|
Пјн Информатика сынып 7в Дата
|
бет | 5/6 | Дата | 25.12.2017 | өлшемі | 1,25 Mb. | | #5968 | түрі | Сабақ |
| § 4.4, бет. 129-133
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.
Пән Информатика сынып 7_ Күні . .
сабақ №: 24 сағ.саны.: 1
Тақырып: Paint – тің қосымша мүмкіндіктері.
Мақсат: Оқушылардың Paint бағдарламасында үзінділермен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыруды жалғастыру. Үзінділермен жұмыс жасауды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды үзінділермен жұмыс жасау тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
Суретті қалай сақтаймыз?
Әрекеттерді қалай орындатпаймыз?
Орындатпау әрекетін қалай орнына келтіреміз?
Мәтіні бар суретті қалай саламыз??
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Белгілеу немесе Ерікті аймақты белгілеу құралдарымен үзінді таңдалғаннан кейін, олармен келесі әрекеттер орындалады:
Алмасу буферіне қиып алу.
Алмасу буферіне көшіру.
Осы суретті басқа жерге апару.
Берілгенсуреттің өлшемінде көшіру.
Оны сурет бойынша «көбейту».
Пішіні мен өлшемін өзгерту.
Өлшемін өзгерту және қисайту.
Төңкеру немесе кері бұру.
Түсін өзгерту.
Өшіру (жою).
Үзіндіні жылжыту және көшіру.
Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен Правка менюінің Вырезать немесе Копировать командаларының бірін пайдалануға болады. Вырезать командасын таңдағанда, Paint программасы үзіндіні суреттен алып, алмасу буферіне орналастырады. Ал егер Копировать командасын орындаса, онда сурет өзгермейді және алмасу буферіне көшірмесі орналастырылады.
Суреттің үзіндісін көшіру үшін:
Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасына шертіп, тышқан нұқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Содан кейін суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтау ішіне енгенше, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.
Правка – Копировать командасын орындаңдар.
Правка – Вставить командасын орындаңдар. Сонда үзінді терезенің сол жақ жоғарғы бұрышында пайда болады.
Үзіндіні тышқанмен іліп алып, қажетті орынға апарыңдар.
Суреттің үзіндісін жылжыту үшін:
Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасында шертіп, тышқан нұсқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Одан соң суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтаудың ішінде болғанша тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.
Правка – Вырезать командасын орындаңдар. Бұл жағдайда қиып алған сурет жоқ болып кетеді.
Правка – Вставить командасын орындаңдар. Сурет үзіні терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында пайда болады.
Үзіндіні тышқанмен іліп алып, тиісті орынға қойыңдар немесе бұрынғы орнына қайтарыңдар.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма. Киімдерін ауыстырыңдыр.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Сурет көлемін қалай өзгертеміз?
Сурет көлемін қалай өз орнына келтіруге болады?
Суретті баспаға шығару командасы?
Үзіндіні көбейту қалай жүзеге асырылады?
Үзіндіні жылжыту әрекеттерінің тізбегі?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға үзінділермен жұмыс жасауға үйрету.
7) Үйге тапсырма § 4.4, бет. 133-143
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.
Пән Информатика сынып 7_ Күні . .
сабақ №: 25 сағ.саны.: 1
Тақырып: WordPad мәтіндік редакторы көмегімен мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Мәтіндік редактор терезесі.
Мақсат: Оқушылардың WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру, онымен жұмыс жасау негіздерін түсіндіру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
Сурет көлемін қалай өзгертеміз?
Сурет көлемін қалай өз орнына келтіруге болады?
Суретті баспаға шығару командасы?
Үзіндіні көбейту қалай жүзеге асырылады?
Үзіндіні жылжыту әрекеттерінің тізбегі?
3)Жаңа тақырыпқакіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
WordPad редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі
шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты, мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген мәтіндік редакторлардың жаңа түрлерімен сіздер кейінірек таныс боласыздар. Сондықтан WordPad (Write) редакторының тек негізгі жұмыс мүмкіндігімен қысқаша түрде таныстырамыз.
Windows жүйесінде - Іске косу=>Программалар => Стандартты => WordPad командасын орындау қажет. WordPad және Write редакторлары мәтіндік қүжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге – ішкі көрінісі мен қаріпін өзгертуге, қүжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, онын беттерінің параметрлерін өзгертуге жәш қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.
Осы атап өткен мүмкіндіктердің ішішн біз келешекте қажет болатын мәтінді қағазға басып шығару жолын кеңінен қарастырып өтеміз. Windows жүйесінің бір ерекшелігі – ондағы кез келген қолданбалы программадағы мәтінді қағазға басу бір тәртіппен жүргізілетіндігі.
Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады:
тақырып жолы
меню жолы
құрал-саймандар тақтасы
пішімдеу тақтасы
сызғыш
жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін бос кеңістік – жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad программасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. әрбір батырманың міндетін білу үшін, тышқанның нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
Терезеде орналасқан екінші тақта – бұл Пішімдеу тақтасы. Бұл тақтада да мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары орналасқан.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
WordPad программасын іске қосу командасы?
WordPad терезесі қандай элементтерден тұрады?
WordPad терезесі элементтерінің қызметтері?
WordPad редакторы не үшін қолданылады?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға WordPad мәтіндік редакторы туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 5.1, бет. 146-149
WordPad мәтіндік редакторы. WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
Пән Информатика сынып 7_ Күні . .
сабақ №: 26 сағ.саны.: 1
Тақырып: Мәзiр, құралдар тақтасы және сызғыш.мәтiндердi теру ережесi
Мақсат: Оқушылардың WordPad мәтіндік редакторының мәзірімен, құралдар тақтасымен таныстыру. Мәтінді теру ережелерін ұғындыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
Тест алу
3)Жаңа тақырыпқакіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады:
тақырып жолы
меню жолы
құрал-саймандар тақтасы
пішімдеу тақтасы
сызғыш
жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін бос кеңістік – жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad программасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. әрбір батырманың міндетін білу үшін, тышқанның нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
Терезеде орналасқан екінші тақта – бұл Пішімдеу тақтасы. Бұл тақтада да мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары орналасқан.
Жұмыс аймағы
Қалып-күй жолы
Мәтінді енгізу және редакциялау:
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.
Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:
Enter - жаңа жолға көшу
Shift - бас әріптерді теру
СарsLоск - бас әріптер режиміне ауысу
Васкsрасе - меңзердің сол жағындағы символарды өшіру
Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру
Мәтінді пішімдеу:
Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.
Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К - курсив, Ч - асты сызылған. Кәдімгі Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі.
Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат - Абзац командалары арқылы да орындауға болады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
WordPad. мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
WordPad. мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
WordPad.мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз
WordPad. мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз
Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтері туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|