11-Зертханалық жұмыс
Электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу
Жұмыстың мақсаты: ток күші тізбектің әр түрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету және кернеуді өлшеуді үйрету.
Құрал жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, 2 сым резистор, кілт, өткізгіш сымдар.
Жұмыс барысы:
Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын қараңдар, бір бөліктің құнын анықтаңдар.
1-, 2- және 3- суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбектерін жинаңдар. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетулерін кестеге жазыңдар.
Қорытынды жасаңдар.
Ток көзін, резисторды, қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар.
Тізбекті тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U ,U және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер.
Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
U + U қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар.
Қорытынды жасаңдар.
12-Зертханалық жұмыс
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру
Құрал-жабдықтар: ток көзі, өткізгіш сымдар, қыздыру шамы. амперметр, вольтметр, кілт.
Жұмыс барысы:
Амперметр мен вольтметр шкалаларын қараңдар және бір бөліктің құнын есептеңдер.
Сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар (сурет).
Тізбекті тұйықтаңдар.
Тізбектегі кернеу мен ток күшін біртіндеп ұлғайтамыз. Құралдың көрсетулерін кестеге жазыңдар.
Ом заңын пайдаланып, қыздыру шамының кедергісін есептеңдер.
Есептеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
Тәжірибе нәтижесін қорытындылаңдар.
Тапсырма. Өлшеу нәтижелері ток күшінің кернеуге тәуелділігінің графигін
тұрғызып, сол функцияға сипаттама
беріңдер.
13-зертханалық жұмыс
Өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау
Жұмыстың мақсаты: тізбектей және паралель қосу заңдарын тексеру.
Құрал-жабдықтар: ток көзі, 2 сым резистор, реостат, 3 амперметр, 3 вольтметр, өткізгіш сымдар.
Жұмыс барысы:
Тізбектей жалғау
1. Амперметрдің және вольтметрдің
шкалаларымен танысып, бір бөліктің құнын
анықтаңдар.
2.Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар.
3. А1, А2 амперметрлерінің көрсетулерін жазыңдар.
4. V1, V2, V вольтметрлерінің көрсетулерін жазыңдар.
5. U=U1+U2 есептеңдер.
6. Бөліктің жалпы кедергісін R=; R=R1+R2 формулалары бойынша есептеңдер.
Өлшеулердің нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
I1, A
|
I2, A
|
U1, B
|
U2, B
|
R1, Ом
|
R2, Ом
|
R, Ом
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды жасаңдар.
Паралель жалғау
1. Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар.
2. V1, V2 вольтметрлерінің көрсетулерін жазыңдар.
3. А1, А2 , А(I1, I2, I) амперметрлерінің көрсетулерін жазыңдар.
4. I=I1+I2 есептеңдер.
5. Бөліктің жалпы кедергісін R=; R= формулалары юойынша есептеңдер.
6. Өлшеулердің нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
I1, A
|
I2, A
|
U1, B
|
U2, B
|
R1, Ом
|
R2, Ом
|
R, Ом
|
|
|
|
|
|
|
|
7. Қорытынды жасаңдар.
14-зертханалық жұмыс
Электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу
Құрал-жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, кілт, өткізгіш сымдар, секундомер.
Жұмыстың мақсаты: электр өрісінің жұмысы мен қуатын өлшеу.
Жұмыс барысы:
1. Амперметр мен вольтметр шкалаларын қарап, бір бөліктің құнын анықтау.
2. Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар.
3. Тізбекті тұйықтап, қыздыру шамының қосылу уақытын белгілеңдер.
4. Вольтметрдің көрсетуін жазыңдар.
5. Тізбекті ажыратыңдар да, қыздыру шамының сөну уақытын белгілеңдер.
6. Қуатты P=IU формуласы бойынша есептеңдер.
7. A=Pt формуласы бойынша жұмысты есептеңдер, мұндағы t қыздыру шамының жану уақыты.
Барлық өлшеулер мен есептеулерді кестеге жазыңдар.
I, A
|
U, B
|
t, c
|
P, Bт
|
А, Дж
|
Тұтынушы
|
|
|
|
|
|
эл. шамы
...
Вт
|
Қорытынды жасаңдар.
15-зертханалық жұмыс
Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін есептеу.
Ол үшін шардың белгілі бір уақытта жүріп өтетін орын ауыстыруының ұзындығын өлшейді. Бастапқы жылдамдықсыз теңүдемелі қозғалыс кезінде болатындықтан, пен -ны өлшеп алып, шардың үдеуін анықтауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |