|
Пневмониялар. Классификациясы, диагностикасы, емі
|
бет | 3/6 | Дата | 04.12.2023 | өлшемі | 3,95 Mb. | | #44563 |
| пневмониялар - Өкпенің тығыздалу синдромын анықтауды үйрену.
- Өкпенің тығыздалу синдромы бойынша ажыратпалы диагнозды жүргізуді үйрену.
- Пневмонияларды диагностикалау.
- Пневмонияларды емдеу принциптерін үйрену.
- Пневмониялардың алдын алуды үйрену.
- Пневмония - бұл респираторлы бөлімдерді қамтитын және интраальвеолдық қабынулық экссудациямен жүретін өкпенің жедел ошақты инфекциялық-қабынулық (негізінен бактериялық) зақымдануы.
Эпидемиологиясы - Эпидемиологиясы
- Пневмонияға өкпе ауруларының 54% келеді.
- Пульмонологиялық өлім-жітімнің 2-ші орнын
- алады.
- Ауруханалық өлім себептерінің 1-ші орнын
- алады.
- Пневмониядан өлім еңбекке жарамды
- жастағыларда 61% дейін жетеді.
Пневмониялардың жіктеуі - Жіктеуде
- 1. Аурудың даму жағдайы (қандай пневмония), 2. Ауырлық дәрежесі
- 3. Дерттің орналасуы
- 4. Асқынулары ескеріледі.
Сонымен, жіктеудің 1-ші кезеңінде аурудың даму шартына қарай бөледі: - Сонымен, жіктеудің 1-ші кезеңінде аурудың даму шартына қарай бөледі:
- 1. Аурухадан тыс пневмонияны (синонимдері: үйішілік, коммуналды, емханалық).
- 2. Ауруханалық (ауру науқастың стационарға түскеннен кейін 48 сағаттан соң немесе ауруханадан шыққаннан кейін 4 апта ішінде дамығанда) (синонимдері: нозокомиалды, госпиталды).
- 3. Аспирациялық пневмонияны.
- 4. Иммундытапшылық пневмонияны (туа біткен иммунодефицит, ЖИТС-инфекция, ятрогенді иммуносупрессия).
- Жіктеудің екінші бөлімі – ауырлық дәрежесі. Ауырлық дәрежесін дұрыс бағалау науқасты емдеу орнын, емдеу тактикасын таңдауда маңызды. Пневмонияның ауырлық дәрежесі бағаланады:
- 1. Интоксикациялық синдром айқындылығы бойынша. Дене қызуының 1 градусқа жоғарылауы ЖСЖ 8-10 соққыға, ТАЖ 2-3 тынысқа өсіреді. Сана бұзылысы интоксикациялық синдром ауырлығының куәсі. Интоксикациялық синдромның зертханалық көрсеткіштері: лейкоцитоз, ЭТЖ үдеуі, қабыну көрсеткіштерінің өсуі, ШТҚҰ маркерлері.
- 2. Тыныс жеткіліксіздігінің айқындылығы бойынша. Клиникалық (тахипноэ, цианоз) және параклиникалық (оттегі сатурациясының төмендеуі, көмірқышқыл газ сатурациясының және кернеуінің жоғарылауы).
- 3. Асқынулардың дамуы бойынша: пневмонияның ауырлығын көрсетеді.
- 4. Зақымданудың ауқымдылығы бойынша: R деректерге сүйеніп.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|