9. CӨЖМ кеңесінің кестесі
Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семестрдегі СӨЖМ кестесі бойынша өткізіледі.
10. Студенттердің білімін тексері кестесі
Практикалық және СӨЖ сабақтарға қатысу және дайындалу әр апта бойынша ең жоғары 100 баллмен бағалау арқылы есептелінеді. Қорытындысында әр ағымдағы рейтинг үшін 100 балл.
Одан басқа әр межелік бақылау үшін (МБ -1, МБ-2) 100 балл сәйкес 8-ші және 15-ші апталарда бағаланады.
11. Студенттің білімін бағалау критерийлері
Студенттер міндетті түрде сабақтарға қатысу керек. Себеппен қатыспаған сабақтардың тапсырмаларын кешірек тапсыруға болады.
Кешігіп келген студенттерге сабаққа қатысуға рұксат берілмейді. Сабақта тәртіп бұзғаны үшін 5 балл шегеріледі.
Сабақтың барлық түріне (дәріс, тәжірибе, СОӨЖ) студент міндетті түрде дайындалып келуі керек. Студенттің білімі бақылау жұмысы, тест, межелік бақылау арқылы тексеріледі.
Тәжірибе және өзіндік жұмыстардың тапсырмалары міндетті түрде орындалуы керек.
Өзіндік жұмыс сіздің нұсқаңызға сәйкес орындалуы керек, әйтпесе жұмысыңыз есептелінбейді. Нұсқаңыздың номерін оқытушы анықтайды.
Берілген тапсырмалар уақытында орындалу керек, кеш орындалған тапсырмалар кемітіп есептелінеді. Кез келген бақылау түрінде және емтиханда көшіруге тыйым салынады. Бұл жағдайда алған баллыңыздың 80% шегеріледі.
Бір жағдайлар бойынша бақылау шарасына қатысалмай қалсаңыз, оны келесі жұма ішінде өтуіңізге мүмкіндік беріледі.
МБ бағасы 100 ұпаймен есептелінеді.
МБ-ға АҮ баллдары бар студенттер ғана жіберіледі.
АҮ және МБ қорытынды бағалары бойынша студенттің пән бойынша рейтингі (Р1 және Р2) келесі формула бойынша анықталады
Р1(2) = АҮ 1(2)*0,7 + МБ1(2)*0,3.
Егер оқу жоспарында берілген пән бойынша емтихан және сынақ тұрса, онда сынақ Р2 екінші межелік бақылау ретінде есептелінеді.
Егер студент межелік бақылаудан өтпесе немесе 50 баллдан кем алса, онда рейтинг анықталмайды.
Пән бойынша студенттің семестрдегі кіру рұқсатының рейтингі (КРР) келесі формуламен есептелінеді
КРР = (Р1+Р2)/2.
Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын орындаған және кіру рұқсатының рейтингі 50 баллдан кем емес студенттер жіберіледі.
Қорытынды бағаны (Б) келесі формула бойынша есептейді
Қ = КРР *0,6 + ҚБ*0,4
Қорытынды баға КРР және ҚБ
бағалары қанағаттанарлық
болса ғана есептелінеді. Қорытынды бақылауға келмеген жағдайда студентке «қанағаттанарлық
емес» деген баға қойылады.
Емтиханның және аралық аттестацияның нәтижелері студентке сол күні, ал түстен кейін өтсе келесі күні жарияланады.
Қорытынды бақылауда алынған оң бағаны жоғарлатуға рұқсат берілмейді.
Бақылау түрлері: Т – тәжірибелік жұмыс, СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы, МБ – межелік бақылау.
Білім алушының білімін бағалау шкаласы
Балл түріндегі қорытынды баға (Қ)
|
Балл түріндегі цифрлық эквивалент (Ц)
|
Әріптік жүйедегі баға (Ә)
|
Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)
|
Емтихан, диф.сынақ
|
Сынақ
|
95-100
|
4
|
A
|
Үздік
|
сынақ
|
90-94
|
3,67
|
A-
|
85-89
|
3,33
|
B+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
B
|
75-79
|
2,67
|
B-
|
70-74
|
2,33
|
C+
|
Қанағат
|
65-69
|
2,0
|
C
|
60-64
|
1,67
|
C-
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
50-54
|
1,0
|
D
|
0-49
|
0
|
F
|
Қанағатсыз
|
Сынақтан өтпеген
|
12. Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1. Арсенин В.Я. математическая физика. Основные уравнения и специальные функции. – М.: Наука, 1966г. – 368с.
2. Бижігітов Т. Математикалық физика әдістері: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. – 296б.
3. Владимиров В.С. Уравнения математической физики. – М.: Наука, 1971. – 512с.
4. Голоскоков Д.П. Уравнения математической физики. – Сб: Питер, 2004. – 539с.
5. Положий Г.Н. Уравнения математической физики. – М.: «Высш. шк.», 1964. – 559с.
6. Рамазанов М.И., Мухтаров М., Әділбек Н.А. Математикалық физиканың негізгі теңдеулері. – Қарағады: ҚарМУ баспасы, 2009. – 324 б.
7. Тихонов А.Н., Самарский А.А. Уравнения математической физики. – М.: Изд-во МГУ, 1999. – 798с.