2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тап-
сыр
ма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
*Тапсырма лар түрлері
|
*Тапсырмалар сипаттамасы
|
*Орындау
уақыты, мин
|
Балл
|
1-3
|
8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау
|
Толық
жауапты
қажет
ететін
сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Оқушыларға 150-200 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтін беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын қысқаша түсіндіруге және негізгі ойын анықтауға дайындалады, қажетті ақпараттарды түртіп ала алады. Сонан соң өз сөзімен жүйелі түрде мазмұндайды. Мұғалім қажеттілігіне қарай сұрақ қоя алады.
|
Тыңдалым мен
айтылым
сабақтан
тыс, қосымша
уақытта
өткізіледі
(әр білім алушыға
3-5 минут
беріледі).
|
10
|
4-6
|
8.2.2.1 публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
|
Қысқа
жауапты
қажет
ететін
сұрақтар
|
150-200 сөзге жуық мәтін беріледі. Оқушылар публицистикалық және ғылыми стильде жазылған мәтіндерді өзара салыстырып, олардың қандай стильде жазылғандығын, стильге тән тілдік құралдарды, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
|
15
|
10
|
7
|
8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)
8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану
|
Жазбаша
толық
жауапты
қажет
ететін
сұрақтар
|
Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, эссе
құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады және өз ойын дәлелдеп жазады (аргументативті эссе). Сонан соң жазған жұмыстарына қаййта шолып, ондағы есімді және етістікті сөз тіркестерін тауып, астын сызады.
|
25
|
10
|
Барлығы
|
|
|
40 минут
|
30
|
Достарыңызбен бөлісу: |