БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
________________Пфейфер Н.Э.
2011 ж. «__»__________________
Құрастырушы: аға оқытушы ______________Искакова А.Б.
Физика және аспап жасау кафедрасы
Мектептегі эксперимент техникасы пәні бойынша 050604-Физика, 050603-Механика мамандықтарының студенттеріне арналаған
Зертханалық жұмыстарға
әдістемелік нұсқаулар
Кафедраның отырысында ұсынылды
2011ж. «___» _________ № ____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _________Жукенов М.К. 2011ж. «____»_____________
ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2011ж. «____»_____________№_____Хаттама
ОӘК төрағасы _______________Ж.Г.Муканова 2011ж. «____»_____________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы _____________Варакута А.А. 2011ж. «____»_____________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2011ж. «____»_____________№_____Хаттама
1-зертханалық жұмыс
Тең үдемелі қозғалыс кезінде дененің үдеуін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін есептеу. Ол үшін шардың белгілі бір t уақытта жүріп өтетін s орын ауыстыруының ұзындығын өлшейді.Бастапқы жылдамдықсыз (v=0) тең үдемелі қозғалыс кезінде s=болатындықтан, s пен t-ны өлшеп алып, шардың үдеуін анықтауға болады. Ол
a=.
Өлшеу құралдары: өлшеуіш таспа,метроном.
Құрал-жабдықтар: науа, шар, қысқышы бар тұрғы, металл цилиндр.
Жұмысты орындау:
1.Тұрғы арқылы науаны көкжиекпен кішкене бұрыш жасайтындай етіп бекіту керек (33-сурет).
2.Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басынан жіберіп, ол цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санаңдар. Тәжірибе жүргізерде метрономды минутына 120 рет соғатын етіп қойыңдар.
3.Науаның көкжиекке көлбеулік бұрышын өзгерте отырып, шарды жіберген мезеттен бастап, оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рет соғатындай етуге болады (соғу арасы үш толас).
4.Шардың қозғалыс уақытын есептеңдер.
5.Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың s орын ауыстыруының ұзындығын табыңдар. Науаның көлбеулігін өзгертпей (тәжірибе шарты өзгермеуі тиіс), метрономның төртінші соғуы мен шардың металл цилиндрге соғылуы дәл келетіндей етіп алып (ол үшін цилиндрді аздап қозғауға болады), тәжірибені бес рет қайталау керек.
6.s= формуласы бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң үдеу модулінің орташа мәнін табыңдар: a=.
7. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:
Тәжірибе номірі
|
S,m
|
S, m
|
Метрономның соғу саны
|
t,c
|
a, м/c
|
1.
2.
3.
4.
5.
|
|
|
|
|
|
Ешбір өлшеу абсолют дәл болмайды. Өлшеу құралдарының жетілмеуіне және басқа себептерге байланысты, қалай да қателік кетеді. Қателіктерді мейлінше азайту үшін тәжірибе шартын өзгертпей,өлшеу жұмыстарын бірнеше рет қайталап орындаған жөн. Содан кейін олардың арифметикалық орташа мәні есептеледі. Бұл жұмысты да осылай орындау ұсынылады.
2-зертханалық жұмыс.
Маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: математикалық маятниктің тербеліс периодының
формуласы бойынша еркін түсу үдеуін анықтау. Ол үшін тербеліс периоды мен маятниктің ұзындығын өлшеп алу қажет. Сонда жоғарыдағы формуладан еркін түсу үдеуін табуға болады:
Өлшеу құралдары: секундтық тілі бар сағат, өлшеуіш таспа.
Құрал – жабдықтар: саңылауы бар шар, жіп, қысқышы мен сақинасы бар тұрғы.
Жұмысты орындау: 1. Тұрғыны үстелдің шетіне орнатыңдар. Оның жоғарғы жағына қысқыш арқылы сақина бекітіп, оған жіпке байланған жіпті іліңдер. Жүк еденнен 3-5 см жоғары тұру керек.
Маятникті тепе – теңдік күйінен 5-8 см-ге ауытқытып, содан кейін оны жібере салыңдар.
3. Маятниктің ұзындығын өлшеуіш таспамен өлшеп алыңдар.
4. Толық 40 тербеліс (N) жасауға кеткен Δt уақытты өлшеңдер.
5. Δt уақытты қайтадан өлшеп (тәжірибе шартын өзгертпей), оның Δtорт орташа мәнін табыңдар.
6. Уақыттың Δtорт орташа мәні бойынша тербеліс периодының Торт. орташа мәнін анықтаңдар.
7. формуласы бойынша еркін түсу үдеуінің gорт. орташа мәнін есептеп шығаруға болады.
8. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:
Тәжірибе номері
|
l,м
|
N
|
Δt,с
|
Δtорт.,с
|
|
gорт, м/с2
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
9.Еркін түсу үдеуінің алынған gорт орташа мәнін g=9,8м/с2 мәнімен салыстырыңдар.
10.Өлшеу дәлдігін бағалаңдар (1-зертханалық жұмыстағы ескертуге қараңдар).
3-Зертханалық жұмыс
Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау.Дененің көлемін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар шкалалары бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, денелердің көлемін өлшеу.
Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр (мензурка), су құйылған тостаған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар мен денелер (гайка, өшіргіш, т.б)
1-тапсырма. Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау
Жұмыстың барысы:
өлшеуіш цилиндрді мұқият қарап шығыңдар, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді қандай бірлікпен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар;
оқулықтағы 10-параграфты қайталап, қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтаңдар;
қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін де ескеріңдер;
анықталған шамаларды дәптерге жазып алыңдар;
өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:
Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі
|
Мензурка бөлігінің құны
|
Өлшеу қателігі
|
Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)
|
|
|
|
|
Ескерту: Сұйықтық көлемін есептегенде көздің шкаланы көру деңгейіне көңіл аударыңдар. Көзді су бетінің жазықтығымен дәл келетін горизонталь деңгейде бағыттау керек (1-сурет)
2-тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.
Жұмыстың барысы:
өлшеуіш цилиндрге қатты дене толық болатындай етіп (1-сурет) су құйыңдар, судың деңгейін белгілеңдер. Денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады;
пішіні мен көлемі әр түрлі 2-3 қатты денені таңдапалып, оны жіңішке жіппен байлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да, көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.
өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмагі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады. Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған дененің көлемін анықтайды.
Егер зертханада шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сыятын кех келген ыдысты пайдалануға болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді.
Өлшейтін дене
|
Сұйықтықтың бастапқы көлемі (V1,см3)
|
Дене мен сұйықтықтың көлемі (V2, см3)
|
Қатты дененің көлемі (V=V2-V1),см3
|
|
|
|
|
4- Зертханалық жұмыс
Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Қатарлау тәсілімен өлшеп үйрену
Құрал-жабдықтар: сызғыш, кішкентай денелердің жиынтығы (бытыра, подшипник шариктері, бұршақ, тары, сымның қиындылары, т.б), астауша, бұранда, бұрандашеге, гайка.
1-тапсырма. Шариктің диаметрін өлшеу
1. Астаушаға шариктің бірнешеуін салыңдар да, оның екі жағындағы жылжымалы тиекті қозғай отырып, оларды бір-біріне түйістіріңдер (33-сурет). Сызғышпен екі тиектің L ара қашықтығын өлшеп алыңдар. Оны астаушадағы шариктердің N санына бөліп, бір шариктің диаметрін анықтаңдар:
d=L/N
2. Ұсақ денелердің өлшемдерін анықтайтын мұндай тәсіл қатарлау тәсілі деп аталады. Қатарлау тәсілімен жоғарыда аталған басқа да материалдардың өлшемдерін (диаметрлерін) анықтауға болады.
3. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін кестеге жазғызу.
Зерттелетін дене
|
Қатардағы бөлшектің саны (N)
|
Қатардың ұзындығы (L, мм)
|
Диаметр (d,мм)
|
Диаметрді өлшеу қателігін (hd ,мм)
|
Шарик
Бұршақ
Сым
|
|
|
|
|
2-тапсырма. Бұранда қадамын өлшеу
1. Бұранда қадамы деп қатар жатқан орам оймасының ара қашықтығын айтады. Бұранда қадамы өте аз шама болуы да мүмкін. Сондықтан оны анықтау үшін де қатарлау тәсілі қолданылады.
2. Бұранданың н/е бұрандашегенің орам оймалары орналасқан бөлігінің L ұзындығын сызғышпен өлшеп алыңдар. Одан кейін оймалардың N орам санын мұқият санап шығыңдар. Бұранда қадамы: d=L/N өрнегімен анықталады.
3. Бұранда қадамын анықтауда (әсіресе, оймасы ішкі жағында болатын гайкалар үшін) бұранда оймасының бедерін қағаз бетіне түсіріп алып өлшеу ұтымды болады. Ол үшін бұранда оймасы орналасқан бетті сия н/е жұмсақ графитпен (қарындашпен) бояп алу керек.
4. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижелерін кестеге жазыңдар:
Зерттелетін дене
|
Ойма ұзындығы (L, мм)
|
Орам саны
(N)
|
Бұранда қадамы (d,мм)
|
Бұранда қадамын өлшеу қателігі (hd ,мм)
|
Бұранда
Гайка
Бұрандашеге
|
|
|
|
|
5-зертханалық жұмыс
Қатты дененің массасы мен тығыздыңын анықтау
1-тапсырма. Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.
Құрал-жабдықтар: таразы, үсақ кірлер, параллелепипед тәрізді білеуше және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.
Жұмыстың барысы: Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі- таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның бір табақшасына ( сол жақтағы) массасы белгісіз дене, ал екіншісіне (оң жақтағы) таразыны теңгеретін кірлер салынады. Дененің массасы таразыны теңгеретін кірлердің массасына тең. Ол үшін:
Таразыны өлшеуге дайыңдаңдар. Таразының дұрыс теңгеріліп тұрғандығына көз жеткізіңдер;
Таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және кірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек.
Денені кірлермен теңгеріп болғаннан соң, таразы табақшасындағы кірлердің жалпы массасын есептеңдер.
Өлшеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар:
-
Тәжірибе реті
|
Өлшенетін дене
|
Дененің массасы,г
|
Дененің
массасы, кг
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
2-тапсырма. Дененің тығыздығын анықтау
Құрал-жабдықтар:тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.
Жұмыстың барысы: 1) алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталған денелерді алыңдар. Параллелепипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, сонан соң оның көлемін () есептеңдер.; 2) пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе № 1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар. Дене тығыздығын формуласымен есептеп, г/см3 және кг/м3 –пен өрнектеңдер. Өлшеу және есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар:
-
Тәжірибе
реті
|
Тығыздығы
Анықталатын
дене
|
Дененің
Массасы,г
|
Дененің
Көлемі,см3
|
Тығыздық
|
г/см3
|
Кг/м3
|
1
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
6-зертханалық жұмыс
Серпімді деформацияны зерделеу
1-тапсырма. Серпімді элементі серіппе болып табылатын мектеп динамометрін градуирлеу.
Құрал-жабдықтар: динамометр, бір тілім қағаз, әрқайсысының массасы 102 г болатын жүктер жиыны, қысқышы, сақинасы және жалғастырғышы (муфтасы) бар штатив.
Жұмыстың барысы:
Динамометр шкаласын ақ қағазбен бүркеңдер. Қағаздың екі жағы резеңке сақиналардың көмегімен динамометрге бекітіледі;
Динамометрге массалары 102г, 204 г, 306 г, және т.б. жүктерді іле отырып, 1Н,2Н,3Н, т.с.с. күштерге сәйкес келетін көрсеткіш орнын белгілеңдер;
Көршілес сызықшалардың арасын өлшеңдер. Олар өзара тең бе? Неліктен? Осы шкалада ньютонның оннон бір үлестерін белгілеңдер;
Өздерің жасаған шкаланы заводта градуирленген динамометрдің шкаласымен салыстырыңдар;
Өлшеу дәлдігін бағалаңдар.
2-тапсырма. Серпімді дене мен оған әрекет ететін ауырлық күші мен оның арасындағы байланысты анықтау.
Құрал-жабдықтар: қысқышы, сақинасы және жалғастырғышы (муфтасы) бар штатив. Ұзындықтары 15-20 см болатын бірдей екі резеңке жіп, ұзындығы 35-40 см юолатын бір тілім ақ қатырма қағаз (картон), жүктер жиыньығы, сымнан жасалған ілгек, сызғыш, мектеп динамометрі.
Жұмыстың барысы:
Резеңке жіптердің бір ұшын ілмектеп байлаңдар, екінші жағын қатырма қағазбен бірге штатив қысқышына бекітіңдер (39-сурет). Резеңкелердің ұштары бір жеңгейде болуына көңіл аударыңдар. Ол деңгйді қатырма қағазда белгілеп қойыңдар;
Ілгектің көмегімен массалары m1=m, m2=2m, m3=3m жүктерді кезекпен бір жіпке іліңдер;
Резеңкенің созылған кездегі орнын белгілеңдер,
Денені ілгектің көмегімен екі жіпке қатар іле отырып, тәжірибені қайталаңдар;
Ауырлық күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар. Эксперимент дәлдігі ауқымында Гук заңы орындала ма? Тексеріңдер.
-
Тәж.реті
|
Резеңкелер
саны
|
Жүктің
Массасы,г
|
Ауырлық
Күші,
F=mg, Н
|
Жіптің ұзаруы,
мм
|
Жіптің
Ұзаруы,
м
|
1
|
біреу
|
|
|
|
|
2
|
біреу
|
|
|
|
|
3
|
біреу
|
|
|
|
|
4
|
біреу
|
|
|
|
|
5
|
біреу
|
|
|
|
|
6
|
біреу
|
|
|
|
|
7-зертханалық жұмыс
Архимед заңын тексеру
1-тапсырма. Су ішінде массасы 100 г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтау.
Құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп.
Жұмыстың барысы: 1. Мензурка көмегімен жүктің Vд көлемін анықтаңдар.
Дененің өлшенген Vд көлемі мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын табыңдар.
Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліңдер және оған әрекет ететін ауырлық күшінің (дененің ауадағы салмағының) мәнін табыңдар.
Динамометр ілгегіне ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар және ығыстырушы күштің мінін есептеңдер.
Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңдер.
Тәжірибені басқа денемен жасаңдар.
Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңдар.
Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағалаңдар.
Тәжірибе реті
|
Дененің көлемі, Vд , м3
|
Дене ығыстырған сұйық салмағы,
Р, Н
|
Дененің ауадағы салмағы,
Р, Н
|
Дененің судағы салмағы,
Р1, Н
|
Ығыстырушы күш,
Ғы, Н
|
|
|
|
|
|
|
2-тапсырма. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Ғы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру.
Құрал-жабдықтар: мектеп таразысы (табақшаларсыз), әрқайсысының массасы 100 г болатын көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар ыдыс.
Жұмыстың барысы: 1. Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе-теңдік қалпына келтіріңдер.
Егер бір жүкті суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырса, таразының тепе-теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.
Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріңдер.
8-зертханалық жұмыс.
Дененің сұйыққа жүзу шарттарын анықтаңдар.
Жұмыстың мақсаты: эксперимент жүзінде дененің сұйықта жүзу шарттарын тексеру.
Тапсырма: Денелерді суға батырған кезде олардың суда жүзетінін, батып кететінін немесе қалқып шығатынын анықтаңдар.
Құрал-жабдықтар: динамометр, суы бар ыдыс, мензурка, ішіне салынған құмдарының массалары әр түрлі бірдей үш пробирка немесе құты, тығыздығы белгілі сұйығы бар ыдыс (мысалы, тұз қосылған су).
Жұмыстың барысы:
1. Динамометр көмегімен денеге әрекет ететін Ға ауырлық күшін өлшеңдер.
Мензурканы пайдаланып, дененің көлемін Vд анықтаңдар.
Денені сұйыққа батырған кезде оған әрекет ететін ығыстырушы күшті есептеңдер:
Ға ауырлық күші мен Ғы ығыстырушы күшті салыстыру арқылы тапсырмада қойылған сұраққа жауап беріңдер.
Денені берілген сұйыққа батырып, жауаптарыңды тәжірибе жүзінде тексеріңдер.
Кестені толтырырыңдар.
Тәжірибе реті
|
Сұйық
|
Ға, Н
|
Vд , м3
|
Ғы, Н
|
Ға мен Ғы қатынасы
|
Батады, жүзеді немесе қалқып шығады
|
1.
2.
3.
|
|
|
|
|
|
|
9-Зертханалық жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру
Жұмыстың мақсаты: Жылу алмасуда ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: калориметр, өлшеуіш цилиндр (мензурка), термометр, стақан, ыстық суы бар шәйнек (бүкіл сыныпқа біреу).
Жұмыс барысы:
массасы 100г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t1 температурасын өлшеңдер;
стақанға дәл сондай суық су құйып және оның t2 температурасын өлшеңдер;
ыыыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйыңдар, алынған қоспаны термометрмен араластырып және оның t температурасын өлшеңдер;
ыстық судың t температураға дейін суығанда берген жылу мөлшерін формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін формуласымен есептеңдер.
Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар:
Ыстық судың массасы, m, кг
|
Ыстық судың бастапқы температурасы, t, 0C
|
Қоспаның температурасы t, 0C
|
Ыстық судың берген жылу мөлшері, Q1, Дж
|
Суық судың массасы, m1, кг
|
Суық судың бастапқы температурасы, t2, 0С
|
Суық судың алған жылу мөлшері, Q2, Дж
|
|
|
|
|
|
|
|
ыстық судың берген жылу мөлшерін суық судың алған жылу мөлшерімен салыстырыңдар және тиісті қорытынды жасаңдар;
тәжірибенің салыстырмалы қателігін мына қатынаспен есептеңдер: , мұндағы Q1 – ыстық судың берген жылу мөлшері, Q2 – суық судың алған жылу мөлшері;
қорытынды жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |