Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет45/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
96 
«ӛзіндік»  математикалық  аппарат  болуы  керек.  Бұл    есептеу  тұрғысынан  қарапайым 
түсінік болып табылады. Екіншіден, педагогика саласында кӛлемдерді ӛлшеудің ортақ 
тәсілдері болуы қажет деп ойлаймыз.   
Педагогикалық құбылыстың түрлі қасиеттерін ӛлшеу проблемасы оның сапалық 
үлгісін  айқындау  сатысында  кездеседі.  Сӛйтіп  педагогикалық  құқықтың  негізгі 
жақтары анықталды. Мұны ӛлшеп білу жалпы ӛлшеу реттемесіне тікелей байланысты 
болады.  Себебі  кез  келген  физикалық  кӛлемді  n  бірліктің  бірнеше  санымен 
белгіленетіні  мәлім.  Сонымен  n  –  нің  мәні  берілген  кӛлемнің  бірлік ӛлшеміне  сәйкес 
болғандықтан, ыңғайлы болу  үшін физикалық кӛлемді  ӛлшеу үшін  барлық  жерде бір 
ғана  ортақ  бірлікті  қолдану  шарт,  ал  ӛлшеу  деген  мағынада  ӛлшенетін  кӛлемнің  ӛзі 
тектес бірлік кӛлемімен салыстыру процесі деп түсіну ұйғарылған. Осындай ӛлшеудің 
нәтижесінде, зерттеліп отырған кӛлемнің бірнеше бірлікті құрайтын сандық мәніне қол 
жеткіземіз.  Ӛлшеуді  –  эталонмен  салыстыру  процедурасы  ретінде  түсіну 
тұжырымдамасын  зерттеушілердің,  сондай-ақ  педагогтардың  басым  бӛлігі  қолдайды. 
Бұл  объективтік  эталондардың  болмауына  ғана  емес,  негізінен,  біртектес 
педагогикалық  кӛлемдерді  салыстыруға  мүмкіндік  тудыратын  нақты  сандық 
заңдылықтардың  болмауына  келіп  тіреледі.  Осы  тұжырымды  анықтау  үшін  физика 
тарихынан алынған мысалға жүгінейік.   
Адамзаттың  сандық  деңгейде  ӛлшеген  мӛлшерлер  ұзындық,  уақыт  және  салмақ 
болғаны  белгілі.  Алайда  сандық  ӛлшеуге  кӛшпес  бұрын,  жекелеген  заттар  мен 
құбылыстардың  ұзақтығы  мен  кеңістіктегі  ұзындығы  ұзақ  бақыланды,  одан  кейін 
аталмыш  мӛлшерлер  абстракцияланды  соңында  ұзындық,  уақыт  және  салмақ  секілді 
қасиеттерге  қатысты  коммутативтілік  және  санға  қосу  мен  кӛбейтудің  транзиттілігі, 
қосу  мен  кӛбейтуді  дистрибутивтілігі  секілді  операцияларды  айқындауға  алып  келді. 
Қарастырылып  отырған  физикалық  заттар  мен  құбылыстардың  аталмыш  қасиеттері 
ӛркениеттің дамуының ерте кезеңдерінде- ақ адамға ұзындықты,  уақыт пен салмақты 
ӛлшеу  үшін  қарапайым  әрі  ыңғайлы  метрикалық  шкалаларды  қолдану  мүмкіндігін 
тудырды.Шынында,академик  Н.Н.  Луиннің  пікірінше,  кез-келген  физикалық  кӛлемді 
ӛлшеу  міндетінің  ӛзі  әрқашан  анық  белгіленбеген  міндет  болып  қала  беретінін 
ескерген жӛн.       
Бірқатар  психологиялық-педагогикаық  зерттеулер  ӛлшеу  проблемаларының 
басты  мәселесі  –  нені  ӛлшеу  керектігін  кӛрсетеді.  Себебі  әр  зерттеуде  оқу-тәрбие 
процесін зерттеудің ӛз міндеттері қойылады. Екінші жағынан оқу-тәрбие процесі түрлі 
жақтарының  мазмұнының  ашылуы  қалай  ӛлшеу  керектігіне  яғни  келесі  маңызды 
мәселенің  дұрыс  шешілуіне  байланысты  болып  табылады.  Қалай  ӛлшеу  керек  деген 
мәселе  кӛтерілген  кезде  тиісті  педагогикалық  ӛлшеу  құралдарын  құрып  қолданумен 
байланысты міндеттер кешенін талқылауға тура келеді.    
Әрине, нені және қалай ӛлшеу туралы мәселелер ӛзара тығыз байланысты, себебі 
олардың әрқайсысы да эмпирикалық нысан қасиеттерін қамтумен және оларды зерттеу 
деңгейімен  анықталады.  Сонымен  қатар,  осы  мәселелерді  кӛтеру  және  мазмұндарын 
ашу  біз  қарастырып  отырған  күрделі  әрі  құрылымы  әлсіз  ӛлшеу  проблемаларының 
шешу  гнесеологиялық  функциясын  қамтып  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  оның 
әдістемелік  негізін  құрайды.  Бұл  осы  проблеманың  ӛзін  ӛзара  бірегей  логикалық 
зерттеумен байланысқан ең басты екі бағытта жетілдіру мүмкіндігін тудырады. Олар:   
- қасиеттерін бӛліп кӛрсету және оларды жеке бастың психологиялық процестері 
мен  қасиеттерін  есепке  ала  отырып,  оның  қасиеттерін  бӛліп  кӛрсету  арқылы 
эмпирикалық нысан мазмұнының моделін құру;  
-  эмпирикалық  нысан  құралдары  мен  процедураларын  жетілдіру  және  оларды 
білім беру саласындағы түрлі педагогикалық мәселелерді шешу практикасына енгізу.   
Осылайша,  ӛлшеу  проблемасын  жетілдіру  педагогика  саласында  екі  ӛзара 
байланысқан  міндеттерді  шешуді  кӛздейді.  Бірінші  мәселе,  психологиялық-


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
97 
педагогикалық зерттеулерде орын алса,  екіншісі – тек конструктивті шешім бойынша 
анықталады.   
Студенттің  жоғары  оқу  орнындағы  әрекеті  қоғамдық-әлеуметтік  қатынастар 
жүйесіне  енгізілгендіктен,  ол  ғылыми  тұрғыда  негізделген    және  тәрбие  беру 
барысында қалыптасуы мен басқарылуы студенттің жеке тұлға яғни, әрекет субъектісі 
ретіндегі  жағдайын  сипаттаудың  негізін  құрайды.    Осы  тұста  Б.Г.Ананьевтың 
түжырымы  бойынша,бірінші  тобына  –  жас  ерекшелік  –  жыныстық  ерекшелік  және 
жеке  бастық  –  типтік  ерекшеліктерді  жатқызуға  болады,  олар  студентті  индивид 
ретінде  сипаттап  береді.  Б.Г.  Ананьевтің  айтуынша,  жас  ерекшелік  –  жыныстық 
ерекшелік және жеке бастық – типтік ерекшеліктердің ӛзара әрекеті оның психикалық-
физиологиялық 
функциялар 
динамикасымен 
қатар 
(сенсорлық,мнемоникалық,вербалды-логикалық  және  т.б.),  оның  органикалық 
қажеттілік құрлымына да ықпал етеді. Ерекшеліктердің екінші тобына студентті жеке 
тұлға  ретінде  сипаттайтын  қасиеттерді  жатқызамыз.  Олар  мыналар:  мәртебесі,  ролі 
және құндылық бағыттары, олар студенттің ынтасы мен жүріс-тұрысын сипаттап қана 
қоймай, оның мінез-құлқын да сипаттайды. Бейімділіктері,  сондай-ақ оның қоғамдық 
жүріс-тұрыс  құрлымы,  жеке  бастық  қасиеттері.  Үшінші  топқа  судентті  әрекет 
субъектісі  ретінде  сипаттайтын  барлық  қасиеттерді  жатқызамыз.  Б.Г.Ананьев  бұл 
топқа сана мен әрекетті де жатқызады.         
Білім  алушының  кез  келген  қасиетін  ӛлшем  нысаны  ретінде  қарастыра  отырып, 
келтірілген  классификацияның  басқа  да  маңызды  әдістемелік  жағын  да  атап  ӛтуге 
болады: кез-келген қасиет осы арада білім алушының жай-күйін анықтайтын функция 
ретінде  орын  алады  (психикалық,  психофизиологиялық,  әлеуметтік,  психологиялық-
педагогикалық).  Оларды  білу  және  бағалау  жоғары  оқу  орындарында  оқу-тәрбие 
процесін  басқаруда  және  ұйымдастыруда  маңызды  құрал  бола  алады.  Сонымен  білім 
алушы әрекетінің кӛптеген қасиеттерінің аз зерттелгендігінен, ең бастысы-оқу тәрбие 
процесін  ұйымдастыру  мен  басқаруда  стандартталған  әдістемелер  мен  олардың 
бағалауларының жетілмегендігі болып табылады. Әдетте педагог қажетті білім-тәрбие 
беру  құралдарын  таңдауда  студентке  білім  берудің  бір-екі  психологиялық-
педагогикалық  заңдылықтарын  есепке  алады.  Осыған  байланысты  кӛптеген 
ерекшеліктерін  есепке  алу  мәселесі  туындайды,оларды  бағалап  және  олардың 
арасындағы  қажетті  байланыстарды  анықтап,мазмұндық  мағынада  түсіндіріп  береді. 
Алайда  тәлім  алушы  әрекеті  қасиеттерінің  тӛмен  деңгейде  зерттелуі  кез-келген 
психологиялық-педагогикалық  зерттеудің  нәтижелерін  сипаттау  туралығына  әсер 
етеді.  Соның  нәтижесінде  эмпирикалық  нысан  қасиеттерін  анықтауда  және  оның 
құрылымын түсіндіруде түрлі тұжырымдар туындайды. 
Осылайша,  психологиялық  -педагогикалық  сипаттамалар  студенттерге  білім 
берудің  бірнеше  жалпы  және  локальді  түрде  әрекет  ететін  заңдылықтарын  кӛрсетеді: 
педагогика  мен  психология  саласында  жаңа  ғылыми  деректердің  пайда  болуы  және 
жинақталуы  эмпирикалық  нысандардың  қасиеттерін  сипаттау  барысында  маңызды 
эмпирикалық  нысандарды  толықтай  анықтау  мүмкіндігін  береді.  Сонымен  қатар 
эмпирикалық  нысан  кез-  келген  зерттеліп  отырған  қасиеттерді  есепке  алу  студенттің 
индивид  ретіндегі  әрекетінің  маңызды  жақтарын  қамтиды.  Субъектіде  белгілі  бір 
әрекеттер жүйесінің болуы – ӛлшем нысаны сипаттамасын жасап қана қоймай, сондай-
ақ тиісті факторларды айқындауға кӛмектеседі. 
Эмпирикалық нышандарын  сипаттау арқылы ӛлшем нысанын анықтау негізінен 
маңызды сатыны құрады, мұндай сатыны құрып алмай ӛлшеу теорияларын педагогика 
саласына  енгізу  туралы  міндеттерді  шешуге  қатысты  арнайы  мәселелерді  талқылау 
мүмкін  емес.  Пфанцагльдің  пайымдауынша,  зерттеудің  бастапқы  сатысында  ӛлшем 
нышандарын императивті түрде ӛлшеуді кеңінен қолдануды қамтитын формалық емес 
кӛзқарас  логикасын  есепке  ала  отырып,  кейіннен  эмпирикалық  нысан  қасиеттерін 
ӛлшеудің  сандық  шкалаларын  жетілдіру  және  құру  мәселелеріне  кӛшу  қажет.  Яғни, 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау