргізудің маңызы зор.  
Оның  басты  мақсаты-оқу-тәрбие  жұмысының  теориялық  және  ғылыми-
әдістемелік деңгейін, маман дайындаудың сапасын кӛтеру. Тексеру, бақылау қызметін 
(оқу-тәрбие  үрдісінің  жай-күйін,  мазмұнын,  білім  беру  талабына  сай  болуын,  әдіс-
тәсілін,  ұйымдастыру  формасын),  педагогикалық  қызмет  (оқу-тәрбие  жұмысының 
тәжірибесін талдауға, жүйелеуге, тиімді жақтарын оқыту үрдісіне енгізуге, келешекке 
болжамдар  жасауға  мүмкіндік  береді),  тәрбиелік  қызмет  (ӛз  ісіне  жауапкершілікпен 
қарауға, 
ӛзіне-ӛзі 
талап 
қоюға, 
оқытудың 
тиімді 
жолдарын 
ізденуге), 
ұйымдастырушылық  қызмет  (сабақты  оқу  жоспарына,  оқу  бағдарламасына  сай  ӛтуді, 
уақытты  дұрыс  пайдалануға,  студентті  қызықтырудың  жолдарын  қарастыруға 
мүмкіндік береді) атқарады. Білім берудегі нәтиже екі жақтың білім алушы мен білім 
берушінің  бірлескен  әрекетіне  тікелей  байланысты.  Яғни  студенттің  игерген  білімін 
тексеру  олардың  бойында  оқуға,  білім  алуға  деген  үлкен  жауапкершілік,  берілген 
тапсырманы  дер  кезінде  орындау,  ӛз  уақытын  дұрыс  пайдалана  білу,  ӛз  білімін 
толықтырудың  тиімді  жолдары  мен  әдістерін  іздену  сезімдерін  қалыптастырады. 
Әсіресе,  ғылым,  сол  арқылы  келетін  білімнің  мәнін  түсіну,  оның  қоғам  ӛмірінде 
атқаратын  рӛлін,  келешек  мамандығына  терең  білім  мен  біліктіліктің  қажеттілігін, 
соған  орай  жақсы  маман  болып  шығуға  әрекет  жасауға  тырысу  ӛте  маңызды.  Бұл 
орайда  негізгі  білім  алатын  пәннің  ғылыми  негізі,  оны  игертетін  оқытушының  білімі 
мен біліктілігі үлкен рӛл атқарады. Осыған орай студенттің білімін тексеру (ол жүйелі 
жүргізіледі)  оқытушының  педагогтік  әрекетін  тексеріп,  бақылап  отыру  қажет.  Оқу 
үрдісіндегі  тексеру  жүйесінде  студенттің  білім  алуы  негізгі  орынды  алады.  Мұндағы 
басты ұстаным-әр студенттің оқу әрекетін жоғары талап деңгейінде ұстап отыру. Осы 
мақсаттан  кафедра  мұғалімдері  жоспарлы  түрде  ашық  сабақ  ӛткізеді.  Ал  оны  жан-
жақты  талдау  үшін,  яғни  оқытушының  жұмысын  ӛз  деңгейінде  бағалау  үшін  белгілі 
бір меже болуы тиіс. 
Оқыту үрдісіне педагогикалық бақылау 3 түрлі бағытта жүргізіледі:  
оқытушының сабақты ұйымдастыруы, пәннің мазмұнын жеткізу және әдістемелік 
шеберлігі. 
Оқытушының  сабақты  ұйымдастыруын  бақылауда  мынадай  мәселелерге  кӛңіл 
бӛлінеді:  
-сабақтың  сабақ  кестесіне  сай  және  ӛз  уақытында  басталуы  (тақырыптың  аты, 
ӛтілген орны, сабақтың түрі); 
-оқытушының  сабаққа  дайындығы  (қажетті  құрал-жабдықтары,  оқу-әдістемелік 
кешені, кӛрнекілігі);  


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау